16
бүгінгі замандастарымызға да ой тастаған. Оның бірі –
ата-баба қанымен, қаншама шайқаспен аман-есен алып
қалған жеріміздің туырлықтай туралып, жат жұрттықтар
-
ға құнсызданып сатылып жатуы болса, екіншісі – тарихи
шындықты жасыруға болмайтындығы. Кеңестік дәуір тұ
-
сында қазақты тарихын білмейтін мәңгүрт етіп, ноқталап
ұстау көзделгенмен, араға жылдар салып неше ғасырлық
тарихтың ізі бүгінде көз алдымызда сайрап жатуы. Осын
-
дай мысалдарды ақын кешегі 1986 жылғы «Желтоқсан
оқиғасына» қатысты дұрыс мегзеген. Араға ширек ғасыр
салса да жанын жегідей жеген Желтоқсан шындығының
беті бүркемеленіп жатуы ақын үшін емес, барша қазақ
үшін қасірет.
«Ақмола шайқасы» – қазіргі Астана қаласының бұрын
-
ғы атауы Ақмоланың шығу тарихынан хабар беретін та
-
рихи поэма. «Астана – ескерткіштің ең ұлысы, Ұлт үшін
құрбандардың барлығына!..» деген ақын қазақтың өткен
тарихынан сыр шертеді.
Достарыңызбен бөлісу: