Государственного педагогического



Pdf көрінісі
бет12/25
Дата06.02.2017
өлшемі2,43 Mb.
#3539
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   25

АннотацияМақалада   құзіретті тәсілдерді  жүзеге асыру шарттары арқылы  жаңа 
тұрпатты мұғалімдерді кәсіптік  даярлау мәселелері қарастырылады  
Annotation. The article deals with how to prepare teachers of the new formation in the field 
of education to professionalism. 
 
 
Р.Керімбаева, Г.Тайтелиева 
 
СӘБИЛІК ШАҚТА БАЛАЛАРҒА СЕНСОРЛЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУ 
ӘӚЖ  371.315.1 
    К 32 
 
Бүгінгі таңда егеменді еліміз ӛзінің қоғамдағы саяси, әлеуметтік-экономикалық, мәдени-
білім  парадигмасы  жүйесін  әлемдік  ӛркениет  үлгісінде  дамытуда.  Білім  беру  жүйесіндегі 
болып жатқан реформа жаңа ұлттық модельдегі білімді құрумен және оқу-тәрбие процесінің 
педагогикалық теориясы мен практикасында елеулі ӛзгерістермен ерекшеленеді. 
2009  жылы  Қазақстан Республикасының  «Мектепке  дейінгі  білім  беру»  стандартының 
осы  кезеңге  дейінгі  қалыптасқан  отандық  және  халықаралық    тәжірибені  сәйкестендіре 
отырып, мектепке дейінгі балалардың тұлғалық дамуын қамтамасыз ететін жобасы жасалды.   
Аталған құжаттарда  мектепке дейінгі баланың ӛзіне тән ерекшеліктерін ескере отырып, 
оның  толыққанды  қалыптасуы  үшін  дамыту  ортасын  құратын  үздіксіз  білім  берудің 
бастапқы деңгейінде әрекеттің ӛзіндік түрлерін, баланың даму бағытын, оның кейінгі мектеп 
жағдайына бейімделуін қамтамасыз етуі тиіс екендігі кӛрсетілген. 
Бұл  аталған  күрделі  міндеттер  сәби  шақтағы  балалардың  сенсорлық  тәрбие  берудің 
деңгейіне тікелей байланысты.  
Мектепке дейінгі балалардың танымдық әрекеті, сенсорлық тәрбиесінің психологиялық 
құрылымы,  қалыптасу  сатылары  мен  заңдылықтары  Б.Г.Ананьев,  С.Л.Ананьин, 
Л.И.Божович,  Л.С.Выготский,  Д.Б.Эльконин,  В.В.Давыдов,  С.Л.Рубинштейн,  М.Мұқанов, 
А.Темірбеков, Қ.Жарықбаев, Х.Т.Шерязданова т.б. еңбектерінде анықталған. 
Мектепке  дейінгі  педагогика  ғылымында  танымдық  әрекетті  сансорлық  тәрбиемен 
байланыстыра  зерттеген  Е.Тихеева,  А.Водовозова,  М.Монтессори,  В.Флерина,  С.Ветлугина 
және т.б. 
 Қазақстанда мектепке дейінгі педагогика ғылымында Н.Қ.Құлжанова, А.К.Меңжанова, 
Б.Баймұратова,  М.С.Сәтімбекова,  Қ.А.Аймағамбетова,  Г.Меңлібекова,  С.Н.Жиенбаева, 
Ә.С.Әмірова, 
Ф.Н.Жұмабекова, 
Р.Қ.Керімбаева, 
Г.З.Таубаева, 
Г.М.Метербаева, 
А.И.Искакова және т.б. мектепке дейінгі тәрбие салаларының түрлі бағыттарын зерттеген.   

 
86 
 
Мектепке  дейінгі  кезеңде  тәрбиелеу  үдерісі  қарқынды  дамуымен  сипатталады. 
Психология  мен  педагогика  тарихында  қабылдау  генезисі  мен  сенсорлық  қабілеттері 
бірқатар ғалымдар мен зерттеушілердің назарын аударды. 
Мектепке  дейінгі  кезең  –  қоршаған  орта  мен  нақтылықпен  алғаш  танысу  кезеңі, 
сонымен  қатар  осы  уақытта  баланың  танымдық  қабілеттері  қарқынды  түрде  дамиды. 
Мектепке  дейінгі  жастағы  балаларды  сенсорлық  тәрбие  беру  теориясына  тоқталсақ,  оның 
алғашқы қауымдық құрылыс тұсынан бастау алғандығын байқаймыз. 
Сенсорлық  мәдениеттің  эстетикалық  тәрбие  үшін  де  зор  маңызы  бар.  Түсін,  реңін, 
формасын және форма мен түстің үйлесімін, биіктігі мен  тембрін  ажырата  білу,  бейнелеу 
және  музыка  ӛнері  шығармаларын  жақсы  түсінуге,  музыканы  тыңдаудан,  картиналар 
мен скульптураны және т. б. керуден ләззат алуға мүмкіндік береді. 
Сенсорлық тәрбие мәселелерінде Мария Монтессоридің сенсорлық, тәрбие жүйесінде 
ӛз бейнесін тапқан позициядан принципті айырма-шылығы бар позицияны ұстанады, 
XX  ғасырдың  басында  Монтессори  талдап  жасаған  сенсорлық  тәрбие  жүйесі 
балалардың  түстер  мен  реңктерді,  формалар  мен  кӛлемдерді  ажы-рату  дәрежесі  жоғары 
болуына  қол  жеткізуді  ӛз  алдына  мақсат  етіп  қояды.  Ол  пайдаланған  дидактикалық 
материалдар  ӛзін-ӛзі  бақылау  принципіне  сәйкес  жасалған,  мұның  ӛзі  балаларға 
педагогтың  қатысуынсыз,  ӛз  бетімен  шұғылдануына  мүмкіндік  береді.  Алайда  бұл  кезде 
сезімнің  дамуы тіл дамуымен, ӛнімді қызметпен байланысты болған жоқ. Бұл қолдың ұсақ 
бұлшық  еттерін  дамытуға,  кӛлеммен  формадағы  болмашы  айырмашылықтарды  сипап 
анықтау  қабілетін  қалыптастыруға,  түстің  реңктеріндегі  елеусіз  айырмашылықтарды  тап 
басуға негізделді. 
Мектепке  дейінгі  педагогика  ғылымында  сенсорлық  тәрбиені  іс-әрекеттің  әр  түрі: 
бейнелеу,  қүрастыру,  музыкалық-қимыл  процесінде,  балаларды  қоршаған  ортамен 
таныстырғанда жүзеге асыру деп есептейді.  
Сәби  шақтағы  балалардың  сенсорлық  тәрбие    –  заттардың  қасиетін,  сапасын,  дыбысы 
және кеіңістікте орналасуы туралы білімі, біліктілігі мен дағдысының жиынтығын айтамыз. 
Мектепке  дейінгі  балалық  шақта  заттардың,  құбылыстардың,  іс-әрекеттердің 
арасындағы байланыстар мен қатынастарды бӛлу  мен пайдалануды  талап ететін күрделі  де 
сан  алуан  міндеттерді  баланың  шешуіне  тура  келеді.  Ойында,  сурет  салуда,  құрастыруда  , 
жапсыруда, оқу және еңбек тапсырмаларын орындауда бала үйреніп алған іс-әрекеттерді жай 
ғана  пайдаланып  қана  қоймайды,  жаңа  нәтижелер  ала  отырып  олардың  тұрақты  түрін 
ӛзгертеді.  Сәби  шақтағы  балалар  ӛздерін  қызықтырған  мәселелерді  түсіну  үшін  ӛзіндік 
тәжірибелер  жасауға  кіріседі,  құбылыстарды  бақылайды,  оларды  талқыға  салып, 
қорытындылар жасайды.  
Атақты  психолог  ғалымдары  Л.С.  Выготский,  А.И.  Леонтьев,  А.С.  Запорожец,  Л.Д. 
Венгер,  Д.Б.  Эльконин,  Е.И.  Игнатьева,  Ю.К.  Бабанский,  И.Я.  Лернер  т.б.  зерттеушілердің 
еңбектерінде сәби шақтағы балалардың жеке басының қалыптасуына әсер ететін әртүрлі іс-
әрекеттердің  ішіндегі  ең  маңыздысы  шығармашылық  белсенділіктің  сапалығына  назар 
аударады.  Алайда  мектепке  бару  қарсаңында  баланың  психологиялық  даму  деңгейінде 
жекелей  ӛзгешеліктер  ӛсе  түседі.  Бұл  ӛзгешеліктер  мынадан  кӛрінеді:  балалар  бір-бірінен 
ақыл-ой, адамгершілік және жекелей дамымен ажыратылады. Олай болатын болса, балаларға 
психологиялық қолдау жасау бiлiм беру мекемелерiнiң (балабақша, мектеп) ең негiзгi мiндетi 
болып табылады.  
Білім  беру  жүйесінің  негізгі  мақсаты  –  тұлғаны  оқыту,  тәрбиелеу,  дамыту.  Бұл 
мақсаттар ӛзара тығыз байланыста болғанда ғана нәтижелі болады. Баланы ӛмірге дайындау 
үшін дамытудың маңызы ерекше. Даму барысы: 
1. Зердесін дамыту 
2. Эмоциясы мен сезімдерін дамыту 
3. Күрт қиыншылықтарға тӛтеп бере алуын дамыту 
4. Ӛзіне-ӛзінің сенімділігін, ӛзін-ӛзі қабылдау, жақсы кӛруді дамыту 
5. Танымдық үрдісін дамыту  

 
87 
 
6. Ӛзін-ӛзі алып жүре алуын, дербестігін дамыту 
7. Ӛзін-ӛзі кӛрсете алуына, ӛзін-ӛзі жетілдіруге ынтасын дамыту. 
Л.А.Венгер  мен  В.С.Мухина  еңбектерінде  сәби  шақтағы  балалардың  сенсорлық 
тәрбиесінің  міндеттерін  кӛрсетеді: 
1) сенсорлық эталондармен таныстыру; 
2) балаларды сенсорлық эталондарды қолдану тәсілдеріне үйрету; 
3) заттарды толықтай зерттей білуге үйрету. 
2 жастағы балада, егер барлық жағдайлар жасалса, балада қабылдаудың даму деңгейін 
анықтайтын сенсорлық қабілеттердің қарқынды дамуы бақыланады.  
Сенсорлық  дамуда  заттарды  қабылдау  маңызды  болып  табылады.  Заттармен,  олардың 
қасиеттерімен әрекет арқылы танысу қабылдау бейнелерінің қалыптасуына әкеледі.  
Бала  заттармен  әрекет  жасай  отырып,  сенсорлық  сипаттамаларының  үйлесуіне  емес 
жеке, кӛзге тез түсетін белгілеріне (тері жаға, тері бас киім) тез мән береді. 
1 жастағы балада заттардың ӛлшемдері мен пішіндер қабылдау қарқынды қалыптасады. 
Түске  қатысты  алғанда,  ӛзінің  эмоциоалдық  ұнамдылығына  қарамастан,  оны  қабылдау 
түспен практикалық әрекетті жүзеге асыруға қарағанда мейлінше күрделі. 
2  жастағы  балада  қабылдау  нақты  және  салыстыру,  үйлестіру  тәрізді  қызметтерімен 
байланыста  түсініледі.  Сенсорлық  даму  деңгейі  бойынша  балаларда  заттардың  қасиеттерін 
дұрыс  ерекшелеу  және  заттарды  қасиеттерінің  үйлесіділігіне  қарай  білу  білігі  қалыптасқан 
болы табылады.  
Елімізде  2009  жылы  мемелкеттік  жалпыға  міндетті  мектепке  дейінгі  білім  беру 
стандартында    сәби  шақтағы  балалардың  оқыту  және  тәрбиелеуде  «Денсаулық», 
«Танымдық», «Коммуникация», «Шығармашылық» салалар бойынша білім алып, танымдық 
саласында педагогтардың міндеті ретінде балалардың түрлі әрекетінде сезімдік тәжірибесін 
байытуға  әр  түрлі  әдістемелер  пайдалануды,  заттардың  қасиеттін  зерттеуді  және  оларды 
атауды үйрету, заттармен әрекетті үйренуде баланың қажеттілігін іске асыруына кӛмектесу 
керектігі айтылған. Олардың дамытушылық ортасы баланы қажеттіліке  
Сәби шақтағы балалардың сенсорлық қабілетін дамыту мазмұны 
 
Міндеттері 
Сәби шақтағы балалардың 
сенсорлығының дамуы 
Ересек мектепке дейінгі жас 
Сенсорлық 
эталондармен 
таныстыру 
Түс  спектрі  және  олардың  түстері, 
ашықтығы,  геометриялық  фигуралар 
және  олардың  пропорция  бойынша 
ӛзгерісі,  заттардың  ӛлшемі  мен  жеке 
олардың  ӛлшемдері  бойынша  қарым-
қатынасы 
туралы 
түсініктерін 
меңгертуді 
ұйымдастыру. 
Ӛз 
әрекеттерінің кӛмегімен таныстыру: 
Ӛз бетінше дайындау жән түсін ӛзгерту 
(суды  және  бояуды  араластырып  бояу), 
геометриялық 
фигурадар 
әртүрлі 
ӛлшемдері заттардан қатар құру. 
Сенсорлық 
эталондарды 
ерекшелеу 
мен 
жүйелеу 
негізінде 
жатқан 
заңдылықтарды 
түсінуге 
арналған 
тапсырмалар 
– 
қабылдау мен ойлаудың болуы. 
Мысалы,  бір  түстің  бернеше 
ұқсас 
түстерін 
немесе 
фигуралардың 
әртүрін 
біріктіру,  юір  геометриялық 
пішінге 
қатысты, 
заттарды 
арнайы тізбектілік бойынша ӛсу 
және кему ретімен орналастыру 
және т.б. 
Балаларды 
сенсорлық 
эталондарды 
қолдану 
тәсілдеріне 
үйрету 
Балаларды  нақты  үлгілерді  меңгерілген 
түсініктерді қолдануға ауыстыру  
 
 
 

 
88 
 
Заттарды 
толықтай 
зерттей білуге 
үйрету 
Жұмбақ түріндегі, заттардың суреттерін 
және  бқліктерін  құрастыру,  заттардың 
сӛздік  сипаттамасына  жетекшілік  ету 
тапсырмалары  
Балалардан заттардың нақты 
сӛздік сипаттамасы мен 
олардың қасиеттерін талап 
ететін тапсырмалар 
 
Соның  ішінде  тұрақтылығы,  олармен  қарапайым  әрекеттерді  орындау  ерте  жас 
кезеңіндегі ойын сабақтарын ұйымдастыру үшін ыңғайлы.  
Тілдік,  фонеметикалық  есту,  қоршаған  әлеммен  тілмен  қарым-қатынас  жасау  үдерісін 
жүзеге асыру ерекше маңызды болып табылады.  
Сипап  сезу  арқылы  қабылдауды  жетілдіру  кӛзбен  қабылдаумен  бірге  және  қол 
қозғалысының дамуымен бірге, сонымен қатар зейін, ес, ойлау тәрізді психикалық қызметтер 
жүзеге  асырылады.  Сенсорлық  дамудың  негізгі  міндеті  қоршаған  нақтылықты  танудың 
бастапқы сатысында қабылдауды қалыптастыру үшін жағдай жасау болып табылады. 
Қазақстанда  білім  берудің  мазмұнын  жаңартудың  басым  бағыттарын  айқындайтын  12 
жылдық  білім  беру  жүйесінің  құрылымы  мен  мазмұнына  сай  мектепке  дейінгі  кезеңнен 
балалардың  сенсорлық  қабілетін,  әрекетін,  сенсорлық  тәрбие  берудіңқоғам  талабы  мен 
мемлекеттік  даму  болашағына  сай  құрылуы  тиіс.  Бұл  қоғамды  ізгілендіру  мен 
демократияландыру  талаптарына  сай  жүргізіліп  жатқан  білім  беру  мазмұнын 
модернизациялау саясаты ӛзгермелі жағдайларға еркін бағдарланатын, бастамашыл, ӛзін-ӛзі 
дамытатын,  ӛзін-ӛзі  бақылай  алатын,  әлемдік  деңгейде  бәсекеге  қабілетті  жеке  тұлғаны 
қалыптастыру  мақсатын  кӛздейді.  Сондықтан  бүгінгі  жаһандану  заманында  күн  тәртібіне 
қойылып  отырған  күрделі  мақсат  әлемдік  жинақталған  тәжірибені,  отандық  қол  жеткен 
табыстарды  саралай  және  ұлттық  ерекшеліктерімізді  ескеріп  сәби  шақтан  сенсорлық 
тәрбиесін жаңаша ұйымдастыруды қажет етеді.  
______________ 
1.Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы. 
2.Ананьев Б.Г. О человеке как объекте и субъекте воспитания. - В кн.: Избранные пси-
хологические труды. В 2-х т. - М.: Педагогика, 1980. с  
3.Выготский Л.С. Сборник сочинении в 6-томах. Т. 5., - М., 1983. 
4.Меңжанова  А.К.  Балаларды  кӛркем  шығарма  туындылары  арқылы    адамгершiлiкке  және 
еңбекке тәрбиелеу. – Алматы: Рауан, 1991. 
5.Сенсорное воспитание в детском саду / под ред. Н. П. Сакулиной.- М. : - 1981.   
 
Аннотация. В данной статье рассматривается проблемы сенсорного  воспитания детей 
младщего дошкольного возраста. 
Annotation.  In this article considers the challenges of raising children touch of preschool age. 
 
 
Ф.Б.Қоңқашова  
 
ДИДАКТИКАЛЫҚ ОЙЫНДАРДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ МЕН  
ПРАКТИКАЛЫҚ МАҢЫЗЫ 
ӘӚЖ 37.355 
Қ 53 
 
Бастауыш  сыныптарда  оқу-тәрбие  үрдісі  жоғары  сыныптарға  қарағанда  ӛзіндік 
ерекшеліг бар. Бұл оқу процесін ұйымдастыру, жүргізу барысында баланың жас ерекшелігіне 
сай  әдіс-тәсілдерді  тиімді  қолданған  жӛн.  Бастауыш  білім  беру  кезінде  кеңінен 
қолданылатын әдіс құралдарының бірі – дидактикалық ойындар.  «Ойын дегеніміз - ұшқын, 
білімге  құштарлық  пен  еліктеудің  маздап  жанған  оты»  деп  В.М.  Сухомлинский  айтқандай, 
дидактикалық  ойындар  баланың  кӛңілін  сабаққа  аударуға,  ынта  қойғызуға,  қабылдауын 

 
89 
 
оңайлатуға,  білімді  толық  меңгеруге  кӛмектеседі,  сабаққа  эмоциялық  реңк  береді.  Оқу  - 
тәрбие  жұмысы  барысында  қолданылуына  байланысты  ойынның  мақсаты  айқындалады. 
Олар:  баланы  пәнге  қызықтыру,  логикалық  ойлауын  дамыту;  сӛздерді  орынды  қолдану 
дағдыларын  жетілдіре  отырып,  сӛйлеу  мәдениетіне  тәрбиелеу;  таным  әрекетін 
қалыптастыру,  тиянақтау,  пысықтау,  алған  білімді  тексеру,  қызығушылығын  ояту, 
белсенділігін арттыру мақсаты. 
Бастауыш  білім  беруде  ойынның  түрлерін  сабақ  барысында  қолдана  отырып,  
оқушылардың  танымдық  қабілетін  жетілдіруге  тырысамыз.  Баланың  қоршаған  айналаны 
тануын, шығармашылық әрекетінің дамуын ойын арқылы дамытамыз. Баланың айналасымен 
қарым-қатынас  жасауға,  қажетті  дағдыны,  адамгершілік  қасиеттерін  қалыптастыруына 
кӛмектесу де ойынның міндеттеріне жатады. 
Теориялық тұрғыдан дидактикалық ойындарды құрудың негіздері тӛмендегідей: 

 
Балалардың  іс-әрекетіне  ойын  түрлерімен  оқуды  байланыстыру,  жеңіл 
ойындардан ойын-тапсырмалар арқылы берілген оқу-тәрбие мәселелеріне кӛшу; 

 
Ойынның шарты мен міндеттерін біртіндеп күрделенуі; 

 
Берілген тапсырмаларды шешуде баланың ақыл-ой белсенділігінің күшеюі; 

 
Оқу-тәрбие мақсаттарының бірлігі. 
Сабақ  барысында  қолданылатын  дидактикалық  ойындардың  сапалылығына  келсек, 
олардың  сабақтың  әр  кезеңіндегі  орны  мен  міндетін,  мақсатын  дәл  анықтауға,  оны 
қолданудың  теориясы  мен  практикасын  мұғалімнің  жетік  меңгеруіне,  шеберлік  танытуына, 
ойынға  қажеті  материалдарды  алдын-ала  дайындап  алуына,  ойын  үрдісіне  оқушыларды 
белсенді қатыстыруына байланысты болады. 
Оқу үрдісінде қолданылатын дидактикалық ойын түрлері:  
Заттық дидактикалық ойындар. Аталған ойын әртүрлі ойыншықтармен және  
түрлі ойын материалдарымен ұйымдастырылады. 
Сӛздік  дидактикалық  ойындар,  яғни  ауызша  ойналатын  ойындар.  «Жаңылтпаштарды 
жаңылмай айт», «Мақалды дұрыс оқы», «Мақалды жалғастыр» т.б. 
Дидактикалық  ойынға  «Ғажайып  алаң»,  «Бақытты  сәт»,  ХХI  ғасыр  кӛшбасшы, 
анаграммалар,  тренинг-сабақ,  «Ойлан-тап»,  «Кім  тез?»  атты  ойындар  және  викториналар, 
сӛзжұмбақтар,  ребустар  жатады.  Бастауыш  білім  беруде  сабақ  барысында  викториналық 
сұрақтар, жұмбақтар, сӛзжұмбақтар, ребустар пайдалану ӛте тиімді екені анық. 
Сонымен  қатар,  ұлттық  ойындары  оқушылардың  ауызша  жеткізу  сауаттылығы  мен 
біліктілігін дамыту үшін пайдалануға болады. Ұлттық ойындар - ата-бабалардан бізге жеткен 
«Ханталапай»  ойынын  топтық  жарыс  сабағында  қолданған  ыңғайлы.  Бұл  ойынның  негізгі 
шарты бойынша балалар шашылған асықты жинай отырып, жаңылтпашты жаңылмай айтып 
отыруы  керек.  Қай  топтың  баласы  қанша  асық  жинаса,  сонша  жаңылтпаш  айтуы  керек, 
жаңылтпашты дұрыс, анық айтқан баланың тілі шынығады әрі жылдамдыққа, шапшаңдыққа, 
ептілікке  үйренеді.  Ойын  әрекеті  негізінен  3  түрлі  даму  деңгейлерінен  тұрады:  кәсіптік 
ойындар,  әуестену  ойындары,  оқу-жаттығу  ойындары.  Ойын  оқу  үрдісінде  оқытудың  әрі 
формасы, әрі әдісі ретінде дербес дидактикалық категория бола алады. Сол сияқты ойынды 
оқушылар мен мұғалімдер және мектеп жасына дейінгі балабақша тәрбиешілердің бірлескен 
оқу әрекетінің ӛзара байланыста болатын технологиясы ретінде қарастыруға болады. 
Ұстаздың  дидактикалық  ойындарды  ӛткізудегі  рӛлі  зор.  Мұғалім  -  ұйымдастырушы, 
ақыл-кеңесші, ойын барысында болатын даулы мәселені шешетін әділ тӛреші. Дидактикалық 
ойындар  оқушыларды  ӛз  бетінше  жұмыс  істеуге  дағдыландырады,  олардың  ойлау 
қабілеттерін,  ізденімпаздылығын  арттырады,  сӛз  қорын  молайтуға  кӛмектеседі,  сабақта 
дидактикалық  ойындарды  пайдалануда  оқушыларды  әдептілікке,  адамгершілікке, 
қамқорлыққа,  қайырымдылыққа  тәрбиелейді.  Балалар  ойын  барысында  тәлім-тәрбиелік 
маңызы  жоғары,  адамгершілік,ізгілік  қасиеттеріне  сезініп,  ӛздерін  еркін  ұстап, 
ізденімпаздық,  тапқырлық  қасиеттерін  жетілдіреді.  Ойын  баланың  сезіну,  қабылдау,  ойлау, 
зейін қою, ерік секілді  түрлі психикалық қасиеттерінің жетілуіне кӛмектеседі. Ойын үстінде 

 
90 
 
бала қуаныш пен реніш сезімдерін сезінеді. Ойын ӛмір сүру әдісі емес, бірақ адам әрекетінің 
құрамды негізі.  
Ойын  адамның  дүниетанымының  алғашқы  баспалдағы.  Ойын  ерте    жастан  басталып, 
адамның  кәсіпті  толық  меңгергенінше  жалғасады.  Ал  оқыту  процесінде  ол  жаңа 
технологияның маңызды бӛлігі  болып табылады. Ұлт  ретінде қазақ халқының ӛмір  сүруіне 
оның тілімен қатар салт-дәстүрлердің, әдет-ғұрыптарының маңызы айрықша.  Орыс ғалымы, 
педагог К.А.Покровскийдің «ойын-күнделікті бала еңбегі, болашақ ӛмірінің бастамасы.Ойын 
үстінде  баланың  ертеңгі  ӛмірге  деген  қабілеті  байқалады»  -  деген  пікірі  дидактикалық 
ойындардың  бала  дамуы  үшін  маңыздылығын  танытады.  Ойын  баланы  қимыл-әрекетке,  
дене  шынықтыруға  баулиды.  Осы  арқылы  еңбекке  үйретеді.  Ойын  үстінде    бала  рухани 
дамып,  шығармашылық  қасиетін  жетілдіріп,  ӛзін  қоршаған  дүние  туралы  түсінік  алады. 
Дидактикалық  ойындар  арқылы  оқушылардың  ойлау  қабілетін,  логикалық  ойлауын 
жетілдіреміз.  
_______________ 
1.Халық педагогиасы негізіндегі ұлттық тәрбие // Социальные и гуманитарные науи. - Бише, 
2009. - № 3-4.  
2.Қазақ ағартушыларының тәлім-тәрбиелі мұралары // Известия вузов. Бише, 2009. - № 6.  
3.Педагогиа: салт-дәстүр және бала тәрбиесі // Науа и новые технологии. – Бише, 2009. - № 6.  
4.Ұлттық  дәстүрлердегі  этнопедагогианың  құралы  ретінде  //  Білім  беру  жүйесіндегі 
этнопедагогиа. - 2009. - № 05-06 (29-30).  
5.Жалпыадамзаттық  құндылықтарды  этнопедагогиалық  тұрғыдан  зерделеу  //  Зерттеуші.  - 
2009. - № 11-12. 
6.Жастарға тәрбие берудің этнопедагогиалық мазмұны // Ұлт тағылымы. – 2010. - № 1.  
7.Халықтық педагогиа бойынша ғылыми зерттеулердің даму жайы // Ұлт тағылымы. - 2010. - 
№ 1.  
 
Аннотация.  В  данной  статье  рассматривается  о  практических  важностьях  и 
теоретических основах дидактических игр. 
Annotation. This article discusses the importance of the practical and theoretical foundations 
of didactic games

 
 
Г.Б.Макашкулова  
 
БІЛІМГЕРЛЕРДІҢ ӚЗ БЕТІНШЕ ІЗДЕНУІ АРҚЫЛЫ БІЛІМІН ЖЕТІЛДІРУГЕ  
БЕЙІМДЕУДІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 
ӘӚЖ  371 
    М 15 
 
 
Жаңа  ұрпақ  ӛкілдерінен  Қазақстан  мен  қазақстандық  халықтың  мүддесін  ӛз  мақсат-
мүддесінен  жоғары  қоятын  білімді,  саналы,  кәсіпқой  мамандарды  әзірлеу  -мемлекеттік 
маңызды мәселелердің бірі.  
Осымен  байланысты  білім  беру  саласы  мен  қоғамдық-саяси  құрылым  арасында  үнемі 
байланыс  болуы  керек.  Себебі,  кӛбінесе,  қоғамда  жүргізіліп  жатқан  демократиялық 
ӛзгерістердің  стратегиялық  барысы  нақ  осы  ӛсіп  келе  жатқан  жастардың  білім  сапасымен, 
саяси  санасы  мен  мінез-құлқының  деңгейімен,  саяси  сауаттылығымен  және  жоғары 
белсенділігі дәрежесімен ӛлшенетіні белгілі [1]. 
Жеке  тұлғаны  саяси-әлеуметтік  кӛзқарасын  дамытып,  дүниетанымдық      кӛзқарасын 
кеңейтетін  маңызды  факторлардың  бірі  -  білім  болып  табылды.  Қоғамдық-саяси  жүйедегі 
азаматтардың  жоғары  білім  деңгейінің  болуы  -  саяси  іс-шараларға  саналы  түрде  ат 
салысуына  қажетті  шарт.  Ал,  білімі  тӛмен  адамның  кӛбінесе  ӛзгелердің  жетегімен  жүріп, 

 
91 
 
стихиялық әрекеттер жасауға бейім болатыны белгілі. Яғни, мұндай адамдар саясаттан тыс 
болып, саяси іс-әрекеттің субъектісі емес, объектісіне айналады. Соған орай жеке түлғаның 
саяси ӛмірге қатысуы оның ӛзіне, даму ерекшелігіне және жоғары білім деңгейі мен саяси-
мәдени  дәрежесіне  байланысты  деген  қорытынды  жасауға  болады.  Американ 
саясаттанушылары  Г.Алмонд  пен С.Верба  Англия,  АҚШ,  ГФР,  Италия,  Мексика  елдерінде 
жүргізген  салыстырмалы  зерттеулері  тұжырымданған  "Азаматтық  мәдениет"    атты 
еңбектерінде  білімнің  адамның  саяси  кӛзқарасы  мен  мінез-құлқының  қалыптасуында  зор 
ықпалы болатындығын атап кӛрсеткен. Сонымен қатар жоғары білімді адамның саяси бағыт-
бағдары  анықталған,  ӛзіндік  ой-пікірі  жетілген,  саяси  ұйымдар  мен  іс-шараларға  белсене 
қатысатын жеке тұлға болып қалыптасатындығын да айқындаған.  
Бүгінгі  таңда  егеменді  еліміз  тәуелсіздік  туын  желбіреткен  аз  ғана  уақыт  ішінде 
ғасырлық тарихы бар ӛркениетті елдер қатарына қосылу мақсатында рухани ӛндірісті қайта 
құруға, яғни оқу-ағарту, білім беру, істерін жетілдіруге кӛп кӛңіл бӛлуде. 
Ұлы  істер  атқарып  үлгерген  Шоқан  Уалихановтың  «Халықтың  кемеліне  келіп, 
ӛркендеуі  үшін азаттық  пен білім керек»  - деген ойы мен асыл сӛзінің мәні  бүгінгі күнмен 
тура үндесіп жатқандай. 
Шынында  да  заман  ӛзгергенімен,  дәуір  қанша  құбылғанымен  ӛмірді  білім-ілімсіз 
елестету мүмкін емес және адамның жеке басының құндылықтарының: қабілетінің, зейінінің, 
кәсіби шеберлігінің дамып жетілуіне білімгердің ӛз бетінше ізденуінің ықпалы зор. Қандай 
да  бір  қиыншылық,  тар  жол,  тайғақ  кешу  болмасын  әрбір  білімгер  ӛз  мүмкіншілігі  мен 
қабілетін барынша пайдаланып жол таба білуі қажет [2]. 
  Сӛздіктер  «студент»  деген  латын  сӛзін  «қажымай-талмай  жұмыс  істеуші,  білімге 
құштар адам» деп түсіндіреді.  
    Білімгердің  психологиясының  қалыптасуы  алдымен  олардың  басты  еңбегі-оқуына, 
болашақ мамандығына деген ниеті мен ықыласына, микроортасына, қоғамдық белсенділігіне 
байланысты болады. 
   Білімгер  ұғымына  Б.Рубин  мен  Ю.Колесников  мынадай  анықтама  береді:  «білімгер-
материалдық  және  рухани  ӛндірісте  жоғары  әлеуметтік  және  мамандық  рӛлдер  атқаруға 
ұйымдасқан  түрде  белгілі  бағдарлама  бойынша  дайындалуды  басты  мақсаты  деп  санайтын 
ӛзгермелі топ». 
   Ал, Т.В.Ищенко «Білімгерлерді қоғамдық топ ретінде айқындайтын белгілері: ғылыми 
негіздегі  білімді  оқып  үйреніп,  бойға  сіңірумен,  сипатталатын  білімгерлердің  еңбегі, 
еліміздің  жас  ұрпағына  жататындығы  және  интеллигенцияның  резерві  ретінде  атқаратын 
әлеуметтік ролі екендігін айтады». 
Жоғары  оқу  орындарында  білімгерлердің  білімін  арттырудың  бір  жолы  –  олардың  ӛз 
бетімен  ғылыми  ізденістерге  баруына  жол  ашу  болып  табылады.  Яғни  кез  келген  пән 
бойынша бір немесе екі семестр аралығында ӛтетін сабақ барысында шәкірттің білуге деген 
қажеттілік  талабын  оқытушы  қанша  тырысқанымен  қанағаттандыра  алмайды.  Оған 
уақыттың  жетпейтіні  де  белгілі.  Жақсы  дайындалған  лекцияның  ӛзі  белгілі  сағаттарға 
сәйкестендіріліп,  ықшамдалып  алынады.  Лектор  ең  қажетті,  ӛз  бетімен  оқығанда  түсінуге 
қиын  болады-ау  деген  мәселелерді  қамтуға  күш  салады.  Білімнің  терең  қыры  мен  сырына 
студент  ӛзі  ізденіп,  талаптану  арқылы  ғана  жетеді.  Ӛз  бетімен  іздену  үстінде  білімгер 
ойланып  жұмыс  істеуге,  оқыған-тоқығанын  жаттап  алып  қана  қоймай,  ол  туралы  әр  түрлі 
қисынды ой қорытуға жаттығады, бір дерек пен екінші деректі, бір пікір мен екінші пікірді 
салыстырып, дұрысы мен бұрысын ажыратуға қол жеткізеді. Мұның әрине, ғылымға ден коя 
бастаған жастар  үшін маңызы зор [3]. 
Қандай  жағдайда  болмасын,  адам  әрекеті  мотивтен  туып,  белгілі  мақсатқа  жетуге 
бағытталады.  Сол  сияқты  білімгердің  білім  алудағы  әрекеті  де  мотив  пен  мақсатқа  сәйкес 
іске  асады.  Мотив  –  әрекеттің  себебін,  оны  неге  жасау  керек  екенін,  ал  мақсат  –  әрекеттің 
нәтижесі  қандай  болуға  тиісті  екенін  анықтайды.  Қызығуды  туғызудың  шарттары  мен 
амалдары кӛп. Солардың ішінен мына тӛмендегідей үш жағдайды атап кӛрсетуге болады:  

 
92 
 
1)
 
 оқу  материалының  мазмұны  (ондағы  жаңалықтар,  қазіргі  ғылым  мен  техникадағы 
жаңа табыстар, оның практика үшін пайдасы, т.б.)  
2)
 
 оқуды  ұйымдастырудың  ерекшеліктері  (оның  әдістері  мен  формалары).  Мысалы, 
оқытудың  проблемалық  сипаты,  білімгерлердің  шығармашылық  және  практикалық 
жұмыстарды  ӛздігінен  орындауы,  кӛрнекі  құралдар  мен  техникалық  құралдарды  қолдануы 
т.б. 
3)
 
 оқытушы  мен  білімгер  арасындағы  қарым-  қатынастың  ерекшелігі.  Мысалы: 
жағымды  эмоциялық  жағдай,  білімгерлердің  бір-біріне  кӛмек  беруі,  ӛзара  ойын,  жарыс 
ұйымдастыруы т.б. 
Б.Г.Ананьев  тағы  басқа  психологтардың  зерттеулеріне  қарағанда,  білімгерлік  шақта 
адамның  негізгі  функциялары  (сенсорлық  –  перцептивтік),  мнемикалық  (есте  қалдыру), 
психо–  моторлық  (қимыл-әрекеттері),  әсіресе,  сӛйлеу,  ойлау  процестері  айтарлықтай 
белсенді  түрде  дамиды.  Мысалы,  оперативтік  ес,  зейіннің  аударылуы,  алға  қойған 
міндеттерді  шешу  т.б.  психикалық  процестердің  қалыптасып  дамуының  шапшаңдығы 
артады. 
Физиологияда,  психология,  педагогикада  және  еңбек  гигиенасында  оқу  материалын 
игерудің  сапасы  білімгердің  жұмыс    қабілеттілігіне,    оның  ойлау  қабілетінің  дәрежесіне 
байланысты екендігі анықталған. 
Белгілі  зерттеуші  Ж.С.Рензулли  тұлға  бітіміндегі  үш  бірдей  қасиетті  біріктіреді- 
интеллектуалдық қабілет, шығармашылық бап және табандылық. Ал қабілеттің  дамуы үшін 
білімгер  бойында  міндетті  түрде  талаптың  болуы  шарт.  Білімгердің    жұмыс  қабілеттілігі 
дегеніміз оның белгілі бір уақыт аралығындағы оқу еңбегін қызу жүргізуге әрқашан дайын 
тұруы.  
Жұмыс қабілеттілігі бірнеше факторларға байланысты:  
біріншіден,  субъективті  жағдайлар-    денсаулығы,  шаршау  дәрежесі  және  жеке 
қабілеттері, ерік күші мен дағдыланғандығы;  
екіншіден,  объективті  жағдайлар  жоғары  оқу  орнындағы  жалпы  жағдай,  жұмыс 
орнының  ұйымдастырылуы,  жұмыс  және  демалыс  күн  тәртібі;  үшіншіден,  еңбекті 
ұйымдастыру дәрежесі;  
тӛртіншіден, ой жұмысының кӛлемі. Келтірілген факторлар бірдей болмағандықтан, әр 
білімгердің жұмыс қабілеті де әртүрлі, дара. 
Білімгердің ой еңбегінің сапалылығын арттыруда    «жұмыс орнын»  ұйымдастыра білу 
басты орынға ие. 
 Бұған  айтарлықтай  талап  қойылады.  Соның    бірі-жұмыс  столында  жұмыс  істеуге 
қажетті  негізгі  материалардың  –  (кітап,  дәптер,  қалам,  т.б.  құрал-саймандар)  әр  кез  дайын 
тұрғаны жӛн. Жұмыс орнының тұрақтылығы жұмысқа тез кірісіп, зейінді жинақтауға үлкен 
пайдасын тигізеді, сондықтан үнемі бір жерде жұмыс істеуге тырысу қажет. Жұмыс орнына 
әдеттенудің  белгілі  бір  жұмыс  уақытына  әдеттену  тәрізді  рӛлі  күшті.  Бұл  ұсыныстарды 
сақтап отыру ой еңбегі нәтижесін арттырады.  
Білімгердің  ӛзіңдік-ой  еңбегінің  нәтижелілігі  қоршаған  ортаға  да  байланысты- 
жарықтың  кемдігі,  бӛлме  температурасының  тӛмендігі,  дыбыс  әсері-жұмыс  нәтижелілігін 
кемітеді. Осындай кедергілерді мүмкіндігінше болдырмау қажет [4]. 
Білімгердің  ӛз бетімен істелетін жұмысын жоспарлау да маңызды. 
Мектеп  бітіруші  түлек  жоғары  оқу  орнына  түскеннен  кейін    бейтаныс  жаңа  талап 
жағдайына тап болады оны -зерттеушілер бейімделу кезеңіне жатқызады. Егер бұл кезеңдегі 
оқу  еңбегінің  жалпы  қиыншылықтары  туралы  айтатын  болсақ,  оларды  тӛмендегідең  бӛліп 
қарауға болады 
Әлеуметтік-психологиялық қиыншылық : 
1)  қалыптасқан  бұрынғы  әдет-дағдылардың  ӛзгеріске  түсуі:  білімгердің,  кӛпшілігінің 
мекен-жайы, тұрмыс жағдайы, коғамдық ортасы езгереді; 
2)  есейіп, ӛз бетінше тіршілік ете бастау;  
3) ӛз қабілетіне күмәндану, ӛз күшіне сенбеу, сессия алдындағы    қорқыныш. 

 
93 
 
Кәсіби киыншылықтар: 
І)   мамандығын дұрыс таңдай білгеніне күмәндану;  
2)  оқу  процесінің  мәнісін,  бағыт-бағдарын  түсіне  алмауы,  келешек  шығармашылықпен 
жүмыс  істейтін  мамандардың  оқудың  бірінші  күнінен  бастап-ақ  қалыптасатынына  ой 
жібермеуі. 
:
                                                                                                                                                                                          
Дидактикалық қиыншылық :     
1) оқу материалының мазмұны мен кӛлемінің күрт ӛзгеруі. Бір лекция мектептегі бес-он 
сабақтың материалын қамтиды; 
2)  мектепке  қарағанда  оқудың  жан-жақтылығы  мен  жаңа,  түр-әдістері.  (лекциялар, 
семинарлар, лабораториялық жұмыстар т. б.)  
3) ғылыми 
 
еңбектер мен лекция материалы тілдерінің күрделілігі;  
4) ӛз бетінше жұмыс істеу дағдыларының жоқтығы ; 
 Бұл  қиыншылықтарды  кӛпшілігі    бірінші        курс        білімгерлері    үшін  жаңа  оқу 
жағдайына бейімделу кезеңі ретінде қарастырылады. 
Адам  баласы  білімінің  кӛлемі  әр  7-10  жылда  екі  есе  артатынын  айтсақ  та  жеткілікті. 
Соның  нәтижесінде  жоғары  оқу  орындарының    бағдарламасына  жаңа  материалдар  ұдайы 
енгізіліп отырады сондықтан білімгер оқудың бірінші күнінен бастап ақпараттар кедергісін
 
жеңудің нақты жолдарын іздестіріп, жоғары оқу орнына тән қабылдау әдістерін-үйренуге, ӛз 
бетінше  жүмыс  істеуді  ұйымдастыра  білуге,  ой  еңбегімен  айналыса  білуге  дағдылануы 
қажет.                                                                                                                                                                                                                                                                     
Білімгерлердің  ой  еңбегін  ғылыми  жолмен  ұйымдастыру  дегеніміз  –  еңбек  ӛнімділігін 
тудыратын  адамның  ой  әрекетінің  барлық  аспектілерін  ғылыми  түрде  жетілдіру.  Ой 
еңбегінің  жоғары  мәдениетіне  қол  жеткізу  үшін  бірінші  курс  білімгерлері  ӛз        алдарына 
нақты мақсат-міндеттер қоюлары қажет: 
1. Ой еңбегін ұйымдастыру ерекшелігіне байланысты: 
- оқу орнының ӛмір-тіршілігін жеткілікті түрде түсіне білу және оның ішінде ӛз орнын 
таба білу; 
- ӛзінің алдына дұрыс мақсаттар мен міндеттер қоя білу
- есте сақтай білу, ӛз ақылы мен ойлау қабілетін пайдалана білу; 
- ғылыми-зерттеу жұмысын жүргізуге дағдылану;
 
 
- қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру; 
- сынақтар мен  емтихандар тапсыра білу; 
2. Жеке бас ерекшелігіне байланысты: 
- ӛз денсаулығын сақтай білу; 
- психологиялык кӛңіл-күйін біркелкі жоғары ұстай білу; 
- уақытын дұрыс бӛлу және ӛз бетінше істейтін  жұмыстарын ұдайы жоспарлап отыру;                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                           
- кітаппен жұмыс істей білу дағдыларын игеру; 
- ӛз ойын қағазға түсіріп отыру (жазу жұмысын жүргізу);                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                
Оқу  орнында  оқу  кезеңінде  студенттер  ой  еңбегімен  айналысатын  әр  адам  білуге 
қажетті  ой  әрекетінің  ең  маңызды  механизмдері  туралы  жалпы  мағлұмат  алып,  адамның 
психо  биологиялық  мүмкіншіліктерін  жетілдіру  жолдарына      баса  назар  аударулары  қажет 
[5]. 
Оқып-үйренушілерде  ӛзіндік  жұмыстың  білігі  мен  дағдыларының  қалыптасуы,  ӛзіндік 
жұмыстың психологиялық құрылымы Л. С. Выготский, П. Я. Гальперин, Н. А. Менчинская, 
Д. А. Андреева, В. А. Крутецкий, Н. Ф. Талызина зерттеулеріне нысан болған.  
   Психологтар  (Р.Г.Лемберг,  М.Н.Скаткин,  В.А.Занков  т.б.)  білімгерлердің  ӛзіндік 
жұмысының  негізгі  ерекшелігі  -  олардың  ықыласы  және  ӛз  еркімен  әрекет  жасауына 
байланысты деп санайды. 
Білімгерлердің  ӛзіндік  жұмысына  мұғалімнің  тапсырмасы  бойынша  олардың  ӛздері 
жоспар  жасап,  істің  тәсілін  анықтап,  оның  нәтижесін  бағалап,  орындайтын  жұмыстары 
жатады. Сонымен қатар, білімгерлердің ӛзіндік жұмысының жоғарғы формасына олардың ӛз 
еркімен жаңа амал-тәсілдер қолданып жасайтын шығармашылық жұмыстары кіреді. 

 
94 
 
Білімгерлердің ӛзіндік әрекетіне тән ерекшеліктері мыналар: жұмыстың басынан бастап 
мақсаты мен міндеттерін анық аңғару, соған орай, қандай тәсілдерді қолданудың жоспарын 
ойша  жасау,  жұмысты  сәтті  аяқтау  үшін,  ӛзін-ӛзі  бақылап  отыру.  Білімгердің  әрекеті 
құрылымы жағынан мынадай  үш бӛлімнен тұрады:  
1.  Білімгердің  алдын-ала  ӛз  әрекетінің  жалпы  және  нақты  мақсаты  мен  міндеттерін 
анықтауы; 
2.  Жоспарға сәйкес амал-тәсілдерді қолдана білу; 
3.  Ӛз әрекетінің барысын бақылап отыруы; 
Барлық келтірілген деректерді ескере оқытушының да, білімгердің де ӛзін-ӛзі  басқару 
функцияларынжіктеуге болады. 
Мұғалімнің басқару функциясына кіреді: 
1.
 
Тапсырманы анықтап беру. Әрекеттің мотивтері, жұмысты орындау туралы 
әдістемелік нұсқаулар. 
2.
 
Жұмыс барысында бақылау жүргізу. 
3.
 
Білімгер әрекетіне, оның жеке амал-тәсілдеріне түзетулер жасау. 
4.  Жұмысты тексеру, оның нәтижесін талдау, бағалау. 
Білімгердің  ӛзін-ӛзі басқаруы функциясына кіреді: 
1. Жұмыстың нақты мақсат-міндеттерін аңғару.  
2. Жұмыстың мәні мен пайдасын ұғыну, оған қызығу. 
3. Жұмысты орындаудың жоспарын жасау, ӛзін-ӛзі бақылау. 
4. Ӛз жұмысының қателерін табу, оны түзету. 
5. Ӛзін-ӛзі тексеру, ӛзін-ӛзі бағалау. 
Ӛзіндік  жұмысты  ұйымдастырудың  негізгі  жолдары  мен  шарттарына  сай  мұғалім 
білімгерлердің  ӛзіндік  жұмыстарын  дұрыс  ұйымдастыру  үшін,  алдымен,  олардың  ӛзіндік 
әрекетінің негізгі психологиялық ерекшеліктерін білген жӛн. 
Ӛзіндік жұмысты ұйымдастыруға  қойылатын талаптар мыналар:  
а) жұмыстың кӛлемін шамадан асырмай, оның сапасын арттыруға кӛңіл аудару; 
ә) білімгерлердің ӛзіндік жұмысын оқу жұмысының басқа түрлерімен дұрыс ұштастыра 
білу;  
б)  білімгерлердің  дербестігін  арттырып,  ӛзіндік  білім  алу  қабілетін  жүйелі  түрде 
дамыту. 
Ӛздігінен білім алу әрекеті  сол әрекеттің мақсат-міндеттерін,  мазмұнын, ұйымдастыру 
жолдарын  білімгерлердің  ӛздері  анықтап,  іске  асыруына  байланысты.  Ал  оларға  кеңес, 
нұсқау,  жалпы  бағыт  беріп  отыру  –    оқытушылардың  міндеті.  Білімгерлердің  ӛз  бетінше 
ізденіп,  білімін  жетілдіруі  рухани  ӛндірістік  қоғамның  дамуына  адамзат  баласының  ӛсіп- 
ӛркендеуіне ықпалының зор екені сӛзсіз. [6] 
________________ 
1.Актуальные проблемы психолого-педагогической подготовки студентов. Ярославль, 1990. 
2.Мұстаев  Ә.  Студенттік  топ  құрылымының  білім  сапасына  ықпалы.  //  Қазақстан  жоғарғы 
мектебі №6, 2003.  
3.Мажитова Л. Білімгерлердің кәсіби ынтасын қалыптастыру. А., 1994. 
4.Пошаев Д. Қ, Пошаев М. Д. Педагогикалық зерттеулер және ғылым методологиясы. / ХХІ 
ғасыр  бастауындағы  мамандықтандырудың  жалпы  кәсіби  дайындығының  проблемалары. 
Алматы, РИК, 2000. 
5.Жақияева Б., Ташметова Т. Ӛзіндік жұмыс орындаудың ерекшеліктері. // Ұлағат. 1999, №4. 
6.Сабыров  Т.С.  Оқушы  жастардың  танымдық  әрекетін  арттырудағы  оқытудың  әдістері  мен 
формаларының дидактикалық жүйесін шешімді қолдануға мұғалімді даярлаудың теориялық 
негіздері. А, 1996. 

 
95 
 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   25




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет