Орал өңірі
www.oraloniri.kz
Газет 1917 жылдан бастап шығып келеді. 1968 жылы "Құрмет Белгісі" орденімен марапатталған
oral_oniri@inbox.ru
Бейсенбі,
31 желтоқсан 2015 жыл
№171 (20252)
14
0
С
14
0
С
ОБЛЫСТЫҚ ҚОҒАМДЫҚСАяСИ гАЗЕТ
Құрметті батысқазақстандықтар!
Жаңа 2016 жылмен
шын жүректен құттықтаймын!
2015 жыл, шын мәнінде, еліміздің тарихына алтын әріптермен жазуға тұрарлық жыл болды деп айтуға
толық негіз бар. Осы жылы мемлекетіміз Ұлы Жеңістің 70 жылдығын, Қазақ хандығының 550 жылдығын, ҚР
Конституциясының және Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығын кең көлемде атап өтті. Сондай-ақ
Қазақстан экономикасы да еңселі биіктерге көтерілді. Алда бізді әлі де болса, жаңа белестер күтуде.
Ағымдағы жылы Қазақстан Республикасының Президенті – Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы
Назарбаев
«қАзАқстАн ЖАңА ЖАҺАндық нАқты АХУАлдА: өсіМ, рефорМАлАр, дАМУ» атты Қазақ-
стан халқына арнаған Жолдауында
«Рухы биік, еңбегі ерен, бірлігі мығым Мәңгілік ел болу үшін бізде бәрі
бар. Тәуелсіздіктің туын желбіретіп, тұғырын нығайтқан біздің тарих алдында жүзіміз жарқын!
Біздің тірегіміз – тәуелсіздік, тілегіміз – тұрақтылық, білегіміз – бірлік!» деп атап өтті.
«қАзАқстАн ЖАңА ЖАҺАндық нАқты АХУАлдА: өсіМ, рефорМАлАр, дАМУ» атты Жолдауы –
елдігіміздің тұғырлы Мәңгілік ел болуға бастайтын жасампаз құжат.
Әр пенденің жыл құсындай келетін Жаңа жылдан жақсы үміт күтетіні белгілі. Ендеше, төрімізге енгелі
тұрған 2016 жыл бүкіл қазақстандықтармен бірге қасиетті Жайық елі үшін де ерекше жыл болады деген сенім-
деміз. Өйткені бұл жыл ұлы бастамалардың жаңа биігіне шығар кезекті сатысы болмақ.
Жаңа жылды қашан да алдағы уақыт көшінен қуаныш, жақсылық, жағымды жаңалық күтетін, өткен өмір
жолымызға есеп беретін, келешек бағыт-бағдарымыз бен мақсат-міндеттерімізді белгілейтін, үміт, сенім ме-
рекесі ретінде күтеміз.
Баршаңызды Жаңа жыл мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Әрқайсысыңызға бақ-береке, халқы-
мызға игілік, мемлекетімізге молшылық, әр шаңыраққа бақыт пен шаттық тілеймін!
Батыс қазақстан
облысының әкімі
нұрлан ноғАеВ
Желтоқсан айының 25 жұл-
дызында Теректі ауданындағы,
Ұзынкөл ауылдық округінде газ
құбыры іске қосылды. Осы орай-
да қоммуналдық шаруашылық
саласын дамыту мақсатында
көптеген шаралар жүзеге асыры-
лып, белгіленген бағдарламалар
аясында орта қысымды газбен
жабдықтау жұмыстары жүргізіл-
ген болатын. Ұзынкөлдік аға-
йындар осы жұмыстың басы-
қасында болып, бастаған ісін
соңына дейін мұқият атқарған
мердігер «ӘлияСервис» ЖШС-
ның директоры Венера Молға-
лиева мен ауылішілік төменгі
Қос қуаныш
Ордада стоматология бар
мозайкасы
Жаңалықтар
Таяуда Бөкей ордасы ауда-
нының Хан ордасы ауылында
дәріхана мен тіс емдеу кабинеті
ашылды.
Бұл нысандардың иелері ор-
далық Гүлнәр Шәріпова мен
Архат Сәлімов – бірнеше жыл
бойы медицина саласында еңбек
етіп, тәжірибе жинақтаған жан-
дар. Олардың бірі өз қаражаты
негізінде, екіншісі «Жол картасы
- 2020» бағдарламасы аясында
1,5 млн. теңге несие алып, атал-
мыш кәсіптерді қолға алған.
Жалпы, ауданда жеке тіс ем-
ханасын ашу қанат жайып келеді.
Бұған дейін Мұратсай ауылында
стоматология ашылған болатын.
Бұл жерлерде тіс емдеу құны қа-
ламен салыстырғанда әлдеқайда
арзан.
қысымды газбен жабдықтаған
Әнуар Асқарұлына алғыс біл-
дірді. Жиын барысында Жеңіс
Серікқалиев көп балалы ана
Нұргүл Қуанқызына газ пли-
тасын сыйға тартты. Еңбек ар-
дагері Мария Әлібекова ха-
лық атынан басшыларға рақмет
айтты. Ал ауыл тұрғындары бол-
са, шашу шашып, би билеп бір
жасап қалды.
Дәл осы күні Приречный
ауылында күрделі жөндеуден
өткен мәдениет үйі де ашыл-
ды. Өнер ошағын ресми ашу
аудан әкімі Жеңіс Серікқали-
ұлы мен халықаралық байқау-
лардың лауреаты, Ғарифолла
Құрманғалиев атындағы облыс-
тық филармония әншісі, соны-
мен қатар осы мекеннің перзен-
ті Марат Сарбөпеевке ұсыныл-
ды. Аудан, ауыл өнерпаздары
дүйім жұртты Жаңа жылмен
құттықтап, концерт берді. Осы
істі асқан жауапкершілікпен ат-
қарған мердігер «АльфаСервис-
Строй» ЖШС-ның басшысы Се-
рік Кенжебайұлына аудан тұр-
ғындары атынан алғыс айтуда.
2
oral_oniri@inbox.ru
Бейсенбі, 31 желтоқсан 2015 жыл
АҚПАРАТ
Сұйытылған газ түйткілі қалай шешіледі?
Облыс әкімдігінің шағын залында облыс әкімі
Нұрлан Ноғаевтың төрағалық етуімен өткен
кеңесте өңірдегі сұйытылған газ жетіспеушілігі
мәселесі талқыланды. Басқосуға мемлекеттік құры
лымдардың басшылары, кәсіпкерлер және осы мәселеге
қатысы бар мекемекәсіпорындардың өкілдері қатысып,
түйінді түйткілді шешудің жолдары жайында пікірлесті.
Ж
иынды ашқан облыс
басшысы Нұрлан Но-
ғаев соңғы 2-3 айда-
ғы сұйытылған газға қатысты қа-
лыптасқан жағдайдың көңіл қа-
нағаттандырмайтынын, бүгінге де-
йін мемқұрылымдар тарапынан
тиісті шаралар қабылданғанын,
енді бұдан былайғы іс-әрекетті үй-
лестірудің қажеттігін атап көрсет-
ті. Облыстық энергетика және тұр-
ғын үй-коммуналдық шаруашылы-
ғы басқармасының басшысы Ба-
уыржан Талдықбаевтың айтуын-
ша, аталмыш басқарма ай сайын
облысты сұйытылған газбен қам-
ту мәселесімен «бас» ауыртады.
Облыс қазан айына дейін ҚР Энер-
гетика министрлігі бекіткен шама-
дағы 800 тонна сұйытылған газ-
бен ай сайын қамтамасыз етіліп
келген. Қараша, желтоқсан айла-
ры бойынша басқарманың сұра-
уымен облысқа 1000 тонна отын
бөлінді. Алайда бұл көлем де аз
болып шықты. Енді алдағы 2016
жылғы қаңтар айына 2000 тонна
сұйытылған газ алуға тапсырыс
берілген.
– Осыншама көлемдегі газды
алу үшін министрліктегі комис-
сияға ішкі істер департаментінен
анықтама ұсынуымыз керек. Он-
да өңірдегі сұйытылған газды пай-
далануға жабдықталып, тіркеуден
өткен көліктердің нақты саны
көрсетілуі тиіс. Қазіргі қолдағы
анықтамада 3,5 мың көліктің газ-
ды пайдалануға жабдықталғаны
көрсетілген. Бірақ бұл сан да
тиісті көлемді алуға аздық етеді.
Іс жүзінде газбен жүретін көлік
саны 10 мыңнан асып түсуі мүм-
кін. Сондықтан қаладағы жа-
нар-жағармай
стансаларына
Соның ішінде тек соңғы екі күн ішін-
дегі рейд барысында 48-і анық-
талған. Осы жағдайларға орай
63 жүргізуші ҚР Әкімшілік құқық-
бұзушылық кодексінің 590-бабы
7-бөлімі бойынша әкімшілік жа-
уапкершілікке тартылған. Құзыр-
лы орыннан рұқсат қағазын алмай,
көліктеріне өз бетімен газ жаб-
дығын орнатқан көлік иелері 15
АЕК шамасында (30 мың теңге ша-
масында) айыппұл төлейді.
– Көлікті газ жабдығымен жаб-
дықтау 27522 теңге тұрады. Оның
19 мың теңгесін Гагарин көшесін-
дегі Ұлттық сертификаттау және
сараптау орталығына зертхана-
лық зерттеу қорытындысы үшін,
8522 теңгені жол полициясына
техпаспортты және мемлекеттік
нөмірі ескі болса, оны да ауыстыр-
ғаны үшін төлейді. Бұл мәселені
өткен аптадан бастап бақылауда
ұстап отырмыз. Мәселені шеше-
міз, жанар-жағармай стансасына
келген көлікті онлайн тәртібінде
дерекқор базасы бойынша тексе-
реміз, – деді Махамбет Абисатов.
«Алау» ЖШС-ның техникалық
директоры Бақытжан Жапаров-
тың айтуынша, газбен жүретін кө-
ліктер саны өсіп келеді. Айына
шамамен 50 көлік газға көшіріліп,
жабдықталады. Бүгінде 41 көлік
газға көшірілген, соның 11-і «Ба-
тыс су арнасы» ЖШС-ға тиесілі.
шығып, мониторинг жүргізіп, кө-
лік иелерімен тілдестік. Сонда тех-
паспорттарын қарап байқағаны-
мыз, көлік жүргізушілердің 80 па-
йызы ішкі істер департаментінде
тіркеуден өтпеген. Мұның өзі қа-
жетті көлемдегі газды бөлуде қиын-
дықтар тудырады, – деді Бауыр-
жан Талдықбаев. Басқарма бас-
шысының айтуынша, өңір басшы-
лығымен бірлесіп түрлі деңгей-
дегі атқарушы құрылымдардың
қызметтік көліктерін сұйытылған
газға көшіру жөнінде шаралар
жасақталуда. Шамамен мұндай
көліктер саны 2357-ні құрайды.
Осыншама көлік газбен жүретін
болып, тіркеуден өткен жағдайда
бюджет қаржысы үнемделіп, ми-
нистрліктерден бөлінетін газ кво-
тасын өсіруге жол ашылады. Со-
нымен қатар «Жайықмұнай» ЖШС
облысты ақпан айында коммер-
циялық бағамен 2000 тонна сұ-
йытылған газбен қамтуға және
отынның бағасын қазіргі 39 теңге
деңгейінде сақтауға ниетті. Мұн-
дай тәжірибе Атырау облысында
қолға алынған. Аталмыш компа-
нияның өкілі қала аумағынан жа-
нар-жағармай стансасын салу үшін
жер телімін ала алмай жүрген-
дерін айтты. Өңір басшысы қала
әкімі Алтай Көлгіновке «Жайық-
мұнайдың» өнімдерін тікелей сат-
тыққа шығарулары үшін жер телі-
мін қарастыруды, жұмысы жүр-
мей тұрған стансалардың басшы-
ларымен келіссөздер жүргізуді
тапсырды.
Облыстық ішкі істер департа-
ментінің бастығы Махамбет Аби-
сатовтың айтуынша, облыста газ
жабдығымен жабдықталғанмен,
тіркеуден өтпеген 3532 көлік бар.
Аудандық әкімдіктерден де көлік-
терге газ жабдығын орнатуға тап-
сырыс түсуде. «Алауда» көлікті
газ жабдығымен жабдықтау қыз-
меті 25-30 мың теңге шамасында
тұрады. Ал газ жабдығының өзі –
130 мың теңге. «Тәуекел» ЖШС-
ның директоры Евгений Василь-
ковтың айтуынша, компанияның
10 жанар-жағармай құю стансасы
бар. Оның 3-еуі аудандарда, өз-
гесі – Оралда. «Айына бөлінетін
400 тонна сұйытылған газ жетпей-
ді. Стансаларымыздың жартысы
жұмыссыз бос тұр. Облысқа айы-
на 2000 тонна бөлінетін болса,
жағдай түзеледі деп ойлаймыз.
Сұйытылған газды жеткізіп беру
жөнінде 200-дей кәсіпорынмен
келісімшарт жасалған. Рубль құла-
ған кезде батысқазақстандықтар
Ресейден көлік айдап келді. Бі-
рақ олар тіркеліп жатқан жоқ. Осы
да отын жетіспеушілігіне әсер ету-
де», – деді Евгений Васильков.
Биыл өңірге 9455 тонна сұ-
йытылған газ жеткізілсе, соның
9332 тоннасы сатылған. Ал қалған
көлемі ішкі шығындарға жұмсал-
ған. Бұдан шығар қорытынды, об-
лысқа жеткізілген отын заңсыз
өзге аймақтарға шығарылмаған.
Жиынға қатысушылар ресейлік
нөмірмен жүрген көліктердің көп-
тігін әрі олардың елдерінде газ-
бен жүруге жабдықталғандық-
тан, облыста тіркелмейтінін алға
тартты. Транзиттік көліктердің де
саны артқанына назар аударыл-
ды. Бұған дейін облыс аумағы
арқылы өтетін транзиттік көліктер
саны айына орташа есеппен 900
шамасында болса, кедендік одақ
жағдайында бұл көрсеткіш 4000-
ға жеткен сыңайлы. Қалай бол-
ғанда да, көлік жүргізушісі газ жаб-
дығын өз бетінше орнатпай, ли-
цензиясы бар кәсіпорындардың
көмегіне жүгінулері тиіс. Одан ке-
йін заңды түрде тіркелсе, өңірде-
гі сұйытылған отын тапшылығы
түйткілін шешуге жол ашылады.
– Көлік иелері бұл мәселеге
атүсті қарамауы тиіс. Көлікке газ
жабдығы орнатылды ма, арнайы
орында тіркелуі керек. Ең алды-
мен оны орнату үшін тиісті орын-
дардың рұқсатын алулары керек.
Бұл – заңды талап, – деген облыс
басшысы Нұрлан Ноғаев қалай
болғанда да, жоғары қысымдағы
газ құйылатын газ жабдығының
қауіпті екендігін, алдымен көлік
жүргізуші өзінің жеке басына жә-
не айналадағы адамдардың өмі-
ріне де қауіп тудыратынын ес-
кертті. Басқосуды қорытындыла-
ған өңір басшысы сала басшыла-
рына тиісті тапсырмалар берді.
Гүлбаршын ӘЖІГЕРЕЕВА,
«Орал өңірі»
Әлемдік тарихта өшпес із қалдырған, күл-
лі әлем үшін рақмет болып жіберілген, екі дү-
ние Сардары, адамзаттың асылы, пайғамбарлардың ар-
дақтысы – Мұхаммед (с.ғ.с.) ғибратқа толы өмірін, көркем ахлағын өс-
келең ұрпақ арасында насихаттау мақсатында Пайғамбарымыз Мұхаммед
(с.ғ.с.) туылған
«Мәуліт» айы құрметіне ҚМДБ-ның БҚО бойынша өкілді-
гінің ұйымдастыруымен
«Адамзаттың ардақтысы – Пайғамбарым Мұ
хаммед» атты облыстық шығарма байқауын жариялайды.
Облыстық байқауға өңіріміздегі барлық студенттер мен мектеп оқушы-
лары қатыса алады. Байқауға қатысатын шығарма «Мұхаммед (с.ғ.с.) Пайғам-
бар – жетімдер қамқоршысы», «Мұхаммед (с.ғ.с.) жер бетінің ең ұлы тәлім-
гері, тәрбиешісі», «Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп» деген тақырыптар-
дың біріне жазылып, 2016 жылдың 15 қаңтарына дейін
Bkooral@mail.ru,
және
Zhalpaktalmechit@mail.ru поштасына жолдануы керек.
Бәйгенің шарттары: 1) Жазылған шығарма А-4 форматта және Times
New Roman 14 қаріпте болуы; 2) Компьютермен терілуі және қазақша бо-
луы; 3) Мекенжайы толық және телефон нөмірі көрсетілуі керек.
Байқаудың жүлделері:
1-орынға – жылқы.
2-орынға – сиыр.
3-орынға – қой (екі адамға).
Құрметті
жас қаламгерлер!
Біздің БАйлАныс телефондАрыМыз:
87112508302,
87113821119
Назар аударыңыз,
бәйге!
У
ниверситеттен
Дина-
ра Есентаеваның ха-
барлағанындай, ауыл
шаруашылығы ғылымдарының
докторы, профессор, ҚР ҰҒА
корреспондент-мүшесі, кәсіп-
тік практика және түлектерді
жұмысқа орналастыру бөлімі-
Жәңгір хан атын
дағы Батыс Қазақ
стан аграрлықтех
никалық универси
тетінің қос бірдей
оқытушысы ҚР Бі
лім және ғылым
министрлігі ұйым
дастырған дәстүрлі
«ЖОО үздік оқыту
шысы» республи
калық байқауының
жеңімпазы атанды.
Қос ғалым үздік атанды
нің басшысы Бейбіт Нәсиев пен
ауыл шаруашылығы ғылымда-
рының кандидаты, қауымдас-
тырылған профессор, доцент,
агрономия факультетінің дека-
ны Диамара Төлегенова 2015
жылдың қорытындысы бойын-
ша еліміздегі үздік 200 оқыту-
шының қатарына еніп, грант-
қа ие болды.
Айта кетейік, Бейбіт Нәси-
ұлы аталмыш грантты осымен
екінші рет иеленіп отыр. Ол
2009 жылдың қорытындысы бо-
йынша да озық шыққан еді.
Ғайса БӘЙМЕН
3
oral_oniri@inbox.ru
Бейсенбі, 31 желтоқсан 2015 жыл
БРиФиНг
Жаңа жылыңызбен!
Алтай КөлгіноВ,
орал қаласының әкімі:
Осыдан бірер күн
бұрын облыстық мәде
ниет, мұрағаттар және
құжаттама басқармасы
ның басшысы Дәулетке
рей Құсайынов «Қазақ
станОрал» телеарнасын
да тікелей эфирде
баспасөз мәслихатын
өткізді. Басқарманың жыл
ішінде атқарған істерін
баяндап, тілшілердің сұ
рақтарына жауап берді.
д
әулеткерей Атауұлы облыс-
та 763 мемлекеттік мәде-
ниет және өнер ұйымдары
тұрғындарға қызмет көрсететінін айт-
ты. 2015 жылы мәдениет саласына об-
лыстық бюджеттен 4,9 млрд. теңге қа-
ражат бөлінген. Бұл 2014 жылмен са-
лыстырғанда 200,0 млн. теңгеге, яғни
4,3 пайызға артық. Мәдениет ұйымда-
рының материалдық-техникалық әле-
уетін жақсарту мақсатында 202,0 млн.
теңге жұмсалған.
Биыл облыс көлемінде 6 ескерткіш
– Ауған соғысында қаза болған жер-
лестерімізге, Чернобыль апаты зар-
дабынан қаза болған жерлестеріміз-
ге мемориалдық кешендер, Орал қа-
ласы мен Сырым ауданы орталығын-
да Қазақстанның халық жазушысы, ҚР
Мемлекеттік сыйлығының лауреаты,
ақын Қадыр Мырза Әлінің ескерткіш-
тері, мемлекет және қоғам қайратке-
рі Д. Қонаевтың және Кеңестер Одағы
мен Ресей Федерациясының Батыры,
жерлесіміз Н. Майдановтың мүсіндері
орнатылды.
Бұрынғы атамандар үйі (қазір ІІД гос-
питалі мен емханасы), бұрынғы орыс-
қырғыз мектебі үйі (қазір облыстық та-
рихи-өлкетану мұражайының ғимара-
ты), 1919 жылы Орал қаласын қорғау
штабы орналасқан бұрынғы Пушкин
мектебі (қазір қоршаған ортаны қор-
ғау департаменті) сияқты тарихи ғима-
раттарға қайта жаңғырту жұмыстары
жүргізілген. Маусым айында Орал қа-
ласында Қадыр Мырза Әлі атында-
ғы мәдениет және өнер орталығы жа-
ңадан іске қосылды.
Дәулеткерей Атауұлы биылғы ай-
тулы мерейтойлар – Қазақстан халқы
Ассамблеясының жылы аясында өткен
Ұлы Жеңістің 70 жылдығына, Ата Заңы-
мыз бен Қазақстан халқы Ассамблея-
сының 20 жылдығына және Қазақ хан-
дығының құрылғанына 550 жылдығы-
на арналып өткізілген мә-
дени-көпшілік іс-шара-
ларға тоқталып өтті.
– Облысымыздың мәдениет мекеме-
лері жыл бойы көршілес Ресеймен ты-
ғыз мәдени қарым-қатынаста жұмыс
жасады. Мәселен, «Жолдастық» Астра-
хан өңірлік қазақ мәдениеті қоғам-
дық ұйымының мерейтойына Ғ. Құр-
манғалиев атындағы облыстық филар-
мония өнерпаздары гастрольдік са-
пармен барып, концерттік бағдарлама
ұсынса, «Ақжайық» халықтық би ан-
самблі мен жеке әншілер Астрахан
опера театрында республикалық әде-
би-сазды бағдарлама аясында өнер-
лерін көрсетті. «Ақжол» Самара қазақ-
тарының аймақтық қоғамдық ұйымы-
ның мерекесіне орай және «Орен-
буржье – 2015» V Еуразиялық-экономи-
калық форумының гала-концертіне об-
лыстық филармония өнерпаздары ар-
найы шақырылып, өнер көрсетті. Ғ. Құр-
манғалиев атындағы облыстық филар-
монияның «Орал сазы» фольклорлық
этнографиялық ансамблі АҚШ-тың Нью-
Йорк қаласында БҰҰ-ның Қауіпсіздік
Кеңесіне Қазақстанның кандидатура-
сын ұсыну аясында өткен Қазақстан
Республикасы өнерінің апталығына қа-
тысты. Сонымен қатар осы айда филар-
монияның бір топ жас әншілері Қазақ-
станның Хорватия Республикасындағы
елшілігінің арнайы шақыруымен Загреб
қаласында Қазақстан Республикасының
Тәуелсіздігі күніне орай қазақ өнері мен
мәдениетін, ұлттық салт-дәстүрін, қа-
зақ елін шетелдіктерге таныстыру мақ-
сатымен үлкен мерекелік концерт бе-
ріп қайтты, – деді басқарма басшысы.
Ол сондай-ақ театрлардың, кітап-
ханалар мен музейлердің тындырған
істерін де баяндады. Қостанай облы-
сында БҚО-ның мәдениет және өнер
күндерін өткізуге атсалысқан мәде-
ниет қызметкерлерінің еңбегін жоға-
ры бағалады.
Биылғы жыл облыс театрлары үшін
өте жемісті болды. 15 жаңа қойылым
сахналанып, театрлар репертуарында-
ғы 2 қойылым жаңартылған. Облыстық
қазақ драма театры Керчь қаласында
өткен «Боспорские агоны» атты ХҮІІ
халықаралық фестивальге Эврипидтің
«Троя арулары» қойылымымен қаты-
сып, бас жүлдені және «Боспор Ника-
сы», «Ең үздік режиссер», «Ең үздік әйел
образы» жүлделерін жеңіп алды. Өске-
мен қаласында өткен ХХІІІ республи-
калық театрлар фестивалінде
Ш. Айтматовтың «Жәми-
ла» драмасымен Ұлы Же-
ңістің 70 жылдығына ар-
налған қойылымдар ара-
сында үздік болып та-
нылды. Атырау қаласын-
– Жаңа жыл – қашанда адам санасына тәтті
үміт пен аппақ арман ұялатып, қиял-ғажайыбы-
на қол создыратын ең сүйікті мерекеміз. Барша
жан бұл күні өткенді ой елегінен өткізіп, атқар-
ған істерін саралап, Жаңа жылға таза ниетпен,
нық сеніммен қадам аттағанды қалайды. «Өткен
күннен алыс жоқ, келер күннен жақын жоқ» дейді
дана халқымыз. Сынаптай сырғыған уақыттың
жетегіне ілесіп, күні ертең тарих қойнауына ке-
тетін 2015 жыл Орал қаласы үшін табысты, же-
місті жыл болды деп нық сеніммен айтуға негіз бар.
Былтыр қаламызда инженерлік инфрақұрылым-
дарды жаңғыртуға, жөндеуге баса көңіл бөлінді.
«Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша облыс орта-
лығына бөлінген 4,6 млрд. теңге толықтай иге-
рілді. Бөлінген қаржы 3,4 шақырым магистральді
жылу желілері мен 10 шақырым кәріз коллекторын
жаңартуға, Зашаған кентіндегі көп қабатты жа-
ңа ықшамауданның инфрақұрылымына және осы
аудандағы тұрғын үй құрылысына бағытталды.
Нәтижесінде жаңадан 267 жұмыс орны ашылды,
тұтастай алғанда, өткен жылы қаламызда 3 мың-
дай жаңа жұмыс орны құрылды.
Жолдарды жөндеу бойынша да атқарылған іс
ауқымды. Жалпы ұзындығы 25 шақырымды құрай-
тын 16 көшенің жолын жөндеуге түрлі қаржы
көздерінен 3,6 млрд. теңге бөлінді. Ең бастысы,
Жайық және Шаған өзендері арқылы өтетін екі
көпір жөнделді. Осылайша ұзақ жылдардан бері
шешімін таппай келген күрделі мәселенің түйі-
ні тарқатылды.
Бұның барлығы қашанда келешекке нық сенім-
мен қарайтын қала тұрғындарының еселі еңбегі,
қажыр-қайраты арқасында мүмкін болды. Келешек-
те де туған қаламыздың гүлденуіне, өңіріміздің
өркендеуіне бірлесе күш салып, қалтқысыз қызмет
ету ортақ мақсатымыз болуы тиіс. Бұл ретте
қоғамдағы бірлік пен ұлтаралық достықты, ты-
ныштықты сақтаудың маңызы зор. Баянды бо-
лашақтың кілті бірлікте екенін әркім де естен
шығармағаны абзал.
Өзге де салаларда ауыз толтырып айтар-
лықтай оң өзгерістер аз емес. Бұл жұмыстар 2016
жылы да жалғасын таппақ. Алға қойған жоспар-
ларымыз мол, белгілеген межеміз биік. Биылғы
жылдың басты оқиғасы Тәуелсіздігіміздің 25 жыл-
дығы десек, Азаттықтың ширек ғасырлық то-
йын Орал қаласы жоғары жетістіктермен, жақсы
көрсеткіштермен қарсы аларына сенімім кәміл.
Жаңа жыл жаңа жетістіктер мен тың та-
быстар әкелсін! Мешін жылы жағымды жаңалық-
тарға, оң өзгерістерге, қуанышты кездесулерге,
бақытты оқиғаларға толы болсын! Отбасыла-
рыңызға амандық, шаңырақтарыңызға шаттық,
дендеріңізге саулық және сарқылмайтын бақ-дәу-
лет тілеймін!
да халықаралық театр фестивалінде
Р. Отарбаевтың «Хан Жәңгір» реквие-
мімен І орынды иеленді. «Ең үздік ер
адам рөлі» аталымын Махамбет обра-
зын сомдаған аталмыш театр директо-
ры Қуаныш Амандықов жеңіп алды.
Өңірдің мәдени өміріндегі биылғы
маңызды шараның бірі ретінде Қаратө-
бе ауданында халық композиторы Құр-
манғазының ұстазы – Ұзақ күйшіге ке-
сененің ашылуын атап өтуге болады.
Басқарма басшысы Дәулеткерей Құ-
сайыновтың келтірген мәліметінше,
облыстың мәдениет және өнер ұйым-
дарында 4880 қызметкер жұмыс жаса-
са, оның 2590-ы – шығармашылық
қызметкер. Жыл қорытындысы бойын-
ша 26 адам мемлекеттік және ведом-
стволық наградаларға ие болған. Ән-
ші М. Әмірханов, театр актрисасы
Б. Жақыпова «Қазақстанның еңбек сі-
ңірген қайраткері» құрметті атағымен,
әнші М. Сарбөпеев «Ерен еңбегі үшін»
медалімен марапатталды. ҚР Мәдениет
және спорт министрлігінің «Мәдениет
саласының үздігі» төсбелгісіне А. Қа-
зиев, И. Какойло, И. Таранов, Ж. Мұқан-
ғалиев, З. Аманғалиева ие болды. «Ең-
бек ардагері» медалімен М. Омарға-
лиев марапатталды.
– Жаңа жыл өзінің ерекшеліктерімен
енеді, соның ең бастысы – Қазақстан
Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жыл-
дық мерекесі. Атаулы мерекеге орай
кең көлемді бұқаралық мәдени-көпші-
лік мерекелік шаралар жоспарлану-
да. Атап өтсек, Тәуелсіздіктің 25 жыл-
дығына арналған патриоттық әндерді
орындаушылар арасында «Ел ертеңі –
жас ұлан» атты облыстық байқауы, ха-
лық композиторы, ақиық әнші Мұхит
Мерәліұлының 175 жылдығына арнал-
ған «Сары дала сағынышы – сал Мұхит»
республикалық әншілер байқауы, күй-
ші-композитор, Қазақстанның халық
артисі Дина Нұрпейісованың 155 жыл-
дығына арналған «Күй дүлдүлі – Ди-
на» және күйші, сазгер Сейтек Ораза-
лыұлының 155 жылдығына арналған
«Сейтек перне» аймақтық-республика-
лық домбырашылар байқаулары, жыр-
терме өнерінің саңлақтары Жақсылық
Сәрсенғалиев, Қалампыр Рахимова жә-
не Қаламқас Орашеваның есімін ұлық-
тауға арналған «Термелетіп жырла-
йын» атты республикалық дәстүрлі тер-
мешілер байқауы жоспарда. Сондай-ақ
Отбасы күніне арналған «Пай-пай, шір-
кін, қазақтың келіндері-ай» облыстық
жас келіндер байқауы, облыс орталы-
ғындағы «Аудан күндері» сынды көп-
теген шараларды өткізу жоспарлану-
да, – деп Дәулеткерей Атауұлы алдағы
жыл жоспарымен де бөлісті.
– 26 желтоқсан күні Орал қаласының
Абай алаңында Жаңа жылдың бас шыр-
шасы дәстүрлі түрде жағылды. 31 жел-
тоқсан күні сағат 20.00-де жаңажылдық
театрландырылған бағдарлама мен от-
шашу болады. Тап осы мезгілде – сағат
20.00-22.00 аралығында Салтанат са-
райы алаңында жаңажылдық мереке-
лік бағдарлама өтеді. Бірнеше күннен
кейін күнпарақтан алыстайтын 2015
жыл өзінің есте қаларлықтай тарихи
оқиғаларымен айшықталса, әлем жұрт-
шылығымен бірге біздің тәуелсіз қа-
зақ елі де 2016 жылды қарсы алады.
Таяп қалған Жаңа жыл мерекесімен
баршаңызды құттықтаймын! – деді бри-
финг қонағы болған облыстық мәде-
ниет, мұрағаттар және құжаттама бас-
қармасының басшысы Дәулеткерей
Құсайынов.
Достарыңызбен бөлісу: |