Гендерлік зерттеудің антологиясы мен методологиясы



бет13/14
Дата08.12.2022
өлшемі0,89 Mb.
#56025
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
Байланысты:
Гендер 20.12 Лекция(1)каз

15. Дәріс

Қазіргі қазақ мәдениетінде әйелдің рәміздік бейнесіндегі дәстүршілдік пен модерндіктің арақатынасында мәдени мұра мен қазіргі заманның арақатынасы нақтылы көрініс тауып отыр. Қазіргі әлемде мәдениеттің жаһандануы және ұлттық ренессанс қатар жүріп келе жатыр. XXI ғасырдың мәдениетінде бір жағынан бүкіл планетаның ортақ әлемдік мәдениеті қалыптасуда, екінші жағынан - әрбір халықтың мәдени өзгешелігіне және оның дамуына қызығушылық күшеюде.


Жаһандану бүгінгі заманда әлемнің көптеген елдері үшін референттік көрсеткіш болғандықтан көп жағдайда ол құндылықты бағдарланулардың ерекше жүйесіне айналды. Бұл жүйенің негізінде басым жағдайда батыстық елдердің аксиологиялық жүйелері жатыр. Мысалы саяси жүйеде-демократия, азаматтық қоғам, горизонтальды байланыс; нарықтық шаруашылық жүйелері - жеке меншік институттары, бәсекелестік, еңбекке жалдану мен табыс; мәдени жүйесінің мәні - индивидуализм, прагматизм болып табылады.
Бұл құбылыстың әртүрлі аспектілерін зерттей келе, Кембриджде 2000 жылы шыққан өзінің «Жаһандану дегеніміз не?» деген кітабында Ульрих Бек, «Жаһандану - соңғы жылдары барынша кең тараған, көп ретте шындықтан алшақ болса да, пікірталастарда негізгі сөз ретінде қолданылатын сөзге айналды және алдағы жылдары да солай бола бермек. Алайда, дәл осы сөздің мағынасы барынша аз анықталған, сондықтан көп жағдайда орынсыз қолданылатыны да рас, соған қарамастан саяси тиімді ұғым болып табылады» [150, 30-45 бб.]. У. Бектің ойынша, жаһанданудың бірқатар өлшемдерін ажырата білу қажет. Бұл орайда олардың кез келген тізбесіне коммуникациялық-ақпараттық технологияларды, экологияны, экономиканы, іс-қимылды ұйымдастыруды, мәдениет пен азаматтық қоғамды енгізу ләйім дей келе автор “Жаһандану дегеніміз - экономиканың, ақпараттың, экологияның, технологиялардың, мәдениаралық жанжалдардың және азаматтық қоғамның әртұрлі өлшемдегі күнделікті іс-әрекеті үшін шекаралардың маңызы күн асқан сайын азаюы және ақша, технологиялар, тауарлар, ақпарат және уландырғыш заттар шекаралар жоқтай емін-еркін өтуі” деп санайды [67, 60 б.].
Жаһанданудың құрамдас бөлігі – мәдени жаһандану. Ол технологиялық революция және экономикалық жаһанданудан туындайды, олармен бірге мәдени тауарлардың қозғалысына ықпал етеді. Мұнда униформатизация (немесе, жиі айтылғандай, «батыстандыру», «америкаландыру») мен әртүрлілілік арасында негізгі тандау тұр, оның нәтижесі жергілікті салттар және тілдердің қайта өркендеуінен көрінетін біркелкілікке қарсы реакция болып табылады.
Мәдениеттанушы ғалымдар қазіргі мәдениеттің бұқаралануын байқайды және оны адамдардың тілектерін орындайтын мәдениетке айналуын ескертеді. Қазіргі ғалымдар бұқаралық мәдениеттің мына сипаттамаларын атап көрсеткен:
- гомогендік аудиторияға бағытталуы;
- эмоционалдық, иррационалдық, ұжымдық санасыздыққа сүйенуі;
- эскейпизм;
- бәрінің қолы жетуге оңай болуы;
- тез ұмытулуы;
- дәстүршілдігі және консерватизмі;
- орташа тіл семиотикалық нормаларды қолдануы;
- қызықтылығы [ 151, 41 б.].
Бұқаралық мәдениеттің пайда болуы және дамуы әйелдің мәдениетте алатын дәстүрлі орны мен рәміздік бейнесін түп нұсқасынан өзгертті. Бұқаралық мәдениет дүниесінде әйел тек қана материалдық субъект ретінде көрінеді. Бұл туралы XX ғ. 80-ші жж. екінші жартысында батыс әнші Мадонна орындаған көпшілікке танымал «I am material girl» деген хитінде айтылған. Бұқаралық мәдениетте материалдық ляззаттың иерархисында неғұрлым жоғары деңгейде секс, сексуалды рахат тұрады. Осы себептен секс, сексуалдылық бұқаралық мәдениеттің басты құндылықтарының бірі деп саналады. Сексуалды құмарлық пен ляззаттың объектісі ретінде әйел танылады. Олай болса, бұқаралық мәдениет тұсында әйел бүкіл индустрияның – әйелге бағытталған индустриянық объектісіне айналды. Киім, ішкі киім, шұлық, косметика. Аяқ киім, аксессуарлар, зергерлік бұйымдар, макияж бен стилисттің өнері, мода – бұларлың бәрі әйелдің сымбаттылығын жетілдіру үшін өндірілетін тауарлардың индустриясы. Өндіріске ер адаммен тең қатысып жүріп, әйел бұқаралық мәдениет тұсында ляззат өндіру индустриясының орталығында орын алып отыр. Бұл қоғамдық өмірдің барлық салаларына әйелдің ықпалын күшейтуге дем береді.
Бұқаралық мәдениеттің іргелі белгілерінің бірі – ювелинизация. Жастық шақтың, әсіресе жас дененің (жас рухтың емес ) құндылығы абсолютті деп саналады. XX ғ. олимпиялық қозғалыстың қайта өрлеуі, спорттың жаһанды шоу-бизнеске айналуы кездейсоқты емес. .
Бұқаралық мәдениетте дененің сұлулығы әйелдің басты қасиетіне айналып келе жатыр. Дене сұлулығы гипертрофияланып, әйел тұлғасының психологиялық, рухани мазмұнын шетке ығыстыруға ұмтылды. Красота стремится стать её содержанием, гипертрофированность телесной формы стремится вытеснить духовное, в какой-то мере и психологическое содержание личности женщины.
Жастық шақ эстетикалық басымдылыққа, карьераның шартына айналды, Имиджді қалыптастыру индустриясы ювенилизацияға бағытталған: культуризм, аэробика, спорттық туризм, әйелдің келбетін жақсарту үшін, жынысты өзгерту үшін медициналық қызмет көрсету мен фармацевтикалық құралдар және т.б. Бұлардың бәрі, біріншіден, имидж модасына, гендерлік сұранысқа сәйкестенген. Екіншіден, бұқаралық мәдениеттерде келесі ұрпақтың өміріне қажетті білім қолдаушылар ретіндегі кәриялар институты қызмет етпейді, өйткені негізгі оқытушы арна ретінде масс-медиа немесе субъекттің әлеуметтік тобы қызмет атқарады. Әйел бейнесінің қасында оның кәрі бейнесінен түгел, баланың да бейнесі жоқ [ 152].
Белгілі уақыттарда күшейе түсетін дәстүр мен мұраға қайта бет бұру, оны зерттеуге ұмтылу тарихтағы өтпелі кезеңдерде ерекше мәнге ие болатын қоғамдағы үлкен қызығушылықтан туады. Мұндай жағдайда қоғамның рухани өмірінде «қайта өрлеу», «жаңғырту», «реставрация», «ревайвал» сияқты мәдени элементтер орын алады. Дәстүрлі құндылықтар жүйесі дағдарысқа ұшыраған тұста дәстүрлерді заман талабымен үйлестіру мәселесі туындайды. Бұл жағдайда қоғамда «дәстүршілдік», «жаңашылдық», «архаистік», «консерваторлық», «батысшылдық» және т.б әр алуан үрдістер орын алады.
Екі ғасырға жуық уақытты қамтыған отаршылдық пен жетпіс жылға тарта уақытқа созылған тоталитаризм қазақ халқының бірегей этномәдениетіне орасан зор нұқсан келтірді. Патшалық Ресей дәуірінде астыртын отарлап орыстандыру саясаты жүрсе, тоталитаризм тұсында «біртұтас кеңес халқын» қалыптастыру жолында мәңгүрттендіру саясаты іске асты. Дәстүр мен мәдениет «ескіліктің сарқыншағы» деп жарияланды. Ұлттық тіл ығыстырылып, ұлттық тарих тұмшаланды. Қазақ халқы ұлт ретінде жойылудың аз-ақ алдында қалды.
Кеңес өкiметi әртүрлi желеулермен, жасанды, желөкпе ұрандармен әйел теңдiгiн ту етiп көтерiп әйелдердi отбасы өмiрiнен алыстатты. Оларды қоғамдық iстерге аяусыз жектi. Әйел екi жақты қысымға түстi: оларды табиғи аналық мiндетiнен ешкiм де босатқан жоқ, әрi қоғамдық жұмысқа араласуға тиiс болды. Кеңес өкiметi кезiнде әйелдiң мойнына асқар таудай ауыр жүк артылды: ол әрi бала табуға, әрi мал табуға мәжбүр болды. Сөйтiп әйелге қиянат жасалып, Жаратушы белгiлеп берген әдiлеттiлiк принципi өрескел бұзылды. Кеңес идеологтары бiрақ бұны өз тiлдерiнде «әйел теңдiгi» деп атады.
Қазан төңкерісінен кейін Мәскеу ұлттың түбіріне балта шабу үшін саналы түрде саясат жүргізіп, «әйел теңдігі» дегенді жалаулатып, «кеңестік әйел» бейнесін жасауға құлшына кірісті. Сол кезде белсенді «Раушан-коммунистер» пайда болды. Белсенді әйел отбасына көп көңіл бөлмеді. Ол отбасын тастап, қоғамдағы барлық іске атсалысуға білек сыбанып, жанталаса кірісті, табиғатына үйлеспейтін істерге араласты. Қоғамда белсенділігі артып, жұмыс істеген әйел баласының аузынан сүттің дәмі кеппей жатып оны балабақшаға тапсырды. Ал қаптаған балабақшалар баланы ұлттық құндылықтардан жерітетін, «кеңес адамын» қалыптастыратын алғашқы мекенге айналды. Балабақшада баланың қандай тәлім-тәрбие көріп жатқанынан біз әлі де бейхабармыз. Баланың бойына кімнің дәстүрі, кімнің құндылығы сіңіріледі? Бала қандай тілде сөйлейді? Ертегі естімеген, батырлар жырын тыңдамаған, өзге тілде шүлдірлеп тілі шыққан бала қалай қалыптаспақ? Бұған мән беріп жатпаймыз. Осыдан соң бала ер жете келе «Ұрпақ неге азып барады?», «Балам неге айтқанды тыңдамайды?», «Өскелең жас ұрпақ неге ұлттық дәстүрлерден жұрдай?» деп, жастарды орынсыз кінәлауға бейім тұрамыз. Шындап келгенде, мұның түп-төркінінде заманның сұрқай саясаты мен біздің ата дәстүрінен қол үзіп, әже тәрбиесін, ана өнегесін ақсатып алғанымыз жатқан сияқты.
ХХ ғасырдың 60-80 жылдары әйел мен ерлерді теңестірудің бір жолы ретінде әйелдерді трактордың руліне отырғызып, ерлерден қалыспаған қайратты әйелдер дәріптелді. «Темір тұлпарды ұршықша үйірген» әйелдер көкке көтеріліп, дәрежесі өсті, атақ алып, депутат болып сайланды, саяси билікке қол жеткізді. Темірге жақындатып, әйелдің нәзік болмысын қатқылдатуды мақсат тұтқан солақай саясат көздегеніне жетпеді деуге болады. Кәмшат Дөненбаева сынды асыл апаларымыз қазақ әйеліне ежелден тән отбасы берекесі, балаларының амандығы, отағасын сыйлау, туған туыстарына қамқорлық, жанашырлық сияқты қасиеттерді барлық уақытта алғашқы орынға қойып, қазақ әйелінің нәзік болмысын сақтап қалды. Барлық салада жетістіктерге ұмтылып, жаратылысы нәзік бола тұра қоғамдағы ауыр жүкті ерлерден кем қайыспай көтере білген қазақ әйелдерінің бүгінгі болмысын «Нардың жүгін ерлерше арқалаған» деген қанатты сөз дәл танытуда.
Енді қазақтың дәстүрлі мәдениетінің хронологиялық ауқымы мәселесіне келсек. Әдетте дәстүрлі этномәдениеттің орнығуын тілі мен ділі, мәдениеті мен тұрмысы бір біріне жақын әлеуметтік топтың ұлтқа ұйысқан, осы ұлттың мазмұнының бірегейлігімен қатар, егемендіктің формальды инстанциясы болып табылатын өзінің саяси еркін жариялауы арқылы төл мемлекетін қалыптастырған сәтімен байланыстырады. Қазіргі кезеңде қоғамдағы әйел мен еркектің орны туралы түсініктер мен құндылықтар, осымен байланысты стереотиптер мен әлеуметтік үрдістер ерекше өзекті мәселеге айналып отыр.
Әрбір қоғамда, әсіресе көп мәдениетті және көп ұлтты қоғамда гендерлік алуантүрлілікке назар аудару керек. Гендерлік мінез-құлық адам мінез-құлығының белгілі бір гендерге қатысты көрінетін рөлдерге, мәртебеге, стереотиптерге, нормалар мен құндылықтарға сәйкес болуын білдіреді. Еркек пен әйелге тән нұсқаулар мен оларды орындау жағдайы түрлі ұрпақта, этномәдени және діни топтар мен қоғамның түрлі жіктерінде алуан түрлілігімен ерекшеленеді.
Еркектер мен әйелдер өздерінің мінез-құлқын гендерлік стереотиптерге, яғни ерлер мен әйелдердің өзін қалай ұстауы жөніндегі мәдениетте қалыптасып, орныққан көзқарастарға сүйене отырып, түзеді. Олар: 
Еркек: табыс табушы, асыраушы, қорғаушы, кәсіби қайраткер, күйеу, әке, отбасы басшысы, қамқоршы болуға дайын тұру, төзімділік, барлық жағдайда әйел сұлулығы талабына сай сүйкімді болу.
Әйел: ана, жар, үй шаруашылығындағы әйел, ошақ қамқоршысы, қызметкер, өзін неке, жыныстық, әйелдік тартымдылық пен балалары арқылы таныту, адамдар мен балаларға ана махаббаты, мейірімі арқылы әсер ету қажеттілігі, өзгелердің өзіне деген жағымды қатынасы міндетті деп ұғыну, тіл табысқыш, дүниені нәзік қабылдау.
Барлық халыққа ортақ гендерлік стереотиптен бөлек ұлттық стереотип те кездесетіні белгілі. Мысалы, өзін көзге мақтағанды барлық әйел қалайды, киген киіміне, таққан әшекейіне, істеген тамағына, сыртқы келбетіне қатысты мақтау, қошемет сөз есту әрбір ұлттың әйелінің құлағына жағымды естіледі. Ал қазақ әйелдеріне тән ұлттық стереотиптің бірі де бірегейі – ерін пір тұту, сыйлау, қандай жағдайда да оның бетіне ашық қарсы келмеу, айтқанын заң деп ұғыну, балаларының алдындағы әке беделін көтеру.
Кеңес үкіметі кезіндегі қазақ халқының өмірі ерекше тарихи дәуір болып табылады, ол өмірдің барлық қырларына, сонымен қатар қоғамның гендерлік тәртібіне де ықпалын тигізді. Зерттеушілер совет үкіметі кезіндегі гендерлік тәртіпті «этакратикалық» деп атады, яғни мемлекеттік саясатпен анықталатын.
Советтік гендерлік қатынастың әдетте төрт кезеңін бөліп көрсетеді:
Бірінші кезең 1918 ж. басы мен 1930 ж. қамтиды, жалпы алғанда большевиктік кезең гендерлік саясат сияқты беріледі. Әйел мәселесі дефеминизация және саяси науқандар арқылы шешілді.
Екінші кезең 1930 ж. ортасы 1950 ж. қамтиды, ол тоталитарлық андрогония деп аталады, әйелдің экономикалық мобилизация кезеңі делінеді. Бұл жерде белгілі құлдырау жылдары (1928-1931) орын алды.
Үшінші кезең – 1950 ж. ортасы және 80 ж. – саяси кезең (КОКП ХХ съезі) – демографиялық дағдарыстыі шешумен байланысты.
Төртінші кезең – 1980 ж. аяғынан 1991 ж. дейін, саяси және экономикалық реформалар кезеңі - мемлекеттің рөлі және әлеуметтік қатынастар күрт өзгерді [41, 436-463 бб.].
Кеңес заманында әйелдер төмен квалификацияланған еңбекке тартылды. Әйелдер экономиканың аз ақша төленетін, беделді емес саласында жұмыс істеді. Көптеген әйелдер қауіпті өндірісте еңбек етті: миллионнан көбісі қолайсыз температуралық режимде; миллионға жуығы – шу мен вибрация күшті жерде және шаң-тозаң жерде.
Сонымен қоймай совет әйелі үй шаруасына батыс әйелдеріне қарағанда көп уақыт жұмсады. Үй жұмысындағы көптеген құралдар әлі дамымаған еді, сондықтан бәрін өз қолымен жасауға тура келді. Дефицитті аңдумен аңдумен қанша уақыт кетті/ Сонымен қазақстандық зерттеуші М. Сеитованың талдауы бойынша, «Совет дәуіріндегі гендерлік мораль идеологияның ықпалымен қалыптасқан. Біріншіден, кеңестік қоғамдық еңбектегі еркек пен әйелдің теңдігі формальды белгіленген, ал екіншіден – сақталған мұсылмандық бойынша, әйел әр қашанда күйеуін құрметтеп отырады» [153, 51-52 бб.]. Кеңес дәуірінде әйел мен еркектің гендерлік рөлдері идеологияның талабына бағынған.
Қазақстан Республикасында әйелдер қозғалысы халықарлық әйелдер қозғалысының құрамды бөлігі болып табылады. Өздерінің практикалық және саяси әрекеттерінде олар басқа мемлекеттердегі әйел-саясаткерлер сияқты мәселелермен кездесті. Осы мәселелердің шешілу тәжірибесі, Қазақстандағы әйелдердің саясатқа араласуы халықаралық әйелдер қозғалысын толықтырады. Осыған орай саяси өмірдегі әйелдің рөлін зерттеу және талдау актуальды болып табылады.
Әйелдер қоғамның көп бөлігін құрастырғанына қарамастан, олардың көбісі жеткіліксіз экономикалық, әлеуметтік статусқа ие болды, ал саяси қатынастарда олардың ықпалы мен жұмысы минимальды ғана. Яғни мемлекеттегі әйелдер қозғалысы экономикалық және әлеуметтік даму сатысынан артта қалды.
Бұндай жағдай әйелдердің саяси қозғалысына түрткі болды. Бұрынғы КСРО-да әйелдердің өзіндік саяси әрекеттері, ұйымдары болған жоқ. Әрине бұған орай әйелдер қозғалысының өзіндік өмір сүруі үшін тәжірибесі болмады. Ал келесі жағдайлар әйелдер қозғалысының нашар дамуын көрсетеді: патриархалды дәстүрге бағыну, әйелдің үйдегі рөлі, ана болу, отбасының қорғаушысы, сондықтан да олар белсенді саяси қайраткер бола алмайды. Бұл нормалар тек еркектермен емес, көптеген әйелдердің өздерімен қолдау тапқан. Соңғы 10-15 жылдарда болған радикалды әлеуметтік-экономикалық қайта құрулар қоғамдағы әйелдің рөлі мен орнын өзгертті. Мемлекеттік патернализмнің орнына либералды индивидуализм саясаты келгенде медициналық орталықтарда, бұрынғы колхоз, совхоздарда көптеген адамдар жұмыссыз қалды. Бұл жағдайларда көптеген еркектер өздерінің отбасы, асыраушы деген беделінен айырылды. Соның салдарынан олар ішімдікке, нашақорлыққа, психологиялық ауруларға ұшырады.
Статистикалық мәліметтер бойынша 2002 ж. жұмыссыз әйелдер саны 58,9 пайыз, ал еркектердікі 41,1 пайыз болды. Сол мезетте психикалық аурулар, алкоголизмге ұрынған еркектер 58,2 пайызды, ал әйелдер 14,8 пайызды құрады. Жалпы әйелдер өздерімен ішімдікке салынуға, жаман жолға кете алмады, өйткені өздерін емес балаларын, жанұясын қалай асырайтындығын ойлайды.
Көптеген халықаралық эксперттер, осыған орай ТМД мемлекеттерінде өмір сапасын сақтап қалу рөлін әйелдер өз қолдарына алғанын айтады. Олар әртүрлі жұмыспен айналысты: кіші-гірім сауда бизнесімен де өз жанұясын, балаларын асырау үшін қолдан келетіннің бәрін жасады.
Әлеуметтік сұрақ жүргізу барысында 2000 ж. 2,6 пайыз әйелдер саяси партияға қатысуға қызығушылық білдірген, 3,8 пайызы қоғамдық саяси қозғалыстарға қатысуға және 10 пайызы әйелдер қозғалысында болғысы келген. Сұрау алынған әйелдер отбасын сақтаушы, үй шаруасындағы әйелердің 26 пайызы бұл жұмысты жанұялық рөлдің негізі деп қараған. Тек қана 10,8 пайызы әйелдер, еркектер мен әйелдің қоғамдағы рөлі тең болуын айтқан [154, 31б.].
Сонымен қоса әйелдердің көбісі жанұядағы үй шаруасын қоғамдық жұмысқа алмастырғысы келмейтінін көрсетті, өйткені жанұя, балалар, әйел өмірінің ең құндысы болып табылады. Балалардың жақсы болып өсуіне, білім алуына көп уақыт керек, оларды үлкен өмірге әйелдер дайындайды.
Посткеңестік кеңістікте Қазақстан әйелдері өз потенциялын қолдануға үлкен жағдайы бар. Мұндай мүмкіндікті қолдану қазіргі кездегі саясаттың ісі. Қазіргі кездегі келеңсіз құбылыстар, қоғамдық жұмысқа араласу, мал табудың жолына түсу, еркекпен тайталасып, алысқанмен алысып, жұлысқанмен жұлысу – нәзiк те сұлу әйел табиғатына өлшеусiз нұқсан келтiрдi. Әйел әйелдiк табиғатын жоғалтып, маскулиндікке ұшырап, еркектене бастады. Осы үдерiс әлi күнге дейiн жалғасып келедi. Қазақ әйелi әлi отбасына оралған жоқ: жанталасып мансап қуып жүр, қара сан болып мал тауып жүр.
1995 ж. елбасының қолдауымен ҚР әйелдерінің жағдайын жақсарту, жанұя мәселелері жөніндегі кеңесі құрылды. 1998 ж. кеңес ҚР президентінің жанындағы әйел мен жанұя істерінің халықтық комиссиясы болып құрылды.
1998 ж. республика «Әйелдерге байланысты барлық дискриминация формаларын жою» туралы БҰҰ конвенциясына кірді. Қазіргі таңда Қазақстанда 150 әйелдік үкіметтік емес ұйымдар жұмыс істеуде. Олардың ішінде: «Қазақстанның белсенді әйелдер ассоцияциясы» (АДЖК), «Шығыс әйелдерінің халықтық экологиялық ассоцияциясы», «Феминистер лигасы», «Қазақстан әйелдері» атты республикалық қозғалыс бар [155, 145-147 бб.].
Қазақстандағы әйелдер қозғалысының рөлі өсуде және өсуін табуда. Қазіргі кездегі әйелдер ұйымының қойған көптеген мәселелері мемлекеттік саясаттың бөлігі болып отыр.
Дәстүрлі саясат негізінен еркектердің ғана жұмысы болып табылады. Саясаттағы пайда болған жарқын әйелдерді ережеден ауытқыған деп қарастырады. Экономика мен саясаттағы әйелдердің рөлінің жоғарлауы қазіргі кездегі тарихи кезеңнің даму заңдылығы. Швеция, АҚШ, Австралия, Финляндия, Канада, Бельгия, Дания сияқты елдер өз дамуында осы сипатта тұрақты болып келеді. Қазіргі қазақ әйелдерінің бірқатары еркіндік пен өзгеріс лебін сергек сезініп, өздері үшін бейтаныстау, тосындау бизнес әлеміне именбей енуді жөн санады. Әлеуметтанушылардың пайымдауынша, «олардың мұндай романтикалық құлшыныстарына жаңаға қызығушылық, өзіне және айналасындағыларға өз басының маңыздылығын дәлелдеу, сонымен қатар экономикалық дағдарыстар мен қиындықтар кезеңінде еркектердің жанынан табылып, оларға қол ұшын беруге ұмтылыстары түрткі болды» [156, 7 б.].
Іскер әйелдің бүгінгі бетбейнесін анықтау үшін «Қазақстанның іскер әйелдері» анықтамалығына енген 86 қыз-келіншектің әлеуметтанушылар дайындаған сауалнамаға берген жауаптарын, сондағы деректерді саралай келе, іскер әйелдерге қажетті қасиеттер деп мыналарды атауға болады: еңбексүйгіштік, ұйымдастырушылық, шығармашылықпен ойлау қабілеті, өзіне де, өзгелерге де қатаң талап қою, табандылық, тәуекелшілдік, қайтадан басынан бастауға дайын болу, қиындық, кедергіден қорықпау, тәуелсіз болу, сенімділік, алдағы күнді болжай білу т.б.
Бүгінде «іскер әйел» типінен басқа «қанатты әйел» деген де ауыспалы мәндегі рәміз жиі қолданылуда. Қолданбалы өнер саласында шығармашылықпен жұмыс істейтін әйелдер типін солай атау қалыптасқан. Оған дәлел 1999 жылы Алматы қаласында шығармашылық идеялар мен тауарлардың бірінші халықаралық жәрмеңкесі өтті. Тұңғыш рет өткізілген ұлттық сипаттағы жәрмеңке «Қанатты әйел» деп аталды. Ал саяси биліктің әйел бағындыра алмаған биігіне шыға білген Маргарет Тэтчер сияқты саяси тұлғаларды мұрат санауы жаһандану үрдісінің әсері деп білеміз. Әйтсе де қазақтың іскер әйелдері өздеріне қажетті қасиеттердің негізгілері ұлттық ерекшеліктерді ақ сүтімен сіңіре білген өз аналарынан дарығанын баса айтады. 
Бүгінгі Қазақстанның қоғамдық дамуы оның рухани өркендеуімен, мәдениетінің алға басуымен тығыз байланысты. Сондай-ақ қоғамның өнегелік сипатын, қоғамдық мәдениет деңгейін әлеуметтік-экономикалык, жетістіктер мен оның гуманистік мазмұны анықтайды. Әйелдердің күнделікті мәдени тіршілігіндегі болып жатқан жан-жақты өзгерістер қажетті түрде олардан жаңа идеялар, құндылықтар мен жүріс-тұрыс үлгілерін қабылдауды талап етуде.
Белгілі ғалым Р.К.Қадыржанов республикадағы негізгі екі этникалық мәдениеттердің - қазақ және орыс бәсекелестігін сипаттай келе, ондағы негізгі үш қоғамдық болмыстағы басымдылықтарын анықтайды: «Демографиялық және саяси салалардағы бәсекеде қазақ этносының жетекшілігі айқын болса, ал мәдени салаға келсек, мұнда жағдай күрделі, айнымалы және тіпті, қарама-қайшылықты» [157, 230 б.]. Өткен ғасырдағы түбірлі мәдени өзгерістер мен өмірге енген жаңашылдылықтың, әсіресе, кейінгі нарықтық қатынастардың жаппай енуі қоғамдағы маргиналдану процесін күшейте түсті. Өтпелі қоғамда нарық қыспағына шыдамаған ауыл тұрғындары өздерінің үйреншікті мәдени ортасын тастап, қалаға қарай ағылуының нәтижесінде бұл тенденция онан ары қанат жая бастады. Оның үстіне отырықшылдық пен қалалық этникалық мәдениеті дамыған көршілес өзбек және т.б. туыстас халықтармен салыстырғанда қазақтарда әлеуметтік-мәдени дамудың аграрлық-патриархалдық мұрасына орай қала мәдениеті қалыптаспаған. Ұлттың мәдениеттік ұйытқысы болып отырған ауылдың жастары кеңес дәуірінде орыстың және еуропалық мәдениеттің үлгісімен құрылған қалаларға келіп, жаңа мәдени ортада маргиналдар армиясының қатарын толықтыруда. Заманның өзгерісімен бірге бұрыннан қалыптасқан құндылықтар жүйесіне де өзгерістер енуде. Осындай ана сүтімен енетін қасиеттерден бейхабар жас ұрпақ өкілдері ым-ишарат түрлерінен, олардың мағынасынан хабарсыз.
Қазақстан Президенті Н. А. Назарбаев қазақ мәдениетін Евразиядағы ең өзгешелі және мол мәдениеттердің бірі деп сипаттайды [158, 174-175 бб.]. Ел-жұртының полиэтникалық құрымы, Қазақстанның Евразияда ұрдістері қазақ мәдениеттін мына типтерге – архаистік, маргиналдық, маңқұрттық, евразиялық - бөліп жіберді.
Жаһандану мен қоғамдағы өзгерістердің «қазақ әйелі» рәміздік бейнесінің этномәдени сипатына әсер етіп, оған заманға сай ерекшеліктер алып келетіні анықталды. Бұл ерекшеліктерді түсіну үшін қазіргі қазақстандық мәдениеттану ғылымында әр түрлі мәдени идентификация формаларын қамтитын персонификациялық типологияны есепке алу керек. Бұл типологияны әдіснамалық негіз ретінде қолдансақ, қазіргі қазақ әйелдердің трансформацияланған рәміздік бейнелерінде үш типтердің белгілерін байқауға болады: дәстуршіл; маргиналдық; мәңгүрттік [159, 230 б.].
Дәстуршіл тип - бұл мәдени ментальдықтың «архаистік», «ортодокстік», «фундаменталистік», «партикулярлық», «консерваторлық» деген сияқты белгілері де бар тип. Дәстүршілдік үрдіс саяси астарға ие болған жағдайда мемлекет басқару формасының «реставраторлық», «ревайвалдық» тәртіптерін қайта қалпына келтіруі мүмкін. Дәстүршілдер типіне әдетте қоғамдық жағдайының тұрақсыздығын өзінің ұлттық дәстүрін күшейту есебінен толықтыратын аз ұлт немесе диаспора өкілдері жатады. Мысалы, Британ империясындағы шотландықтар, христиан әлеміндегі еврейлер, Оңтүстік Шығыс Азиядағы қытайлар және т.б.
Сонымен қатар дәстүршілдік үрдісі заманның өзгеріп бұрынғы өмір салты мен дәстүрлі құндылықтар жүйесі бұзыла бастаған өтпелі қоғамдарда айрықша көрініс табады. Дәстүршілдер өмірге енген жаңашылдықтарды қабылдамай, оларды дәстүрлі дүниетанымдық құндылықтар тұрғысында бағалайды, келмеске кеткен өткен қоғамдық құрылыстарды идеалдандыра отырып, оны қайта қалпына келтіруге ұмтылады. Дәстүрлі типтегі қоғамда әйелге және оның әлеуметпен өзара қатынастарына мына белгілер тән:
- дәстүршілдік;
- әйелдің дүниені қабылдауы қоршаған табиғаттан және өз табиғатынан ажыратылмауы;
- әйелдің дүниені қабылдауы мифологиялық және діни дүниеге көзқарасымен байланысы.
Дәстүрлі қоғамда әйелдің өмір сүруі әдет-ғұрыптармен тығыз байланысты. Олардың тәжірибелік маңызы зор: олар әйелдің көңіл-күйін реттейді, халықтың, үлкен және кіші топтардың, отбасының деңгейінде ынтымақ, бірлік сезімін қалыптастырады және сақтайды. Әдет-ғұрып арқылы жеке-дара әйел өзінің ұлттық-мәдени сәйкестілігін сезеді, құндылықтық бағытын сақтайды.Маргиналдық тип латын тілінен аударғанда «жиекте орналасушы» дегенді білдіреді. Мағынасына қарай қазақтың «дүбәра» деген сөзі де дәлірек келеді.
Маргиналдық тұлға - бұл мәдени өмірі мен дәстүрлері әр түрлі халықтар мен қоғамдарда қатар өмір сүретін адам. Ол өзінің рухани тамырынан бір жола қол үзіп кете алмайды, сонымен қатар оның өзінің орнын тапқысы келген жаңа қоғам оны өткен дәстүрімен қабылдай алмайды. Соңғы онжылдықтарда әлеуметтану мен мәдениеттануда маргиналдық тұлғаға арналған көптеген зерттеулер жарық көрді. Осы зерттеулер арқылы модернизация барысында азаттық алған елдердегі мәдени өзгерістері сипатының маңызды заңдылықтары ашылды.
Маргиналдық тұлғадағы амбиваленттілік пен эклектиктілікке сөйкес оған тұрақсыздық, ішкі қобалжу, агрессивтілік тән болғанымен оның жағымды жақтары да бар. Өзге мәдени ортада салыстырулар нәтижесінде оның дүниеге көзқарасы кеңейеді. Өзге тілді меңгеру оның мәдениетінен де хабардар болуды білдіреді. Кеңес дәуірінде қазақтың зиялы қауым өкілдері әлемдік мәдениетті игере отырып, өздері ғылым, әдебиет, өнер салаларында аса ірі жетістіктерге жетті. Қазіргі кезде «билингвизм» құбылысы ғылыми зиялы қауым мен жастар арасына кеңінен таралғандығы, оның деңгейінің жоғары екендігі белгілі.
Мәңгүрттік тип - өзінің өткен мәдениетінен мүлдем хабары жоқ, түп-тамырынан айрылған, ұлттық салт-дәстүрден жұрдай, оның рәміз-рәсімдік мағынасын түсінбейтін, ешқандай әлеуметтік-мәдени ортаға сіңіспеген тип. Ежелгі Қытайда «жужань» тайпаларының көсемдерінің қолға түскен тұтқынды манипуляцияға ыңғайлы құл ретінде жүмсау үшін оны ақыл-есінен айырып мәңгүртке айналдыру технологиясы Ш. Айтматов шығармасында әсерлі түрде сипатталған [160]. Ғылыми әдебиеттерде осыған үқсас «евнух» (өтек), «зомби» (тірі өліктер) деген сияқты үғымдар да кездеседі.
Жаһанданудың арқасында қазақ әйелі бүгінгі таңда батыс мәдениетінен барынша әсерленді. Қоғамда заман талабына ілесудің өлшемі «жалаңаштану» сияқты көзқарас қалыптасты. Ал орамал тағып, ұзын киім киіп жүрген жандар замана көшіне ілесе алмай қатардан қалып кеткен ескішіл адамдардай бағалануда.
Қазіргі заманғы мәдениетіне сәйкес қазақстандық әйелдің рәміздік бейнесінде негізгі тенденциялары - постмодернге, ойнау мәдениетіне сәйкес болуға ұмтылысы да байқалады. Постмодерн өмірге еліктеуге емес, оның өзіне айналуына ұмтылады, ойнайтын альтернативтік тұлға типін қалыптастыруға бағытталады. Бүгінде әйел бейнесі бір зат секілді әркімнің ойына келген арам пиғылдарына ойыншық болуы өкінішті-ақ. Мысалы, әйелдің жалаңаш тәні өзгелердің назарын тарту үшін кәсіпкерлердің тауарларын жарнамалайтын жарнама құралына айналды. Әйтпесе, газет жарнамасында, көліктің дөңгелегінің жанында жалаңаш тәнімен тұрған әйелдің оған қандай қатысы бар? Жартылай жалаңаш киінген әйелдер еркектерді еліктіріп, нәпсіқұмарлығын қоздырады. Бұл жағдай бүгінде көптеген шаңырақтың шайқалуына, көпшілік бойжеткендердің абыройдан айрылуына себеп болуда. Көзі жәутеңдеген мыңдаған пәк сәбилер тастанды болып, жетімханаларға тоғытылса, жылына саналы түрде қаншама аборт жасалуда. Қазақстанда қазіргі таңда 100 мың тастанды бала, 600 балалар үйі бар. 2003 жылғы есеп бойынша 127200 аборт жасалғаны ресми тіркелген. Ал ресми тіркелмегені қанша екені тағы белгісіз.
Әрине, «дәстүрдің озығы бар, тозығы бар». Бірақ заманға лайық болудың жөні осы екен деп, тойды жаппай ішкілікпен өткізу, қазаны естіртуді тас төбеден ұрғандай телеграммамен жіберу, мәйітті музыкалатып шығарып салу, тіпті бейіттің басында мылтық ату сияқты жөн-жосықта не мән-мағына бар? 1920 жыл Семей қаласында «Абай» журналында Мұхтар Әуезов пен Жүсiпбек Аймауытовтың қазақ әйелiнiң бүгiнгi хәлiне арналған мақаласы шығады. Сол мақалада ұлтының қамын жеген екi кемеңгер «Ел боламын десең, бесiгiңдi түзе» деп қалың қазаққа ұран тастайды. Мұның мәнiсi: қазақ әйелiнiң жағдайын түзе, қазақ әйелi надан болып қалмасын, оқыт, тәрбиеле, өйткенi бала кiмдi жақсы көрсе соған ұқсап кетедi деген даналық ой айтады. Алайда, бұл еуропаға елпеңдеп еліктеуді білдірмесе керек, біздің асыл қазынамыз ата-бабаларымыз қалдырған үлгі-өнегеде емес пе!? Модернизация желігімен бүгінгі ұрпақ жеміс берер ағаштың жапырақ жайып гүлденуіне нәр беріп тұрған құнарлы топырақ пен тамырды – дәстүрлі мәдениетті ұмыт қалдырып бара жатқан жоқ па!?
Ұлттық мәдениеттің қайта өрлеуі ең алдымен екі негізгі талаптарға сәйкес келуі тиіс. Біріншіден, ұлттық мәдениет өзіндік даму амалымен өзіндік даму қабілетін анықтауы тиіс. Екіншіден, ол қазіргі кезде қоғамда болып жатқан радикалдық және новациялық өзгерістерге кедергі жасамай, керісінше, оған дем беріп, сыбайласып, онымен іштесіп модернизациялануға ұмтылуы тиіс. Сондықтан ұлттық мәдениеттің қайта өрлеу процесіндегі өзекті мәселелер болып отырған мәдени сабақтастықты және дәстүрлік пен новациялықтың үйлесімділігін ойластыру қажет. Бұл мәселе қазіргі қазақ әйелдің рәміздік бейнесін қалыптастырумен де байланысты.
Енді көне рәміздерге қайта келейік. Әйелдің балалы болуы ең алдымен жыныстық қатынаспен байланысты болды. Бала жоқтан пайда болды. Әйелдің бұл қасиетін магиялық ырымдармен байланыстырды. Бұл функция культтарда көрініс тапты. Исида, Шитар, Деметр, Диана, Кибела. Демек әйел тоқшылықтың, егістіктің көп болу рәмізі болды. Тек қана әйел көкірегіндегі сүт арқылы баланы тамақтандырды. Яғни, тағы да тірі қалудың амалы болды.
Әйел табиғатқа жақын тіршілік иесі сияқты, өзінің репродуктивтік функциясына байланысты жалғыз адам ұрпағын жалғастырушы болды. Адам әрқашанда табиғатты өзіне бағындырғысы келді. Ал әйел болса өзінің болмысы жағынан табиғатқа жақын болды. Табиғат жыл сайын жаңа нәрсе, жаңа өмір туғызса, сол сияқты әйелде де. Сол үшін әйел тәнінің фунционалдылығы, табиғаттың функционалдығымен жақындасты. Осымен әйел еркектен ерекшеленген, өйткені ер адамның физиологиясы оны табиғаттан тәуелсіз, мәдениет пен шығармашылық үшін еркін, азат еткен. Ал мәдениет, біз білетініміздей табиғаттың культивациясы.
Қазақ қоғамында әйел үшін қасиетті Құранның сөзіндегі құдіретті үш ұғым бар: «Ана», «Жер-Ана», «Отан-Ана». Әйел-ана ұлтымыздың бойындағы бар жақсы қасиеттерді – тілін, дінін, әдеп-ғұрпын, салт-санасын, ұлттық дәстүрін немересіне, немересінен шөбересіне жеткізуші, дарытушы.
Ұлан-байтақ ұлы даланы мекендеген қара орман халқымыздың бір тілде сөйлеп, әдет-ғұрып, салт-дәстүрінің біркелкі болуы бұрынғы өткен дана аналарымыздың арқасы. Қазақта әдетте елге келін болып түскен қыз өз елінің барлық жақсы қасиеттерін, рухани-моральдық құндылықтарын өзімен бірге ала келіп, табалдырығын аттаған босағасының игілігіне, қала берді бүкіл бір қауым елге сіңірген. Бұл жақсы үрдіс, ғибратты әдет бүкіл ұлттың бірлігіне, рухани болмысына игі ықпалын тигізген. Сондықтан да халқымыз қыздарына төрден орын беріп, қонақ деп еркелеткен, парасаттылыққа байлап, еркін өсірген. Ерке қыз, иманды әйел, қасиетті ана солардан шыққан. Қазақ қызы өз үйінде ерке, еркін өскен, ән айтып, айтысқа түскен. Пәрәнжі-сәтір кимеген, сөйте тұра еркіндік пен есерліктің аражігін ажырата білген парасатты, тапқыр, төзімді, өнерлші болған, тіпті шашын төбесіне түйіп, жауға шапқан батыр қыз да қазақта барлық.
Шығыс халықтарының арасында әйел затын бөлекше бағалайтын, қарындасты қатты қастерлейтін бірі де, бірегейі де – қазақ. Қаншалықты ауыр заман болса да қазақ әйелді сыйлаған, әйелді құрметтеген, әйелді сүйген. Ана-тіршіліктің иесі деген дерекпен қазақ санасына аспан мен жерді, тәртіп пен хаосты, әйел мен еркекті қатаң қарсы қою тән емес. Әлемдік тәртіп аспан мен жердің гармониялық үндестігінен пайда болды. «Ғарыш қазақтар үшін қарсылық күресі ретінде пайда болған жоқ (еуропалық мәдениетке тән), ол бірлік пен хаостың үндестігі» [161, 72 б.]. Әйел дүниеге тыныс беруші, әйел ұлттық тәрбиенің, ұлттық танымның, ұлттық менталитеттің белгісі. Қазақ менталитеті қазақ халқының ақыл-ойы мен көңіл-күйінің ерекшеліктерін сипаттайтын ұғым . Соңғы 10 жылда білім саласындағы әйел мен еркектің ерекшелігі азайды, бүкіл әлемде әйелдің білімдегі үлесі көбейе бастады. Ал кейбір мемлекеттерде студенттер арасында әйелдер көп, дегенмен де гендерлік теңдік, сонымен қатар білім, ғылым саласында, әлеуметтік өмірдің басқа саласында актуальды болып қалған. Гендерлік теңсіздік – әлеуметтік теңсіздіктің бір түрі. Әлеуметтік ранг(бедел) жоғары болған сайын, соғұрлым ол жерде әйелдер аз. Білімді басқару беделі де ерлерге тән.
Білім мен ғылымда – бір мәселе туындалды, ол мұғалімдердің жыныстық диспропорциясы. Бұл салада қызмет ететіндердің соңғы статистикалық мәліметтер бойынша 75 пайызы әйелдер. Бұл өте байсалды мәселе, ол қоғамға негативті әлеуметтік нәтижелерді алып келеді. Білімнің ең негізгі функциясы ол болашақ ұрпақты тәрбиелеу. Ал тарихи қалыптасқан нәрсе кейбір еркектердің жанұядан жатсынып кетуі, балаларын тәрбиелеуден тым алшақтауы. «Әкесіздік» феномені, яғни әкесі семьядан тыс көп уақытты жұмыста өткізетіні, пайда болды. .
Білім мен ғылым саласына бір жағынан ер адамдарды қайтару керек, ал ол жерге еркектердің келуі үшін, екіншіден, бұл саланы беделді, көп ақылы ету керек.
Ал біздің мемлекетке қайтып оралатын болсақ, Қазақстан Республикасы конститутциясына сәйке барлық адамдарға жынысына қарамастан орта білім міндетті түрде қажет және ол қамтамасыз етіледі. Қазақстан Республикасының азаматтары конкурстық негізде ақысыз оқуға құқығы бар. 90-ы жылдардың ортасында орта білімді иемденгендердің 62 пайызы әйелдер болған]. Әйелдің интеллектуалды потенциалы білім саласында бізде жоғары – 77 пайыз. Сонымен қатар қалалық және облыстық білім басқармасының 16 басқарушысының 7-і әйел (44 пайыз). Жоғарғы оқу орнының басшысы қызметінде әйелдер аз: 2 әйел ректор (4 пайыз) [162, 18 б.].
Экономикалық дағдарыс салдарынан Қазақстанда феминизация концепциясы аздап шегерілді, жұмыссыздық пен кедейшілік белең алды. Негізгі мәселе бұл жағдай бойынша әйелдің білімдік потенциялын дұрыс қолданбаудан туындайды. Кандидат пен доктор атағын алған әйелдерде жеткілікті, бірақ мынадай бір белгілі тәуелділік бар: қызмет баспалдағы жоғары болған сайын, соғұрлым олда әйелдер аз. Жоғары беделге, билікке де ие болатын еркектер.
Қазіргі ақпараттық қоғамда білім әйел жағдайын жақсартуда үлкен мағынаға ие, ол әйелдің қоғамдық өмірге араласуына жол ашады. Бүгін республикада көптеген әр түрлі білім ошақтары қызмет етуде. 1991 ж. бері жеке білімдік жүйе өз дегенін табуда. Жоғарғы оқу орнындағы техникалық, нақты ғылымдарда қыздардың саны әлде қайда аз. Мысалы, 2008 ж. «Информатика және есептегіш техника» мамандығында 32,8 пайыз қыз студенттер болған, ал «Тау-кен ісі» мамандығында – 12 пайызды, «Энергетикада» – 16 пайызды қыздар құраған [162, 17 б.].
Тұтастай алғанда елдің білім беру жүйесінде әйелдер басым. Жалпы орта білім беру ұйымдарында әйел оқытушылардың саны басым (80 пайыз), мектепке дейінгі ұйымдарда мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу мен оқытуды әйел тәрбиелеушілер ғана жүзеге асырады. Білім берудің барлық сатыларындағы (6 мен 24 жас арасы) әйел жынысты оқушыларды қамту 81,1 пайызды, ер жыныстарды 70,9 пайызды құрайды. Жалпы орта білім алмаған бозбалалардың үлесі қыздардың үлесінен екі есе жоғары. Бастапқы кәсіптік білім беру жүйесінде хатшы-референт, тігінші, аспаз, шаштараз және басқа да мамандықтар бойынша 99,8 пайызды қыздар құрайды.
Жалпы орта білім беретін мектептердің оқулықтарына гендерлік сараптама жүргізілді. Балалардың санасында орнығып, қайта жаңғыратын гендерлік ассиметрия анықталды. Тағы да айта кететін жайт, Батыс және АҚШ пен салыстырғанда Азия мемлекеттерінде дарынды қыздар өте көп, математикада олар ұлдармен бір деңгейде. Бұл жерде мәдениет ықпал ете ме, әлде Азия мемлекеттерінде ата-аналардың қызға көп көңіл бөлуінен бе, бұл талданбаған нәрсе [163].
Американ психологтарының зерттеулері бойынша соңғы 20 жылда ұлдар мен қыздар жылдан-жылғы математикалық қабілеттері мен вербальды мінездері сәйкес болып келе жатыр. ЮНЕСКО-ның қолдауымен «Баршаға арналған білім» ұлттық бағдарламасының шеңберінде гендерлік білім беру жобасы іске асырылуда. Ғылыми зерттеу орталықтарының гендерлік теңдік проблемаларын зерделеу жөніндегі қызметін жандандыру негізгі стратегиялық міндеттерді шешуге ықпал ететін болады.
Гендерлік пәндерді оқыту ерлер мен әйелдер арасындағы тең құқықтылыққа, төзімдікке, адамның өз қабілеттерін жан-жақты көрсетуге және өз басының ерекшелігіне деген құқықтарын құрметтеушілікке негізделген қарым-қатынас мәдениетінің дамуын жеделдетеді.
Халықаралық ұйымдар гендерлік білім беру бағдарламаларын қолдауды жүзеге асырады. Әр түрлі келісімдердің шеңберінде мамандарды гендерлік білім беру бойынша шет елдерде және ТМД-ға қатысушы елдерде даярлау мүмкіндігі бар. Гендерлік білім беру және ерлер мен әйелдердің экономикалық жағынан ілгерілету мәселелерімен айналысатын ұлттық, өңірлік және халықаралық ұйымдармен байланыстар орнатылуда. Үкіметтік емес ұйымдар өздерінің гендерлік білім беру мәселелері бойынша қызметін жандандыра түсуде. Болашақта да білім әйел жағдайын жақсартудың негізі болып табылады. Әйелдер бұл негізгі құралды беру керек, ол қоғамның тең мүшесі болуына құқық береді. Үкімет әйелдерді кең түрде білім жүйесіне қайта қарауы керек. Жаңа қызметтерді әйел қызметкерлерге, оймен шұғылданатын әйелдерге беру қажет. ЮНЕСКО-ның білім шеңберіндегі дискриминациямен күресі конвенциясына көңіл бөлу керек .
Үкіметтерге және халықаралық ұйымдарға, әсіресе ЮНЕСКО-ға, кедей таптар арасында құқықтық білімді тарату бағдарламасын іске асыру қажет. Әйелдердің білімнің жоғарлануына қоғамның өмір сүруі деңгейі тікелей әсер етеді. Жоғарғы оқу-орындағы қыздардың сабаққа келмеуін қарау керек. Сонымен қатар оқу орнында жынысқа байланысты дискриминацияның болуына жол бермеу қажет. Оқу орнындағы бағдарламаларды кеңейтіп және оларда әйелдің үлесін көрсету қажет.
Саясаткерлер мен көшбасшылардың – әйел мен ерлердің гендерлік санасын қалыптастыру қажет. Гендерлік аспектіні ескере отырып, адам құқықтары бойынша сауат ашу саласында оқу бағдарламаларын әзірлеу қажет. Білім беру жүйесіне гендерді енгізу, халықты гендерлік ағарту маңызды. Осы мақсатта:
- білім берудің барлық деңгейлеріндегі оқу бағдарламаларына гендерлік құраушыны енгізу. Мектеп жасына дейінгі білім беру мекемелерінің, мектептердің, орта арнайы және жоғары оқу орындарының білім беру бағдарламларына тиісті түзетулер жүргізу;
- педагогтардың білімін арттыру ұйымдарының оқытушылары үшін арнайы оқыту құралдарын әзірлеу;
- жоғарғы оқу орындарына арналған оқу құралдары мен оқулықтарға гендерлік сараптама жүргізу;
- педагогикалық жоғары оқу орындарында гендерлік білім беру саласындағы мамандар даярлауды ұйымдастыру. Білім беру жүйесінің педагогтары, оқушылары, мамандары үшін – тренингтер өткізу;
- жоғарғы оқу орындарына педагогикалық мамандықтардың аясында гендерлік білім беру бойынша мамандандыру ісін ұйымдастыруды ұсыну;
- мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытудың, жалпы орта, кәсіптік білім берудің, соның ішінде жоғары оқу орындарынан кейін білім берудің барлық деңгейлерінің бағдарламаларын іске асырып жатқан оқу орындары тәрбиелеушілерінің, мұғалімдермен оқытушыларының гендерлік білім беру саласындағы біліктілігін арттыру жобаларына қолдауды кеңейту;
- ата-аналарды гендерлік ағарту жөніндегі бағдарламалар әзірлеу;
- гендер проблемалары бойынша оқу-әдістемелік әдебиет пен бейне фильмдер шығару. Гендерлік білімдерді насихаттау үшін «гендерлік білім беру» ақпараттық бюллетендерін шығаруды ұйымдастыру;
- білім берудің гендерлік көрсеткіштерді және гендерлік статистиканы жетілдіру;
- қыз балалар мен әйелдердің мүмкіндіктерін кеңейтетін гендерлік көрсеткіштерді ескере отырып, гендерлік зерттеулер жүргізу;
- гранттар мен демеушілік қаражат есебінен әлеуметтік және гендерлік зерттеулер ғылыми-зерттеу институтының және гендерлік проблемалармен айналысатын басқа да институттардың мәртебесін көтеру және материалдық-техникалық базасын нығайту.
Гендерлік саясатты жүргізу үшін жауапты адамдар үшін арнайы курстар енгізу, оларда мынадай көрсеткіштерді қабылдау:
1. Білім беру жүйесіндегі басшылық деңгейіндегі ерлер мен әйелдердің арақатынасы.
2. Гендерлік сезімталдылық дамытатын оқу бағдарламалары мен курстарының саны.
3. Орта кәсіптік және жоғарғы білім беру жүйесінде ауыл қыздары үшін арнайы квотаның болуы.
4. Жоғарғы білімді әйелдердің үлесі.
5. Ғылыми дәрежесі бар әйелдердің үлесі.
6. Ғылымдағы ерлер мен әйелдердің арақатынасы [164, 46 б.].
Формальдық тұрғыдан Қазақстандағы әйелдер еркектер иемденетін барлық құқықтарға ие. Бұл жағдайда әйелдердің эмансипация мәселесі тіпті басқа қырларында көрініс табады. Әйелдер саясатқа араласуға, өзінің ұйымын құруға, барлық БАҚ-қа шығып, өз идеясын таратуға, өз ойын айтуға, сайлауға қатысуға толық құқықты. Сол үшін әйелдер өзімен-өзі қолдау табуы оңай емес. Бұл саясатта да, қай жерде болса да, кеңес үкіметі кезіндегі сияқты әйелдердің белсенділігін көрсету үшін жасалған көзбояушылық емес. Осы жөнінде Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы жанұя және әйел мәселесі жөніндегі халықаралық комиссия мүшесі Г. Хасанованың «Гендер, саясат, демократия» деген монографиясында нақты деректер келтірілген [165, 294 б.].
Әйелдердің құқығы мен өркендеуі жаңа мыңжылдықтың ең маңызды әлеуметтік мәселесі болып табылады. Осы уақытқа дейін бірде-бір қоғам өзінің барлық мүшелерінің құқығын толық тең жүзеге асыра алмаған. Әлеуметтік топтарға жіктелмеген, өзінің барлық мүшелеріне нақтылы теңдік беретін қоғам, ол адамзаттың қиялы.
Нарықтық экономикаға көшу кезеңінде әйелдер кедергілері мен мүмкіндіктері мол өзгеше бір жұмыс күйіне тап болды. Бұл жағдайда әйелдер бәсекелік күреске түсуге мәжбүр болды, өйткені тұрақты мемлекеттік жұмыс орындарының саны азайды, жаңа альтернативтік жұмыстар пайда болды: кәсіпкерлік, жалданып істеу және контракт бойынша белгілі бір мерзімге дейін жұмыс істеу. Бірақ біздің қоғамда қалыптасқан көзқарасқа қатысты ер адам өз отбасының асыраушысы, ал әйелдер отбасы-ошаққасына жаңа буынның тәрбиесімен шұғылдануы қажет деген түсінік қала берді.
Жұмысқа орналасу мәселесіне ешкім кепіл бере алмағандықтан, дәстүрлі ерлер үстемдік ететін жанұяның моделінің мәні әйелдер үшін де, ерлер үшін де кеми бастады. Қазір ер адамдар мен әйел рөлдерінің айырмашылығы аз, олар әртүрлі және кім қанша табады, үйде кім бала тәрбиесімен шұғылдану керек деген сұрақтарға әртүрлі шешімдер бар. Өкінішке орай алдында айтып кеткен көзқарас біздің қоғамда қиындықпен қабылданып жатыр, әйелдер өсіп келе жатқан ұрпақты керегімен қамтамасыз етуде жанұяда маңызды рөлді ойнай бастады. Нарықтық экономика әйелдердің әлеуметтік жағдайына мынадай теріс факторлар бар:
- әйелдер арасындағы жұмыссыздық деңгейінің осы уақытқа дейін өте басым болуы;
- 35 жастан асқан әйелдерге мамандық бойынша жұмыс табу өте күрделі;
- қыздар мен келіншектерге сексуальдық дәмешілдік пен құлшылықтың қауіпі бар;
- ашық түрде олардың жалақысы жыныс белгілері бойынша азайтылады;
- ауылда тұратын әйелдердің тұрмысының төмендеуі [166, 15 б.].
Зиялы қоғамның дамуы бойынша шешімдер қабылданған тұста әйелдердің белсенділігінің арта түсуінің орнына одан әрі өмірінің қиындауы орын алып келеді. КСРО-да әйелдер демократиялық реформалардың бас кезеңінде үлкен белсенділік көрсетсе де, бірінші демократиялық сайлаудан кейін олардың қоғамдық өмірге қатысуының азайғандығы абыржытатын мәселе.
Үкіметте, парламентте және саяси партияларда әйелдердің маңызды саяси қызмет орындарын алу пайызы төмендеу. Қазақстан Республикасы парламентінде 114 депутаттың 15-і ғана әйелдер, олардың үшеуі сенаттың басқарушы тұрақты экономика, қаржы, бюджет комитеттерінің төрайымдары.
Бір әйел Қазақстан ғылым академиясының президенті болып тағайындалған. Әкімдердің ішінде әйелдер сирек кездеседі. Үш әйел шет мемлекеттерге елші болып аккредитацияланған. Экономиканың әртүрлі саласында тек 74,5 мың әйелдер басқарушы қызмет атқарады. Сондықтан да саяси шешімдерді қабылдау тек елдердің пешенесінде. Білім, өнер, мәдениет, бұқаралық ақпарат құралдары саласында да басқарушы қызмет орындарында отырған әйелдер саны өте-мөте аз.
Шүбәсіз жаңа кезең әйелдердің көтерілуі үшін өте көп мүмкіндік туғызады. Бірақ та бұл мүмкіндіктер жүзеге асу үшін әйел теңдігі мәселесіне немқұрайды қарамау керек және бұл мәселелерге үкімет саясатының үстем мәселелерін анықтаған кезде әрқашанда көңіл аударып отыру керек.
Соңғы гендерлік зерттеулер адамның айналысатын кәсібі олардағы маскулиндік мен феминдік сипаттың деңгейімен байланысты екенін анықтаған.
Ғалым К. Кастлдың әлемнің әйгілі әйелдеріне арналған зерттеуінде 42 этникалық топтан шыққан 868 атақты әйелдің басым бөлігі, яғни 38 % -і әдебиет саласының өкілдері екені анықталған.Ал тарихта аты қалған нәзік жыныстыларды есепке алған түрлі библиографиялық анықтамаларда әлемге әйгілі әйелдердің қатарына ел билеуші әйел монархтар, саяси қайраткерлер, сондай-ақ атақты ер адамдардың аналары мен нақсүйерлері жатқызылған. Әйелдерді абырой-атаққа жеткізуде интеллектуалды көрсеткіштермен қатар асқан сұлулық, атақты адамға тұрмысқа шығу, дін, трагедиялық тағдыр, қайырымдылық немесе әдеби бейнелер маңызды болып табылады [167].
2004 ж. қыркүйекте Астана қаласында өткізілген Қазақстан әйелдерінің 4 форумында ел Президенті Үкімет пен Отбасы және әйелдер істері жөніндегі ұлттық комиссияға аталған тұжырымдаманың негізінде ҚР гендерлік теңдік стратегиясын әзірлеп, онда экономикалық, әлеуметтік және саяси салаларды қоса алғанда, қызметтің негізгі бағыттарын анық белгілеу, әйелдерге тең мүмкіндіктерді қамтамасыз ету үшін шаралар жүйесін мерзімдері бойынша әзірлеу керек екенін тапсырды.
Стратегия - мемлекеттің гендерлік саясатын іске асыруға бағытталған негізгі құжат, оны іске асырудың және мемлекет пен азаматтық қоғам тарапынан оның монирторингі жүзеге асырудың құралы, демократияның қалыптасуының маңызды факторы болып табылады. Осыған байланысты стратегияның әр бөліміне БҰҰ әйелдер қорының өңірлік офисімен (ЮНИФЕМ) бірлесіп әзірленген, саясатта, экономикада, білім беруде, отбасында, денсаулық сақтау және әйелдер мен балаларға қатысты зорлық-зомбылықты болдырмау мәселелерінде гендерлік теңдікке қол жеткізу жөніндегі көрсеткіштер енгізілген.
Гендерлік теңдік стратегиясы 2006-2016 жылдар аралығындағы кезеңде ерлер мен әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктерінің теңдігіне қол жеткізу жөніндегі міндеттердің шешілуін көздейді, ол 9 бөімнен тұрады. Қазақстан Республикасында гендерлік теңдік стратегиясын іске асыру әйелдер мен ерлердің өздерінің өмір сүру құқықтарын жынысқа байланысты кемсітусіз іске асыруы үшін жағдай жасауға ықпал ететін болды.
Жуырда «Қазақ қоғамындағы әйелдің рөлі» деген тақырыпта конференция болып өтті. Конференцияда Испания королдігінің елшісі Франсико де Ла Парте сөз сөйледі. Өзінің сөзінде елші мырза әйелдің күші мен шыдамдылығы жайлы көп айтты, әсіресе бұл қасиеттер постсоветтік дәуірдің әйелдеріне тән екенін қоса айтты.
Көптеген шет елдік эксперттер совет үкіметі құлағаннан кейінгі дағдарыстан Қазақстанның шығуы таң қалдырады (нарықтық экономикаға өту кезеңі және әлеуметтік саяси өзгерістерге дәл келді) дейді. Әрине бұл феноменді түсіндіретін бір факторды мысалға алуға болмайды. Алайда де Ла Парте мырзаның ойынша бұл жағдайдағы ерекше орын Қазақстан әйелдеріне берілген, бұл солардың арқасы десек қателеспеспіз.
Өтпелі дәуірде мектеп, балабақша, ауруханаларда, фабрика және мемлекеттік орындарда әйелдерге көп айлар бойы жалақы төленбеді. Ал олар мемлекетті ұстап тұрған ең негізгі тармақтар болған. Сонымен қатар әйелдің артында балалары, жанұясы болды. Енді, әйелді не жігерлі етеді деген сұраққа жауап іздеп көрейік. Елші мырзаның сөзі бойынша әйелдер өте шыдамды, өзінің жанын басқа үшін қиятын, ерлерге қарағанда, адамдардағы гумандық қасиетті бағалайтын да және өнерді түсінетін де әйел. Сонымен қатар әйелге талдау, болжау қасиеттері тән, яғни ол өзін және басқаларды да жақсы түсінеді. Міне әсіресе осы қасиеттер оларға дағдарыс кезеңін бастан кешіруге көмектесті, өздеріне барлық ынтаны алып жаңа ортаға бейімделді. Көптеген жағдайға байланысты әйелдің күшімен мемлекет те дағдарыстық жағдайдан шыға бастады. Әйелдердің көбі ала сумкаларын арқалап саудаға кірісті. 90 жылдары ер адамдардың көбісі жұмыссыз қалғандықтан стресске ұрынғандары ешкімге де құпия емес, бәріне қолдарын бір сілтеді, ал әйелдері болса семьяны асырау үшін қолдарына кез-келген жұмысты алды. Үй шаруасындағы жұмысты (үй шаруасын жүргізу, жанұяның бюджеттік жоспарлау, балаларды тәрбиелеу, келе жатқан шығынды санау, күйеуімен тату тәтті өмір сүру) жақсы атқара келе, әсіресе, әйел өзін келесі салаларда үлкен жетістікке жетті: әкімшілік, дипломатия, экономика, әлеуметтік тәрізді және қазіргі кезде жақсы жұмыс атқарып ерлермен тең келе жатыр.
Ұлттық тәрбие қанына сіңген қазақ әйелдері ерлері дастарханға отырмай, балаларына тамақ бермейді. Бұнда да ер адамды қадірлеу, әке беделін жоғары қою мақсаты жатыр.
Қазақ әйелдерінің күйеулерінің атын тікелей атамай, жанамалап, сыпайылап атауын да сыйластықтың белгісін білдіретін ұлттық стереотип деп тануға болады. Алайда қазір көптеген жас қыздар арасында «қазіргі заман әйелінің» бейнесі дұрыс құрылып жатқан жоқ. Жаңа ұрпақтың өкілдері барлық жағдайда тәуелсіз болуға ұмтылады, тіпті отбасы мен балалардан босанғысы келеді, олардың мақсаты тек қана мансапты көздеу, ерлермен тең беделді болу. Бірақ барлық жерде ерлермен тең болу керек пе? Өйткені еркектік қасиеттерді иемдену ылғи да жақсы қасиетті білдірмейді. Әйел өмір сыйлаған негізгі құндылықты терістеп бақытты бола алады ма? Өйткені табиғатынан оған ғана сезімталдық берілген әйел, ана қыз болу тән.
Егер әйелдің қасиеттері еңбектік коммерциялық әрекетті жақсартатын болса, онда әйелдерді көбірек саясатқа тарту керек. Бұл ой қорытындыны былай құрастырса болады: «Егер билікте көп әйел болса, әлем жақсы болар еді». Норвегияда үкіметтің жартысы әйелдердің қолында, парламентте әйелдер 40% құрайды. Бірақ жалпы әлемдегі әйелдердің саясаттағы белсенділігі төмен: әйелдер саяси аренада тек қана саясаткерлердің 13% құрайды. Ал көптеген мемлекеттерді жеке алсақ бұл сан одан да төмен болады. Дегенмен осындай «биліктің ортасында» әйелдердің пайда болуы көптеген адамгершілікті кіргізер еді, ол қазіргі кездегі жаһандану жағдайында қажет нәрсе .
Экономикалық тұрғыдан әйелдің де алға шығуына көп көңіл бөлінді. Республикалық бюджеттен 2008 ж. 150 млн. тенге әйелдер арасындағы кіші кәсіпкерлікті қолдау үшін бөлінді. Қазіргі таңда әйелдердің 40% кіші биснеспен шұғылданады. Ұлттық комиссия әйелдің денсаулығына да көп көңіл бөлуде. Әйелге деген күш көрсету мәселесіне де көңіл аударудамыз. Гендерлік экспертиза жүргізілуде. Ұлттық комиссияның қолдауымен Қазақстанда Алматы қаласында «Қамқор» деген дағдарыстық орталық орнатылды, ол жерде зорлық көрген әйелдер мекен ете алады, қызметкерлерден көптеген көмек көреді. Осыған байланысты қазіргі таңда Қазақстанда 19 дағдарыстық орталық өз жұмыстарын істеуде.
Гендерлік теңсіздік әсіресе әйелге күш көрсету фактіде көрінеді. Бұның бәріне мақсатты қарап жұмыс істеу тек қана Ұлттық комиссияға емес, сонымен қатар қоғамға да байланысты. Гендерлік саясат - ол ерлер мен әйелдердің теңдігіне бағытталған мемлекеттік шешім мен шаралардың жиынтығы. Бұл ерлер мен әйелдің арасындағы билікті теңдей бөлу, қызметтегі теңдік, қаражаттық тәуелсіздік және бизнестің дамуы; өзінің жеке қызығушылығын арманға жеткізу; семьядағы баланы тәрбиелеудегі тең мүмкіндіктер, әрине де жынысқа қатысты ешқандай зорлықтың болмауы.
Қазіргі таңда 4 мемлекет - Швеция, Дания, Финляндия, Норвегия гендерлік теңдікке қол жеткізді. Олардың еншісіндегі 30% әйел үкіметте және 50% ақылы еңбек сферасында жұмыс істеуде. Сондай-ақ үкіметтегі әйелдің 30% Исландия, Нидерланды, Германия, ЮАР, Англия, Австрия, Литва, Латвия, Эстония мемлекеттерінде.
Қазір гендерлік теңдікке қол жеткізу үшін сыни сәт туды. Таптық, этникалық сатыны өткен әйелдер өздерінің лидерлік қасиеттерін көрсетуге және де күшті стратегиялық кеңес құруға шақырады. Бүгінгі күнге дейін 181 мемлекет әйелдің дискриминацияның жою конвенциясына қол қойды. 120 мемлекет гендерлік теңдікке қол жеткізу үшін ұлттық жоспарды қабылдады. Жауапкершілікті әйелдер көп, оған мысалға Либерия мемлекетінде Эллен Джонсон, ал Чилиде Мишель Башелет президент болғаны жата алады.
Кезінде адамды рухани-адамгершілік тәрбиелеуде үлкен рөлді ауыл адамдары атқарған. Қазақтар “қызға қырық үйден тию” деген мақал бар. Оның мағынасы қызды біріге отырып рухани-адамгершілікке тәрбиелеуде әрбір адам бұл жауапкершілікті жақсы сезінген. Қазіргі кезеңде осы тамаша тәжірибе ұмытыла бастады. Қызды тәрбиелеу тек бір отбасының ғана еншісіне айналуда, ал, кейде, қазіргі тым өзгергіш дүниеде ол қыздың өз ісі ғана болып отыр.
Қазіргі қазақ қыздарының көпшілігінің білімі, экономикалық тәуелсіздігі, әлеуметтік-кәсіби шеберлігі бар. Сөйтіп, ол өз тағдырын өзі жоспарлы түрде ұйымдастыратын халге жетті. Бұл мәселенің оңды жағы. Қазақстанда гендер мәселелерін зерттейтін әртүрлі ғылыми орталықтар баршылық, оларда әйел құқығы мен бостандығының әр қилы қырлары қарастырылады. Бірақ бүгінгі таңда әйелдер өз бойындағы тамаша нәзіктікті жоғалтуы мүмкін-ау деген қауіп күшейе түсуде. Әйелдердің көптеген бастамаларын құптай отырып, олардың тәуелсіздікке деген қадамдарын қолдай отырып, дегенмен де қазіргі қыздар бейнесінде біздің халықтың дәстүрлі құндылықтары мен Батыс пен Шығыстың қазіргі дүниеге деген қатынасын танытатын белгілерді байқауға болады.
Еріне адал жар, баласына ардақты ана болумен бірге еліне қамқор болған аналарымыз жаһанға жар салмай-ақ өзінің шынайы болмысын, нәзік те төзімді жаратылысын сақтай отырып, бір ұрпақтан келесі ұрпаққа ана тілін, төл мәдениетін, өнерін табыстап отырды. Қазақ әйелі перзентіне уыз сүтімен туған тілінің қадірін сіңірсе, тал бесікке сүйене отырып айтылған бесік жырымен халқының бойындағы асыл қасиетін дарытып отырғаны белгілі. Ал халықтық қасиетті ұрпақ бойына дарытуда әйел-ананың құдіретті күшімен байдың дәулеті де, ханның жарлығы да, батырдың найзасы да өрелесе алмайды [168 , 201 б.]. 
Мысалы, белгілі қоғам қайраткері Амангелді Айталының: «Өз ұлтына, тіліне, мәдениетіне салқындық білдіру – ақ сүтін берген анасының омырауын тістеумен бірдей» [169, 35 б.] деген ойы жазушы, қоғам қайраткері Ә. Кекілбайұлының осы тектес пікірімен сабақтасады: «Есесі кетіп келген тілімізді мұратына жеткізу үшін, бәрінен бұрын, қай-қайсымыздың да қолымыздан келуге тиісті дұрыс ана , дұрыс ата, дұрыс ұстаз, дұрыс азамат бола білуге көбірек көңіл бөлгеніміз дұрыс сияқты» [170, 12 б.]. Ә. Кекілбайұлы дұрыс ана бола білуді алдымен атап, бірінші жазып отырса, бұл, әрине, тегіннен тегін емес. Ана тіліміздің тағдыр-талайында аналардың атқарар рөлі айрықша екендігі аян. Әуелгі «әлдиді» айтатын да, бесік жыры арқылы ұлттық тілдің уызын сіңіретін де – ана.
«Ананың сүті – бал, баланың тілі – бал» дейді қазақ. Міне, осылайша өмір тәжірибесінен, салыстыру нәтижесінен туған халық мақал-мәтелдері, даналық сөздері бала тілінің қалыптасуындағы ана сүтінің маңызын ( яғни ана сүтімен бірге сіңірілген тіл құдіретін, тәрбиені) дөп басып айтады. Халқымыздың батыры Бауыржан Момышұлы «Ана тілін білмеген – ана сүтін татпаған» деп бекер айтпаған.
Осыған байланысты «Ана бір қолымен бесікті, екінші қолымен әлемді тербетеді» деген қанатты сөз де бар. Біздің пікірімізше, ана өзінің әлдиі мен бесік жыры арқылы тілді де тербетеді.
Ұлттық тілін «ана тілі» деп атаған ойға жүйрік, сөзге шешен халқымыздың біртуар ұлы, заманымыздың заңғар жазушысы М. Әуезовтің «Ел болам десең, бесігіңді түзе!» деген сөзінің мән-мағынасы дәл қазіргі кезеңде айқын жол табуға, тілімізде сақталған ұлттық рух пен сананы жаңғыртып, жаңа сапаға көтерілуге бағыт алған ұлт болашағын дамытудың өзекті арқауы болмақ. Қазақ халқының таным-түсінігінде «ана - сәби - бесік» ұғымдары – бір-бірінен ажырамас, біртұтас, тығыз байланысты киелі ұғымдар. «Сүтпен біткен мінездің сүйекпен кететінін» ескерсек, ұлттық болмысты, ұлттық рухты, діл мен тілді сақтап қалатын ұрпақ тәрбиелеу бесігін тербетіп, әлдиін жұбатқан анаға байланысты екені дәлелдеуді қажет етпейді. Ана сүтімен бойға сіңген ана тәрбиесі, үлгі-өнегесі, асыл өсиеті адамның көкірегінде жатталып, өле-өлгенше сақталады. Сол үшін әрбір қазақ әйелінің дүниеге әкелген сәбиі жылағанда, қазақша әлдилеп жұбатып, қазақша бесік жырын айтып ұйықтатып, «апа» деген алғашқы сөзді үйретіп, тілін де қазақша шығаруы, қазақ тілінде ертегі айтып, қазақша «құлыным, ботам» деп еркелетуі оның өмірлік қағидатына айналуы тиіс.
Қазақтың намыс туына айналған Бауыржан Момышұлынан неден қорқатыны туралы сұрағанда, ол кісі бесік жырын айтпайтын келіндерден, ертегі айта білмейтін әжелерден қорқатынын білдірген екен. Шынында да бесік жырын, «әлди, әлди, бөпешімді» айтпақ түгіл, ондай-ондайға осқырына қарап, өз тілін өзекке теуіп тастап, өзге тілде бала тәрбиелеп үйренгендердің мыңдап саналуы – қазіргі қазақ қоғамының шындығы.
Ұлт болашағы ел егемендігімен тығыз байланысты шешуі күрделі, өзекті мәселе екені белгілі. Ал ұлт болашағы – жас ұрпақты дүниеге әкелу, оларға ұлттық тәрбие беру міндеті жүктелген әйел-аналардың бүгінгі қоғамдағы әлеуметтік хал-ахуалын тіл майданының ортасында жүрген тілші-ғалым Ө. Айтбайұлы былайша суреттейді: «Күн көрістің жөні осы екен деп, әрбір отбасын түрлентіп, ошағын лаулатып, қазанын қайнатып, ұрпағын жайнатып келген әйел атаулы жаппай сауда қуып, ауылдан ұзап, ел кезіп кеткен. Қоржын-қосқалаңы, қапшық-дорбасын арқалаған жас әйелдер мен қыздарды көргенде, бұлар бұлай жүргенде отбасының берекесі қалай кірмек, бала бойына ұлттық тәрбиені кім ендірмек, болашаққа ие болар ұл мен қызды өмірге кім әкелмек деп күйзелесің... Ана тілі баланың бойына ананың ақ сүтімен дариды, оның аялы алақаны, ақ тілегі, адал жүрегімен дамиды. Осының бәрінің басы-қасында ұйытқы болып әйел-ана отыруы керек қой. Ал олардың жағдайы әлгіндей» [171, 234 б].
«Тоқырау кезеңі» деп аталған, зауыт, фабрика жабылып, жұмыссыз қалған ер-азаматтар жерге қараған тұсында қазақ әйелдері тәуекелге бел байлап, қап-қоржынын арқалап, тау асып сауда жасады, базарға шықты. Істің көзін тауып ер- азамат көтерер ауыр жүкті мойнына артты. Қазақ халқының басынан өткен небір тарихи кезең, зұлмат-зобалаңдарда қазақ әйелдері де ерлерден қалыспай, қайсарлық, батырлық үлгісін көрсетіп отырған.
Мамандардың пайымдауынша, әйел мен еркектің тең құқықтығы мәселесі қисынсыз. Себебі, оларды өзара тең санау алма мен алмұртты теңестірумен бірдей. Әйел мен еркек психологиялық та, физиологиялық тұрғыдан да өзгеше жаратылғандықтан, табиғаты бірбірінен ерекшелетіндіктен, бақыт пен тыныш өмірге ие болу үшін әрқайсысы өзінің табиғи жаратылысына сай салада өзін жетілдіру керек.
Осымен байланысты, әйел, ең алдымен, ана. Ол асқан шыдамдылықпен, нәзік сезіммен, ерекше мейіріммен баланы өсіреді және тәрбиелейді. Біздің ойымызша, бүгінгі қоғамда ананың рөлі әлі де бәсең. Ал қашанда ана тілінің ұлтты ұйыстырушылық қасиетін, құдіретін күшейту әйелдердің қоғамдағы рөлін арттырумен байланысты екені бесенеден белгілі Қазақ әйелінің көңіл-күйі, сезім әлемі, ішкі дүниесі нәзік болуымен бірге шытырманға толы, аса күрделі. Әйелдер жаратылысынан ерлерге қарағанда анағұрлым сезімтал. Осыған байланысты «әйелдік интуиция» деген жеке ұғым да қалыптасқан. Әке бала тәрбиелеуде ана сияқты сонша төзімділік пен мейірім үлгісін таныта алмайды. Себебі, әйел табиғатын ерекшелейтін де оны көкке көтеріп, құрметке бөлейтін де оның жан дүниесіндегі қайырымдылық, нәзіктік, өзгеге түсіністікпен қарау, сезімталдық және төзімділік сияққты ізгі қасиеттер деп ойлаймыз. Бұл қасиеттер әйел аналық міндетін отбасы аясында танығанда ғана айқын көрініс береді.
Қазіргі философиялық-мәдениеттанулық әдебиетте «үйге қайта оралу» деген ұғым кең тараған. Бұл өзінің тарихи алғашқы бастауларына, дәстүрлеріне, яғни мәдени сәйкестілікке (к культурной идентичности) қайта оралу деген сөз. Қазіргі қазақ әйелдердің рәміздік бейнесін қалыптастыруға бұл мәселенің тікелей қатысы бар. Мәдени сәйкестілік дегеніміз – белгілі мәдениетті қолдау.Бұл туралы үш негізгі теориялар қалыптасқан: примордиализм, инструментализм, конструктивизм. Егер примордиализмді дәстүршілдік парадигмасына жатқызсақ, инструментализм мен конструктивизмді модернистік парадигмаға жатқызамыз. Примордиализм тұрғысынан қарасақ, әйелдің дәстүрлі мәдениетке сәйкестенген рәміздік бейнесі объективтік алғашқы негізіне – қандас тұыстығына, ортақ тегіне және ата-мекеніне байланысты. Инструментализм және конструктивизм мәдени сәйкестілікті түсінуде субъективизм әдіснамасын қолдайды. Конструктивизмнің өкілдері мәдени сәйкестілікті жеке дара адамдардың «бастарында» іздейді. Бұл жазушылардың ғалымдардың, саясатшылардың бастарында қалыптасқан интеллектуалдық конструкт, яғни әйелдің рәміздік бейнесіне келетін болсақ, оның мәдени сәйкестілігі жағдайға қарай қалыптасатын феномен деп түсінеміз. Бұл феномен рәміздерді ажыратудың тәсілдерімен жасалады. Әйел этникалык мәдени білімге негізделіп, осы білім арқылы өзінің бейнесінде белгілі этникалық топтың мүшесі ретінде рәміздік белгілерін және соған сәйкес мінез-құлықты көрсетеді.
Инструментализм бойынша этнос пен ұлттың мәдени сәйкестілігі идеологиялық құралы ретінде қолданылады. Оны саяси лидерлер өздерінің мақсатарына жету үшін билікке күрес жүргізгенде халық бұқарасын жұмылдыру үшін пайдаланады. Инструментализм әлеуметтік- психологиялық теорияларға – функционализмге, прагматизмге, утилитаризмге негізделеді. Осылай, әлеуметтанулық функционализмнің қағидаларына негізделіп инструментализмнің өкілдері мәдени сәйкестілікті қоғам элитасы шығарған мифтердің жемісі деп сынайды. Сонда мәдени сәйкестілік белгілі инструментке айналады. Оны элита белгілі пайдасын табу үшін және билікті қолына алу үшін пайдаланады. Мәдени ерекшеліктер, құндылықтар элитаның қолына мақсатқа жету үшін құрал ретінде пайдаланылады [56, 16 б.].
Біздің пікірімізше, қазіргі қазақ әйелдердің рәміздік бейнесін қалыптастыруда конструктивизм бірінші орынға шығып тұр, өйткені біз ақпараттық қоғамда өмір сүріп келе жатырмыз, сондықтан әйелдің ріміздік бейнесінде қандай дүниежүзілік және ұлттық белгілері болу керек деген білімге ие болып, өзіміз өз таңдауымызды жасап келе жатырмыз. Қазіргі қазақ әйелдің рәміздік бейнесінде дәстүршілдік пен постмодерндік белгілер байқалады; өйткені бұқаралық ақпарат құралдарының ықпалымен, әсіресе теледидарда көрген жарнамаға қарай әйел өз бейнесіндегі рәміздік белгілерді өзі жасауға тырысады.
Отанға деген сүйіспеншілік ата-анаға, жақындарына, туыстарына деген махаббаттан, отбасындағы береке-бірліктің көзі – имандылықтан басталады. Имандылық – адамның қоғамдағы, күнделікті өмірдегі іс-әрекеттерін белгілі бір қалыпқа түсіретін ішкі рухани реттеуіш, қадір-қасиет, адам бойындағы адамгершілік, ізгілік, кісілік белгісі. Дәстүрлі қазақ қоғамында адамның имандылығына – мінез-құлық жүйесіндегі ерекшеліктеріне көп көңіл бөлінген. Адамның жарық дүниеге келуі, өсуі, ержетуі, тіршілік етуі, қартаюы, ата мен баланың қарым-қатынасы, үлкендік пен кішілік, сыйластық, әдептілік пен арлылық, инабаттылық тәрізді маңызды мәселелер имандылықтың маңызды құрамдас бөлігі ретінде ешқашан да назардан тыс қалмаған.
Жастардың үлкендерге құрмет көрсетуі, үлкендердің кішілерге ізет білдіруі өмір сүру салтына айналған. Қоғамда берік қалыптасқан осындай көрегенділікпен өмір кешу дағдылары жинала келіп, барша адамгершілік қағидалардың, Имандылықтың жазылмаған кодекстерінің қалыптасуына негіз болған.
Бойына адамгершілік асыл қасиеттерді жинап өскен жасты «көргенді» деп, жүрегінен нұр, өңінен жылу кетпейтін, әрдайым жақсылық жолын ойлайтын, әр істе әділдік көрсететін адамдарды «иманды» деп атаған. Мұсылмандық дүниетаным бойынша Имандылық иманнан пайда болады. Ал иман – жүректегі нұр, нұрдың сыртқы болмысы, яғни Имандылық. Алла тағалаға иман еткен адамға бітетін көркем мінез. Алла жіберген әрбір пайғамбарының міндеті – иман мен Имандылыққа уағыздау деп саналған. Ең соңғы пайғамбар Мұхаммед «Мен ең ғажап көркем мінезді толықтыру үшін жіберілдім»,- деуі арқылы әлемдегі тәлім-тәрбие мен имандылықтың қаншалықты маңызды екенін көрсеткен, Имандылыққа өзі бірінші үлгі болған делінеді. Имандылықтың негізін мұсылмандар Құранда деп біледі. Құран Кәрімнен ең көп үлгі алған Мұхаммед пайғамбардың мінезі жайлы Хазіреті Айша: «Оның мінезі - Құран»,- деп жауап берген. Ізгі істер діни ұғым бойынша Имандылық болып табылады. Қазіргі зайырлы өркениетті қоғамда имандылық – аса қастерлі, биік адамшылық қасиет ретінде ұсынылады.
Шәкәрім Құдайбердіұлының «Иманым» атты жинағында жаратылыс жұмбағы, Алла мен адам қарым-қатынасы, иман жайлы жазған туындылары қамтылған. Ой бастауы Құран Кәрімнен құйылар Шәкәрімнің сыр сөздері бүгінгі қоғамның тынысымен үндес екендігі даусыз. Қазақ қауымының ғана емес, жалпы адамзат баласының рухани қазынасы үшін өлмес өсиет қалдырған Шәкәрім бабамыздың асыл мағыналы сыр сөздерінің жылдар өткен сайын жаңғыратыны шындыққа айналып отыр. Сондықтан да иманына қазақтың талапты жастарын таныс қылмақ үшін Шәкәрім бұл жинағында:
«Қырықтан соңғы қырымды,
Сынамақ болсаң түрімді,
Көрейін десең нұрымды,
Жи-дағы оқы жырымды».

Немесе:
«Қырықтан соңғы иманым,


Отыз жылдай жиғаным,
Көп ғалымның сөзінің
Ақылға алдым сыйғанын»,
- деген екен.
Уақыт ағымы дегеніміз бұл өмірдің бас айналдырарлықтай алуан түрлі картиналарының кинематографиялық алмасуы, бұл жоқтан пайда болып, ғайыпқа сүңгіп жоқ болу, бұл мазасыздыққа бой алдыру мен үздіксіз қозғалыстың тұрақсыздығы дүниедегінің барлығын «әбігерлі», мағынасыз етеді. Уақыттың өзі әлемдік мағынасыздықтың көрінісі сияқты. Біз іздеген объективті толық және негізделген өмір мұндай мазасыздық, бірінен екіншісіне өтетін әбігерлік бола алмайды, әлемдік уақыт ағымының мәні болып табылатын сол бір ішкі қанағаттанбаушылық бола алмайды. Ол мәңгілік өмір болуға тиіс. Біздің өміріміз соған қызмет етумен мағыналы болатын игілік қана мәңгілік, өзіне өзі орныққан, уақыттың тұрақсыз ағымынан көтерілген болуға тиісті. Бірақ ол өзі үшін ғана мәңгілік емес, ол мен үшін де сондай болуға тиіс. Егер ол маған мен үшін болашақта қол жеткізуге ұмтылатын тек мақсат қана болса, онда менің өмірімдегі өткен мен қазіргі одан аластатылған, сондықтан олар ақталмаған және саналы түсінілмеген; ол біз көргендей, менің барлық өмірімнің келіп-кететіндей негізі боларлықтай мақсат болуы керек. Мен оған менің «меніме» алыс, бөтен нәрсе ретінде ұмтылмаймын, менің өзімдік терең қабаттарымда жасырынған бастау ретінде ұмтыламын; тек сонда ғана менің өмірім басынан соңына дейін соның жылуымен жылынған, нұрланған және сондықтан «мағыналанған» болып табылады. Бірақ тіпті осының өзі де аздық етеді. Өйткені менің өмірімнің бастауы мен соңы бар және осы қысқа аралықта өзін тауысады, ал мәңгілік игілік ол үшін қол жеткізбейтіндей болып қалады,- себебі ол дәл осы өзінің мәңгілігінде қол жеткізбейді. Алайда мен оны өзімнің ойыммен ұстай алармын,- бірақ мен өз ойыммен өзіме жат және бөтен нәрселерді аз ұстаған жоқпын ғой. Егер ойыңда ие болған нақты ие болумен тең болса, онда барлық адамдар бай, бақытты болар еді. Жоқ, мен оны нақты және дәл сол мәңгілікте иеленуім керек, әйтпегенде менің өмірімнің бұрынғыдай мағынасы жоқ және мен мағына беруші жоғары игіліктің қосшысы емеспін, оған тек бір сәтке ғана жанасқандаймын. Бірақ менің өз өмірімнің мағынасы болуы керек қой; өзіндік мақсат болмаса да, ол өзінің соңғы терең қабаттарында тек игілікке ұмтылып қана қоймай, тек оны пайдаланып қана қоймай, онымен тұтасып кетуі, оның өзі болып кетуі керек. Мәңгілік, барлықты қамтитын және барлықты нұрландыратын бастау ретінде менің эмпирикалық шектелген тұлғамнан және оның өмірінің қысқа уақытша ағымынан шексіз асып түскен ол сонымен қатар мағанда тиесілі болуы тиіс; менде оған тек ұмтылып және жанасып қана қоймай, оған ие болуым керек. Яғни, басқа мағынада бұрын да айтылғандай, ол менің өміріммен - оның эмпирикалық, уақытша және шектелген табиғатымен емес, керісінше оның соңғы терең және мәнімен тең бара бар болуы керек. Менің өмірімнің тек ол мәңгілікке ие болғанда ғана мағынасы болмақ. Осының бәрін «Әйел манифесі» деп қабылдауға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет