Дигибридті және полигибридті будандастыруға арналған есептерді шығару жолдары
1-есеп. Адамда алыстан көрмеушілік белгі көруі қалыпты белгіден басым, ал қой көзді белгі, көк көзді белгіден басымдылық көрсетіп тұқым қуалайды. Екі жұп гендер әр түрлі хромосомада орналасқан. Гетерозиготалы еркек , көк көзді көруі қалыпты әйелге үйленгенде қандай ұрпақ күтуге болады?
Шешуі: есептің шартын кестеге жазамыз.
Белгі
|
Ген
|
Генотип
|
Алыстан көрмеушілік
|
А
|
АА,аа
|
Көруі қалыпты
|
а
|
аа
|
Қой көзді
|
В
|
ВВ,Вb
|
Көк көзді
|
В
|
bb
|
Еркек екі белгі бойынша гетерозигота болса, онда оның генотипі- АаВb болады. Ал әйел екі белгі бойынша рецессивті гомозигота болғандықтан генотипі –aabb.
Енді осы некенің үлгісін жазайық:
Р aabb х АаВb
Г ab АВ Аb аВ ab
Ғ2 Аа Вb Аа bb ааВb aabb
Генотиптері дигетерозиготалы АаВb аталықта мейоздық бөлінудің нәтижесінде 4 типті гамета түзіледі: АВ; Аb; аВ; ab. Осы гаметалардың әрқайсысы аналық ab гаметамен қосылып, 4 типті зигота түзеді. Олар : Аа Вb- алыстан көрмеушілік, қой көзді; Аа bb- алсытан көрмеушілік, көк көзді; ааВb- көруі қалыпты , қой көзді; aabb – көруі қалыпты , көк көзді.
Достарыңызбен бөлісу: |