Гистологиялық препараттарды жасау тәсілі


Омыртқалы жануарлардың борпылдақ дәнекер ұлпасы. Омыртқасыздардың интерстициальді ұлпасы



бет14/19
Дата03.12.2022
өлшемі174,5 Kb.
#54560
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19
Омыртқалы жануарлардың борпылдақ дәнекер ұлпасы. Омыртқасыздардың интерстициальді ұлпасы.


Борпылдақ дәнекер ұлпасы.
Борпылдақ дәнекер ұлпасы қантамырларды сыртынан қаптайды, органдардың ішкі қабаттарын түзеді, терінің емізікше қабатын жасайды. Борпылдақ дәнекер ұлпасының құрамында көптеген клеткалар кездеседі. Клеткааралық зат аморфт (негізгі) заттан және талшықтардан тұрады. Клеткалар мен талшықтар ретсіз және бос орналасады. Сондықтан бұл ұлпаны борпылдақ, қалыптаспаған дәнекер ұлпа деп атайды.
Борпылдақ дәнекер ұлпаның клеткалары
Борпылдақ дәнекер ұлпалардың құрамында өз клеткаларымен қатар қанның да клеткалары кездеседі.
1. Фибробластар
Дәнекер ұлпаның негізгі клеткалары ірі, ұзынша келген, өсінділері бар. Эктоплазма, эндоплазма. Жетілген фибробластарда (фиброциттерде) эндоплазма аймағы азаяды. Эндоплазма митохондрия, түйіршікті эндоплазмалық тор, Гольджи аппараты, клетка орталығы. Фибробласт цитоплазмасында көптеген микрофибриллдер орналасады. Олардың жиырылуы арқала фибробласт қозғала алады. Фибробластар митоз жолымен бөліне алады. Фибробласттың негізгі қызметі клеткааралық затты түзеу.


2. Гистиоциттер-макрофагтар
Гистиоциттер фибробластан кішірек болады. Цитоплазмасында түйіршікті эндоплазмалық тор, Гольджи аппараты, митохондриялар және көптеген лизосомдар бар. Дәнекер ұлпа инфекцияланғанда гистиоциттер үлкейтіп, амеба секілді қозғала бастайды да бактериаларды жұтып алады. Олар тек бактериаларды емес, өлген клеткаларды да жұтып, қорытады. Гистиоциттердің негізгі қызметі – фагоцитоз және антигенді информацияны иммунокомпетенті клеткаларды жеткізу. Гистиоциттер митоз жолымен бөліне алады.


Тығыз дәнекер ұлпалар. Арнайы дәнекер ұлпалар. Шеміршек ұлпасы.


Тығыз дәнекер ұлпалары


Шеміршек ұлпалар
Шеміршек және сүйек ұлпалары қаңқа ұлпаларына жатады. Организмде тірек-механикалық қызметтерді атқарады және минералдардың алмасуына қатысады.
Шеміршек ұлпалар клеткалардан және клеткааралық заттардан тұрады. Клеткааралық зат органикалық заттардан тұрады. Олардың 50-70% коллаген. Басқа органикалық заттардан гликозаминогликандар (хондратин 4-сульфат, хондроитин 6-сульфат, гиалурон қышқылы), протеогликандар, липидтер.
Шеміршекті сұйықтық шеміршектің 75% құрайды. Шеміршекте қантамырлар болмайды. Сондықтан шеміршек клеткаларының қоректенуінде сұйықтық маңызды рөл атқарады. Шеміршектің үстіңгі беті перихондр деген қабатпен қапталған. Перихондр екі қабатқа бөлінеді: сыртқы фиброзды – тығыз дәнекер ұлпасынан тұрады. Оның ішінде қантамырлар мен нервтер орналасады. Ішкі қабат – хондрогенді – онда жас клеткалар – хондробластар орналасады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет