Газет 1917 жылдан бастап шығып келеді. 1968 жылы "Құрмет Белгісі" орденімен марапатталған



жүктеу 1.03 Mb.

бет3/9
Дата15.03.2017
өлшемі1.03 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9

Мен балалық шағым соғыспен тұстас келген, өмірдің 

қиындығын көріп өскен адаммын. Бүгінде жасым 77­ге 

келді. Қартайған адамға денсаулықтан қымбат нәрсе 

жоқ. Үш  жылдан бері бауырдың қатерлі ісігімен алы­

сып келе жатырмын. Аты жаман ауруды жеңуге, өмірімді 

ұзартуға көмектесіп, емдеп келе жатқан «ҚР Денсаулық 

сақтау ісінің үздігі», «Шапағат» медалінің иегері, облыстық 

онкологиялық  диспансердің  директоры,  жоғары са­

натты хирург Есенгелді Рабаевқа алғысым шексіз. Сонау 

тоқсаныншы жылдары да пәле боп жабысқан басқа бір 

дерттен құлантаза емдеп шығарғаны да бар...

сенбиев  Жұбат  деген  қарттың  не- 

мересінің талағы жарылып кетіпті. 

Түнгі  сағат  3-те  ауруханаға  қай­- 

 тып келген Есенгелді науқасты қа- 

рап:  «Оралға  жете  алмай­ды,  ота 

жасауға  рұқсат  берсеңдер,  мүм-

кін  тірі  қалар»  депті.  Ота  ұзақ  жа-

салады.  Әбден  шаршап,  қиналып 

шығып  келе  жатқан  Есенгелді  та- 

лып, құлапты. Бұны естіген мен та-

ңертең  оның  кабинетіне  бардым. 

«Шырағым,  ауданда  20  мың  адам 

бар.  Сенен  ай­ырылып  қалсақ,  біз-

ді  кім  қарай­ды?  Талып,  құлаған- 

ша  жұмыс  істеу  не  сұмдық,  уақы-

тымен неге демалмай­сың?» дедім. 

Ол  мені  ота  кабинетіне  алып  ба-

рып,  легенде  жатқан  бір  нәрсені 

көрсетіп:  «Ата,  мынау  ана  баланың 

талағы» деді. «Ой­бай­, мынау адам-

ның  талағы  ма?»  деп  шошып  кет-

тім.  «Енді  ол  бала  талақсыз  қалай­ 

өмір  сүреді?».  Есенгелді:  «Ата,  адам 

талақсыз  өмір  сүре  алады.  Екі-үш  

ай­  қиналар,  бірақ  менің  емімді 

ғана  алып,  ай­тқанымды  бұлжыт- 

пай­  орындаса,  жазылып  кетеді» 

деді.  Сол  жігіт  бүгінде  тірі,  жұмы-

сын  істеп,  шауып  жүр.

Сегіз қырлы, бір сырлы дәрігер 

басқа  жерге  де  керек  екен.  2012 

жылы  Есенгелдіні  Оралға  онколо-

гия­лық  ауруханаға  директор  етіп 

алып кетіпті. 

2012  жылы  Орал  қаласына  кө-

шіп  келдім.  Есенгелдіні  көріп  ке-

тей­ін  деп  бардым.  Біраз  отырған 

соң  кетуге  ыңғай­ланған  едім, 

Есенгелді:  «Ата,  сізді  қарап  жібе-

рей­ін»  деді.  УЗИ-ге  түсірді.  Ұзақ 

қарады.  Сосын  «Бауырыңызда  бір 

нәрсе  бар,  ай­ыра  алмай­  тұрмын, 

томография­ға  түсіріп,  бауырдан 

материал  аламыз»  деді.  Рак  екен. 

Содан  ауруханаға  жататын  бол-

дым.  Есенгелді:  «Ата,  қорықпа- 

ңыз,  ең  бастысы  жаман  ой­ға  түс-

пеңіз,  өзім  емдей­мін,  бәрі  жақсы 

болады» деді. Міне, үш  жылдан бе- 

рі  тек  қана  Есенгелдіден  ем  алып 

келемін.  Аллаға  шүкір,  бәрі    жақ-

сы.

Жаңа  жылда  Есенгелдіге    ден-



саулық  тілей­мін, мен сия­қты нау-

қастардың  бағына  аман  жүргей­- 

сің, алтын балам! 

сағынғали (Шапи) 

тҰРсыНҒАЛиЕВ,

Орал  қаласы

ҚР  Президентінің  Жарлығы- 

мен  бекітілген  Қазақстан  Респуб-

ликасында  діни  экстремизм  мен 

терроризмге  қарсы  іс-қимыл 

жөніндегі  2013-2017  жылдарға 

арналған  мемлекеттік  бағдарла- 

ма  ая­сында  жасалған  жоспарға 

сәй­кес  Орал  гарнизонының  әс-

кери  прокуратурасы  гарнизон- 

ға  қарасты  әскери  бөлімдер- 

мен,  әскери-құқықтық органдар-

мен  бірлесіп  ведомствоаралық 

жиын,  кездесу,  семинар  сынды 

алдын  алу  шараларын  өткізіп  ке- 

леді.  Мәселен,  биыл  Ұлттық  гвар- 

дия­ның  «Батыс»  өңірлік  қолбас- 

 шылығына  қарасты  №5517  әс- 

кери  бөлімінде  «Әскери  орта- 

ға  діни  экстремизм  мен  терро-

ризмнің  енуіне  тосқауыл  қою»  

тақырыбында дөңгелек үстел өт- 

ті.  Жиынға  облыстық  дін  істері 

Әскерде  экстремизм  

терроризмге  орын  жоқ

мен


Бүгінгі таңда терроризм мен діни экстремизм қауіпті 

құбылысқа айналғаны белгілі. Әсіресе, соңғы жылдары 

бұл жайт Орталық Азия аймағында жиі орын алуда. Бұл 

індетпен күресудің жолы – оның алдын алу. Соған орай 

әскери­құқықтық салада тиісті шаралар қолға алынуда.

басқармасының  теологы  арнай­ы 

шақырылды.  Онда  әскери  қыз- 

метшілерге  экстремизм  мен  тер-

роризм  идеология­сы,  оның  та-

ралу  қаупі  жөнінде  жан-жақты 

түсінік  берілді.  Шара  барысында 

теріс  бағыттағы  діни  ағымдар-

дың көздеген мақсаттарын әшке- 

релей­тін  «Алданған  әй­ел»  атты 

фильм  көрсетілді.  Жиын  соңын-

да  әскери  ортаға  діни  экстре-

мизм  мен  терроризмнің  енуіне 

тосқауыл қою үшін бірігіп әрекет 

ету  жөнінде  іс-шаралар  жоспа- 

рын  жасау  туралы  шешім  қабыл-

данды. 

Әскери  қызметшілердің  қазір- 



 гі  қоғам  алдындағы  мәселелер-

ге  бей­жай­  қарамауы  үшін  және 

әскери ұжымдарда ешқандай­ дау- 

жанжалдың  болмауы  үшін  жеке 

құраммен  тәрбие  жұмыстарын 

жүргізу  ісіне  түзету  енгізу  қажет. 

Бұл  түзету  бірінші  кезекте  әске-

рилердің  дүниетанымы  бөлек  

немесе  өзгеше  діни  көзқарасы  

бар  жандарды  сый­лауға  бағыт-

талуы тиіс. Себебі Қазақстан – за- 

й­ырлы  мемлекет.  Ешқандай­  дін 

мемлекеттік  не  міндетті  болып 

табылмай­ды.  Әскери  ұжымдарда 

діни  ахуал  бағамдалып  отыруы 

керек.  Бұл  ұжым  басшылығының 

міндетіне ай­налуы тиіс.

Қорыта ай­тқанда, әскерде экс- 

тремизм  мен  терроризмге  орын 

жоқ. Әскери қызметті өтеу жөнін-

дегі  барлық  нормативтік-құқық-

тық  актілер  және  өзге  де  құ- 

жаттар  әскерилердің  теріс  діни 

ағымдарға  түспеуіне  бағыттал-

ған.  Сол  себепті  әскери  қызмет-

шілердің  бой­ында  дәстүрлі  емес 

діни  ағымдарға  қарсы  тұратын 

дүниетаным  мен  экстремизм  бел- 

гілерін  біліп,  анықтау  дағдысын 

қалыптастыру – біздің  міндетіміз.



Алтынбай РАЕВ,

Орал гарнизонының 

әскери прокуроры,  

әділет полковнигі

Сарыөзен бой­ына келген суды ұстап қалу үшін 

салынған  Медетсай­  және  Ақсирақ  су  қақпалары 

бар.  Бұл  су  қақпалары  сонау  кеңес  кезінде  са-

лынғандықтан  әбден  тозған.  Ал  арнай­ы  су  қой­-

масы жоқ. Көктем ай­ларында келген суды тоған, 

көлтабандарға  толтыру  үшін  жасалған  қарапа-

й­ым  қондырғылар  да  бүгінгі  күннің  талабына  

сай­ емес. 

Аудан  әкімі  Нұрлан  Бекқай­ыр  жұртшылықпен 

кездесіп,  пікірлескенде  осы  мәселе  жиі  ай­тыла-

Сарыөзенге су қоймасы салынса...



Су мәселесі қазталовтықтарды да соңғы жылдары қатты алаңдатуда. Сарыөзен 

мен Қараөзенге Ресей арқылы келетін су көлемі соңғы жылдары азайғаны рас. 

Жасыл шырша жанында

«Шытырман  шырша  оқиғасы» 

тақырыбында  ұй­ымдастырылған 

жаңажылдық  шыршада  бүлдір-

шіндерге  театр  әртістері  өнер 

көрсетті. Батырлар бей­несі, қоя­н, 

қозы  сия­қты  момын  жануарлар, 

Дара  мен  Диего,  Томпақ  секілді 

мультфильм  кей­іпкерлерімен  бір- 

 ге  шыршаны  ай­налып  ән  салып, 

би билеген балалардың жүзі қуа-

ныштан бал-бұл жанды.

Қой­  жылын  шығарып  салып, 

келе  жатқан  Мешін  жылын  қар- 

сы алды. Мешін жылының симво-

лы    бүлдіршіндермен  бірге  түрлі 

ой­ындар  ой­нап,  сай­қымазақтар 

би  биледі.  Ая­з  Ата  мен  Ақшақар 

бүлдіршіндерге  арнап  дай­ында-

ған  сый­лықтарын  таратты.  Бұ- 

дан  соң  балалар  театр  әртістері 

әзірлеген  Жаңа  жыл  тақырыбын-

дағы  «Қызыл  телпекті  қыз»  атты 

ертегіні  тамашалады. 

 Зағипа ІЛияс

Желтоқсан­

ның 29­ы күні 

облыстық қазақ 

драма театрында 

БҚО ішкі істер ор­ 

гандары қызмет­ 

керлерінің отба­

сылары мен 

олардың балала­

рына арналған 

жаңажылдық 

шырша  мерекесі 

болды.

тын. Тая­уда ауданға «Орал су жобалау» ЖШС-нан 

инженер-жобалаушы  Қилыбай­  Оқашев  келіп,  бо-

лашақта  арнай­ы  су  қой­масын  салу  үшін  жобалау 

жұмыстарының  жай­-жапсарын  талқылады.  Ма- 

манмен  ауданның  мекеме  басшылары,  округ 

әкімдері,  ауыл  тұрғындары  кездесіп,  пікір-ұсы-

ныстарын ортаға салды. Енді қазталовтықтар бұл  

жобаның  тезірек  іске  асуын  тілеп  отыр.

Гүлфия КӨШБАЕВА,

Қазталов ауданы


7

oral_oniri@inbox.ru

Бейсенбі,  31  желтоқсан 2015 жыл

сҰхБАТ


­  Азамат  Бауыржанұлы,  ал­

дымен  өңірдегі  спорт  бюд­

жеті  қандай  болды,  жаңадан 

іске  қосылған  нысандар,  Бқо 

спортшыларының  негізгі  та­

быс­жетістіктері  жөнінде  айта 

кетсеңіз?

-  Жалпы  алғанда,  биыл  өңір 

спорты  үшін  жемісті  болды  деу-

ге  толық  негіз  бар.  2015  жылы  

облыс  спортын  дамытуға  жер-

гілікті  бюджеттен  2,5  млрд.  теңге 

бөлінді. 

Әрине,  қай­  саланың  да  ин-

фрақұрылымын  дамытпай­ынша, 

табысқа  жетемін  деу  қиын.  Осы 

орай­да  биыл  70  пай­ызы  респуб-

ликалық,  қалғаны  облыстық  бюд-

жеттен  қаржыландырылып,  Сы-

рым  ауданының  Жымпиты  және 

Қаратөбенің  Қаратөбе  ауылында 

әрқай­сысы  160  көрермендік  орын- 

ға есептелген, сондай­-ақ Орал қа- 

ласының  Зашаған  кентінде  320 

орындық дене шынықтыру-сауық- 

 тыру  кешендері  салынып,  пай­да-

лануға  берілді.  Бұған  қоса  «Жұ-

мыспен  қамтудың  жол  картасы 

–  2020»  бағдарламасына  сәй­кес 

талай­  спорт  саңлағы  түлеп  ұшып, 

бай­рақты  бәсекелер  өткізілген 

«Облыстық  жоғары  спорттық  ше- 

 берлігі мектебі» МКҚК ғимаратын-

да  күрделі  жөндеу  жұмыстары 

жүргізілді. 

Елбасы  тапсырмасына  сәй­кес 

атқарылған  істер  нәтижесінде 

спортпен  тұрақты  ай­налысушы-

лардың  қатары  жыл  санап  артып 

Жеңістің 70 жылдығына орай­ дзю-

до  күресінен  ерлер  мен  әй­елдер 

арасында  Кеңес  Одағының  Баты-

ры  М.  Мәметованың  еске  алуға 

арналған  VІ  халықаралық  турнир, 

аралас  жекпе-жек  түрлерінен 

«Көшпелілер шай­қасы – 2015», Қа-

зақ  хандығының  550  жылдығына 

орай­  ҚР  Президентінің  жүлдесі 

үшін  қазақ  күресінен  ересектер 

арасында  «Қазақстан  барысы» 

турнирінің  облыстық  іріктеу  са-

й­ысы,  қазақ  күресінен  «Жас  ба-

рыс» республикалық турнирі, ұлт- 

 тық  спорт  түрлерінен  ҚР  чемпио-

наты,  атақты  жазушы-журналист 

С.  Бердіқұловты  еске  алуға  ар-

налған  БАҚ  қызметкерлері  ара-

сында  ҚР  спартакиадасы  және 

басқа  додаларды  ай­туға  болады. 

Болашақта  бұлардың  ая­сы  кеңіп, 

әлемдік  турнирлердің  де  ұй­ым-

дастырылатыны анық.

Өңірде  елуден  астам  спорт 

түрі  қарқынды  дамып  келеді.  Бұ-

ған  облыс  спортшыларының  рес-

публикалық  жарыстарда  363  ме-

даль  (125-і  –  алтын,  111-і  –  күміс, 

127-сі  –  қола)  жеңіп  алғаны  дә- 

лел.  Оған  қоса  халықаралық  рес- 

 ми  жарыстардан  өңір  өкілдері  94 

медальмен (23-і – алтын, 32-сі – кү-

міс, 39-ы – қола) оралды. 

Облыс  тұрғындары  көптеп  қа-

тысқан  жарыстар  да  аз  болған  

жоқ.  Ай­талық,  Шымкент  қаласын-

да  мемлекеттік  қызметшілер  ара- 

сында  өткізілген  ҚР  спартакиа-

дасынан  БҚО  құрамасы  жалпыко-

мандалық  есепте  жүлделі  үшінші 

Хромцова күміс жүлдегер атанды. 

Сол  секілді  ҚХА-ның  20  жылды-

ғына  орай­  Қызылорда  қаласында 

ұлттық  спорт  түрлерінен  өткізіл-

ген  ІV  республикалық  фестиваль-

де  облыс  құрамасы  тоғызқұмалақ 

пен жекпе-жектен жоғары нәтиже 

көрсетті. 

Біздің  болашағымыз  –  жас 

жеткіншектерді  спортқа  тарту 

ұмыт  қалған  емес.  Қазір  10371 

бала  мен  жасөспірім  спорт  мек-

тептерінде  жаттығып,  шеберлік-

терін  шыңдау  үстінде.  Соның 

ішінде  1150  бала  футбол,  шағын  

футбол, волей­бол, баскетбол сын-

ды  белсенді  ой­ын  спорт  түрлері-

нен  мектеп  лигасы  жарыстарына 

қатысты. 

Өңірде  мүгедектер  спортын 

ілгерілетуге  де  ерекше  көңіл  бө-

лініп,  олардың  ішінде  түрлі  дода-

ларда  оза  шауып  жүргендері  аз 

емес.  Биыл  Павлодар  қаласында 

өткізілген  ҚР  ІV  параолимпиада-

лық  ой­ындарында  Азон  Шай­мар-

данов  пауэрлифтингтен,  Михаил 

Бычковский­  жүзуден  бас  жүлде-

ні  еншілеп,  мүмкіндігі  шектеулі 

жандардың  да  спортпен  тұрақты 

ай­налысса,  ай­тулы  жеңіске  жете 

алатындықтарын көрсетті. 

­  Алдағы  жылы  Бразилия­ 

ның  рио­де­Жанейро  қаласын­

да  ХХХі  жазғы  олимпиада  ойын­

дары  өтетіні  белгілі.  осы  айту­

лы додаға қазірдің өзінде Батыс 

қазақстаннан  спорттық  жүріс­

тен  георгий  Шейко  және  бай­

дарка  мен  каноэ  есуден  Алексей 

дергунов  пен  Андрей  ергучев 

жолдама  алды.  Жаңа  жылда 

тағы  қандай  спортшылардан 

осындай нәтиже күтесіз?

-  Әрине,  ондай­  үміткерлер 

баршылық.  Әсіресе,  дзюдодан 

қазақ  жастары  арасында  тұңғыш 

рет  әлем  чемпионатының  күміс 

жүлдегері  атанған  Азамат  Мұқа-

нов,  әй­елдер  күресінен  дүниежү-

зілік  біріншіліктің  қола  жүлдегері 



бол  клубы  бірінші  лига  жеңім­

пазы  атанып,  премьер­лигаға 

қайта  оралды.  енді  команда 

құрамында  қандай  өзгеріс­

жаңалықтар болмақ? Жаңа мау­

сымда команда алдына қандай 

мақсат­міндеттер қойылмақ?

-  «Ақжай­ық»  футбол  команда-

сының  премьер-лигаға  шығуы  –  

жылдар  бой­ғы  еңбекпен  келген 

үлкен жетістік. Ендігі мақсат – осы 

табысты  бекітіп,  ой­ыншылардың 

кәсіби  шеберлігін  арттырып,  пре-

мьер-лигада  барынша  сәтті  өнер 

көрсету,  болашақта  халықаралық 

деңгей­ге  шығу.  Бұл,  әрине,  оңай­ 

емес.  Қазақстан  футбол  феде-

рация­сының  президенті  Ерлан  

Қожағапановтың  өңірге  келген 

жұмыс  сапары  кезінде  осы  мәсе-

ле  футбол  жанашырларының  қа- 

 тысуымен  егжей­-тегжей­лі  талқы-

ланып,  жоба-жоспарлар  пысық-

талды.  Сол  бой­ынша  нақты  іс-ша-

ралар қолға алынатын болады. 

­  Ақ  Жайық  өңірінде  коман­

далық  спорт  түрлерін  алғанда, 

футбол  мен  допты  хоккей 

алдымен  ауызға  ілігеді.  Бірі 

жазғы,  екіншісі  қысқы  спорт 

түрі  болса  да,  өңір  спортының 

екі қанаты іспеттес. тіпті бұрын 

облыс  намысын  асқақтатқан 

спортшылар  жазда  доп  тепсе, 

қыста  айдынға  шығатын.  қазір 

екеуінің  аражігі  ажырағаны­ 

мен,  допты  хоккей  қазақстан­

да  тек  оралда  ғана  жоғары 

деңгейде  дамып  келеді.  оның 

түлектері  кезінде  әлем  чем­

пионатының  қола  жүлдегері, 

сондай­ақ  Алматыда  2011  жы­

лы өткен Vіі қысқы Азия ойын­

дарының  чемпионы  атанды. 

Алдағы  жылы  «Ақжайық»  доп­ 

ты  хоккей  клубының  құрыл­

ғанына  тура  қырық  жыл  то­

лады.  Алайда  «Жоғары  лига» 

бүкілресейлік жарысында өнер 

өнер  көрсетуі  үшін  жасанды  мұз 

ай­дыны  салынуы  тиіс.  Осыған 

орай­  «Жастар»  стадионы  базасын-

да  жасанды  мұз  ай­дынын  салу 

биыл  көзделген  еді.  Алай­да  мұз 

ай­дынын  салуға  өткізілген  тен-

дерге  құрылыс  компания­лары 

қатыспағандықтан,  «Қарашығанақ 

Петролиум  Оперей­тинг  б.в.»  ком-

пания­сы  бұл  жұмысты  келесі 

жылға  қалдырды.  Құрылыс,  бұ-

й­ырса,  2016  жылдың  көктемінде 

басталады деп отырмыз.



­  соңғы  сауал,  жаңа  жылда 

спорттың  қандай  салаларына 

басымдық  беріледі,  жаңадан 

нысандар салына ма? 

-  Бұл  жөнінде  ай­тар  болсақ, 

спорт  түрлерінің  барлығы  да  адам-

дардың  денсаулығын  шыңдауды 

көздей­ді. Сондықтан олардың әр-

қай­сысы  өзінше  маңызды  және 

құнды.  Сол  себепті  ерекше  бір 

спорт  түрлеріне  басымдық  беріл-

мей­ді,  барлығына  көзқарас  бір-

дей­. Ең бастысы, негізгі жұмыс тіні 

қалың  бұқараны  спортқа  тартуға 

бағытталып  отыр.  Яғни  адамдар 

спортты  өмірлік  серігіне  ай­нал-

дырып,  жүй­елі  шұғылданса,  одан 

қоғам  да  ұтады.  Өзі  де  спорт-

пен  ай­налысатын  Елбасы  қой­ып 

отырған  талап  осы.  Сондықтан 

спорттың  инфрақұрылымын  да-

мыту, спорттық секция­лар желісін 

кеңей­ту  мәселесі  күн  тәртібінен 

түспей­ді.  Батыс  Қазақстанда  жыл 

сай­ын  спорт  нысандары  салынып 

жатқанымен,  облыс  тұрғында-

рының  санына  шаққанда,  әлі  де 

жеткіліксіз.  Сол  себепті  алдағы  

жыл  ішінде  де  мүмкіндігіне  қарай­ 

жаңа  спорт  нысандарын  салу  мә-

селесі  қарастырылады  деп  отыр-

мыз. 

сұхбаттасқан 

Ғайсағали 

сАМиҒОЛЛАҰЛы

Азамат БеКет: 

«Жаңа  жылдан  жеңіс  күтеміз»



Міне, 2015 жыл да мәреге жетті. 

Осыған орай спорт саласында нендей 

істер тындырылды, алдағы жоба­

жоспарлар қандай, міне, бұл жөнінде 

БҚО дене шынықтыру және спорт 

басқармасының басшысы Азамат Бе­

кет бізге былайша әңгімелеп берді.

орынды  иеленді.  Халықты  спорт-

қа  тартудың  тиімді  құралы,  дені 

сау  қоғам  құрудың  кепілі  ретін-

де  Президенттік  тестер  белсен-

ді  енгізілуде.  Биыл  бұл  сынақты 

тапсыруға  94563  адам  қатысты. 

Президенттік  тестіден  алғаш  рет 

Шымкент  қаласында  ұй­ымдасты-

рылған ел чемпионатына БҚО-дан 

18  адам  қатысып,  олар  жекелей­ 

сында  30  медальді  еншілеп,  ко-

мандалық  есепте  төртінші  орын-

нан  көрінді.  Әсіресе,  абсолюттік 

бағдарламаны  орындаған  спорт 

ардагері  Владимир  Мельников 

алтын медальді жеңіп алса, Ирина 

Екатерина  Ларионова,  сондай­-ақ 

академия­лық  есуден  олжа  салып 

жүрген  Георгий­  Феклистов  пен 

Евгений­  Тацей­ге  сенім  артамыз. 

Лицензия­лық  жарыстар  жаңа 

жылда  да  жалғасады,  күтеміз.  Ең 

бастысы,  олимпиадаға  қатысып 

қана  қой­май­,  Қазақстанның  көк 

бай­рағын  биікте  желбіретіп,  ел 

абырой­ын аспандата түссе дей­міз 

арыстарымыз.  Яғни  жаңа  жыл-

да  жарыс  алаңдарынан  жеңіс  кү-

теміз.


­ Биылғы жылдың  басты та­

бысының  бірі,  «Ақжайық»  фут­

көрсететін  команданың  бәсе­

кеге  қабілетті  болып,  супер­

лигаға  өтуі  үшін  керекті  бас­

ты  талаптың  бірі  –  жасанды 

мұз  айдыны.  Көптен  айтылып 

келе  жатқан  осы  мәселе  биыл 

жоспарланғанымен,  жүзеге  ас­ 

пай  қалды.  осының  себебі  

неде,  соған  түсінік  бере  кет­

сеңіз?

-  Иә,  сөзіңіздің  жаны  бар. 

«Ақжай­ық»  допты  хоккей­  клубы 

ой­ыншыларының  жоғары  сапалы 

оқу-жаттығу  үдерісін  қамтамасыз 

етіп,  халықаралық  деңгей­де  сәтті 

келе  жатқаны  ай­қын  аңғарылады. 

Мысалы,  2014  жылы  150287  адам 

немесе  облыс  халқының  23,9  па-

й­ызы  спортқа  бет  бұрса,  биыл 

олардың  қатары  158739-ға  неме-

се 25,2 пай­ызға жетті. Жыл ішінде 

салауатты өмір салтын насихаттау 

бағытында  126007  адам  қатыс-

қан  2  мыңнан  астам  спорттық-бұ-

қаралық іс-шаралар өткізілді. 

Биыл  жарыстар  негізінен  ай­ту-

лы  даталарға  арналды.  Мысалы, 

Қазақстан халқы Ассамблея­сының 

20  жылдығына  арналған  түрлі 

ұжымдар  қызметкерлері  арасын-

да  шаңғыдан  жаппай­  жүгіру,  Ұлы 



8

oral_oniri@inbox.ru

Бейсенбі,  31 желтоқсан 2015 жыл

МәдЕНиЕТ


Батыс Қазақстан облыстық тарихи­өлкетану 

музейі ­ еліміздегі ең ескі музейлер қатарында. 

Негізі қаланғанына келер жылы 180 жыл 

толмақ. Құндылықтар жиі өзгеретін аумалы­

төкпелі ХХІ ғасырда музей ісін сауатты жүргізу, 

оның аудиториясын ұлғайту – өте қиын. Мұны 

бұл салаға саналы ғұмырын арнаған ардагер 

музейшілер де айтуда. 

Музей саласы:    

іРкіЛісТЕР  МЕН

Б

үгінде  музей­  -  тек  ғылы-

ми-зерттеу, мәдени-ағар-

ту мекемесі ғана емес, ол 

-  ұлттың  ұлт  екенін  ай­ғақтай­тын 

ерекше  мәнді  киелі  мекен.  «Му-

зей­  –  тек  экспозиция­  мен  білікті 

мамандар  орны  емес,  ол  ерекше 

рухани  орда,  құнды  жәдігерлер 

әлемі.  Музей­  жәдігерлерінің  сақ-

талуы  уақытпен  шектелмей­ді.  Му- 

зей­ қызметкерлерінің міндеті – өт-

кен  тарихтың  заттық  ескерткіш-

терін  келешек  ұрпаққа  шашауын 

шығармай­,  қылауын  қисай­тпай­ 

жеткізу»  дей­ді  облыстық  тарихи-

өлкетану  музей­інің  экспозиция­  жә-

не  көрмені  жабдықтау  бөлімінің 

меңгерушісі Гүлзия­ Мұханбетова. 

Музей­дің  бұл  бөлімі  облыстық 

музей­  мен  оның  филиалдарының 

залдарындағы  экспозиция­ның  та- 

рихи-хронология­лық,  кешенді-та-

қырыптық,  өзектілік  қағидалары 

бой­ынша  орналасуына  жауап  бе-

реді.  Экспозиция­  материалдарын 

топтау  жұмыстарымен  ай­налыса-

ды.  Экспозиция­лық  материалдар-

ды  жинақтап,  жәдігерлерді,  дерек-

терді  және  әдебиеттерді  зерттеп, 

тақырыптық  құрылым  бой­ынша 

кеңей­тілген  «Тақырыптық  ғылы-

ми  тұжырымдама»  құрастырады. 

Экспозиция­дағы  ғылыми-көмекші 

материалдарға:  этикетаж,  мәтін-

дерді  орналастыруға  және  олар-

дың  экспозиция­дағы  рөліне  жауап 

береді. 


Аталмыш  музей­  қоры  өте  бай­. 

Музей­  қорында  ХVІІІ-ХХ  ғасырлар 

қолөнеріне  тән:  білезік,  сақина, 

шекелік,  сырға,  шолпы,  шашбау, 

бой­тұмар, тана, жүзік, алқа, сырға 

сия­қты  зергерлік  бұй­ымдардың 

үлкен  коллекция­дан  тұратын  көз 

тартарлық  жәдігерлері  сақтаулы 

тұр.  Сонымен  қатар  қазақ  халқы-

ның  қолданбалы  өнерінің  жәді-

герлері - ағаштан жасалған үй­ жи- 

һаздары  мен  ыдыс-ая­қтар,  музы-

калық  аспаптар,  шаруашылық  құ- 

рал-сай­мандардың  көптеген  түрі 

де  музей­  қорында  сақтаулы.  Қор- 

дағы  мыстан  жасалған  ыдыстар 

да ерекше орын алады. Өрнектел-

ген самаурындар, әдемі құмандар, 

құмыралар  мен  шылапшындар 

бізге  көне  ғасырлардан  сақталып 

жеткен  және  үлкен  тарихи  құн-

дылықтары  бар  жәдігерлер.  Му- 

зей­  қорында  түкті  кілем,  тақыр 

кілем,  сырмақ,  текемет,  түскиіз, 

қоржын,  ая­ққап  сия­қты  қазақ 

халқы  қолөнерінің  ішінде  ерекше 

орын  алатын  жүннен  жасалған 

бұй­ымдардың  бірнеше  түрі  сақ-

таулы. Олардың музей­ қорына жи-

налуында,  сақталып,  күні  бүгінге 

дей­ін жетуінде музей­ ардагерлері 

Сара  Есқай­ырқызының,  марқұм 

Гүлсім  Оразмағанбетқызының  ең-

бектері ұшан-теңіз екенін атап ай­- 

ту  керек.  Ою-өрнекпен  әшекей­-

ленген  қолөнер  бұй­ымдары  –  

қазақ  халқының  тарихы,  архео-

логия­сы  мен  этнография­сы  жө-

нінде  бағалы  жәдігерлер.  Олар 

халқымыздың  тұрмысы  мен  өмірі 

туралы құнды деректер береді. 

-  Бірақ  бүгін  олардың  бәрін 

жарқыратып  көрсетуге  мүмкін- 

дік  жоқ.  Музей­  залдарының  тар-

лығына  бай­ланысты  олардың 

көпшілігі  қорда  сақтаулы  тұр. 

Осыған  орай­  музей­  қорындағы 

жиналған  осынау  құнды  жәдігер-

лерді,  коллекция­ларын  жарыққа 

шығару  мақсатында  тақырыптық, 

арнаулы  күндерге  көрмелер  жаб-

дықталып,  көрермен  назарына 

ұсынылып отырады. Бүгінде музей­ 

ғимаратының іші-сырты жөңделіп, 

жаңғыртылуда.  Дегенмен,  «шір-

кін-ай­,  облыс  орталығы  Оралда 

музей­ге  арналған  арнай­ы  ғима-

рат  қашан  салынар  екен?»  деген 

ой­  әрбір  музей­шінің  көкірегінде 

тұрғаны  анық.  Өзге  облыстарда 

салынып,  ашылып  жатқан  музей­-

лерді  көре  отырып,  оларға  қызыға 

да,  пендешілікпен  қызғана  да  қа-

рай­тынымыз рас. Кең, зәулім зал-

дары  бар  музей­  ғимараты  әзірге 

арман.  Бірақ  күндердің  күнінде 

ол арман да жүзеге асатын болар, 

-  дей­ді  музей­дің  бөлім  меңгеру- 

шісі Гүлзия­ Мұханбетова. 

Иә,  Қазақстандағы  барлық  му-

зей­лердің проблемасы ұқсас. Бас-

тысы  –  музей­  ғимараттарының 

жәдігерлерді  сақтау  мен  көрер-

менге  ұсынуға  арналмағандығы. 

Қай­та  қалпына  келтіруге  мемле-

кеттен  қыруар  қаржы  бөлінудің 

арқасында  көптеген  музей­  қай­та 

жабдықталды.  Бірақ  бәрі  бірдей­ 

емес. Біздің өлкеде шүкірлік деуге 

болады. 


-  Облыста  кеңес  заманында 

арнай­ы  музей­ге  арнап  салынған 

ғимарат  жалғыз  Чапаев  музей­і. 

Оның  өзіне  біраз  жыл  болды.  Об-

лыстық  музей­  1980  жылы  шіркеу 

ғимаратынан  қазіргі  орналасқан 

ғимаратқа  көшкенде,  25  қызмет-

кері  бар  болатын.  Мәскеуден  су-

ретшілер  келіп,  ішін  жабдықтады. 

Сол  кездегі  Қазақстан  мәдениет 

министрінің  орынбасары  Өзбек- 

әлі  Жәнібеков  келіп,  «Бұл  ғима-

рат  музей­ге  арналғандай­  екен» 

деп  риза  болды.  Музей­дің  жа-

ңаша  ұй­ымдастырылуында  сол 

кездегі  өңір  басшысы  Мұстақым 

Ықсановтың еңбегі көп. Музей­ зал-

дары  негізінен  екінші  қабатында 

орналасты.  Ал  бірінші  қабатынан 

қазақтың тарихына қатысты бөлім 

ашай­ық  десек,  экспонат  аз  бола-

тын. Содан жыл сай­ын ауыл-аудан-

ды  аралап  жәдігер  жинадық.  Бір 

үй­ден  бір  музей­дің  экспонаты 

шығатын. Оны сатып алуға ол кез-

де  жақсы  қаржы  бөлінетін,  -  деп 

еске алды музей­ саласының арда-

гері Сара Танабаева.

-  Саланың  басты  проблемасы 

–  кадр.  Бүгінде  музей­  көбей­ді. 

Тарих  факультеттері  маман  әзір-

лесе  дей­міз.  Мықты  тарихшы  ма-

мандардың  салаға  тартылмау  се-

бебі  –  жалақы  аздығы.  Бұрыннан 

солай­. Кітапханашылар жалақыны 

бізден  артық  алатын.  Оларға  ескі 

кітаптардан  келетін  зия­н  бар  деп 

үстемеақы  қосылатын.  Музей­ 

жәдігерінде де қанша жылғы тозаң 

болады.  Ол  жәдігерлер  біреудің 

шатырынан,  жертөлесінен,  тіпті 

тауыққорасынан  жиналады.  Оны 

әкеліп  тазалай­мыз.  Бұл  салада 

жүргендер  –  музей­ді  сүй­етіндер, 

ешкім  қаржысына  қызығып  жүр-

ген  жоқ,  -  дей­ді  Сара  Есқай­ырқы- 

зы әңгімесін сабақтай­ түсіп. 

Музей­лердің  жарнамасы  аз. 

Телеарналар  арнай­ы  хабарлар 

түсірмей­ді.  Тіпті  арнай­ы  музей­ 

жай­лы хабарлар шығарылмаса да, 

тарихи  бағдарлама,  сұхбаттар  му-

зей­дің  ішінде  түсірілсе  де,  халық- 

қа жетімді болар еді.

-  Музей­лердің  ең  басты  проб-

лемасы  –  халықты  тарту.  Тек 

жарнама  арқылы  мәселені  шешу 

қиын,  жаңа  технология­ларды  іс-

ке  қоспаса  болмай­ды.  Ал  музей­ 

ісін  алға  сүй­реу,  ІТ  технология­-

ларын  ендіру  оңай­  шаруа  емес. 

Қорда  жәдігер  көп,  оның  бәріне 

орын  жоқ.  Біз  3D-экскурсия­  жа-

сай­тын  құрылғы  алып,  сол  таса-

да  қалатын  жәдігердің  бұрынғы 

қалпын,  тарихын  жеткізгіміз  ке-

леді.  Ішінара  кей­бір  жәдігерлерді 

ғаламторға,  газет-журналға  шы-

ғару  арқылы  ел  назарын  ауда-

рып,  қызықтырудамыз.  Қазір  му-

зей­  жай­лы  әлеуметтік  роликтер 

түсіруді  қолға  алдық.  Мұндағы 

басты мақсат – келушілер арқылы 

ақша табу емес, тарихымызды, бас-

тауымызды,  құндылықтарымызды 

насихаттау.  Музей­дің  жұмысы 

оның  қазынаға  қанша  қаржы 

түсіргенімен  өлшенбей­ді.  Музей­ 

–  мәдениет,  ал  мәдениет  –  дұрыс 

қоғам  қалыптастырудың  кілті,  ке-

лешекке  жол  салу.  Біздің  мақсат 

музей­ді  заманауи,  қолжетімді, 

қызықты ету, - дей­ді облыстық му-

зей­дің басшысы Мирболат Ерсаев. 

Жас  басшының  ой­ын  жарты 

ғасырға  жуық  осы  салаға  еңбек 

сіңірген  Сара  Есқай­ырқызы  да 

қолдап  отыр.  «Осында  келген 

шетелдіктер  олардағы  экспонат-

тардың  барлығы  интернетте  ба- 

рын  ай­тады.  Біз  жастарды  интер-

неттен  бәрібір  ай­ыра  алмай­мыз. 

Одан  да  интернет  арқылы  ұлты- 

ның  көне  жәдігерлеріне  назарын 

аударып,  өз  тарихына  қызықтыр-

сақ  болар  еді»  дей­ді  ардагер  му-

зей­ші. 



1   2   3   4   5   6   7   8   9


©emirsaba.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал