Дидактикалық ойындар - оқу іс-әрекетіне багытталган әрбір қатысушы және топ тутастай бір міндетті шешуге біріккен және де жеңіске жетуде өздерін қадағалайтын ужымдық ойын.
Зертханалық жумыстар- оқушылардың күрал-жабдықтарды және басқа да техникалық көрнекіліктерді пайдалана отырып, мүғалімнің тапсырмасы бойынша тәжірибелерді өткізуі, яғни бүл оқушылардың арнайы қүралдао арқылы білімді меңгеруі.
Интериорландыру - немесе интериоризация (латынша interior – ішкі) – 1) сөзбе-сөз мағынасы: «сырттан ішке өту»; 2) адамның қоғамда қалыптасқан нормалар, құндылықтар, сенім-нанымдар, ұстанымдар, түсініктер, т.т-ды игеру арқылы сырттай бақыланатын іс-әрекеттер, қайсыбір нәрсе қасиеттері мен қарым-қатынас нормаларын өзінің ішкі тұрақты сапаларына айналдыруы.
Қоршаған орта- бүкіл жаратылыстану пәндерінің негізінен білім беретін пән. Кіріктірілген пән болғандықтан, оны оқып үйретудің ең негізгі мақсаты-адам, қоғам, табиғат, яғни реалды дүниенің ірі үш құрамдас бөлігі туралы оқушыларда біртұтас көзқарас қалыптастыру және ондағы адамның ролін түсіндіру.