Г.Ә. Омарбекова тіл және жаһандану



Pdf көрінісі
бет14/67
Дата10.04.2023
өлшемі1,32 Mb.
#81089
түріҚұрамы
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   67
Байланысты:


1.6. ИНТЕРФЕРЕНЦИЯ 
Екінші тілді меңгеру және тілдік байланыс туралы зерттеулер-
де интерференция термині екі тілді қолданатын қостілді адамның 
сөйлесуі кезінде бір тілдің екінші тілге әсер етуін білдіреді. «Екі 
тілді сөйлеушінің сөйлеуі кезінде пайда болатын тілдің нормала-
рынан ауытқу жағдайлары оның бірнеше тілдерді білуі, яғни тіл-
дік байланыстар нәтижесінде пайда болады, бұл интерференция 
деп аталады» [21,1]. Бұл термин У. Вайнрейхтың «Байланыстағы 
тілдер» атты (1953) кітабы арқылы танымал болды. 
Интерференция лингвистикалық жүйенің барлық деңгей-
лерінде, яғни фонологияда, морфологияда, синтаксисте, семан-
тикада, прагматикада және лексикада орын алуы мүмкін. Әдетте, 
интерференцияны бақыланбайтын процестер деп түсінеміз, себебі 
ол адам ойында табиғи, санасыз түрде орын алады. Интерферен-
цияны көбінесе ана тілінің екінші тілге араласуы деп түсінеміз, 
алайда егер екінші тіл негізгі тілге айналса, бұл да ана тіліне әсер 
етуі мүмкін. Мұны бірнеше жыл бойы шет елдерде өмір сүрген, 
мысалы, Қытай, Монғолия, Түркия және Ресейден келген қостілді 
қандастарымыздың қазақша сөйлеген кездегі сөйлесімінен бай- 
қауға болады. 
Қостілділік көпұлтты тілдік ахуалда түрлі этностардың қа-
лыпты жағдайда бірлесіп өмір сүруін қамтамасыз ету үшін адам 
тіршілігінің барлық салаларында орын алады: тілдердің табиғи 
байланыстары күнделікті тұрмыстық салада, ауызекі сөйлеу тілін-
де қолданылады; білім беру және ресми іскерлік салада танымал 
тілдердің әдеби формалары қолданыста болады. Басқаша айтқан-
да, тек тілдер ғана емес, сонымен бірге олардың ішкі жүйелері де 
байланысады. Екінші тілді білудің сапалы деңгейін анықтайтын 
негізгі лингвистикалық критерий – интерференция және интер-
калация. Интерференция дегеніміз әрдайым қалыпты норманы 
бұзу болып табылады. Әсіресе, лексикалық және грамматикалық 
деңгейлердегі «күшті интерференция» сапалы қарым-қатынас- 
қа кедергі келтіруі мүмкін. Бірақ тілді меңгеруді жетілдірудің 
көмегімен оны жоюға болады. Ең тұрақты интерференция фоне-
тикалық деңгейде байқалады. Адам екінші тілді грамматикалық 
тұрғыдан дұрыс меңгергенімен, ал оның тіліндегі фонетикалық 
интерференция тұрақты болуы мүмкін. Мысалы, кавказ халықта-
рының орыс тілін сөйлеудегі акценті. Бірақ бұл әдетте, түсінуге 
кедергі келтірмейді. Екінші тілді жеткілікті дәрежеде біліп, оны 
жиі қолдану үрдісінде интеркалация туындауы мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   67




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет