Грамматика және оның салалары. Негізгі грамматикалық ұғымдар



бет15/50
Дата20.04.2023
өлшемі156,19 Kb.
#84943
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   50
Байланысты:
Ãðàììàòèêà æ?íå îíû? ñàëàëàðû. Íåã³çã³ ãðàììàòèêàëû? ??ûìäàð

Бөлшектік сан есімдер
Қазақ тіліндегі бөлшектік сан есімдер белгілі бір заттар мен құбылыстардың бөлшектік үлесін, бөлшегін білдіреді.
Шекарадан тек төрттің бірі ғана өтті.
Бөлшектік сан есімдер, негізінде таза математикалық ұғымдарға байланысты пайда болады да, тіркестегі сан есімдердің алғы компоненттеріне шығыс септік жалғаулары мен ілік септік жалғауларының үстемеленуі және соңғы компоненттеріне үшінші жақ тәуелдік жалғауларының қосылып айтылуы арқылы да беріледі.
Онда жарты миллиондай халық тұрады. Ол айына ширек сом да таппайды.
Сан есімдердің синтаксистік қызметі
Сан есімдер сөйлем ішінде анықтауыштың қызметін атқарады. Себебі : сан есімдер сан мөлшерін, сан ретін, сан шамасын білдіру сияқты өздеріне тән негізгі қызметті атқарғанда, үнемі анықтауыш болады да,анықтайтын сөзінің алдында тұрады. Сөйлемде сан есімдермен қабыса, жанаса байланысатын сөздер ылғи сан есімдерден кейін орналасады. Бұл заңдылыққа тек жинақтық сандар бағынбайды.Сан есімдер субстантивтенген жағдайда сөйлемнің барлық мүшелерінің қызметін атқарады.
Шолпан ол кезде төрт балалы әйел еді. Екеуі жүгіріп үйге кірді. Үшеуін үйіне Мария апай қонаққа шақырды. Қоймаға үш машина астық төгілді.
Бес жерде бес - жиырма бес.


Есімдік
1.Есімдік, оның лексика-семантикалық сипаты.
2.Есімдіктің морфологиялық ерекшеліктері.
3. Есімдіктің синтаксистік қызметі.
4. Есімдіктің мағыналық топтары.
Сөздерді таптастырудың белгілі жүйеге түсіп қалыптасқан негізгі үш принципіне сай, қазақ тіліндегі есімдіктер де лексика-семантикалық сипаты, морфологиялық ерекшеліктері және синтаксистік қызметтеріне байланысты жеке бір дербес сөз табы боп бөлінеді.
Лексика-семантикалық сипаты.
Есімдіктерді дербес сөз табы деп тануда негізінен лексика-семантикалық принцип негізге алынады. Өйткені есімдіктердің мағыналары өзге сөз таптарының мағыналарына қарағанда көптеген өзіндік ерекшеліктермен оқшауланып, айрықша көзге түсіп тұратын мағыналар боп келеді.Есімдіктер мағыналары тым жалпы сөздер. Есімдік сөздер сөйлемнен тыс жеке-дара тұрғанда немесе сөйлем ішінде қолданылғанымен өзіне қатысты басқа сөздер және оқиғалардан бөлек алынғанда, мағыналары қашан да дәл нақтылы болып келмей, өте жалпылама қалыпта кездесіп отырады.
«Мен» деген есімдік түптеп келгенде «1 жақ сөйлеушіні», «сен» деген есімдік» 2жақ тыңдаушыны», «кім?, біреу - дегендер әйтеуір «адам»,» ештеңе - бір «зат» сияқты жалпылама берілетін ұғымдарды ғана көрсетеді. Бұлардың түп негізінде «сөйлеуші», «тыңдаушы», «адам», «зат» деген ұғымдар аңғарылғанмен, олар нақтылы түрде айқын, анық бола бермейді,өте жалпылама қалыпта ұғынылатын мағыналар есебінде беріледі.
Есімдіктердің тым жалпы мағынада қолданылуын, әрине олардың реальдық нақтылықтан қаншалық алшақтап , қаншалықты абстракциялану дәрежесіне жету шегінің көрінісі деп ұғынған жөн. Есімдіктердің жалпылама мағыналары белгілі сөйлемдерде, контексте қолданылу ретіне қарай сөз тіркестері мен сөйлемдерде берілген ойдың жүйесіне қарай әр қилы нақтылы мағыналарға ие боп отырады.
Есімдік сөздердің мағыналық ерекшелігінің келесі бір өзіндік белгісі - олардың әрқашан субьектімен байланыста болуы. Есімдік сөздер әрқашан сөйлеуші немесе сөйлемдегі субстанцияларға, құбылыстарға,олардың сапалары мен қасиеттеріне қатынасын көрсетуші сөздер боп саналады. Бұл қатынастар есімдіктердің өз ішінде тікелей нұсқау, аралық қатынас, белгісіздік сияқты боп келеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   50




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет