Гулжахан Орда indd



Pdf көрінісі
бет7/55
Дата25.09.2023
өлшемі1,68 Mb.
#110204
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   55
Байланысты:
treatise38911

Жайсаңын жарға жығып тобыменен,
Өкіріп өлгеннен соң еңіреген.
Бауырын байлап беріп қолыменен,
Басқаның тұлыбына мөңіреген
[48-б.], 
– дегендей, қазақтың бірлігімен бірге алауыздығының қа
-
тар жүретіндігі жасырын емес. Әділ тарих жақсылар мен 
жайсаңдарын оққа байлап берген қазақтың сатқында
-
рын ешқашан да кешірмейді. Поэманың негізгі жетістік
-
терінің бірі – қазақтың кешегісі мен бүгінін салыстыра 
отырып оқырманға ой тастау. «Қазақтың айтып бітем қай 
қылығын» дейтін ақын қазақ біткеннің бойындағы мінез-
құлықтарды саралай отырып, теріс пиғылдың жақсылық
-
қа апармайтынын «Қызығып қайран қазақ дүние-боққа, 
Жем болып көрінгенге жүрген жоқ па?» деп бейнелеуі на
-
нымды. «Қазақтың өлісінің бәрі жақсы», «Қазақтың ата
-
сының бәрі батыр» екенін өткен тарихтан нақты мысал
-
дар келтірген ол бүгінгі қандастарына көңілі толмайды. 
Төңірегі толған екіжүзділер мен сайқалсыған саудагер
-
лерден түңілген ақын Кетбұға, Ақтанберді, Дулат тәрізді 


17
бабаларымыздың айтқандарын көкірекке тоқи алмаған 
тобырға ренжулі. Мыңмен жалғыз алысқан Абай рухына 
қаратыла айтылған «Қазағың кеше де осы, бүгін де осы» 
деген ойлардың астарында үлкен қоғамдық мәселелер 
мен мұндалайды. Кешегі Домалақ, Қызай, Мұрын, Ай
-
пара сынды аналарымыздың бүгінгі ұрпағы көкектерше 
секектеп, ұясында жұмыртқасын шайқай алмай жатқаны 
қазіргі өзіміз куә болып жүрген ХХІ ғасырдың, дәлірек 
айтқанда егемен елдің бүгінгі өмірінің шынайы шынды
-
ғы. 
Өткеніміз бен бүгінімізді салыстыру арқылы көп мәсе
-
лелердің бетін ашқан ақын қазақ даласында сан ғасырлар 
атадан-балаға мирас болып келген ел басқару жүйесінің 
қашан, қалай бұзылғандығы жөнінде мәлімет берген. Ол 
Абылай хан өлгеннен кейін мұрагері Уәліні Орта жүзге 
хан сайлағаннан бастап сөз қозғайды. Жоңғардан құтыл
-
ғанмен, қазақтың ақ патшаның боданына айналғанын 
«Даланың қусырылып еркін шағы, Хандардың қалтылда
-
ған алтын тағы» деп суреттейді. Уәліні қуыршақтай ой
-
натқан ақ патшаның ол дүние салған соң, хандықты быт-
шыт қылып бөлшектеп, ел арасына ши жүгіртіп, отқа 
майды құя түскенін көркем бейнелеген. Қазақ біткеннің 
ата қонысынан қуылып, шұрайлы жерлерді орыстардың 
иемденіп, қазақтың өзіне қоқан-лоққы көрсете бастаған
-
дығына аспан мен жердің қосыла жылағаны адам мен 
табиғат арасындағы байланыстан хабар береді. Уәліден 
кейін аз уақыт Абайділдәні хан сайлағанын тілге тиек 
еткен ақын ол кезде Кенесарының жас екенін жадында 
ұстаған. 
Ақмола мен Қараөткелді ата-бабасы қоныс еткен Сей
-
тен мен Тайжан Қабанбайдың ақ моласының қасына 
келіп, орыстардың қазық қағып жатқанына шыдамай, 
олардың ішінде бас-көз болып жүрген Қоңырқұлжа тө
-
ренің баласы Бегалыны «Төренің тумай кеткір арам 
ұлы!» деп тартып жібереді. Тайжанның бұл қылығынан 
сескенген олар келер жылы бекіністі әйгілі Бөгенбайдың 
Қараөткеліне көшіреді. Қоңырқұлжа аға сұлтан болып 


18
сайланған соң ескі кегін қайтармақ болып, Тайжан мен 
Сейтен ауылын Бегалы бастаған орыс әскері тонап, зор
-
лап, білгенін істейді де тұтқындарды Ақмолаға айдап 
алып кетеді. Қара күш иесі Алыпқара мен Тайжанның 
сұлу қызы Тоқбала да Қоңырқұлжаның тұтқынына ай
-
налады. Тоқбаланы өзі мазақ етіп, тоқалы Зейнептің көзі 
Алыпқара батырға түсіп, қиылып отырып оны босатып 
алғанына төзбеген Қоңырқұлжа Тоқбала мен Алыпқа
-
раны бір түйеге мінгестіріп, патша ағзамға сыйлық етіп 
Ерейменге айдайды. Бірақ үшінші күн дегенде қарауыл
-
дарын ұрып-жығып қызды аман алып қайтқан батырына 
тағзым еткен халық оның атын мәңгілік есте қалдырға
-
нына Ереймендегі «Алыпқара» тауы куә.
Қыз түгіл жесірлерін жатқа бермейтін қазаққа Қо
-
ңырқұлжаның мына қылығы қатты батады. Ақ патшаның 
жандайшаптары қазақтың ішіне өрт тигендей етіп, елді 
дүрліктіріп жібергеніне төзбеген олар атқа қонуға мәжбүр 
болды. Ата-баба қанымен алып қалған жердің көз алдын
-
да біреудің меншігіне айналуы оларды тыныш жатқыз
-
бады. Ел осындай тығырыққа тірелген сәтте Абылайдың 
ұрпағы Кенені хан сайлап, одан үлкен үміт күтті. Атқа 
қонған Кене қазақтың басын қосып, ақ патшамен күресу
-
ге бел буды. Осы сәтте Қоңырқұлжа отырған Ақмоланы 
қалай шаппай кетеміз деген ой келеді де Кене қолды үшке 
бөліп, Ақмоланы шабады. «Оң» аталған қанатты Ағы
-
байға, «Сол» аталған қанатты Басықараға, ортасындағы 
«Ұлы туды» өзі басқарып, қасына жас арыстан Наурыз
-
байды серік етеді. Бұл эпизод Кененің соғыс тактикасын 
меңгерген әккілігін танытуға қызмет етіп тұр. Ағыбай 
Қызылжар жағынан, Басықара шығыс жақ бүйірден, өзі 
қақ ортадан шабуыл жасап, Ақмоланың күлін көкке ұшы
-
рады. Ақын Ағыбай, Басықара, ер Бұғыбай, Наурызбай, 
Тайжан, Сейтен, Алыпқара сынды батырлардың ерлігін 
мақтан ету арқылы азаттық, бостандық жолында шаһид 
болғандардың рухына тағзым жасайды. Кенесары Арқа
-
дан ауғанда туған жерін қимай Тайжан мен Сейтен Арқа
-
да қалып қояды. Кезінде Тайжаннан жерге кірген тышқан 


19
секілді зым-зия қашып құтылған Қоңырқұлжа мен Мұса 
кейін Кенесарыға ерген бүлікшілер деп Сейтен мен Тай
-
жанды ақ патшаға ұстап береді. Ақ патша жандаралдары 
Сейтенді үш мың шақырымға жер аударып, Тайжанды 
ату жазасына кеседі. Ақмола үшін күресте қаза тапқан 
Басықара, Тайжан сынды батырлардың рухына тағзым 
еткен ақын:


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   55




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет