Х а б а р ш ы с ы в е с т н и к семипалатинского государственного



Pdf көрінісі
бет5/38
Дата03.03.2017
өлшемі6,5 Mb.
#5913
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   38

 
Әдебиеттер
1.
 
http://ru.wikipedia.org/wiki

2.
 
http://kk.wikipedia.org/wiki. 
3.
 
http://ukranews.com/ru/news/economics.
 
4.
 
http://wto.kz
.  
5.
 
ҚР  Президенті  Н.Ә.  Назарбаевтың  «Әлеуметтік-экономикалық  жаңғырту  –  Қазақстан  дамуының 
басты бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауы. // «Егемен Қазақстан» газеті, 2012ж, 28 қаңтар. 
 
ЖОЖ 331.5:316.346.23 (574)             
Б.Қуантқан, Р.А.Курсаков. Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті 
 
АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНДАҒЫ ЕҢБЕК НАРЫҒЫН РЕТТЕУ МӘСЕЛЕЛЕРІ 
 
В  статье  рассматриваються  основный  вопросы  рынка  труда  в  сельском  хозяистве.  А 
также рассматривают основные механизмы рынка труда. 
Ruraleconomylabour-marketexaminesbasicquestions  organization.  Labour-market  examines  basic 
mechanisms organization. 
Қазақстан  Республикасы  өзінің  егемендігі  мен  тәуелсіздігін  алғаннан  кейінгі  жүргізіліп 
жатқан өндірістердегі реформалар шаруашылық салаларының дамуына айтарлықтай әсерін тигізсе 
де,  бұл  кешендерде  өндірістің  өнімділігі  дүниежүзіндегі  экономикасы  дамыған  мемлекеттерге 
қарағанда  әлде  қайда  төмен.  Ол,  әсіресе,  экономиканың  аса  маңызды  саласы  ауыл 
шаруашылығында,  бірнеше  есеге  төмен  екендігін  Қазақстан  Республикасының  Президенті 
Н.Ә.Назарбаев  өзінің  2010  жылғы  29-шы  қаңтардағы  Қазақстан  халқына  Жолдауында  айрықша 
тоқталды.  
Осыны  ескере  отырып,  Елбасымыз  Нұрсұлтан  Назарбаев:  «Жаңа  10  жылдық  -  жаңа 
экономикалық өрлеу Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты бағдарламасында 2020 стратегиялық 
даму  жоспарын  ұсынды.  Елбасы  бұл  Жолдауында  -  «жедел  индустрияландыру  және 
инфрақұрылымды  дамыту  есебінен  экономиканы  тұрақты  өсуіне  қол  жеткізу»  -  деген  мәселені 
атап  өтті  [1].  Осы  мәселелерді  іске  асырудағы  факторлардың  бірі,  еңбек  ресурстарын  тиімді 
пайдалану, өндіріс шаруашылықтарында өзекті мәселелердің бірі болып отыр. 
Еңбек нарығы нарықтық экономиканың бөлінбес бөлігі болып табылады. Ол жұмыс істейтін 
басқару  күшімен  кадр  бөлімі,  оқу  және  зерттеу  орталықтары,  сонымен  қатар  әлеуметтік  қызмет 
корпорациялары, мемлекеттік мекемелер, коммерциялық емес ұйымдар және т.с.с. 
Еңбек  нарығы  –  бұл  тауар  болып  табылатын  еңбек  ресурстарының  нарығы,  олардың  тепе-
теңдік бағасы мен саны, сұраныс пен ұсыныстың бір-біріне әсер етуімен анықталады. Кәсіпкерлер 
мен  еңбекке  қабілетті  адамдар  нарық  агенттері,  олар  еңбек  нарығында  өзара  қатынаста  болады. 
Сондықтан  еңбек  нарығы  сұраныс  пен  ұсыныс  тетіктері  арқылы  экономикалық  агенттердің 
арасындағы  бәсекелестіктің  нәтижесінде  жұмыспен  қамтудың  белгілі    көлемі  және  еңбек  төлемі 
дәрежесі орнайтын экономикалық орта болып табылады.  
Еңбек нарығының қызмет ету ауқымына байланысты оның екі түрін ажыратуға болады: 
- сыртқы еңбек нарығы (салааралық, макроэкономикалық ұғымдар); 
- ішкі еңбек нарығы (сала ішіндегі, микроэкономикалық ұғымдар).  
Сыртқы  еңбек  нарығы  дегеніміз  жұмыс  күшінің  облыстық,  салааралық  деңгейде  жылжуға 
бейімделген  процесстерін,  яғни,  жұмыс  орындарын  еңбеккерлермен  фирма  арасында  ауыстыру 
жолымен толтырады. Ішкі еңбек нарығы еңбеккерлердің фирма ішінде жылжуына бейімделген [2]. 
Еңбек  ресурстары  өзінің  жиынтығында  абсолютті  шаманы  құрай  отырып,  қоғамның  еңбек 
әлеуетін анықтайтын санды және сапалы аспектілерден тұрады (Сурет 1). 
Ауыл  шаруашылығындағы  еңбек  нарығын  реттеуде  жұмыссыздар  санын  анықтаудың 
дұрыстығы  айрықша  мәселе.  Жұмыссыз  деп  кімді  айту  керек  деген  сұрақ  туындайды.  Бүгінде 
барлық елге жуық (оның ішінде Қазақстан да) жұмыссыздар санын анықтауда Халықаралық еңбек 
ұйымдарының (ХЕҰ) стандарт әдістемесін қолдануда. Жұмыссыздар - өздеріне байланысты емес 
себептер  бойынша  табыс  әкелетін  еңбек  қызметімен  айналыспайтын,  жұмыс  іздеп  жүрген  және 
еңбек етуге әзір еңбекке жарамды жастағы адамдар.  

 
 
25 
 
Сурет 1- Қоғамның еңбек әлеуетінің санды және сапасын анықтайтын аспектілер 
 
Еңбек  нарығын  реттеу  еңбекке  орналастыру  жүйесі  арқылы  іске  асады.  Бұл  жүйеге 
жұмыспен  қамту  қызмет  ұйымдарының  кең  торабы,  жұмыс  орны  туралы  мәліметтер  банкісі, 
кәсіби  білім  алу  мен  еңбекке  орналасуға  жәрдемдесетін  мемлекеттік  бағдарламалар, 
кәсіпорындардың өз мамандарын кәсіби қайта даярлауды қарастыратын мақсатты бағдарламалары 
т.б. кіреді. 
Тұрғындарды тиімді жұмыспен қамту мемлекеттің қайта бөлу, оқыту, әлеуметтік қолдау мен 
қорғауы бойынша мақсатты бағытталған іс-әрекетінсіз қамтамасыз етілуі мүмкін емес. Дегенмен, 
бұл  әрекет  нарықтық  қатынастағы  субъектілердің  еркін  іс-қимылына  қайшы  келмей,  еңбек 
нарығындағы талаптарға сай болуын қадағалайды. 
Еңбек  нарығын  мемлекеттік  реттеу  шаралар  жүйесінде  төмендегідей  элементтерді  атап 
көрсетуге болады: 
-
 
еңбекке деген сұранысты реттеу бойынша шаралар: қоғамдық жұмыстар бағдарламасы, 
жұмыспен  қамтуды  субсидиялау,  еңбек  нарығында  қаржылай-несиелей  ықпал  ету,  өзіндік 
жұмыспен  қамтуды  қолдау,  босаған  жұмыс  күшін  тарта  отырып,  шағын  және  орта  кәсіпкерлікті 
дамытуға ықпал жасау; 
-
 
еңбек  ұсынысын  реттеу  шаралары:  еңбек  нарығындағы  талаптарға  сай  жұмыс  күшін 
даярлау  мен  қайта  даярлау,  біліктілікті  көтеру,  жұмыскерлердің  аумақтық  шоғырлануын 
ұйымдастыруда  көмек  көрсету,  әсіресе,  аймақтық  еңбек  нарығындағы  жұмыс  күшінің  сұранысы 
мен ұсынысы арасындағы теңсіздікті жою; 
-
 
жұмыспен  қамтудың  әлеуметтік  кепілдіктерін  беру  бойынша  шаралар:  жұмыссыздық 
бойынша жәрдем ақы төлеу, әлеуметтік материалдық көмек көрсету. 
Еңбек нарығын реттеудің негізгі тетіктері: экономикалық, әлеуметтік, ұйымдастырушылық – 
институтционалдық  (инфрақұрылымдық),  құқықтық,  қаржылық,  мотивациялық.  Еңбек  нарығын 
реттеудің тетіктері үздіксіз өзара байланыста болады.  
Ауыл  шаруашылығындағы  еңбек  нарығын  реттеу,  басқа  салалардағы  сияқты,  ұлттық 
деңгейдегі  еңбек  нарығын  реттеумен  ұқсас.  Аймақтық  немесе  салалық  еңбек  нарығында  да, 
Ұлттық  еңбек  нарығында  да  реттеудің  құралдары  мен  тетіктері  бірдей  -  құқықтық,  қаржылық, 
экономикалық, әлеуметтік және т.с.с. сипатта болады. 
Салалық  немесе  аймақтық  еңбек  нарығын  реттеу  тетіктерінің  айырмашылығы  осы 
деңгейдегі  тұрған  міндеттер  мен  мақсаттар  ерекшелігінде.  Республиканың  шығыс  аймағындағы 
еңбек  нарығында  шешілетін  мәселелер  оңтүстік  немесе  солтүстік  аймақтағы  еңбек  нарығында 
тұрған міндеттерден ерекшеленеді, ал ауыл шаруашылығындағы мәселелер құрылыс немесе темір 
жол көлігіндегі мәселелерден өзгеше [3]. 
Еңбек  нарығындағы  қазіргі  таңдағы  ең  маңызды  мәселелер  -  халықты,  соның  ішінде  ауыл 
тұрғындарын  жұмыспен  қамту  және  жұмыссыздықты  азайту.  Осы  мәселелерді  шешу  үшін,  ең 
алдымен,  еңбек  нарығын  жүйелі  түрде  талдап,  ондағы  болып  жатқан  өзгерістерді  бағалап,  әрбір 
аймақтың, облыстың, экономика салалараның өзіндік ерекшеліктерін ескеру қажет. 
Қазақстан  бойынша  ауыл  тұрғындары  жалпы  халықтың  45,0  пайыздайын  құрады.  Ауыл 
жағдайының  нашарлауынан,  мұндағы  қызмет  орындарының  тапшылығынан,  жұмысқа 
Санды  аспект  –  еңбек  әлеуетінің 
экстенсивті құрылымын білдіреді 
Сапалы  аспект  –  еңбек  әлеуетінің  интенсивті 
құрылымын білдіреді 
Еңбекке 
қабілетті 
халықтың 
саны 
Орын алған 
өнімділік деңгейі 
кезінде, жұмыс 
істейтін халық 
өтейтін жұмыс 
уақытының саны 
Еңбекке қабілетті 
халықтың 
денсаулық 
жағдайы, іс-
әрекет-ке қабілет-
тілігі
   
Білім 
және 
кәсіби 
деңгейі 
Еңбекке 
қабілетті 
халықтың 
деңгейі 
Еңбек әлеуеті 

 
 
26 
орналасудағы  қиыншылықтан  аудандардың  көпшілігінде  жұмыссыздық  төмендеді,  ал  мұның  өзі 
ауылдағы  еңбек  нарығын  әлсіретеді.  Осыған  байланысты  ауылдық  жерлердегі  еңбекке  жарамды 
жастағы  тұрғындарды  жұмыспен  қамту  және  оны  экономика  салаларында,  соның  ішінде  ауыл 
шаруашылығында пайдалану бүгінгі күннің өзекті мәселесі. 
Нарықтық  экономиканың  дәл  қазіргі  қалыптасқан  жағдайына  байланысты  пайда  болған 
еңбек  мәселелерін  шешу  үшін  еңбек  нарығының  белсенді  жұмыс  істеуі  үшін  қажетті  барлық 
құралдарды іске қосу керек. Олар: 
-  ауылдық  жерлердегі  еңбек  ресурстарының  ұдайы  өсу  процесінің  мониторингісін  құру 
негізінде  экономикалық  белсенді  халық  санын,  жұмыспен  қамтылғандарды,  жұмыссыздарды 
есепке алу жүйесін жетілдіру; 
-  ауыл  шаруашылығында  жасырын  жұмыспен  қамтылғандарды,  жасырын  жұмыссыздықты, 
өзіндік  жұмыспен  қамтылғандарды  айқындау,  олардың  еңбек  табысы  жөніндегі  мәліметтерді 
анықтай отырып, салық жүйесін жетілдіру; 
-  ауыл  шаруашылығында  шағын  және  орта  кәсшкерлікті  дамыту  негізінде  жаңа  жұмыс 
орындарын құру; 
-  жұмыссыздардың  бәсеке  қабілеттілігін  жоғарылату,  яғни  ауыл  шаруашылығы  саласы 
бойынша мамандарды дайындау және қайта дайындау, кәсіптік бағдар беру жүйелерін жетілдіру; 
- жұмыссыздарды жұмыспен қамтудың жаңа икемді түрлеріне ынталандыру қажет. 
Ауыл  шаруашылығында  жұмыс  орындарын  ашу  төмендегі  шаралардың  арқасында  жүзеге 
асуы мүмкін: 
-
 
ауыл шаруашылығын, оның ішінде мал және егін шаруашылығын дамыту; 
-
 
ұсақ  тауарлы  өндіріске  бағытталған  ауыл  шаруашылық  өнімдерін  сатып  алу  мен  қайта 
өңдеудің икемді жүйесін құруға ықпал ету; 
-
 
ақпараттық маркетингтік жүйесін дамыту; 
-
 
ауыл  шаруашылық  техникасымен  қамтамасыз  ету  және  машина-технологиялық 
станциялардың тиімді жолдарын құру. 
Қазіргі әлемдік қаржылық жағдайында еңбек нарығында дағдарысты басынан кешіп отырған 
аймақтарда,  әсіресе,  жекеленген  ауылдық  жерлерде  ауыртпалықты  жеңілдетуге  бағытталған 
төмендегідей шаралар қолданған жөн: 
-
 
жұмыскерлерді  жаппай  босататын  кәсіпорындар  мен  ұйымдардың  қаржылық  жағдайына 
сараптама жүргізу; 
-
 
жұмыспен  қамтуға  ықпал  ету  қорынан  қосымша  қаржыландыруды  қарастыра  отырып, 
жұмыскерлерді босату процесін тоқтату немесе оны сатылап жүргізу; 
-
 
кәсіпорын басшылары мен жұмыс берушілерге бос жұмыс орындарын қысқартқаны үшін 
белгіленетін санкцияны күшейту; 
-
 
еңбек  нарығындағы  жағдайды  жеңілдетуге  мүмкіндік  беретін  мақсатты  республикалық 
бағдарламаларды қаржыландыру мүмкіндіктерін іздестіру. 
 
Әдебиеттер: 
1 Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халыққа Жолдауы «Жаңа 10 жылдық - жаңа экономикалық өрлеу 
Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері». 
2 Кайранбеков   Б.О. Еңбек нарығын реттеуді және халықты жұмыспен  қамтуды жетілдіру жолдары.  
Экон.ғыл.канд. ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған дисс. авторефераты., Түркістан, 2009. – 30 б. 
3 Хамбар Б. Ауыл жастарын жұмыспен қамтуды реттеу ерекшеліктері - Вестник КазНУ. Серия 
экономическая, Алматы, №5(57), 2006. – 0,3 б.т. 
 
ЖОК:330.35.01 
Молдакенова Е.К., Қалиева А.О. Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті 
 
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ИНДУСТРИАЛДЫ –ИННОВАЦИЯЛЫҚ 
ДАМУЫНЫҢ БАҒЫТТАРЫ 
 
Қазақстан  Республикасының  Индустриялық-инновациялық  дамуының  2003-2015  жылдарға 
арналған мемлекеттiк стратегиясы-Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Елдегi жағдай туралы 
және  2002  жылға  арналған  iшкi  және  сыртқы  саясаттың  негiзгi  бағыттары  туралы"  Қазақстан 
халқына Жолдауына  сәйкес әзiрлендi.  Стратегияның мақсаты - Қазақстанның 2015 жылға дейiнгi 
кезеңге  арналған  мемлекеттiк  экономикалық  саясатын  қалыптастыру  және  экономика  салаларын 
әртараптандыру арқылы дамудың тұрақтылығына қол жеткiзуге бағытталған. 

 
 
27 
Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаев үнемі айтып келе жатқандай, біздің еліміздің алдында 
экономиканы жаңғырту  мен оның тұрақты өсуін қамтамасыз ету жөніндегі маңызды міндет тұр. 
Ол әлемде болып жатқан өркениет үрдістерін ескере отырып, экономиканы инновациялық жолға 
аударудың негізінде ғана шешілуі мүмкін.  
Өңдеушi  өнеркәсiпте  және  қызмет  көрсету  саласында  бәсекеге  түсуге  қабiлеттi  және 
экспортқа бағдарланған тауарлар, жұмыстар және қызметтер өндiрiсi мемлекеттiк индустриялық-
инновациялық  саясаттың  басты  нысанасы  болып  табылады.   Дүниежүзiлiк  экономиканың 
ғаламдануы  аясында  Қазақстан  экономикасы  бiрқатар  проблемаларға  тап  болып  отыр.  Негiзгi 
проблемалар  мыналар  болып  отыр:  бiр  жақты  шикiзат  бағыттылығы,  әлемдiк  экономикаға 
ықпалдасудың  әлсiздiгi,  ел  iшiндегi  салааралық  және  өңiраралық  экономикалық  ықпалдасудың 
босаңдығы, iшкi рынокта тауарлар мен қызметтерге деген тұтыну сұранысының мардымсыздығы 
(шағын  экономика),  өндiрiстiк  және  әлеуметтiк  инфрақұрылымның  дамымауы,  кәсiпорындардың 
технологиялық  тұрғыдан  артта  қалушылығы,  ғылым  мен  өндiрiстiң  арасында  ықпалды 
байланыстың болмауы; ғылыми-зерттеу және тәжiрибелiк-конструкторлық жұмыстарға қаржының 
аз  бөлiнуi,  менеджменттiң  экономиканы  Ғаламдану  процестерiне  және  сервистiк-технологиялық 
өтуге бейiмдеу мiндеттерiне сәйкес келмеуi. 
Индустриялық саясат - мемлекеттiң бәсекеге түсуге қабiлеттi және тиiмдi ұлттық өнеркәсіпті 
қалыптастыру үшiн кәсіпкерлікке қолайлы жағдайлар жасауға және қолдау көрсетуге бағытталған 
шаралар кешенiн бiлдiредi.   Индустриялық-инновациялық дамудың мемлекеттiк стратегиясы 2010 
жылға  дейiнгi  кезеңге  арналған  стратегиялық  жоспарда  белгiленген  мақсаттарға  қол  жеткiзудi 
қамтамасыз  етуi,  сондай-ақ  одан  кейiнгi  жылдары  қазақстандық  экономиканың  сервистiк-
технологиялық  бағыттылығын  қалыптастыру  болып  отыр.  Стратегияның  маңызды  мiндеттерiнiң 
бiрi  мақсатты  инвестициялық  және  ғылыми-техникалық  стратегияларды  iске  асыру, 
инвестициялық белсендiлiктi реттеу мен ынталандыру, бұл индустриялық-инновациялық дамудың 
қазiргi мемлекеттiк басқару жүйесiн қайта қарауды және белгiлi бiр дәрежеде қайта құруды қажет 
етедi. 
Осындай  проблемаларды  шешу  үшін  Стратегия  аясында  алға  қойылған  мақсаттар  мен 
мiндеттерге  қол  жеткiзу  үшiн  Даму  Банкiнiң  қызметiн  жандандырумен  қатар  Қазақстанның 
инвестициялық  қоры,  Экспортты  сақтандыру  жөнiндегi  корпорация,  Инновациялық  қор  сияқты 
арнайы  даму  институттарын  құру  көзделiп  отыр.  Бұл  ретте  осы  институттар  қосылған  құны 
жоғары жаңа өндiрiстердi құруға және олардың жұмыс iстеп тұрғандарын дамытуға және келелi 
салаларды  кешендi  талдау,  олардың  ең  маңызды  элементтерiн  анықтау  негiзiнде  ғылыми  және 
ғылыми-техникалық  зерттеулер  мен  әзiрленiмдерге  қолдау  көрсетуге  инвестициялау  саясатын 
жүргiзетiн болады. 
Стратегияда  айқындалған  мақсаттарға  қол  жеткiзу  үшiн  жаңа  мемлекеттiк  даму 
институттарын  құру,  сонымен  қатар  қазіргі  таңда  жұмыс  істеп  жатқан  Қазақстанның 
инвестициялық  қорын,  Қазақстан  Даму  Банкiн,  Инновациялық  қорды,  Экспортты  сақтандыру 
корпорациясын нығайту қажет. 
Тұтастай  алғанда,  даму  институттарының  тұрлаулы  жұмыс  iстеуi  орталықсыздандыру, 
мамандандыру, 
бәсекелестiк 
және 
ашықтық 
қағидаттарына 
негiзделетiн 
бiрыңғай жүйенi қалыптастыруға тиiс.  
Елбасы  Н.Назарбаевтың  бастамаларымен  ұғынықты,  нақты  біртұтас  жоспарлар  пайда 
болады.  Олар:  «Индустриялық-инновациялық  даму  стратегиясы»,  кластерлік  бастамаларды, 
«Қазақстанның  30  корпоративтік  көшбасшысы»  бағдарламасын,  «Көлік  стратегиясын»  және 
индустрияландыру  саласындағы  басқа  да  бағдарламалық  құжаттарды  бойына  сіңіріп,  олардың 
орындалуын қамтамасыз ететін болады. 
Қазақстан  халқына    Жолдауында  Нұрсұлтан  Назарбаев  даму  болашағына  деген  жүйелік 
көзқарасты  –  Қазақстанның  әлемдегі  бәсекеге  барынша  қабілетті  50  елдің  қатарына  кіру 
стратегиясын  жұрт  назарына  ұсынған  болатын.  Қазақстан  әу  бастан-ақ  осы  заманғы  нарық 
экономикасын  құруға  күш  салғаны  белгілі.  Мұның  өзі  халықаралық  қоғамдастықтан  лайықты 
бағасын  алды.  Біздің  еліміз  ТМД  кеңістігінде  алғашқылардың  бірі  болып  өзінің  сипатына  қарай 
нарықтық мемлекет деп танылды.  
Нағыз егемендікті құрудағы және республика тәуелсіздігіндегі экономикалық бағыттылықты 
еске  ала  отырып,  Қазақстан  халықаралық  экономикалық  ұйымдардың  қызметтеріне  қатысу 
мәселелеріне  күннен-күнге  баса  назар  аударуда.  Бұл  ұйымдарға  Қазақстанның  қатысуы 
республика үшін маңызы зор – ол Қазақстанның нарықтық экономикаға өту кезеңінде және оның 
экономикалық одақтардың құрылуына әсерін тигізеді.   

 
 
28 
Қытай – Қазақстан қарым-қатынасы тез қарқынмен дамып келеді. Қытай Қазақстанды Азия-
Тынық мұхит аймақтарымен тұтастыратын сара жол болып отыр. Қазақстанның Қытаймен саяси, 
экономикалық  қарым-қатынасты  тығыз  дамытуы  Қазақстанның  ашық  теңізге  бөгелмей  шығып, 
экономикалық  қажеттілікті  қанағаттандырып,  Европа  мен  Азияның  алатын  көпірі  болу  ролін 
күшейте түседі. 
 Қазіргі  уақытта  Қытай  мен  Қазақстанның  экономикалық  даму  қарқыны  күшеюде,  сауда-
саттық  мөлшері  біркелкі  болмағанмен,  жалпы  беталысы  жоғарылап  келеді.  Екі  елдің 
экономикалық  құрылымының  бір-біріне  қажеттілігі  өте  мол,  қатынас-тасымал  өте  қолайлы, 
экономикалық ынтымақтастық жасаудың жеткізер пайдасы қомақты. Көпшілікке белгілі, үдемелі 
индустриялық және инновациялық даму, сонымен қатар еңбек өнімділігінің қарқынды түрде өсе 
түсуі  Қазақстанның  әлем  елдері  арасында  алдыңғы  шептен  көрінуіне  мүмкіндік  беретіндігін 
Мемлекет   басшысы  халыққа  арнаған  биылғы  Жолдауында  атап  көрсеткен  болатын.  Мемлекет 
басшысының  айтуынша  “әр  өңірдегі  әрбір  индустриялық  жоба  жергілікті  биліктің  ғана  емес, 
сонымен  бірге  жұртшылықтың  да  айрықша  бақылауына  алынуы  керек.  Бұл  жұмыс  таяудағы 
онжылдықта  бүкіл  еліміздің  жалпыұлттық  міндетіне  айналуы  тиіс”.  Мемлекеттік  маңызы  зор 
“Үдемелі индустриялық-инновациялық даму” бағдарламасын дәйектілікпен жүзеге асыруда “Сам-
ұрық-Қазына” ұлттық әл-ауқат қоры айтарлықтай ауқымды үлес қосуда. 
  Өскеменде  Еуразиялық  даму  банкі,  Қазақстанның  даму  банкі,  Қазақстан  ғылым  қоры, 
Ресей  федерациясы  товар  өндірушілер  одағы,  Новосібір,  Омбы  облыстарының    және  Алтай 
өңірінің,  сондай-ақ  Қазақстан  мен  Ресейдің  шағын  және  орта  бизнес  өкілдерінің  қатысуымен 
“Ықпалдасу  үдерістерін  тереңдету  барысындағы  инновациялық  даму”  атты    аймақтық 
инвестициялық  форум  өтті.  Бұл  форумда  екі  елдің  сауда-экономикалық,  мәдени  байланысын 
өркендете  беруге  зор  көңіл  бөліп  келе  жатқанын  ерекше  айтты.  Онда  Ресей  мен  Қазақстан 
арасында 2008-2011 жылдарға арналған экономикалық ынтымақтастық бағдарламасы, Қазақстан-
Ресей  аймақтарының  алдағы  үш  жылға  жоспарланған  шекаралас  аймақтардың  ынтымақтастығы 
жөніндегі  бағдарламасы    сияқты  маңызды  жеті  бірдей  құжатқа  қол  қойды.  Шығыс  Қазақстан 
облысында  осымен  үшінші  рет  өткізіліп  отырған  аймақтық  инвестициялық  форум  еліміздің 
экономикасы  үшін  аса  маңызды  ынтмақтастық  байланыстың,  жоба-жоспарларының  жүзеге 
асырылуы.  Шығыс  Қазақстанның  сыртқы  сауда  айналымының  30  пайызы  Ресей  елінің  үлесіне 
тиіп  отыр.  Соңғы  тоғыз айда  сыртқы  сауда қызметі  40  пайызға  өскен.  Екі  елдің бірлесіп  жұмыс 
атқарып жатқан кәсіпорын саны өсіп келеді.   
Бүгінгі күні мемлекеттік үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасына тау-кен 
металлургия  өнеркәсібі  саласы  бойынша  енгізіліп  отырған  61  жобаның  30-ы  жүзеге  асырылған. 
Жаңа  технологияларды  енгізіп,  өнімнің  қосымша құнын  көтеруге  мүмкіндік  берген  сол жобалар 
сәтті  жүзеге  асып,  орындалып  жатқан  металлургия  өнеркәсібі  Шығыс  өңірінің  Өскемен  титан-
магний  комбинаты  әлемдік  рынокқа  аяқ  басты.  Корея  компаниясымен  бірлесіп  өскемендіктер 
титан құймасын құятын өндіретін жаңа  өндіріс орнының іргетасын қалады. 
Экономиканың  тұрақты  және  қарқынды  дамуы  үшін,  мемлекеттің  әлемге  өзін  таныту 
мақсатында ұлттық қаржы капиталының  қалыптасуы  бүгінгі күннің өзекті мәселесі болып отыр. 
Осыған  байланысты    мемлекетіміздің  таяу  және  алыс  шетел  капиталдарымен  экономикалық 
қатынас  жасауы  және  оның  бәсекеге  қабілеттілігін  арттыру  бүгінгі    күннің  талабы.  Мақсат  – 
капиталды белгілі бір ұлтқа емес, белгілі бір мемлекетке тиесілі, оның ішкі нарығында, сондай-ақ, 
дүниежүзілік нарықта айналатын қаржы капиталының инфрақұрылымы  ретінде қарастыру.   
Қазіргі таңда трансұлттық корпорациялар мен қаржылық өндірістік 
топтардың ықпалының ұлғаюы жағдайында әрбір мемлекет өз мүдделерін қорғаумен қатар 
қауымдастықтарға  бірігіп,  шетел  капиталдарын  тартып,  ұлттық  капиталымыздың  бәсекеге 
қабілеттілігін арттыру саясатын жүргізеді.  Бұл әрекеттер ел ішіндегі экономикалық қатынастарды 
жетілдіруге  бағытталған.  Мұның  өзі  мемлекет  саясаты  сыртқы  проблемаларды  шешіп  қана 
қоймай, ішкі экономикалық қайшылықтарды да шешуге бағытталған.  
Қазақстандағы  қазіргі  жағдай  мынадай  жағдайларды  талап  етеді:  мемлекеттің  мемлекеттік 
даму  институттары  арқылы  жүргізетін  инвестициялық  қызметі;  отандық  бизнестің  мүдделерін 
ілгері  бастыру,  озық  технологияларға    қол  жеткізу  және  ұлттық  экономиканы  теңдестіру 
мақсатымен  қазақстандық  капиталдың  шетелдерге  экспансиясын  жүзеге  асыру;  Қазақстанның 
қазіргі  заманғы  жағдайларда  отандық  капиталдың  шетелге  экспансиясын  жүзеге  асыру  болып 
табылады.  Дамудың  мұндай  сипатын  «инновациялық  тұрпаттағы  инвестор  ел  тұжырымдамасы» 
деп  атауға  болады.  Көп  деңгейлі  инновациялық  құрылымды  дамыту  және  қалыптастыру  Үкімет 
бағдарламасының негізгі міндеттерінің бірі. Бұл жерде арнаулы экономикалық аймақ құру туралы 
Елбасы Жарлығы шыққан болатын.  

 
 
29 
Бүкіләлемдік  банктің  ұсынысы  бойынша  үш  озық  технология  орталығын  құру 
жоспарлануда.  Жобаның  негізгі  мақсаты  –  зерттеу  орталықтары  мен  университеттерді 
халықаралық маңызы бар алдыңғы қатарлы орталықтарға айналдыру болып табылады.  
Елімізде  ХХІ    ғасырдағы  Қазақстанның  жаңа  экономикасының  берік  тұғырындай    бүгінгі 
күн  талабына  жауап  беретін  инновациялық  жүйе  құруға  барлық  жағдай  бар.  Ел  Президенті 
белгілеген  «Әлемдік  экономикаға  ойдағыдай  кірігу  –  елдің  экономикалық  дамуының  сапалық 
серпілісінің  негізі»    басымдығына  сәйкес    халықралық  маңызды  «серпінді»  жобаларды  іске 
асыруға,  жоғары  технологиялық  индустрияны  дамытуға,  әлемдік  нарықтарда  бәсекеге  қабілетті 
болатын  тауарлар  мен  қызметтерді  өндіруге  бағытталған    белсенді  шараларды  қабылдау 
жоспарланған.   
Қазақстан  бұрынғы  кеңестік  аймақтағы  елдердің  ішінде  экономикасына  шетел 
инвестицияларын тарту бойынша көшбасшы болып табылады. 
Экономикамызды  дамытудың    елбасы  бастамасымен  болып  жатқан  жобаларының 
перспективалары мен басымдықтары сенімді түрде  іс жүзіне асуда. Оның талассыз жаңашылдығы 
мен құндылығы, міне, осында. Болашақ әлемдік дамудың стратегиясы, жаңа әлемдік архитектура 
тудыратын  осындай  мегажобалар  елдердің  ынтымақтастығын  дамытудың  бәсекеге  қабілеттілігі 
мен жоғары тиімділігін қамтамасыз ететін инновациялық жаңғырту мүмкіндігін жіберіп алмауды 
қарастыратын  уақыт  келгенін  көрсетеді.    Еуразия  кеңістігін  қуатты  инновациялық  және 
технологиялық  серпінділік  үшін  перспективалы  аумақ  ретінде  қарастырады.  «Қазақстан-2030» 
ұзақ  мерзімді  бағдарламасына  және  онжылдық  стратегиялық  жоспарға  сәйкес  ел  экономикасы 
ойдағыдай  ілгері  дамып  келеді,  көптеген  шаралардың  бәрі  ретімен  жүзеге  асуда.  Экономика 
қарышты  дамып,  тұрақтылық  орнауда.  Қай  салада  болмасын  рыноктық  қатынастардың 
алғышарттары қалыптастырылып, оның даму жолы айқындалуда. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   38




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет