Гистологиялық препараттарды жасау тәсілі


Шеміршек ұлпасының клеткалар



бет15/19
Дата03.12.2022
өлшемі174,5 Kb.
#54560
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19
Шеміршек ұлпасының клеткалар.
Хондроциттер, хондробластар, хондрокластар
Хондроциттер – негізгі клеткалар. Олар лакуна деген қуыстарда орналасады. Клеткаларды сыртынан шеміршек капсуласы қоршайды. Клеткалар топтасып жатады. Хондробластар митоз жолымен бөлініп бір капсулада қалады. Сондықтан олардың саны 2-4-8 болады. Бір клеткадан пайда болған клеткалар тобын изогенді деп атайды. Хондроциттер бөліну нәтижесінде шеміршек өседі – интерстициальді өсу.
Хондробластар – перихондарда орналасатын жас клеткалар. Оларда түйіршікті эндоплазмалық тор және Гольджи аппараты жақсы дамыған. Бұл клеткалар шеміршектің клеткаралық затын түзеді, даму барысында хондроциттерге айналады. Хондробластар көмегімен шеміршектің ампозимниялық өсуі (сыртынан) қамтамасыз етеді. Шеміршек ұлпаларының үш түрі болады: гилинді, эластикалық , талшықты.
Гиалинді шеміршек (грек тілінен гиалос - айнек) клеткааралық зат мөлдір біркелкі болады. Адам мен мүтқоректілер ұрығының қаңқасы шеміршектің осы түрінен тұрады. Ересек организмдерде гиалинді шеміршек сүйектердің буын беттерін қаптайды, кеңірдек пен ірі бронхтардың қабырғасында, қабырға ұштарында, мұрын пернесінде кезедеседі. Гиалинді шеміршектің сыртында перихондр орналасады. Перихондр астында хондроциттер бөлініп жатады. Бөлінген клеткалар изогенді топтарды құрады.
Эластиклық шеміршек құлақ қалқанында, көмей үсті шеміршекте және көмекейдің кейбір бөліктерінде кездеседі. Құрылысы гиалинді шеміршекке ұқсас. Айырмашылығы клеткааралық затында жіңішке коллагендік талшықтармен қатар эластиндік талшықтар торы болады. Эластикалық шеміршек секірмелі майысқан болады.
Талшықты шеміршек
Талшықты шеміршектің құрылысы бір жағынан гиалинді шеміршекке ұқсас, екінші жағынан тығыз талшықты дәнекер ұлпасына ұқсайды. Клеткааралық затында көптеген талшықтар болады. Хондроциттер изогенді топтарды құрады. Талшықты шеміршек омыртқааралық дискілерінде жамбастың шат сүйектерінің байланысқан жерінде кездеседі.
Сүйек ұлпасы

Сүйек ұлпалары клеткадан және клеткааралық заттардан тұрады. Клеткааралық заттың құрамына 70% бейорганикалық тұздар (гидроксианатиттер, фосфаттар) K, Na, Cl, органикалық заттардан коллагенді белоктар. Сүйекте минералды тұздардың көп болуы оның мықтылығын атқарады. Сонымен бірге қан мен басқа органоидтардағы кальций мен фосфаттың қалыпты мөлшерінің сақталуын қамтамасыз етеді.Сүйектің құрамында көп мөлшерде су мен липидтер болады.


Сүйектің үш түрі болады: ірі талшықты, пластикалы, дентин.
Ірі талшықты сүйек ұлпасы ұрықтарда болады. Олардың клеткалары көп және талшықтары ірі болады және түрлі бағытта орналасады. Жануарлардың өсіп дамуы кезінде ірі талшықты сүйек құрамында жіңішке паралелль орналасқан коллагендік фибрилдер бар пластинкалардан тұратын пластикалық сүйекке айналады.
Пластикалық сүйек ұлпасының негізін коллагендік фибрилдердің тұратын сүйек пластинкасы құрайды. Бір пластинкада барлық фибрилдер бір-біріне паралелль орналасады. Екі көршілес пластинкалардың фибрилдері бір-біріне перпендикуляр, яғни 90° орналасады. Пластинканың ішінде сүйектің клеткалары да орналасады.
Дентинді сүйек тісте болады. Бұл өте мықты сүйек. Оның ұлпасында клеткалардың тек талшықтары орналасады. Ал клеткалардың денелері дентиннен тыс орналасады.
Сүйек ұлпасының клеткалары: остеоциттер, остеобластар, остеокластар.
Остеоциттер – сүйек ұлпасының негізгі клеткалары. Олардың бірнеше өсінділері болады. Олар арнайы қуыстар – лакулаларда орналасады. Барлық лакулалар бір-бірімен каналшалар арқылы қосылып тұрады. Остеоциттердің өсінділері сол каналшаларда орналасады. Каналшалар қантамырлармен жалғасып тұрады. Остеоциттердің қоректенуі қантамырлар арқылы жүреді.
Остеобластар – сүйек ұлпасының клеткааралық заттарын түзеді. Олар куб тәрізді немесе көп бұрышты болады. Цитоплзамасында түйіршікті эндоплазмалық тор, Гольджи аппараты жақсы жетілген болады. Даму барысында остеоциттерге айналады.
Остеокластар – ірі клеткалар. Ядроларының саны 3-30 дейін. Остоекластардың қызметі – шеміршек пен сүйекті ыдырату. Остеокластар макрофагтар қатарына жатады және көптеген клеткалардың қосылуы нәтижесінде пайда болады. Гольджи аппараты және лизосомдар жақсы дамыған. Митохондриялары көп болады. Остоекластың сүйекке жанасатын жағы қатпарланып тұрады. Сол жағынан көптеген ферменттер бөлініп сүйекті ерітіп ыдыратады.
Жіліктің құрылысы. Жілік пластинкалы сүйектерден құралады. Тығыз сүйек қормай орналасқан сүйек пластинкаларынан құралған көптеген цилиндрлерден тұрады. Әрбір цилиндрдің ортасында Гавера каналы болады. Осы канал арқылы қантамырлар өтеді. Осындай пластинкалық жүйе – остелон деп аталынады. Жілік сүйек бір-біріне жанаса ораналсқан остеондардың көптеген санынан тұрады. Сүйек пластинкаларының арасында сүйектің тірі клеткалары остеоциттер орналасатын қуыстар болады. Остеондардың арасында аралық пластинкалар орналасады. Жілік сүйекті сыртынан сыртқы негізгі пластинкалар жүйесі қаптап тұрады. Сүйек қуысының ішкі беті ішкі негізгі пластинкалармен астарланған. Оны жұқа дәнекер қабықша – эндост қаптап тұрады. Сыртынан сүйекті пермост қаптап тұрады. Пермост екі қабаттан тұрады ішкі және сыртқы. Ішкі қабат коллагендік және эластиндік талшықтардан тұрады. талшықтар арасында остеокластар жатады, жас өсуші сүйектерде көп болады. Пермостың сыртқы қабаты тығыз келеді және коллагендік талшықтардың жуан шоғырларынан тұрады. Осы қабат арқылы нервтер мен қантамырлар өтеді, олар Фолькман каналдар арқылы Гаверс каналдарымен байланысты сүйекті қоректендіреді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет