Білім беру - адамның, қоғамның және мемлекеттің мүддесін қанағаттандыруға бағытталған,мемлекетпен белгіленген білімдік деңгейлерге азаматтың жету айқындылығымен сүйемелденетін, тәрбиелеу мен оқытудың мақсатты бағытталған үрдісі
Базистік оқу жоспары– жалпы орта білімнің тиісті сатысындағы мазмұнының тізбесі мен көлемін, оны игеру тәртібін регламенттейтін негізгі құжат (нормативті-құқықтық түсіндірмесі).
Бихевиоризм (ағылшынша bihaviour – мінез-құлық) – ХХ ғасырдың бас жағында пайда болған теориялық ағым, Б. жақтаушылары сананы емес, мінез-құлықты психологияның зерттеу пәні деп есептейді. Олар мінез-құлық деп организмнің сыртқы орта тітіркендіргіштеріне деген жауабын айтады. Сыртқы орта тітіркендіргіштері, қарапайым не күрделі ситуациялар – бұл стимулдар, ал іс-әрекетпен қайтарылатын жауап – реакция.