Г.Ә. Омарбекова тіл және жаһандану



Pdf көрінісі
бет5/67
Дата10.04.2023
өлшемі1,32 Mb.
#81089
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   67
Оқу құралы туралы. Бакалавриат бағдарламасына арналған 
«Тіл және жаһандану» атты оқу құралы жаһандану тұсындағы 
әлемдегі саяси, мәдени әлеуметтік өзгерістер аясында тіл мәсе-
лелерін қолданбалы аспектіде қамтып, студенттің осы мәселелер 
төңірегіндегі білімі мен коммуникативтік құзіретін қазақ тілінде 
тереңдетуді мақсат етеді. Құрал студенттің тілдік даярлығының 
жоғары деңгейіне арналған. Оқыту тәжірибесі көрсеткендей
жаһандану мен тілге қатысты мәселелерді академиялық мақсатта 
оқытуда қазақ тіліндегі оқыту материалдарына қажеттілік туында-
ды. Оқу құралында жаһанданған әлемдік тәжірибеде қолданылып 
келе жатқан негізгі терминдер мен ұғымдар: тіл қауымдастығы, 
код араластыру, интерференция, әлемдік тіл, глоколизация, қа-
зақ тіліндегі конвергенция көріністері, мәдени бірегейлік, мәдени 
әралуандық, әлемдік тіл саясаты мәселелері және т.б. тақырып-
тар қамтылды. Осы мақсатта оқу құралында автордың тақырып 
төңірегіндегі ізденістері мен тақырыпқа қатысты дереккөздерден 
аударма еңбектері енгізілді.
«Тіл және жаһандану» атты оқу құралында тіл, оның ішін-
де әлеуметтік тіл білімі, мәдениеттану, саясаттану, әлеуметтану 
ғылымдары аясындағы мәселелер топтастырылған. Жаһандану-


8
9
ТІЛ ЖӘНЕ ЖАҺАНДАНУ
ды шектеп тек бір ғылымның ауқымында қарастыру қазіргі таңда 
мүмкін болмай қалды, себебі жаһанданудың адамзат тіршілі-
гінің бар саласына қатысын тек бір ғана оқу пәнінің ауқымында
қарастыру мүмкін емес. Жаһандық зерттеулер әлеуметтік және 
гуманитарлық ғылымдар арасындағы дәстүрлі шекаралардан 
асып, академиялық зерттеудің жаңа салааралық аспектісі ретінде 
дамытылады. Транспәндік бұл сала студенттердің халықаралық 
деңгейде бір-біріне байланысты тақырыптардағы әдебиеттермен 
танысуын талап етеді. Сондықтан жаһандық зерттеулердің алдын-
да тұрған ең үлкен міндет тез өзгермелі постмодерндік әлемнің 
ауыспалы және өзара тәуелді табиғатын қарастыратын түрлі білім 
салаларын синтездеп қарастыру болып табылады. 
Сыни тұрғыдан ойлауға арналған әдістемені басшылыққа 
алып, студенттің объективті ғылыми ойлау дағдысын қалыптас- 
тыру мақсатында әрбір тақырыптан кейін мәтін соңы тапсыр-
малары қорытындылау сұрақтары түрінде берілген. Жаһандық 
және ұлттық құндылықтар өрісін байланыстыру мақсатында оқу 
құралының қосымша бөлімінде қазақ тілінің мақал-мәтелдерімен 
лингводидактикалық тапсырмалар берілді. Студенттердің анали-
тикалық ой-өрісін тереңдетуге бағытталған мақал-мәтелдердің 
семантикалық тақырыптарына сай арнайы бес тарауға бөлінген
тапсырмалар жүйесі студенттің қазақ тіліндегі жазбаша және
ауызша сөйлеу дағдысын қалыптастыруға арналған сабақта/
сабақтан тыс орындалатын жаттығулардан тұрады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   67




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет