339
Б.МАЙТАНОВТЫҢ «ТӘУЕЛСІЗДІК –
КҮРЕС МҰРАТЫ»
АТТЫ ЗЕРТТЕУ ЕҢБЕГІ ТУРАЛЫ
Бақытжан Қауасханұлының «Тәуелсіздік – күрес мұра
-
ты» (Құс Жолы, 2012) еңбегі мен «Майтанов Бақытжан
Қауасханұлы» атты биобиблиографиялық көрсеткіш оның
60 жылдық мерейтойы қарсаңында жарық көріп отыр.
Зерттеуде ғалымның соңғы жылдары мерзімді басылым
беттерінде жарияланған зерттеулері мен мақалалары топ
-
тастырылған. Ғалым бұл кітабын Қазақстан Республика
-
сының 20 жылдығы қарсаңында шығаруды көздеген бола
-
тын. Алайда дүниеден мезгілсіз өткен соң, аталған еңбектің
қолжазбасы өзі қызмет еткен бөлім қызметкерлерінің қо
-
лында қалып қойды. Ағамыздың қырық күндігі өткен соң,
қолжазбаны көтеріп институт директоры Сейіт Асқарұ
-
лына бардық. Ол кісі ұсынысымызды қолдап, мақұлдады.
Алайда институт қоржынында үнемделген қаржы болма
-
ғандықтан аталған кітап 2011 жылы жарық көре алмай
қалды. Жыл басында М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және
өнер институтының директоры ауысып, басшылыққа фи
-
лология ғылымдарының докторы Уәлихан Қалижанұлы
келді. «Піскен астың күйігі жаман дегендей» тартпада жа
-
тып қалған қолжазбаны көтеріп, жаңа басшыға және бар
-
дық. «Бітер істің басына жақсы келер қасына» дегендей,
Уәлихан Қалижанұлы ұсынысымызды құп көріп, аталған
қолжазбаны дереу Ғылыми кеңеске қойды да, кітапты же
-
делдетіп шығаруға күш жұмсады.
Өмірде ғана емес, ғылымда да ақырын жүріп анық бас
-
қан Бақытжан Майтанов – әдебиеттану ғылымында өзінің
атын ойып қалдырған ғалым. Ол әдебиеттің жауыр бол
-
ған тақырыптарынан қашып, кез келген жанрды белгілі
бір проблема төңірегінде зерттеп, әрдайым жаңа мәселені
340
көтеріп, тыңға түрен салуымен ерекшеленетін. Біздің бұл
сөзімізді «Қазақ прозасындағы замандас бейнесі» атты
тұңғыш монографиясына берген академик Серік Қирабаев
-
тың: «Осы бір шағын еңбекте көтерілген психологиялық
талдау өнеріне қатысты теориялық проблеманы Б.Майта
-
нов қазақ әдебиеттануында алғашқы боп диссертациялық
көлемде зерттеді», – деген пікірі растайды. Осылайша ол
алғашқы зерттеулерінен бастап, «Тәуелсіздік – күрес мұра
-
ты» атты соңғы зерттеуіне дейін ұлттық әдебиеттің теория
-
лық мәселелерін зерттеумен айналысты.
Енді сиясы кеппеген жаңа кітапты қолымызға алып,
ғалымның соңғы зерттеулерін әдебиет сүйер қауыммен
бірге бөліселік. Кітаптың аты – «Тәуелсіздік – күрес мұ
-
раты». Кітаптың атын сынайтындар да табылар, ғылыми
зерттеу еңбекке мұндай ат қоюға болмайды дейтін «білгіш
-
тер» де шығар. Біз бір нәрсені қатты ескеруіміз керек. Ол
– бұл кітаптың Қазақстан Тәуелсіздігінің 20 жылдығына
шашу екендігі. Екінші ескеретін жай – тәуелсіздік деген
сөздің өзі айтып тұрғандай, ғалымның ұлттық әдебиеттің
көптеген мәселелерін тәуелсіздік тұғырынан қарастыруы.
Арысын айтпағанның өзінде соңғы онжылдықта шыққан
бірсыпыра зерттеу еңбектердің атын тәуелсіздікпен байла
-
ныстыра қою үрдіске айналып келеді. Олардың қатарында
академик С.Қирабаевтың «Тәуелсіздік рухымен» (2002),
«Тәуелсіздік өрісі», Ш.Елеукеновтің «Ғасырмен сырласу»
(2004), «Тәуелсіздік биігінен» (2007) атты еңбектерін ата
-
сақ та жетіп жатыр. С.Қирабаев, Ш.Елеукенов, Б.Майта
-
новтардың әдебиетші екенін білетіндер бұл кітаптардың
қандай рухты, өрісті, биікті, күресті сөз ететінін айтпай
түсінетіні анық. Себебі, екі ғасыр тоғысында өмір сүріп,
екі дәуірдің куәгері болған Бақытжан Майтанов есімі ХХ
ғасырдың 70-жылдарынан бері көпшілікке етене таныс.
Институт директоры У.Қалижанның «Аманат» атты
алғы сөзінде ғалымның көзі тірісінде шәкірттеріне қал
-
дырып кеткен аманатына қиянат жасамай, оның қазақ ғы
-
лымына сіңірген еңбегін ескеріп, аталған еңбекті әдебиет
сүйер қауымға жеткізгендігі айтылған. Ғалымның өзі үшін
емес, қазіргі қазақ әдебиеттану ғылымы мен әдебиетшілері
341
үшін аса қажет еңбек «Ғалымның хаты өлмейтіндігін» рас
-
тап отыр.
Ғалым кітапқа енген зерттеулері мен мақалаларын
бірінің астына бірін тізіп беруді жөн санамаған. Автор
мұндағы дүниелерді әдебиеттің белгілі проблемаларына
қатысты жекелеген бөлімдерге бөлген. «Біткен іске сыншы
көп дегендей» кітаптың құрылымына көңілі толмай, бөлім
атауларын сынаушылар да табылар. Сондықтан ендігі ке
-
зекте кітаптың құрылымына, жіктеу жүйесінің принцип
-
теріне тоқталып көрелік.
Төрт бөлімнен тұратын кітаптың «Тәуелсіздік рухы» деп
аталатын бірінші бөліміне М.Әуезовтің өмірі мен шығар
-
машылығына қатысты зерттеулер топтастырылған. Соңғы
жылдары мұхтартануға қосылған еңбектердің жеке бөлім
құрауы құптарлық. «Абай жолы» және тәуелсіздік рухы»
деп аталатын тараушада бұған дейін жете көңіл бөлінбеген
шығарманың мәтіндік жүйесі, автор болмысы немесе ав
-
тор образының поэтикасына жете көңіл аударылып, «Абай
өмірі мен мұрасы М.Әуезов туындысында автор атты құді
-
ретті ұғымның интеллектуалды, эмоционалдық харакетте
-
месі (деятельность) нәтижесінде көркемдік-эстетикалық
образдар жүйесінің мазмұнын құрағаны» пайымдалған.
Роман-эпопеядағы тәуелсіздік туралы идея жаңа үрдіс
-
тер, жаңа құндылықтар жасау жолында болып жатқанды
-
ғын автор «қалың елі – қазағы, қайран жұртын» ұйқыдан
оятуға тырысқан ақынның тірлігімен түсіндіріп, «Бұл кү
-
рес – найза соғыстырып, бас қағу емес, ақыл-сананың ұлт
-
тық намыс жолындағы күресі болатын», – деген тұжырым
жасайды. Аталаған эпопеядағы тәуелсіздік идеясын ғалым
«автор және адресат», «әңгімелеу дәстүрі», «мәтін және
интертекст» мәселелері төңірегінде қарастырған. М.Әуе
-
зовтің «Абай жолы» мен Р.Тоқтаровтың «Абайдың жұм
-
бағы» романдарындағы нарратив, мекеншақ (хронотоп),
өзін-өзі сүюшілік (нарцис), ортақ төл сөз (қос үнді сөз),
өмір сипаты (рема), лұғат (речь), интертекст (текст туралы
текст), әлқисса (сказ), ризоматика (іштей бұтарлану, бірне
-
ше қабат, сыр алу), рефлексивті код (жамылғы) мәселелері
салыстыра сөз ету арқылы ашыла түскен. Жекелеген оқи
-
342
ғаларға қатысты деректер аталған шығармалардың көр
-
кемдік-эстетикалық жетістігіне қызмет етіп тұр.
«М.Әуезов және Абай өмірбаянының нұсқалары» деп
аталатын тарауда М.Әуезов дайындаған ұлы ақынның
өміріне қатысты төрт нұсқа (1 (1927-1933), 2 (1940), 3
(1945), 4 (1950)) салыстырыла сөз болған. 1924-1927 жыл
-
дары Абай шығармаларының текстологиясымен айрықша
шұғылданғанын айта келіп, содан кейінгі жылдары ақын
-
ның өмірі туралы мәліметтерді тәптіштеп жинағандығына
назар аударады. Ғалым аталған нұсқалардағы жекелеген
оқиғаларға қатысты деректерді салыстыра келіп, «Ең жа
-
тық, ешбір дау-дамай қозғамайтын жуас һөмірбаян – Абай
хақындағы монография құрамына кірген 4-нұсқа. Өмір
-
баянның құрық көрмеген асау, арындысы, неғұрлым шын
-
шылы – 1-нұсқа», – деген тұжырым жасайды (105-б.).
«Абай жолы» романының сюжет желісі» деген зерттеу
-
де аталған эпопеядағы негізгі оқиғалар желісі сөз болса,
«Абайдың билігі және С.Зиманов мұрағатындағы бір де
-
рек» деген мақалада Абайдың көптеген алқалы жиындарда
төбе би міндетін атқарғандығы таратыла айтылады. 1985
жылы мамыр айында Шар өзені бойында Қарамола төтен
-
ше съезінде қабылданған 74 баптан тұратын «Ережені»
заңгерлердің «Абай ережесі» деп атауының негізгі себеп
-
терін нақты мысалдар арқылы өрбітеді. Оны «Абай жолы»
эпопеясындағы Салиха қыздың дауына қатысты және бас
-
қа оқиғаларға мәліметтер растайды.
«Ғұлама ғалым ғибраты» деген мақалада М.Әуезовтің
«Абайтанудан жарияланбаған материалдары» деген кө
-
лемді еңбегі жөнінде «Осы кітап ұлы жазушының ұлы
Абайға деген махаббаты – туған халқына деген махаббат,
зор мағынасында әлемдік мәдениет, шын мәніндегі бояма
-
сыз ғылым алдындағы асқан адамгершілік парыз бен ерлік
болғанын дәлелдей түседі» (127-б.), – дей келіп, аталған
еңбекке тоқталады. Ақынның өмірбаянына, шығармалары
-
ның текстологиясына, мұрасының рухани көздеріне, ақын
-
дық мектебіне, ол жайлы еңбектерге, эпопеяның жазылу
тарихына тоқталады. Сонымен бірге «Абайтанудың ар
-
наулы курсы», «Баяндамалар, сөздер, пікірлер» «Абайтану
343
жайлы еңбектерге пікірлер» деген сықылды тараушаларда
-
ғы аталған мәселелерге кеңінен тоқталған.
Ш.Уәлиханов атындағы сыйлықтың лауреаты Ләйла
Мұхтарқызы Әуезова туралы «Адам, дос және менің жал
-
ғасым» мақаланың да негізгі айтар ойы Мұхтар Омар
-
ханұлына келіп саяды. Мектеп қабырғасында жүріп «Сөз
бен қалам» ұйымы мен «Ұйқы мен Тыныштық» қоғамын
құрып жүрген ұлтжанды қызының болашағынан мол үміт
күткен жазушы қызы Ләйланы «... адам, дос және менің
жалғасым» деп тегін айтпағандығы оның өмір жолына
жасалған шолудан байқалады. 1961 жылы жазушы дүние
-
ден өткен соң, оның атын мәңгілік есте сақтау мақсатында
жазушы атындағы институттың жанынан «М.О.Әуезовтің
шығармашылық мұрасын зерттеу» бөлімі ретінде ресми
тіркелген әдебимемориалды музей-үйінің ашылуы үшін,
ол ашылғаннан кейін әке аманатын ақтау жолындағы қы
-
зының еңбегіне тәнті болған қаламгер оның Л.Толстой,
А.Чехов мұражайларын аралап, тәжірибе жинақтаумен
жасаған ерен еңбектерін ілтипатпен еске алған. Ал, «Асыл
қызы халқының» мақаласы М.Ломоносов атындағы Моск
-
ва университеті шығыс факультеті, тарих бөлімінен білім
алған Ләйла Мұхтарқызы Әуезованың өмірі мен еңбек жо
-
лынан сыр шертеді. Оның тарих ғылымының кандидаты
дәрежесін алған «ХІХ ғасырдың екінші жартысында Қа
-
зақстанда егіншіліктің дамуы» деген зерттеуіне тоқтал
-
ған. Автор мақалада Л.Мұхтарқызының талантты ғалым,
сүйікті жар, аяулы ана, шынайы дос болғандығын нақты
деректер арқылы ашуға ден қойған.
«Нұрлы өмірдің көзіндегі тамшы жас» мақаласы «бек
-
заттығы мен биіктігі, нұрлы жүрегі, сергек те сезімтал са
-
налы» Мұғамила Мұхтарқызы жөнінде. Ғалымның «Әуе
-
зов үйі» ғылыми-мәдени орталығында жетекші бола жүріп,
Мұъхтар Омарханұлының шығармашылығымен ғана емес,
оның ұрпақтарымен де етене жақын араласқандығын рас
-
тайтын бұл мақалада Мұғамила апайдың есте қалған ес
-
теліктері арқылы жазушы өмірінің кейбір тұстарынан ха
-
бар береді. Жазушының өмірі мен шығармашылығын әр
қырынан толықтыруды көздеген автор бұл бөлімде «Абай
344
жолы» эпопеяға қатысты зерттеулерімен бірге осындай ма
-
қалаларды да белгілі мақсатпен топтастырғаны анық.
«Автор және көркем мәтін құбылыстары» деп атала
-
тын екінші бөлімге негізінен прозалық шығармаларға жа
-
салған талдаулар жинақталған. «Менің Әуезовім»: автор
және стиль» деп аталатын мақала жазушы шәкірттерінің
бірі Зейнолла Қабдоловтың роман-эссесі жөнінде. Эс
-
сенің стильдік ерекшелігін авторлық баяндау еркіндігімен
түсіндірген ғалым мәліметтерді лирикалық, эпикалық,
драмалық баяндау үрдістерін алмастырып отыруды көр
-
кемдік-эстетикалық деңгейдің салмағын арттыру ретін
-
де таниды. Уақыт пен кеіістік меридиандарыныңавтор
-
лық стиль аясында көрініс табуына көңіл аудара отырып,
эпикалық әсірелеу сарынының реалистік детальдармен
ұштасуын авторлық стильдің ерекшелігі ретінде көрсете
отырып, аталған шығарма жөнінде мынадай қорытынды
жасайды: «Автор-баяндаушы кейіпкер міндетін де атқара
-
ды. Стильдік тұрғыда ол аспандай биікке шығып сөйлеуді
ұнатады. Көтеріңкі әуеннің ақиқатпен жарасымы таң қал
-
дырады. Ол таң қала отырып, таңғалдырудан танбайды.
Бұл сұлулыққа ғашық жанның қанатын шалқып жаюын
әліптемек. Зеңгір көктен қарағанда жер беті әдемі көрі
-
нетіндей» [160-б.].
«Негізгі шындық» мақаласында Қ.Найманбаевтың «От
пен ойын» романы мен «Беймезгіл қонақ», «Шілде» атты
кітаптарына енген «Көкем екеуміз», «Түнгі жол», «Керім
-
салдан кейін», «Бастау» повестері және «Қоштасқым кел
-
мейді» әңгімесі зерттеу нысанына алынған. Автор жазушы
шығармаларына өмірдің күнгей жақтары емес, көлеңкелі
жақтары негіз болғанын айта келіп, аталған туындыларда
дүние-әлемдегі негізгі шындықтардың айтылғандығына
көңіл аударған.
«Азаттық күрес мұраты – тәуелсіздік» деген мақалаға
Ш.Мұртазаның «Қызыл жебе», «Жұлдыз көпір» романда
-
рының бас кейіпкері Рысқұл мен Тұрар Рысқұловтың азат
-
тық жолындағы күресінің мұраты – тәуелсіздік екендігін
нақты деректермен пайымдаған. Бас қаһарманның ысыл
-
ған қоғам қайраткері болып қалыптасу кезеңдеріне тоқ
-
345
талу арқылы жазушының саяси-мемлекеттік қателіктерді
объективті тұрғыда бейнелеу ретінде қабылдап, «Т.Рысқұ
-
лов туралы романдар Қазақстанның тәуелсіздігін нығайту
міндетіне кірісіп кетті» деп түйіндейді.
«Бақ пен сор» мақаласына Қ.Жұмаділовтің «Соңғы
көш» романы негіз болған. Автор «жарлы-жақыбайды
паналатқан Қанағат бидің ауылын ұлт-азаттық төңкеріс
жеңіске жеткен Шығыс Түркістан мемлекеті тұсындағы
қазақ елінің шағын үлгісі» ретінде таниды [189-б.]. Ғалым
жазушының ««Соңғы көш» пен «Тағдыр» – көршілес Қы
-
тай жеріндегі қалың қазақтың бағы мен сорын қатар сурет
-
тейтін дүниелер» екендігін уақыт – орта – Адам – жағдай
арасындағы диалектикалық байланыс арқылы пайымдаған.
«Автор және көркем мәтін құбылыстары» деген мақа
-
лада қазіргі қазақ прозасындағы көркемдік-эстетикалық
ізденістер сараланған. Мұхтар Мағауиннің «Жармақ»
романы мен «Кесікбас» повесі, Роза Мұқанованың «Мо
-
настырь», «Сарқаншық», «Өзің» әңгімесіндегі, Айгүл Ке
-
мелбаеваның «Мұнара» романындағы, Үміт Тәжікенова
-
ның «Ақиқатқа жүгіну» кітабына енген «Жалған дүние»,
«Мәңгіліктің бір сәті» сынды новелларындағы модер
-
нистік және постмодернистік баяндау тәсілдері арқылы
қазіргі прозадағы көркенмдік ізденістер сараланған.
«Диалогтағы сезім шынайылығы» мақаласында М.Жұ
-
мағұловтың «Қыран қазасы қияда», С.Сейфуллиннің «Тар
жол тайғақ кешу», А.Нұрмановтың «Құланның ажалы»,
Қ.Исабаевтың «Айқыз», Ш.Мұртазаның «Қызы жебе»,
«Жұлдыз көпір» романарындағы характерологиялық мін
-
деттер атқаратын полилог пен диалогты қолдану ерек
-
шелігін жекелеген кейіпкерлердің дүниетанымы арқылы
түйіндеген. Аталған шығармалардағы диалогтарға жасал
-
ған талдаулар шұбалаңқы диалогтарды орынды-орынсыз
жиі пайдаланудың жазушы стилінің кемшілігі болып та
-
былатындығына қызмет етіп тұр.
«Аңыздың ақыры»: мекеншақ пен семиозис» деп атала
-
тын мақалада Ә.Кекілбаевтың аталған шығармасындағы
уақыт пен кеңістік, хронотоп, яғни мекеншақ, семиозис
(семизис, семиосфера – таңбалық мағыналар тоғысы –
346
Б.М.) мәселелері қарастылса, «Миф және шындық» мақа
-
ласында А.Алтайдың «Алтай балладасы» атты роман-мифі
мен «Кентавр», «Сібір офицері», «Шаһид», «Альпинист»
әңгімелеріне негіз болған аңыз-әңгімелерге талдау жасай
-
ды. Ғалым «Оның туындыларында романтика да да бар, бі
-
рақ тргизм басым» екенін айта келіп, постмодернистерге тән
бейтараптықты еркін пайдаланатындығына көңіл аударады.
«Көркемдік-эстетикалық ізденістер» деп аталатын
үшінші бөлімге қазіргі қазақ поэзиясы туралы зерттеулері
топтастырылған. «Қазіргі қазақ поэзиясы және тәуелсіздік:
уақыт пен кеңістік» деген зерттеуінде ғалым тәуелсіздік тұ
-
сындағы ұлттық поэзияны «тарих уақыт және оны қабыл
-
дау», «ұлттық мұрат және поэтикалық мекеншақ», «лиризм,
драматиз және мекеншақ» сынды проблемалар төңірегінде
зерттеген. Қазіргі поэзияға жасаған талдаулар «Тәуелсіздік
идеясы – қазақ әдебиетінде ежелден қоныс тепкен ұғым»
екендігіне, «тәуелсіздік дәуірінде бұл мәселе қиялдан гөрі
нақты шындық ретінде жырлана бастағандығына» көңіл
аударды. Ғалым Қ.Мырза-Әли, Т.Молдағалиев, Қ.Шам
-
шиев, Ж.Сомжүрек, Қ.Бұғыбаева, Ә.Иманасов, С.Имана
-
сов, Н.Оразалин, О.Асқар, Е.Дүйсенбайұлы, Ж.Әбдіраш,
К.Мырзабеков, Д.Стамбекұлы өлеңдеріне талдау жасау
арқылы қазіргі поэзиядағы көркемдік ізденістерді саралап
берді.
«Қазіргі поэзия және постмодернизм» деген зерттеуін
-
де Т.Медетбек, Ж.Ерман, Т.Әбдікәкімов, Ә.Қайран, Б.Қа
-
рағызұлы, А.Жатқанбай, Б.Сарыбай поэзиясына жасалған
талдаулар қазіргі поэзиядағы постмодернистік үрдістерді
көрсетсе, З.Елғондинова, Е.Раушанов, Г.Салықбай,
А.Әлімұлы, Е.Жақыпбек, Ә.Смайылов, Т.Ешенұлы, А.Әл
-
таев, М.Райымбекұлы поэзияларына жасалған талдаулар
қазақ лирикасындағы модернистік үрдістерді тануға, білу
-
ге қызмет етеді.
«Белгісіз мұң, қоңыр мұң» мақаласы – қазіргі поэзия
-
ның белгілі өкілі Н.Оразалиннің, «Өлеңнің еркін тынысы»
Ұ.Есдәулеттің шығармаларын жан-жақты танытатын дү
-
ниелер. «Тағылым тамыры тереңде» Орысбай Әбділдаұ
-
лының «Төлеген-толғау» дастаны мен «Жамбыл: «Өтеген
347
батыр» дастанындағы әсірелеу поэтикасы» қазіргі әде
-
биеттану ғылымына қосылған соны зерттеулер. Ғалым
бұл мақалалар арқылы қазақ дастандарының кешегісі мен
бүгінінен хабар береді. Өтеген батырдың қазақ халқының
бірлігі, азаттығы, бостандығы жолындағы күресін қазіргі
тәуелсіздігімізбен ұштастырған автор «бұл мақсат қазір де
қынаптан қылыш суырып тұрғаны даусыз» деп бағалай
-
ды. Себебі ұлттың бүгінде қол жеткізген азаттығы жолын
-
да Өтеген сынды талай қазақ батырлары шаһид болғаны
тарихтан мәлім. Ғалым бұл мақалада аталған дастанның
сюжеттік желісін қуаламай оның көркемдік кестесіне
үңілді. Дастандағы әсірелеуді ассоциативті-логикалық са
-
лыстырудың ұлғайған түріне жатқызған автор дастаннның
синтаксистік-стилистикалық құрылымына көңіл аударып,
синтаксиситік параллелизм, сандық ұғымның асыра қол
-
данылуы, эпитет, нарратив құрылымындағы полифонизм,
тұрмыстық, этномәдени детальдар, зооним, фитоним
және ландшафтық атрибуттарды қолданудағы әсірелеу
тәсілін жан-жақты қарастырды. Ал, «Төлеген-тоғаудың»
бас кейіпкері – өзіміздің замандасымыз Т.Қожамқұлов.
Төлеген Әбдісағиұлының өмір жолын арқау еткен поэма
жөнінде ғалым: ««Төлеген-толғау» атты дастаннан түйетін
басты ұйғарым – ізгілік, парасат, дарындылық тәрізді асқақ
ұғымдар көкте кезіп жүрген жоқ, қасымызда, көз алдымыз
-
да тұрғанын әрдайым түсіну, оны қадірлеп, бағалай білу
жүрекке міндет емес, табиғи қажеттілік екенін бағамдауға
барып саяды» [381-б.], – деген тұжырым жасайды.
«Жүректегі жауқазын» Мұхамедия Жұмағалиевтің жыр
-
лары жөнінде. Ақын шығармаларындағы сыршылдықты
«шерлі махаббат», «тойымсыз сағыныш», мұң, масаттану
сынды тәсілдермен көтеруде жетістікке жетті.
«Естелік – жады мұрағаты» деп аталатын төртінші та
-
рауда ғылым корифейлері туралы мақалалар мен естелік
-
тер топтастырылған. «Сыншының сегіз қыры» академик
С.Қирабаевтың сыншылық қырынан сыр шертсе, «Дәлел
және тұжырым» Б.Кенжебаевтың қазақ әдебиеті тарихы
-
ның мәселелері жөніндегі зерттеулерінен хабар береді. Ав
-
тор ғалымның кеңестік дәуір тұсындағы қазақ әдебиетін
348
дәуірлеуге қатысты өткір пікірлері мен ХІХ ғасыр мен
ХХ ғасыр басындағы әдебиет туралы зерттеулеріне тоқ
-
талу арқылы қазақ әдебиеті тарихындағы орнын көрсетті.
«Жарқын жанның шуағында» Шәмшиябану Сәтбаеваның
ұлттық әдебиеттану ғылымына қосқан үлесін саралайды.
Салыстырмалы әдебиеттану ғылымының негізін салған
ғалымның «Қазақ-европа әдеби байланыстары», «Қазақ
әдебиеті және Шығыс» атты еңбектеріне тоқталып, қа
-
зақ әдебиетінің Батыспен, Шығыспен байланысы жөнін
-
де сөз етті. «Даралық» М.Әуезовтің үміт артқан шәкірті
Зейнолла Қабдоловтың талдаулар мен толғаныстардан
тұратын «Көзқарас» кітабы жөнінде. Қазақ халқының мә
-
дениеті мен ғылымы жетім баланың күйін кешкен өлара
кезеңде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев, академиктер Са
-
лық Зиманов, Жабайхан Әбділдин, ардақты ұстаз Хамза
Санбаев сынды зиялы қауым өкілдерінің үнін қажет деп
тапқан автор олар туралы сыр ақтарады. Қоғам мен адам
беттескен сын сағатта осындай белгілі тұлғалармен бірге
жазушылар қауымын кең қамтыған кітап туралы «Мақ
-
тайтын істі ашық ниетімен жеріне жеткізіп, ағыла төгіліп,
дәлеліне кір шалдырмай сөйлейтін әдетімен ұстаз-жазушы
дәуір шындығын тарихи фактіге айналдырады» [415-б.], –
дей отырып, оны Махамбет пен Абайдан бастап, Мүсілім
Базарбаев, Садықбек Адамбеков, Темірбек Қожакеевке
дейінгі шығармашылық иелерімен ұштастырады. «Дос
болу қиын емес» мақаласында жас рефолюционер, геог
-
раф, геолог, этнограф, жазушы, суретші, ұйымдастырушы,
ұстаз тәрізді жан-жақты өнер иесі Дмитрий Ивановтың
«Очерктер, ертегілер, суреттері» жөнінде сөз қозғайды.
Профессор К.Ш.Кереева-Қанафиева мен өнер зерттеушісі
Т.Г.Казакова құрастырған бұл еңбек Д.Л.Ивановтың өмірі
мен қызметінен толық мәлімет беретін дүние. ХІХ ға
-
сырда өмір сүріп, Қазақстанға жер аударылған азаматтың
көркем-әдеби, педагогтік мұрасы туралы хабар да мол та
-
рай қоймағанын ескерген автор оқырманды оның еңбек
-
терімен толығырақ таныстыруды көздеген. Осы мақсатта
жинаққа енген «Балықшыларда», «Қарасудағы түнеме»,
«Бәйгі», «Қой» сынды очерктеріне тоқтау арқылы оның
349
қазақ халқының меймандостығына, бауырмалдығына деген
шексіз сүйіспеншілігі мен ұлттық мінез-құлық, әдет-ғұрып,
салт-дәстүрге деген қызығушылығын аша білген. Кітаптың
екінші бөлімін құрайтын «Д.Л.Ивановтың педагогикалық
мұрасы» қызғылықты әрі тартымды. Әдістемелік нұсқаула
-
ры мен бейнелеу өнері саласындағы төл туындылары оның
көп қырлылығын танытары белгілі. «Өз еліміздің көне дәс
-
түр, тұрмысын адамгершілік сүйіспеншілікпен бейнелеген
орыс ғалымын, жазушысын құрметтеп, жұрт назарына ұсы
-
ну мол ғибратты қадам, әрі азаматтық парыз» [425-б.], – де
-
ген ғалым пікірі ұлтын құрметтеген өзге ұлт өкіліне жасал
-
ған ыстық ілтипат екені даусыз. «Ғылыми мұрат әсемдігі»
әдебиеттанушы ғалым Бекмұрат Уахатовтың өмірі мен шы
-
ғармашылығы туралы. Зерттеу нысанына ғалымның «Та
-
ланттар, туындылар» (1969), «Көркемдік ізденістер» (1991)
атты зерттеу-сын кітаптарында әдебиеттегі көркемдік-эс
-
тетикалық үрдісті сараласа, «Қазақтың қара өлеңдері»
(1974), «Қазақтың тұрмыс-салт жырларының типологиясы»
(1979) атты монографияларын қазақ фольклортануын тағы
бір белеске көтерген еңбектер ретінде бағалайды. «Ерекше
адам» – белгілі әдебиеттанушы ғалым Әбділхамит Нарым
-
бетов туралы естелік. Әди Шәріпов, Мүсілім Базарбаев,
Зейнолла Қабдолов сынды белгілі ғалымдармен үлкен дос
-
тық қатынаста болған ағасының табиғат берген бітімін сөз
ете отырып, «өз басым Әбекеңді бойынан кінә таппай ұнат
-
тым» дейді. Сонымен бірге мұнда «Қазақ совет поэмасы»
атты монографиясына талдау жасалған. Автор оның қазақ
поэмасының арғы-бергі тарихын тұтас зерттегенін айта
келіп, оның «Қазіргі қазақ поэмасы» атты монографиясын
аталған еңбектің жалғасы екенін, онын толықтыратынына
көңіл аударды. «Ертеден шапса, кешке озған» – қазақ әде
-
биеттану ғылымының белгілі өкілінің бірі, академик Р.Нұр
-
ғалидың 70 жылдығы қарсаңында «Жұлдыз» журналында
жарияланған мақала. Мұнда Р.Нұрғалидың «Көк қауырсын»
(1964, «Жұлдыз) атты тұңғыш мақаласынан бастап қарас
-
тырылған. ХХ ғасырдың алпысыншы жылдары әдебиетке
келіп, әдеби-сынға белсене араласқан сыншының С.Асанов,
Б.Әбдіразақов Қ.Бұғыбаева сынды жас ақындардың тұңғыш
350
жинақтары туралы, Р.Тоқтаровтың «Бақыт» романы тура
-
лы сын-рецензияларынан бастап, әдебиеттану ғылымына
қосылған «Күретамыр», «Сырлы сөз», «Айдын» сынды
сүбелі монографиялық зерттеулерімен тоқталады. Ал, «Тай
-
бурыл» – Рымғали Нұрғали туралы естелік. Шәкірттерін
тани білген ұстаздың баcынан өткен қиыншылықтар шы
-
найылығымен баурайды. Әсіресе, Мәскеудегі ЖАК мүше
-
лерінің «Әлі жас қой, азаптанып көрсін» деп 33 жастағы
зерттеушінің бетін қайтарып тастағаны ғылыми дәреже мен
атақтың оңайшылықпен келмейтіндігін растайды. ««Сырлы
сөз» – эсселер жинағы. «Трагедия табиғаты», «Талант тағ
-
дыры», «Күретамыр», «Өнер алды – қызыл тіл», «Өнердің
эстетикалық нысанасы», «Айдын», «Телағыс», «М.Әуезов
және Алаш әдебиеті», т.б. монографиялар – әдебиеттануға
қосылған зор үлес. «Қазақ энциклопедиясының» қысқаша
төрт томдығынан басқа да осы ұжымдағы неше алуан құнды
басылымдар Р.Нұрғалидың тікелей басшылығымен жарық
көрді. Ол «Әдебиет теориясынан» нұсқалық (хрестоматия),
«Қазақтың жүз романы» аталатын өзі де авторлар қатарын
-
дағы жаңалықты сипаты мол, ұжымдық еңбектің идеясын
да, орындалуын да, жариялануын да жедел түрде жүзеге
асырды. Ол жеті томдық шығармалар жинағын қалың оқыр
-
манына ұсынды. Ол ерекше ұйымдастырушылық қабілет
иесі болатын. Ол достық, жолдастық, ұстаздық жолында
ешқашан іркіліп қалмайтын, соңғы шекке дейін алаңсыз
сеніммен баратын» [461-б.], –деген жолдар ұстазға деген
шәкірттің құрметін танытары анық. Академик Р.Нұрғалиды
әдебиеттану ғылымының «ертеден шапса, кешке озатын»
Тайбурылдай тұлпарына теңеу – ғалым еңбегіне берілген
жоғары баға еді. «С.Қасқабасов еңбектеріндегі фольклор
мен фольклорлық жанрлардың ерекшелігі» атты мақала ака
-
демик Сейіт Асқарұлының фольклортану ғылымына қосқан
еңбектерін саралауға арналған. М.О.Әуезов атындағы Әде
-
биет және өнер институтын 2001-2011 жылдары басқарған
ғалымның ғылымдағы ұйымдастырушылығы мен ғалымды
-
ғы қоса өрілген мақалада академиктің шығармашылық биік
тұлғасы сомдалды. «Әдебиет теориясы – іргелі» ғылым» де
-
ген еңбегінде А.Байтұрсынұлы, Е.Ысмайылов, З.Шашкин,
351
Қ.Жұмалиев, З.Қабдолов, З.Ахметов тәрізді ғалымдардан
бастап осы салада қызмет етіп жүрген замандастарымыз
-
дың барлығының да әдебиет теориясына қосқан үлесі сара
-
ланған. Әдебиеттегі жекелеген жанрлар жөніндегі зерттеу
-
лер мен зерттеушілердің есімдерін жеке-жеке атаған ғалым
қазіргі әдебиеттану ғылымының жетістігін арысы Ахметтен
(Байтұрсынов), берісі Ермекке (Қаныкей) дейінгі аралық
-
тағы әдебиет теориясы бойынша атқарылған шаруларға
шолу жасайды. «Атаға лайық ғалым ұл» Мәшһүр-Жүсіп Кө
-
пейұлының ұрпағы – филология ғылымдарының докторы,
профессор Қуандық Мәшһүр-Жүсіптің өмірі мен шығар
-
машылығы жөнінде. «Бір әйелдің өмірі», «Армандастар»,
«Қыздар, жігіттер», «Өлең – сөздің патшасы», «Қазақ лири
-
касындағы стиль мен бейнелілік», «Көркем сөздің құдіреті»
сынды еңбектеріне тоқтала отырып, ғалымның көркемдік
әдіс пен стиль мәселелеріне көңіл аударғандығын нақты
талдауламен көрсетті. Ғалымның әдебиет, тіл пәндерінен,
әдістемеден дәріс оқитындығы айта келіп, оның әдебиетта
-
ну мен оны оқытудың жолын үйретудегі еңбегін «Көркем
сөздің құдіреті» атты кітабы арқылы пайымдаған.
Көріп отырғанымыздай, жоғарыда сөз болған зерттеулер мен
мақалалардың барлығы да тәуелсіздік тұсындағы қазақ әде
-
биеттану ғылымының қол жеткізген табысы ретінде саналмақ.
Ғалым өмірінің біразын әуезовтануға арнағанын осы кітаптың
төртен бір бөлігін құрап тұрған соны зерттеулер растаса, әде
-
биеттің көркемдік-эстетикалық қырларын саралайтын зерттеу
-
лері кітаптың негізгі мазмұнын көтеріп тұр. Белгілі әдебиеттану
-
шы ғалымдар Б.Кенжебаев, З.Қабдолов, Ш.Сәтбаева, Б.Уақатов,
Ә.Нарымбетов, С.Қирабаев, Р.Нұрғали, С.Қасқабасов, Қ.Жүсіп
туралы мақалалары мен естеліктері әдебиеттану ғылымының
өткені мен бүгінінен хабар берер дүниелер. Сондықтан да жо
-
ғарыда сөз болған зерттеулер мен мақалалардың барлығы да
тәуелсіздік тұсындағы қазақ әдебиеттану ғылымының қол
жеткізген табысы ретінде саналмақ. Сондықтан өз замандаста
-
рынан оза шауып, әдебиет теориясының талай биіктерін бағын
-
дырған, «Қазақ әдебиетінің Бахтині» атанған Бақытжан Майта
-
новтың бұл еңбегінің де ғұмырлы болары даусыз.
|