Гулжахан Орда indd



Pdf көрінісі
бет27/55
Дата25.09.2023
өлшемі1,68 Mb.
#110204
түріБағдарламасы
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   55
Байланысты:
treatise38911

Жұбан ақын жырламаған – жылаған,
Шықпай қалай тұр деп бойда мына жан.
Құлындарын шыңғыртқанда қылбұрау,
Құлагердей ышқынып кеп құлаған...
[7, 76], 
– деген жолдар оның қазақ әдебиетіндегі көркем бейнесін 
толықтыруға қызмет етеді. «Туған елден, туған жерден 
алыста, не үшін күйреп, не үшін қанға бөктік Біз?..» деген 
Жұбан ақын «Ырысым деп, қызын бетке қақпаған, Ты
-
нысым деп, ұлға өсиет хаттаған» қазақ халқының жаста
-
рына жасалған зорлықты кешірмегені белгілі. Авторлық 
ұстанымды кейіпкер сөзімен беруді көздеген автор Жұбан 
ақынның аузына «Қалай отыр, Қайран қалдым, ұл-қызын, 


114
Табанына таптатқызып кигіздей. Өзі өсірген, қарын ша
-
шын қырғызып, Қойды қалай бұрымдарын жұлғызып» 
деген сөздерді салады. Олжасты Олжабай батырға теңесе, 
«Бауырымдап!» өртке кірген Мұхтар ақынның 1988 жылы 
2-қыркүйекте, Қазақстан Жазушылар Одағының Плену
-
мында, сосын 1989 жылы 6-маусымда, Кремльдің Съез
-
дер Сарайында бүкіл әлемнің назарын аудартып, Желтоқ
-
сан оқиғасына қара күйе жағылғандығын жайып салып, 
қуғын-сүргінде жүрген мыңдаған боздақтарды ресми ақ
-
тауды талап еткені белгілі. Ақындарды осы істерімен ХХ 
ғасырдың соңғы ширегіндегі тәуелсіздік жолындағы кү
-
рестің қайраткерлері дәрежесіне көтерген.
Көркемдік тәсілдің бірі – бір-біріне қарама қарсы зат
-
тарды қатар пайдалану арқылы олардың негізгі ерек
-
шелігіне көңіл аудару. Оны «Қос өкпеден қар үргендей 
қалтырап, Қар үстіне жай түскендей жанамын» деген 
жолдағы қалтырау мен жанудан байқауға болады. Бірде 
суынып, бірде ысыну арқылы адам бойындағы арпалыс 
сезімді ашуға тырысқан ақын ерлік пен ездікті бір-біріне 
қарама-қарсы суреттейді. Қайрат сынды өрендер ерлігі
-
мен танылса, оларға қарама-қарсы жандардың да болғаны 
белгілі. Себебі ақ пен қара, жақсы мен жаман, жуан мен 
жіңішке тәрізді ерлік пен ездік те қатар өмір сүрмек. 
Ашық күні аяғыңа, жығылар,
Бұлтты күні қойыныңа тығылар.
Көлеңкелер, аты бар да, заты жоқ,
Алды-артыңда күнді бағып құбылар 
[7, 92],
– деген жолдардан көлеңке тәрізді еріп жүретін ездерді 
тану қиын емес. Сол секілді ойлар «Кәусәр сезім құді
-
ретін сезгендер, Улы ауаңды бал ішкендей сімірер», «Мен 
де өскенмін Орақ-балға «астында», Жұққан содан жама
-
ным да, жақсым да», «Тұщы етіне ащы таяқ тигізген» де
-
ген тармақтарда мен мұндалайды. Осындағы у мен бал, 
жақсы мен жаман, тұщы мен ащы сөздерін қатар қолдану 
арқылы олардың өмірде қатар жүретініне көңіл бөлінген. 


115
Көркемдік тәсілдің бірі – орын ауыстырып қолдану 
болса, оны «Қалтырап бір кетті Креслолар», «Тұрды тірі 
Портреттер түр-өңі», «Сөйлеп жатты подъездер, балкон
-
дар, Сөйлеп жатты, терезелер, есіктер. Сөйлеп жатты мін
-
белер мен алаңдар» деген мысалдардан көруге негіз бар. 
Патриоттық рухпен жазылған поэма Ұлы отан соғысы 
жылдарында «Заман біздікі!» деп жар салған Б.Бұлқы
-
шевтің Шығыс ұлына қарата айтқан жалынды сөздерін 
еріксіз еске салады. Себебі мұнда көтерілген негізгі мә
-
селе – Намыс ұлы. Ол – кешегі «Туған Отан. Туған қара 
шаңырақ. Алып Отан. Атамекен, кіндік жұрттың» намы
-
сын қорғап, өзімсінген отаршылдарды жағасынан алып, 
тәубасына таяндырған қазақ жастары. «Отыз екі... Отыз 
жеті... Қырық бір... Бәрін кешіп, бәрін жеңіп көрген ел» 
дейді ақын. Бірақ алаңға шыққан жастар отыз екі мен 
отыз жетінің зұлматынан мүлде хабарсыз, соқыр сезімге 
сенген, Коммунистік партияның адал құлдары мен ұлда
-
ры еді. 1941 жылы тыныштығымызды бұзып тұтқиылдан 
шабуыл жасаған, фашистік Германияны жер жастандыр
-
ған «Мызғымас Кеңес Одағының» өршіл рухтағы қазақ 
жастары имандай сенім артқан партиясының өздеріне оқ 
ататынын білмей қапияда жер жастанды. Өршілдік рухпен 
жазылған поэмада болашаққа сену, үміт күту сынды опти
-
мистік үн басым. Оны «Кім ұғады талықсыған барыстай, 
Намысымды қабырғасы қайысқан» дейтін ақынның: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   55




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет