Генетика негіздері Генетика есептерін құрастыру және шешу әдістемесі



бет8/8
Дата02.06.2023
өлшемі172 Kb.
#98429
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
генетика есеп

Қан топтарының тұқым қуалауы

  1. Қан тобы І қыз , қан тобы ІІІ жігітке тұрмысқа шығады. Олардың балаларының қан тобы қандай болады?

  2. І А гені бойынша шешесі гомозиготалы, әкесі ІВ гені бойынша гомозиготалы болса, балаларының генотипі қандай болады?

  3. Әкесінің қан тобы ІV , шешесі ІІ қан тобы бойынша гомозиготалы отбасындағы балалардың генотипін анықтаңдар.

  4. ІІ қан тобы бойынша әйел де, еркек те гетерозигота болса, олардың балаларының қан тобы ІV , ІІІ, ІІ және І болуының ықтималдығы қандай?

  5. Әке шешесінің біреуінің қаны І топқа , ал екіншісінікі ІІІ топқа жатады. Олардың бір баласы бар. Сол баланың қанының тобын және оның генотипін анықтау керек.

  6. Сот поцесінде алимент төлемегені үшін іс қаралып жатыр. Шешесінің қаны І топ. Ал баласының қаны ІІ топқа жатады. Баланың әкесі ретінде қаны ІІІ топқа жататын еркек болуы мүмкін бе? Әкесінің қаны қай топқа жатуы мүмкін екенін анықтаңдар.

  7. Ерлі- зайыптылардың екеуінің де қанының топтары гетерозиготалы ІІІ топ болған жағдайда , олардан ІІ және ІV жататын балалар тууы мүмкін бе?

  8. Апалы -сіңлілі егіз қыздардың біреуінің қанының тобы ІІІ, азу тістері жоқ (шешесінен берілген), екіншісінің азу тістері бар, қанының тобы ІІ . Ата- анасының қан тобы ІV болған. Апалы- сіңлілі қыздар бір жұмыртқалы егіздерге жата ма, әлде әр түрлі жұмыртқалы егіздерге жата ма? Отбасы мүшелерінің генотипін анықтаңдар.

Жауаптары:

  1. ІІІ

  2. ІV.

  3. ІІ және ІV.

  4. ІІІ топ, І,ІІ топ -75% және І топ – 25%.

  5. ІІІ немесе ІІ топ.

  6. Мүмкін емес. Әкесінің қан тобы – ІV немесе ІІ болуы керек.

  7. Мүмкін емес.

  8. Әр түрлі жұмыртқалы егіздер, шешесі –гетерозигота.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет