Глоссарий академия



бет9/14
Дата12.04.2023
өлшемі30,95 Kb.
#81884
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
Байланысты:
ГЛОССАРИЙ

Педагогикалық үдеріс – бұл қатысушыларды дамытудың сыртқы факторларын мақсатты түрде іріктеу және пайдалану болып табылатын тәрбие қатынастарын ұйымдастырудың тәсілі.
Танымдық белсенділік – бұл өз бетінше ойлауға, тапсырманы (проблеманы) шешуге өз көзқарасын табуға, өз бетінше білім алуға, басқалардың пайымдауына сыни көзқарасты қалыптастыруға және өз пікірлерінің тәуелсіздігін қалыптастыруға ұмтылу. Егер бұл үшін қажетті жағдай болмаса, студенттердің белсенділігі төмендейді.
Оқыту қағидалары – оқытудың қойылған мақсаттарын іске асыру жолдарын белгілеу үшін қызмет етеді.
Педагогикалық іс-әрекет – бұл ұрпақтан ұрпаққа әлеуметтік тәжірибені, материалдық және рухани мәдениетті беру жүзеге асырылатын адами қызметтің дербес түрі.
Ғалым-оқытушылар оны ересектердің (оқытушылардың, әлеуметтік қызметкерлердің) жеке тұлғаның дамуы мен өзін-өзі дамытуға бағытталған және білім беру ұйымдарында (мектепке дейінгі, мектеп, орта арнаулы, жоғары, мектептен тыс) өткізілетін әлеуметтік, қоғамдық маңызы бар қызметінің ерекше түрі ретінде қарастырады.
Оқытушы – сөздің кең мағынасында қандай да бір оқу пәнін оқытатын жоғары, орта арнайы немесе жалпы білім беретін мектептің қызметкері; сөзіміздің тар мағынасында-жоғары оқу орындары мен арнаулы орта оқу орындарындағы штаттық лауазым.
Жоғары оқу орындарында оқытушылық жұмысты профессорлар, доценттер, ассистенттер, аға оқытушылар жүргізеді. Жоғары оқу орнындағы аға оқытушы (әдетте ғылым кандидаты) доцентке тапсырылған жұмысты орындайды.
Оқытушы практикалық және семинар сабақтарын өткізеді. Жоғары оқу орындары мен арнайы оқу орындарында оқытушыға өз мамандығы бойынша оқу және әдістемелік жұмыс, оқу және өндірістік практикаға, студенттердің өзіндік сабақтары мен ғылыми-зерттеу жұмысына басшылық жасау жүктеледі.
Педагогикалық мамандыққа жарамдылығы анықталады: ♦ биологиялық; ♦ анатомиялық-физиологиялық; ♦ психикалық ерекшеліктерімен; ♦ "адам – адам" жүйесіндегі іс-әрекетке қарсы көрсетімдердің болмауын білдіреді (елеулі физикалық кемшіліктер; сөйлеудің күшті ақаулары; айқын көрінген интровертациялану, мінез-құлықтың айқын көріністері және т.б.). Жоғары мектеп оқытушысының кәсіби құзыреттілігі – педагогикалық бағыттылық келесі параметрлерден құралады: ♦ оқытушылық мамандыққа оң көзқарас; ♦ жұмысқа қызығушылық; ♦ оқытушы мамандығын жетілдіру ниеті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет