ЛИТЕРАТУРА
1.
Кодекс Республики Казахстан от 08.07.2003 N 477-II "Лесной кодекс Республики
Казахстан"
2.
Шандер В.Д. Разработка способов и технологий рубок главного пользования в березовых
лесах Северного Казахстана. – Алматы: Білім, 2001. – С.217.
3.
Мелехов И. С. Лесоводство: Учебник. – М.: Агропромиздат, 1989. – 302 с.
4.
Правила рубок главного пользования в равнинных лесах северной части Казахстана. – А.:
Рауан, 1994. – 32 с.
5.
Тихонов А.С. Теория и практика рубок леса // А.С. Тихонов, С.С. Зябченко - Петрозаводск:
Карелия, 1990. – 224 с.
6.
Петров С.В. Сплошные рубки на севере Казахстана. – А.: Рауан, 1998.-117 с.
7.
Алексеев С.В., Молчанов А.А. Очистка лесосек в практике северного лесного хозяйства. –
М.: Луч, 1997. – С.51
МАРАЛДЫ ОРМАН ТЕРРИТОРИЯСЫНДАҒЫ ОРМАНДАРДЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ
ЖӘНЕ КЕСУ ІС-ШАРАЛАРЫН ЖОБАЛАУ
Л.А. Макеева, А.А. Ордабаева
Орман еліміздің бір байлығы болып отыр. Орманды сақтау, дұрыс пайдалану,
құрамындағы элементерінің әр түлі рөлін үйрену, сонымен қатар орманда жұмыс істейтін
маңызды мамандардың міндеттерін қарастырылды.
DESIGN LOGGING AND REFORESTATION ACTIVITIES INSIDE
MARALDINSKOGO FORESTRY
L.A. Makeyev, A.A. Ordabayevа
Forests are one of the essential resources of our country. Their preservation, proper operation, to
study the role of its various constituent elements, including insects - the most important task of
professionals
working in the woods.
ӘОЖ: 636.237.2:636.082.22 (045)
Л.В. Алимжанова, С.Қ. Бостанова, С.А. Исабекова, Ю.Н. Шейко
С.Сейфуллин атындағы Қазақ Агротехникалық университеті
АГРОФИРМА «РОДИНА» ЖШС-ІНДЕ ӨСІРІЛЕТІН ҚАРА-АЛА ТҰҚЫМЫ
ТҰМСАЛАРАНЫҢ ДЕНЕ БІТІМІНІҢ СЫЗЫҚТЫҚ БАҒАЛАУЫ
Мақалада қара-ала тұқымы тұмсаларының дене бітімін сызықтық әдісіміен бағалау және
сүт өнімділігін зерттеу нәтижесі берілген. Сонымен қатар көрсеткіштердің арасында арақатынас
зерттелген. Алынған мәліметтерді талдау негізінде сүт өнімділігі және желін көрсеткіштері
арасында орташа қатынас анықталған, ал басқа көрсеткіштер арасында ара-қатынас төмен
немесе мүлдем байқалған жоқ.
Түйін сөздер: қара-ала тұқымы, экстерьер, сызықтық бағалау, сүт өнімділігі,
көрсеткіштердің қарым-қатынасы.
Сүтті ірі қара малдары бағалау барсында олардың дене бітіміне –сыртқы көрінісіне көп көніл
аударылады, өйткені бұл көрсеткіштер малдардың интерьерін, оның ішінді сүт түзілуін сипаттайды.
Біздің елімізде соңғы уақытқа дейін малдардың дене бітімін көзбен бағалау әдісі қолданылды,
ол субъективті әдіс. Шет елдерде сызықтық (желілік) әдісті қоладанады, оның ішіне белгілі бір
көрсеткіш саны кіреді. Дене бітімінің сызықтық бағалауы кезінде ағзаның дамуын желілі түрде
бағалайды, сондай-ақ, бағалау әрдайым өзінің төтенше мәндері арасында орналасады. Сызықтық
бағалау басқа бағалау элементтеріне тәуелсіз. Басқаша айтқанда бұл мүшенің бағасы басқа мүшенің
229
бағасына әсер етпейді, бірақ сызықтық бағалаудың жалпы соңғы бағасына әсер етіді.
Әртүрлі елдерде көрсеткіштердің, сонымен қатар ұпайлардың әр түрлі саны қолданылады.
Мысалы, европалық әдістеме бойынша әр көрсеткішке 1-ден 9-ға дейін ұпай қойылады, ал
америкалық 1-ден 50-ге дейін [1,2,3].
Республикамызда, Рессей елі сияқты ірі-қара маладарды 18 көрсеткіш бойынша бағалайды,
оның әрқайсысына 1-ден 9-ға дейін ұпай беріледі. 1-ші кестеде сызықтық бағалаудың көрсеткіштері
көрсетілген.
Кесте 1 – Сүтті ірі қара малдың дене бітімінің сызықтық бағалау көрсеткіштері
№
Көрсеткіштер
1 балл
9 балл
1
Тұлғасының мықтылығы
Тар тұлғалы
Кең тұлғалы
2
Тұлғасының тереңдігі
Таяз
Терең
3
Бойы
Адаса
Ұзын
4
Бөксесінің қиғаштығы
Көтеріңкі
Түсірілген
5
Жанынан артқы аяқтарын қоюы
Тік
Қылышты
6
Тұяқ бұрышы
Төмен
Жоғары
7
Желін астының түрі
Терең
Таяз
8
Желіннің алдыңғы бөлігінің
байланысуының мықтылығы
Әлсіз
Тығыз
9
Дене бітімінің типі
Сөлекет
Сүтті
10
Артының кеңдігі
Тар
Кең
11
Артынан артқы аяқтарын қоюы
Жақындаған
Параллелді
12
Тілерсек буынының белгіленуі
Тартылған
Ебедейсіз
13
Желіннің артқы бөлігінің байлану
биіктігі
Төмен
Жоғары
14
Желіннің артқы бөлігінің кеңдігі
Тар
Кең
15
Желін қатпары
Әлсіз
Күшті
16
Алдыңғы емшектерінің орналасуы
Алшақ
Жақын
17
Емшектерінің ұзындығы
Қысқа
Ұзын
18
Артқы емшектерінің орналасуы
Алшақ
Жақын
Барлық ұпайларды қосқаннан соң малдың типі анықталады (максималды 100 ұпай):
үздік – 90-100
жақсы – 75-79
өте жақсы – 85-89
қанғаттанарлық – 65-74
жақсы «+» – 80-84
нашар – 50-01
Орындалған ғылыми-ізденіс объектісі Целиноград ауданының, «Родина» асыл
тұқымды зауытының қара-ала тұқымы тұмсалары болып табылады.
Дене бітімінің бағалауы лактацияның 2-3 айында, сауымға 1-2 сағат қалғанда
мобильді қосымша арқылы жүргізілді. Әр малдың басы екі қызыметкермен бағаланды, бір
басқа 20 минуттан кем емес жұмсалды. Барлығы 94 бас бағаланды.
Барлық сызықтық көрсеткіштер сүтті ірі қара мал үшін өте маңызды, оларды үш топқа
біріктіруге болады: жалпы көрініс, желін, аяқтары. Сондай-ақ жалпы көрініс ішіне 6
көрсеткіш кіреді (1-ші кестедегі 1,2,3,4,9,10 тармақтар); желін бағалауына 8 көрсеткіш
(7,8,13,14,15,16,17,18) және аяқтары бағалауына 4 көрсеткіш (5,6,11,12) [4].
Біздің сызықтық бағалау жүргізілген малдарымыздың сүт өнімділігі 2-ші кестеде
келтірілген.
230
Кесте 2 – Сиырлардың сүт өнімділігі.
Сауым тобы
n
Тұмсалар
Енелері
Сүт, кг
Май, %
Ақуыз, %
Сүт, кг
Май, %
Ақуыз, %
3900-4000
4
3680
3,68
3,25
3920
3,64
3,28
4001-5000
30
4583
3,62
3,23
3981
3,63
3,25
5001-6000
46
5767
3,63
3,20
4112
3,62
3,24
6001 жоғары
14
6358
3,61
3,19
4163
3,62
3,22
Орташа
5419
3,63
3,2
3791
3,62
3,23
Кестеде көрсетілгендей, тұмсалардың өнімділігі енелерінің өнімділігінен айтарлықтай жоғары
(42%). Зерттеу мерзімінде тұмсалардың сауымы ең аз топта енелерінің сауымынан 7% артты.
Сонымен қатар сүттің майлылығы мен ақуыздығы барлық топтарда және енелер мен тұмсалар
арасында өте тұрақты.
3 кестеде бағаланған топтарға құрылған малдың негізгі көрсеткішері бойынша
мәліметтері берілген (жалпы көрнісі, желін, аяқтары).
Кесте 3 – Сызықтық бағалаудың негізігі көрсеткіштері.
Ұпай бойынша
топ
Жалпы көрінісі
Желіні
Аяқтары
n
Баға (ұпай)
n
Баға (ұпай)
n
Баға (ұпай)
80 ұпайдан
жоғары
17
83,8
4
83,0
7
83,4
70-79
40
74,3
20
72,9
21
73,1
60-69
30
65,1
48
64,7
30
64,6
50-59
7
57,7
16
56,8
23
55,7
40-49
-
-
6
46,5
13
45,8
Орташа бал
94
73,1
94
61,0
94
63,1
Кестеде көрсетілгендей ең жақсы баға жалпы көрініс бойынша алынған 73,1 ұпай,
сиырлардың негізгі бөлігі 60-79 ұпаймен (74%) сипатталынды. Ең төмен баға желін бойынша – 61
ұпай, ал 6 баста желін 50 ұпайдан төмен бағаланған, және тек 4 бас 83 ұпайға бағаланған. Аяқтары
63,1 ұпайға бағаланды, ал 13 сиыр 50 ұпайдан төмен бағаланған болса, 7 сиыр 73 ұпайға бағаланды.
Жалпы көрініс және сүт өнімділігінің арасындағы корреляция коэффициенттін анықтау үшін
сандық мәліметке жүргізілген биометриялық өңдеу қатынасы өте әлсіз болды, сондай-ақ ноль
деңгейінде екенін көрсетті, ал сүт өнімділігі мен аяқтары арасында айтарлықтай, оң байланыс болды
(r = 0,13).
Орташа арақатынас сүт өнімділігі мен желіні арасында орнатылды, бұл түсінікті, өйткені бұл
мүше сүтті түзейді (r =0,43).
3-ші кестеден көргеніміздей барлық сиырлар төмен баға алды, сонымен қатар олардың сүт
өнімділігі (2-ші кесте) Солтүстік Қазақстанның континентальды ауа райы үшін жоғары, ал кейбір
сиырларда өте жоғары болып келді.
Біздің талдауымызша бұл дене бітімін бағалау әдісі шетелдік жүйені пайдаланғандықтан
туындады. Өйткені олардың жүйелері жоғары селекцияланған және шоғырланған сүтті ірі қара мал
үшін құрастырылған. Сондықтан оны біздің елде қолдануға болмайды. Яғни әдістемені жергілікті
малдың дене бітіміне бейімдеп, жаңадан қарасытру қажет.
Сонымен қатар, кешенді бағалауда аяқтар бағасын азайтып, сүт өнімділігіне ұпайды көптеу
бөлу қажет. Шетелдік бағалауда ұпайлар келесідей бөлінген: өнімділік – 40; аяқтары – 40; дене бітімі
– 20; біздің ойымызша келесідей болу қажет: өнімділік – 60, аяқтары – 20, дене бітімі – 20.
ӘДЕБИЕТТЕР:
1 Логинов Ж. Г., Прохоренко П. Н., Попова Н. В. Методические рекомендации по линейной
оценке экстерьерного типа в молочном скотоводстве. – М., 1994. – 40 с.
2 Хмельничий Л.М. Линейная оценка экстерьера молочного скота // Зоотехния, 2005, №7. - С.
4-6.
231
3 Гурьянов A.M. Вельматов А.П. Линейная оценка экстерьера животных красно-пестрой
породы// Докл. РАСХН, 2005, №4. - С. 4-7.
4 Тореханов А.А. и др. Инструкция. Оценка телосложения молочного скота. Астана, 2011.
ЛИНЕЙНАЯ ОЦЕНКА ЭКСТЕРЬЕРА ПЕРВОТЕЛОК
ЧЕРНО-ПЕСТРОЙ ПОРОДЫ ТОО АГРОФИРМА «РОДИНА»
Л.В.Алимжанова, С.К.Бостанов, С.А. Исабекова, Ю.Н.Шейко
В данной статье приведены результаты оценки экстерьера первотелок черно-пестрой
породы линейным методом, изучена молочная продуктивность животных. Кроме этого
определена взаимосвязь между изучаемыми признаками экстерьера и продуктивностью
животных. На основе анализа полученных данных выявлена средняя корреляционная
взаимосвязь между показателями вымени и продуктивностью первотелок, в то время как
между другими показателями связь была незначительной, либо вовсе отсутствовала.
THE LINEAR ASSESSMENT OF EXTERIOR OF BLACK-MOTLEY
COW BREED, "RODINA" AGROFIRMA
L.V. Alimzhanova, S.K. Bostanova, S.A. Issabekova, U.N. Sheiko
The results of evaluation of exterior of black-motley heifers breed with linear method have been
shown in this article, animals` milk productivity has been studied, and the relationship between the
studied exterior and animals` productivity has been defined. The average correlated relationship between
udder and productivity has been done while there aren`t any special features between limbs, a general
view and milk yield or there aren`t any. At the same time the exterior evaluation for our animals has been
only satisfactory, but milk yield was at the average of 5.4 thousand kg that is a very good indicator for
northern Kazakhstan.
ӘОЖ: 615. 324. 638. 17
Қ.Б.Шоинбаева
1
, А.Рустенов
2
,Т. Өмірзақ
1
, Т.Бигара
1
Шымкент қаласының М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті
1
,
Орал қаласының Махамбет Өтемісов атындағы Батыс-Қазақстан мемлекеттік университеті
2
,
АТАЛЫҚ АРА ҰРЫҚТАРЫ ГОМОГЕНАТЫНЫҢ АСЫЛ ТҰҚЫМДЫЛАРДЫҢ
ЖЫНЫСТЫҚ ҚАБІЛЕТІН АРТТЫРУҒА ӘСЕРІН ЗЕРТТЕУ
Мақалада ауыл шаруашылығының маңызды мәселенің бірі – асыл тұқымды аталықтардың
жыныстық қабілетін реттеуге қатысатын, аталық ара ұрықтарын алудың технологиясы мен оны
мал шаруашылығы саласында қолдану туралы айтылады. Зерттеу жұмыстары барысында аталық
араның 9-10 күндік ұрықтары жиналып, гомогенделініп, 70
0
спирт ерітіндісінде
тұрақтандырылды. Жүргізілген химиялық талдау нәтижесінде оның құрамында бірқатар
биологиялық белсенді заттар, сонымен қатар жыныстық гормондар бар екендігін анықталды.
Аталық шошқаларға парентеральдық енгізу барысында тұнбаның аталық ұрық бездерін 20,1 -
21,9% және өсінділерін 21,8 - 25,8% жоғарылататындығын, олардың бұзылған жыныстық
функцияларын қалыпқа келтіретіндігі анықталды (83,3%). Тұнбаны беру барысында өндірушілердің
шәует өндіргіштігінің сапалық және сандық көрсеткіштерінің жақсаруы жүреді: шәует көлемі
54,3%, сперматозоидтар концентрациясы 27,1, өміршеңдігі 51,2, қозғалғыштығы 14,2% артып,
сперматозоидтардың зақымданған акросомалар көлемінің саны 2,1 есе азайып, мегежіндердің
ұрықтануы (76,4%) артады, яғни ол тұнбаны - өндірушілердің гонадопротекторы ретінде
қолдануға болатындығын көрсетеді.
Түйін сөздер: аталық ара ұрықтары, гомогенат, қабан, гормон, өрбітіп көбейту, ұрық
өндірушілік, ұрықтану.
232
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына кезекті жолдауында аграршыларды озық
технологиялар мен жұмыстың заманауи тәсілдерін белсене қолдануға шақырды [1].
Қазіргі таңда ауыл шаруашылық жануарларын көбейтумен айналысатын шаруа
қожалықтарының санының артуына байланысты, ондағы аталықтардың жыныстық қызметін реттеу,
эякуляттардың сапалық көрсеткіштерінің бұзылуымен қатар жүретін біріншілік алдын-алу мен
өндірушілердің
репродуктивтілік
қабілетін
емдеу,
жануарлардың
жыныстық
қабілетін
белсендендіретін тиімді әдістерін іздеу маңызды мәселелердің біріне айналып отыр. Түрлі
технологиялық процестер ауыл шаруашылық жануарлары ағзасын созылмалы күйзеліске, асыл
тұқымдылардың алмасу процестерінің бұзылуына, толық емес эякулят бөлу немесе ұрғашы
жануарлардан бас тартуына алып келеді.
ХХІ ғасырдың басында әлемнің түрлі елдерінің апитехнологтарының - балара
өндірушілерінің көп бөлігі аталық ара ұрықтарының гомогенді биомассасын зерттей бастады.
Ғалымдардың жүргізген зерттеулер нәтижесі көрсеткендей оны, ағзаның зат алмасуы мен
физиологиялық белсенділігінде маңызды рөл атқаратын, май қышқылдары мен стеролдардың
қосымша көзі ретінде қолдануға болады. Әдебиеттік талдау мәліметтеріне сүйенсек аталық ара
ұрықтары құрамында микро және макроэлементтер, сонымен қатар ферменттер, дәрумендер мен
гормондар, қанықпаған қосылыстар (децен қышқылы, сульфгидрлік қосылыстар) бар екендігі және
құрамында тестостерон, прогестерон мен эстрадиол сияқты қалыпты жыныстық гормондар бар
екендігі де анықталған [2],[3],[4],[5],[6]. Оның минералдық құрамы да бай, мәселен онда оңай
сіңірілетін, ағзадағы алмасу процестерін тездететін натрий, магний, кальций, мырыш пен мыс,
марганецтің бар екендігі анықталған.
Балара ұрықтарының дернәсілдері, ұрықтан имаго түзу үшін онтогенез сатысының ең қысқа
мерзімінде (5-6 күнде) құрамына қоректік заттардың кең қорын жинақтайды. Соның нәтижесінде
арнайы физиологиялық қасиеттері бар – билар өнімдері пайда болады [7],[8],[9].
Зерттеу материалдары ретінде Оңтүстік Қазақстан облысының омарталарындағы карпат бал
араларының аталық ара ұрықтары мен ірі ақ тұқымды аталық шошқалары алынды. Аталық
шошқаның шәует өндірушілігін анықтау жалпылама қабылданған [10] әдістеме, Корбан әдістемесі
бойынша жүргізілді [11].
Аталық аралар – омартадағы уақытша өмір сүретін тіршілік иелері. Олар бал ара
отбасыларында ерте көктемде, өзінің жалғыз биологиялық мақсатын орындау – жас аналықтарды
ұрықтандыру үшін пайда болады. Содан соң аналықтары жұмыртқа салып, олардан аналық жаңа бал
аралар шығады. Омартада жем көп көлемде болып, өсімдіктер гүлдеген уақытта жұмысшы аралар
аталық араларын бағып-қағады, алайда жем таусыла басталысымен-ақ оларды балға жақындатпай,
омартадан қуып шығады. Аталық араларының орташа өмір сүру уақыты – 50-54 күн, алайда бал ара
отбасыларында аналықтары болмаған немесе ұрықтанбаған аналықтары болған жағдайда сол
аралармен бірге қыстап та шығады. Ал ара отбасыларында аталық араларының пайда болуы –
көбеюге деген ынтаның қалыптасуының бірінші белгісі екендігін білдіреді. Зерттеулерімізде
қолданылатын аталық ара ұрықтары қалыпты жағдайда барлық бал ара отбасыларында кездеседі.
Аталық ара ұрықтарының гомогенатын дайындау мақсатында 9-10 күндік аталық ара
ұрықтарын пинцетпен бөліп алып, қара шыны ыдыстарға салып, 70
0
медициналық этил спиртінде
тұндыру мацерация әдісімен 10 тәулік бойы, +20
0
С температурасында күніне 5-6 рет араластыру
арқылы жүргізілді. Тұна 10% гомогенат пен 90% -70
0
спирттен тұрды. 10 күндік тұндырудан кейін
тұнба төгіп тасталынып, қалғаны сығып алынып, сол сұйықтықпен қайта шайылып алынды. Екі
сұйықтық араластырылып, 5 күн тұндырылып 8
0
С сүзгіден өткізіледі, дайын болған тұнба -20
0
С
температурасында сақтаған жағдайда (6 ай) ішінде қолдануға жарамды.
Спирт ерітіндісінде тұрақтандырылған гомогенат өзінің органолептикалық көрсеткіштері
бойынша ашық-сарғыш немесе түссіз, хош иісті сұйықтықты құрайды. Спирт ерітіндісіндегі
гомогенаттың химиялық құрамын зерттеу өнімнің құрамында пайдалы заттардың сақталғандығын
яғни, онда қанықпаған май қышқылдары мен децен қышқылдарының бар екендігін көрсетті (1-
кесте).
Тұнбаны спектрофотометрлік зерттеу оның құрамында жануарлар ағзасына Р-дәрумендік әсер
ететін флавоноидтық қоспалардың барлығын көрсетті. Аталық ара ұрықтары тұнбасының дәл сол
өнім екенін көрсететін негізгі көрсеткіштерінің бірі ол децен (10-гидро-окси-2-децен қышқылы)
қышқылы.Сонымен қатар бастапқы шикізат пен тұнбаның құрамында шикі протеин, сульфгидрлік
топтар мен жыныстық гормондардың барлығы анықталды. Аталық ара ұрықтарынан жасалған
гомогенатты 10% спиртті тұнбасында ұстау оның құрамындағы барлық биологиялық белсенді
заттардың 9,1 дан 19,76% дейін төмендеуіне алып келеді.
233
Кесте 1 - Аталық ара ұрықтарының химиялық көрсеткіштері
Көрсеткіштер
Бастапқы аталық ара
ұрықтары
Гомогенат тұнбасы
(10% гомогенат + 90% 70
0
спирт)
Судың массалық үлесі, %
79,32±2,14
78,22±2,91
Децен қышқылдары,%
3,29±0,06
2,64±0,02
Флавоноидтық байланыстар,%
0,014±0,007
0,005±0,0002
Сутегі иондарының
концентрациясы, рН
6,23±0,32
6,41±0,43
Қышқылдану көрсеткіштері, с
12,4±0,51
64,97±2,19
Шикі протеин, %
41,78±1,27
3,81±0,08
Сульфгидрлік топтар құрамы, %
297,53±8,54
27,54±1,42
Тестостерон, нмоль/л
5,76±0,72
0,051±0,004
Прогестерон, нмоль/л
84,39±1,51
0,93±0,03
Эстрадиол, нмоль/л
1196,57±75,17
149,3±4,94
Пролактин, нмоль/л
821,36±8,56
7,43±0,41
Кортизол, нмоль/л
349,34±4,18
29,46±1,25
Гомогенаттың спирттік тұнбасының химиялық құрамын зерттеу нәтижесі оның құрамында
гормондар біршама аз мөлшерде сақталатындығын көрсетті.
Аталық ара ұрықтарының жыныстық қызметті реттеу мен емдік алдын-алу препараттары
ретінде қолданудың тиімділігін бақылау мақсатында, гомогенат тұнбасының 22 аталық шошқаның
жыныстық ағзаларына әсері зерттелінді. 3мл/10кг мөлшерінде 2-4 айлық шошқаның аталығына 7
күнде 1 рет және 4мл/10кг мөлшеріндегі 5-12 айлық аталық шошқаларға парентеральдік инъекция
жасау аталық ұрық бездері мен үстеме өсінділеріне жағымды әсер ететіндігін көрсетті (2-кесте).
4-10 айлық аталық шошқалардың аталық ұрық бездерінің салмағы өлшеу әдістерімен
анықталды. Бақылау мен тәжірибелік топтар арасындағы айырмашылық 4 айлық аталық шошқаның
ұрық бездерінің салмағы 21,9% бен үстеме өсінділерінің салмағы 25,8% және сәйкесінше 12 айлық
аталық шошқаның 20,1 мен 22,5% құрады. Тәжірибелік топтағы аталық шошқалардың белсенді
қимылдай бастағандығы байқалды, ол тұнбаның актопротекторлық мүшелерге әсер еткендігін
айғақтайды. Гомогенат тұнбасының жыныстық ағзаларды белсендіретіндігі аталық шошқаны сою
барысында бақыланды.
Кесте 2 - Аталық ара ұрықтары гомогенатының аталық шошқаның жыныстық мүшелерінің
дамуына әсерін зерттеу
Аталық
шошқаның
жасы, ай
Аталық ұрық бездерінің салмағы, г
Үстеме өсінділерінің салмағы, г
Бақылау
Тәжірибе
Бақылау
Тәжірибе
2- айлық
33,9±0,73
33,5±0,78
4,6±0,18
4,4±0,16
4- айлық
132,8±4,82
161,8±5,48
20,9±0,57
26,3±0,88
6- айлық
448,7±9,42
557,3±14,77
-
-
8- айлық
609,8±9,24
736,3±22,61
-
-
10- айлық
802,3±37,71
963,6±39,76
166,5±8,22
182,4±14,62
12- айлық
997,1±52,29
1198,3±48,53
191,6±9,74
234,8±26,53
Аталық шошқаларға гомогенат тұнбасын егу барысында оның тыныштандырғыш әсер
тудырып, орталық жүйке жүйесі әрекеттерін реттейтіндігі байқалды, ол J.S.K. Mbaya [12]
мәліметтеріне де сай келеді. Біздің ойымызша оның терапевтік әсер етуі аталық ара ұрықтарының
құрамындағы биологиялық белсенді заттар кешеніне негізделген (1-кесте).
Әдеби шолу нәтижелері көрсеткендей ауыл шаруашылық жануарларының тірі салмағын
арттыру, репродуктивтік ағзаларының жақсы дамуы мен ас қорыту процестерінің дамуына әсер
ететін түрлі биологиялық белсенді заттар құрылған, алайда біздің ойымызша олардың тиімділігі
жоғары емес, сондықтан жаңа биологиялық белсенді заттарды іздеудің маңызы зор.
234
Аталық жануарлардың жыныстық қабілетін арттыру мақсатында түрлі белсендіргіш
препараттарды қолданудың орнына, осы мақсатта аталық ара ұрықтарынан жасалған биологиялық
белсенді қоспаны пайдалану жақсы нәтиже беретіндігін көрсетті.
Біздің жүргізген зерттеулеріміз аталық ара ұрықтарының құрамында биологиялық белсенді
заттар мен егу барысында жануарлардың гормональдық статусының бұзылуын тудырмайтын
қалыпты гормондар болатындығын көрсетті. Препарат эндокриндік жүйенің қызметін реттеп, аталық
ұрық бездерінің және жануарлардың зат айналымын қалыпқа келтіріп, жедел дамуы мен
биохимиялық және аталық ұрық бездерінің массометриялық сипаттамаларының қалыпқа келуіне
ықпал етеді, сонымен қатар андрогендер түзілуін бақылау орталығының механизмдерін реттеуші
болып келеді, жыныстық қызметтің техногендік бұзылуларының қалыпқа келуі мен жыныстық
белсенділіктің артуына алып келеді.
Достарыңызбен бөлісу: |