Гистологиялық препараттарды жасау тәсілі



бет11/19
Дата03.12.2022
өлшемі174,5 Kb.
#54560
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   19
Байланысты:
Доп.материал. Современные проблемы биологии тканей.КАЗ.2022-2023

Бездік эпителий

Ең ертеде дамыған эпителий ішек және тері эпителийі болып саналады.


Жоғары сатыдағы жануарларда олар тосқауылдық, сорғыштық, бездік шығарушы осмос реттейтін қызметтер атқарады.
Без эпителийі метаболизм процесінде пайда болған секреттерді сыртқы ортаға шығарып отырады. Ерекше секрет ретінде гормондарды айтуға болады.
Эпителий организм бездерінің негізгі массасын құрайды. Бездегі эпителиальдық клеткалардың қызметі – организм тіршілігіне қажет заттарды клеткаларда түзіп, олардан бөліп шығару. Бездер организмде секрет бөлу қызметін атқарады. Олардың көпшілігі қалыптасқан жеке органдар. Басқалары органдардың бөлігі болып саналады. Бездер экзокриндік және эндокриндік болып бөлінеді. Экзокриндік бездер секрет түзуші немесе бездік бөлімі мен шығарушы өзектен тұрады. Экзокриндік бездердің жіктелуі осы бөлімдерінің құрылысына негізделген. Эндокриндік бездер тікелей қанға түсетін гормондарды бөледі. Эндокриндік бездер бездік клеткалардан тұрадыжәне олардың шығару өзектері болмайды. Бұларға жататындар гипофиз, эпифиз, қалқанша және қалқанша маңы бездері, бүйрек үсті бездер, ұйқы безінің Лангерганс аралшықтары т.б. жатады. Осылардың бәрі организмнің эндокриндік жүйесін құрайды. Экзокриндік бездер сыртқы ортаға, яғни эпителиймен астарланған органдардың қуыстарына немесе терінің бетіне шығарылатын секреттер бөледі.
Бездердің қызмет ететін ұлпаларының ең негізгісі – эпителий ұлпасы. Безлдер екіге бөлінеді: бір клеткалы және көп клеткалы. Бір келткалы бездердің пішіні де, орналасуы да әртүрлі болып келеді. Эпителиальдік клеткалардың ішінде орналасса, онда эндоэпителиальдік бездер деп аталады. Өзінің секрет бөлуіне байланысты да ажыратылады: қанға немесе бос кеңістікке. Сонымен қатар белоктық, мукополисахаридтік және басқа да секреттер бөліп шығаруына байланысты қарай бөлінеді.
Көп клеткалы бездерде 2 түрлі клетка болады: секреторлы, секретті сыртқа шығаратын клеткалары. Осы клеткалардың құрылымы мен функциясы әртүрлі болып келеді. Біріншісі сол безге тән спицификалық секрет бөледі. Екіншісі секрет өтетін каналдардың құрамын құрайды. Безді клеткалар кейде сүзгіш және механикалық қасиетімен қатар секреторлық функциясында атқарады.
Қан

Қан мен лимфа мезенхимадан пайда болатын ерекше артық ұлпалар. Олар клеткалар мен плазмадан тұрады. Қанның негізгі қызметтері:



  1. Тасымалдаушы – оттегіні өкпеден ұлпаларға, көмір қышқыл газды ұлпалардан өкпеге апарады. Ол тыныс алу қызметі; қоректі заттарды тасымалдау – оны трофикалық қызметідеп атайды және гормондар мен ферменттерді өндіретін жерден (бездерден) басқа мүшелерге жеткізу.

  2. Гемеостатикалық – ішкі ортаның тұрақтылығын сақтау.

  3. Қорғаныс – фагоцитоз, гуморальді және клеткалық иммунитет.

Плазма – сұйық зат, 90-93 % судан, 7-10% құрғақ заттан тұрады. Оның ішінде 6,6-8,5% белоктар, 1,5-3,5% органикалық және минеральді заттар.
Клеткалық элементтері: эритроциттер, лекоциттер, қан пластинкалары (тромбоциттер).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет