Х. Досмұхамедов атындағы Атырау му хабаршысы №4 (35), 2014



Pdf көрінісі
бет3/22
Дата03.03.2017
өлшемі3,43 Mb.
#5998
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22

 
НЕГІЗГІ БӚЛІМ 
Қазақ    әдебиеті  тарихының    кезеңдеріне  сай,      ӛңірлік  жерлердегі  ақын  – 
жыраулардың    толғаулары    мен    жырларын  жинап,  бір  ізге  салған  профессор 
С.Қазыбайұлы  алдымен  басылымдарда  жариялап,  індете  жоқтаушысы  болып, 
ұстаздықпен  қатар  ғылыми  еңбек  жазып  қалдыруы,  жыраулар  поэзиясын  
қалыптастыруға  қосқан  үлесінің  іргелі екендігі сӛзсіз.   
 
Ӛмірін  еңбекпен  біте  қайнастырып,  қатар  ұстанған  С.Қазыбайұлы  біз 
тоқталмақшы    болып  отырған  еңбегін  1994  жылы,  яғни  сексен  жасқа  келгенде  
жазып,    бастырып    кафедраға    қолжазба  күйінде  әкеліп,  «Сан  жылғы  ойымды 
жинақтап әкелдім. Толымды еңбекке татиды – ау деген  тиянақты  пікірім  де  аздау,  
ал  қарап  кӛріңдер»  деп  кафедрадағы    ортадағы  үстелге  қойған  болатын.  Бірақ 
еңбек  С.Қазыбайұлының кӛзі тірісінде жарық кӛрмей, шәкірті Қадыр  Ӛтегенұлының   
алғы сӛзімен  2004  жылы  ғана басылып шықты.   

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы 
 № 4 (35), 2014 
 
19 
 
С.Қазыбайұлының  «ХV-ХІХ  ғасырлардағы  қазақ  әдебиеті  (Жыраулар 
поэзиясы)»    атты  зерттеу  еңбегі    «Қазақ  әдебиетіндегі  жыраулық  поэзияның 
қалыптасу  кезеңі»,    «ХVІІІ  ғасыр  әдебиеті»  және  «ХІХ  ғасырдағы  жыраулар 
әдебиеті»  атты  үш  бӛлімнен  тұрады.  Еңбек  қазақ  әдебиеті  тарихының  белді 
кезеңдерінде бастау алатын тӛл әдебиетке арналғанымен, аңдатпасындағы: «Біздің  
дәуірімізге  дейінгі    қадым  заманнан  бермен    қарай  солтүстік  –  шығыста    Байкал 
кӛлінен,  шығыста  Алтай  таулары,  күнгейінде  Алатау  ӛңірінен  бастап,  Сыр,  Жайық, 
Еділ,  Дон  ӛзендерінен  асып,  батыста  Қара  теңіз,  Дунай  ӛзені,    Карпат  тауына  
дейінгі      Азия,  Еуропа  құрылығының    ұлан  –  байтақ    даласын    түркі    тектес  ру  – 
тайпалары  қоныс етіп тіршілік етті.  Ол ру-тайпалардың біразы  сақ, массагет,  ғұн,  
үйсін,  қаңлы,  алшын,  қыпшақ,  найман,  керей,  арғын  деп  аталатын    негізгі  түркі 
тілдес  халықтар  болды»    деп  келтіруінен    мақсат    сонау    ежелгі    дәуірден  бастау 
алар,  кезеңдік әдебиет тарихын ортақ ойда қарастыруға  ұмытылғанын  байқаймыз.  
Әдебиет  тарихымен    бірге      қазақтың    ауыз    әдебиеті    атты    екінші    қанатын    да 
қатар    алып,  «Басы  бұлақ  болмаса,  аяғы  шалқар  кӛл  болмас»  [1,5  б.]  дегендей,  
қазақтың  тарихи  әдебиеті  де  тақырға  шыға  қоймағанын,  онан  да  нәр  алған, 
толқынға толтыра арнасын кеңейткен бастау бұлағы болғанын ерекше ескереміз. Ол 
бастау бұлақ – қазақтың халық ауыз әдебиеті» деп, әдебиеттің  жыраулар поэзиясы,  
тарихи  әдебиет,    одан  бері  кӛркем  әдебиеттің  дамып,  ӛркен  жаю  ағымында  ауыз 
әдебиетінің аталық беделін айрықша жоғары екендігін танимыз.  
Ғалым    еңбегінің    басты    қыры  -  ӛзіне    дейінгі    зерттеушілер  туралы  мол  
мағлұматтың  болуы,  мысалы Сыпыра жырау туралы жазбасында  алғаш іздестіру 
бағытында  берілген  пікірлерден  бастап,  қазіргі  кезеңдегі,  яғни  ХХ  ғасырдың  80-
жылдарында  Есім Байболовтың жаңадан тапқан толғауларының  жариялану  ісіндегі  
орнына  кеңінен  тоқталып ӛтеді.  
С.Қазыбайұлының кезең әдебиет тарихына сай ең мол тоқталған жыраулары  
қатарына  ӛзі  де  ауыз  әдебиетінің    фольклорлық  тәжірибелерінде  арнайы  іздеп,  
жаңаша  зерттеуге  ізашар  болар  тың  мұраларымен  толықтыруға  тырысқан.    Атап 
айтқанда,    қазақ  әдебиетінің  ғасырлар  бойы  қалыптасқан    ӛзгешеліктерін    танып-
білуде  Сыпыра  Сұрағалтайұлы,  Қазтуған  Сүйінішұлы,    Доспамбет  жырау,    Шәлгез 
Тіленшіұлы,  Жиембет  Бортоғашұлы,    Есет  Қараұлы,    Махамбет  Ӛтемісұлы,  
Нысанбай ақын,  Нұрым  Шыршығұлұлы,  Қашаған Күржіманұлы, Мұрат Мӛңкеұлы, 
Ақтан      Керейұлының  батырлық    рухпен    тӛгілген    айбынды    поэзиясының  
орындары  ӛзгеше  екендіктерін    басты  назарда  ұстаған.    Мысалы,    «Қазтуғанның  
«Белгілі  биік  кӛк  сеңгір»  деген    нақыл  тақпақ  жыры  жыраулық    поэзияның    асыл  
үлгісіне  жатады. Осы жырында ол кемеңгер ақыл иесі, кең тынысты жырау екенін 
танытады»  десе,    «Доспамбет  поэзиясындағы  ерлік  рух,  халықтық  идея  ӛзінен 
кейінгі  жортуыл  ерлері  Жиембет,    Ақтамберді,    Махамбеттерге    инабатты    ӛнеге,  
қасиетті    үлгі  ретінде  әсер  етеді»  деп  бағалайды.    Асанқайғы  мен  Қазтуған 
жыраулардың  шеберлік  нұсқаларын  ӛнеге тұтқан  Шәлгез жырау  туралы  «Оның  
ақындық талантынан   құйылған жыр – халық поэзиясы бұлағының бастауы іспетті 
мӛлдір.  Толғаулары  дидактикалық  үлгідегі  ғибрат  сӛздер,  адамгершілігі    жоғары, 
әділетшіл    ақыл  иесінің  даналық  кеңесі  болып  табылады»  [1,108  б.]  деп  әр 
жыраудың  қазақтың  тӛл  әдебиетін  дамытып,  жетілдіру  жолындағы    ӛзгешелік, 
ерекшеліктерін  С.Қазыбайұлы  атап кӛрсетіп отырады.  
«Махамбет  ӛлеңдері   ӛзіне тән сипатымен кӛркемдік жағынан ерекшеленіп, 
жанр жағынан  тарихи шындықты, уақиғаны лирикалық сезімге  бӛленіп баяндалған, 
оған  ӛз  кӛзқарасын,  қатысын  және  қалай  сезінуін  қоса  айтады»  деп  ақын  

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы 
 № 4 (35), 2014 
 
20 
 
поэзиясының  табиғатын  ашуда  нақтылы  сӛз  қолданысты  айқындай  отырып, 
теориялық  тұжырымға  айналдыруында  ӛзінің  ӛлең  сӛз  қисынын    зерделеуге  
келгенде  қара  үздірген  үздік  екенін және бір мойындатып  кетіп отырады.  
С.Қазыбайұлының  «ХV-ХІХғасырлардағы  қазақ  әдебиеті  (Жыраулар 
поэзиясы)»  еңбегінің  басты  ерекшелігі  сол,  мынадай  ойларға  тереңірек  баруды  
аңғартады.  Біріншісі  –  Атырау  ӛңірі  ақын  –  жырауларының    әдеби  мұрасын  алғаш 
жинап,  жариялап  және  талдау  жасап,  ғылыми  айналымға  енгізуі.  Ал  екіншісі  – 
«Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға»  дейтін  сара жолды ӛзіндік  биіктікке  
кӛтеріп,  тәжірибе мен     ғылымды қатар ұштастыруы.  
Себебі,  С.Қазыбайұлы    жалпы  ӛмірде  жаны  таза  азамат  бола  білудің,  адал 
еңбек етудің,  талмай ізденудің, қажымас қайраткер болудың  ең бастысы ӛмірімен 
де,  ӛнегесімен де  замандастарына, адам баласына ұстаз болудың ғажайып үлгісін 
кӛрсетті.  Ӛмірінің  кӛп  жылдарын  студент  аудиториясында  дәріс  оқып,  шәкірт 
тәрбиелеуге  арнады.  Осы  Атырау  облысының  әр  ауылынан  Сабыр  ағайдан  білім  
алған  мамандарды  кӛптеп  кездестіретініміз айдай ақиқат.  
 
ҚОРЫТЫНДЫ 
  Ғылыми  ортадан  жырақ  тұрса  да,  қазақ  әдебиетінің  тарихы  атты  ұлы 
кереуеннің  салмақты жүгін арқалап ӛткен  профессор Сабыр Қазыбайұлының қазақ 
әдебиеті тарихы саласындағы мұрасын танып, зерделеу, тиісті бағасын беру  – алда 
тұрған зор міндеттердің бірі.  
Ұлағатты ұстаз бойындағы кішіпейілділік, сарабдал сабырлылық, жаны таза 
адамға  жарасар қарапайымдылық, биік ой мен терең парасат  оның үлкен ағалық, 
тұлғалық  ірілігі  -  оның  азаматтық  тұлғасын    сәт  сайын  асқақтатып,  жас  ұрпақтың 
жанын нұрландыра түспек.   
 
Әдебиеттер тізімі 
1  Қазыбайұлы  С.  ХV-ХІХ    ғасырлардағы    қазақ    әдебиеті  (Жыраулар  поэзиясы) 
Ақтӛбе: «А-Полиграфия», 2004. – 296 б. 
 
Резюме 
В  этой  статье  описывается  литературно-историческое  значение  научно-
исследовательского  труда    «История  казахской    литературы  ХV-ХІХ  вв.»,  великого 
ученого-педагога,  ветеран  ВОВ,  почетного  гражданина  Атырауской  области 
С.Казыбайулы.  
 
Summary 
Thisarticledealswiththeliteral-historical  features  of  the  research  work  "History  of 
the Kazakh Literature of the XV-XIX Centuries", of the great scientist-teacher, the veteran 
of the Second World War, the honourable citizen of Atyrau region S. Kazybayuly.  
 
Қабылданған күні 29.09.2014 ж 
 
 
 
 
 
 

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы 
 № 4 (35), 2014 
 
21 
 
ӘОЖ 811.512.122 
Г.Б.Ергалиева 
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті 
Қазақстан Республикасы, 060011, Атырау қ., Студенттік даңғылы, 212 
 
ТІЛДЕГІ ЖАҚСЫЗ СӚЙЛЕМДЕРДІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ  
 
Аңдатпа 
Мақалада тілдік жүйедегі жақсыз сӛйлемдердің  синтаксистік құрылымы мен 
алатын  орнына  талдау  жасалады.  Сондай-ақ,  олардың  тұлғалық  құрылымын 
айқындау арқылы ӛзіндік ерекшеліктері жинақталып беріледі. Жақсыз сӛйлемдердің 
даму,  қалыптасу  жолдары  зерделенеді.  Нәтижесінде  жақсыз    сӛйлем 
құрылымдарының тілдік табиғаты сипатталып, олардың тіл-сӛйлеу жүйесіндегі орны 
айқындалады.  
Негізгі  сӛздер: 
жақты-жақсыздық  категориясы,  жақсыз  сӛйлем,  бір  құрамды 
сӛйлем, сӛйлемнің тұлғалық құрылымы, субьект, предикат.  
 
КІРІСПЕ 
Жақ категориясы қимыл иесінің айтушыға қатысын білдіріп, негізінен жіктеу 
есімдіктері  ұғымымен  тығыз  байланысты  болып  келеді.  Синтаксистік  деңгейде  жақ 
категориясы сӛйлем құрылымында субьект пен предикаттың байланысын айқындап, 
қимыл  иесінің  айтушыға  қарым-қатынасын  түрлі  деңгейде  білдіреді.  Сондықтан 
тілдік жүйеде синтаксистік жақты-жақсыздық категориясының алатын орны ерекше. 
Бұл  сӛйлем  құрылымында  субьектінің  болмыстағы  обьектіге  қатынасы  арқылы 
кӛрінетін  семантикалық-синтаксистік  категория.  Осы  тұрғыдан  жақты-жақсыздық 
категориясы  –  құрамындағы  жақты  сӛйлемдердің  белгілі  бір  жаққа  қатысты  болып 
келуінен, ал жақсыз сӛйлемдердің дербес бір жағы, субьектісі болмауынан кӛрінетін 
қарама-қарсылықтан тұрады.  
Ендігі мәселе тілде ӛзіндік ерекше белгілерімен сипатталатын жақсыз сӛйлем 
құрылымдарына қатысты болады. Жалпы тілтанымда жақсыз сӛйлемдерге қатысты 
тұжырымдардың  барлығы  да  негізінен  жақты  сӛйлемдерге  қарсы  қойылып 
сипатталатыны  белгілі.  Қазіргі  түркологиялық  зерттеулер  түркі  тілдерінде  жақсыз 
етістіктердің  болмауына  қарамастан  жақсыз  сӛйлемдердің  грамматикада  ӛзіндік 
алатын  орны  бар  екендігін  кӛрсетеді.  Түркітануда  жақсыз  сӛйлемдерге  берілген 
анықтамаларға  салыстырмалы  талдау  жасайтын  болсақ,  олардың  арасында  пікір 
қайшылығы  жоқ.  Яғни  бұл  зерттеулерде  жақсыз  сӛйлемге  тән  белгілер  қатарында 
біркелкі  ерекшеліктер  сипатталады.  Сондай-ақ,  олар  ортақ  белгілері  негізінде  әр 
тілдің  ӛзіндік  ерекшеліктеріне  байланысты  зерттеу  бағытын  айқындап  отыр.  Түркі 
тілдерінде  жақсыз  сӛйлемдердің  жоқ  екендігін  дәлелдеп  кӛрсетуге  тырысқан 
ғалымдардың зерттеулерінде жақсыз сӛйлемді ажырату межесі жақсыз етістіктермен 
байланысты  қарастырылады.  Осы  тұрғыдан  келгенде,  түркітанудағы  бастапқы 
зерттеулерде жақсыз сӛйлемдердің болмауы  оқиғаны ешбір бӛлшектемей, оны тек 
тұтас 
атайтын 
нӛлдік 
предикацияны 
білдіретін 
етістіктің 
болмауымен 
сабақтастырылады.  Дегенмен  түркітанудағы  жиырмасыншы  ғасырдың  елуінші 
жылдарынан  кейінгі  бұл  бағыттағы  зерттеулер  нәтижесі  түркі  тілдерінде  жақсыз 
сӛйлем  типтерінің  бар  екендігін  дәлелдеп,  оның  ерекше  белгілерін  айқындап  қана 
қоймай,  олардың  бір  құрамды  сӛйлем  түрлері  қатарында  орын  алатындығын 
кӛрсетіп  отыр.  Айталық,  грамматикалық  құрылымында  тек  бір  бас  мүше  – 

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы 
 № 4 (35), 2014 
 
22 
 
баяндауыштың болуы, бастауыштың қажет болмауы, субьектінің логикалық ыңғайда 
келуі  тәрізді  жақсыз  сӛйлемге  тән  белгілер  түркі  тілдеріндегі  жақсыз  сӛйлем 
құрылымдарының басты ерекшеліктері болып табылады.  
Жақсыз  сӛйлем  құрылымдарының  қазақ  тіл  білімінде  зерттелу  жайына 
талдау  жасайтын  болсақ,  тілімізде  сӛйлемнің  бұл  түрін  арнайы  қарастырған  ғалым 
Ғ.Мадинаның пікірінше, «Субьекті грамматикалық бастауыш арқылы берілмеген, оны 
баяндауыш  формасы  арқылы  табуға  болмайтын  сӛйлем  түрі  жақсыз  сӛйлем»  [1]. 
Тілде  жақсыз  сӛйлемдердің  белгілері  де  сипатталады:  «1)  грамматикалық 
бастауышы  мүлде  болмайды,  яғни  құрылысы  жағынан  тек  қана  бір  тұрлаулы 
мүшеден  –  баяндауыштан  тұрады;  2)  іс  иесі  ілік  не  барыс  септігінің  тұлғасында 
болып,  сӛйлемде  анықтауыштың  не  толықтауыштың  қызметін  атқарады;  3) 
баяндауышы негізінде күрделі болады және арнаулы формалар арқылы жасалады» 
[2].  М.Балақаевтың  пікірінше,  «...бастауышы  жоқ,  оның  орны  жоқталмайтын, 
айтылған іс-әрекет баяндауыш арқылы үш жаққа бірдей ортақ ұғымда жұмсалатын 
сӛйлемдер  жақсыз  сӛйлемдер  болады»  [3].  Қазақ  тіліндегі  жақсыз  сӛйлемдердің 
табиғатына  қатысты  кейінгі  зерттеулерде  де  берілетін  анықтамалар  осы  сипатта 
болып келеді. Бұлардың қайсысында болмасын бұл сӛйлем түріне тән ерекшеліктер 
толық  қамтылып  отырмағанын  байқау  қиын  емес.  Айталық,  жоғарыда  келтірілген 
анықтамаларда  «грамматикалық  бастауышы  жоқ,  оны  табуға  болмайтын» 
тұжырымға орайлас келетін жақсыз сӛйлемнің бір ғана бас мүшесі – баяндауыштың 
болуы  –  тек  бұл  сӛйлем  түріне  ғана  емес,  белгілі,  белгісіз,  жалпылама  жақты 
сӛйлемдердің  барлығына  тән  сипат  болады.  Сонымен  қатар,  «бастауыш, 
грамматикалық  субьектісі  болмайтын»  деген  пікір  де  айқындықты  қажет  ететін 
тәрізді. Себебі белгілі бір жағдайда бас мүшесі табиғат құбылыстарын сипаттайтын 
сӛйлемдер  қатарында, не болмаса, бас  мүшесі сапалық сын есімдер  болып  келетін 
жақсыз  сӛйлемдердің  табиғаты  грамматикалық  бастауышты  қабылдап  алатын 
жайттары жиі орын алады. Бұған тілдегі «Астанада тұрғым келеді» деген  сӛйлемді 
«Мен  Астанада  тұрғым  келеді»,  немесе  «Астанада  тұруым  керек»  сӛйлемін  «Мен 
Астанада тұруым керек» деген тәрізді тұлғаларда түрлендіріп, қолдану үрдісі қазіргі 
тілдік  жүйеде  кең  қолданыс  тауып  отырғаны  белгілі.  Тілде  бұндай  сӛйлемдер  бір 
құрамды  жақсыз,  не  қос    құрамды  жақты  құрылымдар  қатарында  қаралып  келеді. 
Осы  тұрғыдан  келгенде,  мағыналық  жағынан  бірдей  сӛйлемдердің  екі  түрлі 
синтаксистік  құрылымда  кӛрініс  табуының  қатысымдық  қызметке  де    белгілі 
дәрежеде  әсері  болатындығын  ескеру  қажет.  Дегенмен,  тілдік  тәжірибе  жақсыз 
сӛйлемдердің барлығы бірдей субьектіні «жандандыруға» кӛне бермейтінін кӛрсетіп 
отыр. Бұл жақсыз сӛйлемдердің табиғаты бір құрамды сӛйлемнің басқа түрлерімен 
салыстырғанда  әлдеқайда  күрделі  болатындығын  аңғартады.  Бұны  аталған  сӛйлем 
түрлерін  іштей  ажырату  кезінде  де  туындайтын  мәселелерге  қатысты  тарқатуға 
болады.   
Тілде  жақсыз  сӛйлемдер  субьектінің  қатысын  білдіру  тұрғысынан  ӛзіндік 
сипатымен ерекшеленеді, кейін бұлардың барлығы да жақсыз сӛйлемдердің жасалу 
жолдарын талдап кӛрсетуге негіз болды. Енді осыларға қысқаша тоқталатын болсақ, 
бірқатар  жақсыз  сӛйлемдерде  логикалық  субьект  іс-әрекет  иесі  ретінде  ілік,  барыс 
септік  тұлғаларында  келеді  (Мысалы:  Оған  сабаққа  бару  керек).  Жақсыз 
құрылымдардың енді бір тобында субьект нақты бір сӛзбен берілмеуі мүмкін. Яғни, 
субьектінің  нақтылығы,  қажеттілігі  байқалмайды.  Бұл  жағдайларда  субьектіні 
контекстен  іздеп  табу  мүмкіндігі  қашан  да  сақталады.  Кейбір  жақсыз  сӛйлемдер 
ешбір  жаққа  қатыссыз,  іс-әрекетті  ӛзі  орындалғандай  қылып  кӛрсетуі  мүмкін,  бұл 

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы 
 № 4 (35), 2014 
 
23 
 
жағдайда ырықсыз етіс тұлғаларының қызметіне айрықша назар аудару қажет. Бұл 
формалар белгілі жақты сӛйлем құрамындағы обьектіні ӛзекті қылу арқылы  жақсыз 
сӛйлемдерге  айналдырады.  Сондықтан  бұндай  сӛйлемдердің  грамматикалық 
бастауышы қызметін кей жағдайда обьект те атқарады.  
Сӛйлемнің мағынасы мен грамматикалық құрылымы ӛзара тығыз байланысты 
болуы басты шарт болса, тілдегі жақсыз  сӛйлемдер  де дербес тілдік  бірлік  ретінде 
бұл талапқа толық сәйкес келеді. Қос құрамды және бір құрамды жақты сӛйлемдер 
тура субьектілі болса, жақсыз сӛйлемдер жанама субьектілі және субьектісіз болып 
келеді. Бұдан шығатын қорытынды, жақсыз сӛйлемдер жақтық мәні құрылымындағы 
ілік,  барыс  септікті  сӛздерден  байқалатын  не  мүлде  кӛрінбейтін,  грамматикалық 
бастауышы  жоқ,  оны  енгізуді  қажет  етпейтін  бір  құрамды  сӛйлем  түрі  болып 
табылады.  
Тілде  жақсыз  сӛйлем  құрылымдарының  бас  мүшелері  ерекше  назар 
аударуды қажет етеді. Ӛйткені бұндай сӛйлемдердің бас мүшелері қашан да күрделі 
құрамда  келетіні  белгілі,  сондықтан  да  практикалық  талдаулар  жүргізген  кезде 
жақсыз сӛйлемдерді бас мүшелерінің жасалу жолдарына қарай іштей топтастыруға 
ерекше  кӛңіл  бӛлінеді.  Қазақ  тіл  білімінде  жақсыз  сӛйлемдердің  типтерін  сипаттау 
барысында  осы  ұстаным  орныққанымен,  кӛп  жағдайларда  күрделі  бас  мүшенің 
негізінен  гӛрі  модальдік  мағына  туғызатын  тұлғалар  басты  назарда  болған. 
Сондықтан кейбір тұлғаладың әлденеше рет қайталанып келу деректері жиі кӛрініс 
тауып  отырған.  Біздің  пайымдауымызша,  жақсыз  сӛйлемдердің  бас  мүшелерінің 
жасалу тәсілдерін айқындауда сол бас мүшенің негізгі сӛзін жіті назарда ұстап, сол 
жүйе  бойынша  топтастырған  дұрыс.  Ӛйткені,  жақсыз  сӛйлем  бас  мүшесінің  басты 
белгісі  –  оның  бірінен  кейін  екіншісі  тіркесіп  келген,  бірі  негізгі,  екіншісі  жанама 
предикаттық  ыңғайда  құрылуы  болып  отыр.  Бұл  қос  предикаттың  біріншісі  жақты 
сӛйлемнің баяндауышы іспетті ыңғайда болса, екіншісі сол сӛйлемді жақсыздандыру 
мақсатында  пайдаланылатын  қосалқы  баяндауыш  қызметін  атқарады.  Мысалы: 
Менің  анама  бара  кеткім  келді  (Д.И.).  Бұл  тұлғасына  қарай  жақсыз  сӛйлем,  оның 
жақты    тұлғасы  «Мен  анама  бара  кетемін»  екені  даусыз,  тұлғасына  қарай  ашық 
райдың  ауыспалы  келер  шақты  білдіретін  бірінші  жақтық  баяндауыш  арқылы 
жасалған.  Бұл  сӛйлемді  сӛйлеушінің  субьективті  кӛзқарасын  білдіретіндей 
модальділік  мәнде  беру  үшін  баяндауыш  құрылымына  «кел»  кӛмекші  етістігін 
тіркеудің  маңызы  зор.  Ол  бұрынғы  негізгі  баяндауышты  қимыл  есіміне  айналып, 
тәуелденуге  ықпалын  тигізеді,  нәтижесінде  ол  бастауыштың  ілік  септік  тұлғасында 
келуіне  жағдай  жасайды.  Осылай  бұрынғы  баяндауыш  тәуелдік  жалғаулы  қимыл 
есіміне  ауысуына  байланысты  субъективтік  модальдік  мағынадағы  күрделі 
баяндауыштың  негізгі  сӛзіне  айналып  кетеді.  Ал  бастауыш  ілік  септік  тұлғасында 
келіп, сӛйлемнің анықтауыш мүшесінің қызметіне ауысады. Бұндай трансформацияға 
қарамастан,      сӛйлем  құрылымында  мағыналық  тұрғыдан  субьект  пен  предикат 
арасындағы  қатынас  жойылмайды.  Сондықтан  тек  формальды  тұрғыдан  келгенде, 
сӛйлем  құрылымында  грамматикалық  бастауыштың  орын  алмауы  бұл  сӛйлемді 
жақсыз  деп  тануға  мүмкіндік  беріп    отыр.  Яғни  бұдан  сӛйлемнің  модальдік 
құрылымын  ӛзгерту  арқылы  оның  тұлғалық  құрылымын  да  ӛзгеріске  түсіруге 
болатындығын байқаймыз, бұның ӛзі сӛйлемдегі баяндауыш тұлғасының да күрделі 
құрамда келуіне мүмкіндік туғызады.   
Жалпы  алғанда,  тілдегі  жақсыз  сӛйлемдердің  ерекшеліктері  мен  олардың  
бас мүшелерінің жасалу жолдарына қатысты талдау барысы мынадай   қорытынды 
жасауға мүмкіндік береді: біріншіден, жақсыз сӛйлемдердің бас мүшелері модальдік 

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы 
 № 4 (35), 2014 
 
24 
 
мәнді  сӛздермен  тіркесіп  келеді  де,  негізінен  сӛйлеушінің  субьективті  кӛзқарасын 
білдіру  мақсатын  кӛздейді,  құрамы  күрделі  болады.  Бұндай  құрылымдарда  барыс, 
ілік  септікті  сӛздер  сӛйлемнің    логикалық  субьектісі  функциясын  атқарады.  Кейде 
сӛйлемнің коммуникативтік талабына орай субьектіні мүлде қажет етпеуі де мүмкін. 
Бұл  белгілер  тілдік  жүйеде  жақсыз  сӛйлемдерді  мағыналық  құрылымына  қарай 
жанама субьектілі, субьектісіз тәрізді жеке типтерге жіктеуге ықпал етеді.    
 
Әдебиеттер тізімі 
1 Мадина Ғ. Қазіргі қазақ тіліндегі жақсыз сӛйлемдер. –Алматы, 1959. –72 б. 
2  Әбілқаев  А.  Қазіргі  қазақ  тіліндегі  жай  сӛйлем  түрлері.  –Алматы:  ҚазМемОПБ, 
1963. –58 б. 
3  Балақаев  М.  Қазіргі  қазақ  тілі.  Сӛз  тіркесі  мен  жай  сӛйлем  синтаксисі.  –Алматы: 
Ана тілі, 1992. –248 б. 
 
Резюме 
В  статье  рассматривается  синтаксическая  структура  и  место  безличных 
предложений в языковой системе. Указаны особенности и факторы, определяющие 
организацию  типов  безличных  предложений.  А  также  выявлены  характер,  пути  и 
направления  развития  данных  типов  конструкции.  В  результате  определена 
языковая  природа  безличных  предложений,  выявлена  тенденция  их  развития  от 
речи к языковой системе. 
 
Summary 
In  the  article  a  syntactic  structure  and  place  of  impersonal  suggestions  are 
examined  in  the  language  system.  Features  are  indicated  and  factors,  qualificatory 
organization of types of impersonal suggestions. And also character, ways and directions 
of development of these types of construction, is educed. Language nature of impersonal 
suggestions  is  certain  as  a  result,  a  their  progress  trend  is  educed  from  speech  to  the 
language system. 
 
Қабылданған күні 04.10.2014 ж 
 
 
УДК 347.782 
Э.М.Жумабаева 
Атырауский государственный университет имени Х.Досмухамедова 
Республика Казахстан, 060011, г.Атырау, пр.Студенческий,212 
E-mail: еlmira_zhumabayeva@hotmail.com 
 
БАЛЕТ В КАРТИНАХ ХУДОЖНИКОВ КОНЦА XIX–НАЧАЛА XX ВЕКА 
З.СЕРЕБРЯКОВОЙ, ТУЛУЗА-ЛОТРЕКА, Э.ДЕГА, К.СОМОВА 
 
Аннотация 
На примерах различных произведений  З.Серебряковой, К.Сомова, Тулуза-
Лотрека  и  Э.Дега  анализируются  формы  взаимосвязи  балета  и  живописи, 
отразившихся  в  духовно-психологических,  эстетических,  ассоциативных  и 
визуальных  гранях.  Использован  уникальный  материал,  находящийся  в 
зарубежных и отечественных частных, отчасти музейных собраниях. 

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы 
 № 4 (35), 2014 
 
25 
 
Ключевые  слова: 
танец,  «Мир  искусства»,  балет,  художественный  образ,  
интерпретация,  импрессионизм,  постимпрессионизм,    З.Серебрякова,  К.Сомов, 
Тулуз-Лотрек, Э.Дега. 
 
ВВЕДЕНИЕ 
Данная статья представляет собой попытку обрисовать в основных идейно-
стилистических  тенденциях  образы  балета  в  художественном  творчестве  четырех 
ярких мастеров рубежа XIX  –  XX вв. З.Серебряковой,  К. Сомова, Тулуза-Лотрека и 
Э.Дега.  Имеются  в  виду,  главным  образом,  те  творческие  явления,  в  которых 
обнаружилось 
нечто 
принципиально 
новое, 
вызванное 
существенными 
потребностями  времени  (подразумеваются  многообразные  поиски,  в  том  числе  и 
односторонние,  порой  противоречивые,  но  внесшие  заметный  вклад  в 
хореографическую  культуру  XX  в.).  «Балету  предстоит,  по-моему,  огромная 
будущность,  но  разумеется  не  в  том  виде,  в  котором  он  существует  теперь.  Надо 
дать  балету  окраску  современности,  сделать  его  выразителем  наших  жизненных, 
утонченных, болезненных чувств, ощущений и чаяний!.. То неясное, невыразимое, 
неуловимое, что пытается выразить теперешняя литература, подчиняясь кризисным 
потребностям  современного  духа,  должно  найти  и  найдет,  по  всей  вероятности, 
свое существование в балете, как и во всякой другой области искусства такого же 
условного и смутного характера» [1]. 
Эти слова К. Сомова довольно точно определяют характер его отношения к 
эпохе.  Данные  потребности,  а  точнее  –  новое  ощущение  жизни  и  искусства, 
заставляют  художников  и  вместе,  и  независимо  друг  от  друга  искать  и  создавать 
новые  средства.    З.Серебрякова  и    К.Сомов    входили  в  объединение  «Мир 
искусства», Тулуз-Лотрек входил в  «Постимпрессионизм»,  Э.Дега  в объединение 
«Импрессионизм». Тема танца в изобразительном искусстве конца XIX  – начала XX 
в.  Пережила  новый,  интересный  и  перспективный  этап  развития.  Можно  сказать, 
что  она  выросла  и  выкристаллизовалась  в  совершенно  особую  и    необычно 
широкую область, прямо или косвенно влияющую на творческий опыт большинства 
мастеров  искусства.  Балет  пытался  ввести  другие  искусства  в  форму 
художественно-образного  обоснования  своих  идей.  В  образах  танца  были 
закреплены  общие  пластические  идеи  эпохи.  Таким  образом,  анализ  творческого 
развития балетной темы на рубеже веков вскрывает тесную зависимость художника 
от общественной и художественной ситуации самого балета.  

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет