Оқу жоспары- оқу жылының, тоқсандардың, демалыс күндерінің мерзімін; оқытуға тиісті оқу пәндерінің тізімін, әрбір сыныптар бойынша оқу жылындағы оқу тәртібін, әр апта бойынша әр пәнге берілетін сағат санын көрсететін мемлекеттік құжат.
Оқу бағдарламалары- әр пәннің мазмұнын, мақсатын, білім, білік, дағдыларына қойылатын талаптарды,оқушылардың білімін бағалау жолдарын көрсетеді. Сонымен қатар, пәннің тарауларын, оларға бөлінетін сағат санын, сол тарауда қаралатын басты-басты мәселелерді, пәнаралық байланыстарды көрсететін мемлекеттік құжат.