Глоссарий академия


Білім беру – білім, білік және дағы мен қарым-қатынас түрінде жинақталған адамзат тәжірибесін меңгерудің нәтижесі Оқыту – педагог



бет8/14
Дата12.04.2023
өлшемі30,95 Kb.
#81884
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   14
Білім беру – білім, білік және дағы мен қарым-қатынас түрінде жинақталған адамзат тәжірибесін меңгерудің нәтижесі
Оқыту – педагог пен білім алушының өзара әрекеттестігінде ұрпақтар тәжірибесін тікелей тарату және меңгеру үдерісі. Оқыту үдеріс ретінде екі негізгі жақты қамтиды:
- білім, білік, іс-әрекет тәжірибесі жүйесін түрлендіру (трансформациялау) жүзеге асырылатын оқыту;
- тәжірибені қабылдау, түсіну, түрлендіру және пайдалану арқылы меңгеру ретінде оқыту
Жоғары мектеп педдагогикасының нысаны – жоғары оқу орындарында қызмет атқаратын педагогикалық жүйелер, сондайақ жоғары оқу орындарын басқару жүйелері
Қарым-қатынастың ұйымдастырушылық қызметі – оқытушы мен білім алушылардың бірлескен оқу әрекетін, өзара жеке ақпараттандырылуын және оқу-тәрбие ісәрекетінің жетістіктері үшін жалпы жауапкершілігін ұйымдастыру.
Парадигма – (грек тіл. paradeigma мысалы, үлгі мағынасында) - бұл ғалымдар мен практиктермен қабылданған және сол теория мен практиканы одан әрі дамыту үшін пайдаланылатын бастапқы теория немесе теориялық ережелердің, идеялардың немесе нанымдардың жиынтығы.
Кәсібилендіру – бұл барлық оқу пәндерінің білім алушылардың болашақ кәсіби қызметіне бағытталуы. Жоғары мектеп оқытушыларының кәсіби даярлығын ұйымдастыру принциптері – жоғары оқу орны және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру жүйесінде: жүйелілік; болжамдық; тұтастық; нақтылық; ұтымдылық; бақылау.
Жоғары мектеп педагогикасы – бұл жоғары оқу орны жағдайында мамандарды тәрбиелеу және кәсіби дайындау процесінің заңдылықтары туралы ғылым, олардың негізінде осы үдерісті ұйымдастыру және басқару теориясы, әдістемесі, технологиясы туралы ғылым. Жоғары мектеп педагогикасының – жоғары оқу орны жағдайында мамандарды тәрбиелеу және кәсіби пәні дайындау процестері, осы үрдістің заңдылықтарын анықтау.
Кәсіби құзыреттілікі – белгілі бір мамандық бойынша студенттерді дайындау нәтижесі, тиісті әмбебап және кәсіби құзыреттіліктерді меңгеру деңгейінде көрсетілген, когнитивті (білім), операциялық-технологиялық (білік, дағды), тұлғаның мотивациялық-құндылық, этикалық, әлеуметтік және мінез-құлықтық құрамдастары бар маман-түлектің тұлғалық интегралдық сипаттамасы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет