10
делерді емес, жалпы адамзатқа ортақ мәңгілік құнды
-
лықтарды көтеріп тұрғаны белгілі. Ақын жалпыадамдық
мәселелерді ел мен жердің, азаттық пен құлдықтың, өлім
мен өмірдің, тоқшылық пен жоқшылықтың қадірін өз ба
-
сынан өткізген адамдарды сөйлету арқылы көтерген. Бұ
-
дан байқалатын нәрсе – тәуелсіздік тұсында қазақ ақын
-
дары ұлттық ауқымнан шығып, жалпы адамзатқа ортақ
мәселелерге көңіл аудара бастандығы. Оны төмендегі
поэмалардан да көруге негіз бар.
Н.Айтұлының «Жасынның сынығы» атты поэмасы Қа
-
сым Аманжоловқа арналған. Поэма Абдолламен бір май
-
данда болған Қасымның госпиталдағы сәтін суреттейді.
Өң мен түстің ортасында жатқан Қасым жер де, аспан да,
мұхит та қып-қызыл қанға бөгіп, қан өзен лықсып ағып
жатқанын көреді. Осы сәтте Абдолла ақбоз атпен келіп
Қасымды құтқарып кетеді. Көзін ашса, қасында Абдол
-
ла емес, ақ қалатты қызды көрген ол «күңіреніп шашын
жайған қара орманның» қайда кеткендігіне таң қалады.
Осы тұста қолына қаламын алған Қасым ақын «селдетіп,
нөсерлетіп, жасындатып» жаза жөнеледі:
Достарыңызбен бөлісу: