«несие серіктестігі нарықтан
өз орнын алуы керек»
Қазір елімізде тіркелген 168 не-
сие серіктестігінің 80 пайыздайы
жоғарыда айтып өткен АӨК-да-
ғы несие серіктестіктерінің рес-
публикалық
қауымдастығының
құрамына бірігіп отыр. Қауым-
дастық несие серіктестіктерінің
басты міндеті болып табыла-
тын агроқұрылымдарды қолже-
тімді несие ресурстарымен қам-
тамасыз ету жұмыстарына қолдау
көрсетеді. Басты мақсаты – норма-
тивтік-құқықтық актілерді жетілді-
ру, қор базасын кеңейту арқылы
еліміздегі несие серіктестіктері-
нің дамуына жағдай жасау. Қажет
болғанда орталық және жергілік-
ті атқарушы билік органдарын-
да, соттарда олардың мүддесін
қорғайды. Қауымдастық төрағасы
Төлеутай Рақымбековтің айтуын-
ша, заңнамаға енгізілген өзгерту-
лер мен толықтыруларға байла-
нысты бүгінде Аграрлық несие
корпорациясы НС қатысушыла-
рының құрамынан шықты. Бас-
тапқы кезде корпорация несие
серіктестіктерінің жарғылық ка-
питалының 30-35 пайызына иелік
етті. Сөйтіп, НС құру, олардың қар-
жылық, кадр даярлау және өзге
де мәселелерін реттеді. Бүгінде
несие серіктестіктері ауыл шаруа-
шылығы саласындағы дербес қар-
жылық құрылым болып табылады.
Әуелгі кезде ойластырылғандай,
серіктестікті қаржы институтына
айналдыру ісінде өз алдына қор-
ландыру (фондирования) үдерісі
де жүзеге асуы тиіс болатын.
Өкінішке орай, мәселе әлі күнге
дейін толығымен өз шешімін тап-
қан жоқ.
Ағымдағы жылдың 20 науры-
зында Алматыда өткен «Несие
серіктестіктерінің жағдайы мен да-
му келешегі» атты аймақтық кон-
ференцияда да осы жайт сөз бол-
ды. Жиын барысында «ҚазАгро»
ұлттық холдингінің басқарма төр-
ағасы міндетін атқарушы Дәу-
рен Махажанов бүгін НС жүз па-
йыз жеке меншік қаржылық инсти-
туты екенін қадап айтты. Оның
иелері мен құрылтайшылары фер-
мерлердің өздері болып табыла-
ды. Сол себепті бұл институттың
бір ғана мемлекеттің қорландыру
көзіне тәуелді болуы дұрыс емес.
«Біз несиелік серіктестіктерінің
нарықтағы өз орны бар қаржы
институты болуын қа-
лаймыз және олардың
даму бағытын қалыптас-
тырып,
халықаралық
стандарттарға сәйкес
қылсақ, онда несие серік-
тестіктері банктер үшін
өте маңызды клиент
болады. Аграрлық не-
сие корпорациясы қор-
ландыруды
тоқтатады
деп қорқуға себеп жоқ.
Керісінше, жаңа қорлан-
дыру көздерін көбейту
қажет. Бірақ бұл бағыт-
тағы жұмыстарды бірігіп атқаруы-
мыз керек. НС-лардың тәуекел-
дерді басқару, мақсатты пайдала-
нуды бақылау бойынша жүйелі
қызмет атқарып жатқанын дәлел-
десек, шетелдік компаниялар
оларды кепілдемесіз несиелен-
діруге дайын. Сонда қазақстандық
несие серіктестіктеріне қызығу-
шылық пайда болады».
«Жаңақала несие»
жемісті еңбек етуде
Енді облысымыздағы жағдайға
келейік. Қазір өңіріміздегі 12 ау-
данның бәрінде несие серіктес-
тіктері бар. Бастапқылары 2001
жылы, соңғылары 2012 жылы құ-
рылды. Қазір соның 11-і жұмыс
жасап жатыр. Белгілі бір себеп-
терге орай «Теректі» серіктестігі
қызметін тоқтатып тұр. Қалған
11 серіктестік арқылы биылдың
өзінде 900 млн. теңгеге жуық
несие берілді. Несие серіктес-
тіктеріндегі ссудалық портфель
1,7 млрд. теңгені құрайды. Не-
сиелер негізінен мал, өсімдік
шаруашылықтарына, техника алу-
ға берілуде. Аграрлық несие кор-
порациясы «Сыбаға», «Құлан»,
«Алтын асық» бағдарламалары-
ның бірыңғай операторы болып
табылатындықтан,
корпорация
аталмыш бағдарламалар аясын-
да шаруашылықтарды несиелен-
діруде. Мәселен, аталмыш корпо-
рацияның облыстық филиалы-
ның биылғы жоспарына сәйкес
«Сыбаға» бағдарламасы бойын-
ша берілген несиеге 4700 бас
мал алынуы керек. 1 қарашадағы
жағдай бойынша соның 4018
басы жеткізілді. Осы малдың 1
мың басы несие серіктестіктері
арқылы алынды. Бұл бағытта
«Жаңақала несие», «Қазталов» не-
сие серіктестіктерінің жемісті жұ-
мыстарын айта кеткен жөн. Атал-
мыш бағдарлама аясында осы ау-
дандарға әкелінген малдың тең
жартысын алуға осы серіктес-
тіктер себепші болды. Ал зеле-
новтық «Батыс-шаруа» НС-ның бұл
бағыттағы көрсеткіші 65 пайызды
құрайды. «Алтын асық» бағдарла-
масы аясында жоспар бойынша
11 мың бас қой алынуы керек бол-
са, қазір соның 8 мыңға жуығы
жеткізілді. 5700 Шопан ата түлігі
аудандардағы несие серіктестік-
тері арқылы алынды. «Құлан» бағ-
дарламасы бойынша 2,5 мың бас
алу жоспарланса, қазір ол 2671
басқа жетіп отыр. Соның 912-сі не-
сие серіктестіктерінің еншісінде.
- Ауыл-аймақтағы шаруашылық-
тар несие серіктестіктері арқылы
несие алуға қызығушылық білді-
руде. Себебі НС-лардың шарттары
шаруаларға тиімді. Мәселен, біз-
ден, яғни Аграрлық несие корпо-
рациясынан несие алуда шектеу
бар. Нақтылап айтқанда, кепілдің
жетпіс пайыздайы жылжымайтын
мүлік болуы керек. Қалғанын жер,
мал секілді басқа да заттармен
толтыруға болады. Ал серіктестік-
терде ондай шектеу жоқ. Ауыл
шаруашылығы саласында қызмет
атқаратын құрылым болса, жетіп
жатыр. Ол құрылым несие серік-
тестігіне мүше болып кіреді. Тиісті
жарғылықақысын төлеп, кепілде-
рін қойған соң, несиесін алады. Аг-
рарлық несие корпорациясы не-
сиені 9,5 пайыз, НС-лар 14 пайызға
дейінгі мөлшерлемемен береді.
Осы жерде айта кету керек, 14 па-
йыздың жартысы мемлекет тара-
пынан демеуқаржыландырылады.
Несиені алумен қатар, оны өтеу
де өңірімізде жақсы жүруде. Тек
егін шаруашылығына байланыс-
ты аздаған қиындықтар бар. Об-
лысымыз тәуекелді аймаққа жа-
татындықтан, егін жыл сайын жақ-
сы өнім бермейтіні анық. Биыл
жөнді егін шыққан жоқ. Соған
орай «Батыс шаруа» НС-ның осы
бағыттағы алған несиесін өтеуі
оңай болмай тұр. Біз де бұл жағ-
дайды түсініп, қарыздарды келесі
жылға қалдыру, басқа да сауық-
тыру шараларын алу бағытында
жұмыстанудамыз, - дейді Аграр-
лық несие корпорациясының БҚО
филиалының директоры Ерлан
Нысанғалиев.
Сарапшылардың пікірінше, Қа-
зақстан секілді аграрлы елге 160
несие серіктестігі жеткіліксіз кө-
рінеді. Ең кем дегенде мұндай
құрылым саны 200-250 болуы
қажет. Сол себепті алдағы уақыт-
та ҚР Ауыл шаруашылығы ми-
нистрлігі, «ҚазАгро» ұлттық хол-
дингі несие серіктестігінің санын
арттыруға және олардың жұмыс
сапасының жоғары болуына мән
бермекші. Ал мұндай шаралар
отандық агробизнестің көкжие-
гін кеңейтіп, еліміздің экономика-
лық әлеуетін арттырары сөзсіз.
сәкен МҰРАтҰЛы,
"Орал өңірі"
12
oral_oniri@inbox.ru
Бейсенбі, 31 желтоқсан 2015 жыл
дәуЛЕТ
Бағдарламаға
қатысушылар-
дың санының құбылуы республи-
калық бюджеттен бөлінетін қар-
жының көлемімен байланысты
болып отыр. Мысалға, 2013 жылы
28 млн. теңге, одан кейінгі жылы
80 млн. теңге, биыл 65 млн. теңге
бөлінген. Оған қоса өткен жылы
күзден бастап 2013 жылғы беріл-
ген несиелер кері қайтарыла бас-
тады. Соның есебінен биылғы бө-
лінген 65 млн. теңгеге қосымша
3 млн. теңге бөлініп, оның барлы-
ғы толықтай игерілген.
Биыл бағдарламаның игілігін
көрген Мәлік Сатқанов Круг-
лоозерный ауылынан тәулік бойы
жұмыс істейтін кафе ашты. Заша-
ған кентінде тұратын Хайролла Ая-
пов аутохимия өндірісімен (тосол,
антифриз, көлік жуатын сұйықтық)
айналысуда. Одан басқа Мейірман
Көпешов майлық-сулық қағаз өн-
дірісін жолға қойса, круглоозер-
ныйлық Жәния Көбеева жылы-
жай салуда. Жалпы несие алған 10
адам кәсіпкерлікті кеңейтуге, 15
адам жаңадан кәсіпкерлікті бас-
тауға ден қойған. Олардың биз-
нес-жобаларына сәйкес биыл
жыл аяғына дейін қала маңында-
ғы кенттер мен ауылдарда бағдар-
лама шеңберінде 45 жаңа жұмыс
орны ашылады деп күтілуде. Ал-
дағы жылы да бағдарлама бойын
ша несие алуға 50 шақты адам
тапсырыс берген. Олар қоян жә-
не омарта, бөдене шаруашылық-
тарын, диод шамдары өндірісін
және өзге де кәсіпкерлік түрлерін
дамытуды қолға алмақ.
Мембағдарламамен
БАғы ЖАНғАНдАР
лық-сулық қағаз шығаруды бастады.
Экономист мамандығы бар
Мейірман Маханбетұлы - бұрын-
нан-ақ кәсіпкерлікке түрен салған
азамат. Кәсіпкерлікті әуелі Заша-
ғаннан азық-түлік дүкенін ашып,
тұрғындарға сауда қызметін көр-
сетуден бастады. Дүкен жұмысы
оңға басқан кезде көлік бөл-
шектерін сатуға бет бұрды. Бірақ
уақыт өткен сайын сауда-саттық-
пен алысқа ұзамайтынын түсінді.
Сөйтті де өндіріс ашпаққа бел
буды.
- Тамыз айынан бастап бағдар-
лама бойынша 3 млн. теңге несие-
шағындап шығарылуда. Келешек-
те өнімнің түсі мен орамына қа-
рай басқа да түрлерін, майлықтың
орамал түрін, әжетхана қағазын
шығаруды жоспарлаған. Кәсіпкер
алдағы уақытта майлық орамының
Мемлекеттен
мол
демеуқаржы
Атап айтсақ, 991434 келі
шошқа етін өндірген «Щапово»
шаруа қожалығы, 308559 келі
сиыр етін шығарған «Кроун Ба-
тыс» ЖШС, 49,4 миллион дана жұ-
мыртқа өндірген «Ақас» ЖШС,
33800 келі қымыз өндірген «Гор-
бачев» шаруа қожалығы, 61 000
келі ет өндірген «Арыстанов»
шаруа қожалығы мемлекет та-
рапынан берілетін субсидияны
алды. Бұдан бөлек, 4157 бас қа-
шарды асылдандырған шар-
уалар жалпы құны 74,8 мил-
лион, 1175 бұқа асылдандыр-
ғандар 23,5 миллион, 302 асыл
тұқымды мал сатып алған шар-
уалар 46,6 миллион, 24 бас бұ-
қаны бордақыға тапсырғандар
500 мың, 8013 тонна концен-
тратталған мал азығын дайын-
дағандар 60,1 миллион, селек-
циялық жұмысты қолға алған-
дар 2,7 миллион теңге демеуқар-
жылық қаржыға қол жеткізді.
Қуаңшылыққа
қарамастан
аудан шаруалары жақсы көр-
сеткіштерге қол жеткізді. Өсім-
дік шаруашылығымен айналы-
сатын шаруалар майлы дақыл-
дар мен мал азығын егетін
жердің көлемін ұлғайтты.
түгелбай БисЕНОВ,
Зеленов ауданы
Өңіріміздегі ең
көп демеуқаржы
алып отырған Зе
ленов ауданы биыл
бөлінген 777 миллион
теңге шамасындағы
демеуқаржының 257,3
млн. теңгесін өсімдік
шаруашылығымен
айналысатындарға,
519,7 млн. теңгесін мал
шаруашылығын қолға
алған шаруаларға бер
ген.
Орал қалалық жұмыспен қамту орталығы 2013 жылдан
бері «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» мемлекет
тік бағдарламасын жүзеге асыруға үлес қосып келеді.
Бөлімнің кәсіпкерлікті қолдау бөлімінің маманы Болат
Есбектің айтуынша, қалаға қарасты ауылдық округтерден
2013 жылы 12, өткен жылы 30, биыл 25 адам бағдарлама
бойынша несие алды.
мия өндірісі желісін сатып алып,
шағын цех жабдықтады. Жобаның
жалпы құны 7 млн. теңге ша-
масында, сондықтан Хайролла
Қайырғалиұлы құрылтайшы серік-
тесі екеуі жобаны іске асыруға
жинақтарын қосқан.
- Ресейдің «СОЖ Синтез Казань»
ғылыми-өндірістік компаниясы-
мен әріптеспіз. Осы компания-
дан франшиза бойынша тосол
өндірісінің технологиясын, рецеп-
тісін, құрал-жабдықтары мен құ-
жаттарын сатып алдық. Келісім
бойынша
ресейлік
компания
өнімнің сапасын, бағаның қалып-
тасуын қадағалап отырады, - деді
кәсіпкер Хайролла Аяпов. Оның
айтуынша, тосол рецептурасына
қарай 8-9 құрамдас заттардан тұ-
рады. Оның ішінде таттануға қар-
сы қоймалжың бар. Сол заттардың
тең жарымы Қазақстанның өзге
өңірлерінен, қалғаны Ресейден
тасымалданады. Тосол, антифриз
деңгейлеріне қарай еуро және
әдеттегі стандарты болып келеді.
Оның әдеттегісі кеңестік заманнан
келе жатқан түрі, екіншісі қазіргі
заманғы болып саналады. Орал-
дық кәсіпкер соның әдеттегі түрін
өндіруде, өйткені оған нарықта
сұраныс жоғары.
- Қазір күніне тосолдың 300-500
келісін шағындап шығарудамыз.
Шикізат тапшы. Келесі жылы өнім
өндірісін күніне 2 тоннаға дейін
ұлғайтуды жоспарлап, жұмысшы-
лар санын да көбейтпекпіз,- деді
кәсіпкер.
Бүгінде шағын кәсіпорында үш
адам тұрақты жұмыспен қамтыл-
ған. Әзірге оралдық аутохимия
өнімдері тек облыс орталығында-
ғы кәсіпкердің дүкенінде сатылу-
да. Кәсіпорнын дамытуды көздей-
тін кәсіпкер дистрибьютерлермен
келісімшарт жасап, өнімдерімен
еліміздің өзге өңірлерін «жаула-
мақ». Сондықтан қазір жеке кә-
сіпкерлікті жауапкершілігі шектеу-
лі серіктестікке айналдыру үшін
құжаттар жинастыруда. Сонымен
қатар өндірілетін аутохимиялық
өнімдердің түрлерін молайту да -
жас кәсіпкердің ойындағы шаруа-
ларының бірі.
Гүлбаршын ӘЖІГЕРЕЕВА,
«Орал өңірі»
зашағанда майлық
шығарылады
«Жұмыспен қамту - 2020 жол
картасы» мемлекеттік бағдарла-
масы бойынша Зашаған кентінің
10 тұрғыны несие алып, кәсіпкер-
лікпен айналысуда. Солардың бірі
кәсіпкер Мейірман Көпешовтің
«Таумышев» жеке кәсіпкерлігі май-
Шикізатты Татарстаннан, Қазан
қаласынан әкелудеміз, - деді Мей-
ірман Көпешов.
Қазір жалға алынған орындағы
шағын цехта күніне 2 мың дана
майлық қағазы өндірілуде. Цехта-
ғы жаңа қондырғының қуаттылы-
ғы сағатына 500-600 дана майлық
шығаруға жетеді. Қазір өнім ша-
масы нарықтағы сұранысқа қарай
суреттерін өзгертуді, ұлттық ою-
өрнекпен шығаруды жоспарлап
отыр. Содан кейін өнімімен тек Ақ
Жайық өңірін емес, өзге де ірге-
лес облыстарды қамтуды ойлас-
тыруда. Жаңа өндіріс орнына жас
кәсіпкер екі адамды жұмысқа қа-
былдаған.
Мейірман Көпешов кәсібін дөң-
гелетіп, жылдам пайдаға кенелу-
ді көздемейді. Алдымен өнімнің
сапасына тұтынушылардың көзі
жетсе екен дейді. Сондықтан орал-
дық майлықтың бағасы 36 теңге-
ден, оны шаһардың сауда орын-
дарынан табуға болады.
«Патриот» тосолы
«оралда жасалған»
Зашағандық Хайролла Аяпов
«Жұмыспен қамту - 2020 жол кар-
тасы» бағдарламасының 2-бағы-
ты бойынша жеңілдетілген несие
алып, өндірістік цехты іске қосты.
Бүгінде кәсіпкер «Патриот» мар-
калы тосол, антифриз өнімдерін
өндіруде.
Кәсіпкер Орал қалалық жұмыс-
пен қамту және әлеуметтік бағ-
дарламалар бөлімінің және «Ауыл
шаруашылығын қаржылай қолдау
қоры» АҚ-ның БҚО филиалы ар-
қылы 3 млн. теңге несие алған. Не-
сиелік қаржыға Ресейден аутохи-
лік қаражат алдым. Оған серік-
тесім екеуміз жеке жинағымызды
қосып, майлық қағаз (салфетка)
шығаруды қолға алдық. Өндірістік
желі Мәскеуден сатып алынды.
oral_oniri@inbox.ru
13
Бейсенбі, 31 желтоқсан 2015 жыл
1 қаңтар – Сағидолла
ақсақал үшін Жаңа жылдың
бастауы ғана емес, жарық
дүние есігін ашқан күні.
Міне, ертең ол өзінің
тоқсаныншы Жаңа жылын
қарсы алғалы отыр.
Ол бұрынғы Чапаев ауданының
Балықшы ауылдық кеңесіне қа-
расты Көкмешіт елді мекенінде
дүниеге келді. Ата-анасы Қуаныш-
қали мен Шәмшия колхоздың ма-
лын бақты. Балалық шағы жоқшы-
лыққа, қиыншылыққа толы болуы
себепті апасы Күнсұлу екеуі мек-
тепте жөнді оқи алмады. Бір-екі
кластық білім алды. Сөйтіп жүр-
генде, соғыс басталды. Ауылдағы
азаматтар майдан даласына кетіп,
қарттар, әйелдер мен балалар шөп
шапты, мал бақты, басқа да шаруа-
шылық жұмыстарына араласты.
1944 жылы Сағидолла Қуаныш-
қалиев те әскер қатарына алынды.
Әуелі Орынборда әскери дайын-
дық курсынан өтті. Содан кейін
Украина, Польшаны азат етуге
қатысты. Германиядағы Бранден-
бург бекінісі үшін болған шайқаста
аяқтан жараланды. Емделіп шық-
қасын қайтадан майдан даласына
кірді. Сөйтіп, жауды өз ұясында
талқандауға үлесін қосып, өңірін
орден-медальға толтырып, елге
тек 1950 жылы оралды.
Осы жерде сәл шегініс жаса-
йық. Әскери қызметін аяқтардан
бір жыл бұрын ол ауылға демалыс-
қа келген болатын. Келер жылы
әскери қызметін аяқтап, елге бір-
жолата қайтатынын естіген әкесі
оған қалыңдықты өзі іздеген кө-
рінеді. «Әскерден келіп, жұмысқа
енді кірісіп жатқан кезімде әкем
«Балам, сен үйленесің» деді. Жаңа
жыл мерекесінен кейін, яғни 6
қаңтарда ауылдан қос ат жегіп,
болашақ қалыңдығымды алып кел-
мекке бардық, - дейді Сағидолла
Қуанышқалиұлы. - Айта кетейін,
ол кезде көлік ретінде өгіз арба
қолданылатын. Пар ат жегу екінің
бірінің қолынан келмейтін. Жол
бойы «Болашақ жарым қандай
жан екен?» деп ойлаумен болдым.
Себебі бұған дейін оны көрген
емеспін. Осы ойдың жетегінде
отырып, Чапаев колхозына қалай
жеткенімізді де білмей қалдым.
Құдайға шүкір, қалыңдығым бір
көргеннен ұнады. Сұңғақ бойлы,
ажарлы, мінезі жайлы көрінді.
Үлкендер «Екі жас бақытты бол-
сын!» деп батасын берген соң, қа-
лыңдығымды үйге алып келдім.
Содан, міне, 65 жыл бойы бірге
келе жатырмыз. Біздің некеміздің
берік болуы үлкендердің өзара
пәтуаласуының арқасы деп ойлай-
мын. Қазір жастарымызға отбасын
құру мәселесінде тәжірибесі мол
жандардың өмірден түйгенімен
бөлісуі, кеңес беруі жетіспейтін
сияқты».
Сағидолла Қуанышқалиұлына
қалыңдық болған Нұрзиба да жас-
тайынан жоқшылық көріп, еңбекке
ерте араласқан жан еді. 1931 жылы
дүниеге келген ол өзінен кейінгі
үш бауырын бағамын деп оқи ал-
мады. Анасы фермада сауыншы
болатын. Ала таңнан екі өгізді же-
гіп кетіп, одан түн ортасында бір
келетін. Соғыс уақтында анасына
қолғабыс етіп, колхоздағы сиыр-
ларды сауысты, қара жұмыс істеді.
«Келін болып түскенімнен бастап
ата-енем жылы қабылдады», - деп
еске алады Нұрзиба әжей.
- Атам қашанда «айналайын»
деп отыратын кең пейіл жан еді.
«Келін ененің топырағынан жара-
лады» деген сөз рас. Енем екеуміз-
дің мінезіміз ұқсас болды. Екеуміз
де оқымағанбыз. Ол кісі екінші
анам болды. Атам мен енемді рен-
жітпеуге, алдарынан кесіп өтпеуге
тырыстым. Бір жылдан кейін атам
бұл дүниеден өтті. Тұңғыш неме-
ресін көре алмай кетті жарықтық.
Атамыз көрмеген қызықтың біра-
зын енеміз көрді. Жас кезімізде
бейнет беріп, артынан зейнетін
берген Алла Тағалаға ризамыз. Үш
ұлымыз бен екі қызымыз өмірден
орындарын тапты. Біздерге не-
мере-жиендер сүйгізді. Қазір за-
манымыз шүкір ғой. Өмірдің ащы-
сы мен тұщысының дәмін татқан
біз үшін бүгінгі тыныштығымыз,
береке-бірлігіміз зор бақыт.
Иә, өмірдің ащы-тұщысын бірге
татқан Қуанышқалиевтар жанұя-
сы үшін 2016 жылы мереке көп.
Сағидолла атамыздың 90 жылдық
мерейтойынан кейін, нақтылап
айтсақ, 6 қаңтарда атамыз бен
әжеміздің шаңырақ көтергеніне
65 жыл толады. Осындай мерей-
тойлармен бала-келін, қыз-күйеу
балалары, немере-жиендері құт-
тықтап, дендеріне саулық, қажы-
мас қайрат, ұзақ ғұмыр тілейді.
Мәди ыҚыЛАс,
Орал қаласы
65 жыл
БіР шАңыРАҚ АясыНдА
Б
айқауға үш жоғары оқу
орнынан 22 студент қа-
тысты. Төрт кезеңнен
құралған байқауда студенттер
Алаш қайраткерлерінің өмірде-
ректері мен шығармашылығына
слайд жасап, баяндама арнады.
Алаш зиялыларының шығарма-
лары, ғылыми еңбектері туралы
сұрақтарға ауызша жауап беріп,
Алаш тақырыбында өлең-жыр-
ларды орындады. Соңғы кезең-
де викториналық тапсырмалар
болды.
Байқау қорытындысында М. Өте-
місов атындағы БҚМУ-дың тарих
мамандығының 3-курс студенті
Ырысгүл Қатарова бірінші орын
«Алаш тағдыры – ел тағдыры»
Достарыңызбен бөлісу: |