Х а б а р ш ы с ы в е с т н и к государственного


Пайдаланылған әдебиеттер тізімі



Pdf көрінісі
бет50/58
Дата27.02.2017
өлшемі7,72 Mb.
#5028
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   58

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 

1.

 



Договоренность о правилах и процедурах, регулирующих разрешение споров. Приложение 2 

к Марракешскому соглашению об учреждении Всемирной торговой организации (Марракеш, 

15 апреля 1994 г.). 

2.

 



A Handbook on the WTO Dispute Settlement System. WTO Secretariat Publication. – Cambridge: 

Cambridge University Press, 2004. –P.1-233. 

3.

 

EC—Anti-dumping Duties on Imports of Cotton-type Bed Linen from India, Recourse to Article 



21.5 of the DSU by India, WT/DS141/RW. paragraph 6.267. 

4.

 



EC—Customs Classification of Frozen Boneless Chicken Cuts, Recourse to Arbitration under 

Article 21.3(c) of the DSU, WT/DS269/13 and WT/DS286/15. paragraph 82. 

5.

 

European Communities - Regime for Importation, Sale and Distribution of Bananas. WTO 



Document WT/DS/R/USA 22 May 1997(Panel Report). paragraph 5.1. 

6.

 



Footer M. E. Developing country practice in the matter of WTO dispute settlement // Journal of 

World Trade 35(1). – 2001. – P.55-98. 

7.

 

Freneau A. WTO Dispute Settlement System and Implementation of Decisions: A Developing 



Country Perspective:  a thesis submitted in fulfilment of the requirements for the LLM degree. 

University of Manchester, 2001. –P.1-63. 

8.

 

Horn H., Mavroidis P. C. Remedies in the WTO Dispute Settlement System and Developing 



Countries // World Bank. –1999. –P.1-40. 

9.

 



Indonesia—Certain Measures Affecting the Automobile Industry, Recourse to Arbitration under 

Article 21.3(c) of the DSU, WT/DS54/15, WT/DS55/14, WT/DS59/13 and WT/DS64/12. paragraph 

24. 

10.


 

Issues regarding the review of the DSM // Trade-Related Agenda,Development and Equity 

(T.R.A.D.E.)Working Papers, South Centre.–1999. – P.1-36. 

11.


 

Mosoti V. Does Africa Need the WTO Dispute Settlement System? //Working Paper No 5, 

International Centre for Trade and Sustainable Development. – 2003. – P.67-88. 

12.


 

Note by the Secretariat to the WTO Committee on Trade and Development on Implementation Of 

Special And Differential TreatmentProvisions in WTO Agreements And Decisions, WTO Document 

WT/COMTD/W/77 (25 October 2000). 

13.

 

Poywing L. Special and Differential Treatment Provisions under the Dispute Settlement 



Understanding of the WTO: Are Developing and Least-developed Countries Benefiting? [Электрон. 

ресурс]. – 2005. – URL: 

ttp://www.dundee.ac.uk/cepmlp/gateway/files.php?file=CAR9_ARTICLE27_199342028.pdf. (дата 

обращения:07.01.16). 

14.

 

Roessler F. Special and Differential Treatment of Developing countries under the WTO Dispute 



Settlement System in Ortino, F., and Petersman E.U., Studies in Transnational Economic Law, 

Volume 18, The WTO Dispute Settlement System 1995-2003. – The Hague: Kluwer Law 

International, 2004. – P.1-607. 

15.


 

Shraideh S.Al. The Participation of Developing Countries in the Dispute Settlement System of the 

WTO:  a thesis submitted in fulfilment of the requirements for the degree of doctor of philosophy. 

Macquarie University, 2010. – P.1-353. 

16.

 

US—Measures Affecting the Cross-border Supply of Gambling and Bitting Services, Recourse to 



Arbitration under Article 21.3(c) of the DSU, WT/DS285/13. paragraph 60. 

17.


 

US—Sunset Reviews of Anti-dumping Measures on Oil Country Tubular Goods from Argentina, 

Recourse to Arbitration under Article 21.3(c) of the DSU, WT/DS268/12. paragraph 52. 

 

 



 

 


344 

 

О СПЕЦИАЛЬНОМ И ДИФФЕРЕНЦИИРОВАННОМ РЕЖИМЕ В ДОГОВОРЕННОСТИ О 



РАЗРЕШЕНИЙ СПОРОВ ВТО 

А.Ш. Әмірбекова, Е.Ш. Рахметов 

 

В  статье  рассматриваются  правовые  основы  специального  и  дифференциированного 

режима в Договоренности о разрешений споров ВТО для развивающихся стран.  

 

ON THE SPECIAL AND DIFFERENTIAL TREATMENT UNDER THE WTO DISPUTE 

SETTLEMENT UNDERSTANDING 

A.Sh. Amirbekova, Y.Sh. Rahkmetov 

 

The  paper  examines  the  legal  basis  of  the  special  and  differential  treatment  under  the  WTO 

Dispute Settlement Understanding afforded to developing countries.  

 

 



ӘОЖ: 338.45:637 (574.42-2С) 

С.Ж. Ибраимова, А.Ж.Макажанова                                                                                                                       

Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті 



 

КӘСІПОРЫНДАРДЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ  ТИІМДІЛІГІН  АРТТЫРУДЫҢ  НЕГІЗДЕРІ 

 

Мақалада  кәсіпорынның  экономикалық  тиімділігін  арттыру  мен  жоғарылату  мәселелері  

қарастырылған.  

Түйін сөздер: экономикалық тиімділік, экономикалық өсім, экономикалық нәтижелер, еңбек 

өнімділігі, экономикалық механизм.  

 

Кәсіпорынның   айналым  құралдарын  басқару  механизмін  жетілдіру  отандық  экономика 



дамуының  қазіргі  сатысында  өндірістің  экономикалық  тиімділігін  жоғарылатудың  маңызды 

факторларының бірі болып табылады. 

Өндіріс  тиімділігі  -  экономикалық  категория.  Ол  -  өндіргіш  күштер  мен  өндірістік  қарым  - 

қатынастың кең көлемді кешенді шарттарының қалыптасуы. Соның нәтижесінде кеңейтілген ұдайы 

өндірістік  үдеріс  қамтамасыз  етіледі.  Өндіріс  тиімділігін  арттырудың  объективтік  қажеттілігі 

кеңейтілген  ұдайы  өндіріс  процесінің  экономикалық  мүддемен  тікелей  байланыстылығында. 

Дамудың  қозғаушы  басым  күштерінің  бірінен  саналатын  экономикалық  мүдделер,  өндіріс 

тиімділігінің  артуына  ынталандырудың  ғылыми  негізделген  жүйесін  ұтымды  қолдану  арқылы  әсер 

етеді.  Сонымен  қатар,  экономикалық  мүдделер,  ынталандыруды  қоғамның  заңдылықтарымен 

байланыстырып тұратын орталық буын болып табылады. 

   Тиімділіктің  басты  мәселесі  -  нарықтық  экономика  жағдайында  тауар  өндірушілердің 

мүддесі  үшін  тұтыну  кұнын  өндіру  кезінде  ресурстарды  мейлінше  үнемдеу.  Осы  жағдайда 

кәсіпкерлік  қызмет  өзінің  тәуекелділігіне    мүліктік  жауапкершілігі  шегінде  ұйымдастырушылық, 

құқыктық нормативті актілермен анықталып, өндіріс табыстылығының есебінде жүргізіледі. 

   Тиімділік - ұлғаймалы ұдайы өндірісті ұтымды жүргізудің алғы шарты. Ресурстарды таңдау 

кезінде  баламалы  нұсқаларды  анықтау  үшін  пайдаланылатын  сапалы  бағалау  көрсеткіші  болумен 

бірге, ол өндіріс резервтерін анықтау, өндіріс құрылымының қалыптасуын жалпы да тікелей бағалау 

кезінде қолданылады. Тауар  - ақша қатынасы жағдайында өндіріс тиімділігі ұтымды экономикалық 

тиімділікті сипаттайды. Мұндай жағдай жалпы өндірістік шығындардан қол жеткен нәтиже шамасы 

абсолюттік мөлшерде артық болып тұрғанда ғана орын алады. Осындай ұтымды тиімділік кез келген 

ұйымдық - құқықтық шаруашылықтың оңтайлы жұмыс істеуінің, кеңейтілген өндірісті жүргізудің ең 

бір  қажетті  шарты  болып  есептеледі.  Сондай  -  ақ  ол  материалдық  өндірістің  барлық  буынында 

ғылыми  -  техникалық  прогрестің  дамуы  үшін  зор  экономикалық  қозғаушы  күшке  айналып,  тұтыну 

құнының  сапасын  жақсартады.  Бәсекенің  салыстырмалы  еркін  іс  -  әрекет  жасаған  кезінде  өндірісті 

тиімді жүргізудін басты міндеттерін бір уақытта шешуге жол ашатын нарықтық тетік « механизм », 

біріншіден, тауар өндірудің дәл сол мезгілде қоғамдық сұранымға сәйкестігін бағаласа «сандық және 

сапалық  жағынан»,  екіншіден,  қойылған  міндеттерді  тиімді  жолмен  шешу  үшін  өндіріске  жаңа 

тәсілдерді енгізуді ынталандырумен бірге, бағаның өзгеруі мен ауытқуы, пайда, тағы басқадай құнды 



345 

 

категориялар  арқылы  халық  шаруашылығында  өндірістік  ресурстар  мен  тауарларды  ағымды 



нарықтың  сұранымына  сәйкес  бөлуге,  экономиканың  оңтайлы  дамуына  оң  ықпал  ете  отырып, 

экономиканың  тиімділігін  арттырады.  Өндіріс  тиімділігін  экономикалық  ынталандыруды  мынандай 

белгілермен сипаттауға болады:  

- экономикалық өсімнің тұрақты қарқыны, оның сапалық сипаты;  

-  өндірілген  тауар  сапасының  артуы  және  оның  отандық,  әлемдік  нарықты  бәсекеге 

қабілеттілігінің өсуі;  

- халықтың материалдық жағдайы мен әл-ауқатының жақсаруы;  

- жаңа технологияларды меңгеру, ғылыми және инновациялық қызмет әсерінің күшеюі, адам 

капиталын нәтижелі қолдану;  

-  басқару  тиімділігін  арттыру  нәтижесінде  өндірістік  ресурстарды  пайдалануды  үнемдеу, 

еңбек өнімділігін ынталандыру [1], [3]. 

Баға нарықтық экономика жағдайында әртүрлі тауарлар нарығының дамуына, солар арқылы 

жалпы  қоғам  көлемінде  өндірістік  ресурстар  мен  тауарларды  бөлу  арқылы  қоғамдық  өндірісті 

реттеуші рөлін атқарады. Мұндай жағдайда әрбір өндірістік   ресурстың   өзіне   тән   бағасы   болады   

және  ол  тауарлық  баға  сияқты  белгіленген  ресурстың  сұранымы  мен  ұсынымының  өзгеруіне 

байланысты  өзгеріп  отырады.  Осы  бағаның  құрылымы  белгілі  болғандықтан,  мейлінше  аз  шығын 

жұмсай отырып, көп өнім өндіру үшін, соған лайықты өндірістік үдерісті таңдау мүмкіндігі туады. 

   Жұмыс  күшіне  жоғары  ақы  төленген  жағдайда  өндіріс  үдерісін  техникалық  жарақтандыру 

шаруашылықты  оңтайлы  жүргізуге ынталандырып,  төмен болған жағдайда  өндіріс  үдерісінің еңбек 

сыйымдылығын  уақытша  тоқтатып  қоюға  ықпал  ететіндіктен,  өндірістік  ресурстар  бағасы  тауар 

өндірушілерді  арзан  ресурстарды  өндірістік  үдеріске  кеңінен  қолдануға,  ал  қымбат  ресурстарды 

үнемдеуге итермелейді. Бұл жағдайда тауардың бағасы қоғамда өндірістік ресурстарды бөлуге қалай 

әсер еткенін еске алады. Яғни бағаның калыптасуының нарықтық тетігі келешекте өндіріс тиімділігін 

арттырудың негізі болып табылмақ. Нарықтық бағаның қалыптасуы тетік көмегі арқылы өте тиімді 

шаруашылық шешімдерін жүзеге асыруға кең жол ашпақ . 

   Кейбір  кәсіпорындар  шегінде  мұндай  ыңғайлы  тандауға  иек  арту  ірі  шаруашылық 

кешендерінде өндіріс тиімділігі мен еңбек өнімділігін арттырудың шешуші факторы болмақ. Екінші 

сөзбен  айтар  болсақ,  барлық  табиғи  ресурстарды  толығымен  пайдаланып,  оған  толық  көлемде  қол 

жеткізген  жағдайда  ғана  экономика  қалыптаспақ..  Осындай  жағдайда  экономика  мәселелерінің 

маңызы анықталынады. Өйткені ресурстардың жеткіліксіз мөлшерде болуы өндірістің толық көлемде 

тауар өндіру мүмкіндігін шектейді. Мұндағы ең басты мәселе - ең алдымен қандай тауарлар өндіру 

қажет,  ал  қандай  түрлерінің  қажет  еместігін  шешіп  алған  жөн.  Осыған  байланысты  өндірістің 

экономикалық  өсуі,  барлық  табиғи  ресурстардың  толық  игерілуі,  экономикалык  тиімділік,  бағаның 

тұрақты  деңгейі,  өндірушінің  экономикалық  еркіндігі,  тауарды  әділеттілікпен  бөлісу  сиякты  негізгі 

экономикалық мақсаттар қалыптасады. 

    Агроөнеркәсіп кешенінің тиімділігін анықтау үшін, оның мақсатын, қоғамның материалдық 

жағдайының  оңтайлануының  және  әлеуметтік    факторларды  камтамасыз  етуді  ескеру  керек. 

Нарықтық  экономика    жағдайында    ауыл    шаруашылығы  өндірісінің  экономикалық  тиімділігінің  

мәселелері  -  бұл  ең  қажетті  ауыл  шаруашылығы  тауарын  өндірушілердің    мәселесі.  Бұл  орайда 

өндірістің  экономикалық  тиімділігін  арттыру  мәселесін  нарықтық  экономика  жағдайында  маңызды 

әлеуметтік-экономикалық факторларды ескермей, қарастыру мүмкін емес. Бұған өндіріс құралдарына 

меншік  түрлерінің  өзгеруі  де  жатады.  Аграрлық  саясаттың  қазығы  болып  есептелінген  ірі 

кәсіпорындарға  иек  арту  негізінде  дұрыс  болатын.  Мұндай  өндіріс  әсіресе  өнеркәсіп 

технологияларды қолданып жұмыс істейтін мамандаңдырылған кәсіпорын еңбек өнімділігін арттыру 

мен  табиғи,  материалдық  -  техникалық  еңбек  ресурстарын  тиімді  пайдаланудың  үлкен 

мүмкіндіктеріне ие болады. Бірақта ірі өндірісті абсолюттеу, шағын және орта өндірісті, оның ішінде 

шаруа  қожалықтары  мен  жеке  қосалқы  шаруашылықтарды  елемеу  республиканың  ауыл 

шаруашылығына нұқсан келтірері хақ [4]. 

              Қазіргі  кезде  экономикалық  қатынастар  мен  өндіріс  жағдайының  өзгеруіне 

байланысты  нарықтық  қатынастарға  көшу  кезіндегі  ауыл  шаруашылығы  өңдірісінің  экономикалық 

тиімділігін анықтау қажетті деңгейде дей алмаймыз. Бұл жағдай ең алдымен бағалаудың теориялық 

және  әдістемелік  аспектілерін  нақтылауды  кажет  етеді.  Қазақстан  Республикасының  2030  жылға 

дейінгі  даму  стратегиясына  дейін  және  одан  кейін  қабылданған  бәсекелестікке  қабілетті  тауар 

шығарып,  қызмет  көрсетуге  бағытталған  теориялық  алғышарттарды  экономикалық  нақты 

көрсеткіштерге  ұластыру  қажет  және  ол  бүгінгі  күннің  көкейтесті  талаптарының  бірі.  Ол  үшін, 

экономистердің  пайымдауынша,  әр  ел  әлемдік  шаруашылықта  өз  тауарымен  және  қызметімен  өз 



346 

 

орнын табуы тиіс. Десе де, белгілі бір ел ішкі азық-түлік және киім-кешек сұранысын мейлінше өзі 



қамтамассыз еткен жағдайда ғана ұлттық экономика бәсекелестікке қабілетті болмақ және ол тұрақты 

экономикалық  даму  кепілі.  Экономиканың  ең  маңызды  саласының  бірі  –  бұл  ауыл  шаруашылығы. 

Ауыл  шаруашылығы,  сонымен  қатар  өзіне  тән  ерекшеліктерге  ие.  Себебі  бұл  сала  төмен  табысты 

болып  есептеледі. Жалпы  өнімдер  көлемі  бойынша,  республикадағы  ауыл  шаруашылық 

кәсіпорыңдары шағын көлемді өндіріспен сипатталады. Нарықтық қатынастарға көшу кезіндегі ауыл 

шаруашылығы  өндірісінің  экономикалық  тиімділігі  қажетті  деңгейде  емес,  сондықтан  бұл  саланың 

экономикалық  ахуалы  үнемі  жан-жақты  талдауды  қажет  етеді.  Ол  табиғат  климат  факторларына 

тәуелді, ондағы өндіріс мерзімді циклдық жағдайда жүреді. Ауыл шаруашылығы өндіргіш күштерінің 

даму  түрғысынан  алғанда  да  өнеркәсіпке  қарағанда  нашар.  Сондықтан  ауыл  шаруашылығы 

кәсіпорындары  өзгеріп  отырған  экономикалық  және  технологиялық  жағдайларға  баяу  бейімделеді 

және салынған капиталдың басқа салалармен салыстырғанда қайтарымы төмен. Ауыл шаруашылығы 

тиімділігін арттыру мақсатында  тиімділік көрсеткіштерін дұрыс анықтаудың маңызы өте зор. Ауыл 

шаруашылығындағы  өндірістік  тиімділік  -  күрделі  экономикалық  категория.  Онда  қоғамдық 

өндірістің  маңызды  бөлігі  -  нәтижелік  көрінеді.  Экономикалық  тиімділіктің  критерийі  -  1  адам 

басына шаққандағы ЖҰӨ көлемі болып табылады. Жалпы ұлттық табыс - өндірістің одан ары қарай 

ұлғаюының  және  жетілдірілуінің  негізі  болып  табылады.  Таза  өнімге  кеткен  шығынның  аз  болуы 

ауыл шаруашылығы өндірісінің тиімділігінің критерийі болып табылады. Бұған материалдық, еңбек 

және жер ресурстарының рационалды пайдалану арқылы қол жеткіземіз[5]. 

Ауыл шаруашылығы өндірісіндегі экономикалық тиімділік түрлері: 

1. салалық тиімділік 

2. ауыл шаруашылығы өндірісіндегі кәсіпорынның тиімділігі 

3. ішкі шаруашылық бөлімнің тиімділігі / бригада, ферма, бөлімдер, цехтар, т.б./ 

4.  ауыл  шаруашылығының  жеке  салаларының  тиімділігі  /өсімдік  шаруашылығы,  мал 

шаруашылығы; 

5.  ауыл  шаруашылығы  өндірісінің  түрлері  мен  дақылдар  тиімділігі  /  картоп,  бидай,  қант,  ет, 

сүт, т.б; 

6.  жеке  шаруашылық  іс  шаралардың  тиімділігі  /  агротехникалық,  зоотехникалық, 

ветеринарлық, инженерлік. Осы тиімділіктердің барлық түрлері бір-бірімен тығыз байланысты. Ауыл 

шаруашылығы  нәтижелерінің  тиімділігі  -  ресурстардың  тиімді  пайдаланылуы,  өзіндік  құнның 

төмендеуі,  еңбек  өнімділігінің  өсуі  болып  табылады.  Ауыл  шаруашылығының  тиімділігі  -  ауыл 

шаруашылығындағы  субъектілерінің  қаржы-шаруашылық  қызметінің  нәтижесі,  жоғары  көрсеткішті 

өнімділікке  жетуге  қамтамасыз  ету  қабілеттілігі,  табыстылығы,  өнім  сапасы.  Ауыл 

шаруашылығының  тиімділігі  көрсеткіштер  жүйесінің  көмегімен  өлшенеді:  еңбек  өнімділігімен,  қор 

қайтарымдылығымен, 

өзіндік 

құнмен, 


рентабельділік, 

ауыл 


шаруашылық 

өнімдерінің 

шығымдылығымен  және  тағы  басқалары.  Кәсіпорындардың  рационалды  мамандануы  жерді 

өндірістің,  еңбектің  және  материалдық  құралдардың  басты  құралы  ретінде  неғұрлым  тиімді 

пайдалануға септігін тигізеді. Тиімділікті жалпы, тауарлы өнімнің көлемі, жалпы және таза табыстың 

келесілерге шаққандағы көлемі бойынша анықтауға болады: 

•100 га ауыл шаруашылық жеріне және 100 га жыртындыға; 

•1 жұмыскерге және 1 адам күнге (адам-сағатқа); 

•100 тг негізгі өндірістік қорларға; 

•100 тг барлық өндірістік шығындарға. 

Бұл  көрсеткіштердін  әр  қайсысы  өндірістік  ресурстарды  пайдалану  бойынша  экономикалық 

ақпарат  береді.  Мысалы,  жалпы  және  тауарлы  өнімнің  жер  ауданының  бір  бірлігіне  шаққандағы 

көлемі  ауыл  шаруашылық  өндірістің  басты  құралы  -  жердін  пайдалану  деңгейін  сипаттайды.  Бұл 

көрсеткіштердін  қатынасы  шаруашылықтың  тауарлылығы  туралы  толық  көрініс  береді.  Жер 

ауданының  бір  бірлігіне  шаққандағы  жалпы  және  таза  табыс  кеңейтілген  ұдайы  өндірісті 

ұйымдастыру  тұрғысында  жерді  пайдаланудың  экономикалық  жағдайын  синтездейді.  Табысы  бар 

кәсіпорын  рентабельді  болып  саналады.  Неғұрлым  табыс  көлемі  көп  болса,  соғұрлым  өнім  көлемі 

артады.  Рентабельділік-экономиканың  маңызды  категориясы.  Ол  кәсіпорынның  табыстылығы  мен 

мен тиімділігін көрсетеді. Табыстылық дегеніміз - табыстан кеткен шығынды азайту. Рентабельділік - 

ауыл шаруашылық өндірісінің тиімділігін қорытындылаушы көрсеткіш. Ол кәсіпорынның пайдалы, 

табысты жағын көрсететін экономикалық категория. Онда шаруашылықтың не саланың еңбек, жер, 

су, материалдық ресурстарын пайдалану тиімділігі көрініс табады [2]. 

Нарық  жағдайында,  экономикалық  дамуды  әрі  қарай  жалғастыруда,  өндірістің  тиімділігін 

арттырудың  бағыттарын,  олардың  өсу  факторлары  мен  тиімділікті  анықтаудың  әдістерін  анықтау 



347 

 

маңызды  міндет  болып  табылады.  Экономикалық  тиімділікті  анықтау  үшін  өндіріс  үрдісіне  әсер 



етуші түрлі факторларды анықтау керек. Экономикалық тиімділікті бағалағанда нәтижеге әсер етуші 

факторларды  есептейміз.  Ауыл  шаруашылығы  өндірісінің  тиімділігіне  егіннің  дұрыс  пісуі,  мал 

шаруашылығындағы  өнімділік  және  т.б.  сонымен  қатар  еңбек  шығындарын  есепке  аламыз.  Ауыл 

шаруашылығы  тиімділігіне  әсер  етуші  факторлар  көп  және  алуан  түрлі. Біреулері  ауыл 

шаруашылығы  ұжымдарының  қызметіне  байланысты,  ал  біреулері  технология  мен  өндірістік 

ресурстарды  пайдаланып,  ғылыми-техникалық  прогресіне  жету  арқылы  ұйымдастыру  болып 

табылады. Табыстың өсуі өнімнің сапасының жетілдірілуіне байланысты. Сапасыз және стандартсыз 

тауарлардың  нарықта  арзан  бағамен  сатылады  және  кейде  нарықтан  шығады.  Әсіресе,  ауыл 

шаруашылығында  бидай,  қанттың,  жемістердің,  сүттің  сапасының  маңызы  зор.  Табысқа  әсер  етуші 

факторлар бір-бірімен  тығыз  байланысты  және  1 фактордың  өзгерісі келесі  факторларға  әсер  етеді. 

Ауыл  шаруашылығы  өндірісінің  тиімділігін  арттыру  жолдарының  бірі  ол  ЖҰӨ  арттыру, 

шығындарды  азайту  және  оның  өнімділігін  арттыру.  Өндірістің  соңғы  нәтижесіне  оның  өндіріске 

кеткен  материалдық-қаржылық  шығындар  әсер  етеді  [4].  Өндіріс  көлемінің  артуы,  сапасының  өсуі, 

шығындардың  аз  болуы  көлік  шаруашылығының  дамуына,  өндірістің  тиімділігінің  артуына  ықпал 

етеді.  Ауыл  шаруашылығы  өндірісінің  экономикалық  тиімділігін  арттыруда  өнімнің  өткізу 

арналарының  да  маңызы  зор.  Ол  арқылы  халықтың  қажеттіліктерін  қанағаттандырады,  табыстың 

өсуіне әкеледі. 

Ауыл шаруашылығы өндірісінің экономикалық тиімділігін жетілдіру жолдары: 

1. Ауыл шаруашылығы өнімдерінің өндіріс көлемін арттыру: 

- Ауыл шаруашылығы өнімдерінің өнімділігі 

- Ауыл шаруашылығының жануарларының өнімділігі 

- Ауыл шаруашылығы өнімдеріне шығынның төмендеуі мен сапасының артуы 

- Ауыл шаруашылығы өнімдерінің тауарлылығы 

2. Ауыл шаруашылығы өнімдеріне кеткен материалдық-қаржылық шығынның төмендеуі. 

3. Өнімнің бағасының жүйесі және өнімді өткізу арналарының дамуы [6]. 

Осы мақалада бәсекелестікке қабілетті экономиканың маңызды бір бөлігі – ауыл шаруашлығы 

саласының  бәсекелестікке  қабілеттілігін  теориялық  негіздемеге  сүйене  отырып,  кәсіпорын 

мысалында  көрсетуге  тырыстым.  Ауыл  шаруашылық  кәсіпорындарының  оңтайлы  көлемдерінің 

критериі-бұл  барлығынан  бұрын  жоғарғы  өндірістің  нәтижелері,  жоғарғы  еңбек  өнімділігі  және 

өндірістің рентабельдігін қамтамасыз етеді. Ауыл шаруашылығы – бұл экономиканың жетекші негізгі 

буыны  болып,  еліміздің  экономикалық  әлеуеттілігінің  дамуына,  халқымыздың  әлеуметтік-

экономикалық  тұрмыс  дәрежесінің  өсуіне  тікелей  ықпал  жасайтын  қоғамдық  өндірістің  жетекші 

саласы  болып  табылады.   Сондықтан  да  қазіргі  кезеңде  еліміздің  аграрлық  саясатындағы  басты 

мәселе — ауыл шаруашылық өндірістің материалдық техникалық базасын нығайту, қазіргі заманғы 

жаңа  техникамен  және  технологиялық  әдіспен  жабдықталған  ауыл  шаруашылық  кәсіпорындарын 

қалыптастыру негізгі бағдарлама болып табылады. Қазақстан экономикасында ауыл шаруашылығын 

өркендету  деңгейі  қазақстандықтардың  қоғамдық  саяси  және  экономикалық  тұрақтылықтың  негізгі 

факторы  болып  саналады.  Сондықтан  да  аталған  іс-шаралар  қазіргі  таңда  ауыл  шаруашылығының 

экономикалық  жағдайларын  жетілдіру,  өндіріске  инвестицияларды  тарту,  өндірісті  кешенді  түрде 

механикаландыру  және  олардың  экономикалық  тиімділігін  арттыру  жолымен  іске  асады. 

Экономиканың  тиімді  дамуын  ынталандырудың  экономикалық  механизмі  ғылымға,  жаңа 

технологияға, жаңа білімге, адам капиталын нәтижелі қолдануға негізделуі қажет.  

 

ӘДЕБИЕТТЕР: 

1  Мыңатаев  М.М.,  Мырзагельдиева  Ж.М.    Кәсіпорын  экономикасы.  Алматы:    Экономика,                          

2011 – Б. 56.  

2    А. Мұқашев. Ауыл шаруашылығы өндірісінің экономикалық тиімділігін арттырудың 

ілімдік негіздері. 2003 ж.-№5.  

3   Мейірбеков А.Қ., «Кәсіпорын экономикасы», Алматы – 2003. 

4   М. Н. Малыш. // Аграрная экономика. Учебник. Санк-Петербург 2002. 

5   Хайруллина, Д.Р. Малый бизнес в экономике региона: состояние и перспективы развитие/ 

Д.Р. Хайруллина//XVI Нижегородская сессия молодых ученых. Гуманитарные науки, - Н. Новгород: 

НИУ РАНХиГС, 2012, -С. 36-38. (0,14 п.л.). (https//dvs.rsl.ru). 

6.  Градобоев Е. В.  «Система показателей комплексной оценки эффективности 

функционирование предприятия», Иркутск – 2007. (https//dvs.rsl.ru). 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   58




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет