Г.Ә. Омарбекова тіл және жаһандану



Pdf көрінісі
бет6/67
Дата10.04.2023
өлшемі1,32 Mb.
#81089
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   67
Байланысты:


І ТАРАУ. ТІЛ ЖӘНЕ ҚОҒАМ 
І ТАРАУ. ТІЛ ЖӘНЕ ҚОҒАМ 
Тарау қарастыратын ұғымдар мен терминдер:
Тілдік қауымдастық – бұл ортақ әлеуметтік, экономикалық, 
саяси және мәдени байланыстармен және күнделікті өмірде 
бір-бірімен ортақ бір тілді немесе әртүрлі тілдерді қолдана-
тын әлеуметтік институттармен тікелей және жанама байла-
ныстар жасайтын адамдардың қоғамы. 
Бір-бірімен функционалды толықтыру қатынастарында бола-
тын белгілі бір тілдік қауымдастықтағы кодтар мен қосалқы 
кодтардың жиынтығы осы қауымдастықтың 
әлеуметтік-ком-
муникативті жүйесі деп аталады.
Тілдік қарым-қатынастағы код дегеніміз – коммуника-
тивтік актіге қатысушы адамдардың өзара сөйлесетін тілі,
диалект, сленг, стиль сияқты сол тілдің келесі бір нұсқасы, 
вербальды қарым-қатынаста қолданылатын жүйе.
Екітілді сөйлеушінің сөйлеуі кезінде пайда болатын тіл нор-
маларынан ауытқу жағдайлары оның бірнеше тілдерді білуі, 
яғни тілдік байланыстар нәтижесінде пайда болады, бұл
интерференция деп аталады.
Тілдік экспанция дегеніміз – ата-бабалардың жеріндегі
автохонды тілдердің өзінің төл аумағынан ығыстырылуы 
және бөтен «импортталған» тілдің үстемдік құрып, таралуы.
Екі немесе одан да көп тілдердің өзара байланысуының нәти-
жесінде олардың біреуі немесе екеуі де өзгеріске ұшырауы 
мүмкін, бұл тілдердің бір-біріне әсер етуінен пайда болады, 
оны 
тілдік контакт (байланыс) деп атайды, бұл – екі немесе 
одан да көп тілдердің өзара әсері нәтижесінде көп не қостілді 
қоғамда жүзеге асатын әлеуметтік үдеріс.
Интерференциялық ықпалдың нәтижесінде өзара тығыз бай-
ланыстағы тілдік жүйелердің арасында ұқсастық көбірек пай-
да болады, тілдер бір-біріне жақындай түседі – бұны 
конвер-
генция деп атайды.


10
11
ТІЛ ЖӘНЕ ЖАҺАНДАНУ


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   67




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет