Х а б а р ш ы с ы в е с т н и к государственного



Pdf көрінісі
бет47/58
Дата27.02.2017
өлшемі7,72 Mb.
#5028
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   58

 

Әдебиеттер 

1.  Spuler  B.  Die  Goldene  Horde.  Die  Mongolen  in  Rußland,  1223-1502.  –  Wiesbaden:  Otto 

Harasowitz, 1965. – 638 s. 

2. Hammer-Purgstall J. von. Geschichte der Goldenen Horde in Kiptschak, das ist: der Mongolen in 

Russland. – Pesth: C.A. Hartleben's Verlag, 1840. – 683 s. 

3. Моңғолдың құпия шежіресі. – А.: Дайк-Пресс, 2006. – 400 б. 

4. Қинаятұлы З. Шыңғыс хан және Қазақ мемлекеті. – А.: Тарих тағылымы, 2010. – 728 б. 

5.  Трепавлов  В.В.  Государственный  строй  Монгольской  империи  XIII  в.:  Проблема 

исторической преемственности. – М.: Наука, 1993. – 168 с. 

6.  Сборник  материалов  относящихся  к  истории  Золотой  Орды  Извлечения  из  арабских 

сочинений, собранные В.Г. Тизенгаузеном. – А.: Дайк-Пресс, 2005. – Т. І. – 709 с. 

7.  Сборник  материалов  относящихся  к  истории  Золотой  Орды  Извлечения  из  персидских 

сочинений,  собранные  В.Г.  Тизенгаузеном  и  обработан.  А.А.  Ромаскевичем  и  С.Л.  Волиным.  –  А.: 

Дайк-Пресс, 2006. Т. ІІ. – 620 с. 

8.  Сборник  материалов  относящихся  к  истории  Золотой  Орды.  В.Г.Тизенгаузена.  Извлеч.  из 

сочинений арабских. – СПб., 1884. - Т.І. – 563 с. 

9.  Кумеков  Б.Е.  Об  этнонимии  кыпчакской  конфедерации  Западного  Дешт-и  Кыпчака  XII  - 

начала XIII века. // Известия НАН РК. Серия общественных наук. – 1993. - № 1. - С. 58-70. 

10.  Лубсанданзан.  Ежелгі  хандар  негізін  салған  төрелік  жосығының  туындыларын 

құрастырып, түйіндеген Алтын тобчы (Алтын түйін) демек-дүр. – А.: Дайк-Пресс, 2005. – 364 б. 

11.  Рашид  ад-Дин.  Сборник  летописей  /пер.  с  персидского  Ю.П.Верховского,  примеч.  И.П. 

Петрушевского. – М.-Л., 1960. Т.2. – 248 с. 

12.  Өтеміс  қажы.  Шыңғыс-наме  /  Факсимеле,  транскрипциясы,  мәтіннамалық  ескертулер, 

зерттеу мақалалар В.П. Юдиндікі. – А.: Дайк-Пресс, 2005. – 400 б. 



 

ИСТОРИЯ ОБРАЗОВАНИЕ УЛУСА ДЖУЧИ                                                                                                 

Н.Т. Абдимомынов  

 

В  статье  исследуется  период  формирования  улуса  Джучи,  как  результата  военных 

походов  Чингисхана  и  его  потомков  в  первой  половине  ХІІІ  века.  Рассмотрена  история 

формирования  улуса  Джучи.  В  статье  широко  использованы  арабско-персидские,  турецкие, 

монгольские  источники,  проанализированы  концепции  отечественных  и  зарубежных 

исследователей по данной теме.  

323 

 

THE HISTORY OF FORMATION OF THE DZHUCHI ULUS                                                               



N.T. Abdimomynov  

 

 The article researches the period of formation of Dzhuchi Ulus as a rezult of military campaigns 

of  Genghis  Khan  and  his descendants  in  the  first  half  of  the  XIII  century, the  history  of  Ulus  Dzhuchi 

formation.  In the  article  the  author  widely  used  Arabic,  Persian,  Turkish, Mongolian  sources, analysed 

the conceptual views of national and foreign researchers on the topic.  

 

 

ӘОЖ 930 (574) “18/19” 



Н.Т. Абдимомынов

 

                                                                                                                                                                             

Тараз инновациялық-гуманитарлық университеті, Тараз қ.

 

 

АЛТЫН ОРДА ТАРИХЫ ЖӨНІНДЕГІ РЕСЕЙ ТАРИХНАМАСЫ (ХІХ-ХХ ғғ.) 

 

Мақалада  Алтын  Орда  тарихы  жөніндегі  ХІХ-ХХ  ғғ.  Ресей  зерттеушілерінің  еңбектеріне 

тарихнамалық  талдау  жасау  көзделген.  Осы  мақсатта  автор  тақырыпқа  қатысты  еңбектер 

жазған Патшалық Ресей кезеңіндегі, Кеңестік кезеңдегі белгілі орыс тарихшыларының еңбектерін 

жеке-жеке хронологиялық тәртіппен талдай отырып, сараптаған.  

Түйін сөздер: Алтын Орда, Русь-Орда қарым-қатынастары, Патшалық Ресей тарихнамасы, 

Кеңестік Ресей тарихнамасы, тарихнамалық талдау. 

 

Ресейдің  тарих  ғылымында  XVIII  ғ.  соңы  мен  ХІХ  ғ.  басынан  бастап,  бүгінгі  күнге  дейінгі 



ауқымды  зерттелген  тақырыптардың  бірі  –  Русь-Орда  қарым-қатынастарының  тарихы  болып 

табылады.  Алтын  Орданың  тарихын  орыс  тарихшылары  бастапқы  кезеңде-ақ,  Ресей 

мемлекеттілігінің қалыптасуы мен оның тарихының шеңберінде зерттеді. Осыған орай, XIX ғ. өзінде-

ақ, Алтын Орданың тарихы жөніндегі Ресейдің өзіндік тарихнамасы қалыптасты. Тақырыпты кеңінен 

талдау үшін XIX-ХХ ғғ. жазылған ғылыми еңбектердің маңыздылығы өте жоғары. Бұл кезеңде Батыс 

Еуропа  зерттеушілері  үшін  Еуропа  кітапханаларында  жинақталған  орта  ғасырлық  араб,  парсы 

қолжазбаларын  зерттеулерде  жетістіктерге  жетсе,  Ресей  тарихшыларының  зерттеулерінде  жазба 

деректермен  қоса,  Алтын  Орда  кезеңіндегі  Еділ,  Орта  Азия  аймағындағы  ірі  қалаларының  қираған 

орындарының  Ресей  территориясында  болуына  байланысты  археологиялық,  нумизматикалық  және 

материалдық  деректер  арқылы  зерттеу  мүмкіндігіне  ие  болды.  Ресей  зерттеушілерінің  басым 

көпшілігі жазба деректермен қатар, археологиялық, нумизматикалық мәліметтерге кеңінен сүйенді.  

Патшалық Ресей тарихнамасында бастапқы кезеңде-ақ, моңғолдардың бөгденің жерін басып 

алушы басқыншы, варварлық сипаты мен Алтын Орданың саясатының кереғар жағын ғана көрсетуге 

тырысты.  Орыс  халқының  250  жылға  жуық  Алтын  Ордаға  тәуелді  болған  кезеңін  «Моңғол-татар 

езгісі»  (Монголо-татарское  иго)  деген  тарихи  кезеңмен  сипаттады.  (Русьтің  Алтын  Ордаға 

тәуелділігін «Иго» (Езгі) ұғымы ертерек кезеңде жазылған еді, оны алғаш рет полшалық хронист Я. 

Длугош  1479  жылы  айтқан  еді).  Мұндай  пікірлер  ХҮІІІ  ғ.  соңы  мен  ХІХ  ғ.  басындағы  орыстың 

белгілі  тарихшылары  В.Н.  Татищев,  М.М.  Щербатов,  П.И.  Рычков,  А.Н.  Голицын  еңбектерінде 

көрініс  тапты.  Дегенмен,  орыс  зерттеушілерінің  келесі  бір  тобы  «Моңғол-татар  езгісінің» 

зардаптарын  сипаттай  отырып,  Ресей  мемлекеттілігінің  қалыптасуына  Алтын  Орда  сыртқы 

саясатының оң әсері болғанын мойындады. Бұл көзқарасты қалыптастырушы орыс тарихының атасы 

атанған ХІХ ғ. Ресей дворяндық тарихи ойдың көрнекті өкілі Н.М. Карамзин болды. Оның пікірі М.П. 

Погодин,  Д.И.  Иловайский  еңбектерінде  жалғасын  тапты.  Олардың  пікірінше,  монғол 

шапқыншылығынан  кейінгі  Алтын  Орда  билігі  дәуірінде  Русь  жерінде  княздардың  өзара 

алауыздықтары,  талас-тартыстары  тоқтатылып,  ұлы  князьдің  билігі  күшейді  және  мемлекеттіліктің 

негізі осы кезеңде жасалды деген тұжырымдамалық қорытынды жасады. Бұл жөнінде Н.М. Карамзин 

былайша  атап  өткен  еді:  «Әрине,  Батудың  шапқыншылығы  нәтижесіндегі  талқандау,  қирату, 

кіріптарлық,  құлдық  мұның  барлығы  сол  кезеңдегі  жылнамалар  арқылы  белгілі  болғандай  ұлы 

алапаттардың бірі болғаны рас; алайда оның игілікті салдары да болғаны күмән тудырмайды. (Егер 

Русь монғол билігін мойындамаған жағдайда – А.Н.), княздар арасындағы талас-тартыстар жүз жылға 

дейін  созылғанда:  оның  соңы  қалайша  аяқталатыны  белгісіз  еді.  Шамасы,  біздің  отанымыз  құрып 

кетуі  мүмкін  бе  еді:  Литва,  Польша,  Венгрия  мен  Швецияның  қай-қайсысы  болса  да  Ресейді 

бөлшектеп, біржолата тұралатып тастаудан тайынбайтын еді; онда біз Мәскеуге бірігу арқылы сақтап 


324 

 

қалған  мемлекеттік  болмысымыз  бен  сенімімізден  жоғалтатын  едік;  Мәскеу  өзінің  айбындылығы 



үшін хандар алдында борышкер», - деген еді [1]. 

Ресей  зерттеушілерінің  Алтын  орда  тарихын  зерттеуге  деген  қызығушылығына  1826  жылы 

Ресей  ғылым  Академиясының  «Ресейдегі  монғол  билігінің,  мемлекеттің  саяси  байланыстарына, 

басқаруға және ішкі басшылыққа т.б. қалай әсер еткені және салдары» тақырыбы бойынша зерттеу 

еңбектеріне  жариялаған  арнайы  конкурсы  үлкен  әсер  етті.  Тақырып  бойынша  жұмыстың  аяқталуы 

мерзімі  деп  1829  жылдың  1  қаңтары  деп  белгіледі.  Тақырып  бойынша  қанағаттанған  еңбекке  100 

червонец шамасында ақшалай бәйге жарияланды. Академияның негізгі талабы орыс-моңғол қарым-

қатынастарын  зерттеу  еді.  Бірақ  белгіленген  уақытқа  дейін  талапқа  сай  еңбектер  келіп 

түспегендіктен,  1832  жылы  конкурсты  қайта  жариялады.  Сонымен  қатар  оның  талаптарына  үлкен 

міндет  жүктеді.  Ол  «Жошы  ұлысының  немесе  кейінгі  атауы  Алтын  Орданың  тарихын  шығыс 

деректері  және  монеталық  ескерткіштер  негізінде,  орыс,  польшалық,  венгриялық  және  т.б. 

жылнамалар  мен  бірге  еуропалық  жазбаларды  сыни  түрде  талдай  отырып  жазу  қажет  еді».  Белгілі 

Ресей шығыстанушысы Х.М.Френнің құрастыруымен дайындалған конкурстың нақты бағдарламасы, 

Еуропа мен Ресейдің зерттеушілеріне таратылды. Белгіленген уақыт 1835 жылдың 1 тамызына дейін 

ғылым Ресей Академиясына австриялық шығыстанушы И.Хаммер-Пургшталдің қолжазбалық еңбегін 

ғана келіп түсті. Бұл еңбекті мұқият қарап шыққан Академияның комиссия мүшелелері арада бір жыл 

өткен  соң,  автордың  көп  көптеген  араб  және  парсы  тілдеріндегі  деректерді  жинау  мен  зерттеуде 

көрсеткен  еңбегіне  қарамастан,  автордың  орыс  жылнамаларын  назардан  тыс  қалдыруы,  ғылыми 

дәлелсіз мәліметтер мен деректерді талдаудан өткізбей қолданғаны үшін бұл еңбекті жүлдеге лайық 

емес деп тапты. Бұдан кейін Ресей ғылым Академиясы бұл конкурсты қайта жаңғыртқан жоқ. Бірақ, 

мұндай бастама кейінгі Ресей зерттеушілерінің Алтын Орда тарихын зерттеуге қызығушылығы мен 

үлкен құлшыныс тудырды. 

XIX    ғ.  екінші    жартысында  Ресей  шығыстану  мектебінде  тақырыпқа  қатысты  мәселелер 

бойынша қол жеткізген ірі жетістіктердің бірі, Алтын Орда тарихының деректерін жинақтау, аудару 

мәселелерімен  көп  жыл  айналысқан  зерттеуші  ғалым  В.Г.  Тизенгаузеннің  Алтын  Орда  тарихына 

қатысты  араб,  парсы  және  түркі  жазба  деректері  негізінде  үзінділер  түрінде  құралған  аударма 

еңбектерін жазып, оның бұл салада бүгінгі күнге дейінгі басты дерек көздері ретінде өзінің ғылыми 

құндылығын  әлі  де  жоғалтпаған  еңбектер  қатарынан  орын  алды.  Ресейдің  шығыстану  мектебінің 

негізін қалаушылардың бірі, араб, парсы және түркі тілдерінің білгір маманы В.Г. Тизенгаузен осы 

саладағы ұзақ жылдарға созылған еңбегінің нәтижесінде 1884 жылы Алтын Орда тарихына қатысты 

араб  деректеріне  негізделген  еңбегі  жарыққа  шықты  [2],  ал  өзі  өмірден  өткен  соң,  парсы,  түрік 

деректеріне  қатысты  жинақтаған  мәліметтерінің  негізінде  1941  жылы  А.А.  Ромаскевич  және  С.Л. 

Волиннің өңдеуімен жарыққа шықты [3]. Бұл жинақтар сирек библиографиялық еңбектер қатарынан 

орын алады. В.Г. Тизенгаузеннің еңбектері ғылыми маңыздылығын бүгінгі күнге дейін жоғалтпаған. 

Түркі тарихын зерттеушілердің қай-қайсысы да оның еңбектеріне арнайы соқпай өте алмайды.  

Ресейлік  аса  танымал  шығыстанушы-ғалым  академик  В.В.  Бартольд  (1869-1930)  тақырыпқа 

қатысты жекелеген мәселелер бойынша аса маңызды тұжырымдамалық пікірлер айтып өтті. Шығыс 

тілдерін (араб, парсы және түрік) жетік білген шығыстанушы ғалым Батыс Еуропаның, Орта Азияның 

қалалары және Каир, Стамбул қалаларындағы ірі кітапханаларда ізденіс жұмыстарын жүргізіп, араб-

парсы және  түрік  тілдеріндегі  қолжазбалық деректерге  талдаулар  жасай отырып,  тың  деректерді  өз 

еңбектерінде  кеңінен  пайдаланды.  Ұзақ  жылдар  бойы  жүргізген  жемісті  жұмысының  нәтижесінде 

академик  В.В.  Бартольдтың  жарыққа  шығарған  еңбектері  тақырыпқа  қатысты  бүгінгі  күні  ғылыми 

деңгейі жағынан өз құндылығын жоймаған еңбектер қатарынан орын алады. Бартольд өзінің зерттеу 

объектісі ретінде негізінен Орталық Азия мен Түркістанның ортағасырлық тарихына аса көңіл бөледі. 

Оның ғылыми зерттеулерінің арасында «Монғол жаулаушылығы кезіндегі Түркістан» атты еңбегінің 

[4] орны ерекше. В.В.Бартольдтың 1960-шы жылдары Мәскеуде жарық көрген 9 томдық «Таңдамалы 

шығармалар  жинағында»  [5]  негізінен  Орталық  Азия  елдері  мен  Түркістанның  саяси  және  мәдени 

тарихына жаңаша көзқарас, Шыңғысхан және оның ұрпақтары құрған ұлан байтақ империяның саяси 

тарихымен  қоса,  оның  мемлекеттік  жүйесі  туралы,  сондай-ақ  көптеген  орта  ғасыр  қолжазбаларына 

деректанулық тұрғыдан талдаулар жасалды. Сондай-ақ, онда бірқатар Батыс елдерінде жарық көрген 

ғылыми еңбектерге рецензиялары мен ғылыми сындары қамтылды. Дегенмен, Бартольдтың ғылыми 

еңбектерінің  кемшіліктері  де  жоқ  емес,  атап  айтсақ  ол  өзі  терең  зерттеп  отырған  түркі  халқының 

тарихында  лингвистикалық  әдістерді  кеңінен  қолданғанына  қарамастан,  түркі  этнонимдері  мен 

антропонимдеріне жете мән бермеген. Сондай-ақ, оның зерттеулерінде араб ислам өркениетіне түркі-

қьшшақ мәдениетінің ықпалы мен қосқан үлесі тақырыбы ашылмаған десе болады [6].  


325 

 

1917  жылы  Ресейде  Кеңес  үкіметінің  орнауына  байланысты  Алтын  Орданың  Кеңестік 



тарихнамасы  қалыптаса  бастады.  Алтын  Орда  тарихына  қатысты  мәселелерді  зерттеуде 

бұрынғысынша  Ресей  тарихының  шеңберінде  зерттеу  дәстүрі  жалғасын  тапты.  Кеңес 

тарихнамасында  монғол  жаулауының  нәтижесінде  бағындырылған  халықтардың  (әсіресе,  орыс 

халқының)  тарихи  дамуында  Алтын  Орда  саясатының  регрессивтік  рөлін  ғана  көрсететін  жалқы 

көзқарас негізгі ғылыми бағытқа айнала бастады. Кеңес тарихшысы А.Н. Насоновтың [7] тұжырымы 

бойынша, Русь княздіктері арасындағы алауыздықтар Алтын Орда саясатының әсерінен болған, яғни 

Русьті  бірігіп  қарсы  тұруға  орталықтанған  күшке  айналуына  қарсы  жүргізген  саясаты  деген  еш 

дәлелсіз  пікір  айтты.  А.Н.  Насоновтың  концепциясында  Русте  монғолдар  қалыптастырған 

мемлекеттік  жүйе,  мемлекеттің  тұтастығын  сақтауға  қолайлы  жағдай  жасай  алмады.  Жалпы  А.Н. 

Насоновтың  бұл  «дала  мен  орман  арасындағы  күрес»  теориясы  секілді,  марксисттерге  кеңінен 

танымал  «басқыншылық теориясына»  жақын келеді.  Сондай-ақ,  Кеңестік  тарихнамада  Алтын  Орда 

тарихына қатысты мәселелерді жүйелі түрде қарастырған Б.Д. Греков пен А.Ю. Якубовский ғылыми 

деңгейі жоғары кешенді зерттелген «Золотая Oрда. Очерк истории Улуса Джучи в период сложения и 

расцвета  в  XIII-XIV  веков»  [8]  атты  еңбегі  1937  жылы  жарыққа  шығарды.  Бұл  ғылыми  еңбектің 

авторлары,  бір  жағынан,  Алтын  Орда  саясатының  басқыншылық,  қиратушылық  рөлін  көрсетсе, 

екінші  жағынан  орыс  жылнамалары  мен  шығыс  деректері  арқылы  Алтын  Орда  державасының 

саясатын  объективті  түрде,  оның  позитивті  жақтарын  көрсетуге  тырысқан.  Бұл  сол  кезеңдегі 

қалыптасқан  саяси  жағдайға  байланысты  авторлардың  тәуекелге  барып  жасаған  ерлігі  ретінде 

бағалауға  болады.  Б.Д.  Греков  және  А.Ю.  Якубовскийде  А.Н.  Насоновтың  ізімен  монғол 

шапқыншылығы  Русті  зорлықпен  көшпелі  құрылымға  бағындыру  фактісі,  өркениетті  халықтардың 

соққысынан  құруына  душар  етті  деді.  Сонымен  қатар  монғол  шапқыншылығы  нәтижесінде 

қарадүрсін  құрылымды  алып  келіп,  ол  бағындырылған  халықтардың  саяси  жағынан  да, 

экономикалық  жағынан  да  дамуына  алғышарттар  жасай  алмады  деген  пікірлерді  айтты  (А.Н. 

Насонов, Б.Д. Греков и А.Ю. Якубовский, В.Т. Пашуто). Осындай негізгі қорытындылар Б.Д. Греков 

и А.Ю. Якубовский (В.Т. Пашуто) негізгі пікірге айналып, соның арнасымен көптеген жылдар бойы 

зерттеулер  ғылыми  әдебиеттерде,  жинақтарда,  басқа  да  баспаларда  жарияланып,  Кеңес 

тарихнамасының  басты  ұстанымына  айналды.  Осы  сипаттағы  моңғолдардың  Шығыс  Еуропаны 

жаулауы  жөніндегі  зерттеулер  соғыстан  кейінгі  жылдары  да  жалғасып  жатты;  ол  ғылымилығынан 

гөрі  публицистикалық  сипаты  басым  болды.  Ол  әсіресе  И.Б.Греков  (Восточная  Европа  и  упадок 

Золотой Орды на рубеже XIV-XV вв.) [9] зерттеулерінде жалғасып жатты. 

Кеңес  дәуірі  тұсында  Алтын  Орда  тарихын  зерттеуде  ұлттық  мүддеден  бас  тартқан 

«Еуразиялық»  бағыттағы  Н.С.  Трубецкой  [10],  П.Н.  Савицкий  [11],  Г.В.  Вернадский  [12],  Э.  Хара-

Даван [13] сияқты зерттеушілер тақырыпқа қатысты тұжырымдамалық пікірлер айтып өткен еді. Бұл 

зерттеушілер тобы Ресей тарихын зерттеуде «Еуразиялық» кеңістік ағымындағы үрдістер шеңберінде 

«Татар-моңғол езгісі» деген концепцияны жоққа шығаруға тырысты. Әсіресе, шетелдік эмиграцияда 

болған  Г.В.  Вернадский  Н.М.  Карамзиннің  зерттеу  дәстүрін  жалғастыра  отырып,  Алтын  Орда 

мемлекеті тікелей және жанама түрде Киевтік кезеңдегі саяси институттардың құлауына алып келіп, 

Русте  крепостниктің  және  абсолютизмнің  орнауына  алып  келді  деген  пікір  айтты.  Русті  монғол 

жаулауының  негізгі  қорытындысы  оның  пікірінше,  монғол  империясының  саяси  және  мәдени 

жүйесіне кірістіру, нәтижесінде Русь далалық аймақ пен материктің азиаттық перифериясымен тығыз 

байланыс орнатты деді.  

1960  ж.  Кеңес  зерттеушісі  М.Г.Сафаргалиевтың  «Алтын  Орданың  құлауы»  [14]  атты  еңбегі 

Алтын  Орда  мемлекетінің  құрылуынан  бастап,  оның  құлауына  дейінгі  саяси  тарихын  зерттеуге 

арналған.  Зерттеуші  өзіне  дейінгі  Батыс  Еуропа  зерттеушілерінің  еңбектерін  талдаған  және  оларға 

қарсы пікірлер де айтқан еді. Еңбегінің құндылығы араб-парсы деректерін кеңінен қолданумен қатар, 

ортағасырлық  еуропалық  деректер  ішінде  П.Карпинидің,  В.Рубруктың,  М.Полоның  деректерін 

кеңінен  пайдаланған.  Алайда,  бұл  зерттеудің  басты  кемшіліктерінің  бірі  -  Кеңес  өкіметі  кезінде 

жазылуы  себепті  автор  тақырыпқа  маркстік  идеология  тұрғысынан  келіп,  тарихи  процестерге 

негізінен  таптық  сипат  беруге  тырысқан.  Бұл  еңбектің  зерттеу  аясына  сай  ол  Алтын  Орданың  тек 

саяси  тарихын,  билеушілер  арасындағы  тартыстар  мен  өзара  қырқыстарды  қамтып,  әлеуметтік, 

этникалық, мәдени, діни өмірі автордың назарына мүлдем ілікпеген. Кеңестік кезеңде археологиялық 

қазба  жұмыстары  кезінде  табылған  материалдық  деректеріне  негізделген  еңбектердің  ішінде 

«Кочевники  Восточной  Европы  под  властью  золотоордынских  ханов»  (1966)  [15],  «Общественный 

строй Золотой Орды» (1973) [16] Кеңес тарихшысы Г.А.Федорова-Давыдовтың зерттеулерінің орны 

ерекше. Г.А.Федоров-Давыдовтың еңбегінде біршама көрініс тапқан тарихи-географиялық мәселелер 

В.Л. Егоровтың «Алтын Орданың тарихи географиясы» [17]

 

еңбегінде толықтай көрініс тапты. Басқа 



326 

 

да іргелі еңбектер қатарында Л.Н. Гумилевтің [18] зерттеулері тақырыпқа қатысты мәселелер көрініс 



тапты.  Л.Н.  Гумилевтің  концепциясы,  Н.М.  Карамзиннің  қорытындыларымен  сәйкес,  Руске  монғол 

шапқыншылығының позитивтік салдары бойынша шапқыншылық болған жоқ деген пікірді айтты. Ол 

мұндай  қорытындыға  Батудың  половцыларды  територияларға  шашырату  және  отыршы  көрші 

халықтармен  бейбіт  қарым-қатынас  орнату  деген  болжалды  негіз  ретінде  алға  тартты.  Александр 

Невский  жаңа  этникалық  дәстүрдегі  Еуразия  халықтарымен  қатынасқа  бастау  жасады.  Ең  алдымен 

ішкі  күрестің  күрделілігіне  байланысты  моңғолдарға  иек  артып,  Отан  үшін  Батыстың  әскери  және 

идеологиялық  агрессиясынан  қорғау  үшін  моңғолдармен  қарым-қатынаста  белсенділік  танытты. 

Өйткені  батыстық  суперэтностың  қысымы  Русь  үшін  айқын  қауіп  еді.  Осыдан  келіп  мынадай 

қорытынды шығаруға болады: «татар-моңғол езгісі» болған жоқ, ал хандар мен княздар арасындағы 

қарым-қатынастар тең дәрежеде, үстемдік емес, бағыныштылық қана еді деген пікір айтты.  

Сонымен  қорытындылай  келе,  ХІХ-ХХ  ғғ.  Ресей  тарихнамасында  Русь-Орда  қарым-

қатынастары кеңінен зерттелген тақырыптардың бірі. Алтын Орданың тарихы орыс мемлекеттілігінің 

тарихы  шеңберінде  зерттелген  дискуссиялық  тақырыптардың  бірі.  Оның  басты  себебі,  250  жылдан 

астам уақыт бойына орыс княздықтары Алтын Ордаға тәуелді болған еді. Бұл қатынас сюзерен мен 

вассал  арасындағы  қарым-қатынас  ретінде  қарастыруға  болады,  яғни  Русь  княздіктері  Алтын  Орда 

билеушілеріне алым-салық төлеп тұрған тәуелді аймақ болды. Осыған орай, орыс мемлекеттілігінің 

қалыптасуында  Алтын  Орда  айтарлықтай  роль  атқарды.  Жалпы  ХІХ-ХХ  ғғ.  орыс  тарихшылары  өз 

зерттеулерінде  айтарлықтай  жетістіктерге  жетті.  Бұл  кезеңдегі  зерттеулер  жоғарыда  айтып 

өткеніміздей, орыс  тарихи  әдебиеттерінде  орыс  мемлекеттілігінің  пайда болуы  мен  оған әсер еткен 

сыртқы  факторлардың  бірі  –  Алтын  Орда  дәуірі  тереңдетіле  зерттеле  бастады.  Бірақ,  Алтын  Орда 

тарихы  (әсіресе,  Кеңестік  тарихнама)  көп  жағдайда  біржақты  қарастырылды.  Тек,  ХХ  ғ.  90-шы 

жылдарынан бері қарай ғана державаның жүргізген саясатының тек регрессивті рөлін ғана көрсетуге 

деген  біржақты  көзқарастардан  азат  етіліп,  Ресей  тарихшылары  (әсіресе,  Татарстан  зерттеушілері 

тарапынан)  арасында  оның  позитивтік  жақтарын  көрсетуге  деген  пікірлері  басымдылыққа  ие  бола 

бастады. 

ӘДЕБИЕТТЕР 

1. Карамзин Н.М. История государства Российского / коммент. А.М.Кузнецова.– Калуга: Золотая 

аллея, 1993. - Т. V-VІІІ. – С. 152-153 

2. 


`

Сборник материалов относящихся к истории Золотой Орды. В.Г. Тизенгаузена. Извлечения из 

сочинений арабских. – СПб., 1884. - Т.І. – 563 с.

 

3.  Сборник  материалов  относящихся  к  истории  Золотой  Орды.  Извлечения  из  персидских 



сочинений. Собранные В.Г. Тизенгаузеном и обработан. А.А. Ромаскевичем и С.Л. Волиным. – М.-Л., 

1941. – Т.II. – С. 308. 

4.  Бартольд  В.В. Туркестан  в  эпоху  монгольского  нашествия  //  Соч.:  в  9  т.  -  М.:  Наука,  1963. – 

Т.1. – С. 43-597. 

5. Бартольд В.В. Сочинение: в 9 т. – М.: Наука, 1965-1968. 

6.  Батыршаұлы  Б.  Мысыр  Мамлүк  мемлекетінің  Дешті-Қыпшақпен  байланыстары.  XIII-XV  ғғ.: 

зерттеу. – Алматы: Экономика, 2005. С. 26-27 

7.  Насонов  А.Н.  Монголы  и  Русь:  История  татарской  политики  на  Руси.  –  М.-Л.:  Изд-во  АН 

СССР, 1940. С. 178. 

8. Греков Б.Д., Якубовский А.Ю. Золотая Oрда. Очерк истории Улуса Джучи в период сложения 

и расцвета в XIII-XIV веков / под ред. В. Быстрянского. – Л.: Соцэкгиз, 1937. – 201 с. 

9. Греков И.Б. Восточная Европа и упадок Золотой Орды. – М.: Наука, 1975. – 520 с. 

10. Трубецкой Н.С. Наследие Чингисхана. – М.: Эксмо, 2007. – 736 с. 

11. Савицкий П.Н. Континент Евразия. – М.: Аграф, 1997. – 464 с. 

12.  Вернадский  Г.В.  Монголы  и  Русь  /  пер.  с  англ.  Е.П.  Беренштейна,  Б.Л.  Губмана,  О.В. 

Строгановой. – Тверь: ЛЕАН, М.: АГРАФ, 1997. – 480 с. 

13. Хара-Даван Э. Чингис-хан как полководец и его наследие. – А.-А.: Ахмед Яссауи, 1992. – 272 

с. 


14. Сафаргалиев М.Г. Распад Золотой Орды. Саранск: Мордовское книж. изд-во, 1960. – Вып. 9. 

– 276 с. 

15.  Федоров-Давыдов  Г.А.  Кочевники  Восточной  Европы  под  властью  золотоордынских  ханов. 

Археологические памятники. – М.: Изд-во МГУ, 1966. – 276 с. 

16. Федоров-Давыдов Г.А. Общественный строй Золотой Орды. – М.: Наука, 1973. – 180 с. 

17. Егоров В.Л. Историческая география Золотой Орды в XIII-XIV вв. – М.: Наука, 1985. – 246 с. 

18. Гумилев Л.Н. Древняя Русь и Великая Степь. – М.: Эксмо, 2007. – 864 с. 


327 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   58




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет