Гулжахан Орда indd



Pdf көрінісі
бет8/55
Дата25.09.2023
өлшемі1,68 Mb.
#110204
түріБағдарламасы
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   55
Байланысты:
treatise38911

Тірілер өз атына көше беріп,
Заманда емін-еркін тайраңдаған,
Астында мынау әсем Астананың,
Үн-түнсіз жатырсың-ау, қайран бабам?
! [95-
б.], 
– деген түйін жасайды. Осылайша өлілердің, яғни ата-ба
-
баларымыздың ар өлімін үлгі-өнеге тұтқан ақын бүгінгі 
тірілердің тірлігін бетіне басып оларды мақтамен бауыз
-
даған. Поэмада азаттық үшін күресте қаншама жас ағып, 
қаншама қан төгілгенін, қаншама жанның қыршынынан 
қиылғанын еске салған ақын бүгінгі тәуелсіздігіміздің 
қадір-қасиетін түсінуге шақырады. Ерлік пен елдікті паш 
еткен ол елі мен жері үшін шаһид болғандардың рухына 
тағзым етіп, оларға құрмет жасау бүгінгі тірілердің мін
-
деті екендігін жеткізе жырлады. Қазақтың өткен тарихы
-
на жан бітіріп, елі мен жері үшін жанын оққа байлаған 
қазақтың батырлары мен хандарын тәуелсіз қазақ халқы
-
мен қайта қауыштырған Несіпбек Айтұлы «елдіктің жам
-
поз жыршысы» ретінде танылды.
Қазақ тарихынан сыр шертер шығарманың бірі – «Тө
-
легетай». Орта жүздегі Найман руынан шыққан Төртуыл, 
Қаракерей, Садыр, Матай тәрізді аталардың Төлегетай
-
дан тарайтынын еске түсірген ақын Қытай атты баласы
-
нан туған төрт немересін бауырына басқан Төлек атай ту
-
ралы толығырақ мәлімет беруге тырысқан. Қытайдай көп 
болсын деп баласына ырымдап ат қоюы – қазақ халқына 
тән ырымдарды еске түсіреді. Аңға салған қыраны өзіне 
түскенін елді бастап келген Қанжығалы би: 
– Уа, Төке, ойда жоқта құлап түсті
Байрағың желбірген төбедегі.


20
Ұлыңыз жазым болды аңда жүрген,
Ұрынып өзі ұшырған көбелегі.
Алланың жазуына не шара бар,
Тұрмастай қара жерге шегеледі. 
Болар іс болғаннан соң орны толмас,
Бар енді айтып-айтпай не керегі?
Тәуба қыл, сабырға кел, аман жүрсе,
Артында төрт бұтағы көгереді...[69-б.],
– деп естіртеді.
Қаракерей, Матай, Садыр, Төртуыл төртеуінің көр
-
ген тсүтерін автор көркемдік деталь ретінде пайдаланған. 
Ақын төрт немересінің түсін жору арқылы олардың үрім-
бұтағының болашағынан хабар береді. Тасқа басылған 
елу бес таңбаның басында тұрған Найманның таңбасы – 
сегіз тайпа болып өсіп-өнген іргелі елдің таңбасы екені 
жасырын емес. Ақын осы сегіз тайпа елдің тарихына ли
-
рикалық шегініс жасап, олардың өткенінен хабар береді. 
Шыңғысханнан жеңілген найман тайпасының тарыдай 
шашырап Алтайдан Самарханға дейін барғаны қазіргі 
таңда осы мекендерде Найман руының адамдары тұрып 
жатқанынан байқалады. Қаракерейдан шыққан Қабанбай 
батыр, Матайдан шыққан Қаптағай, Шоңай батырларды 
еске ала отырып, Ілияс Жансүгіровтің Қаптағайдың тұ
-
қымы екендігінен, ақын Сараның да осы елден шыққан
-
дығынан хабар береді. Төлегетайдан тараған төрт рулы 
елдің өткенінен сыр шерте отырып, қазақтың бір тарихын 
тірілткен ақын «Наймандар бастан кешкен тауқыметті 
Рудың қазақтағы бәрі кешкен» деп түйіндейді. «Сабылып 
ары көшкен, бері көшкен» елдің тарихына жан бітірген 
ақын бүгінгі тәуелсіздігіміздің баянды болуын тілейді. 
Қаншама белшемізден сорға баттық, 
Қызыл қан жарамыздан сорғалаттық.
«Мың өліп, мың тірілген» шағымызда
Әйтеуір бағымызға келді Азаттық! 
[76-б.], 
– деген жолдар қазақ халқына Азаттықтың оңайлықпен 
келмегенін байқатады.


21
Жоғарыда сөз болған поэмалардан көргеніміздей ақын 
тек қана қазақ халқының емес, сонымен бірге үндіс хал
-
қының да бостандық пен азаттық жолындағы күресін өз 
поэмаларына арқау етті. Сондықтан да бір ұлттың ғана 
емес, жалпы адамзатқа ортақ мәселені көтерген ақын қа
-
ламынан туған бұл поэмалар тек қазақ халқына емес, ба
-
раша адамзат баласына қызмет етері даусыз. 
Азаттық, бостандық идеясын жыр еткен тарихи шы
-
ғарманың бірі – Ә.Қайранның «Кенесары» атты тарихи 
дастаны. Ақын өзіне дейін жазылған хан Кене туралы 
көркем шығармаларды негізге ала отырып, бұған дейін 
айтылмаған, жазылмаған кейбір тарихи деректерге жан 
бітірген. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   55




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет