Гімелер, аудармалар



Pdf көрінісі
бет33/106
Дата29.07.2023
өлшемі4,32 Mb.
#104908
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   106
үйді жасап жүріп
)
.
Жігіттерден жар-жар 
айтатын Асан болады, ол бір самар көрінеді, қыздар ештеңе 
айта алар ма екен?
2-к е л і н ш е к . Е, айтпай!! Олар да естімей жүр деймісің, 
бүгін туып па?.. Жар-жарды еркемнің өзіне айтқызса, Асаннан 
асып түспесе, кем түспес еді. Ұзатылатын қыз болған соң иба 
14–1247


210
қылады ғой, әйтпесе Сырымнан екі елі айырылмаған, ылғи 
өлеңмен ән үйреніп алып, ойын-тойда тамам қыз-келіншектің 
алдына түсуші еді.
А қ б а л а . Олар үшін айтатын кісі табылар, мырза жігіт 
бұрынғы әдетінен жаңылмаса, жігіттерге қосылар деймісің.
1-к е л і н ш е к . Кім біледі? Әжемнен қаймықпаса, ұрсады 
деп.
А қ б а л а . Бәрекелді, қаймығатын кісіні тапқан екенсің! 
Әжем қарғағаннан басқа оған не қылады? Айтар қарғысын айта 
берер, теріс батасын беріп болған. Оған тыылса, мырза жігіт ай 
қарап жүр деймісің, ол өз бетінен қайтпайтын тентек емес пе?
2-к е л і н ш е к . Япырым-ай, әжемді әкелері осы күнге шейін 
сыйлап қорқып тұрады, Сырым неге соларша қадірлемейді.
А қ б а л а . Жас күнінде, шешесі өлгеннен бері, әкені әке де-
мей, шешені шеше демей, жат бауыр болып кетті дейді ғой.
1-к е л і н ш е к . Болса болар-ау өзі, мына шешесінен өгейлік 
те көріпті ғой бала кезінде.
IV көрініс
Қолында таяғы бар, жуан семіз бәйбіше Мөржан шығады. Жанында 
Кәмшат сүйемелеп келе жатыр.
М ө р ж а н (
Отаудың есігіне қарап тұрып
)
.
Болдыңдар ма 
түге, Ақбала мұндамысың?
А қ б а л а . Болдық, әже! Енді құда-құдағилар осында келеді 
ғой?
М ө р ж а н . Тысқа кілем әкеліп жайыңдар. Жұрттың бәрі 
үйге сыя ма? Қаракөз аттанғанша құда-құдағиды төбеңмен 
тік тұрып күт. Қаракөз қайда өзі? Ол үйінде неге отырмай-
ды? (
Тым-тырыстан соң Ақбалаға оңашарақ.
) Мен бүгін бір 
суық сөз естідім, осындағы қатын-қалаштың бәрі сөйлеп жүр 
дейді, ол тағы не сұмдық?! Сен білуші ма едің? Ауылға, аруаққа 
нұқсан келтіретінін білем деймісің сен. Сезгеніңді айтпай жа-
сырып жүрсің ғой дәу де болса.
А қ б а л а . Жалғыз мен емес, осындағы жұрттың бәрі біліпті. 
Төремнің риза еместігі Наршаға да мәлім болыпты. Білгенмен 
жұрт қайтушы еді, мен қайтейін?
М ө р ж а н . Нарша да біліпті дейді? Шынымен-ақ менің 
асы раған балам жаманатты болғаны ма? Үлде мен бүлдеге 


211
орап, алтындай сақтап келгенімді бір-ақ күнде шайғаны ма? 
Бұның не білген ойы бар, шақыр мұнда Қаракөзді (
Кәмшат 
кетеді. Табақшылар ет алып өтеді
.)
3-т а б а қ ш ы (
асығып келе жатып
)
.
Болыңдар қазір ойын 
болады, тойға жиылған жұрт енді ойын болсын деп асығып 
отыр. Қаракөзден аяйтын не жан бар, сал шыбыныңды.
2-т а б а қ ш ы . Қаракөз келетін болса жарар еді, кететін 
болған соң қиналдың не, қиналмадың не? (
Кетіп қалады.
)
М ө р ж а н (
ойланып тұрып, ашулы
)
.
Жетім қозы тас бауыр
деп, қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқытпай, туған шеше-
сін жоқтатпайын деп келсем де, барлық қадір-қасиетімді басқа 
тепкені ме? (
Тым-тырыстан соң, Ақбалаға.
) Мұны бұзып 
жүрген кім? Наршадан асып тапқаны кім, менсінбегенде?
А қ б а л а . Әже, Наршаны жақтыртпадым дегені болмаса
басқа кісі бар деп ешкім ешбір сөз айтпайды, бар болса да, ол 
кісіні білген тірі жан жоқ, мен де түк білмеймін.
М ө р ж а н . Иә, сенгенім-ақ (
кекетіп
)
,
соның сенен жа-
сырын сыры бар шығар, баламның ойын бұзатын әзірейілді 
иіскемей-ақ білемін. Жеңгемін деп қас істемейтін сен сияқтылар 
істейтінін сезбейтін шығармын, тек қонақ аттансын, сенің ініңе 
су құярмын, білдің бе?
Көп келіншек нөкерімен сәукеле киген Қаракөз келе жатады. Қаракөз 
мұңлы. Алыстан шуылдап ойнап жатқан дауыстар, ән естіледі. Сахнадан 
Сырымның жолдастары үш-төрт салдар, бес-алты қыз-келіншек құшақтасып 
ән салып өтеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   106




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет