Государственного педагогического



Pdf көрінісі
бет16/25
Дата06.02.2017
өлшемі2,43 Mb.
#3539
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   25

Аннотация.    В  статье  рассматривается  проблемы  формирование    творческих 
активностьи  учеников в учебном процесе.  
Annotation.  The  problem  of  the  formation  of  creative  activity  of  students  in  the  learning 
pattern during. 
 
 
 
Қ.Шыңғысбекова 
 
МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ҦЙЫМДАРДА БАЛАЛАРДЫҢ ЭТНОСТЫҚ-МӘДЕНИ 
СӘЙКЕСТІЛІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ШАРТТАРЫ
 
 
ӘӚЖ 398. 801. 81 
   Ш 11 
 
Елбасымыз  Н.Ә.Назарбаев  ұсынған  «Қазақстан-2030»  стратегиясында  негізгі 
бағыттардың бірі ретінде халықтың ұлттық моделі мен салт-дәстүрлерін есепке ала отырып, 
білімі мен білігі жағынан ӛркениетті елдердегі замандастарымен қатар тұра алатын, бойында 
ұлттық,  отаншылдық  рухы  мықты  қазақстандықтардың  жаңа  ұрпағын  тәрбиелеу  қажеттігі 
баса айтылған.          
Мектеп  жасына  дейінгі  балалардың  мемлекеттік  міндетті  білім  беру  стандартының 
жобасында:  «Мектепке  дейінгі  білім  беру  –  Қазақстан  Республикасының  жалпы  білім  беру 
жүйесінің құрылымдық бӛлімі ретінде маңызды роль атқарады, себебі оның шегінде баланың 
табиғилық  сапалары  мен  ерекшеліктері  анықталып,  олардың  даму  жағдайлары  қамтамасыз 
етіледі...»  деп  кӛрсетілген.  Тәуелсіздік  алған  еліміздің  келешек  ұрпақты  ұлттық,  халықтық 
және  этностық-мәдени  тұрғыда  тәрбиелеуі  бүгінгі  күннің  ӛзекті  мәселесі.  Бұл  мәселенің 
шешімін  табу  үшін  үздіксіз  білім  беру  жүйесі  айтарлықтай  дәрежеде  қайта  қаралып,  оны 
жетілдіру жолдары іздестірілуде.  
Мұндағы  алға  қойылып  отырған  негізгі  талаптар  –  Қазақстан  білім  беру  жүйесінің 
бүкіләлемдік білім беру кеңістігіне толық енуінің алғашқы ұлттық даму стратегиясын жасап, 
моделін  құру.  Бұл  талаптардың  жүзеге  асырылу  бағытындағы  жұмысты  үздіксіз  білім 
берудің алғашқы сатысы – мектепке дейінгі ұйымдарда баланың білімге деген құштарлығын 
арттырудан,  ұлтымызға  тән  қасиеттер  бойына  сіңген  шәкірт  тєрбиелеуден  бастағанның 
маңызы ӛте зор. Жаһандану дәуірінде этностық-мәдени сәйкестілік (идентичность) мәселесі 
үлкен  маңызға  ие  болуда.  Адамзат  қоғамы  екі  бағытта  дами  алады  деп  болжайды: 
мәдениеттің  бір-бірімен  араласуы  немесе  мәдениеттің  бір-біріне  қайшы  келуі.  Бірақ,  екі 
кӛзқарас  та  тарихи  дағдарысқа  алып  келуі  ықтимал.  Бұдан  шығудың  үшінші  жолы  бар,  ол 
мәдениеттердің  диалогы,  мұндай  жағдайда  бірде-бір  мәдениет  ӛз  ерекшелігін  жоғалтпай, 

 
119 
 
әлемдік қоғамға шығуына мүмкіндік алады. Міне, сондықтан да мәдениеттердің диалогына 
шығу проблемасы этностық-мәдени сәйкестіліктің қалыптасуы арқылы шешіліп, этникалық 
қауымдастықтардың мәдени түрде ӛзара әрекеттесуіне әкеледі.  
«Қазақстан  Республикасындағы  этникалық-мәдени  білім  беру»  тұжырымдамасында 
(1996)  атап  кӛрсетілгендей,  халықтың  этностық-мәдени  сәйкестілігі  ӛз  тарихында, 
мәдениетінде  болған  оқиғаларды  білу,  қалыптасқан  рухани  құндылықтарға  адалдық,  ұлт 
қаһармандарын  қастерлеу  нәтижесінде  құралады.  Ол  ұлттық  азат  және  ерікті  жасампаздық 
шығармашылығы  процесінде  қалыптасады.  Этностық-мәдени  сәйкестілік  жағдайына 
халықтың  ӛзі  тудырған  әлеуметтік-мәдени  жүйе  арқылы  қол  жетеді.  Бұл  жүйеге  отбасы, 
мектепке дейінгі балалар мекемелері, оқу орындары, ұлттық, мәдени орталықтар, бұқаралық 
ақпарат  құралдары,  кӛркем  және  ғылыми  әдебиет,  ғылыми-зерттеу  және  әкімшілік 
мекемелері, тағы басқалары жатады. 
Бұл жағдайларда этностық-мәдени сәйкестілікті қалыптастыру мәселесін педагогикалық 
тұрғыда  зерттеу  маңыздылығы  артады.  Қоғамның  қазіргі  даму  кезеңінде  мектепке  дейінгі 
ұйымдардың  оқу-тәрбие  процесінде  балаларды  жан-жақты  дамыған  жеке  тұлға  ретінде 
тәрбиелеуді жүзеге асырып, этностық-мәдени сәйкестілігін қалыптастыруға мүмкіндік беріп, 
халықтың  рухани  мәдениетін  зерде  мен  ой  елегінен  ӛткізіп,  оны  қазіргі  заман 
құндылықтарымен байланыстыра білуге машықтандырады.           
Мектепке  дейінгі  ұйымдардағы  балаларға  ұлттық,  этностық-мәдени  тәрбие  беруге 
байланысты бірнеше шетел және отандық ғылыми зерттеушілерді атап ӛтуге болады:  
-  мектеп  жасына  дейінгі  балаларды  тәрбиелеудің  халықтық  педагогика  аспектілері 
(Т.В.Черник,  О.В.Леонова,  М.Г.Евграфова,  Е.А.Иванова,  Е.Н.Кергилова,  Т.Иманбеков, 
К.Сейсембаев, Т.А.Левченко, Ә.С.Әмірова, А.Е.Манкеш, О.М.Сыздық, З.М.Балгимбаева) ; 
- мектеп  жасына  дейінгілердің  этностық-мәдени  дамуы  (Е.Ф.Вертякова,  Л.Д.Вавилова, 
В.Д.Ботнарь, О.Н.Юденко, С.Д.Кириенко, Б.Н.Галаева) ; 
- мектепке  дейінгі  ұйымдардың  мамандарын  даярлау  мәселесі  (О.И.Давыдова, 
Х.Т.Шерьязданова, Л.С.Берсенева, У.Ш.Ибрагимов, М.Б.Кожанова, Ж.С. Хасанова) ; 
- мектепке  дейінгі  ұйымдардың  оқу-тәрбие  үдерісіне  ұлттық  педагогика  үлгілерін 
ендіру (Ж.М.Акпарова, С.Г.Жанабаев, А.Ә.Капенова, Ұ.Т.Тӛленова). Кӛптеген зерттеулердің 
әдіснамалық  бағдарына  профессор  Ж.Ж.Наурызбайдың  Қазақстан  Республикасында 
этномәдени білім беру тұжырымдамасы алынды. 
Мектепке  дейінгі  ұйымдардың  оқу-тәрбие  процесін  талдау  балалардың  этностық-
мәдени  сәйкестілігін  қалыптастыру  мақсатында  мектепке  дейінгі  ұйымның  жұмысының 
мазмұнында ұлттық-мәдени элементтердің ӛз мүмкіндігіне сай қолданылмайтынын кӛрсетті. 
Осыған  сәйкес  дәстүрлі  құндылықтар  негізінде  жан-жақты  дамыған  жеке  тұлғаны 
тәрбиелеудегі  қазақстандық  қоғамның  қажеттіліктері  мен  мектепке  дейінгі  ұйымдарда 
балалардың  этностық-мәдени  сәйкестілігін  қалыптастыру  жүйесінің  жеткіліксіздігі;  
мектепке  дейінгі  ұйымдарда  балалардың  этностық-мәдени  сәйкестілігін  қалыптастыру 
мүмкіндігі  мен  бұл  мәселенің  педагогикалық  теория  мен  практикада  аз  зерттелгендігі 
арасында  бірнеше  қайшылықтар  туындайды.  Бұл  қайшылықтардың  шешімін  табу 
мақсатында  этностық-мәдени  сәйкестілікті  мектепке  дейінгі  кезеңнен  бастап  қалыптастыру 
жолдарын  анықтау  біздің  зерттеу  проблемамызды  айқындауға  және  тақырыпты  «Мектепке 
дейінгі  ұйымдарда  балалардың  этностық-мәдени  сәйкестілігін  қалыптастырудың 
педагогикалық шарттары» деп таңдап алуымызға негіз болды. 
Тәрбиенің  табиғилық  принципін  алғашқы  рет  XVII  ғасырда  Я.А.Коменский  кӛрсетті. 
Тәрбиенің бұл  принципінің жүзеге асырылуын қазақтардың күнделікті  тұрмыс-тіршілігінен 
кӛруге болады. Олар ӛздерін табиғаттың ажырамас бӛлігі ретінде есептеген. Мұның барлығы 
ӛз  ізін  жыныстық-жас  ерекшелік  саралауда  да  қалдырды. Ата-бабаларымыздың  «Балаңды 
бес жасқа дейін хандай ұста, он бес жасқа дейін құлдай жұмса, он бес жастан кейін досыңдай 
кӛр»  деген  дана  сӛзінен  баланың  мектепке  дейінгі  кезеңінде  сана-сезімінің  тұрақсыздығы, 
танымдық  ерекшеліктерінің  ырықсыздығы,  ересектердің  мінез-құлықтарына  еліктеушілігі 
кӛрінеді. 
Сондықтан 
этностық-мәдени 
сәйкестілікті 
мектепке 
дейінгі 
кезеңде 

 
120 
 
қалыптастырудың 
ерекшелігін 
бұл 
принцип 
аша 
түседі. 
          Тәрбиенің  табиғилық  принципі  –  кез  келген  тәрбие  әрекеті  мен  педагогикалық 
процестің  жетекшісі  болып,  нақты  даму  деңгейімен  ерекшеленеді.  Бұл  принциптің  мәні 
мынада:  тәрбие  мен  білім  беру  табиғи  және  әлеуметтік-мәдени  процестердің  ӛзара 
байланысы  туралы  ғылыми  түсінігінің  негізінде  танылады.  Биологиялық  организмнің 
витальды  ерекшеліктерін  есепке  алу  және  жыныстық-жас  ерекшелік  саралауынан  тұрады.                        
Тұлғаның 
«Мен-тұжырымдама» 
бӛлігінде 
этностық-мәдени 
сәйкестілік 
адам 
психологиясының  түбірлі  ӛзгерісіне  байланысты.  Одан  жас  ерекшелік  дамуының  әр  түрлі 
кезеңіндегі сапалы мәнін табуға болады.            
Этностық-мәдени  сәйкестілік  ӛзінің  қалыптасу  процесінде  баланың  психикалық  даму 
кезеңдеріне  сай  бірнеше  кезеңдерден  ӛтеді.  Баланың  белгілі  бір  ұлттық  топқа  жататыны 
жӛніндегі  алғашқы  тұжырымдамалардың  бірін  Пиаже  ұсынды.  Пиаже  этникалық 
сипаттамалардың  дамуының  алғашқы  кезеңін  мектепке  дейінгі  жас  кезеңіне  арнады,  бірақ 
бала  алғашқы  ӛз  этносы  туралы  үзік,  жүйелі  емес  білімді  игереді  дейді.  Мектепке  дейінгі 
ұйымдарда  балалардың  этностық-мәдени  сәйкестілігін  қалыптастырудың  ерекшелігін 
айқындайтын екінші әдіснамалық қағида - мәденилік принципі.         
Балалардың  этностық-мәдени  сәйкестілігін  қалыптастыруда  мәденилік  принципінің 
мәні  бала  тәрбиеленіп  отырған  ортаның,  ұлттың,  қоғамның,  мемлекеттің,  аймақтың 
мәдениетін  баланың  қолдана  алуы.  Тәрбие  мен  білім  берудің  қабілеттілігі  -   мәдениеттің 
мәнін,  қарқынын,  мазмұны  мен  компоненттерін  кӛрсетіп,  мәдени  ӛзін-ӛзі  анықтауға  және 
сәйкестілендіруге (идентификациялауға) шарттар тудыру. Бұл принцип бойынша тәрбие мен 
білім  беру  жалпы  адамзаттық  құндылықтар  негізінде  пайда  болып,  оларға  қайшылыққа 
келмейтін  этно-ұлттық  мәдени  құндылықтар  мен  нормалар  және  аймақтық  дәстүрлерге 
сәйкес  құрылады. Этностық-мәдени  сәйкестіліктің  дамуы  бұл  мәдени  салада  маңызды  роль 
атқаратын  психологиялық  әлеуметтік  үрдіс.  Адам  ӛзінің  сәйкестілігін  мойындайтын 
кӛптеген ерекшеліктерді әлеуметтік жағдайдың дамуын талдамайынша, түсінуі қиын.  
_________________ 
1.Бала тәрбиесі № 2 2006 ж , № 4 2008 ж. 
2.«Ӛзіндік таным» № 2 2007 № 5-6 2006 ж. 
3.Бастауыш мектепте оқыту № 4 2007 ж. 
4.Аймауытов Ж. Тәрбиеге жетекші Орынбор, 1924. 
5.Сатыбаев С Халық әдебиетінің тарихы негіздері — Алматы: 1992. 
6.Баймұратова  Б.  Отбасындағы баланы  мектепке  дайындау, —  Алматы:  Шартарап, — 
2000 ж. 
 
Аннотация.
   
В  статье  рассматриваются  педагогические  условии      формирование  
этностно-культурных  проблем   детей до школьных учреждении. 
Annotation. Pedagogical conditions of formation etnostno and cultural needs of children to 
schools 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

 
121 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Тарих
-
география 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

 
122 
 
С.А.Байтілен 
 
ЕЛ  БАҒЫНА  ТУҒАН  ЕР 
 
ӘӚЖ 63.3 (5 Каз) 
   Н 17 
 
Елімізде,  1991  жылы  16  желтоқсан  күні  Алаш  баласының  ғасырлап  аңсаған  асқақ 
арманы орындалып, тәтті қиялы ақиқатқа айналды. Азат ел, тәуелсіз мемлекет болдық. Сол 
күннен бастап елімізді басқарған Елбасымыз Н.Назарбаев қазақ елінің тағдыры мен тарихын 
болашағына  ғана  емес,  тарихтың  әр  кезеңдерінде  қиянат  пен  зорлық  және  қуғын-сүргін 
кӛрген  жер бетіне тарыдай шашырап кеткен қазақ баласының да тағдыры мен болашағына 
да  алаңдады.  Себебі,  елімізде  тәуелсіздігімізді  жариялаған  тұста  жергілікті  халықтың  саны 
республикада үлес салмағы 40 пайыздан әзер асатын. Қазақ елінің тағдыры мен болашағына 
қатысты  осынау  күрмеуі  күрделі  мәселені  жедел  шешудің  бірден-бір  тӛте  жолы  –  шетелде 
ӛмір  сүріп  жатқан  қандас  бауырларды  елге  оралтып,  сол  арқылы  ортамызды  толтырып, 
кемімізді  бүтіндеу  екендігін  Елбасы  ерте  аңғарды.  Аңғарып  қана  қойған  жоқ,  жедел  іске 
кірісті.  Оның  дұрыс  саясаты  арқасында  қазір  жергілікті  халқымыздың  үлесі  70-ке  жуық 
пайызға жетіп отыр.  
Елбасы  Н.Назарбаев  халқымызды  сарабдал  саясатының  арқасында  20  жылдан  аса 
басқарып  жатыр.  Әр  сайлауда  елінің  даусын  жоғарғы  дәрежеде  алуда.  Мысалы,  Қазақстан 
Президентінің  тұңғыш  сайлауы  1991  жылы  1  желтоқсанда  ӛткені,  онда  дауыс  беруге 
қатысқандардың 98,78 пайыз дауысын алған  Н.Назарбаевтың Президент болып сайланғаны 
белгілі.  Содан  бері  қатысқан  халықтың  жоғарғы  даусын  алды.  Ал,  былтырғы  сайлауда 
Қазақстан  Республикасы  Президентінің  кезектен  тыс  сайлауына  қатысушылар  тізіміне 
9200298 азамат енгізіліп, олардың 8279277 адам дауыс берген екен. Яғни, 89.98 пайызы. Сол 
8279277  адамның  7850958-і  Елбасымыз  Нұрсұлтан  Әбішұлы  Назарбаевқа  дауысын  беріпті. 
Яғни, 95,55 пайызын құрайды. 
Не  айтуға  болады?  Ғажап  кӛрсеткіш.  Бұл,  алдымен  Елбасының  халқына  деген 
сүйіспеншілігі әрі - жақын, кӛсем, қамқоршысы, сүйікті басшы екенін ашық кӛрсетеді.  
Демек,  бізді  ел  халқының  сайлаудағы  айрықша  азаматтық  белсенділігі  бір  қуантса, 
мемлекеттің болашақ тағдырын әлем таныған, мойындаған, құрметтеген тұлғамен Нұрсұлтан 
Назарбаевпен ғана байланыстыратын даналығы, кӛрегендігі елді қуантады. 
Осы  кезде  Елбасы  жайлы  болған  оқиғаны  қоғам  қайраткері,  елімізге  танымал,  үлкен 
ғалым  Мырзатай  Жолдасбековтің  жазған  мақаласында  «Инаугурация  рәсімі  аяқталып  келе 
жатты.  Бәрі  де  жиналған  жұртшылықтың  кӛкейінен  шыққандай  болды.  Сӛйтіп  тұрғанда... 
Сол  сәтті  есіме  алсам,  әлі  де  жүрегім  атқақтап  соға  жӛнеледі.  Иә,  сӛйтіп  тұрғанда  сахна 
тӛріндегі  мемлекеттік тудың құлап кеткені. Кӛз алдымызда қисайып бара жатыр... Кенет, о 
құдірет, әлгі құлап бара жатқан туды Президент бір қолымен қағып алғаны!... Ту сыртында 
тұрған  тудың  құлап  бара  жатқанын  қалай  кӛріп  қалғаны,  соны  қалай  ұстап  үлгергені 
таңғаларлық. Ал енді осы жай адамның ісі ме? Жоқ, бұл жай адамның ісі емес. Сол оқиғаның 
символдық  мәні  бар  сияқты  болады  да  тұрады  маған.  Нұрсұлтан  Назарбаев,  шынында  да, 
қазақтың жығыла жаздаған туын қайта тіктеген азамат», деп жазады. 
Шын  мәнінде,  Қазақстанның  тұңғыш  Президенті  Нұрсұлтан  Әбішұлы  Назарбаев  – 
елімізде  саяси  мектеп  қалыптастырған  тұлға.  Саясат  дегеніміз  -  ӛнер,  ол  ел  қоғамын  және 
мемлекетті басқару ӛнері. Саясат қат-қабат феномен. Ол – сана, теория және тәжірибе болып 
жіктеледі.  Саясат  қоғамның  тынысы.  Ал,  осы  салада  Елбасында  тума  ӛнері  бар.  Тұлғасыз 
ӛмірде саясат болмайды. 
ХХІ  ғасырда  біздің  еліміз  сарабдал  саясаттың  арқасында  ӛзінің  жарқын  болашағына 
қарай  батыл  алға    самғап  келеді.  Кӛш  басында  –  қазақ  елінің  Тұңғыш  Президенті,  Елбасы 
Н.Назарбаев. 

 
123 
 
Ӛмірде,  адам  қауымында  жетістіктер,  табыстар,    қиыншылықтар  мен  кемшіліктер 
болып  тұрады.  Біздің  Қазақстанда  халқының  ынтымақ  –  бірлігін  сақтай  отырып,  Елбасы 
меңзеген  «Қазақстан  –  2030  »  бағытында  нық  алға  батыл  басып  келеді.  Оған  біз  сенеміз 
және кӛреміз, ӛйткені ол әрдайым ел алдындағы сертіне берік.  
Елбасы  ретінде  Н.Назарбаев  ӛз  еліне  ниеті  ақ,  жүрегі  халқына  деген  таза  екендігін  әу 
бастан үлкен істерімен білдірсе, халық  та оны таза жүрегімен қабылдады және де соңынан 
күдіктенбей, үлкен сеніммен ерді. 
Егер  кӛш  басында  болған  тұңғыш  Президентіміз  Н.Назарбаев  бүгінгі  мерзімге  дейін 
халқына  кӛптеген    жақсы  істер  атқарды  және  атқарады.  Оларды  қысқаша  негізгілерін 
атайтын  болсақ,  ол  халық  арасында  тың  экономикалық  сана,  психология  орнықтыру 
қажеттілігі. Елбасының әуелі экономика дегендігі саясатының идеялық мәнісі осы болатын. 
Қазір Қазақстан Республикасының экономикасы дамыған елге айналды. 
Келесісі,  жаңа  қала,  Астана  салу  еді.  Алматы  қаласынан  Астанаға  Президенттің  ӛзі 
бас  болып  Мемлекеттік  рәміздерді  алып  келгенде,  Нұрсұлтан  Назарбаевқа  қаланың  кілтін 
тапсырып, иығына қамқа тон жауып, бата берген қариялар еді. Қазір жер үстіндегі, әлемдегі 
ең  сұлу  жаңа  қалалардың  қатарына  қосылды,  әрине  қазақ  елінің  қуанышына  айналды. 
Астана-  жаңа  қала.  Бұл  қала  соңғы  уақытта  әлем  тілдерінде  айтыла  бастады,  оны  біле 
бастады.  Дүниежүзілік  картаға  енді.  Назарбаев  –  Астана  –  Қазақстан  ұраны  елде  қатар 
айтылды. 
Келесісі,  ол  –  Тҧңғыш  Президент  Елбасының  «Мәдени  мҧра»  жобасы.  Ӛткенді 
Қазақстанда  жаңарту,  жоғалғанды  табу,  іздеу  және  қажетіне  жарату.  Еліміздің  мәдени 
құндылықтарды әлемдік ӛркениеттік үрдістер ӛрісінде жетілдіру, әлемге тарату және оларды 
насихаттау.  «Мәдени мұра»  - Ұлттық  бағдарламаға айналды.  Республикада  «Мәдени мұра» 
бағдарламасында  кӛптеген  мәдени  құндылықтар  мемлекет  тіліне  аударылып  елімізге 
жеткізілді. Қазір, елімізде барлық кітапханаларда оқырмандардың қолданысында. Бұл қазақ 
елінің  ӛткен тарихы мен болашағы арасындағы бүгінгі кӛпірі. 
Келесісі,  қуатты  мемлекет  құруды  мақсат  еткен  Тұңғыш  Президент  Н.Назарбаевтың 
«Интеллектуалды ұлт - 2020» ұлттық жобасын ұсынғандағы мақсаты – жан-жақты дамыған 
білімді, мәдениетті, отаншыл, ұлтжанды ұрпақ қалыптастыру. 
Елбасы Н.Назарбаев ӛз халқына Жолдауында: «Болашақта ӛркениетті дамыған елдердің 
қатарына ену үшін заман талабына сай білім қажет. Қазақстанды дамыған 50 елдің қатарына 
жеткізетін, терезесін тең ететін - білім», -  деп нақтылап берді. 
Президентіміз  Н.Назарбаев  Әл-Фараби  атындағы  Қазақ  Ұлттық  университетінің 
студенттері  мен  профессор-оқытушылар  құрамының  алдында  оқыған  «Қазақстан 
дағдарыстан  кейінгі  дүниеде:  болашаққа  интеллектуалдық  секіріс»  деп  аталатын  дәрісінде: 
«Бізге  ұлттық  интеллектінің  діңін  құру  қажет,  бізге  халықаралық  деңгейде  бәсекеге  түсе 
алатын  эрудициялы  адамдар  керек»,  -  деген  еді.  Соған  орай,  қазір  барлық  жоғары  оқу 
орындары  әлемдік  бәсекеге  қабілетті  білімді,  білікті,  дарынды,  ұлтжанды,  отаншыл  және 
жан-жақты  жетілген  ұрпақ  тәрбиелеп,  интеллектуалды  ұлт  қалыптастыру  үшін  күш  жігер 
жұмсауда. 
Келесісі,  саяси  модернизациялау  идеясы.  Ол  2007  жылы  еліміздің  ата  заңына  
ӛзгерістер енгізіліп, қоғам ӛмірінде саяси партияларға ӛріс ашу айқындалды. Ол соңғы кезде 
сапалығы жағынан ӛз деңгейінде болып жатыр. 
Келесісі, діни келісім. Соңғы жылдары діндер ел мен елді бӛлектейтін сана болып келді. 
Президентіміз дін мен  діндер, керісінше, ел мен елді, халық пен халықты жақындастыратын 
феномен  болса  деген  биік  идея  ұсынып,  Астанада  әлемдік  және  дәстүрлі  дін 
кӛшбасшылардың  тӛрт  съезін  ӛткізді.  Қазір,  елімізде  дінаралық  татулық  ел  саясатының 
тұрақты мәселесіне айналды. 
Келесісі,  ел  бірлігі  идеясы.  Ол  Қазақстан  халқы  Ассамблеясын  құрудан  бастау  алып, 
Қазақ  елі  концептінен  келіп  «Ел  бірлігі  доктринасымен»  толықты.  Республикамызда 
Парламент Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы заң қабылданып, елімізде іс жүзіне асты.  

 
124 
 
Сондай-ақ, 2012 жылы Парижде ӛткен Халықаралық кӛрмелер бюросында  ЭСПО-2017 
кӛрмесі отанымыздың жүрегі – Астана қаласында ӛтетін болып шешілді. Енді бес жылда осы 
кӛрмені ӛткізуге дүниенің тӛрт бұрышынан жиналған адамдардың Астана қаласының тарихы 
мен мәдениетіне де ден қоятындығы сӛзсіз. Біле білсек, бұл  - біздің еліміздің экономикасын 
еселеп    кӛтеріп  қана  қоймай,  беделін  асыратын    қадам.  Бұл    -  Елбасымыз  Нұрсұлтан 
Назарбаевтың  бүкіл  дүние  жүзіндегі  мәртебесінің  арқасы  және  Қазақстан  мемлекетіне 
кӛрсеткен зор сенімі.  
Тұңғыш  Президентіміз  Н.Ә.Назарбаевтың  «Қазақстан  -  2050»  Стратегиясы  – 
қалыптасқан  мемлекеттің  жаңа  саяси  бағыты»  атты  Жолдауы  халқымыздың  ұзақ  мерзімді 
тарихи құжаты. Осы уақытқа дейін ел «2030» Стратегияның ұзақ мерзімді басым мақсаттары 
мен  міндетін  негізінен  алғанда  орындап  шықты;  олар  –  ұлттық  қауіпсіздік,  ішкі  саяси 
тұрақтылық  және  қоғамның  топтасуы,  экономикалық  ӛсім,  денсаулық  әл-ауқатын  кӛтеру. 
Сонымен бірге, елдің индустриялық-инновациялық үдемелі даму үшін қуатты экономиялық 
база жасалды. Біз бар әлем үшін танымал елге айналдық. 
Елбасының  Жолдауда  ел  алдында,  халық  алдында  бұдан  да  зор,  ғаламат  дерлік  жаңа 
міндеттер тартылғанын қызығушылық және сүйінішпен біліп отырмыз. Ол Қазақстанды 2050 
жылға  дейін  дамытудың  стратегиясы,  басты  бағыт-бағдары.  2050  жылға  дейін  Қазақстан 
әлемдегі  дамыған,  бәсекелестікке  барынша  қабілетті  30  елдің,  тіпті  20  елдің  қатарына 
қосылып қалуымыз мүмкін. Бұған еліміздің экономикалық мүмкіндігі толық жетеді. Ӛйткені, 
Қазақстанда табиғи ресурстар баршылық. 
Қазір  еліміздің саясаты да дұрыс. Елбасының сарабдал  саясатының арқасында сыртқы 
табысымыз аз емес. Еліміз тыныш. Қазақстандықтар жемісті табыстан – табысқа жетуде, оны 
шетелдік  саясатшылар  мен  басшылары  айтуда.  Мәселен,  Грузияның  экс-президенті  Эдуард 
Шеварднадзе: «Қазақстан – ұлы мемлекет, оны ұлы адам басқарады» деді. «Н.Назарбаевтың 
басшылығымен  елдің  қандай  ғажайып  табыстарға  қол  жеткізгенін  білемін.  Сондай  ерекше 
елге мен жан-тәніммен бар жақсылықты тілеймін», деді Эдуард Амвросиевич. 
Бүгінде  Қазақ  елінің  еңсесі  биіктеп,  Тұңғыш  Президентіміз  Н.Назарбаев  тек  ӛз  елінде 
ғана емес, әлемдік деңгейдегі кӛрнекті саяси тұлғаға айналды. 
_______________ 
1.//Ар-Ай  «Қазақстан  -  2050»  стратегиясы  қалыптасқан  мемлекеттің  жаңа  саяси  бағыты. 
Қазақстан  Республикасының  президенті  –  Елбасы  н.Ә.  Назарбаевтың  Қазақстан  халқына 
Жолдау. Тараз, 2012 ж. 20 желтоқсан, № 51. 
2.// Егемен Қазақстан. – Алматы, 2012ж. 23 желтоқсан. 
3.// Егемен Қазақстан. – Алматы, 2013ж. 4 әне 5 қаңтар. 
4.Байтілен С.А. Қазақстан тарихы. – Тараз, 2008. 
5.// Егемен Қазақстан. – Алматы, 2012ж. 26 қаңтар. 
 
Аннотация.  В статье рассматривается  политики, Стратегии, Послании Н.Назарбаева.           
Annotation.  In the article is written about politics, ideas, strategies, Letter of N. Nazarbayev. 
                                                                              
 
Қ.А.Шолпанқҧлова, М.С.Қуандық 
 
ТҤРКІСТАН ӚЛКЕСІНДЕГІ АЛҒАШҚЫ БАСЫЛЫМДАР 
 
ӘӚЖ:  ДЖ 002:655.1(574) 
 
Бүгінгі күні әлем мемлекеттері арасынан баспасӛзі жоқ елді кездестіру мүмкін емес. Ал 
әлем мемлекеттерінде баспасӛздің қалыптасуы мен дамуы сол халықтардың ӛзіне тән ұлттық 
рухани  ерекшеліктеріне  де  байланысты  болуы.  Қазақ  халқында  ата-баба  мұрасына  ерекше 
құрметпен қарап, салт-дәстүрін сақтап, ӛсіп келе жатқан ұрпақтарына тәлім-тәрбие беру тек 

 
125 
 
атадан  қалған  нақыл  сӛздермен  шебер  әрі  орынды  айтылған  ақыл-кеңеспен  шектелмейтіні 
белгілі. Отбасы тәрбиесімен басталатын Отанын, ел-жұртын сүю, ардақтау сияқты қасиеттер 
әрбір  азаматқа  ӛз  жерінің  тарихын,  табиғатын,  байлық  ресурустары  мен  шаруашылық 
ерекшеліктерін, географиясын жетік білінуінен бастау алады. 
Бүгінде  тәуелсіз  еліміздің  тарихы  қайтадан  қаралып,  жаңаша  демократиялық  кӛзқарас 
тұрғысынан саралануда. Осы ретте қазақ даласының ежелгі мәдениеті мен ӛркениетін қазіргі 
заман заңғарынан пайымдау халқымыздың санасын оята түсуге оң ықпал ететіні анық. 
Мәдени мұра мәселесіне оралсақ, мемлекеттің ӛркениеті мен мәдениетінің деңгейі сол 
елдің  халқының  сауаттылығы  мен  ӛнері  арқылы  ӛлшеніп  отыратыны  белгілі.  Ұшарын  жел, 
қонарын сай білетін қаңбақтай халық емес, ӛзіндік ӛркениеті қалыптасқан, тұңғиық тарихы, 
мызғымас мәдениеті бар ұлт екенімізді кӛрсететуде баспасӛздің маңызы орасан зор. Біртұтас 
қазақ  халқының  әлемдік  процестегі  алар  орнын,  бүгінгі  күннің  болмысын  жете  ұғынуға 
талпынған адамға-ӛз халқының ӛмірбаян беттерін парақтай отырып, ӛткен заман оқиғалары 
мен құндылықтарына, тарихи тегіне зер салып, ой елегінен ӛткізу қасиеті тән.  
Ӛткенін  қастерлеп,  бүгінгі  ұрпақтың  керегіне  жарата  білу  –  келешегі  бар  ӛркениетті 
елдердің  ғана  үлесіне  тиетін  жәйт  екені  бәрімізгемәлім  .  Біз  кейінгі  жылдарға  дейін 
ӛткенімізге тереңдеп бара алмай келдік. Қазақ елі үшін ояну дәуірі енді ғана басталды. Қазақ 
халқының  тарихи  санасын  қайтадан  қалыптастыру  қоғамды  жаңғыртудағы  негізгі  мәселе 
болып  отыр.  Ол  үшін  ӛткен  тарихымызды  қоспасыз  түгел  білуіміз  керек.  Тӛңірегімізді 
түгендеуде,  жоғалтқанымызды  іздеуде  қолға  алынған  кӛп  жұмыстардың  бірі–  ана  тілімізде 
жарық  кӛрген  газет-журналдарды  жинау,  олардың  бетінде  басылған,  шашырап  жүрген 
дүниелерімізді халқымыздың игілігіне жарату болып табылады. [1] 
XIX  ғасырдың  екінші  жартысында  Түркістан  ӛлкесін  тұтас  отарлап,  билікті  қолға 
алғаннан кейін Ресей бұл жердегі түркі халықтарын мәңгі бодандық бұғауда ұстаудың саяси-
әлеуметтік  жолдарын  қарастыра  бастаған.  Патша  отаршылары  бұл  халықтарды  жаулап 
алғанға  дейін  әртүрлі  мақсат  кӛздеген  арнаулы  экспедициялар  жіберу  арқылы  жан-жақты 
зерттеп  біліп,  отарлаудың  қандай  айла-тәсілдерін  қолдану  жолдарын  да  анықтап  алған  еді. 
Ресейге бодан болған халықтардың ішінде ең саны кӛбі де әрі жер кӛлемі зоры да ӛзіміздің  
қазақ  халқы    болуы  себепті  отаршылдар  бұл  халыққа  ерекше  кӛңіл  бӛле  бастағаны 
сондықтан еді . Ӛйткені қазақ жерін бір жарым ғасырда әрең бағындырған Ресей империясы 
ұлттық  санасы  күшті,  жауынгер,  кӛшпелі  ӛмір  бесігінде  тербеліп  шыныққан,  ұлттық  рухы 
жоғары  қазақ  халқына  алдымен  назар  аударып,  олардың  кӛшпелі  ӛмір  қалыптастырған 
тұрмыстық  қалпын бүлдіріп, ұлттық  тілін ӛзгертіп, орыстандырып жіберу  саясатын саналы 
жоспарлы түрде жүргізуді қолға алғаны да бізге мәлім.  

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   25




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет