Использованные источники:
[1] Дерябкин М., Государственно-частное партнерство: теория и практика // Вопросы
экономики, 2008. - №8. – С.61-77
[2] Закон Республики Казахстан«О концессиях»
(сизменениями и дополнениями по состоянию на 04.07.2013 г.)
[3] Саванкова Н.Е. Реализация проектов государственно-частного партнерства: зарубежный
опыт и российская практика // Автореферат разослан 13 марта 2009 г.
[4] Литовка Г.Л. Методика расчета показателей и оценки критериев эффективности
региональных инвестиционных проектов, осуществляемых рамках государственно-частного
партнерства.// Управление экономическими системами. - - 2013. - №8. - Режим электронного доступа:
URL: http://uecs.mcnip.ru. - 0,63 п.л.
[5] http://zhkh.kz/en/housing_development_tools/public-private_partnership/
373
МЕМЛЕКЕТТІК ЖЕКЕ ӘРІПТЕСТІКТЕР ЖОБАЛАРЫНЫҢ ТӘЖІРИБЕСІ
А.Е. Ағумбаева, М.T. Жұмажанова
Бұл мақалада мемлекеттік-жеке әріптестік жобаларының тәжірибесіндегі түсінігі мен
анықтамасын ашуға бағытталған және оның әлеуметтік экономикалық дамудағы рөлін
анықтау.
PRACTICE PROJECTS PUBLIC-PRIVATE PARTNERSHIP
A.E. Agumbayeva, M.T. Jumazhanova
Article is devoted to the essence of the concept of «practice project public-private partnership» and
the definition of its role in matters related to social and economic development. The article also describes
the most common international practice forms of PPP, PPP highlighted key challenges and the main
benefits derived from each side of the partnership as well as defined socially important areas in which the
implementation of PPP projects is the most popular.
ӘОЖ: 336.717.061(574)
К.Е. Хасенова, А.А. Жұмаханова
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті
ИПОТЕКАЛЫҚ НЕСИЕЛЕУДІҢ ҰЙЫМДАСТЫРУ-ҚҰҚЫҚТЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Аннотация. Бұл мақалада Қазақстан Республикасында ипотекалық несиелендіруді
реттейтін заңнамалық негіздер қарастырылған: нормативті актілер, бағдарламалар,
концепциялар, сонымен қатар «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің» қызметі жайлы
жазылған.
Кілттік сөздер: ипотекалық несие, заң, бағдарлама, тұрғын үй, жинақ
Қазақстанда азаматтарға ипотекалық несиелер беруді екінші деңгейдегі банктер 1998 жылдан
бастап жүзеге асыруда. Ипотекалық несиелендіру республиканың экономикасын дамытуда үлкен
мүмкіндіктердің бірі болғандықтан сапалы заңнама қорымен қамтамасыз етуді талап етеді. Осыған
орай құқықты дамытудың міндеттілігінің қажеттілігінен ипотека туралы алғашқы нормалар 1995
жылы наурызда Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінің бірінші бөлігінде және 1995
жылы 23 желтоқсанда Қазақстан Республикасының «Жылжымайтын мүлік ипотекасы туралы»
Заңының қабылдануына байланысты жарық көрді [1], [2]. Бұл заңнамада алғаш рет “ипотека” сөзіне
заңды түсініктеме берілді. Ипотека – кепілге салынған мүлік кепіл салушының немесе үшінші бір
жақтың иелігінде және пайдалануында қалатын кепіл түрі ретінде қарастырылды. Несие беруші – ол
борышқор мүлкін ұстаушы, егер міндеттеме орындалмаған болса, онда ол мүлікті сатып өз мүддесін
қанағаттандырады. Борышқор – ол кепіл затының иеленушісі және пайдаланушысы болғанымен,
одан ешқандай өнім ала алмаушы. Кепiлзат - кепiлге салынған мүлiктi кепiл берушi кепiл
ұстаушының иелiгiне беретiн кепiл түрi.
Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінің 303-бабының 1- тармағында ипотека -
кепiлге салынған мүлiк кепiл салушының немесе үшiншi бiр жақтың иелiгiнде және пайдалануында
қалатын кепiл түрi. Кәсiпорындар, құрылыстар, үйлер, ғимараттар, көп пәтерлi үйдегi пәтерлер, көлiк
құралдары, ғарыш объектiлерi, айналымдағы тауарлар және азаматтық айналымнан алынбаған басқа
да мүлiк ипотека мәнi бола алады. Бөлiнетiн жемістер бөлген кезден бастап үшiншi жақтың
құқықтарының объектiсi болмайтын жағдайда ғана олар ипотека мәнi бола алады. Кәсіпорындар,
құрылыстар, үйлер, ғимараттар, көп пәтерлi үйдегi пәтерлер, көлiк құралдары мен ғарыш объектiлерi
ипотекасы осындай объектiлердi тiркеудi жүзеге асыратын органдардатiркелуге тиiс деп жазылған.
Несие экономикалық ғылымының маңызды санаттарына жатады. Несиелік саланың өзіне тән
сипаттары бар: төлем қаражаттары айналымның шамадан тыс қанығуы, несиенің өз мақсатынан
айырылуы. Нарықтық экономикаға өту кезеңінен бастап, ипотекалық несиеге үлкен көңіл бөліне
бастады. Дегенмен, әлемнің қаржы дағдарысы ипотекалық несиенің дамуына кері әсерін тигізді.
Дағдарыстың мәңгі еместігі және дағдарыстан шығу басталған кезде халықты арзан және ұзақ
мерзімді несиелермен қамтамасыз ету қажеттілігі туындайтынын ескерген жөн. Ипотекалық несие
елді үймен қамтамасыз ету қажеттілігімен байланысты. Бірақ, халықтың көпшілігінің жеткілікті
жинақтары жоқ, сондықтан жеке тұлғаларға ипотекамен қамтамасыз етілген тұрғын үй несиесін алу
тиімді.
374
«Ипотека» термині заңнамалық айналыста екі түсінікті білдіреді:
1. «Ипотека» (құқықтық қатынас ретінде) ипотекалық несие алу мақсатында қозғалмайтын
мүлікті кепіл ету. Ипотекаға жақын мүлікті борышкердің қолында қалдыру болып табылады.
Азаматтық құқықта кепіл- міндеттемені қамтамасыз етудің бір тәсілі – бұл жағдайда банктік несиені.
Сонымен қатар, бұл жағдайда кез келген қозғалмайтын мүліктің кепілі мемлекеттік тіркелуі міндетті.
Борышкердің төлей алмау қабілеттілігінің несие берушінің талаптары мүлікті сату негізінде алынған
соммадан және басқа несие берушілердің алдында басымдылықта әлде кепілге салынған мүлікті
кепіл ұстаушының меншігімен берумен қанағаттандырылады. Әлеуметтік-экономикалық
мәселелерді шешу үшін мемлекеттік саясаттың маңызды құралы ретінде әлемдік тәжірибе
көрсеткендей ипотеканы пайдалану оның маңыздылығын көрсетеді. Дағдарыстан өту кезеңінде оның
мемлекет үшін рөлі ерекше байқалады [3].
2. «Ипотека» (бағалы қағаз ретінде), кепіл ұстаушының қозғалмайтын мүлікке деген құқығын
қанағаттандырушы құрал ретінде. Көбісі ипотека түсінігін қозғалмайтын мүлікті кепілге беру арқылы
несие алу және мүлікті сатып алу үшін кепіл алу ретінде кең мағынада түсіндірледі. «Ипотека»
терминін кепілдің пәні ретінде қозғалмайтын мүлік болып табылатындығынан, міндеттемені
қамтамасыз ету тәсілі ретінде қарастыру керек. Нарықтық шараларды мемлекеттік реттеуде мемлекет
өзінің уәкілетті органдары арқылы ипотекалық нарықтың субьектісі ретінде әрекет етеді [4].
Егер несие тұрғын үйді алуға берілетін болса, онда ипотекалық несиелеу термині
қолданылады. Ал кейбір жағдайлар үшін «аралас ипотека» терминін қолданамыз, яғни өзінің үйін
жаңа тұрғын үй алу үшін кепілге салып банктен несие алу болып табылады. Ипотекалық
несиелендіру ұлттық деңгейде үлкен әлеуметтік маңызды проблемаларды шешуге болатын
мемлекеттің тетігі ретінде саналады [5].
Ипотекалық тұрғын нарығының қызметін реттейтін негізгі заңнамалық актілерге Қазақстан
Республикасының Азаматтық Кодексі, Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 31 тамыздағы
№2444 “Банк және банктік қызмет туралы” заңы,Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 23
желтоқсандағы №2723 “Жылжымайтын мүлік ипотекасы туралы” заңы, 2000 жылғы 7
желтоқсандағы №110«Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй жинақ ақшасы туралы» заңыжатады.
Бұл заңнамалар ипотекаға байланысты туындайтын барлық қатынастарды реттеуге мүмкіндік береді
[6],[7].
2000 жылдың 21 тамызында Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен мақұлданған
Қазақстан Республикасында ипотекалық несиелеу жүйесінің дамуының және тұрған үй құрылысын
ұзақ мерзімді қаржыландыру концепциясына сәйкес ипотекалық несиелендіру жүйесі тұрғын үй
нарығының дамуын қамтамасыз ететін жабық акционерлік қоғам формасындағы ипотекалық
компания негізделді. Нәтижесінде Ұлттық Банк басқармасының 2000 жылдың 20 желтоқсандағы
шешімімен «Қазақстан ипотекалық компаниясы» акционерлік қоғамы құрылған.
Компанияның міндеті - ипотекалық несие берудің екінші нарығындағы қаржы операторы
ретінде ипотекалық несие беру саласында мемлекеттік саясатты іске асыру, әлеуметті-бағдарлау
тапсырмаларын шешу мақсатында жалға берілетін тұрғын үйлерді тұрғындардың басым көпшілігіне
беру арқылы тұрғындарды тұрғын үйлермен қамсыздандыруды арттыру, "Стратегия - 2050"
бағдарламасымен алға қойылған экономиканың әлеуметті-тұрғын үй саласындағы мақсаттарға
қолжеткізу.2023 жылғы болжамы - ипотекалық несие беру механизмі мен жалға берілетін тұрғын
үйлерді ұсыну арқылы Қазақстан Республикасының тұрғындары үшін тұрғын үйлердің
қолжетімділігін қамтамасыз ету саласындағы мемлекет саясатының мамандандырылған қаржы
операторы болу.
Компанияның акция ұстаушысы – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі түріндегі
Қазақстан Республикасы Үкіметі. «Қазақстан ипотекалық компаниясы» Ипотекалық Ұйым»
акционерлік қоғамы ипотекалық қарыздарды келесі мақсаттарға тікелей береді:
-
пәтер, үй және коммерциялық жылжымайтын мүлікті сатып алу
-
көппәтерлі үйдің құрылысына үлестік қатысу
-
тұрғын үй құрылысы
-
тұрғын үй немесе коммерциялық жылжымайтын мүлікті жөндеуден өткізу
-
ертеректе алынған ипотекалық қарызды қайта қаржыландыру
«Қазақстан ипотекалық компаниясы» Ипотекалық Ұйым» акционерлік қоғамыныңипотекалық
несиелерді кепілдендіру жүйесін функциялаудың механизмі Сурет 1-де көрсетілген.
375
7 2 5 4
3
6
Сурет 1. Ипотекалық несиелерді кепілдендіру жүйесін функциялаудың механизмі
1-
Компания ипотекалық облигацияларды шығарады
2-
Бұл облигацияларды инвестордың сатып алуы
3-
Коммерциялық банкке оның сұранысы бойынша ресурстарды ұсыну
4-
Коммерциялық банк қарыз алушыға несие береді
5-
Қарыз алушы жыл сайын несиені ортық үлестермен өтейді
6-
Коммерциялық банк кредит сомасын Компанияға қайтарады
7-
Пайыздарды төлеу және ипотекалық облигацияларды өтеу.
Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы Қазақстан Республикасы
Президентінің 2012 жылғы 14 желтоқсандағы «Қазақстан - 2050» стратегиясы: қалыптасқан
мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру шеңберінде
әзірленген болатын. Бұл бағдарлама Елбасының 2014 жылғы 11 қарашадағы «Нұрлы жол –
болашаққа бастар жол» Жолдауында сөз болған тұрғын үй сату шарттарымен толықтырылып 2015
жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілген.
Бағдарламаның негізгі бағыттарының біреуі қолжетімді тұрғын үйлерді салу, «Қазақстан
Ипотекалық Компаниясы» Ипотекалық ұйымы» акционерлік қоғамы бағдарлама операторларының
бірі болып табылады. Бағдарламаның мақсаты – елдің ұтымды аумақтық ұйымдастырылуын
қалыптастыру, экономикалық өсу орталықтарында халықтың және капиталдың шоғырлануын
ынталандыру арқылы өңірлердің әлеуметтік-экономикалық әлеуетін дамыту үшін жағдайлар жасау
[8].
Осы Бағдарлама мынадай бағдарламалардың негізінде әзірленді: «Өңірлерді дамыту»,
«Моноқалаларды дамытудың 2012 - 2020 жылдарға арналған бағдарламасы», «Тұрғын үй-
коммуналдық шаруашылықты жаңғыртудың 2011 - 2020 жылдарға арналған бағдарламасы», «2011 -
2020 жылдарға арналған «Ақбұлақ», «Қолжетімді тұрғын үй - 2020». Бағдарлама халықтың өмір сүру
сапасын арттыруға (тыныс-тіршілікті қамтамасыз ететін инфрақұрылымды - энергия және жылу
көздерін, газбен, жылумен, электрмен, сумен жабдықтауды, су бұруды дамытуға), өңірлердің
экономикалық әлеуетін дамытуға, сондай-ақ өңірлерді функционалдық типологиясына және
экономикалық әлеуетіне сәйкес дамытуға бағытталған, олардың нарықтық бастамада ішкі
шоғырлануына, өзін-өзі ұйымдастыруға және өзін-өзі дамытуға көшуіне ықпал ететін әкімшілік -
құқықтық және экономикалық сипаттағы шараларды айқындайды. Тұтастай алғанда, республика
бойынша жыл сайын республикалық бюджет есебінен өңірлерге инженерлік инфрақұрылымды
дамытуға шамамен 300 млрд. теңге бөлінеді.
Тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы жүйесінің құқықтық негіздерін және осы жүйенің жұмыс
істеуіне байланысты оның субъектілері арасындағы қатынастарды реттейтін «Қазақстан
Республикасындағы тұрғын үй жинақ ақшасы туралы» 2000 жылғы 7 желтоқсандағы №110 заңы
қабылданды. Бұл заң тұрғын үй құрылысын мемлекеттік ынталандыру жағдайларын, мазмұнын және
нысандарын реттейді [9].
«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» акционерлік қоғамы тұрғын үй құрылыс
жинақ жүйесінің германдық үлгісін және әлемнің көптеген елдерінің жинаған тәжірибесін
қолданады. Чехия, Словакия, Венгрия, Франция, Люксембург сияқты елдер осы жүйені табысты
жетілдіріп, бұл өнім тұрғын үй жағдайларын жақсарту шараларын қаржыландырудың улкен әлеуетті
мүмкіндігі екенін дәлелдеді. Тұрғын үй құрылыс ақша жүйесі тұрғын үй жағдайларын жақсарту,
тұрғын үйді сатып алу ауыстыру үшін, заем алу мақсатында жеке жинақ ақшасын жинақтауға
негізделген, тұрғын үйді қаржыландырудың қолайлы механизімін ұсынады.
«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» акционерлік қоғамы қызметін Қазақстан
Республикасының Өңірлік даму министрілігі реттейді. «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкін құру
туралы» Қазақстан Республикасының Үкіментінің 2003 жылғы 16 сәуіріндегі №364 қаулысы
Инвестор
Қарыз алушы
Қазақстан Ипотекалық
компаниясы
Коммерциялық банк
376
бойынша, жарғылық капиталына мемлекет 100 пайыз қатысатын «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс
жинақ банкі» акционерлік қоғамы құрылған. Оның негізгі мақсаты тұрғын үй құрылысын ұзақ
мерзімді қаржыландыруды одан әрі жетілдіру мен оның тиімділігін арттыру және ипотекалық несие
беру жүйесін дамыту болып табылады.2003 жылдың шілде айында «Қазақстанның тұрғын үй
құрылыс жинақ банкі» акционерлік қоғамының заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу туралы куәлік
алды. Осы жылдың қыркүйек айында банктің филиал желісін дамыту және салымшыларды тұрғын үй
құрылыс депозиттеріне тарту бойынша кең көлемді жұмыс атқарылды.2005 жылы банк алғашқы рет
заем берді. Бұл – аралық заем еді. 2006 жылы шығынсыз қызметке көшіп, алғашқы тұрғын үй заемын
берді. 2007 жылы Банк Moody’s халықаралық рейтинг агенттігінен рейтинг алды. Сондай-ақ Тұрғын
үй құрылыс жинақ банкі қазақстандық банктердің алғашқысы болып ISO9001:2000 сапа менеджменті
жүйесіне сәйкестік сертификатын алды. Сыртқы тәуелсіз сертификаттау органы бұл сертификатты
жыл сайын растап отырады.Бұдан кейін «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі»
акционерлік қоғамының мемлекеттік және салалық бағдарламаларға қатысу көлемі елеулі түрде кеңи
түсті. Оның үстіне, банк тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі арқылы тұрғын үйді өткізу бойынша
жекеменшік құрылысшылармен ынтымақтастық жасаса бастады.
Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банк лицензиясына
сәйкес келесі негізгі қызмет түрлерін жүзеге асырады:
-
Тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасына салымдар, депозиттер қабылдау, салымшылардың
шоттарын ашу жүргізу
-
Тұрғын үй жағдайын жақсарту жөніндегі іс-шараларды жүргізу үшін салымшыларға тұрғын
үй, аралық үй және алдын ала тұрғын заемдарын беру.
«Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» акционерлік қоғам заемдарының негізгі тартымдылығы –
бұл барлық мерзім ішінде берілетін заем сыйақысының төменгі мөлшерлемемен кепілдендірілуі.
Банк қызметі несиелік капитал нарығы ауқымынан тыс және банктік пайыздық саясаты қаржы
нарығының қаржылық сыйақы мөлшерлемесі тұрғысында біршама тәуелсіз. Бұл банкке жинақтаушы
салымдар бойынша төленетін төменгі пайыздық мөлшерлемемен, сондай-ақ төменгі пайыздар
бойынша несие беруге мүмкіндік береді. Тұрғын үй жағдайларын жақсарту жөніндегі іс-шараларды
осындай мақсатты түрде қаржыландыру жүйесі Қазақстан Республикасының тұрғын үй секторының
жүйелі дамуына өз әсерін тигізері хақ.
«Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» акционерлік қоғамыбиржа тізіміне кіретін мемлекеттік
және мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздармен, сондай-ақ, Халықаралық қаржы
ұйымдарының бағалы қағаздары мен шетел валюта саудасына қатысу құқығымен «В», «К» және «Р»
санаттары бойынша «Қазақстанның қор биржасы» акционерлік қоғамының мүшесі болып табылады.
Жүйе жұмыс істей бастағаннан бері 2015 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша банк жалпы
сомасы 1 807 млрд. теңге болатын 838 796 тұрғын үй жинақ шартын жасады, салымшылар жинағы
283 млрд. теңгені құрайды, 444 млрд. теңге сомасында 100 768 заем берілді. Әлемдік қаржы
дағдарысы банк қызметіне де кері ықпалын тигізді. Алайда нарықтағы басқа қатысушыларға
қарағанда банк қиындықтан жеңіл өтуде. Себебі, банк сырттан қарыз алған емес. Дегенмен, елдегі
экономикалық жағдайдың өзгеруі банктің жаңа киленттерді тарту үдерісіне салқынын тигізіп отыр.
Бұл құбылыс дағдарыс жағдайында халықтың әлеуметтік белсенділігінің төмендеуімен, кей жағдайда
жалақының азаюымен байланысты [10].
Ипотека бір жағынан азаматтар мен кәсіпорындардың ақшаларын суырып, инфляцияның
төмендеуіне әсер етсе, екінші жағынан экономикалық әлеуметтік мәселелерді шешуге көмектеседі, ең
алдымен халықты тұрғын үймен қамтамасыз ету мен мемлекеттің экономикалық жағдайын
жақсартуда маңызды орынды иеленеді. Сондықтан да кепілдің бір түрі ипотеканы белсенді
пайдаланудың көптеген пайдасы бар. Біріншіден, елімізге орылып жатқан оралмандарды, ауылдан
қалаға жаппай көшіп жатқан халқымызды, басқа да азаматтардың тұрғын үй мұқтаждықтарына
байланысты мәселерін шешетін шешім деуге болады. Екіншіден, адамдардың жаппай бұл кепілдің
түрін пайдалануы банктерді тиімді жұмыспен қамтамасыз етеді. Үшіншіден, мемлекеттің
экономикалық жағдайын жақсартып, көптеген басқа мәселелерді шешуге көмектеседі. Төртіншіден,
инвестицияны салып, инвестициялық бағалы қағаздар нарығын дамуға жол ашады. Бесіншіден,
құрылыс өндірістеріне сұраныс жоғарылап, қарқынды дамуына түрткі болды. Ол дегеніміз біздің
қалаларымызда жаңа сәулетті тұрғын үйлердің көбеюіне әсер етеді.
Ипотека - азаматтық құқықтың бір институты, халықтың пәтер мәселесін шешуде әр түрлі
құрылыс сегментінде «эконом» тобынан «элит» тобына дейін есік ашады. Талдаушылар дәл осы
ипотека арқылы екінші реттік нарықтан бірінші реттік нарыққа өту ағымын байқайды және көптеген
көрсеткіштерге байланысты ол өте тартымды және өтімді болып табылады. Әр елдегі ипотекалық
377
несиені реттейтін заңдар әртүрлі. Бірақ, олардың мақсаты бір - клиенттердің тұрғын үйге деген
қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін берілетін несиелер көлемінің жеткілікті болуын бақылау.
ӘДЕБИЕТТЕР
1. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі (Жалпы бөлім) 1994ж. 24 желтоқсан,
(11.16.2015 берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
2. Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 23 желтоқсандағы №2723 “Жылжымайтын мүлік
ипотекасы туралы” заңы (17.07.2015 берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
3. Смирнова Е. Л. Ипотека в системе социально-экономических отношений. // Диссертация на
соискание степени канд. экон. наук. - Санк-Петербург, 2004.
4. Васьков В.О. Роль государства в решении жилищной проблемы с помощью ипотеки. //
Диссертация на соискание степени канд. экон. наук. – Москва, 2006.
5. Киселев А.А. Ипотека как гражданское правоотношение. // Диссертация на соискание
степени канд. экон. наук. - Москва, 2000.
6. Қазақстан Республикасының 1995ж. 31 тамыздағы № 2444 «Қазақстан Республикасындағы
банктер және банк қызметі туралы» заңы (11.16.2015 берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
7. «Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй жинақ ақшасы туралы» 2000 жылғы 7
желтоқсандағы №110 заңы (05.07.2015 берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
8. Жылжымайтын мүлік экономикасы, Б.К.Сагинова, А.Е.Бименова, Алматы 2014ж, 55-65б.
9. Инвестицияларды қаржыландыру және несиелеу. Н.Н. Кадерова, А.А. Макенова,
Ж.М.Әбуова, Алматы 2011ж, 277-231б.
10. Интернет сайты: www.hcsbk.kz
ПРАВОВЫЕ-ОРГАНИЗАЦИОННЫЕ ОСНОВЫ ИПОТЕЧНОГО КРЕДИТОВАНИЯ
К.Е. Хасенова, А.А. Жумаханова
В этой статье рассматриваются законодательные основы регулирования ипотечного
кредитования в Республике Казахстан: нормативные акты, программы, концепции, а также
раскрываются деятельность АО «Жилстройсбербанк Казахстана».
JURIDICAL BASIS OF MORTAGE LENDING ORGANIZATION
K.E. Khassenova, A.А. Zhumakhanova
This article discusses the legislative basis of mortgage lending regulation in Kazakhstan such as
normative actions, programs, concepts and reveals the activities of JSC “Housing Construction Savings
Bank of Kazakhstan”.
ӘОЖ 332.574
А.Несіпбаева, Б. Қуантқан
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті
АЙМАҚТЫҚ ЭКОНОМИКАНЫҢ ДАМУ ДЕҢГЕЙІНІҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ
Мақалада Қазақстан Республикасының аймақтық экономикасының даму деңгейі мен оны
жетілдіру бағыттары жайында қарастырылған.
Түйін сөздер: аймақтық экономика, стратегия, нарық, жаһандық, ахуал, реформа.
Қазіргі таңда экономиканы қайта құру үрдісі аймақтық деңгейде анағұрлым белсенділік
танытып отыр, бұл аймақтың экономикалық қызметінің субъектілеріндегі нарықтық экономиканың
заңнамалық актілері мен тетіктерін іске асыру қажеттілігімен түсіндіріледі. Әр аймақ, жалпы
экономикалық тенденциялар мен құбылыстардың күшті ықпалына ұшырай отырып, дәл сол уақытта
өзінің қауіпсіздік мәселелеріне ие, олар аймақтың ерекшеліктерімен анықталады: географиялық
орны, климаттық жағдайлары, экономика салаларының құрылымы, тұрғындардың ұлттық құрамы
және оның мінез-құлқының мәдени-тарихи дәстүрлері. Жалпы мемлекеттің, оның аймақтарының
378
және ұйымдарының, мемлекеттік және кәсіпкерлік қызмет салаларының экономикалық мүдделерін
қорғау әдістері мен тетіктерін қалыптастырудың жаңа тұжырымдамалық әдістерін іздестіру
жүргізілуде, ол Қазақстан аймақтарының әлеуметтік-экономикалық даму стратегиясынан көрінеді.
ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың халыққа «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім,
реформалар, даму» атты жолдауында: «Қазақстанда инновациялық индустрияландыру шеңберінде
құрылған экономиканың жаңа секторлары экономикалық өсімнің драйверлеріне айналуда. Көптеген
өңдеуші салалар өсім көрсетіп отыр. Бес жылда өңдеу өнеркәсібі 1,3 есе, химия өнеркәсібі мен
құрылыс материалдары өндірісі 1,7 есе өсті. Машина жасау өнімдерін шығару 2,2 есе, экспорт 3 есе
артты. 800-ден астам индустриялық жобалар жүзеге асырылды. Биылғы жылы металлургия
өнеркәсібі бірден 15 пайызға, химия өнеркәсібі 3,2 пайызға ұлғайды. Минералды өнімдер өндірісі 3,2
пайызға, киім-кешек 4 пайызға өсті. Дүниежүзілік банк пен Азия даму банкі Қазақстан үшін 2016
жылға жоғары экономикалық өсу қарқынын болжап отыр. Сонымен қатар, қазақстандықтардың
экономикалық мінез-құлықтары өзгеруде. Еңбек өнімділігінің 60 пайыздан астамға артқаны
байқалып отыр.
Ең алдымен, экономикалық өсім туралы болып отырғандықтан, ағымдағы міндеттерге
қатысты алғанда бізге Қазақстанның әлемнің неғұрлым дамыған отыздығына енуін қамтамасыз ететін
экономикалық өсім қарқынын қалпына келтіру қажет. Біз жеке бастамаларды дамыта отырып,
өсімнің жаңа ішкі көздерін ашуға тиіспіз» - деген болатын [1].
Жалпы аймақтық экономиканың басты міндеті бұл аймақтардың экономикалық дамуының
старттық (ең басындағы) деңгейін, табиғи ресурстық әлеуетін, аймақтық, демографиялық, әлеуметтік,
экологиялық және экономикалық мәселелерді зерттеу болып табылады.
Аймақтар экономикасының зерттеу бағыттары келесілерін ажыратады:
1. Аймақтар экономикасына әсерлі үрдістерді зерттеу –аймақтардағы еңбек бөлінісін,
аймақтағы шаруашылықтардың аумақтық ұйымдастырылуы, экономиканың құрылымдық өзгертілуі,
халықаралық байланыс және өндіргіш күштердің жеке аймақтардағы жағдайы.
2. Нарықтық мамандандырылудың аймақтық ресурстарды ұтымды пайдалануына әсер етуі
және аймақтық шаруашылық кешендердің қалыптасуы.
3. Басты дамытуға қажетті аймақтарды айқындау.
4. Депрессиялы аймақтарды анықтау және оларды дамыту бағдарламаларын даярлау [2].
Қазақстанның әрбір аймағы өзіне тән табиғи ресурстарға, олардың қалыптасу
ерекшеліктеріне, ұлттық немесе табиғи белгілеріне, өзінің шаруашылық құрылымына, экономикалық
дамуы мен мамандандыру деңгейіне ие.
Мәселен, Қазақстан экономикасының тиімділігін арттыру үшін, ең алдымен, елдің әр
аймағындағы отын-энергетика, металлургия, мұнайхимия өнеркәсіптерін өркендету керек. Екібастұз,
Майкөбе, Обаған алабын үрдіс игеру көмір өнеркәсібін орналастырудың құрылымын айтарлықтай
өзгертеді. Мамандардың есептеуінше, болашақта барлық энергетикалық көмірдің 80% Солтүстік-
Шығыс Қазақстанда өндіріледі. Бұл өңірдің энергетикалық көмірі негізінде елімізде құрылатын ірі
энергетикалық база Қазақстанда өндірілетін электр қуатының 70%-ын береді. Осы база негізінде
өнеркәсіптің электр қуатын қажет ететін салалары дамиды. Тасуға ыңғайлы Обаған көмірі
республиканың басқа аймақтарына жеткізіледі, шетелдерге жөнелтіледі.
Батыс Қазақстандағы көмірсутегі шикізатын игерудің болашағы зор. Бұл өңірден жылына 88-
100 млн. тонна мұнай алуға болады. Осыған орай мұнда бұл өнімдерді өңдеп, мұнайхимия
өнеркәсібін өркендетуге, жаңа кәсіпорындар салуға мүмкіндіктер көп. Қостанай, Соколов-Сарыбай,
Лисаковск, Қашар кен-байыту комбинаттары да қара металлургияның аса ірі ошақтары. Шығыс және
Орталық Қазақстан күкірт қышқылын өндіруді, Оңтүстікте фосфор өндірісін ұтымды ұйымдастыру
арқылы аймақтық экономиканың тиімді құрылымын жасауға болады. Жоғарыдағы айтылған барлық
өндірістердің, өндіріс әдісі бойынша өңірлердің жалпы ішкі өнім көрсеткіші 2012 жылы 32 193 753,1
млн. теңгені көрсетсе, 2013 жылы 37 085 327,9 млн. тенге, 2014 жылы 40 754 832,5 құрады. Бұл жерде
жыл сайын өнім көлемінің артқанын байқауға болады (Кесте 1).
Кесте 1 - Өңірлер кескінінде өндіріс әдісі бойынша жалпы ішкі өнім, млн.теңге
Өндіріс әдісі бойынша жалпы ішкі өнім
2012 жыл
2013 жыл
2014 жыл
Қазақстан Республикасы
32 193 753,1
37 085 327,9
40 754 832,5
Ақмола
852 543,2
1 009 133,9
1 100 008,7
Ақтөбе
1 775 976,1
1 850 569,0
1 958 064,5
Алматы
1 542 781,8
1 839 329,2
1 999 145,2
379
Атырау
3 492 372,5
3 773 596,2
4 154 516,8
Батыс Қазақстан
1 815 093,7
1 822 994,3
1 995 610,4
Жамбыл
810 344,8
925 765,2
1 025 228,8
Қарағанды
2 607 322,1
2 768 716,5
3 035 044,9
Қостанай
1 226 314,6
1 423 796,2
1 459 835,9
Қызылорда
1 247 432,3
1 400 873,0
1 375 531,3
Маңғыстау
1 739 447,9
2 004 311,8
2 379 303,7
Оңтүстік Қазақстан
1 983 772,8
2 252 119,2
2 504 207,7
Павлодар
1 620 522,1
1 856 591,6
1 828 131,3
Солтүстік Қазақстан
724 280,7
791 871,3
832 603,2
Шығыс Қазақстан
1 930 182,0
2 178 247,2
2 388 421,9
Астана қ.
2 738 988,7
3 663 740,6
4 200 080,7
Алматы қ.
6 086 377,8
7 523 672,7
8 519 097,5
Ал қазіргі таңда, 2015 жылғы қаңтар-қыркүйектегі өндірілген Жалпы ішкі өнімнің көлемі
(алдын-ала деректер бойынша) 27 748 604,3 млн.теңгені құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен
салыстырғанда нақты көлемінің өзгеру қарқыны 1,0% ұлғайды.
Тауарлар өндірісі мен қызмет көрсетулер өндірісінің 2015 жылғы қаңтар-қыркүйекте
өндірілген ЖІӨ-гі үлестері сәйкесінше 36,9% және 56,5% құрады. ЖІӨ-нің өндірісіндегі негізгі үлесті
өнеркәсіп – 26,2% алып отыр.
Қазіргі жағдайда аймақтың экономикалық дамуын бағалау нарықтық экономикада
Республиканың әр бір аймағының экономикалық, әлеуметтік, геосаясаттық және т.б. маңыздылығы
артады. Аймақтың өндірістерін, қорларын, экологиялық потенциалдарын, әлеуметтік мәселелерін
тиімді шешу, сол жердің ғана емес, сонымен қатар мемлекеттің экономикалық жағдайларын
жандандырады. Қазақстан Республикасының статистикалық көрсеткіштеріне сүйене отырып өткен
жылғы өңірлердің әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштеріне назар салатын болсақ, жалпы
Қазақстанда Өңірлер кескінінде өндіріс әдісі бойынша жалпы ішкі өнім 2014 жылы 40 755,0
млрд. теңге, өнеркәсіп өнімінің (тауарлар, қызметтер) көлемі 18 532,0 млрд. теңге, ауыл
шаруашылығы өнімдерінің (қызметтерінің) жалпы шығарылымы 2 527,8 млрд. теңге, негізгі
капиталға салынған инвестициялар 6 591 482 млрд. теңге, бөлшек сауда көлемі 6 332,3 млрд. теңгені
құрайды [3].
Сонымен қатар, артта қалған аймақтардың экономикалық дамуын қолдауға бағытталған
мемлекеттік іс-шаралар мен аймақтық саясаттың табыстылығы көп жағдайда қаржылық қолдау
көрсету нысандары мен шарттарына жауап беретін аймақтардың типологиясына таңдалынған
тәсілдемелерге байланысты болады. Қазақстанның облыстарын дәстүрлі түрде аумақтық-климаттық
белгілері бойынша – Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан
және Орталық Қазақстан деп бөлінуі қаржылық көмек көрсету мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес
келмейді. Бір топтағы әрбір облыстың әр түрлі табиғат, демографиялық, тарихи, мәдени және өзгеде
жағдайлар тән, экономиканың әр түрлі құрылымы мен сан алуан экономикалық әлеуеті бар,
сондықтан мәселелері де әр қилы болып келеді [4]
Елбасы Н.Ә.Назарбаев өзінің «Қазақстан-2050 стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси
бағыты» атты Қазақстан халқына жолдауында аймақтардағы әлеуметтік-экономикалық жағдайларды теңдестіру
қажеттілігіне аса маңызды көңіл бөлініп, бағытталған аймақтық саясаттың жаңа жолын қолданған дұрыс -
екендігін атап көрсетті.
Соған орай, еліміздегі аймақтардың дамуын жетілдіру мақсатында келесідей міндеттерді
шешу қажет:
-
аймақтардың салыстырмалы шаруашылық дербестігін қамтамасыз ететін саяси,
экономикалық, экологиялық және құқықтық сипаттағы шаралар кешенін әзірлеу;
-
Қазақстан Республикасының барлық аумақтарында экономикалық белсенділікті
мемлекеттік ынталандыруының жекелеген аймақтарды сұрыпталған мемлекеттік қолдаумен
үйлесімдігі;
-
институционалдық, нарықтық инфрақұрылымдардың аймақтық пен жалпы республикалық
тауар, еңбек және капитал нарықтарының дамуы мен оның күшеюі;
-
артта қалған ауылдарды қайта өрлету үшін материалдық негіздер құру;
380
-
аймақтардағы халықтың тұрмыс деігейі мен сапасындағы ақталмаған айырмашылықтарды
теңестіру, әлсіз дамыған аймақтардағы экономиканың және әлеуметтік саласының депрессиялық жай
күйін еңсеру [5].
Осы жоғарыда ұсынылған міндеттерді, аймақтық саясатты жүргізу арқылы мемлекеттің
реттеуі нәтижесінде аймақтың дамуын ілгерілетіп алдағы уақытта оң нәтижелерді көрсетуі ықтимал.
ӘДЕБИЕТТЕР
1 Назарбаев Н.Ә. «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму». ҚР
Президентінің Қазақстан халқына жолдауы. – Астана, Ақорда. 30 қараша 2015 жыл.
2 Бекенова Ы.Г. «Аймақтар экономикасы». Оқу құралы. – Алматы, 2010. – 128б.
3 http://stat.gov.kz/ - Қазақстан Республикасының Статистика жөніндегі комитетінің ресми
сайты.
4
http://www.rsl.ru/
- РГБ
5 Әубәкірова Ж. Я. Аймақтық экономика : оқу құралы / Ж. Я. Әубәкірова, Ж. М. Құдабаева. -
Алматы : Қазақ университеті, 2014
СОВРЕМЕННОЕ СОСТОЯНИЕ УРОВНЯ РАЗВИТИЯ РЕГИОНАЛЬНОЙ ЭКОНОМИКИ
А. Несіпбаева, Б. Куанткан
В статье расcмотрены совершенствования направлении и уровень развития
региональной экономики Республики Казахстан.
CURRENT STATE THE LEVEL OF DEVELOPMENT OF REGIONAL ECONOMY
А. Nesipbaeva, В. Kuantkan
The article describes improving the direction and level of development of regional economy of
the Republic of Kazakhstan.
ӘОЖ 336.64
А.С.Токтаева, А.Ж.Зейнуллина
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті
КАПИТАЛ ҚҰНЫНЫҢ КОНЦЕПЦИЯСЫ ҚАРЖЫ МЕНЕДЖМЕНТІНІҢ
БАЗАЛЫҚ НЕГІЗІ
Түйіндеме: Бұл жұмыста кез келген кәсіпорынның экономикалық жүйесіндегі капитал
құнынын тиімді басқарылуы туралы сөз қозғалған. Экономикалық категория ретінде «капитал»
терминіне бүгінгі күнге дейін бар маңызды теориялық анықтамалары қарастырылған. Капитал
құнының концепциясын мен қаржы менеджментінің эмпирикалық байланысы талдауға түскен.
Қазақстан Республикасының экономикалық даму жағдайындағы капитал есебінің әсер етуі және де
алатын орны туралы жазылған.
Түйін сөздер: капитал есебі, капитал құны, стратегиялық даму, қаржылық инвестициялар,
қаржы менеджменті.
Мемлекет өндіріс және бизнес саласына, экономиканың негізгі реттеуші күштері ретінде
ерекше көңіл аударылады. Себебі, өндіріс пен бизнес саласы айтарлықтай дамыған және осы салалар
бойынша көптеген жетістіктерге жеткен мемлекет қана, бәсекеге қабілетті және дамыған деп әлемге
танылады. Ал өндіріс пен бизнестің жедел дамуына әсер ететін күш, біріншіден жобалардың
капиталы екенін ұмытпауымыз қажет!
Капитал – жан жақты мағына беретін ұғым, мұны көпшілік адамдар естіп, тұрмыста
қолданғанмен, оның толық мағынасында әркімнің көзқарасы болуы мүмкін. Капитал бүкіл
экономика, қаржы, басқару есебі, бухгатерлік есеп, менеджмент салаларының ажырамас үлкен бөлігі.
Экономикалық әдебиеттерде бүгінгі таңға дейін «капитал» сөзінің көптеген анықтамалары кездеседі.
381
Капитал дегеніміз сіздің ұзақ уақыт бойы жинаған, бірақ қолдануға жатпайды деп
есептелінетін, уақытына сәйкес өсім беретін сіздің байлығыздың белгілі бір мөлшері. Кез келген
адам өзін қаржылық бостандықта шынайы сезіну үшін ол азғантай да болса уақытпен келген
пайыздық табысты қолымен ұстап көргені абзал. Қазыр үкіметтің өзі кепілдік жасап, банктер
депозиттеріне сенімді түрде салымшы болуына мүмкіндік жасап халықты капиталандыру мен қатар
қаржылық білім беруді көздеп отыр, себебі мемлекет ішіндегі өмір сүретін халықтың деңгейі
ортадан төмен болғандығы үкіметтің өзі үшін тиімсіз, сондықтанда тиімді уақытты таңдай біліп,
мүмкіндіктерді дер кезінде қолданған, табысты болудың алғы шарттары [3].
Капитал деп сонымен қатар келешек игілікті өндіруді молайту үшін пайдаланатын қазіргі
игілікті айтуға болады. Капитал латын сөзінен басты мүлік деген ұғымды білдіретіні анық.
Экономикалық теория классикалық мектебінің негізін салаған Адам Смит пен Давид Рикардо
және қазіргі белгілі американ экономистері Пол Самульсон мен Уильям Нордхауздың ойынша,
капитал бұл өндіріс құрал-жабдығы. Француз экономисі Жан Батист Сэй және ағылшын экономисі
Джон Робинсон капиталды бұл ақша сомасы, бағалы қағаздар, қаржылар деп есептеген. Капиталға
бұдан басқа да көзқарастар бар: капитал бұл өндіріс қолданылатын адамның білімі, қалыптасқан
әдеті, энергиясы. Капитал бұл уақыт. Уақыт фактор ретінде табысты жасаушы. Әртүрлі уақыт
кезеңіндегі көптеген экономистердің көзқарасын жинақтап қарасақ, онда өндіріс құрал-жабдығы
адамдар және ақшалар да капитал бола алады [2].
Микро және макроэкономика деңгейінде капиталды тану тәсілі де әртүрлі. Микроэкономика
деңгейіндегі капитал — тәсілдері мен аясына қарамастан табыс алу үшін пайдалануға болатын жеке
тұлғалар байлы-ғының бір бөлігі. Макроэкономика деңгейінде капиталға, еңбек және жермен қатар,
материалдық игіліктер өндіру үшін пайдалануға болатын өндірістік құралдардың барлық
жиынтығын жатқызады. Капитал — баламалы пайдаланудан гөрі үлкен кіріс әкеле алатын байлық,
оны банк пайызын алу үшін ақшадай сақтаған дұрыс. Байлықты капиталға айналдыратын жағдай —
оның пайыздан асып түсетін табыстылығы болып табылады.
Бірақ капиталдың мәнін толыққанды етіп Карл Маркс ашқан болатын. Маркс былай деп
жазған: сырттай капитал әртүрлі жақты формада өндіріс құрал-жабдығында (тұрақты капитал),
адамдар (өзгермелі капитал), ақшалай капитал (ақша капиталы) болып келеді. Карл Маркс осыдан
соң капиталды күрделі ұғым деп санаған. Барлық аталған материалдық игіліктер өз бетінше капитал
бола алмайды, олар сонда ғана капиталға айнала алады, егер иегерлері оларды құнды еселеу үшін
немесе қосымша құнды жасауға қолданылса [6].
Өзінің басты еңбегі «Капиталда» Карл Маркс капиталдың бірқатар аныктамасын берген.
«Капиталдың» бірінші томында: «Капитал — бұл кұн, бұл өзін-өзі өсіретін кұн» деп көрсетілген.
«Капиталдың» екінші томында: «капитал бұл қозғалыс» екенін дәлелдеген. Капиталдың мәні
толыққанды «Капиталдың» үшінші томында ашылған. Ол капиталды заттар жиынтығы (оөндіріс
кұрал-жабдығы) ретінде карастыруды жоққа шығарып. Капитал — бұл зат еместігін, ол адамдар
арасындағы белгілі коғамдық катынастар екенін айтқан. Кез келген экономикалық өлшем сияқты
капиталдың да түрлері бар. Капиталға анықтама беруден енді сол капиталдың түрлеріне көшсек.
•
Қарыз капиталы белгілі бір мерзімге пайыз үстемесін өсіру шартымен берілетін ақша
капиталы.
•
Мемлекеттік капитал мемлекет бюджетінен берілетін ақша.
•
Кәсіпкерлік капитал инвестор белгілі бір мерзімге өнім өндіру үшін берілетін капитал.
•
Портфельді капитал-бұл инвестор белгілі бір елдің инвестициясына иелік етуі.
•
Жекеменшік капитал-жеке тұлғаның мемлекеттік емес формасы немесе кәсіпорыны.
•
Тұрақта капитал -өндірісте өз құнын бірден өзгертпейтін капиталдың бөлігі
•
Өзгермелі капитал өндіріс процесінде өз құнын дереу өзгертетін жұмысшы күшіне сіңген
капитал бөлігі [8].
Нарықтық жағдайларда капиталды басқару принциптері кәсіпорындар үшін аса маңызды
мәселе болып табылады. Стратегиялық даму тұрғысынан кәсіпорын шеңберінде капиталды
басқарудың негізгі мақсаты – кәсіпорынның нарықтық құнын арттыру болып табылады.
Кәсіпорынның нарықтық құнының өсуі оның табысты қызметінің нәтижесі және әрі қарай даму үшін
қаржы ресурстарын тартудың алғы шарты болып табылады. Қаржыландырудың қандай да бір көзін
тарту кәсіпорын үшін шығындармен байланысты: акционерлерге дивидендтер төлеу, банктерге –
несие бергені үшін пайыздар, инвесторларға – капитал салымдары үшін пайыздық табыстар және
т.с.с. төлемдер мен шығындар. Қандай-да бір қаражат көзін тартуға байланысты жұмсалған
шығындардың жалпы сомасы капитал құнын анықтайды. Кәсіпорынның капиталының құрылымы екі
382
тұрғыдан қарастырылады: капиталдың орналасу тұрғысынан (активтер) және оның қалыптасу көздері
тұрғысынан (меншікті капитал және міндеттемелер) [5].
Кәсіпорын капиталының құрылымын талдау барысында активтер олардың өтімділік деңгейіне
қарай топтастырылады, ал меншікті капитал мен міндеттемелер олардың төлем мерзімдерінің
деңгейіне қарай топастырылады.
Аталған көрсеткіштерді динамикалық тұрғыдан талдау кәсіпорын капиталының өсуін немес
кемуін және өсу қарқынын анықтауға мүмкіндік береді. Мысалға, активтер құнының динамикасы
кәсіпорынның өндірістік қуаты туралы ақпараттар береді. Кәсіпорын капиталын құрылымдық талдау
(тікелей, немесе сатылас, талдау) да ерекше маңызды. Бұл кәсіпорын қызметінің өндірістік бағыты
туралы мәліметтерді түйіндеуге мүмкіндіктер береді.
Капитал құнының концепциясы қаржы менеджменті теориясының базалық негізі болып
табылады. Себебі бұл концепция тек қаражаттар тартуға байланысты шығындарды есептеп қоюмен
ғана сипатталмайды. Ол сонымен қатар кәсіпорынның инвестицияланған капиталы кәсіпорынның
нарықтық құнын арттыруға қол жеткізетін табыстар алып келуі керек.
«Кәсіпорын капиталының құны» және «кәсіпорынның нарықтық құны» ұғымдарының
арасында өзара байланыс бар. Кәсіпорын капиталының құны акционерлердың, кредиторлардың және
инвесторлардың алдындағы міндеттемелерді өтеу бойынша шығындарды сипаттайтын қатысты
(салыстырмалы) көрсеткіш болып табылады. Кәсіпорын құны акционерлік және қарыз
капиталдардың құндық бағасын абсолюттік көрсеткіш бойынша сипаттайды.
Капитал құнын анықтау қажеттілігі келесі жағдайлармен түсіндіріледі.
Біріншіден, бұл көрсеткіш кәсіпорын қызметін ұзақ мерзімді перспективасы тұрғысынан
сипаттайды. Мәселен, меншікті капиталдың құны потенциалды инвесторлар үшін инвестициялар
салудың тартымдылығын көрсетеді; қарыз қаражаттардың құны кәсіпорынның ұзақ мерзімді
несиелер тартку мүмкіндіктерін анықтап береді.
Екіншіден, капиталдың жалпы (орташа салмақталған) құны капитал салымдарының бюджетін
әзірлеу барысында шешуші көрсеткіштердің бірі болып табылады.
Үшіншіден, капитал құны қаржылық инвестициялардың тиімділін қалыптастыруда базалық
көрсеткіш ретінде қарастырылады. Инвестициялардың тиімділік өлшемін кәсіпорын өзі
белгілейтіндіктен, жекелеген қаржы құралдарының табыстылығын бағалау барысында салыстыру
базасы ретінде капитал құнының көрсеткіші қолданылады. Бұл көрсеткіш қаржылық
инвестициялардың нақты табыстылығын көрсетіп қана қоймай, сонымен қатар осы
инвестициялардың нақты бағыттары мен түрлерін қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Төртіншіден, кәсіпорын капиталының құны қаржылық леверидж механизмін қолдану арқылы
капитал құрылымын басқару барысында қолданылады. Қаржылық леверидждің деңгейі қарызға
тартылған қаражаттардың көлемі мен олардың құнынан тәуелді. Қаржылық леверидж кәсіпорынның
қаржылық тәуекелін арттырады, сәйкесінше акциялар бойынша табыстың артуына алып келеді. Сол
себепті, акционерлердің игілік жағдайын барынша арттыруды мақсат ете отырып, осы мақсатқа қол
жеткізетін капитал құрылымын қалыптастыру керек. Сәйкесінше, капитал құрылымын кәсіпорын
құнына әсер етуі тұрғысынан қарастыру қажет. Оңтайлы капитал құрылымы оның құны барынша
төмен болған жағдайда қалыптасады [1].
Кәсіпкерлік қызмет тұрақты болған сайын, өндіріс барысы кеңейген және контрагенттермен
байланыс артқан сайын, нақты бір кәсіпорын және оның бизнесі үшін оңтайлы капитал құрылымы,
яғни меншікті және қарыз қаражаттардың оңтайлы қатынасы қалыптасады. Осы оңтайлы құрылымды
қолап тұруға жұмсалған шығындардың жалпы сомасын сипаттайтын көрсеткіш кәсіпорын
капиталының құнын көрсетеді және қаржы теориясы мен тәжірибесінде «капиталдың орташа
салмақталған құны» деген атаумен белгілі. Бұл көрсеткіш кәсіпорынның өз қызметіне салынған
қаражаттардың қайтарымдылығын, олардың рентабельділігін анықтайды.
Тұрақты қызмет етіп тұрған және өзінің қызметін қаржыландырудың қалыптасқан жүйесі бар
кәсіпорындарда капиталдың орташа салмақталған құны қосымша қаражаттар тарту нәтижесінде
біршама уақыт бойында өзгеріссіз қалып отырады, алайда белгілі бір шегіне жеткенде оның мөлшері
арта бастайды.
Сонымен, кәсіпорын капиталының құнының деңгейі аталған кәсіпорынның нарықтық құнын
сипаттайтын маңызды көрсеткіш болып табылады. Қолданыстағы барлық қаражат көздерінің құнын
төмендету кәсіпорындарға өздерінің нарықтық құнын арттыруға алып келеді, сәйкесінше, егер
қаржыландыру көздерінің құны неғұрлым жоғары болса, кәсіпорынның нарықтық құны да соғұрлым
өз деңгейін төмендетіп алады. Бұл, бірінші кезекте, ашық үлгідегі акционерлік қоғамдардың
қызметіне қатты әсер етеді, өйткені олардың акцияларының бағасының артуы немесе кемуі капитал
383
құнының, сәйкесінше, төмендеуіне немесе өсуіне байланысты болып келеді. демек, капитал құнын
басқару кәсіпорынның нарықтық құнын арттырудың өзінше дербес бағыттарының бірі болып
табылады.
Капитал құны кәсіпорындардың өзінің активтерінің нарықтық құнын қалыпты деңгейде
сақтап қалу үшін ұсанатын табыс мөлшері болып табылады. Қаржы менеджерлері капитал құнын
білу келесідей сұрақтар үшін маңызды: капитал салымдары туралы шешімдер қабылдау; капиталдың
оңтайлы құылымын қалыптастыру; ұзақ мерзімді қаржылық лизингтік несиелер тарту; ескі
облигацияларды жаңа облигацияларға ауыстыру; айналым капиталын басқару.
Кәсіпорын капиталының әрбір қалыптасу көзі өзінің құнына ие болады. Капиталдың құрамдас
бөліктерінің құнын келесідей тәртіппен анықтауға болады:
k
i
– салық салынғанға дейінгі қарыз капиталдың құны;
k
d
= k
i
(1- t) – салықтан кейінге қарыз капиталдың құны, мұнда t – салық мөлшерлемесі;
k
p
– артықшылығы бар акциялардың құны;
k
s
– бөлінбеген табыстың құны (капиталдың ішкі құны);
k
e
– қарапайым акциялардың құны (капиталдың сыртқы құны);
k
o
– кәсіпорын капиталының жалпы немесе орташа салмақталған құны.
Қарыз капиталдың құны. Қарызға тартылған капиталдың салық салғанға дейінгі құнын (k
i
)
есептеуге болады. Бұл үшін облигациялар бойынша ақша ағындарынан келетін ішкі табыс мөлшерін
(немесе өтеу кезіндегі табысты) есептеу керек. Облигациялардың табыстылығын есептеудің
қарапайым формуласы келесідей:
,
V)/2
(M
V)/n
(M
I
ki
+
−
+
=
(1)
мұнда I – жылдық пайыздық табыс төлемі; M – облигацияның номиналдық құны; V – облигацияны
сатудан түскен табыстың таза нарықтық құны; n – облигацияның мерзімі (жыл, тоқсан, ай).
Пайыздық табысқа салық салынатындықтан, қарыз капиталдың салық салынғаннан кейінгі
құнын анықтау керек:
k
d
= k
i
(1- t). (2)
Артықшылығы бар акциялардың құны. Артықшылығы бар акциялардың құны (k
p
) осындай
акциялар бойынша жылдық дивидендтерді (d
p
) оларды сатудан түскен таза табысқа бөлумен
анықталады:
k
p
= d
p
/p. (3)
Артықшылықты акциялар бойынша дивидендтерге салық салынбайтындықтан, есептеу
әдістемесіне ешқандай өзгеріс енгізудің қажеті жоқ.
Сыртқы (акционерлік) капиталдың құны. Қарапайым акциялардың құны (k
e
) әдетте
инвестордың кәсіпорынның қарапайым акцияларына инвесторлардың талап ететін табыс мөлшері
ретінде есептеледі. Қарапайым акциялардан тұратын акционерлік капиталдың құнын анықтау үшін
тәжірибеде екі негізгі әдіс кеңінен қолданылады: Гордон үлгісі және негізгі құралдарды бағалау әдісі.
Гордонның экономикалық өсім үлгісі мына формуламен сипатталады:
P
o
= D
1
/(r - g). (4)
мұнда P
o
– қарапайым акциялардың құны (нарықтық бағасы); D
1
– жыл бойында алынатын
дивиденд; r – инвестордың талапты табыс мөлшері; g – өсу қарқыны.
Көрсетілген формуланы r көрсеткішіне қатысты қолдана отырып, қарапайым акциялардың
құнын есептеуге қажетті формуланы аламыз:
r = k
e
= D
1
/P
o
+ g. (5)
Орналастыру (сату) шығындарына байланысты жаңа қарапайым акцияның құны айналымдағы
акцияның құнынан жоғары болады. Егер f – қарапайым акцияны орналастыру құны болса, онда
есептеу формуласы келесідей өзгереді:
k
e
= D
1
/P
o
(1 - f) + g. (6)
Негізгі құралдарды бағалау әдісін қолдану үшін алдымен келесі әрекеттерді орындап алу
керек: тәуекелсіз мөлшерлемені(r
f
) есептеу; жүйелік тәуекелдің көрсеткіші болып табылатын
акцияның бета-коэффициентін (b) анықтау; құнды қағаздар қоржынының табысын (r
m
) анықтау;
кәсіпорын акциясының табыс мөлшерін бағалау:
k
e
= r
f
+ b(r
m
- r
f
). (7)
Бөлінбеген табыстың құны. Бөлінбеген табыстыұ құны (k
s
) қолданыстағы қарапайым
акциялардың құнымен тығыз байланысты. Себебі бөлінбеген табыстың есебінен қалыптасқан
384
акционерлік капиталдың құны кәсіпорынның қарапайым акцияларының табыс мөлшерімен барабар
болып келеді, яғни k
e
= k
s
[4].
Капитал құны акциялар, бөлінбеген табыс, қарыздық міндеттемелер секілді капиталдың
құрамдас бөліктерінің орташа салмақталған құны ретінде есептеледі. Капиталдың жалпы құнын
шартты түрде k
o
деп белгілеп, келесі формула бойынша анықтауға болады:
k
j
= Σ капиталдың жалпы құрылымындағы әрбір капитал көзінің пайыздық
үлесі
×
әрбір капитал көзінің құны = W
d
k
d
+ W
p
k
p
+ W
e
k
e
+ W
s
k
s
, (8)
мұнда W
d
– қарыздық міндеттемелерден түскен капиталдың пайыздық үлесі; W
p
– артықшылықты
акциялардан түскен капиталдың пайыздық үлесі; W
e
– қарапайым акциялардан түскен капиталдың
пайыздық үлесі (капиталдың сыртқы құны); W
s
– бөлінбеген табыстан түскен капиталдың пайыздық
үлесі (капиталдың ішкі құны); k
d
, k
p
, k
e
және k
s
– сәйкесінше қарыздық міндеттемелерден,
артықшылықты акциялардан, қарапайым акциялардан және бөлінбеген табыстың құны. Капиталдың
құнын салмақтаудың бастапқы, мақсатты және маржиналды әдістері болады [4].
Капитал құнын бастапқы салмақтау кәсіпорынның қолданыстағы капитал құрылымына
негізделеді және капиталдың осы құрылымы оңтайлы, яғни келешекте қолданылуы тиіс, деп шешкен
жағдайда қолданылады. Бастапқы капитал құнының екі түрі кездеседі – баланстық құн бойынша және
нарықтық құн бойыша салмақтау.
Маржиналды салмақтау капиталдың қаржылық инвестицияларға арналған аралас құрылымын
қажет етеді. Бұл әдіс кәсіпорынның орташа салмақталған капитал құнын есептеу үшін қолданыла
алады, алайда оның бір кемшілігі бар. Әрбір капитал көздері бойынша капитал құны кәсіпорынның
аралас құрылымымен байланысты қаржылық тәуекелдерден тәуелді болады. Егер кәсіпорын өзінің
қолданыстағы капитал құрылымын өзгертетін болса, кәсіпорынның капитал көздерінің құнын
есептеу, нәтижесінде капиталдың жалпы салмақталған құнын есептеу өте қиынға соғады [7].
Қорытындылай келе капиталдың экономикадағы қажеттіліктерін сезінуге болады. Егер
ақшаларды құнды еселеу құралы ретінде қолданса яғни алғашқы салынғанға қарағанда көп құн алу
үшін көп болса, онда ақшалар капитал бола алады. Сонымен қатар кәсіпорын капиталын
қалыптастыру, капитал есебін жүргізу, капитал құнын дұрыс есептеу жолында бірқатар жұмыстарды
жүзеге асырса: Мәселен, лизингтік қызметтер нарығын жетілдіру, шағын несиелер беруші
ұйымдарды қолдау және дамыту, факторингтік операциялардың рөлін арттыру, туынды бағалы
қағаздар (опциондар, фьючерстер, варранттар) нарығын жетілдіру және тағы басқалар. Бұл
кәсіпорындардың қажетті капитал құрылымын қалыптастыруға қолайлы жағдайлар жасап қана
қоймай, еліміздің экономикалық өсуіне, әлемдік нарықта жетекші орындарға ие болуына да қолайлы
жағдайлар жасайтынына сенімдімін.
ӘДЕБИЕТТЕР
1.
Жұманова Д.Т, Мукашева Г.М Қаржылық менеджмент – Астана: Экономика 2010 – б.13
2.
Көшенова Б. Ақша, несие, банктер, валюта қатынастары. – Алматы: Экономика 2000. –
б.78
3.
Мақыш С.Б. Ақша айналысы және несие Алматы: Қазақ ун-ті 2004. – б. 62-65
4.
Мұқашева Г.М.Кәсіпорынның капитал құны капиталом – [электрон. ресурс]. – 2012. –
URL:
http://gg-old.otgroup.kz/ru/publication/view/291
5.
Ниал Кисэль, Джон Рейнолдс Управление капиталом – [электрон. ресурс]. – 2012. – URL:
http://www.intalev.ru/?id=13459
6.
Сейткасымова Г. Деньги, кредит, банки – Алматы: Экономика 2009. – б.32-45
7.
Солодухина А.В. Формирование рыночной стоимости активов на рынке капитала как
нелинейный
динамический
процесс
-
[электрон.
ресурс].
–
2010.
–
URL:
https://dvs.rsl.ru/semgu/Vrr/SelectedDocs?docid=%2Frsl01004000000%2Frsl01004612000%2Frsl01004612
479%2Frsl01004612479.pdf
8.
Смит А. Исследование о природе и причинах богатства народов. – Москва: Эксмо 2007.-
с.33-39
385
КОНЦЕПЦИЯ СТОИМОСТИ КАПИТАЛА ОСНОВНАЯ БАЗА ФИНАНСОВОГО
МЕНЕДЖМЕНТА
А.С. Токтаева, А.Ж.Зейнуллина
В статье рассматриваются существующие теоретические подходы к определению
экономической категории «капитал», направления эволюции данной категории, ее содержание
как объекта управления. Выявляются особенности понятия «капитал» при его использовании в
финансовой и бухгалтерской отчетности, а также при ведении управленческого
стратегического учета. Анализируются основные факторы, характеризующие эмпирическую
связь между стоимостью капитала и финансовым менеджментом.
THE CONCEPT OF CAPITAL IS GENERAL BASIS VALUE OF FINANCIAL MANAGEMENT
A.S.Toktayeva, A.Zh. Zeinullina
This article discusses the existing theoretical approaches to defining economic categories
«capital», directions of evolution of this category and its content as an object of management. Identified
Достарыңызбен бөлісу: |