13
Баймұрат, Наурызбай, Бердіқожа, Қазымбет сынды ба
-
тырлар мен Әсет Найманбайұлы, Кәрібай Таңатарұлы,
Жақыпбек Кәріпбайұлы (1864-1972) тәрізді бірсыпыра
тарихи тұлғалардың есімі мен жер атаулары кездеседі.
Тарбағатай, Көктұма, Барқытбел, Ақшәулі, Аңырақай,
Зайсан, Қоймаңырақ, Қозымаңырақ, Күршім, Жеменей,
Майқапшағай, Қандысу, Майлышат, Алтай, Сауыр-Сай
-
қан, Бөкенбай жазығы, Жағалбайлы тауы, Жетісу, Алатау
сынды жер атаулары поэманың деректілік, тарихилық си
-
патын толықтырары анық. Тарбағатай өңірінде өмір сүр
-
ген, Әсет пен Кәрібайдың соңына ерген Жақыпбек Кәріп
-
байұлы сынды шежіре қарттың айтуы арқылы жеткен
тарихи оқиғаны нақты деректермен толықтырған ақын
әйгілі Аңырақай жазығындағы қанды шайқас туралы бір
шындықтың көркем бейнесін жасаған. Тоқсандағы шежі
-
ре қартты бес жасында көрген ақынның бала кезінде есті
-
ген оқиғасы араға жылдар салып эпикалық шығармаға
айналуы – қазақ тарихынан үлкен орын алатын оқиғаның
ешқашан да ескірмейтіндігінің мысалы.
Тарихи оқиғаны арқау еткен поэманың кейіпкерлері
өмірден алынғандықтан мұнда шындық басым. Қазақ
пен жоңғар арасындағы шешуші шайқасты жалаң бей
-
нелеуден бойын аулақ салған ол жекелеген эпизодтармен
сол қанды оқиғаға жан бітірген. Құйрық-бауыр асасқан
құдаларының қоқаңдап, қазақ жеріне сұғына бергеніне
төзбеген Абылай қазақтың бар батырын жинап, шешуші
шайқасқа шығатындығын хабарлайды. Оның:
Достарыңызбен бөлісу: