12
13
ТІЛ ЖӘНЕ ЖАҺАНДАНУ
Тілдік қауымдастық деп саны жағынан әртүрлі адамдар қоға-
мын, оның құрамында тұтас елмен қатар шағын әлеуметтік топ-
тарды да (мысалы, отбасы, спорттық топтар) қарастыруға бола-
ды. Әлеуметтік өмірдің ортақтығы мен тұрақты коммуникативті
байланыстарының болуы тілдік қауымдастықты анықтайтын кри-
терийлер болып табылады. Бір тілдік қауымдастық басқаларына
қарағанда жан-жақты бола алады. Бұған қазіргі Қазақстанның тіл-
дік қауымдастығын мысал ретінде алуға болады, оның құрамына
республика, облыс, қала, аудан сияқты кіші көлемдегі лингвисти-
калық қауымдастықтар кіреді. Өз кезегінде қала лингвистикалық
қауымдастық ретінде кішігірім лингвистикалық қауымдастықтар-
ды –
кәсіпорындарды,
мекемелерді, оқу орындарын біріктіреді.
Тілдік қауымдастықтың
мөлшері неғұрлым аз болса,
соғұрлым
оның тілдік біртектілігі жоғары болады.
Қазақстанда мемлекетіміздің негізін қалаушы этнос – қа-
зақтар, екінші орында орыстар, және халқы 100 мыңнан асатын
6 этнос бар. Бұл ұлттық тілдер өзара қарым-қатынасқа түсіп, әре-
кеттеседі. Қазақстанның ірі қалаларында қоғамдық өмірдің негіз-
гі формалары тілдердің едәуір аз мөлшерінің көмегімен, көбінесе
екі тілде (қазақ және орыс) немесе үшеуінде (Ұйғыр ауданында
– қазақ, ұйғыр және орыс тілдерінде) жүзеге асырылады. Зауыт,
университет, орта мектеп сияқты тіл қауымдастықтарында бір тіл-
де, кейде екі тілде сөйлеу басымдық танытады. Алайда,
шағын
тілдік қауымдастықтарда, мысалы, коммуникативтік байланыстар
тікелей жүзеге
асатын отбасы бір емес, екі тілді де болуы мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: