Х а б а р ш ы с ы в е с т н и к государственного



Pdf көрінісі
бет46/58
Дата27.02.2017
өлшемі7,72 Mb.
#5028
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   58

Пайдаланған әдебиеттер: 

1.М.Әуезов.  «Ы.Алтынсарин» . // Шолпан. №6,1923 ж. 

2.Сембаев А.И. История развития советской школы в Казахстане. Алматы.-1972. 

3.ҚРОММ.64-қор.1 тізбе,125-іс, 23-парақ 

4.Обзоры Тургайской области  за 1893 год. Оренбург.-1894. 

5.Обзоры Тургайской области за 1896 год. Оренбург.-1897. 

6.Орынбор облысының мемлекеттік мұрағаты.6-қор, 10 тізбе, 8239-іс. 

 

СОСТОЯНИЕ  УЧЕБНО-ПРОСВЕТИТЕЛЬСКОЙ ДЕЯТЕЛЬНОСТИ В ТОРГАЙСКОЙ 



ОБЛАСТИ КОНЦА ХІХ-ГО НАЧАЛО ХХ ВЕКА                                                                                                   

(на материале "Обзоры Торгайской области")                                                                                                                                            

Г.C. Конкина, А. Б. Анасова         

 

В данной статье на основе материалов  "Обзоры Тургайской области"  рассматривается  

общее состояние образования Тургайской области. 

 

STATE EDUCATION TURGAY REGION IN THE LATE XIX – EARLY  XX CENTURIES                              

(on the basis of "Surveys Turgay region")                                                                                                       

G.S. Konkina, A.B. Anasova  

 

In this paper, on the basis of " Surveys Turgay region " considered the general state of education 

Turgay region.  

315 

 

ӘОЖ 94:339 (574+470)                                                                                                                                                      



Қ.Қ.Байсарина, Н.Е.Уаханова                                                                                                                                      

Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті 

 

ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАН МЕН РЕСЕЙ ФЕДЕРАЦИЯСЫ АРАСЫНДАҒЫ 

ЭКОНОМИКАЛЫҚ БАЙЛАНЫСТАРДЫҢ  ҚАЛЫПТАСУ МЕН ДАМУ КЕЗЕҢДЕРІ 

(1991-2011 жж). 

 

Аннотация: Бұл мақалада Тәуелсіз Қазақстан мен Ресей мемлекеті арасындағы екіжақты 

экономикалық байланыстар баяндалады

Кілт  сөздер:  экономика,  стратегия,дипломатия,  коммуникация,инвестиция,консулдық, 

меморандум, одақ,транзит,форум. 

 

Қазақстанның сыртқы саясатының басты бағыттарының бipi Ресеймен қарым-қатынас болып 



табылады. Бұл мемлекетпен біздің ел көп жылдар бойы тығыз қарым-қатынаста болып келеді. Өзара 

бөлісіп  жатқан  мемлекеттік  шекараның  ұзындығының  өзі  7591  шақырымға  созылып  жатыр. 

Мемлекетаралық  достастық  екі  бipдeй  президенттің  және  екі  ел  халқының  өзара  тығыз  байланысы 

арқасында  дамып  отыр.  Сонымен  қатар  Қазақстан  мен  Ресей  арасында  отын-энергетикалық  кешен, 

көлік  және  коммуникация,  әскери-техникалық  және  қорғаныс  өнеркәсібі  caлалары  бойынша 

байланыс  орныққан.  Қазақстан-Ресей  қарым-қатынасының  біртұтас  спектрі  көптеген  екі  жақты 

құжаттар  және  келісімдермен  реттелуде.  Екі  жақты  қарым-қатынаспен  қоса  екі  бipдeй  мемлекет 

аймақтағы  әскери-саяси  және  экономикалық  сипаттағы  көптеген  аймақтық  ұйымдар  шеңберінде 

өзара белсенді әрекеттесуде.Сөз тиегі болып отырған Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы, Еуразиялық 

Экономикалық Қауымдастығы, Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы және Ұжымдық қауіпсіздік туралы 

келісім  Ұйымдары.  2012  жылы  Қазақстан  мен  Ресей  өзара  дипломатиялық  қарым-қатынас 

құрғанының 20 жылдығын атап өтеді [1;17]. 

Қазақстан  Республикасы  мен  Ресей  Федерациясы  арасындағы  ынтымақтастық   туралы  1991 

жылы Ресей Федерациясы Қазақстан Республикасының  мемлекеттік егемендігін таныды. 1992 жылы 

қазан айында Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасында дипломатиялық қатынастар 

орнатылды. 1992 жылы – Қазақстан Республикасында Ресей Федерациясының Елшілігі ашылды. 1992 

жылы  –  Ресей  Федерациясында  Қазақстан  Республикасының  Елшілігі  ашылды.  Ресей 

Федерациясында Қазақстан Республикасының Санкт-Петербург қаласындағы Бас Консулдығы және 

Астрахань  мен  Омбы  қалаларында  Консулдықтары  жұмыс  жасайды.  Қазақстан  Республикасында 

Ресей  Федерациясының  Алматы  қаласындағы  Бас  Консулдығы  және  Орал  қаласында  Консулдығы 

жұмыс  жасайды.  2009  жылдың  14  тамызынан  бастап  Ресей  Федерациясындағы  Қазақстан 

Республикасының  Төтенше  және  Өкілетті  Елшісі  –  Зауытбек  Қауысбекұлы  Тұрысбеков.  2006 

жылдың қараша айынан бастап Қазақстан Республикасындағы Ресей Федерациясының Төтенше және 

Өкілетті Елшісі – Михаил Николаевич Бочарников.Екі жақты ынтымақтастықтың маңызды аспектісі 

сауда-экономикалық байланыстар болып табылады. Ресей Қазақстанның ең ірі сауда әріптесі болып 

табылады.  Екі  жақты  сауда  айналымының  үлесі  Қазақстан  Республикасының  бүкіл  сыртқы  сауда 

көлемінің  10  пайыздан  астамын  құрайды.  2010  жылы  10  желтоқсанда  Мәскеу  қаласындағы  ҰҚШҰ 

және  ТМД  саммиті  барысында  екі  елдің  мемлекет  басшыларымен  қол  қойылған  Қазақстан 

Республикасы Президенті және Ресей Федерациясы Президенті Бірлескен мәлімдемесімен 2011-2012 

жылдарға  арналған  Бірлескен  іс-қимыл  жоспары  бекітілді.  Қазақстан-Ресей  жылу  энергетикасы 

кешеніндегі  ынтымақтастықты  одан   әрі  тереңдетудің   маңызды  элементі  Каспий  құбыр  желісі 

консорциумын  2015  жылға  дейін  жылына  33-тен  67  млн.  тоннаға  дейін  ұлғайтудың   принциптері  

туралы  Меморандумға   қол   қою   болды.  Оның  ішінде,  қазақстандық  мұнайды  жылына  –  52,5  млн. 

тоннаға арттыру. Каспий құбыр желісі консорциумының құбыр желісі жүйесінің механикалық күшін 

екі  еседен  аса  кеңейту  бойынша  жобаны  инвестициялау  жөніндегі  толық  шешімге  2010  жылы  15 

желтоқсанда қол қойылды. Құрылыс жұмыстары 2011 жылы көктемде  басталады [2;525]. 

Қазақстан  мен  Ресей  екі  жақты  ауқымда  Каспий  теңізінің  қайраңын  бөлу  туралы  мәселені 

шешті.  Жер  қойнауын  қолдану  мақсатында  Каспий  теңізінің  түбінде  біздің  елдерді  бөліп  тұратын 

түрлендірілген  орта  сызық  жүргізілгендігі,  сонымен  қатар  «Құрманғазы»,  «Центральная»  және 

«Хвалынское»  кен  орындарының  құрылымдарын  жасау  бойынша  бірлескен  жұмыстарды 

ұйымдастыру  белгіленді.  2010  жылы  7  қыркүйекте  Өскемен  қаласында  Қазақстан  Республикасы 

Үкіметі мен Ресей Федерациясы Үкіметі арасында «Имашевское» трансшекаралық газконденсат кен 

орнын геологиялық зерттеу және барлауды бірлесе жүргізу жөнінде келісімге қол қойылды. Каспий 


316 

 

теңізінің  ресейлік  секторында  орналасқан  Хвалынское  және  Центральная  кен  орындарының  өнімін 



бөлу  бойынша  келісімге  қол  қоюды  ұйымдастыру  бағытындағы  қызметтер  жалғасуда.  Бұл 

жобалардың жүзеге асуы тараптардың ЖЭК саласындағы өзара іс-әрекеттерін нығайтуға, аймақтың 

әлеуметтік-экономикалық  жағдайын  жақсартуға,  сонымен  қатар,  шетел  нарықтарына  көмірсутек 

экспорты  көлемін  арттыруға  жағдай  жасайды.  Қазақстан  газын  өндірудің  және  оны  іске  асырудың 

артуына  байланысты,  газды  Ресейде  өңдеу  бойынша  өзара  іс-қимыл  және  оны  экспортқа  шығару 

үшін  ресей  көлік  инфрақұрылымын  пайдалану  белсенділігі  арттырылды.  Одан  басқа,  екі  жақты 

қатынастардың  маңызды  құрамдарының  бірі  өзбек  және  түрікмен  табиғи  газын  Ресейге,  одан  әрі 

Украина мен Еуропаға тасымалдау болып табылады. 2007 жылы желтоқсанда Қазақстан, Ресей және 

Түрікменстан Үкіметтері арасында Каспий маңы газ желісі құрылысындағы ынтымақтастық туралы 

келісімге  қол  қойылды.  Ол  бойынша  Тараптар  түрікмен  және  қазақстан  табиғи  газын  Қазақстан 

Республикасы,  Ресей  Федерациясы  мен  Түрікменстан  аумақтары  арқылы  тасымалдау  үшін 

қолданыстағы «Окарем – Бейнеу» және «Орталық Азия – Орталық»  газ желісін қайта құруды есепке 

ала отырып, «Белек» (Түрікменстан) компрессорлық бекетінен бастап «Александров Гай» (Ресей) газ 

өлшейтін  бекетіне  дейін   Каспий  маңы  газ  желісі  құрылысын  іске  асыруды  қамтамасыз  етеді. 

“Байқоңыр” кешенін бірлесе пайдаланудың нормативті-құқықтық базасын жетілдіру бойынша жұмыс 

жалғасуда.  2009  жылы  Ресей  Федерациясы  Үкіметі  мен  Қазақстан  Республикасы  Үкіметі  арасында 

“Байқоңыр”  кешеніне  келіп-кету  және  “Байқоңыр”  ғарыш  айлағы  қызметкерлеріне,  Байқоңыр 

қаласының, Төретам, Ақай ауылды мекендері тұрғындарына медициналық қызмет көрсету жөніндегі 

келісімдерге,  сонымен  қатар  Байқоңыр  қаласының  мәртебесі  жөніндегі  Келісімге  өзгерістер  енгізу 

бойынша хаттамаға қол қойылды (банк жүйесіне байланысты). Қазіргі таңда ғарыш саласында өзара 

әрекеттесу жөнінде екі жақты құжаттардың 14 жобасы келісілу кезеңінде.  

Қазақстан  және  Ресей  аумағы  арқылы  Батыс  Еуропаны  Батыс  Қытаймен  жалғайтын  жоба 

бойынша сарапшылар жұмыс жүргізуде. «Санкт-Петербург – Мәскеу – Қазан – Орынбор – Ақтөбе – 

Қызылорда  –  Шымкент  –  Алматы  –  Хоргос  –  Ляньюньгань  кемежайы»  жол  жүру  бағыты 

салынуының  маңыздылығы  біздің  елдерді  әлемдік  жүк  тасымалдау  жүйесіне  біріктіруге  және 

транзиттік  операциялардан  түсетін  табысты  өсіруге  мүмкіндік  береді.  Трансазиаттық  теміржол 

магистралінің  Солтүстік  дәлізі  өзегі  болып  табылатын  Еуроазиаялық  транзиттік  дәлізді  дамыту 

бойынша шаралар қабылдануда.  Екі мемлекет аумағымен жүк тасымалына қолайлы тарифтік жағдай 

жасау бойынша жұмыстар атқарылуда  [3;535]. 

2010 жылы 7 қыркүйекте Кедендік одақтың транзиттік әлеуетін тиімді іске асыру саласында 

Қазақстан  және  Ресей  темір  жолдарының  өзара  ынтымақтастығы  меморандумына  қол  қойылды. 

Қазақстанның   Атырау   және   Маңғыстау   облыстарының  тұтынушыларына  Астрахан-Маңғышылақ 

су  құбыры арқылы Еділ өзенінің суын  беру  жүзеге  асуда. 2010  жылдың  қорытындысы  бойынша 

су  беру  көлемі 21 млн.361 мың текше  метр болды және 2009 жылғы осы  кезеңмен  салыстырғанда  

2 млн. 435 мың текше  метрге немесе 13% ұлғайды. Ақтау – Астрахань, Ақтау – Махачкала паромды 

желісі  ашылды.  Әскери  және  әскери-техникалық  сала  бойынша  ынтымақтастықтың  негізі  1994 

жылғы  28  наурыздағы  Қазақстан  Республикасы  мен  Ресей  Федерациясы  арасындағы  әскери 

ынтымақтастық  туралы  келісім  және  1994  жылғы  28  наурыздағы  Қазақстан  Республикасы  Үкіметі 

мен  Ресей  Федерациясы  Үкіметі  арасындағы  әскери-техникалық  ынтымақтастық  туралы  келісім 

болып табылады. 2009 жылы 11  қыркүйекте  Орынбор қаласында Қазақстан Республикасы мен Ресей 

Федерациясының  Қарулы  күштері  мүддесіне  сай  әскери-техникалық  саладағы  ынтымақтастықта 

біріккен жұмыстар бағдарламасын іске асыру туралы үкіметаралық келісімге  қол қойылды, сонымен 

қатар  2008-2012  жылдарға  арналған  Қазақстан  Республикасы  мен  Ресей  Федерациясының  қарулы 

күштері  мүддесіне  сай  әскери  мақсаттағы  өнімдерді  жеткізіп   тұруда  Үкіметаралық  Бағдарламаны 

дайындау бойынша жұмыстар  жүргізілуде. 2010  жылы 8 желтоқсанда Мәскеу қаласында Қорғаныс 

мекемелерінің  басшылары  Қазақстан  Республикасы  мен  Ресей  Федерациясы  қорғаныс 

министрліктерінің 2011 жылға арналған ынтымақтастық Жоспарына қол қойды.  

Қазіргі таңда, Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасында әскери және әскери-

техникалық  ынтымақтастықтың  түрлі  аспектісі  бойынша  60  аса  құжатқа  қол  қойылған.  Құрылған 

нормативті-құқықтық база жедел әскери дайындықтың бірлескен іс-шараларын ғана өткізіп қоймай, 

сонымен  қатар  Қазақстан  Республикасының  әскери  қызметкерлерін  Ресей  әскери-оқу  орындарында 

оқыту  және  қару,  қарулы  техникаларды  алу,  жөндеу,  жаңартуды  жүзеге  асыруға  мүмкіндік  береді. 

Аталған салада Ресей Федерациясымен әскери ынтымақтастықтың сараптамасы 1996 жылдан бастап 

қазіргі  кезге  дейін  Ресей  Федерациясының  әскери  академияларында,  университеттерінде,  әскери 

училищелері мен институттарында, академиялық және офицерлік курстарда, офицерлік адъюнктарда 

(докторантураларда),  Бауман  атындағы  ММТУ-де  Қазақстан  Республикасының  3600  әскери 



317 

 

қызметкері  оқуларын  бітіргендігін  көрсетеді.  Қазіргі  таңда,  Ресей  Федерациясының  42  әскери  оқу 



орнында  және  оқу  орталықтарында  1000  қазақстандық  әскери  қызметкер  толық  оқу  бағдарламасы 

мен қысқа мерзімді курстарда дайындық өтуде. Қазақстандық әскери қызметкерлер Ресейде жеңілдік 

жағдайларында 

оқиды. 


Қазақстан 

тарапы 


өзіне 

тыңдаушылар 

мен 

курсанттарды 



қамтамасыздандыруды алады, ал Ресей тарапы олардың оқуын өз қаражаттары есебінен төлейді.  

Қазақстан-Ресей  қатынастарында  шекара  маңы  ынтымақтастығы  маңызды  орын  алады.  Әр 

жыл сайын ҚР және РФ Мемлекеттер басшылары қатысуымен Шекара маңы өңірлері жетекшілерінің 

форумы  өткізіледі.  Онда  екі  жақты  ынтымақтастықтың   неғұрлым  өзекті  мәселелері,  сондай-ақ 

табиғатты  пайдалануда  бірыңғай  стандарттарды  қолдану,  өзендерді,  су  қоймаларын  және  басқа  да 

табиғат  ресурстарын  бірлесе  пайдалану  туралы  талқыланады.  2008  жылы  22  қыркүйекте  өткен 

шекара маңы өңірлері жетекшілерінің бесінші Форумы ерекше орын алады. Белгілі болғандай, оны 

мемлекет  басшылары  Өңіраралық  ынтымақтастық  форумы  етіп  кейпін  өзгерту  туралы  шешім 

қабылдады [4;56]. 

Мемлекет  басшылары  қатысуымен  болатын  Қазақстан  мен  Ресейдің  кезекті  VII  Өңіраралық 

ынтымақтастық  форумы   2010  жылы  6-7  қыркүйекте  Өскемен  қаласында  өтті.  Форумның  негізгі 

тақырыбы  «Тұрақты  даму  және  жоғары  технологиялар  саласындағы  ынтымақтастық”  ретінде 

анықталды. Форум шеңберінде 3 үкіметаралық келісімдерге қол қойылды: өңіраралық және шекара 

маңы  ынтымақтастығы;  “Имашевское”  трансшекаралық  газ  конденсат  кен  орнын  геологиялық 

зерттеу  және  барлауды  бірлесе  жүргізу;  трансшекаралық  су  нысандарын  бірлесе  пайдалану  және 

қорғау жөнінде. 

 Форумның  өткізілуі  Қазақстан  және  Ресей  кәсіпорындары  арасында  тығыз  іскерлік 

байланысты  дамытуға,  әлемдік  қорларды  сақтайтын  және  табиғатты  қорғайтын  технологияларды  

қолдануды  ескере  отырып,  өнеркәсіпте  және  ауылшаруашылықта  экологиялық  саясатты  құруға, 

экономикалық   өсуді  қамтамасыз  етуге,  экономиканың   бәсекеге   қабілеттілігіне,  халықтың 

әлеуметтік   әл-ауқатының  артуына  мүмкіндік  жасады.  Қорларды  тиімді  пайдалану  және  екі 

мемлекеттің трансшекаралық су нысандарын қорғау мәселелері бойынша өзара әрекеттерді нығайту 

бағытында  шаралар  атқарылуда.  Орал  өзенінің  экожүйесін   сақтау,  Ресей  Федерациясы  аумағынан 

Қазақстан  Республикасы  аумағына  су  ресурстарын  жеткізу  мәселесі,  сонымен  қатар  Ертіс  өзенін 

тиімді  бірлесе  пайдалану  және қорғау  бойынша  Үкіметаралық  комиссия және Мемлекетаралық қор 

құру  бағытында  жұмыс  атқарылуда.  Осы  бағыттағы  қызметті  жетілдіру  мақсатында  2010  жылы 

қыркүйекте  Ресей  Федерациясының  Үкіметі  мен  Қазақстан  Республикасының  Үкіметі  арасындағы 

трансшекаралық  су  нысандарын  қорғау  және  бірлесе  пайдалану  жөнінде  келісімге  қол  қойылды 

[5;350]. 

Мәдени-гуманитарлық  саладағы  байланыс  одан  әрі  дамуда.  2010  жылы  желтоқсанда  Тверь 

облысының  Ржев  қаласында  100  және  101  қарулы-атқыш  бригада  әскерлеріне  арналған  ескерткіш 

ашылды  және  “Жеңіс  поезын”  ұйымдастыру  орын  алды.  Сонымен  қатар,  Бауыржан  Момышұлы 

атындағы  №  229  және  Алия  Молдағұлова  атындағы  №  891  орта  мектептерін  жаңа  оқу-техникалық 

жабдықтармен  қамтамасыз  ету  аяқталды.  Мәскеу  метрополитенінің  Люблинско-Дмитровский 

линиясының  бір  бекетін  “Қазақстандық”  деп  атау  келісілді.  Қазақ  мемлекеттігінің  қалыптасуында 

тарихи  маңызға  ие  ескерткіштерді  мәңгі  есте  қалдыру  мақсатында,  бірінші  қазақ  үкіметі  Алаш 

Орданың 1917-1920 жылдардағы. отырыстары, Бірінші және екінші Жалпы қазақтық съездері өткен, 

1913-1918  жылдары   “Қазақ”  газетінің  редакциясы  орналасқан  және  оның  бас  редакторы  Ахмет 

Байтұрсынов  тұрған  үйлерде  мемориалды  тақтайшалар  қойылды.  Елшінің  РФ  Мемлекеттік  Дума 

төрағасы  Б.Грызловпен  және  РФ  жетекші  ЖОО  ректорларымен  кездесуі  нәтижесінде  көпбалалы, 

жағдайы  төмен  отбасылардан  шыққан  жас  қазақстандықтар  үшін  инженерлік-  техникалық 

мамандықтарға қосымша квота бөлу жөнінде келісімге келді. Екі мемлекет азаматтарының құқықтық 

теңдігін, халықтардың мәдениетін дамытуды, білім алу, сонымен қатар ұлттық ерекшеліктерді сақтау 

және дамыту, діни-рухани қажеттіліктері және ана тілінде оқытуды қамтамасыз ету үшін жағдайлар 

жасалды.Тұтас  алғанда,  2010  жылдың  ішінде  Қазақстан  мен  Ресей  Президенттері  10  рет  кездескен. 

Мұның   барлығы  екі  жақты  қатынастардың  тұрақты   түрде   жаңа   сапалы   деңгейге  көтеріліп, 

достық,  тату  көршілік пен стратегиялық  әріптестіктің  сақталып  отырғандығын  көрсетеді. Аталған  

кездесулер  барысында қол жеткен  уағдаластықтарды жүзеге  асыру екі  жақты  ынтымақтастықтың 

деңгейін көтеруге зор мүмкіндік алады  [6;147].                                          

 


318 

 

Қолданыған әдебиеттер: 

1.Қазақстан-Ресей бірлескен мазмұндамасы / Егемен Қазақстан.2001.№202.-17б. 

2.Т.С.Сүлейменов,  Б.Ж.Сомжүрек,  Р.С.Елмырзаева.  Қазақстан  Республикасының  сыртқы 

саясаты. –Алматы: 2012.- 525 б. 

3.Мансұров  Т.  А.  Қазақстан  және  Ресей:  егемендену,  кірігу,  стратегиялық  әріптестік 

тәжірибесі. А., «Қазақстан», 1999; -535 б. 

4. С.Абдулпаттаев . Қазақстан-Ресей қатынастары./Ақиқат 2006. №3.-56 б. 

5.Н.Назарбаев. «Сындарлы он жыл». А: «Атамұра» 2003 . -350 б. 

6.Назарбаев Н. А. Тәуелсіздігіміздің бес жылы. Алматы,- 1996. -147б. 

 

ПЕРИОДЫ РАЗВИТИЯ И СТАНОВЛЕНИЯ ЭКОНОМИЧЕСКИХ СВЯЗЕЙ МЕЖДУ 

НЕЗАВИСИМЫМ КАЗАХСТАНОМ И РОССИЙСКО  Й ФЕДЕРАЦИИ (1991-2011 гг.) 

 

Данная  статья  посвящена  изучению  периода  становления  и  развития  экономического 

партнерства  Суверенного    Казахстана  и  России  в  (1991-2011)  годах.Полностью  рассмотренны 

этапы развития экономического и стратегического партнерства между двумя странами. 

 

THE PERIOD OF DEVELOPMENT AND ESTABLISHMENT OF ECONOMIC 



RELATIONS BETWEEN SOVEREIGN   KAZAKHSTAN AND THE RUSSIAN FEDERATION  

(1991-2011) 

 

This  article  to  the  study  period,  the  formation  and  development  of  economic  partnership  of  

sovereign  Kazakhstan and Russia ( in years 1991-2011 ). Fully considered the stages of  development  of 

economic and strategic partnership between the to countries. 

 

 

ӘОЖ 94 (574) “12” 



Н.Т. Абдимомынов

 

                                                                                                                                                              

Тараз инновациялық-гуманитарлық университеті, Тараз қ.

 

 

ЖОШЫ ҰЛЫСЫНЫҢ ҚҰРЫЛУ ТАРИХЫ 

 

Мақалада 13 ғ. 1-ші жартысында Шыңғысхан және оның ұрпақтарының сырт аймақтарға 

жасаған жаулаушылық жорықтарының нәтижесінде Дешті Қыпшақта құрылған Жошы ұлысының 

құрылуы  кезеңінің  тарихын  зерттеу  көзделген.  Тақырыпқа  қатысты  араб-парсы,  түрік,  монғол 

деректері кеңінен қолданылған, шетелдік және отандық зерттеушілердің пікірлері сарапталған. 

Түйін  сөздер:  Шыңғысхан,  Жошы,  моңғолдардың Хорезм жорығы  (1219-1224  жж.),  Жошы 

ұлысы. 

 

Жошы  ұлысы  –  ХІІІ  ғ.  бірінші  жартысындағы  Шыңғыс  хан  және  оның  қолбасшылары, 



ұрпақтары бастаған моңғолдардың сырт аймақтарға жасаған жорықтарының нәтижесінде иемденген 

ұлан-ғайыр территорияның ұлыстық жүйеге бөлінуінің нәтижесінде құрылған мемлекеттік құрылым 

(ұлыс).  Шыңғыс  ханның  көзі  тірісінде  монғол  әскерінің  Орман  халықтарын  (Селенгі  мен  Енисей 

аралығын  мекендеген  түркі  халықтары),  Ұйғырларды,  Қара-қидан  мемлекетін,  Хорезмді,  Солтүстік 

Қытайды  бағындыруы  есебінен  империя  шекарасы  орасан  зор  аймаққа  кеңейді.  Ұшы-қиырсыз  кең 

аймақтарда  жаңадан  ғана  бағындырылған  жерлерді  егер  тиімді  басқармайтын  болса,  онда  бұл 

аймақтардағы  монғол  билігінің  уыстан  оңай  шығатын  Шыңғысхан  білді.  Сондықтан  империяны 

сақтап қалудың жалғыз жолы – ұлыстық жүйе арқылы басқару болды. Бұл жөнінде неміс зерттеуші Б. 

Шпулердің пікірінше, Қыпшақ даласындағы Жошы ұлысының құрылуы Шыңғыс хан империясының 

концепциясы  негізінде  жүзеге  асырылған.  Жошы  ұлысының  құрылуы  Шыңғыс  ханның  негізгі 

жоспарында  болды,  ал  бұл  мемлекеттік  құрылым  (ұлыс)  монғол  империясының  орасан  зор 

территориясын бір орталықтан басқарудың мүмкін еместігіне байланысты пайда болды деген еді [1, 

10-11].  Ал  австриялық  зерттеуші  Й.  Хаммер-Пургшталдың  айтқанындай,  ұлыстың  құрылуы 

Жошының  да,  әкесі  Шыңғыс  ханның  да  идеясы  негізінде  жүзеге  асырылып,  ұлы  қаған  өз  ұлына 

территориялық  экспансиялаудың  бағытын  көрсетті,  ал  Қыпшақ  даласы  Жошыға  әкесінің  (Шыңғыс 

хан)  құрған  ұлы  империядан  үлесі  ретінде  берілген  еді  дейді  [2,  89-90].  Мұнымен  толық  келісуге 

болады.  Өйткені,  Шыңғыс  хан  әскери  стратегиялық  жоспарына  сәйкес,  тұңғыш  ұлына  Моңғолия 


319 

 

территориясынан тыс аймақтарға территориялық экспансиялаудың бағыт-бағдарын нұсқады. Жошы 



бастаған  қол  1207-1208  жылдары  Орман  халықтарына  қарсы  жорыққа  аттанып,  бұл  аймақты  қан 

төгіссіз  бағындырған  соң,  Шыңғыс  хан  тұңғыш  ұлына  ризашылықпен  осы  аймақты  иелік  енші 

ретінде берген еді.  

Бұл  жөнінде  «Моңғолдың  құпия  шежіресінде»  оқиға  былайша  сипатталған:  «Қоян  жылы 

(1207  ж.)  Жошының  оң  қол  қанат  әскерлерімен  Ой-еркінге  (Орман  еліне)  аттандырды.  Бұқа  оған 

жерші болып  барды.  Ойраттың  Құдұқа бек  түмен Ойраттан  бұрынырақ ілесіп  кіріп  келді.  Ол келіп 

Жошыны  басқарып  түмен  Ойрат  жеріне  жерші  болып,  Шықшытқа  дейін  апарды.  Жошы,  Ойрат, 

Бұрыйат,  Барқұн,  Ұрсұт,  Қабқанас,  Қаңқас,  Тұбасты  бағындырып,  Түмен  Қырғыздарға  жеткенде 

қырғыздың  нояндары  Еді-ынал,  Алдыгер,  Өребек-тегін  ілесіп  бағынып,  ақсұңқар,  ақ  жылқы,  қара 

бұлғын  алып  келіп  Жошымен  кездесті.  Шібір,  Кесдім,  Байыт,  Тұқас,  Теңлес,  Төгелес,  Тас, 

Бажықыттан бергі орман ел-жұртын Жошы бағындырып, қырғыздардың түмендік, мыңдық нояндары 

мен орман елінің нояндарын ертіп алып Шыңғыс қағанға ақсұңқар, ақ жылқы, қара бұлғындарымен 

кездестірді.  Ойрат  Құдұқа  бекті  алдымен  ілесіп  бағынып,  ойратты  басқарып  ертіп  келдің  деп 

Шыңғыс  қаған  сый  тарту  ретінде  оның  ұлы  Ыналшыға  Чечейкенді  берді.  Ыналшының  ағасы 

Төрелшіге Жошының қызы Қолұйханды берді. Алақа бикені Оңғұтқа берді. Шыңғыс қаған Жошыға 

сый тарту етіп: Ұлдарымның ағасы сен үйден енді ғана шыға сала жолың болып, барған жеріңде ерді 

де, ат жылқыны да жарақаттамай, қиналмай, ырысты Орман ел-жұртын бағындырып келдің. Осы ел-

жұртты саған берейін деп жарлық етті» [3, 298-299]. Осылайша, Хорезм жорығына дейін-ақ, Хангай 

жотасы,  Байкөлден  Енисей,  Ертіске  дейінгі  кең  өлке  Жошының  құзыр  билігіне  өткен  еді.  Орман 

елімен қанаттас тұрған Хорчы ноян билігіндегі Хор Түметтер және Шыңғыс ханға өз еркімен келіп 

бағынған Ойғырдың Идиқұты, Қарлұқтың Арсалаң ханы өздерінің аймақтық билігіне ие болып қала 

бергенімен, олар әскери стратегиялық саясат тұрғысынан батыс шекара әскери тобының қолбасшысы 

Жошыға  бағынышты  болды  [4,  120].  Бірақ  Орман  жұрты  қарсылықсыз  бағынғанымен  кейінгі 

жылдары  моңғолдарға  қарсы  бас  көтеріп,  бірқатар  жерлерінде  қарсылық  әрекеттері  болған  еді. 

Осыған байланысты, «Орман жұртын» толық жаулап алу жорығы он жылға созылып, 1217-1218 жж. 

аяқталған еді. Жошының әскери бөлімі елінің батыс шекара шебін күзетіп, осында тұрып қалады [4, 

67]. Жошының Орман жұртына жасаған жорығының нәтижесінде Моңғол империясының құрамына 

қазіргі  Хакасия,  Алтай  және  Ертіске  дейінгі  кең  өлке  еніп,  моңғолдардың  өз  территориясынан  тыс 

жерде Шыңғыс хан ұрпақтарының алғашқы ұлыс-тарының құрылуының алғышарты болды [5, 47-51]. 

Ресей зерттеушісі В.В. Трепавловтың пікірінше, Шыңғыс хан және оның ұрпақтарының империяны 

құру  жолында  түрік  халықтарын  бағындырудың  маңыздылығы  аса  зор  болған  дейді.  Өйткені 

империяны  құру  үшін  түрік-моңғол  «бірлестігі»  негізінде  ол  тайпалардың  басын  біріктіретін  кең 

ауқымды әскери науқан ұйымдастыру қажет болды. Шыңғыс хан бүкіл монғол тайпаларының басын 

біріктірді.  Ал  ұлы  даланың  моңғолдар  мекендеген  аймақтан  батысқа  қарай  түрік  тайпалары  өмір 

сүрді,  демек  олардың  мекендеген  жері  болашақ  державаның  екінші  жартысы  ретінде  есептелді. 

Моңғол билеушілері үшін түріктердің тек тарихи тәжірибесі ғана емес, сондай-ақ адам ресурстарына 

негізделген әскери күш-қуаты да аса маңызды болды [5, 46-47].  

Түрік  халықтарын  бағындырудың  шешуші  кезеңі  Ертістен  Дунайға  дейін  созылып  жатқан 

Дешті  Қыпшақ  территориясын  жаулау  болды.  Сондықтан  Жошы  ұлысының  территориялық 

қалыптасуында  1219-1224  жылдары  Шыңғыс  хан  және  оның  ұлдары  мен  қолбасшылары  жасаған 

Хорезм жорығының нәтижесі маңызды орын алады. Өйткені бұл кезеңде бұл сайын даланы қыпшақ 

атауымен  әлемге  мәшһүр  болған  түрік  тайпалары  мекендеген  еді.  Осы  Қыпшақ  конфедерациялық 

тайпа  бірлестігі  негізінде  Жошы  ұлысы  құрылды  [4,  519].  Қыпшақ  тайпалары  монғол  Хорезм 

жорыған  кейін  оларға  саяси  жағынан  тәуелді  болғанымен,  қыпшақ  факторы  келешек  Жошы 

ұлысында  шешуші  рөл  атқарды.  Бұл  жөнінде  араб  авторы  әл-Омаридың  мәліметінде  былайша 

сипатталған:  «Ертеде  бұл  мемлекет  Қыпшақтар  елі  болған  еді,  бірақ  татарлар  басып  алған  соң, 

қыпшақтар  оларға  бағынышты  болды.  Содан  кейін  олар  (татарлар)  олармен  (қыпшақтармен) 

араласып,  туыстық  байланысқа  түсті,  ал  өмір  сүрген  ортаның  табиғи  және  нәсілдік  қасиеттері 

олардан  (татарлардан)  басым  түсіп,  олардың  барлығы  қыпшақтармен  бір  атаның  балалары  секілді 

болып  кетті.  Осыған  байланысты,  моңғолдар  мен  татарлар  Қыпшақ  жеріне  қоныс  теуіп,  олармен 

некелік байланысқа түсіп, олардың (Қыпшақ) жерінде өмір сүріп қалды...» [6, 174]. 

Моңғолдардың  Хорезм  жорығы  кезінде  Қыпшақ  даласын  жаулауға  аттанған  монғол 

әскерлерінің  бір  бөлігі  Жошының  қолбасшылығымен  Сыр  өзені  бойында  орналасқан  Сауран, 

Сығанақ, Женд, Ашнас, Янгикент сияқты қалаларды жаулап алды. Бұл жорықтың соңы 1222 жылдың 

көктем  айына  қарай  Үргеніш  қаласын  бағындырумен  аяқталды.  Жорық  нәтижесінде  1219-1224 

жылдары Шығыс Дешті Қыпшақ пен Мәуераннахр жері бағындырылып, Жошы ұлысы (сол сияқты 



320 

 

Шағатай  ұлысы  да)  жоғарыда  айтып  өткеніміздей,  осы  жорық  нәтижесінде  жаңадан  ғана 



бағындырылған  сырт  аймақты  тиімді  басқару  үшін  мемлекеттік  құрылым  (ұлыс)  ретінде  құрылды. 

Ортағасырлық парсы тарихшысы Джузджанидың айтқанындай, Шыңғыс-ханның ұлдары Жошы мен 

Шағатай,  Хорезм  жорығын  аяқтаған  соң,  Қыпшақ  пен  Түркістанға  қарсы  аттанып,  қыпшақ 

тайпаларын  бірінен  соң  бірін  бағындырып,  солардың  есебінен  әскерін  толықтырды.  Барлық 

тайпаларды  монғол  билігіне  бағындырды.  Ал  Шыңғыс  ханның  үлкен  ұлы  Жошы,  Қыпшақ  жерінің 

ауасының  тазалығы,  суының  мөлдірлігі,  ұлан-байтақ  жайылымының  шүйгіндігі  жағынан  әлемде 

бұдан асқан жер жоқ деп тамсанған еді деді [7, 40]. Моңғолдар бұл кезеңде Дешті Қыпшақ жерінің 

шығыс  бөлігін  бағындырғанымен,  батыс  бөлігі  әлі  де  болса  толық  бағынышты  болған  жоқ  еді. 

Шыңғыс  ханның  арнайы  тапсырмасымен  аса  тәжірибелі  қолбасшылар  Сүбэдей  мен  Жебе 

Тогучардың  таңдамалы  30 мың  әскерімен  Хорезм  хаһы  Мұхаммед  сұлтанның  соңынан  қуғынға 

аттандырды.  Моңғолдың  бір  жазылымында  осы  жорыққа  аттанар  алдында  қағанның  Сүбэдейге 

берген  тапсырмасынан  үзінді  келтіреді.  Онда  «Мұхаммедті  қолға  түсірмей  қайтушы  болмаңдар,  ... 

бұл мақсат жолында еш аяныш болуы тиіс емес. Тапсырманы үш жыл ішінде аяқтап орыс, қыпшақ 

жерін  басып  Хорезмге  оралатын  болыңдар!»  –  делінген.  Сүбэдей  жорығының  бұл  жолғы  басты 

мақсаты тек қана Мұхаммедті қолға түсіру ғана емес, оны сылтау етіп батыс Қыпшақ даласы, Кавказ, 

Русь шебіне дендеп кіріп, келешек ұлы жорықтың стратегиясын айқындау болса керек [4, 122]. Бұл 

әскери топ Каспийдің оңтүстік жағалауын бойлай жылжи отырып, Иранның батыс шебін басып өтіп, 

Ирак,  Әзірбайжан  жерінің  кейбір  елді  мекендерін  бағындырды,  ал  1222  жылы  Грузин  жеріне  аяқ 

басады.  Бұл  елдің  билеушісі  Георгий  Лаша  өзінің  60  мың  қарулы  жасақтарымен  моңғолдарға 

қарсылық көрсеткенімен, оларға қарсы ұзақ тұра алмай жеңіліске ұшырады. Моңғолдар бұдан кейін 

жергіліктілердің  көмегімен  Ширван  шатқалымен  өтіп  Кубань  шебінде  Қыпшақ  және  Алан 

тайпаларының қарсылығына тап болады. Жебе мен Сүбэдей бастаған монғол жасақтарының Аландар 

(Осетин) мен Қыпшақ тайпаларының біріккен әскерін жеңгені жөнінде парсылық тарихшы Рашид ад-

Дин  және  араб  авторы  әл-Асир  мәліметтерінде  сипатталған.  Олардың  мәліметтері  бойынша 

моңғолдар әскери айлалы әдістерді қолданып, аландар мен қыпшақтардың біріккен келісімін жояды. 

Осыдан кейін алғашында аландарды, одан кейін қыпшақтарды талқандайды. Араб авторы әл-Асирдің 

мәліметіне сәйкес, Сүбэдей мен Жебе басқарған монғол әскерлеріне қарсы тұрған аландармен бірігіп, 

шайқасып жатқан қыпшақтарға моңғолдар былайша жолдау жібереді: «...сіздермен біз етене жақын 

туыстармыз, ал аландар болса, жат-жаладан болғандықтан, оларға сендердің көмектесетін жөндерің 

жоқ.  Аландардың  діні  де,  салты  да  сіздерден  мүлдем  бөлек.  Біз  сендерге  жау  емеспіз,  не 

қалағандарыңды орындаймыз, сендер тек бізді аландармен жеке-дара қалдырсаңдар болғаны», – деді 

[8, 25]. Моңғолдар қыпшақтармен етене жақын туыстармыз деп жайдан-жай айтқан жоқ, моңғолдар 

мен  қыпшақтардың  туыстықтығының  тамыры  тереңде  жатыр  еді.  Ол  жөнінде  араб  авторы  ибн 

Халдун  мәліметіне  сәйкес,  Қыпшақтар  ертеден  бұл  сұлтанның  (Шыңғыс  хан)  және  оның 

ұрпақтарының  халқымен  (татарлармен)  тығыз  байланыста  болды.  Көп  жағдайда  татарлар  шеше 

жағынан  туыстық  қатынастыққа  түсті.  Сондықтан  Шыңғыс  хан  оларды  (қыпшақтарды)  туыс-

жақындармыз  деп  есептеді  [9,  c.  60].  Бұл  мәселеде  қыпшақтар  мен  моңғолдардың  туыстығының 

тамыры  тереңде  жатқаны  көрсетілген.  Ал  көшпенді  дала  дәстүріне  сәйкес,  тайпалар  мен  халықтар 

арасындағы  туыстық  байланыстардың  маңызы  зор  болғаны  белгілі.  Сондықтан  қыпшақтар 

моңғолдармен туыстықтың тамыры тереңде жатқанына сеніп, (немесе әл-Асирдің мәліметі бойынша, 

моңғолдардың қыпшақтарға сыйлаған ақша, киім-кешек, сый-сыяпатына алданып) аландарды шайқас 

алаңына  жеке-дара  тастап  кетті,  нәтижесінде  аландар  тас-талқан болып жеңіліске  ұшырады.  Ал әл-

Асирдің  келесі  бір  мәліметі  бойынша,  моңғолдар  Аландарды  талқандаған  соң,  бейбіт  келісім 

негізінде  жайбарақат  күй  кешкен  қыпшақтарға  қарсы  жорыққа  шықты.  Олар  тек  моңғолдардың  өз 

территориясына  аяқ  басқан  кезде  ғана  қателескендіктерін  түсінген.  Моңғолдар  дүркін-дүркін 

шабуылдар  жасап  өздерінің  берген  дүние-мүліктерінен  екі  есе  артық  олжаны  тартып  алды.  Бұл 

хабарды  естіген  басқа  қыпшақтар  шайқассыз  қаша  жөнелді.  Олардың  бірқатары  ми  батпақтарға, 

басқа қалаларға, ал басқалары  Русь  жеріне  бас  сауғалады.  Қыпшақ жерлерінің шөбі шүйгін  алқабы 

жаз бен қыс айларында жеткілікті жайылым болғандықтан моңғолдар осы жерге қалды деген еді [8, 

25].  Осыдан  кейін  1223  жылы  мамырда  Калька  өзенінің  бойында  үш  тәулікке  созылған  моңғолдар 

мен біріккен қыпшақ-орыс әскерінің арасында қырғын шайқас болады. Моңғол жазылымдарында бұл 

шайқаста  біріккен  Русь-Қыпшақ  әскері  70  мың  қарулы  қолынан  айырылғаны  туралы  хабарлайды. 

Осы  шайқаста  Русьтің бірнеше князьдері қолға  түсіп, қалғандары Днепрге қарай шегінеді.  Қыпшақ 

тайпалары да ауыр күйзеліске ұшырайды. Қыпшақ тайпаларының біршама бөлігі Дунайдан өтіп Рим 

империясының жеріне барып, ол елдің патшасы Иоанн Дукаға қызмет етеді. Қыпшақ босқындарының 

бір  бөлімі  Франк  және  Македонияға  бас  сауғалап,  қалғаны  Кіші  Азияға  өтеді.  Қайсыбір  бөлімдері 



321 

 

Русь жеріне ішкерілей түседі. Моңғол қолы екіге бөлініп, бір тобы Русьтерді өкшелей қуып Днепрге 



дейін  барады.  Енді  бір  тобы  Қырым  түбегімен  Қыпшақтардың  ізіне  түсіп  Италияның  Генуя 

билігіндегі  Судак  қаласына  басып  кіріп  үлкен  олжаға  батады.  Бұл  Шыңғыс  хан  Орталық  Азияда 

үлкен  жеңіске  жетіп,  енді  ата-жұртына  қарай  ат  басын  бұруға  дайындала  бастаған  кезеңі  болатын. 

Сүбэдей  басқарған  әскер  Калька  жеңісінен  кейін  Шыңғыс  хан  тапсырмасы  бойынша  ат  басын 

Хорезмге  қарай  бұрды.  Екі  топ  Еділ  бойында  бас  қосып,  қайтар  жолында  Еділ  Бұлғарларымен 

шайқасады. Бұлғарлар кәнігі монғол қолына төтеп бере алмай жеңіледі. Келешек Жошы ұлысының 

батыс шекара шебі осылайша қалыптасқан еді. Сүбэдей және Жебедей басқарған қол Орал жотасын 

қиып  өтіп,  Еділді  ылдилап  Жошы  қосынына  келіп,  Жошыға  тиесілі  әскери  тобын  өзіне  қалдырып, 

Сырдарияны  өтіп  Құлан  басындағы  Шыңғыс  ханға  келіп  қосылады  [4,  125].  Шыңғыс  хан  Хорезм 

жорығының  жеңісін  1224  жылы  Құлан  басында  тойлайды.  Бірақ  Жошы  бұл  кездесу  жиынға 

қатыспаған.  Ал  Хорезм  жорығы  және  кіші  Батыс  жорығында  қолға  түскен  соғыс  олжасын  бөлісу 

мәселесі  Құлан  басында  емес,  1224  жылы  күзде  Ертіс  бойындағы  Бұқа  шошығанда  болған  ұлы 

жиында шешіледі. Мұнда да Жошының өзі емес оның жақын адамдары да қатысты, бірақ бұл жолы 

Шыңғыс  ұрпақтары ішінде  ең  үлкен олжаға  ие  болғаны  Жошы  болды.  Ертістен  батысқа қарай  Қап 

таулары,  Саксин,  Бұлғарға  дейінгі  ұшы-қиырсыз  аймақ  Жошының  билігіне  өтті.  Аталған  аймақта 

Жетісудың батыс бөлігі және Еділдің құяр жеріне дейінгі жерді қоса бүкіл шығыс Қыпшақ даласын 

қамтыды. Жошы аталған алып даланың иесі (даруга) деп танылды [4, 126]. 

Бұл жөнінде Лубсанданзанның «Алтын тобчы» тарихи шығармасында былайша сипатталған: 

«Данышпан  Боғда  Шыңғыс  қаған  ұлы  Жүшиге  Қыпшақтардың  жерін  билеуге  енші  бөледі. 

Шағатайды  Сартағчиннің  жерін  билетуге  жібереді.  Жүчи  мен  Шағатай  екеуін  бөліп  жіберерде 

жарлық болдырып: «Мен сендерді жеке бөгде елге жіберіп жатқаным жоқ,  

Иеленген жерге ие болсын деп, 

Уысқа түскенді шығармасын, 

Ұлтарақ жерді ұзартсын. 

Ұлы төрді нығайтсын! – деген еді [10, 249-250]. 

Моңғолдардың Хорезм жорығынан кейін, 1224 жылы бағындырылған аймақтарды ұлыстарға 

бөлуден кейін Жошының енші иелігі Ертіс өзенінен батысқа қарай Жетісудың солтүстік бөлігін және 

Төменгі Еділ бойына дейінгі жерлерді қоса бүкіл Шығыс Дешті Қыпшақ жерін қамтыды. Ол жөнінде 

XIV  ғ.  араб  тарихшысы  ан-Нувейри  былайша  сипаттайды:  «ол  (Шыңғыс  хан)  оған  (Жошыға)  жаз 

жайлауы  мен  қыс  қыстауы  ретінде  Қойлық  пен  Хорезм  шекарасынан  Саксин  пен  Булгардың  шеткі 

шебіне дейінгі шапқыншылық кезінде татар аттарының тұяғы тиген жерлерін белгілеп берді», – деген 

еді  [8,  c.  150].  Сонымен  қатар,  Рашид  ад-Дин  мәліметіне  сәйкес,  Ертіс  өзені  мен  Алтай  тауының 

аралығында  орналасқан  барлық  аудандар  мен  ұлыстарды,  бұл  төңіректің  жаз  жайлауы  мен  қыстау 

қоныстарымен қоса, Шыңғыс хан бұл аймақты басқаруды Жошы-ханға тапсырды және оған [Жошы-

хан]  Дешті  Қыпшақ  аймағын  және  сол  өлкедегі  мемлекеттерді  бағындыруы  мен  оны  өз  иелігіне 

қосуды  мүлтіксіз  орындауға  арналған  бұйрық  берді.  Оның  орталығы  мен  елінің  астанасы  Ертіс 

маңында  болды  [11,  78-79].  Бірақ,  Жошы  1225  жылы  46-47  жасында  өмірден  ерте  озды.  Тіпті,  ол 

өмірден  кетерде  өзінің  мұрагерінің  атын  да  атамаған.  Өйткені  Жошы  жеке-дара  билеуші  емес  еді, 

империя орталығы немесе ұлы қаған әмірін атқарушы болғандықтан, Жошы ұлысының тақ мұрагерін 

«Ұлы жасақ» заңы бойынша Жошының өзі емес, империя орталығы немесе ұлы қаған анықтауға тиіс 

болды [4, 520]. 

Жошы  қайтыс  болған  соң,  оның  орнына  мұрагерлік  мәселесі  бойынша  Өтеміс-қажының 

«Шыңғыс-намесінде»  былайша сипатталған:  «...  Ежен  (Орда  Ежен  –  А.Н.) мен  Сайын  (Бату  –  А.Н.) 

хандықты бір-біріне ұсынды. Сайын хан кіші еді. Ол өзінің ағасы Еженге:  «Әке орнына әке болған 

ағам едің.  Олай болса,  сен  менің  әкемсің.  Жат  жұртқа  бара жатырмыз.  Сен  хан  бол»,  –  деді. Бұған 

Ежен:  «Менің  жасым  сенен  үлкен  екені  рас.  Бірақ  әкеміз  сені  ерекше  жақсы  көрді  де,  еркелетіп 

өсірді. Осы уақытқа дейін мен сені әлпештеп бағып, саған бағынып келдім. [Алайда], егер мен хан 

бола  қалсам,  бұрынғыдай  сенің  еркіңе  көне  алмауым  мүмкін,  содан  арамызда  ұрыс-керіс  пен 

өшпенділік пайда болады. Мен сенің хандығыңа шыдармын, ал сен менің хандығыма шыдамассың», 

– деп айтты. ...Ол бұған келіспегеннен кейін, Сайын былай дейді: «Олай болса, бір амалын табайық. 

Ұлы бабамыз Шыңғыс ханға баралық. Мен өз сөзімді айтамын, сіз өз сөзіңізді айтасыз. Бабамыздың 

әмірі  қандай  болмасын,  сол  бойынша  жасаймыз»,  –  [ол] бұл  сөздерді  мақұл  көріп, қабыл  алды. Бір 

шешеден туған екі ұл және өзге аналардан туған он жеті ұл – бәрі қосылып ұлы ханға көрініске кетті. 

Олар  өз  [бабасы]  хандарына  қызмет  етуге  келгенде,  хан  бұларға  үш  орда  тікті:  алтын  босағалы  ақ 

орданы  Сайын  ханға  салды,  күміс  босағалы  көк  орданы  Еженге  салды,  болат  босағалы  боз  орданы 

Шайбанға  салды.  ...Шыңғыс  хан  немерелеріне  орда  құрған  күннің  кешінде  сусын-қонағын  есептеп, 



322 

 

таңертеңгісін  [олармен]  көрініс  құрды.  Он  екі  шеңбер  түзіліп,  бектері  рет-ретімен  орналасты.  Ac 



салтанатты  жағдайда  ішіліп  болған  соң  Сайын  хан  қайта  жүгініп  былай  деді:  «Әкеміз  қайтыс 

болғанда мен [Еженге]: «[Сен] әке орнындағы әкемдейсің. Жат жұртқа бара жатырмыз, сен хан бол», 

– дедім. Қабыл етпеді. He себептен қабыл етпегенін біле алмадым. Осы арызымды сізге айтайын деп 

келдім». [Шыңғыс] хан айтты: «Сайын жосыққа сай сөз айтып тұр. Here сен қабыл алмадың»? Сонда 

Ежен де жүгініп, былай деді: «Солай, хан ием! Жасым үлкен екені рас. Бірақ біздің әкеміз оны өте 

жақсы  көріп,  ерке  қылып  өсірді.  Осы  кезге  шейін  мен  оған  бағынып  келемін.  Ол  [болса]  маған 

бағынған  емес:  егер  мен  хан  болсам,  бұрынғыдай  оған  бағына  алмаспын,  арамызда  ызалық  пен 

өшпенділік  пайда  болады.  Мен  сіздің  көзіңізге  жаман  көрінбеу  үшін  оның  сөзін  қабыл  алмаймын. 

Енді  тек  ол  хан  болсын.  Мен  оның  хандығына  шыдаймын».  Шыңғыс  хан  бұл  сөздерді  естігеннен 

көңілі босап кетті, баласы Жошы хан есіне түсіп көзіне жас келді, екеуіне одан да көп алғыс-мақтау 

айтып,  былай  деді:  «Ертең  біз  бектермен  кеңесіп  жауабын  береміз».  Ертеңіне  бектермен  кеңесіп, 

[Шыңғыс] хан яссысына сәйкес Еділ дариясының уәлаяттары бар оң қанатты Сайын ханға, Сырдария 

бойындағы  уәлаяттары  бар  сол  қанатты  Еженге  берді»  [12,  157-159].  Бұл  мәлімет  бойынша  Жошы 

ұлысының  мұрагерлік  мәселесінің  шешілуі  мен  Жошы  ұлысының  екі  қанатқа  бөлінгені 

территориялық жағынан да көрсетілген.  

Сонымен,  Алтын  Орданың  сыртқы  саясатының  қалыптасуында  Батыс  жорығына  дейінгі 

кезеңде  Жошы  ұлысы  моңғолдардың  батысқа  қарай  кейінгі  кезеңде  жалғасын  табатын 

экспансиясының плацдармы ретінде Батысқа қарай бағытталған әлеуетті күші еді. Өйткені бұл аймақ, 

жоғарыда аталғандай моңғолдар секілді көшпелі түрік тайпаларының негізінде адам ресурстары мен 

табиғи,  материалдық  ресурстарстардың  бай  қорына  ие  еді.  Сонымен  қатар,  Шыңғыс  хан  Жошы 

иелігінен батысқа қарай әлі бағындырылмаған сырт аймақ территорияларын (Русь, Еділ Бұлғариясы, 

Шығыс  Еуропа)  бағындыруды  Жошыға  тапсырғаны  белгілі.  Бірақ  Жошы  әкесінен  ерте  қайтыс 

болуына байланысты әке аманатын орындай алмады. Бұл аманатты оның ұрпақтары орындады. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   58




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет