Г.Ә. Сәрсеке, А. Б. Бақраденова, Г. Т. Кәріпжанова Қазақ тілінен жоғары оқу орындары студенттеріне арналған тест жинағЫ



Pdf көрінісі
бет5/11
Дата27.02.2017
өлшемі0,66 Mb.
#5031
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

СӨЗЖАСАМ
І НҰСҚА
1. Сөзжасам саласының зерттеу нысаны.
A) Сөз тiркесi;
B) Сөйлем;
C) Сөз таптары;
D) Сөз құрамы;
E) Туынды сөз.
2. Сөзжасам тілдің қай салаларымен тығыз байланысты?
A) Грамматика;
B) Лексикология, морфология;
C) Фонетика;
D) Фонетика, лексикология;
E) Синтаксис.
3. Туынды сөздi табыңыз.
A) Баршы;
B) Келшi;
C) Айтшы;
D) Ойнақшы;
E) Сеншi.
4. Сөзжасамдық тiзбектi табыңыз.
A) Көкшiл-көгер-көктеу;
B) Ақ-ақта-ақтау-ақтаушы;
C) Жүр-жүргiз-жүргiзбе;
D) Он-он бес-оныншы;
E) Бар-барып-барыпты.
5. Дұрыс сөзжасамдық тізбекті белгілеңіз.
A) Салқын-салқынырақ-салқындау; 
B) Түс-түсім-түсімділік;
C) Шығыс-шығын; 
D) Күтім-күтімді;
E) Дұрыс жауабы жоқ.
6. Біл сөзінің сөзжасамдық тізбегін табыңыз.
A) Біл-білім-білімді-білімділік;
B) Біл-білгіш-білім;
C) Білім-білімді-білімділік; 
D) Біл-білім-білімге;
E) Білім-білгіш-білімпаз.
7. «Сөзжасамдық  ұя  деп  бір  негізгі  түбірден  тараған  ...»  анықтамасын
жалғастырыңыз.

A) Бір мағыналы туынды түбірлерді айтамыз.
B) Біріне бірі негіз болатын туынды түбір сөздер тізбегін айтамыз.
C) Тік  қатардағы  бір  сатыда  бір  негіз  сөзден  өрбіген  туынды  сөздердің
жиынтығын айтамыз.
D) Екі сөзден тұратын қатарды айтамыз.
E) Туынды сөздердің жиынтығын атаймыз.
8. Сөзжасамдық ұяны табыңыз.
A) Ел, елдiң, елмен;
B) Ел, елшi, елшiлiк, елшiсiз, елдестiр;
C) Көр, көру, көрмек, көрген;
D) Сағым, сағымды, сағыммен;
E) Айтпақ, айтпақшы.
9. Дұрыс сөзжасамдық ұяны табыңыз.
A) Жазғы, жаздай, жазғытұрым, жаздыгүні;
B) Көңілді, сәулелі, думанды;
C) Бар, барғыз, барма, бару, барған; 
D) Сәлемдес, амандас;
E) Дұрыс жауабы жоқ.
10. Тіл сөзінің сөзжасамдық ұясын табыңыз.
A) Тілші, тiлдес;
B) Тіл, тілмаш;
C) Тілмаш, тілмаштық, тіл; 
D) Тілші, тілмаш, тілді, тілмар, тілсіз, тілше, тілдес, тілде;
E) Тіл, тілді, тілмен, тілмар, тілге, тілші, тілмен.
11. Сөзжасамдық типтi белгiлеңіз.
A) Ақылдас, ашудас, ауылдас;
B) Қина, жасқа, боса;
C) Тіле, жыла, міне;
D) Барғыш, ергіш, қайтқыш;
E) Озық, тозық, сызық.
12. Аналитикалық тәсiлмен жасалған туынды сөздi табыңыз.
A) Абжылан;
B) Суретшi;
C) Бапкер;
D) Ана;
E) Батырлық.
13. Кiрiгу арқылы жасалған туынды сөздi табыңыз.
A) Көркемөнер;
B) Аға-iнi;
C) Көңiлшек;
D) Сапарлас;

E) Ашудас.
14. Сейсенбі сөзі қай жолмен жасалған?
A) Бірігу;
B) Тіркесу;
C) Кірігу;
D) Кірме сөз;
E) Сөзжасам қосымшасы арқылы.
15. Қаптесер сөзі қай жолмен жасалған?
A) Бірігу;
B) Тіркесу;
C) Қосарлау;
D) Кірігу;
E) Сөзжасам қосымшасы арқылы.
16. Қолғап,  көгорай,  боғауыз  туынды  сөздері  қандай  өзгеріс  нәтижесінде
жасалған?
A) Буын үндестігі негіз болған;
B) Грамматикалық формалардың ығысып түсіп қалуынан;
C) Дыбыс үндестігі негіз болған;
D) Буын ығысу заңы ұйытқы болған;
E) Ешбір өзгеріске түспеген.
17. Бiрiгу арқылы жасалған туынды сөздi табыңыз.
A) Белбуар;
B) Бойжеткен;
C) Көлшiк;
D) Қаптесер;
E) Талдықорған.
18. Тiркестi туынды сөз қатысқан сөйлемдi табыңыз.
A) Елдiң әншi, күйшiлерi жиналған.
B) Ол әйелді халық та жақсы көреді.
C) Абайдың қайтар жолда мiнбегi Аймаңдай атты сұлу, қара ат едi. 
D) Қыстаулық жерiн үнемдеп, алыс күзеуде отыр едi.
E) Жақсының жақсылығын айт.
19. Қосарлы туынды сөздi табыңыз.
A) Аяқ-табақ;
B) Ат-мат;
C) Биiк-биiк;
D) Қап-қара;
E) Сулы.
20. Туынды зат мағыналы сөзді табыңыз.
A) Шөлсiз;
B) Көлдi;

C) Қазандық;
D) Көлшiк;
E) Кiтапша.
21. Синтетикалық тәсiлмен жасалған туынды зат мағыналы сөзді табыңыз.
A) Белбеу;
B) Аяқ-табақ;
B) Алабота;
D) Абысын-ажын;
E) Дүрсiл.
22. Кәсiптi бiлдiретiн туынды зат мағыналы сөзді табыңыз.
A) Аңшы;
B) Мұғалiм;
C) Хандық;
D) Инженер;
E) Заңгер.
23. Абстракт мәндегi туынды зат мағыналы сөзді белгiлеңіз.
A) Арманшыл;
B) Күлкiшiл;
C) Өкпешiл;
D) Көйлектiк;
E) Қайсарлық.
24. Бiрiгу арқылы жасалған туынды зат мағыналы сөзді табыңыз.
A) Аяқ киiм;
B) Жалшы;
C) Зейнетақы;
D) Заңгер;
E) Жалаңқабат.
25. Зат мағыналы сөздердің сөзжасамындағы өнімді тәсіл.
A) Аналитикалық;
B) Семантикалық;
C) Фонетикалық;
D) Синтетикалық;
E) Семантикалық-аналитикалық.
26. Туынды сын мағыналы сөздерді белгiлеңіз.
A) Ақшыл, көктеу;
B) Аппақ, қап-қара;
C) Таулы, кең көйлекті;
D) Биiк, аласа;
E) Биiк-биiк, түзу-түзу.
27. Синтетикалық тәсiлмен жасалған туынды сын мағыналы сөзді белгiлеңіз.
A) Таулы-тасты;

B) Жоғары-төмен;
C) Жап-жақсы;
D) Ауру, қашаған;
E) Таулық, өнерпаз.
28. Лексика-семантикалық  тәсiлмен  жасалған  туынды  сын  мағыналы  сөзді
белгiлеңіз.
A) Көкшiл;
B) Тебеген;
C) Шаруашыл;
D) Еңбекқор;
E) Алыс-жақын.
29. Адъективтенген сөздi табыңыз.
A) Ұр да жық;
B) Салтанатты;
C) Көршiлес;
D) Қызылырақ;
E) Биiктеу.
30. Аналитикалық тәсiлмен жасалған туынды сын мағыналы сөзді табыңыз.
A) Аттас;
B) Таулы-тасты;
C) Қандайлық;
D) Тау-тас;
E) Бiп-биiк.
31. Зат мағыналы негiзден жасалған туынды сын мағыналы сөзді табыңыз.
A) Арбалы;
B) Сұрамшақ;
C) Итермелi;
D) Нешелiк;
E) Ғұмырнама.
32. Қимыл  мағыналы  негiзден  жасалған  туынды  сын  мағыналы  сөзді
табыңыз.
A) Бауырлас;
B) Қаладағы,
C) Серiппелi;
D) Ойнау;
E) Жылауық.
33. Аналитикалық тәсiлмен жасалған туынды сын мағыналы сөзді табыңыз.
A) Сап-сары;
B) Ұзын-ұзын;
C) Ұзын бойлы;
D) Балалар бақшасы;

E) Бүгін-ертең.
34. Сөйлемдегі күрделi сын мағыналы сөздердің жасалу жолын белгiлеңіз.
        Ақ киiмдi, денелi, ақ сақалды ... (Абай).
A) Түбiрге жұрнақ жалғау;
B) Негiзгi сын есiм мен туынды сын есiмнiң тiркесуi;
C) Бiрiгу;
D) Кiрiгу;
E) Күшейткiш буын қосарлау.
35. Күрделi туынды сын сөздерді табыңыз.
A) Ап-анық;
B) Ақ, қара;
C) Қырма;
D) Сулы, отты;
E) Қара көк.
36. Адъективтенген орынбасар сөзді табыңыз.
A) Өзiм;
B) Өзге;
C) Ол;
D) Бiрталай;
E) Әлдекiм.
37. Прономиналданған орынбасар сөз қатысқан сөйлемдi белгiлеңіз.
A) Мен - тауда ойнаған қарт марал.
B) Бұл - аңыраған ана Наталья.
C) Бiреу тауып айтады, бiреу қауып айтады.
D) Астықты әлдеқашан тапсырған.
E) Өзiм дегеннiң өзегi өшедi.
38. Синтетикалық тәсiлмен жасалған туынды орынбасар сөздерді табыңыз.
A) Әлдебiр, әрқашан;
B) Қанша, неше, қандай;
C) Өз-өзiне, өздi-өзi;
D) Бар, тамам;
E) Барлық, әркiм.
39. Аналитикалық  тәсiлмен  жасалған  туынды  орынбасар  сөз  қатысқан
сөйлемдi табыңыз.
A) Бiреудiң кiсiсi өлсе, қаралы ол.
B) Күллi түркi халқының мәдениетiне үлес қосты.
C) Қанша жыл араға салып барып кездестi.
D) - Тарихты жасайтын сендерсiңдер.
E) - Осы сен қай елден едiң.
40. Бiрiгу жолымен жасалған орынбасар сөздерді табыңыз.
A) Әлде, әр;

B) Өзiмше, қандай;
C) Әлдекiм, әрбiр;
D) Өздi-өзiне, кiм-кiм;
E) Бiз, сiз, осы.
41. Лексика-семантикалық  тәсiлмен  жасалған  туынды  орынбасар  сөздерді
белгiлеңіз.
A) Анау, сонау;
B) Сен, олар;
C) Өзiм, бiз;
D) Тамам, әр;
E) Әлдекiм, ешкiм.
42. Жетім сөзінен қимыл мағыналы сөз жасайтын жауапты көрсетіңіз.
A) -ше;
B) -дік;
C) -сіре;
D) -дей;
E) -шілік.
43. Аналитикалық тәсiлмен жасалған туынды үстеулерді табыңыз.
A) Бiрге, басқа; 
B) Екiншiлей, жөнсiз;
C) Қыстай, сонша;
D) Көзбе-көз, үстi-үстiне;
E) Iшкерi, ескiше.
44. Конверсиялық тәсiлмен жасалған туынды үстеудi табыңыз.
A) Ойша;
B) Бiрге, зорға;
C) Былтыр, күндiз;
D) Таңертең, ерте;
E) Жорта, әрең.
45. Ит сөзінен туынды үстеу сөз жасайтын жауапты табыңыз.
A) -шілеп;
B) -тік;
C) -тей;
D) -пен;
E) -ке.
46. Мөлшер мағынасындағы туынды үстеулерді табыңыз.
A) Соншалық, осыншалық;
B) Былтыр, биыл;
C) Ендi, алда;
D) Сәл, жылдам;
E) Жазғытұры, қыста.

47. Кiрiгу арқылы жасалған туынды үстеулерді табыңыз.
A) Ауызекi, таңертең;
B) Оңды-солды, күнi-түнi;
C) Үшеулеп, қыстайын;
D) Әрiде, бекерге;
E) Ендiгәрi, бүрсiгүнi.
48. Ұйымдастырылған сөзінен сөз тудырушы жұрнақты табыңыз.
A) -тыр;
B) -ған;
C) -ыл;
D) -дас;
E) -ым.
49. Сөзжасамдық бірліктерге нелер жатады?
A) Негіз сөз;
B) Түбір сөздер, сөзжасамдық жұрнақтар;
C) Түбір сөздер;
D) Сөзжасамдық жұрнақтар;
E) Дұрыс жауабы жоқ. 
50. Негіз сөз дегеніміз не?
A) Түбір сөз;
B) Туынды сөз;
C) Туынды сөздің лексикалық мағынасына арқау болатын сөз;
D) Туынды түбір жасайтын сөзжасамдық қосымша;
E) Сөзжасамдық жұрнақ. 
51. Егіншілік сөзінің сөзжасамдық негізін табыңыз.
A) Ек;
B) Егінші;
C) Егін;
D) Егіншілік;
E) Барлық жауап дұрыс.
52. Шашбау сөзінің сөзжасамдық негізін табыңыз.
A) Шаш және бау; 
B) Шаш;
C) Бау;
D) Шашбау;
E) Барлық жауап дұрыс.
53. Сөйлемпаз сөзінің негіз сипаты қандай?
A) Қос сөз;
B) Түбір;
C) Кіріккен түбір;
D) Туынды түбір;

E) Біріккен түбір. 
54. Елтаңба сөзінің негіз сипаты қандай?
A) Қос сөз;
B) Біріккен түбір;
C) Негізгі түбір;
D) Туынды түбір;
E) Түбір. 
55. Біл-білім-білімпаз-білімпаздық сөзжасамдық тізбегінде неше негіз сөз бар?
A) 1;
B) 3;
C) 2;
D) 4;
E) Дұрыс жауабы жоқ.
56. Шық-шығын-шығында сөзжасамдық тізбегінде неше негізді сөз бар?
A) 4;
B) 3;
C) 2;
D) 1;
E) Дұрыс жауабы жоқ.
57. Жұрнақ дегеніміз не?
A) Сөзге грамматикалық мағына үстейтін қосымша;
B) Негіз  сөзге  жалғанып,  оның  лексикалық  мағынасын  өзгертетін  не  оны
түрлендіретін қосымша;
C) Негіз  сөзге  жалғанып,  оның  лексикалық  мағынасын  түрлендіретін
қосымша;
D) Сөз бен сөзді байланыстыратын қосымша;
E) Негіз сөзге жалғанып, оның лексикалық мағынасын өзгертетін қосымша.
58. Семантикалық тәсілдің мазмұны неде?
A) Басқа тілден енген сөздерді тікелей сол күйінде алу;
B) Әр  түрлі  семантикалық  процестер  (мағына  дамуы,  функционалды  ұқсату
заңы т.б.) нәтижесінде жаңа сөздердің пайда болуы;
C) Сөздерді  (екі  не  одан  да  көп  сөзді)  біріктіру  арқылы  бір  ұғымды  жаңа
мағыналы күрделі сөз тудыру;
D) Сөзге сөз тудырушы жұрнақтың қосылуы арқылы жаңа сөз тудыру;
E) Сөздерді  (екі  не  одан  да  көп  сөзді)  тіркестіру  арқылы  бір  ұғымды  жаңа
мағыналы күрделі сөз тудыру.
59. Қай тәсіл әрі конверсиялық тәсіл деп те аталады?
A) Синтетикалық;
B) Аналитикалық;
C) Лексика-семантикалық;
D) Семантикалық-синтетикалық;

E) Синтетикалық-аналитикалық.
60. Құрал-сайман атауларын жасайтын жұрнақты белгілеңіз.
A) -ма, -ме, ғы, -гі;
B) -стан, -қор;
C) -гіш, -й;
D) -сын, -ыс;
E) -қай, -ша.
61. Жаңа туынды сөздi белгiлеңіз.
A) Космос;
B) Әуе;
C) Дерек;
D) Салымшы;
E) Суретшi.
62. Бiрiгу арқылы жасалған жаңа туынды сөздi белгiлеңіз.
A) Қарақшы;
B) Қолғап;
C) Төлемақы;
D) Бала-шаға;
E) Аяқ киiм.
63. Кiрме жұрнақ арқылы жасалған жаңа туынды сөздi белгiлеңіз.
A) Тұжырымдама;
B) Өнерпаз;
C) Арбакеш;
D) Асхана;
E) Кiрешi.
64. Шалап,  мұрап,  абжылан  туынды  сөздеріндегі  аб сыңары  қандай  мағына
білдіреді?
A) Қол;
B) Өзен;
C) Су;
D) Бас;
E) Сұр.
65. Сөйлемдегi туынды сөздiң сөзжасамдық мағынасын белгiлеңіз.
        Ұстарасыз аузыңа түстi мүртың (Абай).
A) Қимылға ортақтық;
B) Адамның түрлi мiнез-құлқы;
C) Қимылдың объектiсi;
D) Бiр iске бейiмдiлiк;
E) Абстракт ұғым.
66. Біріккен және кіріккен сөздердің шығу тегі.
A) О  баста  әдеттегі  сөз  тіркесінен,  бір-бірімен  синтаксистік  амалдар  арқылы

салаласа
 (бір
 бірімен
 тең
 дәрежеде)
 байланысқан
 тіркестерден
қалыптасқан;
B) Сөздердің құрылымдық өзгеріске түсуінің нәтижесінде қалыптасқан;
C) Сөздердің семантикалық өзгеріске түсуінің нәтижесінде қалыптасқан;
D) Сөздердің ықшамдалуы нәтижесінде қалыптасқан;
E) О  баста  әдеттегі  сөз  тіркесінен,  бір-бірімен  синтаксистік  амалдар  арқылы
сабақтаса (бірі екіншісіне бағына) байланысқан тіркестерден қалыптасқан.
67. Сөзжасамдық тарам дегеніміз не?
A) Негіз  сөз  бен  сөзжасамдық  жұрнақтан  тұратын  сөзжасамдық  ұядағы
туынды түбірлердің жасалу ретін білдіретін тілдік бірлік;
B) Түп негіз сөзден жасалған туынды түбір сөздер тізбегі;
C) Тік  қатардағы  бір  сатыда  бір  негіз  сөзден  өрбіген  туынды  сөздердің
жиынтығы;
D) Екі сөзден тұратын қатар;
E) Туынды сөздердің жиынтығы.
68. Мұражай, саяжай,  жағажай,  мекенжай  туынды  сөздеріндегі  жай  сөзі
қалай аталады?
A) Ауыспалы сыңар;
B) Көмекші сыңар;
C) Толымсыз сыңар;
D) Тірек сыңар;
E) Тұрақты сыңар.
69. Ұқсатудан туған күрделі аталымдарды табыңыз.
A) Отбасы, қолбасшы;
B) Қызылқурай, қарақат;
C) Итарқа, жантәсілім;
D) Итмұрын, түйежапырақ;
E) Киікоты, балқурай.
70. Бір белгісі түс атауы негізінде туған күрделі аталымдарды көрсетіңіз.
A) Бозторғай, қарлығаш;
B) Тауқұдірет, шарайна;
C) Күркетауық, былтыр;
D) Құлаққағыс, шаңқобыз;
E) Бозбала, таутеке.
71. Бір  белгісі  мекен,  орын  атаулары  негізінде  туған  күрделі  аталымдарды
көрсетіңіз.
A) Көлбақа, тауқұдірет;
B) Айғұлақ, ақбөкен;
C) Асқазан, көкқұтан;
D) Алагөз, алаөкпе;
E) Қолкесер, таутеке.

72. Жаужапырақ,  жаубүйрек  туынды  сөздеріндегі  жау  сөзі  қандай  мағына
білдіреді?
A) Күн;
B) Кіші;
C) Үлкен;
D) Сары;
E) Май.
73. Бiр  iстi,  қозғалысты  жақтаушы  мәнiн  беретiн  туынды  зат  мағыналы
сөздердің жұрнақтарын табыңыз.
A) -ым, -iм, -хана;
B) -стан, -қор;
C) -шы, -шi;
D) -кер, -гер, -паз;
E) -қай, -ша.
74. Табиғат құбылыстары атауларын тудыратын жұрнақтарды көрсетіңіз.
A) -мал, -ма;
B) -ақ, -ық;
C) -маш, -мық;
D) -н, -сын;
E) -ма, -нды.
75. Екi  түрлi  мәнде  жұмсалатын  туынды  зат  мағыналы  сөздердің  жұрнағын
табыңыз.
A) -кер, -гер;
B) -хана, -стан;
C) -лық, -лiк;
D) -кеш, -нама;
E) -ым, -iм.
76. Субстантивтенген сөздi табыңыз.
A) Алыпсатар;
B) Ақын;
C) Әншi;
D) Тарихнама;
E) Саяжай.
77. Сын сөзден субстантивтенген сөзді белгілеңіз.
A) Қашаған;
B) Науқас;
C) Ағарған;
D) Жатыпішер;
E) Атқамінерлер.
78. Ағайын  күрделі  сөзін  аға  йугун  сөздерінің  сабақтаса  байланысуынан
шықты деген кімнің пікірі?

A) Н.Оралбай;
B) С.Исаев;
C) А.Ысқақов;
D) Қ.Жұбанов;
E) А.Ибатов.
79. Белбеу сөзі тілдің қай заңдылығымен кіріге жасалған?
A) Дыбыс үндестігі;
B) Сөздердің қысқаруы;
C) Сөздердің ықшамдалуы;
D) Буын үндестігі;
E) Буын жылысу.
80. Бір сыңары көне түркі сөзі болып келетін күрделі туынды сөзді табыңыз.
A) Қарақат;
B) Мұрап;
C) Бүгін;
D) Шонжар;
E) Алжапқыш.
81. Жалаң адъектив сөздi табыңыз.
A) Қызу;
B) Сусыз;
C) Көргiш;
D) Ойнамалы;
E) Ұшқалақ.
82. Күрделi адъективтердi табыңыз.
A) Таулық;
B) Сирек;
C) Жаттанды;
D) Әпербақан;
E) Торы ала.
83. Күрделi тiркестi сын сөздердің жасалу жолы нешеу?
A) 2;
B) 3;
C) 6;
D) 4;
E) 5.
84. Күрделi сын есiмнiң жасалу жолын белгiлеңіз.
        Жылы жүздi жандарды құшақтағым келедi.
A) Сапалық сын есiм мен қатыстық сын есiмнiң тiркесуi;
B) Туынды түбiрге жұрнақ жалғау;
C) 3-жақ тәуелдiк жалғаулы сөз бен сын есiмнiң тiркесуi;
D) Сапалық сын есiмдердiң тiркесуi;

E) Қосарлануы арқылы.
85. Сан сөздердің сөзжасамындағы өнімді тәсіл.
A) Синтетикалық;
B) Семантикалық;
C) Лексикалық;
D) Аналитикалық;
E) Фонетикалық.
86. Сан сөздердің сөзжасамының басты ерекшелігі.
A) Басқа сөз топтарынан жасалуы;
B) Басқа сөз топтарынан жасалмауы;
C) Тек кірігу жолымен жасалуы;
D) Тек сөзжасам жұрнақтары арқылы жасалуы;
E) Тек тіркесу жолымен жасалуы.
87. Сан сөздердің жасалуындағы көне қосымшалар.
A) -шы/-ші, -ау/-еу;
B) -даған/-таған, -дей/-дей;
C) -ты/-ті, -ыз/-із;
D) -ыншы/-інші;
E) -ау, -ншы.
88. Сөйлемдегі сан сөздің түрленуін белгілеңіз.
        Бірің тапсырғанда, екіншің терезе алдында тұрыңдар (С.Мүқанов).
A) Адъективтену;
B) Субстантивтену;
C) Нумералдану;
D) Адвербиалдану;
E) Вербалдану.
89. Сөйлемде сан есімнің қай түрі заттанып қолданылған?
        Үшеуі оңаша отыр (Ғ.Мұстафин).
A) Топтық;
B) Есептік;
C) Реттік;
D) Жинақтық;
E) Болжалдық.
90. Шығыс  септік  тұлғасы  санның  қай  мағыналық  түрін  жасағанда  жалғау
қызметін атқармайды?
A) Топтық;
B) Есептік;
C) Реттік;
D) Бөлшектік;
E) Болжалдық.
91. Сөйлемдегі сан сөздің жасалу жолын белгілеңіз.

        Құдасының аулына Ұлжан отыз шақты кісімен келген (М.Әуезов).
A) Сөзжасамдық жұрнақтың жалғануы арқылы;
B) Екі санның қосарлануы арқылы;
C) Сан сөзге көмекшi сөздің тіркесуі арқылы;
D) Екі сан өздің тіркесуі арқылы;
E) Сан сөздің түбір тұлғасы арқылы.
92. Сөйлемдегi туынды қимыл мағыналы сөздердің жасалу жолын табыңыз.
        - Тараңдар! Басылыңдар! - деп айқай салды.
A) Синтетикалық тәсiл;
B) Бiрiгу;
C) Есiм сөз бен етiстiктiң тiркесуi;
D) Қосарлану;
E) Елiктеу сөз бен етiстiктiң тiркесуi.
93. Эмоциялы-экспрессивтi мәндi  туынды  туынды  қимыл  мағыналы  сөздерді
табыңыз.
A) Молай, көбей;
B) Ата, өрте;
C) Толық, қызық;
D) Мақтансы, ақынсын;
E) Тықыршы, шоршы.
94. «Мақтану,  менменсiну»  мәндi  туынды  қимыл  мағыналы  сөздерді
табыңыз.
A) Өрте, сына;
B) Әңгiмелес;
C) Ақынсын, кiсiмсiн;
D) Ағала, атала;
E) Қулан, ұялшақтан.
95. Септік  жалғауының  көнеруі  арқылы  жасалған  үстеу  сөз  қатысқан
сөйлемді белгілеңіз.
A) Сансыз көкек сұңқылдап, көктем келді ертелеп (Қ.Аманжолов).
B) Былайша балықшыға қолқа салды (Ө.Тұрманжанов).
C) Колхоз ауылын ертеден басқарып отырған (С.Жүнісов).
D) Дарқанбай жаздай суда жүреді (І.Жансүгіров).
E) Сырдың бойын күндіз көру ғанибет (С.Мәуленов).
96. Үстеу сөзжасамындағы өнімді тәсіл.
A) Аналитикалық;
B) Синтетикалық;
C) Семантикалық;
D) Лексикалық;
E) Аралас тәсіл.
97. Сөзжасамның өнімділік-өнімсіздік сипаты дегеніміз не?

A) Сөзжасамның синтетикалық тәсілі;
B) Сөзжасам үлгісінің  жаңа  сөз  жасау  мүмкіндігін,  потенциалын  айқындайды
да, олардың сапалық сипаты болып саналады; 
C) Тілде белгілі сөзжасам үлгісі бойынша немесе оның бір түрі арқылы  қанша
сөз  жасалғанын  айқындайды  да,  олардың  сандық  сипаты  болып
саналады;
D) Сөзжасам  тәсілдері  мен  үлгілері  арқылы  жасалған  жаңа  туындылардың
сөйлеу процесінде қолданылу жиілігі;
E) Сөзжасам мен морфологияның сандық-сапалық байланысы.
98. Қай  ғалымның  пікірі:  «Сөзжасам  тәсілі  арқылы  жасалған  жаңа
туындының,  жалпы  сөздің  де  сөз  табына  қатысы  сөзжасам  процесінен
кейін,  яғни  жаңа  туындының  (сөздің)  лексикалық  мағынасының
жалпылануы арқылы пайда болатын жалпы грамматикалық  мағынасы  мен
сол  туындының  морфологиялық  және  синтаксистік  сипаттары  (ал  бұлар
сөзжасам  процесімен  бірге  жүрмейді,  одан  кейін  болып  отырады)
негізінде  айқындалып,  қалыптасады.  Сөйтіп,  сөзжасам  тәсілдері  арқылы
жасалған  жаңа  туындының  грамматикалық  сипаттары  арқылы  бір  сөз
табына  қатысы  я  соған  жатуы  екінші  дәрежедегі  құбылыс,  ал  бірінші
дәрежедегі  тілдік  құбылыс  белгілі  тәсілдер  арқылы  жаңа  лексикалық
мағыналы сөздің тууы»?
A) Е.Жанпейісов;
B) Ы.Маманов;
C) Н.Оралбай;
D) С.Нұрханов;
E) С.Исаев.
99. Түркі синкретизмі тілдік құбылысы дегеніміз не?
A) Әрі есім, әрі етістік ретінде жұмсалған көне тарихи сөздер;
B) Есім сөздер;
C) Синоним сөздер;
D) Мағыналары қарама-қарсы сөздер;
E) Түркі тіліндегі ортақ дыбыстар.
100. Қай сөзде төмендегідей сөзжасамдық мағыналар бар: 1) сан  разрядының
атауы; 2) әскери құрама; 3) кәсіби лексика (жүз көпене шөп)?
A) Апталық;
B) Ондық;
C) Елулік;
D) Біріншілік;
E) Жүздік.
101. Адамның  түрлi  психикалық  жай-күйiне  қатысты  туынды  қимыл
мағыналы сөздерді жасайтын жұрнақтарды табыңыз.
A) -лан, -лен;
B) -ла, -ле;
C) -ыра, -іре;

D) -ай, -ей;
E) -лат, -лет.
102. Үй жабдықтарына қатысты туынды сөздерді табыңыз.
A) Алтыбақан, түскиіз, текемет;
B) Адалбақан, жүкаяқ, асадал;
C) Баспахана, шайхана, жатақхана;
D) Кемпірауыз, сүргі, балға;
E) Қарақат, киікоты, меңдуана.
103. Қимыл мағыналы сөздерді тудырушы өнiмсiз жұрнақтарды табыңыз.
A) -ал, -ел, -ыл, -л;
B) -лат, -лет, -дат;
C) -ғыз, -гiз, -ыс;
D) -ла, -ле, -шы, -шi;
E) -сы , -сi, -ық, -iк.
104. Қай  ғалымның  пікірі:  «Ал  кітап-ша,  бөлім-ше,  сарай-ша,  сандық-ша
немесе  сұр-ша,  ұзын-ша,  толық-ша,  ақ-ша  (қар)  т.б.  сөздердегі-ша
қосымшасын  жаңа  сөз  тудырып  тұр  деу  қиындау,  өйткені  бұл  жерде  -ша
қосымшасы  өзі  жалғанған  түбірдің  лексикалық  мағынасын  бүтіндей
өзгертіп  жіберген  жоқ,  қосымшалы  сөз  бүтіндей  жаңа  мағыналы  туынды
емес,  бұрынғы  түбір  білдіретін  мағынаны  бүтіндей  өзгертіп  жібермеген,
тек оған қосымша реңдік мән үстеген ...»?
A) А.Салқынбай;
B) С.Нұрқанов;
C) Б.Қасым;
D) С.Исаев;
E) Н.Оралбай.
105. Мысалдағы асты сызылған туынды сөздің жасалу тәсілін белгілеңіз.
                        Мен - ойыншы көбелек,
                        Көрінген гүлді құшамын (М.Жұмабаев).
A) Аналитикалық;
B) Лексика-семантикалық;
C) Синтетикалық;
D) Синтетикалық-аналитикалық;
E) Семантикалық-аналитикалық.
106. Сөйлемдегі синтетикалық тәсілмен жасалған туынды сөздерді табыңыз.
               Сақып  самаурынға  су  құйып,  ұсақталған  ағашты  ойға  қалап,
жандырды (Б.Майлин).
A) Сақып;
B) Ағашты;
C) Құйып;
D) Самаурынға;
E) Ұсақталған.

107. Қай  автордың  пікірі:  «Ал  қайталау  арқылы  жасалған  туындылар  да
семантикалық  жағынан  біркелкі  емес.  Түбір  тұлғада  қайталанған  сөздер
де  сөзжасам  мен  тұлғажасам  арасындағы  құбылыс,  ал  күшейтпелі  қос
сөздер  (жап-жасыл,  теп-тегіс  т.б.  күшейтпелі  сапалық  сын  есімдер),
екінші  сыңары  м,  с,  п  дыбыстарынан  басталып  қайталанған  қос  сөздер
сөзжасам  емес,  тұлғажасам  көрсеткіші  болып  табылады.  Ал  бір  сыңары
қосымшалы,  кейде  екі  сыңары  да  қосымшалы  қос  сөздердің  табиғаты
бөлектеу,  олар  тұлғажасамнан  гөрі  сөзжасамға  жақын,  өйткені  олардың
грамматикалық сипаты өзгеріп кеткендігін көреміз»?
A) С.Исаев;
B) Ы.Маманов;
C) Н.Оралбай;
D) С.Нұрханов;
E) Е.Жанпейісов.   
108. «Қазіргі
 қазақ
 тілінің
 сөзжасам
 жүйесі»
 (Алматы,
 1989)
монографиясының авторлары.
A) С.Исаев, Ж.Исаева, Л.Жаналина;
B) Ы.Маманов, С.Исаев, Е.Жанпейісов;
C) Н.Оралбаева, С.Нұрқатов, Қ.Есенов;
D) М.Балақаев, А.Қалыбаева, Қ.Есенов, Н.Оралбаева, С.Нұрқатов;
E) М.Балақаев, А.Қалыбаева, Қ.Есенов, Н.Оралбаева, Е.Жан-
пейісов, С.Нұрқатов.
109. Құранды қимыл сөздерді жасаудағы белсенді қимыл сөз.
A) Ет;
B) Бар;
C) Сөйле;
D) Де;
E) Жүр.
110. Сыңарлардың бір-біріне қосылу және көбейтілу заңдылық-
тары арқылы жасалатын сөздер.
A) Сын сөздер;
B) Сан сөздер;
C) Қимыл сөздер;
D) Орынбасар сөздер;
E) Зат сөздер.
111. Ондықтардың  тірек  сыңар  болуы  арқылы  тілде  барлығы  қанша  күрделі
сан жасалады?
A) 90;
B) 82;
C) 111;
D) 81;
E) 61.

112. Қай  ғалымның  пікірі:  «Сөздерді  қысқартып  алу  соңғы  кезде  сөзжасам
тәсіліне  қате  қосылып  жүр.  Сөздерді  қысқартып  алуда  сөзжасамдық
сипат  жоқ.  Бұл  (сөзді  қысқартып  қолдану)  тілімізге  кейін  келген,  орыс
тілінің  әсерінен  болған  құбылыс  екенің  былай  қойғанда,  күрделі  атаулар
мен  оның  қысқарған  түрі  арасында  ешбір  семантикалық  айырмашылық
жоқ.  Қазақтың  мемлекеттік  университетін  ҚазМУ  деу,  Тәуелсіз
Мемлекеттер  достастығын  ТМД  деу  т.б.  күрделі  атаудың  мағынасына
ешбір  өзгеріс  енгізбейді,  әрқайсысы  бөлек-бөлек  мағына  бермейді,  тек
көп сөзді ұзақ атауды қысқа айту ғана»?
A) Н.Оралбай; 
B) С.Нұрқатов;
C) Б.Қасым;
D) С.Исаев;
E) Қ.Есенов.
113. Сөз  жаңа  мағына  алса  да,  сөз  табын  өзгертпей,  өз  сөз  табының
құрамында қалуы қай сөзжасамдық тәсілге тән?
A) Аналитикалық;
B) Синтетикалық;
C) Лексика-семантикалық;
D) Аралас;
E) Фонетикалық.
114. Қай  тілдік  процеске  тән:  «Біріншіден,  өзіне  ғана  тән  белгілері,  өзіндік
ерекшеліктері  болады.  Екіншіден,  оның  жасалу  жолдары  (тәсілдері)
болады. Үшіншіден, жасалу жолдары, тәсілдері арқылы қалыптасқан тілдік
үлгілері  болады.  Төртіншіден,  солардың  жиынтығы  сөзжасам  жүйесін
құрайды»?
A) Сөзөзгерім процесі;
B) Сөзтүрленім процесі;
C) Сөз тудыру процесі;
D) Грамматикалану процесі;
E) Лексикалану процесі.
115. Конверсиялық  тәсілмен  жасалған  туынды  сөз  қатысқан  сөйлемді
табыңыз.
A) Бірақ бүгін Жәдігер кездеспеді (М.Мағауин).
B) Кеше ашуланып маған да келіп айтып еді (М.Әуезов).
C) Ақсақалдар күні бойы үй иесімен әнгімелесіп отырды (М.Әуезов).
D) Қаршадайынан батырлар жырын жаттап  өскен  балалар  бұл  повесті  жаттап
алды (Ә.Нұршайықов).
E) Мамыр  бүгін  қыздарша  киінді  деп,  Қалқаманға  бір  күні  хабар  жетті
(Ш.Құдайбердіұлы).
116. Ассимиляция,  диссимиляция,  үндесу,  сіңісу,  ықшамдалу,  агармония,
дауыс  екпіні,  идиомалану,  лексикалану  т.б.  заңдылықтар  қай  тілдік

процесте орын алады? 
A) Күрделену процесі;
B) Ықшамдалу процесі;
C) Сіңісу процесі;
D) Делексикалану процесі;
E) Грамматикалану процесі.
117. Дөң  -  дөңгеле  -  дөңгелек  -  дөңгелекте  сөзжасамдық  тізбегінде  неше
сөзжасамдық жұп бар?
A) 2;
B) 3;
C) 1;
D) 4;
E) Дұрыс жауабы жоқ.
118. Шайшыл мен шайқор сөздеріндегі жұрнақтар мағынасы жағынан  қандай
жұрнақтар?
A) Омоним;
B) Антоним;
C) Полисемиялы;
D) Синоним;
E) Өлі жұрнақ.
119. Сан сөзден заттанған туынды сөз қатысқан сөйлемді табыңыз.
A) Бірден жауап берді.
B) Біреу есік қақты.
C) Бір адам келіп кетті.
D) Боран бір жетіге созылды.
E) Өмірлерін бірге өткізген.
120. Сөйлемдегі -шы жұрнақты сөздердің қайсысы туынды сөзге жатпайды?
               Ол  қойшы,  жылқышы,  түйеші,  күзетші,  сауыншы,  мал  суарушы
сияқтылар болса, олардың еңбегі аса көп дер едім (М.Әуезов).
A) Жылқышы;
B) Түйеші;
C) Күзетші;
D) Сауыншы;
E) Мал суарушы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет