Генетика негіздері Генетика есептерін құрастыру және шешу әдістемесі



бет7/8
Дата02.06.2023
өлшемі172 Kb.
#98429
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
генетика есеп

Бақылау есептері

  1. Баланың қан тобы І, ал оның қарындасыныкі ІV. Олардың ата- анасының қан топтары туралы не айтуға болады?

  2. Ата- анасының қан тобы ІІ және ІІІ . Олардың балаларының қан тобы қандай болады?

  3. Адамда қан топтарын І гені анықтайды. Бұл геннің үш аллелі бар:

І А,І В,І О. Адамның генотипі ІоІо болса І топқа ; генотипі ІА ІА ІА ІО болса, ІІ топқа; генотипі ІВ ІВ ІВ ІО болса, ІІІ топқа; генотипі ІАІВ болса, ІV топқа жатады. ІV топтың аллельдері А және В кодоминантты болғандықтан ІО аллельден басым. Егер шешесінің қан тобы ІІ, әкесінің І болған жағдайда балаларының қан тобы қандай болады?

  1. Ағайынды жігіттердің қан тобы –IV АВ. Олардың ата -анасының қан топтары қандай болуы мүмкін?

  2. Көздері қара ерлі -зайыптылардың отбасында төрт бала бар. Олардың екеуінің көздері көк те, қан топтары І және ІV, ал екеуінің көздері қара да, қан топтары ІІ және ІІІ . қара көзді белгіні аутосомалы -доминантты деп алсақ, осы отбасында қара көзді, І топты қаны бар баланың тууы мүмкін бе?

  3. Хондродистрофия ( қаңқа дамуының бұзылуы) адамда доминантты белгі ретінде тұқым қуалайды. Гомозигота күйінде бала туылмай жатып өледі. Ерлі- зайыптылардың осы ген бойынша ауру болса, онда олардан сау бала тууының ықтималдығы қандай?

  4. Адамда аллельді емес гендер А1 және А2 меланиндердің (қоңыр қара түсті пигменттері) түзілуін және терінің қоңыр түсін анықтайды. Ал рецессивті гендер а 1 және а2 ақ түсті бақылайды. Белгілердің көріну дәрежесі генотиптегі доминантты аллельдердің санына байланысты. Аллельді емес гедердің әрекеттесу типін анықтаңдар.

  5. Ақ гүлді екі бұршақ өсімдігін будандастырғанда ұрпағының 183-і ақ гүлді және 62-сі қара қошқыл түсті болды. Ақ түс рецессивті тұқым қуалайды. Аталық және аналық өсімдіктің генотипін анықтаңдар.

  6. Асқабақ жемісінің тегершік тәрізді пішіні екі доминантты ген А мен В-ның өзара әрекеттесуі арқылы анықталады. Егер генотипте осы екі геннің бірі жоқ болса, жемісінің пішіні домалақ келеді. Екі геннің рецессивті аллельдері бірігіп, сопақша пішін береді.Жемісі тегершік пішінді гетерозиготалы өсімдік жемісі сопақша болып келген өсімдікпен будандастырылған. Ұрпақтың фенотипі мен генотипін анықтаңдар.

  7. Гүлі күлгін түсті жоңышқа өсімдігін гүлі сары түстісімен будандастырылғанда бірінші ұрпақта алынған өсімдіктердің гүлінің түсі жасыл болған. Жасыл гүлді өсімдіктерді өзара тозаңдандырғанда белгілер екінші ұрпақта ажыраған: 169 асыл гүлді , 64 күлгін , 67 сары және 17 ақ гүлді болған. Белгілер қалай тұқым қуалайды?

Жауаптары:

  1. Ата- анасының генотипі І А І О және І В І О . Олар ІІ және ІІІ қан тобы.

  2. Балаларының қан тобы: АА, АО , ВО, ОО.

  3. Қаны ІІ топты әйелдің генотипі гомозиготалы немесе гетерозиготалы болуы мүмкін. Бірінші некеде баланың қан тобы ІІ, екінші некеде баланың қан тобы ІІ немесе І болады.

  4. Төрт нұсқасы бар: а) ІІ (А) және ІІІ (В) ; ә) ІІ (А) және ІV (АВ); б) ІІІ (В) және ІV (АВ); в) ІV (АВ) және ІV (АВ).

  5. Туылуы мүмкін. Геномда қара көзді және І топ қанды бақылайтын гендер бар.

  6. Отбасында сау бала тууының ықтималдығы 1/3 немесе 33,3%.

  7. Полимерия.

  8. Комплементарлық : аналық –АаВb , аталық –aabb .

  9. АаВb, Aabb, aaBb, aabb.

  10. Жоңышқа өсімдігінің гүлінің түсін тәуелсіз тұқым қуалайтын екі ген бақылайды, олардың өзара әсерінен жаңа белгі пайда болып, белгілер 9:3:3:1 қатынасында ажырайды.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет