Өз қолыммен құртқан едім әкемді,
6
Туған балам маған ажал әкелді.
Менің басым баспалдақ боп қаланды,
Таққа барар қанды жолға қатерлі
[254-б.].
«Жер құдайы – қаһарлы хан жүрегі, мәңгілікке тоқта
-
майды» деп түсінген ханның көзінен гүлзарына хордың
қызы түнеген, бұлбұл сайрап саулығын тілеген күндер
бал-бұл ұшады.
Бірінші дауыс қаһарлы ханның өмірінен хабар берсе,
екінші дауыс – оған қарама-қарсы өмірі құлдықта өткен
жанның зары.
Сорпадайын қайнатты да сорымды,
Қожайыным сорды қан мен сөлімді.
Жон-арқамда қамшысы ойнап қайғының,
Көкірегім қарс айрылып сөгілд
і [256-б.],
– деген дауыс маңдайының соры бес елі, өмірінде тыным
көрмеген, байдың отымен кіріп, күлімен шыққан құлдың
аянышты өмірінің көркем бейнесі. Ақын сан ғасырлар
теңдік, азаттық аңсаған халықтың арман-тілегін құл ау
-
зына салған. Оны поэманың бес шумағының бірінші
тармағы «О, Бостандық!» деп басталатынынан байқауға
болады. Осы сөзді бірнеше рет қайталау арқылы бостан
-
дықтың мәніне назар аударуды көздеген ақынның бос
-
тандық сөзін өмірі құлдықта өткен жанның аузына салуы
шындыққа жақын.
О, Бостандық!
Бостандық! – деп талпындым,
Сондықтан да дар ағашқа тартылдым,
Немесе:
Жауыздықтың зәбірін,
Көрді менің, өзім түгіл қабірім.
Білер, сірә, отқа жанса өз ары,
Білмегендер еркіндіктің қадірін...
[259-б.]
– деген жолдар еркіндікті аңсаған бір адамның емес,
300 жылдан аса отаршылдықтың бұғауын киген қазақ
халқының тәуелсіздікті көксеген күйінен сыр шертеді.
Атеизмнің дәурені жүріп тұрған кеңестік дәуір тұсында
ата-баба мүрделерін тегістеп, көрде жатқан аруақтарға
7
тыныштық бермегеніміз белгілі. «Қия бассам ашты ма
-
ған аранын Зындандар мен түрмелер» дейтін құл өмірі,
оның аузымен айтылатын бостандық туралы ойлар сан
ғасырлар аңсаған азаттығымыз екені жасырын емес.
Ақын адам баласы аңсаған азаттықтың құнын бір адам
-
ның аузына салуда шеберлік танытқан.
Үшінші дауыс – «Елім, Елім, Сен деп қана күн кештім»
дейтін жанның жан айқайы. Бұл – қазанын қас жауына
тепкізбей, астауын итаяқ етіп кепкізбей, жас тауын терең
қайғыға шөккізбей, елінің азаттығы жолында қалың қол
бастаған батырдың даусы. Ақын басқаның іргесіне өрт
салмаған, елі мен жерін сыртқы жаудан қорғаған, қаса
-
рысқан дұшпанының қабырғасын көк найзамен іреген
қас батырдың халқымен бірге жасайтындығын былайша
дәріптейді:
Елім үшін бердім басты өлімге,
Енді алаңсыз жатам мәңгі көрімде.
Өмір – халқым!
Халқым барда, мен бармын,
Жасай берем жарық дүние төрінде
[261-б.].
Төртінші дауыс – «Қара бетпін, Қара бетпін, Мына
мен» деп аһ ұрған қарақшының өкініші. Қан ішпесе ке
-
незесі қаңсып кепкен қарақшының мақсаты – кісі тонау,
кісі өлтіру болатындығы белгілі. Қарақшылық жасап қа
-
ныпезер атанған қарақшының аузымен айтылған «Менің
өкшем тиіп кеткен маңдарға, Адам тұрмақ, жоламады аң
-
дар да. Сыйынбадым Аллаға да, адамға, Сыйындым тек
екі жүзді қанжарға» дейтін сөздердің астарында шындық
бар. Оны ақын «Қарақшы» деген сөзді бірнеше рет қай
-
талаумен суреттеген:
Қарақшыда болмайды екен ана да,
Қарақшыда болмайды екен бала да.
Қарақшыға бұйырмайды баспана,
Қарақшыға бұйырмайды мола да
[263-б.].
Кезінде бұлақ суына сусыны қанбай қанға шөліркеп
жүретін қарақшының істеген ісіне өкінуі оқырманға ой
салады. Авторлық ұстаным «Жер жүрегін жараласа біреу
-
8
лер, Қарақшы екеш қарақшы Мен де қарғап-сілеймін....
Өмір деген жұмыр жер ғой, жұмыр жер, Уа, Тәңірім, жұ
-
мыр жерге ғұмыр бер!?» деген қарақшы сөзімен өрілген.
Бесінші дауыс – еш күнәсіз пәк сәбидің үні. «Өмір –
әлде айдың нұры, күн нұры, Өмір – әлде аққан судың
сылдыры» дейтін сәби үшін өмір ананың алақаны тәрізді.
Тал бесіктен жер бесікке тез аттанған сәбидің өзге сәби
-
лердің ғұмыры ұзақ болуын тілеуі шындыққа үйлеседі.
Өмірі қысқа болған ол басқа сәбилердің ғұмырлы болуы
-
на тілектес.
Алтыншы дауыс – «ақ қайыңды ұйқысынан оятып,
тылсым түнге жан сырын ақтарып» жүретін махаббат
-
тың құрбаны болған ерке қыздың мұң-зары. Ақ таңның
шұғыласына шомылып, шыққан күнмен бірге шаттана
күліп жүрген қыздың «етімді шал сипаған құрт жесін»
деп шыңырауға құлауы – қалыңмалға сатылған көптеген
қазақ қыздарының мұң-зары. Жауқазындай құлпырған
гүлдердің мезгілінен ерте солып, сабағынан қиылып түс
-
кенін қаламаған ақын махаббат өмірдің нәрі екендігіне
сенімді:
Достарыңызбен бөлісу: |