25
әрекеті растайды. Алтын мен атаққа қызықпай, Қазақтың
намысы үшін қоқан мен қырғызбен күрескен Кенесары
-
ның қолға түскен кездегі мүшкіл күйін:
Қырық бес жыл болыпты туғанына,
Жасынан ата жолын қумады ма?!
«Түс аттан!» деп зекіді бір қара құл,
Шынымен, түп тамыры қурады ма?
[31-б.],
– деп суреттейді.
Тұтқындағы Ержанды құтқарам деп аңғалдықпен қол
-
ға түскен Наурызбайды қырғыздың батыры Бедеудің
өтеуіне Ержанды Қалша бидің өтеуіне өлтірмек болған
Орман хан құлақ естіп, көз көрмеген адам айтса нанғы
-
сыз аюандыққа барады.
Науанды шалқасынан салды келіп,
Уыстап құйды аузына қанды келіп.
Шыңғырып кісінеді жылқы біткен,
Қып-қызыл ағып жатқан қанды көріп.
Болды ма мұндай қорлау бұрындары?
Қырғыздың сұмдық екен ырымдары –
Ержанның екі көзін ойып алып,
Аузына Наурызбайдың тығындады
[33-б.]
Осыдан кейін екі ағашқа керіп қойған Науанның екі
қолын, одан кейін басын шауып түсіреді. Кененнің көз
алдында оң қолы болған Ержан мен Наурызбайды ит
өліммен өлтіріп, оны тірідей қорлайды. Содан бері бір
жарым ғасыр өтсе де Кенесары сынды соңғы ханын
ұмытпаған қазақ оған қаншама жыр жолдарын арнады.
Кеңестік дәуір тұсында орыстарға қарсы шыққан Кенені
қанішер етіп көрсеткенмен шындықты әділ тарих жасыра
алмады. Кенесарының орыс пенен қоқанды, көрші жат
-
қан қырғызды жаулау үшін шаппағанын, қазағына ар ісін
аманаттап кеткенін жырлай отырып, қанжығада кеткен
батырлардың бастарын:
Достарыңызбен бөлісу: