Гистологиялық препараттарды жасау тәсілі



бет12/19
Дата03.12.2022
өлшемі174,5 Kb.
#54560
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   19
Байланысты:
Доп.материал. Современные проблемы биологии тканей.КАЗ.2022-2023

Эритроциттер. Бөліне алмайтын, ядросыз клеткалар. Саны 1 мкм қанда: ер адамдарда 3,9-5,5 млн, әйелдерде 3,7-4,9 млн. Негізгі қызметі – тыныс алу. Эритроциттер пішіні – екі жағында ойысы бар диск, диаметрі 7-7,9 мкм.
Эритроцит құрамында 66% су, 33% гемоглобин – пигменті. Сонымен бірге эритроцитте басқа белоктар, ферменттер және липидтер болады. Эритроциттер гемоглобин арқылы оттегіні тасымалдайды.
Лейкоциттер. Ересек адамның қанында саны 3800-9000 болады. Лейкоциттің санының көбеюін – лейкоцитоз, ал азаюын – лейкопения деп атайды. Барлық лейкоцитерде ядролары болады, және олар қозғала алады.
Лейкоциттер екі түрге бөлінеді: түйіршікті және түйіршіксіз. Түйіршікті лейкоциттерде ядро бөлшектеніп (сигменттеліп) тұрады, цитоплазмада түйіршіктер бар. Түйіршіксіз лейкоциттерінде ядросы бір тұтас сегменттелмеген болады, цитоплазмасында гранулалар болмайды.
Түйіршікті лейкоциттер үш түрге бөлінеді: нейтрофиллдер (ақпен боялады), эозинофиллдер (қызыл эозинмен боялады), базофиллдер (көк негізгі бояулармен боялады). Барлық түйіршікті лейкоциттер фагоцитозға қабілетті.
Нейтрофиллдер. 65-75%, диаметрі 9-12 мкм, ядролар 2-5 сегменттелген, цитоплазмасында екі түрлі түйіршіктер болады, арнайы – екінші керекті гранулдар, арнайы емес – бірінші керекті гранулдар, олар – лизосомдар қызметі – қорғанышты фагоцитоз.
Эозинофилдер. 1-5%, диаметрі 12-14, ядро – 2 сегмент, қызыл гранулдар эозинофилді, аллергия реакциясына қатысады.
Базофиллдер. 0-1%, көк гранулдарында гепарин, гистамин.
Лимфоциттер. 20-35 %. Кіші – 4,5-5 мкм, орта 7-10 мкм, үлкен 10 мкм деп ядросы домалап, немесе бұршақ тәрізді.
Т лимфоциттер. Тимуста синтезеделеді. Лимфа түйіні мен көк бауырда Т-киллерға айналады (клетка - өлтіргіштерге). Т-хелпер мен Т-супрессорлар гуморальді иммунитетті реттейді.
В лимфоциттер. Гуморальді иммунитет организмге антигендер түскенде пайда болады. Антиденелер антигендерді заласыздандырады. Сүйектің қызыл кемігінде падй болады.
Моноциттер. Лейкоциттерден 6-8% құрайды. Ірі 18-20 мкм. Ядролары бұршақ тәрізді Фагоциттер-макрофаг. Бактериаларды, клеткалардың қалдығын, антигендерді фагоцитоздайды.
Тромбоциттер. Қан пластинкалары 1 мкм қанда 200-300 мың. Бұл ядросыз цитоплазманың бөліктері. Мегакариоциттерден пайда болады. Қанның ұюын қамтамасыз етеді.

  1. Барлық ішкі ортаның ұлпаларының ерекшелігі – клеткааралық заттың жақсы дамуы. Сондықтан клеткалар бір-біріне алыс орналасады, ал эпителийде керісінше бір-біріне жақын тұрады.

  2. Ішкі ортаның клеткаларында полярлық болмайды.

  3. Үшінші ерекшелігі организмнің ішінде орналасуы.

В.Г.Елисеев жіктеуі бойынша:

Ішкі орта ұлпалары

қан, лимфа дәнекер ұлпа

нағыз дәнекер ұлпа шеміршек ұлпа сүйек ұлпасы


талшықты арнауыл қасиеті бар ұлпалар


борпылдақ дәнекер ұлпа тығыз дәнекер ұлпа ретикулалы


майлы
шырышты
пигментті

қалыптаспаған қалыптасқан


(дермалық торлы (сіңірлер байланысы)
қабаты)

Ішкі орта ұлпалары 4 негізгі қызмет атқарады:



  1. трофикалық

  2. тірек

  3. қорғаныш

  4. орынбасушылық





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет