Г.Ә. Омарбекова тіл және жаһандану


ЭТНИКАЛЫҚ ТІЛ ЖӘНЕ АНА ТІЛІ



Pdf көрінісі
бет9/67
Дата10.04.2023
өлшемі1,32 Mb.
#81089
түріҚұрамы
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   67
1.2. ЭТНИКАЛЫҚ ТІЛ ЖӘНЕ АНА ТІЛІ
Қостілді қауымдастықтарда оның мүшелерінің көпшілігі 
бірнеше тілді меңгерген болып келеді. Осындай тілдік жағдаят-
та тілдерді меңгеру реті мен қостілді адамның өмірінде атқара-
тын рөліне байланысты тілдер бір-бірінен ерекшеленеді. Отан-
дық әлеуметтік тіл білімінде алғашқы болып меңгерілген тіл ана 
тілі болып табылады. «Ана тілі – жеке адамның этникалық тегін 
білдіретін белгілерінің бірі. Сонымен қатар ана тілі адамның ең 
жақсы білетін, әдетте, жанұяда қолданылатын тілі» [10,51]. Бір 
жағынан, ана тілі – бұл «ұлттың тілі, адамды өз халқымен, өткен 
ұрпақтармен, олардың рухани әлемімен байланыстыратын ата-ба-
балар тілі» [11,121]. Екінші жағынан, бұл баланың бойына ана 
сүтімен сіңіп, табиғи жолмен анасынан және оның айналасын-
дағы адамдармен әлеуметтік қарым-қатынасқа түсу барысында 
үйренген ана тілі, бірінші тілі» [12,17]. Ал, екі тілді отбасында 
өсетін балалар үшін, жоғарыдағы анықтамаға сәйкес, ана тілі бір-
нешеу де болуы мүмкін. Кейбір елдерде ана тілі немесе ата-ана 
тілі термині өзінің алғашқы тілінен гөрі этникалық топтың тілін 
де білдіреді. 
Әлеуметтік лингвистика баланың алғашқы отбасында үйрен-
ген тілін ана тілі деп қарастырса да, бұл сөз тіркесі күнделікті 
өмірде, публицистикада, тіпті кейбір ғылыми жұмыстарда келесі 
мағынада жиі кездесуі мүмкін: Балаларымыз ана тілінде сөйле-
мейді. Қала тұрғындары ана тілін ұмытып барады және т.б. Бұл 
мысалдарда ана тілі деп осы этносқа тән тілді түсінеміз, осы тұста 
этникалық тіл терминін қолдануға болады. Мысалға эвенктің эт-
никалық тілі әрқашан эвенк тілі болады; егер эвенк Якутияда дүни-
еге келсе, онда якут тілі оның ана тілі болып саналады. Ал қызметі 
мен тұратын мекеніне байланысты оның негізгі қарым-қатынас 
тілі орыс тілі болуы мүмкін. Ал, Қазақстандағы тілдік жағдаятқа 
байланысты, мысалы, ұйғыр не өзбек сияқты этникалық топтар-
дың өкілі өз тілдерімен қатар, қазақ не орыс тілін меңгеруі мүм-
кін, ал ана тілі ретінде олар өз этникалық тілдерін атауы мүмкін. 
Олар қазақ не орыс тілдерін қарым-қатынас тілі ретінде, яғни екін-
ші тіл, тіптен үшінші тіл ретінде қолдануы мүмкін. 
Адам балалық шағынан екі тілді бірдей дәрежеде меңгеретін 
жағдайлары да кездеседі. Негізінде бала көбінесе осы екі тілдің 
біреуінде сөйлеп бастайды, алайда мектеп жасына дейінгі уақытта 
оның бұл тілдерде сөйлеу құзыреті біртілді баланың қабілетімен 
пара-пар болуы мүмкін. Әрине, бұл жағдайда екі тіл де ана тілі 
ретінде қарастырылады. Кейде балалық шақта біртілді болған 
бала қысқа уақыт аралығында қостілділікке өтіп, толығымен жаңа 
тілде сөйлей бастайды, бұл – эммиграция нәтижесінде жиі орын 
алатын жағдай. Жасөспірім кезеңге келген кезде бұл бала бала-
лық шағында еркін меңгерген жалғыз тілі – ана тілін толығымен 
ұмытады. Бұл жағдайда ана тілі ретінде екінші тілді қарастырған 
І ТАРАУ. ТІЛ ЖӘНЕ ҚОҒАМ 


14
15
ТІЛ ЖӘНЕ ЖАҺАНДАНУ
жөн. Яғни, ана тілі деп балалық шақта үйренген және ересек кезде 
де дағдылары сақталған тілді түсінеміз, сонымен қатар, адамның 
өміріндегі болған әлеуметтік өзгерістерге байланысты оның бір-
неше ана тілі де болуы мүмкін. Адамның ана тілінен кейін мең-
герген кез келген келесі тіл екінші тіл болып табылады. Әрине, 
осы анықтамаға сүйенсек, адам екінші тіл ретінде бірнеше тілді 
білуі мүмкін. Әдетте меңгеру реті бойынша екінші тілді үшінші 
тілден ажыратудың қажеті жоқ, себебі ана тілі болып табылмай-
тын тілдердің атқаратын функциялары мен оларды білу дәрежесі 
индивидтың тілдерді меңгеру ретіне байланысты болмайды. 
Қостілді қоғамда тілдер тең дәрежеде қолданылмайды. Адам 
қоғамдық өмірде, кәсіби қызметте, достарымен және отбасы мү-
шелерімен бейресми қарым-қатынас кезінде әртүрлі тілдерді қол-
данады. Әдетте тілдердің біреуі функционалдық қызметіне бай-
ланысты адамның күнделікті өмірінде қолдануында басымдық 
танытады, бұл тілді негізгі тіл (үстем тіл) деп атайды. Ал тіл иер-
менінің қоржынындағы басқа тілдер қосымша тілдер мәртебесіне 
ие болады. Бұл тілдерді коммуникант негізгі тілге қарағанда сирек 
және әлеуметтік маңыздылығы аздау жағдайларда пайдаланады. 
Қазақстандық тілдік жағдаятта негізгі тіл ретінде ұлтаралық қа-
рым-қатынасты жүзеге асыру үшін мемлекеттік тіл – қазақ тілі 
және ресми тіл – орыс тілі қолданылады. 
Жеке тұлға тілдік дағдыларды меңгеруіне қарай тілдер екі-
ге, бірі – күнделікті қарым-қатынас арқылы табиғи меңгерген тіл 
(адам өз ана тілін осылайша меңгереді) және арнайы үйренген тіл, 
яғни, адам өзі ниеттеніп мектепте, тіл курстарында немесе жеке 
өзі үйренген тілдерге бөлінеді. Ағылшын тіліне қатысты әлеу-
меттік лингвистиканың бұл саладағы терминологиясына шолу 
жасасақ: меңгеру тәртібі бойынша бірінші тіл first language деп 
аталады, ал одан кейін меңгерілген кез келген басқа тіл – second 
language; коммуникативтік жағынан ең маңызды тіл – primary 
language, ал қолдануы шектеулі тіл – secondary language. Second 
language acquisition (екінші тілді меңгеру) – психолингвистика 
мен әлеуметтік лингвистиканың шекарасындағы жеке лингвисти-
калық пән болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   67




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет