Генетика негіздері Генетика есептерін құрастыру және шешу әдістемесі


Жауабы: бұл некеден туылған ұрпақтардың генотипі және фенотипі 4 түрлі болады. 2-есеп



бет4/8
Дата02.06.2023
өлшемі172 Kb.
#98429
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
генетика есеп

Жауабы: бұл некеден туылған ұрпақтардың генотипі және фенотипі 4 түрлі болады.
2-есеп. Адамда қой көзді белгі ,көк көздіге қарағанда басым, ал оңқайлық, соалқайлыққа қарағанда доминантты белгі ретінде тұқым қуалайды. Бұл аталған жұп гендер әр түрлі хромосомада орналасқан. Көк көзді оңқай қыз, көк көзді солақай жігітке тұрмысқа шығады. Олардың екі баласы болған, біреуі көк көзді оңқай, екіншісі көк көзді солақай. Шешесінің генотипі қандай?
Шешуі:есептің шартын кестеге жазамыз.



Белгі

Ген

Генотип

Қой көзді

А

Аа АА

Көк көзді

а

Аа

Оңқайлық

В

ВbВВ

Солақайлық

b

bb

Көк көзді солақай жігіт екі белгі бойынша рецессивті болғандықтан, оның генотипін былай жазамыз: aabb. Қыздың генотипін олардың екі баласының фенотиптері арқылы анықтауға болады. Шешесінен балаларына оңқай және солақай белгілер ажырап , ал көздің белгілері ажырамай беріліп тұр. Бұл көрініс қыздың генотипі бір гомозигота және гетерозигота екенін көрсетеді.


Енді осы некенің үлгісін көрсететейік:


Р ааВb х aabb
Г аВ ab ab
Ғ1 ааВb - көк көзді оңқай
aabb - көк көзді солақай
Жауабы: шешесінің генотипі- ааВb болады.


3-есеп. Шабдалының екі түрін бір- бірімен будандастырғанда жемістің түктілігі және ақ еттілігі бойынша -28 түкті, ақ 9 түкті, сары ; 10 тегіс , ақ және 3 тегіс, сары ұрпақ береді. Ата-анасының генотипін анықтаңдар.
Шешуі: есепті шығару барысында фенотипі рецессивті даралар әрқашан гомозигота болатынын естен шығармау керек. Бұл есепті екі әдіспен шығаруға болады.
1-әдіс. Будандасқан белгілердің ұрпақтарының сандық қатынасына талдау жасау. Ұрпақтағы әр белгілердің будандасу нәтижесі жеке талданады: бірінші – түкті жеміс, екінші – жеміс етінің бояуы бойынша.
Бірінші ұрпақта 37-сі түкті жеміс және 13-і тегіс, бұлардың сандық қатынасы 3:1-ге тең деп есептеуге болады. Бұл ата-аналық даралардың гетерозигота Аа екенін дәлелдейді. Ал жемістің етінің бояуы бойынша ұрпақта 38 ақ және 12 сары жеміс болған, бұлардың арақатынасы 3:1-ге тең. Бұл ата- анасының генотипі гетерозигота Вb екенін көрсетеді.
Жауабы: будандастыруға алынған даралардың генотипі мынадай болады:
Аа Вb х Аа Вb.
2-әдіс бойынша бұл есепті генотипі гомозиготалы рецессивтң ұрпақ арқылы шешуге болады. Себебі бұл ұрпақта ата ансынан өткен а және b гендері бар. Бұл будандастыруға алынған даралардың осы белгілері бойынша гетерозигота екенін көрсетеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет