Государственного педагогического



Pdf көрінісі
бет15/25
Дата06.02.2017
өлшемі2,43 Mb.
#3539
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   25

_______________ 
1.Климов Е. А. Психология профессионала. - М., 2006.  
2. Нечаев Н.Н. Профессиональное сознание как центральная проблема психологии и 
педагогики высшей школы. – М., 2008.  
3. Захарова А.В. Генезис самооценки.- М., 2009 
4.Кузьмина Н.В. Методы системного педагогического исследования. -М.: МГУ, 2002  
5.Кулюткин Н.Н., Сухобская Г.С. Мышление учителя.- М.: Просвещение, 2003.  
 
Аннотация.    Мақалада  болашақ  мұғалімдерге    кәсіптік  ӛзіне-ӛзі    баға  беруді 
қалыптастырудың  психология-акмеологиялық   мәселелері қарастырылады.  
Annotation.  The  article  discussed  the  problems  of  professional  teachers  to  evaluate 
themselves in shaping the psychological methods. 
 
 
Ж.Сабралиева, А.Рыспаева  
 
МҤМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ БАЛАЛАРДЫ ӘЛЕУМЕТКЕ БЕЙІМДЕУ МӘСЕЛЕСІ 
 
ӘӚЖ  001. 895(574) 
С 12 
 
«Бала кемістігінің даму деңгейі неғұрлым тӛмен болса,  
соғұрлымның мұғалімнің білім деңгейі жоғары болу керек» 
П.Шуман. 
 
XX  ғасырдың  басында  дәрігерлер  мен  психологтардың  бай  тарихи  тәжірибесі 
мүмкіндігі  шектеулі  балаларды  окытудың  ұйымдастыру  және  мазмұнына  сәйкес 
келетін білім беру мекемелерін құруға себеп болды. 
Соңғы  10  жылда  мүмкіндігі  шектеулі  балаларды  арнайы  оқыту  мен  тәрбиелеудің 
ұйымдастыру  формасы  мен  әдістерін  жүзеге  асыру  мақсатында  мамандардың 
күші белсендендірілді.[3] 
Қазіргі  кезде  Қазақстан  Республикасының  мүмкіндігі  шектеулі  балаларды  әлеуметтік 
бейімдеумен айналысатын тәжірибеден ӛткен кӛптеген мекемелер үшін «ерекше балаларды» 
қоғамға  біріктіру  жүйесінің  ары  қарай  дамуының  ғылыми  іргетасының  қалануы  ӛзекті 
мәселенің  бірі  болып  табылады.  Бұл  жерде  мүмкіндігі  шектеулі  тұлғаларды  әлеуметтік 
бейімдеудің алғашқы сатыларының аспектілері қызығушылық тудырады. 
Қазіргі таңда мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға деген қоғамның кӛзқарасы ӛзгерген сайын 
оларды әлеуметке бейімдеудің кӛптеген түрлері  қарастырылуда. Кейінгі  онжылдықта бүкіл 
әлемде  сонымен  қатар  тәуелсіздік  алған  біздің  елімізде  де  мүмкіндігі  шектеулі  балаларға 
деген кӛмек кӛрсету жүйсі түбегейлі ӛзгеріске ұшырап деинституализация жағына қарай бет 
бұрды.  Мұндай  ілгерлеу  процестері  мүгедек  балаларды  коғамға  және  білім  ордасына 
біріктіру,  яғни  интеграииялау  қажеттілігімен  сипатталады.  Бұл  процестертер  тӛңірегнінде 
интернат жүйесінің жұмысы, арнайы білім беру жүйесінің ӛзгеруінің тиімділігіні қамтамасыз 
ететін заңнамалық база қарастырылады. 
Арнайы  педагогикада  жаңа  тенденциялардың  дамуын  мүмкіндігі  шектеулі  тұлғаларға 
медициналық,  педагогикалық  және  әлеуметтік  сипаттағы  кешенді  кӛмек  алатын 
мекемелердің  кӛбеюімен  байланыстыруға  болады.  Мұндай  балалардың  ұзақ  уақыт  бойы 
оңалту  орталықтарында  болуы  күнделікті  ӛмірінде  ӛз-ӛзіне  қызмет  етуде  қолданатын 

 
110 
 
әлеуметтік  бейімдеудің  ең  қарапайым  және  күрделірек  дағдыларын  меңгеруіне  әсерін 
тигізеді. 
Мүгедек  балаларды  қоғамға  қосудың  екі  жолы  бар  екенін  атап  етуге  болады. 
Алғашқысы, мүгедек балаларды қоғамға қосуды және қоғамның мүгедек балаларды ӛздеріне 
қабылдауға  деген  дайындығын  қарастырады.  Біздің  мемлекетімізде  бұл  жағдай  енді  қолға 
алынып  келеді.  Ал  екіншісі,  мүмкіндігі  шектеулі  тұлғалардың  қоршаған  ортаға 
бейімделуінің  қарастырады.  Басқа  сӛзбен  айтқанда  мүмкіндігі  шектеулі  тұлғалар  қоғамға 
қосылудың  объектісіне  айналады,  яғни  олардың  әлеуметке  үйлесімді  түрде  ену 
мүмкіндіктерін  шектейді.  Қоғамға  қосудың  бұл  екі  жолы  мүмкіндігі  шектеулі  тұлғаларға 
кӛмек кӛрсету жүйесінің даму тарихымен тікелей байланысып ӛз кӛрінісін табады. [2] 
Әрбір елде мүмкіндігі шектеулі балалар кездеседі, олар тәрбиелеудің және білім берудің 
ерекше  түрлерін  қажет  ететін  жандар.  Осындай  балаларға  арнайы  кӛмек  кӛрсету  қазіргі 
таңда  біздің  елдеде  ӛзекті  мәселелердің  бірі  еліміздегі  экологиялық  тепе-теңдіктің 
бұзылуынан,  қазіргі  таңда  туа  біткен,  тұқым  қуалаған,  жүре  пайда  болтан  аурулар 
салдарынан  қаршадай  бастарына  қасірет  дертке  шалдыққан  мүмкіндігі  шектеулі    балалар 
саны жылдан жылға артуда. 
Ауру сәби дүниеге келгеннен бастап отбасы оның тауқыметін тартуға мәжбүр болады. 
Жағдайды  ӛзгерту  және  мүгедек  балалар  мен  олардың  отбасыларына  кӛмек  кӛрсету  үшін 
халықты әлеуметтік қорғау, денсаулық  сақтау, білім беру, мәдениет, ақпарат орындарының 
ынтымақтастығы күш-жігерін біріктіру қажет. 
Мүмкіндігі шектеулі балаларды еркіндікті, әлеуметтік интеграцияны қамтамасыз ететін 
ортада  толық  қанды  және  лайықты  ӛмір    сүруіне  кӛмек  беретін  ерекше  күтім,  білім  және 
қажетті дайындық алуға құқылы. 
Мүмкіндігі  шектеулі  балаларды  мемлекет  тарапынан  кӛмек  кӛруге  және  білім  алуға 
және т.б қажеттіліктерін  алуға міндетті. 
Қазакстан 
Республикасының 
«Кемтар 
балаларды 
әлеуметтік—медициналық-
педагогикалық  түзеу  арқылы  қолдау  туралы»  Заңының  5  бабы  1  тармақшасында  «қатер» 
тобындағы балаларды барынша ертерек анықтау айтылған.  
Білім туралы Заңының 2 тарау 8 бабының 6 тармақшасында «Мемлекет даму мүмкіндігі 
шектеулі  азаматтардың  білім  алуына,  дамуындағы  ауытқуды  түзетуде  және  әлеуметтік 
жағдай  жасауды  қамтамасыз  етеді»  делінген.  Кеңес  беру  орталықтарынан  ӛткен  даму 
мүмкіндігі  шектеулі  балаларды  оқыту,  тәрбиелеу,  емдеу  нысандарына  үйден  оқыту, 
әлеуметтік  қызмет,  түзету  интернатын,  арнаулы  интернат,  әлеуметтік  қалыпқа  келтіру 
орталығы, облыстық психоневрологиялық диспансер (ОПД), облыстық кеңес беру емханасы 
(ОКДП), ПП түзету кабинеті және т.б айтуға болады. 
Мемлекет  қазіргі  таңда  даму  мүмкіндігі  шектеулі  жандарға  айрықша  назар  аударып, 
қамқорлық  кӛрсетіп  отыр.  Бұл  қамқорлықтың  бәрі  ел  басының  халыққа  жолдауында,  Қ.Р 
Білім  туралы  заңында,  «кемтар  балаларды  әлеуметтік-медициналық-педагогикалық  түзеу 
арқылы қолдау туралы» т.б. заңдарында айтылып, дамуында кемістігі  бар балаларға кӛмек 
кӛрсетудің  тиімді  жүйесі,  оларды  оқыту,  тәрбиелеу,  еңбекке  баулу  және  кәсби  даярлығын 
шешуде,  бала  мүгедектігінің  алдын  алуға  бағытталған  кӛптеген  кӛкейтесті  мәселелер  жан-
жақты  қарастырылған. 
Қазакстан Республикасында арнаулы  әлеуметтік қызметтер кӛрсету  мәселелері  туралы 
заңдық  және  нормативтік-құқық  актілер  жинағында  кемтар  балаларды  әлеуметтік    және 
медициналық—педагогикалық  түзеу  арқылы  қолдау  туралы  тоқталып  кеткен.  Осы  жинақ 
туралы 1-тарауы 3-бабының 1-тармақшасында «Кемтар балаларды әлеуметтік-педагогикалық 
түзеу  арқылы  қолдау  баланың  туғанынан  басталып,  ол  кәмелеттік  жасқа  толғанға  дейін, 
жаппай кешенді медициналық, психологиялық, педагогикалық және әлеуметтік тексеру мен 
кәсіби  диагностика  жургізу,  оңалтудың  жеке  бағдарламасын  әзірлеу,  медициналық, 
педагогикалық,  психологиялық,  әлеуметтік  қызметтер  кӛрсету  және  енбекке  баулу  арқылы 
жүргізіледі» делінген. Осы заңға сәйкес әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу 
арқылы қолдаудың мақсаттары: 

 
111 
 
-  туа  біткен  және  тұқым  қуалайтын  ауруларды,  қалыпты  дамудан  ауытқушылықтарды 
ерте бастан аныктау; 
- балалардың дамуындағы кенжелеп қалу мен бұзылыстардың алдын алу, мүгедектіктің 
ауыр түрлерінен сақтандыру; 
- балалар мүгедектіктігінің деңгейін тӛмендету; 
-  кемтар  балалардың  дене,  психика  және  ӛзгеде  қабілеттерінің  орнын  толтыру  немесе 
оларды 
қалпына 
келтіру, 
олардың 
әлеуметтік 
құқықтарын 
іске 
асыру, 
неғұрлым толық әлеуметтік бейімделуде жәрдемдесу болып табылады. 
Әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдаудың міндеттері: 
-  кемтар  балаларды  анықтаумен  оларды  есепке  алудың  бірыңғай  мемлекеттік  жүйесін 
құру; 
-арнаулы  білім  беруді  және  арнаулы  әлеуметтік  қызмет  кӛрсетуді  жүзеге  асыратын 
ұйымдар желісін дамыту;  
- кемтар балаларды  әлеуметтік бейімдеу: 
- кемтар балалары бар отбасыларын әлеуметтік қолдау;  
-  әлеуметтік  және  медициналық-педагогикалық  түзеу  арқылы  қолдауды  жүзеге 
асыратын ұйымдарды кадр, ғылыми және ұйымдастыру-әдістемелі жағынан қамтасыз ету; 
-  халықты  әлеуметтік  қорғау,  денсаулық  сақтау,  білім  беру  ұйымдарының  кемтар 
балаларды  әлеуметтік  және  медициналық-педагогикалық  түзеу  арқылы  қолдау 
мәселелері жӛніндегі қызметін сабақтастыру болып табылады. 
Әлеуметтік  және  медициналық-педагогикалық  түзеу  арқылы  қолдаудың  принциптері 
мынадай: 
-  кемтар  балалармен  олардын  отбасыларына  әлеуметтік  қолдау  жэне  оңалту  кӛмегін 
кӛрсету кепілдігіне; 
-  кемтар  баласы  бар  отбасы  мен  әлеуметтік  және  медициналық-педагогикалық  түзеу 
арқылы қолдауды жүзеге асыратын  ұйымдар мамандарының ынтымақтастығына; 
-  балалардың  кабілеттерінің  шектеулі  дәрежесіне,  жасына,  әлеуметтік  мәртебесіне 
қарамастан, ерте қолдаумен білім алуға қол жеткізуге және тең құқықтылығына; 
-  әрбір  балаға  жеке  тұрғыда  келіп,  әлеуметтік  және  медициналық-педагогикалық  түзеу 
арқылы қолдауды кӛрсетуді таралауға негізделеді. 
Бұл  заңда  сондай-ақ  мүмкіндігі  шектеулі  балаларды  әлеуметтік  және  медициналық-
педагогикалық 
түзеу 
арқылы 
қолдау 
мәселелерді 
Қ.Р 
үкіметінің 
құзіреті, 
жергілікті  мемлекеттік  басқару  органдарының  құзіреті,  мүмкіндігі  шектеулі  балаға 
азаматтардың  денсаулығын  сақтау  саласындағы  уәкілетті  органның  құзіреті,  білім  беру 
саласындағы  уәкілетті  органдардың  құзіреті,  халықты  әлеуметтік  қорғау  саласындағы 
уәкілетті органдардың құзіретілігімен жан-жақты қарастырылған. 
Мүмкіндігі шектеулі тұлғалар дегеніміз - белгілі бір қамқорлықты қажет ететін немесе 
ӛз  бетінше  ӛмір  сүруден  қабілетсіз,  дегенмен  оларға  арнайы  жағдай  жасалған  кезде 
жартылай еңбекке қабілетті болып келетін және әлеуметтік бейімделе алатын жандар. 
 
Л.С.Выготский  бала  бойындағы  кемшілігін  толықтырудың  екі  түрлі  ерекшелігі  бар, 
онын  бірі  —  бала  психикасының  даму  шамасына  орай  тәрбие  талаптары,    екіншісі  - 
кемістігінің  қалпына  келтірудегі  ӛз  бойындағы  ерекшеліктері  мен  мүмкіндіктері  деп  атап 
кӛрсетеді. 
Мүмкіндігі  шектеулі  балаларға  қалпына  келтіру  терапиясын  (дәрі-дәрмекпен, 
физикалық,  санатория-курорттық  емдеуді  және  организмнің  бұзылған  немесе  жоғалтқан 
функциялары  мен  денсаулықты  қалпына  келтіруге  бағытталған  басқа  да  емдеу  әдістерін) 
қолданумен  қатар,  арт  терапиясы  (сурет    салуды  қолдану),  ойын  терапиясы  және  т.б  жиі 
қолдану керек. [4] 
«Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау 
кӛрсету»  Қазақстан  Республикасы  Заңы  4  тармағын  іске  асыру  мақсатында  мүмкіндіктері 
шектеулі балалар үшін кешенді кӛмек кӛрсету жағдайларын қамтамасыз ету жолында жаңа 
үлгідегі арнайы (түзету) ұйымдары ашылған. Арнайы білім беру ұйымдарының жаңа түрлері: 

 
112 
 
оңалту  орталықтары  (республикалық  және  облыс  деңгейіндегі  қалаларда),  мектеп 
жанындағы  логопедтік  пунктер,  психологиялық-педагогикалық  түзету  кабинеттері  (аудан 
орталықтарында). 
Жаңа  үлгідегі  арнайы  (түзету)  ұйымдар  қызметтері  «Бала  құқықтары  туралы»  БҰҰ 
Конвенциясына,  ҚР  «Білім  туралы»,  «Қазақстан  Республикасындағы  баланың  құқықтары 
туралы»,  «Кемтар  балаларды  әлеуметтік  және  медициналық-педагогикалық  түзеу  арқылы 
қолдау туралы» Заңдарына және басқа да нормативтік құқықтық құжаттарға сәйкес және осы 
ережелер негізінде жүзеге асырылады. 
Оңалту  орталығының  қызметін  ұйымдастыру  тәртібі.  Оңалту  орталығы  арнайы  білім 
беру  ұйымдары  түрлерінің  бірі  болып  табылып  және  облыстың  әкімдерінің  шешімдерімен 
құрылады. 
Оңалту орталығының негізгі міндеттері: 
1)  сӛйлеу  тілінде,  кӛру,  есту,  тірек-қозғалыс  аппаратында  бұзылуы,  оқып-үйрену, 
қарым-қатынас жасау мен жүріс-тұрысында қиындықтары бар балалар мен жасӛспірімдерге 
психологиялық  түзеу  мен  оңалту  түрінде  кешенді  психологиялық–медициналық- 
педагогикалық кӛмек кӛрсету; 
2)  дамуында,  оқытуда,  қарым-қатынас  жасауда,  жүріс-тұрысында  проблемалары  бар 
балалардың  әр  түрлі  топтарына  қатысты  жаңа  педагогикалық  технологияларды  әзірлеу, 
сынақтан ӛткізу және енгізу; 
3) мамандардың пәнаралық тобымен (командалық бағалау) балаға қатысты мәселелерді 
кешенді  оқып-үйрену  және  баланың  медициналық,  психологиялық,  түзету-педагогикалық 
кӛмекке деген мүмкіндігі мен қажеттілігін анықтау; 
4)  баланың  дамуының  әлеуметтік  жағдайын  ескере  отырып,  жеке  дамыту 
бағдарламасын әзірлеу және жасап шығару; 
5) жеке, топтық сабақ түрінде түзете-дамыта оқытуды жүргізу; 
6)  отбасы  жағдайында  даму  мүмкіндіктері  шектеулі  балаларды  тәрбиелеу  мәселелері 
бойынша ата-аналарға (заңды ӛкілдерге) ақыл-кеңес беру және оқыту; 
7)  жалпы  білім  беру  және  арнайы  (түзеу)  білім  беру  мекемелерінің  педагогтеріне 
мүмкіндіктері  шектеулі  балалардың  психофизикалық  күйінің  ерекшеліктері  мен  даму 
мүмкіндіктері жайынан әдістемелік басшылық жасау және кӛмек беру. 
Оқыту  мазмұны  түзеу  мекемелерінің  білім  беру  стандарттарымен,  оқу  жоспарымен 
және  оңалту  орталығында  түзеу  кӛмегін  алатын  әрбір  баланың  мүмкіндігі  мен  қажеттілігі 
ескеріліп әзірленетін жеке дамыту бағдарламасымен анықталады. 
Оңалту  орталығы  мүмкіндіктері  шектеулі  балалардың  тӛмендегідей  топтарына  кӛмек 
кӛрсете алады: 
1) дамуында қиындықтар кездесетін 3 жасқа дейін балалар; 
2) мектеп жасына дейінгі балалар (3-тен 7 жасқа дейін): 
психикалық дамуында кешеуілдеу бар балалар; 
- әр түрлі деңгейде кӛрінетін ақыл-ой кемістігі бар балалар; 
-  балалардың  церебрал  салымен  ауыратын  және  тірек-қозғалыс  аппаратының  басқа  да 
бұзылулары бар балалар; 
- нерв жүйесінің тұқым қуалайтын-дегенеративті ауруларымен ауыратын балалар; 
- сӛйлеу тілінде қатты бұрмалануы бар балалар; 
- арнайы оқытуды керек ететін есту қызметінің бұзылуы бар балалар; 
-  балалардың  ерте  аутизмімен  және  басқа  эмоциялық-еріктік  бұзылулармен  ауыратын 
балалар; 
- кӛру мүшесінің қатты бұзылуы бар балалар; 
3) 7-ден 15 жасқа дейінгі мектеп жасындағы балалар: 
- әр түрлі деңгейде кӛрінетін ақыл-ой бұзылуы бар балалар; 
-  балалардың  ерте  аутизмімен  және  басқа  эмоциялық-еріктік  бұзылулармен  ауыратын 
балалар; 
- нерв жүйесінің тұқым қуалайтын-дегенеративті ауруларымен ауыратын балалар; 

 
113 
 
- балалардың орташа және ауыр дәрежедегі церебрал салымен ауыратын балалар; 
- деменцияның әр түрлі түрлерімен ауыратын балалар; 
- психикалық аурулар нәтижесінде оқып-үйренуінде қиындығы бар балалар;  
- сӛйлеу тілінде қатты бұрмалануы бар балалар; 
- есту мүшесінің бұзылуы бар балалар; 
- кӛру мүшесінің бұзылуы бар балалар; 
4) 15-тен 18 жасқа дейінгі жасӛспірімдер: 
әр түрлі деңгейде кӛрінетін ақыл-ой бұзылуы бар балалар; 
- аутизммен ауыратын балалар; 
- сӛйлеу тілінде қатты бұрмалануы бар балалар; 
- балалардың орташа және ауыр дәрежедегі церебрал салымен ауыратын балалар; 
- кӛру мүшесінің бұзылуы бар балалар; 
- есту мүшесінің бұзылуы бар балалар. 
Оңалту  орталығы  бірінші  кезекте  ақыл-ой  және  психикалық  дамуында  ауыр  да 
тереңдеген  бұзылулары  бар  балаларға  және  әр  түрлі  себептермен  басқа  арнайы  (түзеу) 
ұйымдарында түзеу кӛмегін ала алмайтын балаларға түзеу кӛмегін кӛрсетеді. 
Баланы оңалту орталығына қабылдауды психологиялық  - медициналық-педагогикалық 
кеңес беру мекеменің (бұдан әрі - ПМПК) қорытындысы негізінде жүргізіледі. 
Оңалту  орталығындағы  түзету-дамыту  үдерісін  ұйымдастыру  Оқу  жоспарымен, 
жылдық  күнтізбелік  жоспармен  және  орталықтың  әдістемелік  кеңесінде  әзірленетін  және 
бекітілетін сабақ кестесімен реттеледі. 
Қызметтің  мазмұны  мен  негізі  бағыттарына  орай  оңалту  орталығының  штатында 
әдіскердің, 
педагог-дефектологтың 
(олигофренпедагогтың, 
сурдопедагогтің, 
тифлопедагогтің),  педагог-психологтің,  әлеуметтік  педагогтің,  ЛФК  мамандарының, 
дәрігерлердің (балалар дәрігері, невропатолог, психиатр, сурдолог, ортопед), медбикелердің 
және басқалардың лауазымдары кӛзделеді. 
  Мүгедек бала тәрбиелеп отырған отбасы -  бұл ерекше  мәртебеге ие отбасы. Олардың 
ерекшеліктері мен проблемалары, сол отбасы мүшелерінің жеке ерекшеліктерімен, олардың 
ӛзара  қарым-қатынастарымен  ғана  анықталмайды,  бұл  отбасында  кемтар  баланың 
проблемалары басым болады, кӛп жағдайда, мүгедек баланың анасына, жұмыс істеуден бас 
тартуға  тура  келеді.  Кішкентай  мүгедек  балалар  оқшау  ӛмір  сүрмейді,  отбасы,  отбасы 
анағұрлым жайлы, әрі жақын әлеуметтік орта.  Бірақ, отбасы кемтар баланың болуы тәрізді 
жағдай  отбасының  кейбір  мүмкіншіліктерін  шектейді.  Мысалы,  отбасы  мүшелеріне  мол 
табыс  табу  мүмкіндігіне  әлеуметтік  белсенділіктен  немесе  алыс,  қымбат  жерлерде  демалу 
тәрізді мүмкіндіктерден, бас тартуға тура келеді. 
  Осыған  байланысты,  әлеуметтік  ұйымдардың,  мекемелердің  қызметкерлері  мұндай 
отбасыларына  әлеуметтік-реабилитациялық  кӛмек  кӛрсетеді.  Даму    мүмкіндігі  шектеулі 
балаларды  әлеуметтік-реабилитациялық  технологиясы,  барлық  шараларға  ата-аналардың 
қатысуын  міндеттейді.  Сӛйтіп,  балалар  мен  ата-  аналарды  қатар  оқып-үйретеді,  ата-аналар 
баламен  үйде  жұмыс  істеуге,  оны  әлеуметтік  ортада,  тәуелсіз  ӛмір  сүруге  баулуға 
үйренеді.[1] 
________________ 
1.Арнайы психология. Қ.С. Тебенова.,А.Р. Рымханова.,- Алматы, 2011.  
2.Дефектология «Мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметке бейімдеу мәселесі» №2, 2010.   
3.Дефектология «Мүмкіндігі шектеулі балаларды оқытудың ӛзекті мәселесі» №6, 2011.  
4.Дефектология «Мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтік—медициналық-педагогикалық 
түзеу арқылы қолдау туралы» №3, 2011. 
 
Аннотация.  В статье рассматриваются адаптирование социальной среде возможности 
ограниченных детей.   
Annotation.  Teach  children  the  social  environment  in  which  resources  are  limited  (the 
disabled).  

 
114 
 
Л.Сейдуалиева 
 
ОҚУ ҤРДІСІНДЕ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ БЕЛСЕНДІЛІГІН 
ҚАЛЫПТАСТЫРУ 
 
ӘӚЖ 372 
С 31 
 
Қазіргі  таңда  оқу  үрдісінің  ӛзегі  -  жаңа  технологиялар  екені  мәлім.  Кез  келген  оқыту 
технологиясы  мұғалімнен  терең  теориялық,  психологиялық,  әдістемелік  білімді,  үлкен 
педагогикалық шеберлікті, шәкірттердің жан дүниесіне терең үңіліп, оны ұғына білуді талап 
етеді. 
Бүгінгі  таңда  қолданылып  жүрген  педагогикалық  технологиялардың  элементтерін 
сабақта  пайдалана  отырып,  оқушылардың  ой-ӛрісін,  тіл  байлықтарын  дамытып,  білімді 
ӛздігінен  меңгеруге  жағдай  жасап,  білім  мен  тәрбиені  оқушылардың  ӛміріне  ең  қажетті 
біліктіліктерін жетілдірудемін. 
Оқушыларға сапалы білім берудегі менің алға қойған мақсатым - оқушыға сапалы білім 
беру,  болашақта  білім  негізі  қаланған  шығармашыл  тұлға  қалыптастыру.  Оқушылардың 
белсенділігі  мен  танымдық  іс-әрекеттері  арқылы  шығармашылығын  дамытуға  қажетті 
жағдайда шешім қабылдай алатын жеке тұлғаны дайындау, осыған орай оқытуды ізгілендіру, 
қазақ  мектептерінің  алдында  тұрған  үлкен  міндет  екені  белгілі.  Уақыт  талабына  сай 
оқушылардың  шығармашылық  қабілетін  дамыту  үшін  оқытудың  жаңа  ақпараттық 
технологиясын пайдаланған жӛн. Оқу-тәрбие үрдісін даралауда оқушыны жеке тұлға ретінде 
қабылдау,  яғни  оқушының  ӛзіндік  танымдық  іс-әрекетін  қалыптастыруға  бағыттау,  білім 
беруде жеке оқытуды дамытуда кӛзделуі қажет. 
Мектептегі оқыту процесі оқушылардың ізденімпаздығын, оқушының ӛзіндік жұмысы, 
дербес іс-әрекеті мұғалімнің басшылығымен қатар, олардың  ізденімпаздығын, белсенділігін 
арттырып, шығармашылық әлеуетін дамытуына жол ашуы қажет. 
Оқыту процесі – екі жақты процесс болғандықтан, оқушының ӛзіндік жұмысы, дербес 
іс-әрекеті  мұғалімнің  басшылығымен  қатар,  олардың  ізденімпаздығын,  белсенділігін,  ӛз 
ықыласымен жасайтын әрекетін де керек етеді.  
Оқушылардың  шығармашылық  белсенділігін  қалыптастыруда  сабақтарды  түрлендіріп 
ӛткізудің маңызы ерекше. Мұндай сабақтардың тиімділігін атап ӛтсек: сабақ құрылымының 
ұйымдастырылуы,  сыныптағы  оқушылардың  іс-әрекетін  бақылауға  қолайлылық,  оқу-
танымдық  тапсырмаларды  орындаудағы  ұжымдық  бірлескен  әрекеттің  жүзеге  асуы,  оқыту 
уақытының үнемделуі. 
Шығармашылық  сипаттағы  сабақтар  түрлерін  жүйелі  ұйымдастыру  арқылы 
оқушылардың танымдық белсенділігі қалыптасып, оқушы барлық іс-әрекетте шығармашылқ 
бағыт ұстанады, қабілет білігін ұштай түседі. Шығармашылық сабақтардың оқушылар үшін 
мынадай маңызды жақтары бар: 
-
 
оқушының танымдық ізденмпаздығы қалыптасады; 
-
 
сұрақтарды, мәселелерді терең талдауға үйренеді; 
-
 
шығармашылық ой-ӛрісі артады; 
-
 
кітаппен 
жұмыс, 
баспа 
материалдарымен 
жұмыс 
істеу 
біліктіліктерін 
қалыптастырады; 
-
 
ұжымдық  ой-пікірлері  жетіледі,  топ  мүшелерінің  пікірлерімен  ортақ  тұжырым 
жасауға үйренеді; 
-
 
мұғалім  мен  оқушылардың  қарым-қатынасы  ынтымақтастықта  болып,  сенімділктері 
артады; 
-
 
оқушы ӛз ойын еркін айтуға, сӛз мәдениетіне үйренеді; 
-
 
білімін жүйелі түрде толықтырады; 
-
 
тұжырым жасап, қорытындылауға үйренеді; 

 
115 
 
-
 
ӛз әрекетіне сын тұрғысынан қарауға үйренеді. 
Жаңа  материалдарды  түсіндіруде  ақпарат  беруші  қызметінде  ғана  қалмай,  мұғалім 
баланың  танымдық  дербестігін  қалыптастырудағы  әрекеттердің  негізгі  міндеттеріне 
тоқталсақ: 
-
 
білімді шығармашылықпен меңгеру дағдыларын қалыптастыру; 
-
 
білімді шығармашылықпен қолдануға дағдыландыру және оқу проблемаларын шешу 
шеберліктерін арттыру; 
-
 
оқу тапсырмасын орындау процесінде операцияларды қолдануға үйрету; 
-
 
оқытудың ғылымилығын арттыру; 
-
 
ғылыми дүниетанымды қалыптастыру. 
Бастауыш сынып  оқушыларының қабілеттері екі түрлі әрекетте дамиды. 
Біріншіден  –  кез-келген  бала  адамзат  баласының  осы  кезге  дейінгі  жинақтаған 
тәжірибесін  меңгертуге  бағытталған  оқу-әрекеті  арқылы  дамиды,  білім,  білік  дағдыны 
қабылдайды. 
Екіншіден  –  кез-келген  оқушы  шығармашылық  әрекеттер  орындау  арқылы  ӛзінің 
мүмкіндіктерін  дамытады.  Оқу  әрекетінің  ,  шығармашылық  әрекеттің  айырмашылығы,  ол 
баланың ӛзін–ӛзі қалыптасуына, ӛз идеясын жүзеге асыруға бағытталған жаңа әдіс–тәсілдер 
іздейді. Проблеманы ӛзінше, жаңаша шешуге талпыныс жасайды. Екі әрекетте оқушылар екі 
түрлі  мүдделер  кӛзделген  әртүрлі  мақсатты  шешеді.  Мысалы:  оқу  әрекетінде  белгілі  бір 
ережені  меңгеретін  жаттығулар  орындалса,  шығармашылық  әрекеттер  баланың  іздену 
жұмысы бастан нысанада болады. Сондықтан оқу әрекеті баланың жалпы қабілетін дамытса, 
шығармашылық  әрекет  нақты  жағдай  шешу  барысында  нәтижеге  жеткізетін  қабілеттерін 
дамытады. 
Ӛз тәжірибемде «Оқу мен жазуды сын тұрғысынан ойлауды дамыту» технологиясының 
әдіс–тәсілдерін қолданамын. Осы жобамен жұмыс жасау барысында мұғалім оқушының ӛзін 
ізденуге жетелейді, ойлауға үйретеді. Педагогикалық технология оқушылардың жеке басын 
дамыту  мен  білім  беру  мақсатына  жету  жолындағы  оқушы  белсенділігінің  артуы  оны 
шығармашылыққа жетелейді. 
«Оқу  мен  жазуды  сын  тұрғысынан  ойлауды  дамыту»  бағдарламасының  мақсаты  –  ӛз 
бетінше  білім  алып,  кӛп  пікірдің    ішінен  ӛзіне  маңыздысын  ала  білетін,  біреудің  пікірін 
тыңдай білетін және одан ӛзіне керектісін алатын, еркін сӛйлейтін, батыл, ӛз пікірін қорғап 
шығатын адам тәрбиелеу. 
Оқушы  шығармашылығын  дамыту  жұмыстарын  ана  тілі  пәнінде  кӛп  қолданамын. 
Оқушыларды шығармашылық жұмысқа баулып, олардың белсенділіктерін, қызығушылығын 
арттыра  түсу  үшін,  шығармашылық  қабілеттерін  сабақта  және  сабақтан  тыс  уақытта 
дамытуда әр түрлі әдіс–тәсілдерді қолданамын. Олар мынадай: 
-
 
эссе жазу; 
-
 
кейіпкерге мінездеме беру; 
-
 
ӛлең шумақтарын құрастыру; 
-
 
мәтін, ертегі, әңгімені ӛз бетінше аяқтау. 
Ал  сабақтан  тыс  уақытта  оқушылардың  шығармашылық  қабілетін  дамытудың  жұмыс 
түрлері: 
-
 
орталық мұражайға апару; 
-
 
әр түрлі тақырыптарда сайыстар ӛткізу, алған әсерлері бойынша шығарма жазу; 
-
 
әрбір оқылып отырған шығармалардың авторлары туралы мағлұмат жинау; 
-
 
балаларға арналған журналдарға жаздырып, оны сабақ кезінде үнемі пайдалану. 
Бастауыш  сыныпта  жүргізіле  бермейтін  шығармашылыққа  үйрету  жұмысының  бірі  – 
ӛлең  жазуға  баулу.  Ӛлең  жазумен  айналысатын  оқушым  Сері  Нұрлыбек  екінші  сыныпта 
жүріп  әр  түрлі  тақырыпта  ӛлеңдер  шығарып,  аудандық  «балалар  шығармашылығы» 
сайысына  қатысып,  жүлдегер  атанды.  Сері  Нұрлыбектің  шығарған  екі  ӛлеңін  ұсынып 
отырмын.  
 Қызылорда 

 
116 
 
Сұлу сырдың қойнауында 
Орналасқан қала бар 
Қызылорда – оның аты 
Әсемдігі, әйбаттығы 
Астанаға пара-пар 
Дәл осындай қаламызды 
Әнге қосып жырлайық 
Қуанайық, шаттанайық 
Мақтанайық, балалар! 
 
Сыр елім 
Отан деп, ел деп соғады, 
Менің әркез жүрегім. 
Мен ӛзіңнің тілегің, 
Сенде ӛстім, самғадым. 
Кӛркейе бер, самғай бер 
Қасиетті Сыр елім! 
Жарқырай бер, жұлдыздай 
Менің осы тілегім!          (Сері Нҧрлыбек) 
Бастауыш  сыныптарда  оқушылардың  тілін  дамытуға,  шығармашылығын  арттыруға 
ықпал ететін жұмыстардың бірі – эссе жазу. Жұлдызай эссе жазуды қатты ұнатады. Ол жыл 
сайын  «Айгӛлек»,  «Балдырған» сияқты балаларға арналған қызықты журналдарға жазылып 
отырады.  Ӛзі  сияқты  балалардың  жазған  әңгімелерін,  эсселерін  оқып,  қызығушылығы  арта 
бастады. Қолы бос кезінде кітапханаға барып,  қызықты әңгімелер, ертегілер, ӛлеңдер оқып 
ӛз  білімін  толықтырып  жүрді.  Жұлдызайдың  жазған  эсселерін  сабақта  оқытып,  мадақтап,  
белсенділігін арттырып отырдым. Оның  «Ардақтайық ананы»,  «Жетімдер үйі» атты жазған 
бір эсселерін ұсынып отырмын: 
Эссе  «Жетімдер үйі». 
Қазіргі  кезде  тастанды  балалар  саны  кӛптеп  кездеседі.  Үлкен  қалаларда  тастанды 
балаларды бағып-қағып, асырап ӛсіретін жетімдер үйі және де жүрек жылуы бар аналар да 
бар. Атап айтатын болсақ Әмина әжей әр ұлттың балаларын қосып, оларды оқытып, азамат 
етіп  қатарға  қосып  отырған  жүрегі  жомарт  ананың  бірі.  Ол  балаларға  еңбек  еттіріп,  ӛз 
нанадарын қалай тауып жеу керек екенін де үйретіп отыр. Елбасымыздың қолдауымен Сара 
Алпысқызы Назарбаева да «Бӛбек» балалар қорын құрып, жетім балаларға қаржылай  кӛмек 
беруде. 
Қазақтың    ұлы  даналары    «Жетім  кӛрсең  жебей  жүр»  және  де  «Жетімін  жылатпаған 
қазақпыз»,  -  деп  бекер  айтпаған.  Балалар  үйінде  киімнен,  тамақтан  еш  қиналмай  барлығы 
жеткілікті болғанмен ата–ананың аялы алақаны жетіспеген балалардың кӛз мұңы қай ананың 
болмасын жүрегін ауыртары белгілі. 
Бастауыш  сыныптарда  оқушылардың  тілін  дамытуға,  шығармашылығын  арттыруға 
ықпал ететін жұмыстардың бірі – эссе жазу. Жұлдызай эссе жазуды қатты ұнатады. Ол жыл 
сайын  «Айгӛлек»,  «Балдырған» сияқты балаларға арналған қызықты журналдарға жазылып 
отырады.  Ӛзі  сияқты  балалардың  жазған  әңгімелерін,  эсселерін  оқып,  қызығушылығы  арта 
бастады. Қолы бос кезінде кітапханаға барып,  қызықты әңгімелер, ертегілер, ӛлеңдер оқып 
ӛз  білімін  толықтырып  жүрді.  Жұлдызайдың  жазған  эсселерін  сабақта  оқытып,  мадақтап,  
белсенділігін арттырып отырдым. Оның  «Ардақтайық ананы»,  «Жетімдер үйі» атты жазған 
бір эсселерін ұсынып отырмын: 
Эссе  «Жетімдер үйі». 
Қазіргі  кезде  тастанды  балалар  саны  кӛптеп  кездеседі.  Үлкен  қалаларда  тастанды 
балаларды бағып-қағып, асырап ӛсіретін жетімдер үйі және де жүрек жылуы бар аналар да 
бар. Атап айтатын болсақ, Әмина әжей әр ұлттың балаларын қосып, оларды оқытып, азамат 
етіп  қатарға  қосып  отырған  жүрегі  жомарт  ананың  бірі.  Ол  балаларға  еңбек  еттіріп,  ӛз 

 
117 
 
нанадарын қалай тауып жеу керек екенін де үйретіп отыр. Елбасымыздың қолдауымен Сара 
Алпысқызы Назарбаева да «Бӛбек» балалар қорын құрып, жетім балаларға қаржылай  кӛмек 
беруде. 
Қазақтың    ұлы  даналары    «Жетім  кӛрсең  жебей  жүр»  және  де  «Жетімін  жылатпаған 
қазақпыз»,  -  деп  бекер  айтпаған.  Балалар  үйінде  киімнен,  тамақтан  еш  қиналмай  барлығы 
жеткілікті болғанмен ата–ананың аялы алақаны жетіспеген балалардың кӛз мұңы қай ананың 
болмасын жүрегін ауыртары белгілі. 
«Торғай екеш торғай да 
 
Балапанын  қорғайды»,  -  деп  М.Беспаев  «Бозторғай»  әнінде  жырлағандай  әр  ана  ӛз 
баласын  ӛз  алақанында,  ӛзінің  ыстық  құшағында  тәрбиелеп  ӛсірсе,  балаға  содан  артық  не 
бақыт керек. 
Әрбір тастанды жетім баланың кӛз жасына тас жүрек  аналар кінәлі.  
Қосуақ Жұлдызай 
Ардақтайық ананы 
Адамзаттың  бәрі  де  анадан  туып,  соның  бауырында  ӛсіп  ер  жетеді.  Шыр  етіп  жерге 
түсіп жарық дүниені кӛргеннен-ақ ең жақының, ақылшың, досың болады. Ол сенің анаң! Ана 
баласы  үшін  түн  ұйқысын  тӛрт  бӛліп,  сен  уанбай  жыласаң  жаны  қиналады.  Сенің  сәл 
қабағың түйіліп, бірдеңеге ренжісең жүрегі ауыратын жанашырың  - анаң. Ол саған бәрінен 
де  қымбат.  Ӛмір  бойы  ӛз  ӛмірін  балаға  арнаған  ана  қашан  да  болмасын  жанымыздан 
табылады.  Ұлы  ғалым  да,  дана  да,  ұстаз  да  барлығы  да  ана  сүтінен  нәр  алған.  Анаңды 
«Меккеге үш арқалап апарсаң да, ана сүтін ӛтей алмайсың»  - деп бекер айтылмаған. Анаға 
қандай  қамқорлық  жасасаң  да  артық  болмайды.  Мен  сыныптас  достарыма  айтар  едім: 
«Ешқашан  ешқайсысымыз анамызды ренжітпейік, ананы қадірлейік, ардақтайық» дер едім. 
Ананың ақ сүтін ақтауға әрбір перзент борышты. Анама арнап мына ӛлең жолдарын арнағым 
келеді. 
«Торғай екеш торғай да 
 
Балапанын  қорғайды»,  -  деп  М.Беспаев  «Бозторғай»  әнінде  жырлағандай  әр  ана  ӛз 
баласын  ӛз  алақанында,  ӛзінің  ыстық  құшағында  тәрбиелеп  ӛсірсе,  балаға  содан  артық  не 
бақыт керек. 
Әрбір тастанды жетім баланың кӛз жасына тас жүрек  аналар кінәлі.  
Қосуақ Жұлдызай 
Ардақтайық ананы 
Адамзаттың  бәрі  де  анадан  туып,  соның  бауырында  ӛсіп  ер  жетеді.  Шыр  етіп  жерге 
түсіп жарық дүниені кӛргеннен-ақ ең жақының, ақылшың, досың болады. Ол сенің анаң! Ана 
баласы  үшін  түн  ұйқысын  тӛрт  бӛліп,  сен  уанбай  жыласаң  жаны  қиналады.  Сенің  сәл 
қабағың түйіліп, бірдеңеге ренжісең жүрегі ауыратын жанашырың  - анаң. Ол саған бәрінен 
де  қымбат.  Ӛмір  бойы  ӛз  ӛмірін  балаға  арнаған  ана  қашан  да  болмасын  жанымыздан 
табылады.  Ұлы  ғалым  да,  дана  да,  ұстаз  да  барлығы  да  ана  сүтінен  нәр  алған.  Анаңды 
«Меккеге үш арқалап апарсаң да, ана сүтін ӛтей алмайсың»  - деп бекер айтылмаған. Анаға 
қандай  қамқорлық  жасасаң  да  артық  болмайды.  Мен  сыныптас  достарыма  айтар  едім: 
«Ешқашан  ешқайсысымыз анамызды ренжітпейік, ананы қадірлейік, ардақтайық» дер едім. 
Ананың ақ сүтін ақтауға әрбір перзент борышты. Анама арнап мына ӛлең жолдарын арнағым 
келеді. 
Анама Кетсем шалғай сағынам, 
Анашыма бағынам. 
Әрқашан күліп жүрсін деп, 
Қуантуға асығам.   
Қорыта  келгенде,  ертеңіне  лайық  ұрпақ  тәрбиелемеген    елдің  келешегі  жоқ  десек,  сол 
ұрпақты  тәрбиелеуді ұстаз еңбегі – ұлы еңбек. «Ұстазын сыйламаған елдің ұрпағы азады», - 
дейді  халық  даналығы.  Осыған  байланысты  шығармашылық,  ізденіс  әр  ұстаздың  алдында 
тұрған үлкен міндет деп ойлаймын. ӛйткені, ізденімпаз, шығармашыл, еңбекқор ұстаз ғана ел 
ертеңіне орасан үлес қосар жеке тұлға қалыптастыра алады. Шығармашылық – адамның ӛмір 

 
118 
 
шындығында  ӛзін-ӛзі  тануға  ұмтылу,  іздену,  ӛмірде  дұрыс  жол  табу  үшін  адам  дұрыс  ой 
түйіп, ӛздігінен сапалы дәлелді шешімдер қабылдай білуге үйренуі қажет. Адам бойындағы 
қабілеттерін  дамытып,  олардың  олардың  ӛмірден  ӛз  орын  алуға  кӛмек  теседі.  Баланы 
бастауыш  кластардын  бастап  шығармашылық  ойларға,  практикалық  әрекеттерге  дайын 
болуға қызығушылыққа  тәрбиелеу әрбір ұстаздың сабақ берудегі басты мақсаты деп білемін.  
«Мектептің тірегі де, тілеуі  де оқыта білетін мұғалім»  деп А. Байтұрсынов айтқандай, 
әрбір  сабақта,  күнделікті  тәрбие  жұмысымызда  жаңа  технология  әдісін  қолдана  білсек, 
егеменді еліміздің  болашақ жастарын тәрбиелеуде мол жетістіктерге жететініміз даусыз. 
__________________ 
1.Бастауыш  мектеп №10, 2009. 
2.Бастауыш мектеп №3, 2008. 
3.«Шығармашылық қабілеттер және дамыта оқыту» Б.Тұрғынбаева, Алматы, 1999. 
4.Мектептегі сыныптан тыс жұмыстар.   
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   25




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет