частью многих ферментов.
Нут, как и другие бобы, богат и растворимыми, и нерастворимыми пищевыми волокнами.
Растворимые волокна формируют подобное гелю вещество в пищеварительном тракте, которое
связывает желчь, содержащую холестерин, и выводит её из организма. Нерастворимые волокна не
только предотвращают запоры, но также помогают предотвратить расстройства пищеварения.
Все
программы
исследований
утвержденной
на
кафедре
«Агротехнологии»
Семипалатинского университета им. Шакарима, провели испытание по откорму бройлерных
56
цыплят с использованием в рационе зерна нута вместо долгих ранее используемых кормов в
Прииртышской бройлерной птицефабрике. Используемый в кормлении цыплят горох содержал в
1 кг корма 1,17 кормовые единицы и 195 г переваримого протеина, тогда как 4 нута эти показатели
были значительно выше 1,24 и 234 г соответственно.
В нуте предпочтительны и другие элементы питания, чем в горохе: макро – и-
микорэлементы, витамины и аминокислоты.
Ниже приводим принятый на птицефабрике рационе бройлерных цыплят при откорме по
возрастным группам (табл.1).
В рационе для возрастной группы 1-10 из тех не предусмотрен горох, но мы цыплятам с 8
суточного возраста добавляли молотое зерно нута 1% или 10 кг на 1 тонны корма. В возрастных
группах от 11 до 28 и 29 и 42 суток в рационе предусмотрены горох соответственно 20 и 30 кг на
одну тонжу корма. Для отчетной группы мы заменили горох нутом, в таком же количестве.
Таблица 1. Рацион бройлерных цыплят при откорме по возрастным группам.
Возраст цыплят, сутки
1-10
11-28
29-42
№
Наименование
корма
%
Масса, кг
%
Масса, кг
%
Масса, кг
1
Кукуруза
19,0
190
23,0
230
32,05
320
2
Пшеница, 4 класса
35,277
352,77
20,0
240
15,0
150
3
Шнат соевый
27,0
270
24,8
240
16,0
160
4
Мука рыбная
6,0
60
4,8
48
-
-
5
Кремикс стхарт
0,963
9,63
0,8
8
0,8
80
6
Дрожжи кормовые
1,5
15
2,3
23
4,0
40
7
Трикальций фосфат
1,5
15
1,5
15
2,0
20
8
Сухие молоко 3 ЦМ
2,0
20
-
-
-
-
9
Масло подсолнечное
2,8
28
4,0
40
5,0
50
10
Соль пищевая
0,2
2,0
0,25
2,5
0,25
2,5
11
Ячмень без пленки
3,76
37,6
17,35
173,5
14,9
149
12
Горох
-
-
2,0
20
3,0
30
13
Мясо-костная мука
-
-
-
-
4,0
40
14
Жмых
подсолнечный
-
-
-
-
3,0
30
Всего
100
1000
100
1000
100
1000
Для испытания нами по типу аналогов составлены две группы цыплят бройлерной породы
по 50 голов в каждой. Первая контрольная группа получала ранее установленный рацион, а
опытная группа, как было отмечено с 8-и суточного возраста получала молотое зерно нута 10 кг
на 1 тонну корма, а в возрасте от 11 до 28 суток 429, 42 сутки, присутствовавший в рационе горах
20 и 30 кг соответственно заменили 20 и 30 кг зерна нута. Ниже приводим питательность корма
принятого на птицефабрике и используемое нами в контрольной группе. (табл.2)
57
Таблица 2. Питательность корма по возрастным группам при откорме бройлерных
цыплят.
Возраст цыплят, сутки
№ Показатели питательности
1-10
11-28
29-42
1
Обланная энергия
301,0
311,179
319,7
2
Сырой
23,38
21,076
18,5
3
Сырая клепчатка
3,1
3,348
3,4
4
Кальций
1,089
0,9
0,860
5
Фосфор
0,68
0,45
0,67
6
Лизин
1,39
1,179
0,988
7
0,731
0,90
0,806
8
Натрий
-
0,135
0,140
В качестве кормодобавки нут использовался начиная с декабря 2010 года по апрель 2011
года. Использование позволило добиться значительного улучшения показателей выращивания
птицы, таких как среднесуточный привес, конверсия корма и индекс продуктивности. При плане
индекса продуктивности 50 граммов в январе 2011 показатель среднесуточного привеса составил
51,8 граммов, в феврале, марте, апреле -53 грамма, а по отдельным партиям максимальное
значение среднесуточного привеса составило 56-57 граммов. При этом конверсия корма снизилась
до показателя 1,76. Что также является одним из важнейших показателей, влияющих на получение
положительного финансового результата предприятия.
Благодаря использованию нута, показатель- индекс продуктивности достиг, по отдельным
партиям отметки 300-312.
Экономический эффект от использования нута: на примере использования в период времени
с декабря 2010 г. по апрель 2011 г. позволил снизить расход корма на 1 кг продукции на 9,81
тенге. При этом снижение себестоимости продукции на 9,81 тенге позволил получить
дополнительную прибыль 4,2 млн. тенге в месяц.
Литература:
1.
Байракимов С., Ельшибаев А. Бұршақ тұқымдастар – белогтік азық. Алматы. Кайнар, 1988. П.27-44
2.
Бекмухамедов Э.Л., Тореханов А.А. Кормовые растения Казахстана. Алматы, ТОО, издательство:
«Бастау», 2005.-с.304
3.
Винокуров В.А. Один из путей решения белковой проблемы – увеличения производства
зернобобовых культур. // проблемы развития аграрного сектора в ХХІ веке. Материалы межд. н.п.конф.
Кокшетау, т.3. 1999. С.52-55
4.
Корбут Е.М. Нут – перспективная зернобобовая культура. С/х производство Центрального
Казахстана на научную основу. Труды Карагандинской опытной станции. Алма-Ата. Кайнар. 1973. С.146-
151
5.
Шумилин П.А., Куляева Н.А. Химический состав и питательность зернобобовых культур при
возделывании их на серых легких почвах науки. Труды ВНИИ зернобобовых культур. Орел. 1971. Том №3.
С.451-462
58
ТАРИХ ҒЫЛЫМДАРЫ
А.Б. Қалыш (т.ғ.д., профессор)
ХІХ–ХХ ҒАСЫРДЫҢ БАСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚТАРДЫҢ ДӘСТҮРЛІ АҢШЫЛЫҒЫ
В статье исследуются различные приемы традиционной охоты казахского народа.
Известно, что в Казахстане охотой занимались с глубокой древности. В начальный период
вплоть до эпохи бронзы она занимала ведущее место в хозяйственной жизни. В последующие
века охота потеряла свое былое значение, став подсобным промыслом. В средние века широко
практиковалась облавная охота, даже в военное время находили возможности для этого. Такая
форма охоты встречалась и у других кочевых народов, содержание которой в принципе было
везде одинаковой. В последующие периоды при охоте использовались ловчие птицы, борзые
собаки, позднее – и ружье. Практиковали и другие виды охоты, включая капканы, силки и
ловушки, выкуривание дымом, выливание водой, выкапывание из норы или посредством отравы,
известным многим народам. Объектом охоты служили различные виды пушных зверей,
копытных животных, полевых и водяных птиц. Для простых тружеников охота издавна
была подспорьем в их хозяйстве, а для знати – забавой.
In this article investigates various methods of traditional hunting of the Kazakh people. It is known
that in Kazakhstan, engaged hunting from deep ancient. In the early period until the Bronze Age, it held a
leading position in economic life. In later centuries, hunting lost its previous significance, becoming
ancillary craft. In the Middle Ages was widely practiced battue hunting, even in war time they found
possibilities for this. This kind of hunting was in other nomadic nations as well, the contents of which in
principle was the same. In subsequent periods during the hunting birds, hounds, and later – a gun were
used. Practiced and other forms of hunting, including traps, snares and traps, they used smoke,pouring
by water, digging of a hole, or by poison, wich were known to many people. Object of the hunt were
different kinds of fur animals, hoofed animals, field and aquatic birds. For ordinary workers hunting was
a source in their economy, and for the nobility – was fun.
Қазақстанда аңшылық кәсіппен ежелгі дәуірден айналысқан. Ерте заманнан бастап қола
дәуіріне дейін аңшылық дәстүрі шаруашылықта жетекші орын алып келген. Бұған түрлі үңгір
тұрақтарынан табылған археологиялық және палеозоологиялық материалдар және аңшылық
кәсібінің 30-ға жуық түрін, соған қатысты әр түрлі құрал-саймандарды және аңшылықтың көп
түрлі тәсілдерін байқап көруге болатын жартас беттеріндегі суреттерден алынған деректер куә
бола алады [1, с.1064-1073; 2-3]. Кейінгі ғасырларда аңшылық өзінің бұрынғы мәнін жоғалтып,
қосалқы кәсіпке айналды.
Қазіргі күнде жүргізіліп жатқан зерттеулер нәтижелерінде көшпенділердің қабір
қазбаларынан мүйізден, жануарлар сүйегінен жасалған бұйымдар жиі және көптеп табылып отыр.
VІІ-ІХ ғғ. Ертістегі Бобров обасынан жолбарысты найзасымен жаралап жатқан салт атты
бейнелеген қаңылтыр табылған [4, с.163.; 5, с.80]. Орта ғасырда қаумалап, қоршап аулау
аңшылығы кеңінен тараған, тіпті соғыс кезінде де аңшылықтың осы түрімен айналысуға
мүмкіншіліктер жасалған [6, с.292]. Аңшылықтың мазмұны барлық жерде негізінен бірдей.
Аңшылықтың аталымыш түрі басқа да көшпелі халықтарда кездеседі [7, с.81-82; 8, с.202-205].
Аңшылық кәсібінде қыран құстар, тазы ит, кейінірек мылтық пайдаланған. Аң аулау
қарапайым халықтың ежелден жәрдемші күнкөріс көзі болса, ақсүйектердің әуесқойлық ермегіне
айналған. «Бірақ кәсіпшілдіктер, – И.Г. Георгидің сөзіне қарағанда, – жабайы құс пен жұмсақ ескі-
құсқыларды қолға түсіріп, аз пайда келтірмейді» [9, с.159-160].
•Қыран құстармен аң аулау. Аңшылықтың ең көп тараған түрі қыран құстармен аң аулау –
саятшылық. Қыран құстарды аң аулауға баулу, қыран салу тәсілдерінің жалпы жүйесі көптеген
халықтарда ұқсас және дәстүрлі болып келеді.
Егер Еуропада сұңқармен аулауды бағаласа, Орталық Азия мен Қазақстанда бүркіттерді
және қаршыға мен сұңқардың 10 түрін, әсіресе, тұйғын, қаршыға, ақсұңқар, лашын, ителгі, т.б.
қолданған [10, с.49; 11, с.137-165].
Бұл құстарды белгілі бір аңдарды аулауға салған. Мысалы, қасқырларға, түлкілерге,
қарсақтарға, тау ешкілеріне бүркітпен, қаздар мен дуадақтарға қаршығамен, ал, ұсақ жабайы
құстарға – сұңқарлармен шыққан [12, с.29; 13, с.152; 14, с.74-75.].
59
Сұңқар, қаршығамен аң аулау саятшы ақсүйектердің сүйікті ермегі болғандықтан, негізінен
спорттық-әуесқойлық көңіл көтерерлік сипат алған. Ал, қарапайым адамдар бүркіттерді баптап,
үйретумен айналысқан, себебі, аңшылық «қатардағы көшпендінің күн көріс тіршілігіне
айтарлықтай демеу болған» [15, с.12].
Қыран құстардың құны Қазақстанның қай аймағында болмасын жоғары бағаланған.
Мәселен, «жақсы бүркіттің өзі 5-6 түйеге, сұңқар – бір немесе екі түйеге, қаршыға мен қырғи –
арзандау бағаланған [16, с. 20].
Аңшылардың қыран құстарды баптауы төрт кезеңнен тұрады: қажетті құсты қаумалап ұстау,
оны қолға үйрету, одан кейін баптау және тікелей аңға салу [17, с.40-46; 18, с.8.].
Қыран құстардың балапандарын ұясынан алған, сондай-ақ, арнайы қақпан, тор, тұзақ құру
арқылы да ұстаған.
Қолға түскен құстарды үркітіп алмау және қозғалдырмау үшін төменгі қабақтарын тесіп,
жіңішке жібек жіп өткізіп, түйіндерін сыртына шығарып, ұшын желкесіне қарай байлаған.
Бастарына тері бүркемеден томаға кигізген және осы мақсатта киізден жасалған бауларды да
пайдаланып, құсты жіңішке, ұзын балақбаумен тұғырға отырғызып, байлаған.
Қыран құстарды баптау және баулу. Қыран құстарды баптауға оның барлық сырын
білетін, өз тәжірибелерін ұрпақтан ұрпаққа беріп келе жатқан құсбегілердің арнайы біліктілігі
талап етіледі. Қарапайым құсбегілер құстарын өздері баулыған [11, с.12; 20, с.46].
Қолға түскен құстарды жыл бойы киіз үйде баптаған. Салт бойынша халықта оларды
«ақпейіл» және «қыңғы» деп екіге бөледі. Баулуға жылдам көнетін болғандықтан, бірінші түрі
қатты бағаланған, екіншісі баулу нәтижелі болу үшін ұзақ уақыт пен шыдамдылықты қажет етеді
[21, с.53]. Оларда артық салмақ болдырмау үшін, майсыз және қансыз еттермен (ақ жем және
бөртпе) тамақтандырған. Көп ұзамай ұзын, шолақ бауларды пайдаланып, ұшып келуге, сосын
оның қолына қонуға үйретеді. Бүркітті қолда ұстау үшін оң қолға тығыз теріден тігілген биялай
киген, ал, оны қолдан сыпырып түсіру үшін ағаш балдақ пайдаланған [22, с.4; 23, с. 51].
Одан кейінгі кезең құсты қоян немесе түлкінің тұлыпымен, сонымен қатар қанаттылардың
далбайымен таныстыратын болған. Сонымен қатар, жабайы құстар мен ұсақ жыртқыштарды
аулауға да үйреткен. Олардың бойларына үйретілген алғашқы дағдылар соңынан жазыққа
шығарып бапталған.
Аң аулауға баулыған қаршыға, сұңқар, ақсұңқарды қанаттылардың жылы жаққа ұшуына
дайындалатын қыркүйектің аяғынан бастап, алғашқы қар түскенге дейін салған. Бұл уақытта
аңдардың ұлпа жүндері құлпырады. Бүркітпен қыста, қарашаның соңы мен ақпанға дейін
шыққан. Бұл кез – аңдардың ұлпа жүндері бағаланатын кезі. Ителгіні жыл бойы, жазда – қаз,
үйректер мен дуадақтарға, ал күз бен қыста – қоян мен ұсақ жабайы құстарды аулауға салған [18,
с.15; 24; 25, с.73-74].
Әдетте қауымдасып, топ болып аң аулаған, бұл аңшылықты «салбұрын» деп атаған. Оны
тәжірибелі, білгір адамдар басқарған. Кейбір құстармен, мысалы, қырғилармен жалғыз шыға
алған.
Саятшылық алдында аушы құсқа көкірекше кигізіп, қайыс белдік пен тұсау ұштарын
қолдарында ұстаған. Жабайы құсқа немесе аңға жақындағанда, қыран құстың томағасынан
сыпырып, желдің өтіне қарсы олжасына қарай жіберген. Қалған аңшылар кедергі келтірмес үшін
өздерінің қыран құстарымен бірге шапқыншының артынан кейін қалып отырған. Мұндай сәттерде
тазының көмегіне де жиі жүгінген. Тазы аңды іздеп, жырадан қуса, ал, жоғары қарай жіберілген,
қомдана ұшқан, бапталған бүркіт олжасына иттен бұрын құлдырай түсіп, оны тырнақтарымен
бүріп, аңшы келгенше ұстап отырған [19, с.76-77; 26, с.22; 27, с.11; 28, с.206-207]. Бапталған
қаршығалар мен сұңқарларды да осылай пайдаланған, бірақ оларды ұсақ аңдар мен жабайы
құстарға салған. Әр құстың өз ерекшелігі бар. Мәселен, қаршыға өзінің құрбанына әуеде
төменнен жоғары қарай шабуылдаса, ал, ақсұңқар, керісінше, жоғарыдан төмен қарай сорғалап
түседі [25, с.73; 29, с.47]. Сұңқармен аң аулау кезінде жіберілген құс алдымен төмендеп, жер
бауырлап ұшады да, үйректің қақ тұмсығының алдына тік көтеріліп, оны қиғаш бағытта қағып
түсіреді. Құстардың ең алғыры және батыл қимылдайтыны лашын саналады, ол бір үйірдің
соңына түсіп, тырнағымен олжасының қанатын сындырып немесе ішін жарып тастайды. Ақсұңқар
лезде жоғары қарай көтеріліп, қалықтап ұшып жүреді. Жабайы құсты көре сала төмен қарай
құлдырай құлап, қанатын жайып, олжасын сояудай тырнағымен бүріп алады. Саятшылықтың
мүмкіндігі болған кезде, кейде сұңқарларды кезекпен ұшырған [10, с.55;*** 52-53].
Қазақтар орыстардай емес, көлдердің жағалауларында, қалың қамыс ортасында қайықты өте
сирек пайдаланған. Саятшылар су иірімдерінде аңшы құстарымен тосқауылда отырған, ал,
60
қуғыншылар қайықтың, дабылдың көмегімен су бетінен сұңқар, қаршыға, аңсұңқарлар әуеде
аулайтын жабайы құстарды ұшырған.
Қыран құстармен аң аулау аңшылық және жартылай аңшылық кәсіп ретінде маңызды
болғанын атап өтуіміз керек. Басқа жыртқыштарға қарағанда бүркіт саятшылығы неғұрлым
маңыздырақ болған. Бапкер бүркітші бір маусым ішінде 30-дан 60-қа дейін түлкі аулаған. Алғыр
лашын бір ұшқанда 15-20 үйрек, қаршыға ондаған қырғауыл, қырғи – 50-60-тан астам бөдене
аулаған [25, с.73; 31, с.15].
•Тазылармен аң аулау. Бұл аңшылықтың ең тиімді түрлерінің бірі. Көп ғасырлық
тұқымдастыру нәтижесі бойынша аймақта аң алғыш, алғыр, жүйрік құмай тазының тұқымы
алынды. Ортаазиялық тазының шығу тегіне
келетін болсақ, оның екі түрін атауға болады.
Біріншісі – VІІ-VІІІ ғасырларда Орта Азия мен Қазақстанға арабтардың келуімен «слюгги» деп
аталатын тазы тұқымынан алынған, екіншісі – жергілікті негізде қалыптастырылған.
Я.Полферовтың пікірінше, қарастырылып отырған дәуірде, Қазақстанда таулық және
қырымдық тазының тұқымдарымен жақындығы бар ортаазиялық тазының өзіндік таралымы
басым болып келеді. Аң аулау баптарына байланысты тазы далалық және таулық болып екіге
бөлінеді. Егер біріншісі бойлы болып келіп, тек далалы жерлерде ғана қуатты және олжалы
болатын болса; екіншісінің бойы аласа болып келеді. Оның жылдамдығы таулы-қырлы жерлерде
аңды қуғындауда айқын танылады. Аталған тазылардан басқа, В.Казанскийдің мәліметі бойынша,
Қазақстанның оңтүстігінде қалыптасуында белгілі бір дәрежеде қазақ тазыларының рөлі бар
қырғыздың тайғаны, ал, батыста оңтүстік орыс тазылары кездеседі. Асыл тұқымды тазыларды
негізінен жоғары мәртебелі, дәулетті тап өкілдері өсірген, олар қымбат бағаланған. Мысалы,
Бөкей ордасында олар 50 рубльге дейін бағаланған [34, с.130; 35, с.19], ал, А.А. Слудскийдің
мәліметі бойынша, Қаратал алқабында жүйрік құмай тазыны қалыңдыққа берер қалың мал – 47
жылқының орнына берген [32, с.25]. Бұқара халықтан тазының жартылай асыл немесе жай
тұқымын көруге болатын.
Қазақстан мен Орта Азияның табиғи жағдайы аңшылықтың өзіндік ерекшеліктерін
қалыптастырды. Мәселен, құмай тазылардың өзге тазы тұқымдастардан өзгешілігі, бұл тазылар
алғыр келеді, олар борсық аулау кезінде інге оңай жер бауырлап кіре алады [36, с.55б; 37, с.14-15].
Сондықтан, аңшылар тазыны жақсылап үйрету үшін, оны күшік кезінен асырап алуға
тырысқан. Көптеген халықтарда тазыларды ұстау, дайындау және арнайы үйретудегі ортақ
ұқсастықтар сонау көне заманнан бері келе жатыр.
Үйретуде мынадай төрт кезеңді ұстанған: дайындау, жалпы тыңдау, арнайы үйрету,
жұмыстың жетілдірілуі. Бірінші кезеңде екі айдан алты айға дейін күшіктерді өздеріне берген
лайық аттарына үйреткен, мойнына тағылатын қарғы бауларына және жүрістеріне баулыған.
Алты-жеті айларынан бастап иелерін тыңдауға үйреткен. Жас құмайды жазық далада жүйрік
тазыларға қосып, жүгіртуге және тістелеуге он айлықтарынан бастап баптаған. Соңғы кезең
тәжірибе жүзінде аңшылықтарда аңдарды тазылармен жұптасып немесе артынан ізіне түсіп,
ұстағанда жетілдірілді [33, с.59-63; 36, с.35-42; 38, с.31-34, 71-72].
Тазылардың көп бөлігі қоянды, борсықты, суырды, қасқырды және тұяқты жануарларды
мылтықсыз аң аулау аңшылығында пайдаланылған. Оларды күздің соңына қарай және қыста кез
келген ауа райы жағдайларында аулай беретін болған. Аңшылардың өздері де алуан түрлі болып
келеді. Олар: ат үстінен, көлік үстінен және жаяу қуалап аулау.
Ең жақсы аңшылық – ат үстінде шабандоздықпен аң аулау. Тазы олжасы көзіне шалынғанда,
тобынан жырылып шығып, аңның соңына түседі, ал шабандоз аңның алдын кеседі. Құмай тазы
құрбанына қуып жетіп, оны тұншықтырады, соңынан жеткен аңшы дайын олжасын көтеріп алады.
Қаумалап ұстау кезінде бірнеше шабандоз белгілі бір таңдап алынған алаңда жартылай доға
жасап, 200-300 қадам аралықта қатар түзеді. Жер бедері күрделі жерде олар соқпақтың немесе
шатқалдың жиегінен орын алады. Өзге қуғыншылар алға қарай айқай-сүрен салып, аңды
тазылармен жасырын тұрған адамдарға қарай үркітіп қуады. Бұл жағдайларды секіріп қашқан
аңдарды құмай тазылармен қуып, соңғыларын еш кедергісіз оңай соғып алды.
Жаяу қуғында да дәл осылай жасалды, тек көлікті адамдарсыз ауланды. Мұндай аң аулау
түрімен көбіне мініс аты жоқ кедейлер айналысты. Әдетте бір адам аңды белгілі бір соқпақта
жасырылған тазыға қарай қуады. Қалғандары соны қарсы алады.
Ең кірісті кәсіп түлкі аулау болды. Қар жұқалау түскен қыста тазыларды күні бұрын алдын
кеспей, тікелей ізіне салып жібереді. Тәжірибелі тазы иттер түлкіні ізі бойынша тез тауып, қуып
жетіп, тұмсығынан қауып, аңшы жеткенге дейін жерге алып ұрады [18, с.20-23; 29, с.52-63].
Бұндай аңшылық тазы мен бүркіттің бірлесіп іздеуі кезінде жақсара түседі. Бұл кезде құмай тазы
түлкіні жырадан іздеп, тауып, қуып шығарады да, жоғарыдан жіберілген бүркіт тазыны басып
61
озып, құрбанына құйылып түсіп, ептілікпен бүріп алады. Осынау аң аулау барысында аң
бұталардың арасына кіріп, жасырынуға тырысса, оны енді тазы жетіп, қауып, суырып алады [27,
с.11; 33, с.46]. Мәселен, аңшы Х.Нұрбеков осындай жолмен бір маусымда қоянды есептемегенде,
97 түлкі, 55 күзен, 35 суыр, 15 қасқыр, 9 борсық қолға түсіріп, қанжығасын майлады [37, с.32].
Жергілікті аң аулау кәсіптерінің бірі болып табылатын қасқырды аулау тәсілдері де алуан
түрлі болып келеді. Ал кей біреулер «аңшылық думаны үшін емес, тіпті оның терісін алу үшін де
емес, бір ғана өздерінің малдарын күзету мақсатында» оларды атып алды [39, с.3].
Әдетте сұр қасқырлардың соңынан құмай және әккі тазыларды салып, аңшылар қуа түсіп
отырған. Егерде иттер аңды басып қалып, оны жәукемдей бастаса, онда бірден ұстап алған. Ірі
қасқырмен кездескен кезде, тазылар оны бірнеше рет орағытып, айламен әбден титықтатып, сол
арқылы аңшылар келіп, шоқпармен соғып алғанша, алдаусырата тұратын болған. Кейде
қасқырмен айқасқа тазылармен бірге «бөрібасар» деп аталатын қазақы ит тұқымдары да түскен,
бірақ, олар құрбанының соңына түсіп қуа алмайды.
Тазыларды тұяқты жануарларды аулауға да пайдаланған. Л.Мейердің мәліметі бойынша,
«ересек ақбөкендерді қуып жететін құмай тазылар да болған» [13, с.152].
Достарыңызбен бөлісу: |