1.1. ТІЛ ҚАУЫМДАСТЫҒЫ. ҚОҒАМНЫҢ ЛИНГВИСТИКАЛЫҚ ҚҰРЫЛЫМЫ Қоғамның дамуы тілдің эволюциясына әсер етеді және де
оның бағытын анықтайды. Яғни, қоғам тілдің дамуына әсер етеді,
бірақ тілдің дамуы қоғамның даму заңдары бойынша емес, өз да-
муының ішкі заңдары бойынша іске асады. Тілдің даму заңдары
қоғамның даму заңдарына сәйкеспейді, [7] лингвистикалық және
әлеуметтік өзгерістер арасында біркелкі байланыс жоқ деп есеп-
теледі. Адам тілді қарым-қатынас құралы ретінде қолданады,
жиі қолданыстағы тілдің өміршеңдігі артады. Тілдің дамуы мен
қоғамның ілгерілеуі негізінен қатарлас келеді.
Диалект түріндегі алғашқы лингвистикалық жүйелер алғашқы
қауымдық қоғамның тайпаларында пайда болған. Алайда тайпа-
аралық байланыстың коммуникативті жүйесі ретінде ортақ тіл әлі
қалыптаспағандықтан, тайпалар бір-біріне жақын диалектілерде
сөйледі. Кейінірек, мемлекет және алғашқы ұлттар қалыптаса
бастағанда, жақын диалектілердің негізінде көбіне мемлекеттің
негізі болып, оны қалыптастырған рудың диалектісіне негізделген
тіл пайда болды.
Кейіннен көптеген этникалық топтар бір ұлт болып бірік-
кендіктен, ұлыстардан ұлттар құралған кезде анағұрлым күрделі
құрылымға ие ұлттық тіл пайда болды. Мысалы, Батыста ұлт
деп белгілі бір мемлекеттің аумағында тұратын азаматтар тобын
айтады. Мысалы, Францияда француздар, басктар, Африка мен
Шығыс Еуропадан келген иммигранттар тұрады. Осы аталмыш
қоғамның лингвистикалық құрылымы өте күрделі болғандықтан,
«тілдік қауымдастық» түсінігін қолданған орынды.
Бір қарағанда, «тілдік қауымдастық» түсінігі түсіндіруді қажет
етпейді, бұл – осы тілде сөйлейтін адамдар қауымдастығы. Алай-
да, шын мәнінде, мұндай түсінік жеткіліксіз. Мысалы, Францияда
тұратын француздар мен француз тілінде сөйлейтін канадалықтар
бір қауымдастық құрмайды. Сіз ағылшындар мен америкалықтар-
ды бір лингвистикалық қауымдастыққа біріктіре алмайсыз және
сол сияқты т.б. Тіл бірдей, бірақ қауымдастықтар әртүрлі.
Екінші жағынан, бір қалада тұратын, бір кәсіпорындарда жұ-
мыс істейтін әртүрлі тілдік бірлестіктер өз ана тілі ретінде әртүрлі
ұлттық тілдерді білетін адамдардан құралады, мысалы, қазақтар,
орыстар, өзбектер, татарлар, украиндар. Екінші типтегі құбылы-
старды – қостілділікті және ортақ әлеуметтік өмірдегі көптілділік-
ті зерттеу барысында «тілдік қауымдастық» түсінігі пайда болды,
оның көмегімен бір тілдің немесе бірнеше тілдердің бір-бірімен
өзара әрекеттесетін әлеуметтік шеңберін анықтауға болады.
Тіл маманы ортақ тілде сөйлейтіндердің бәрін бір тіл
қауымдастығына жатады деу дұрыс емес деп есептейді, мысалы,
антрополог Зденек Зальцман былай дейді: «Бір тілде сөйлейтін
адамдар әрқашан бір тілдік қауымдастыққа мүше бола бермей-
ді. Бір жағынан, Үндістан мен Пәкістандағы оңтүстік азиаттық
ағылшын тілінде сөйлейтіндер АҚШ азаматтарымен ортақ тілді
біледі, бірақ ағылшын тілінің басқа нұсқасын қолданғандықтан
және сөзайтым тұрғысынан ережелері әртүрлі болғандықтан,
олар бөлек тілдік қауымдастықтарға жататыны айқын ... »[8].
Зальцманнан да басқалардың пікірінше, тілдік кауымдастықты
айтылым, грамматика, лексика және сөйлеу мәнері сияқты сипат-
тамаларға негіздеп, нақтырақ анықтау керек [9].