Гулжахан Орда indd



Pdf көрінісі
бет26/55
Дата25.09.2023
өлшемі1,68 Mb.
#110204
түріБағдарламасы
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   55
Байланысты:
treatise38911

Жан егіліп, қаралы боп білерсің 
[7, 68], 
– деген жолдар өмір жайындағы үлкен ойларға жетелейді. 
Не нәрсені де басына түскен адам ғана толық мәнінде 
түсінетіні белгілі. Олай болса, қуғын-сүргін көргендердің 
жағдайын екінің бірі түсінбейтіні анық.
Бұл оқиғаның сол кезде теріс бағаланғандығынан талай 
боздақтардың іздеусіз қалып, талай жандардың өз құқын 
қорғай алмай қор болғаны да өмірден алынған шындық. 
Енді біреулер жан айқайын сыртқа шығара алмай ішқұ
-
са болғаны мәлім. Осындай шындықтарды ақын мынадай 
емеурінмен берген:


112
Жоқтаулар жүр қарттардың боз басында,
Жоқтаулар жүр әженің көз жасында.
Жоқтау жатыр сұрақтардай жауапсыз,
Жоқтау жатыр, жаншылып көр тасында.
.. [7, 
70].
Дер кезінде айтып жоқтай алмағандардың күйігі іші
-
не түсіп, үлкен дертке айналғанын ақын жүрек осылай
-
ша жырлады. Осы мысалдағы әрбір тармақтың «жоқтау» 
сөзімен басталып тұрғандығына қарап отырып, ақынның 
жоқтауға ерекше реңк бергенін байқаймыз. «Жердің өзі 
кейде дауыс салғандай, Тітіретіп сілкінісі, көшкіні....», 
«Әлі дала жоқтау салып тұрғандай, Күңіреніп күллі ға
-
лам кектенген» деген жолдар желтоқсан туралы жоқтау
-
лардың жыл өткен сайын толыға түсетінін байқатады. 
Жоқтау жанры туралы зерттеушілердің: «Көркем жоқтау
-
лардың сюжетін құрайтын негізгі сарындарды былайша 
топтастыруға болады: марқұмның арғы ата-бабасынан 
таратып, тізбектей жырлау; өлімнің себебін суреттеу; 
тірілердің қайғы-қасіретін суреттеу; ұрпағына үміт арту 
немесе тоқтам, тәубе ету сарыны» [8, 139-140], – деген 
пікіріне жүгінетін болсақ, бұл жоқтаудың соңғы түріне 
жатады. Мұнда өткенге опыну емес, болашаққа үміт арту, 
тоқтам сарыны басым. 
Желтоқсан оқиғасы туралы шындықтың беті араға 
жиырма бес жыл уақыт салса да ашылмай келе жатыр. 
Күні бүгінге дейін беті бүркеулі жатқан деректердің мол 
екендігін сол оқиғаның ортасында болған әрбір азамат 
сезінеді. Оны ақын былайша жырлады: 
Құшағымда – 
Қиқалаған қыршының,
Шындық жатыр қан-жынына тұншығып.
Сезім жатыр үлгірмеген бүр ашып,
Сергелдеңмен Жер бетіне құлшынып
[7, 74].
Поэманың негізгі кейіпкері – Батыр қазақ, Балғын қа
-
зақ. Батыр болатыны қаншама шапқыншылықтан аман 
қалған, балғын болатыны отаршыл империяның құрығы
-


113
нан босап, тәуелсіздік алғанына көп уақыт болмаған жас 
ел. Ж.Молдағалиевтің «Мен қазақпын, мың өліп, мың 
тірілген...», Қ.Аманжоловтың «Сен – фашистсің, – мен 
– қазақпын» деген сөздеріне сілтеме жасаған автор «Біз 
қазақпыз...» деген түйін жасайды. Теңдік, бостандық, 
еркіндік жолында азат басын ер өлімге тіккен Кенесары, 
Бауыржан сынды батырлардың бүгінгі ұрпағын Қайрат 
бойына жинақтаған ол балғын қазақтың бойындағы ба
-
тырлықтың, ерліктің, өрліктің қазақтың қанында барлы
-
ғына көңіл аударады. 
Желтоқсан оқиғасы өткеннен кейін, қоғамға қауіп ту
-
дырғандар ретінде қазақтың бір топ жасөспірім боздақта
-
ры темір тордың ар жағынан бір-ақ шыққаны белгілі. Со
-
лардың ішінде Қайрат Рысқұлбековтің қапастағы хаттарын 
әдеби деталь ретінде пайдаланған ақын оның өршілдік ру
-
хын бүгінгі балғын қазақ бейнесінде жырлады.
Сонымен бірге бұл оқиға тұсында ұлтшылдығымен 
танылған Ж.Молдағалиев, С.Шаймерденов, О.Сүлейме
-
нов, М.Шаханов сынды ақын-жазушылардың «тіл кеспек 
болса да, бас кеспек жоқ деп» Қазақстанға жаңа келген 
бірінші хатшыға айтқан сөздері бүгіндері ауыздан-ауызға 
тарап, аңызға айналып кеткені мәлім. Осындай ел басына 
күн туған қысыл-таяң уақытта елі үшін жанын садаға ету
-
ге даяр болған майдангер ақын жөніндегі:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   55




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет