Хабаршы «Бастауыш мектеп және дене мәдениетi» сериясы


Резюме  А.А. Жумадуллаева



Pdf көрінісі
бет10/18
Дата09.03.2017
өлшемі2,45 Mb.
#8632
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   18

Резюме 
А.А. Жумадуллаева – кандидат педагогических наук, доцент   
международного казахско-турецкого университета им. Х.А. Ясави, juma033@mail.ru 
Г.А. Кайбульдаева – кандидат педагогических наук, доцент   
международного казахско-турецкого университета им. Х.А. Ясави, togjan2010@mail.ru
 
 
Формирования национального сознания детей дошкольного возраста в семье 
В  данной  статье  рассматриваются  вопросы  развития  формирования  национального  самосознания  детей 
дошкольного возраста. Каждая нация описывают через характер их способы бытия. Этот принцип был рассмотрен 
английским антрополог Д. Горер после 2 мировой войны русские дети показали свой характер особенно такие как 
сдержанность, храбрость, терпеливость, и это объясняется их особенностями, установленным с рождения. 
Казахский народ является одним из народов, уделявий глубокое внимание к воспитанию детей и человеческого 
образования  в  целом,  и  сформировал  свои  принципы  и  правила.  Есть  много  способов  воспитания  и  опыта.  Это 
огромная  работа  изучать  драгоценное  наследие  народа,  сформированные  веками.  Тем  не  менее  мы  попытались 
указать  традиции  и  модели  обычаев,  касающихся  воспитания  детей.  Обычаи  и  традиции  от  младенчества  до 
подросткового  возраста  относятся  "курсак  той",  "казанжарыс",  "суюнши",  "шилдехана",  "бесикке  салу"  и  т.д.  они 
влияют на развитие национального самосознания подрастающих детей. 
Ключевые  слова:  семья,  национальное  сознание,  национальное  воспитание,  образование  детей,  детей 
дошкольного возраста, национальный характер, чистота языка, нации, традиции, обычаи. 

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің ХАБАРШЫСЫ, «Бастауыш мектеп және дене мәдениеті» сериясы, №2(49), 2016 ж. 
 
53
 
Summary 
A.А. Jumadullaeva - associate professor, Kh.A.Yassawi international Kazakh Turkish University, 
juma033@mail.ru
 
G.A. Kaybuldaeva - associate professor,   
Kh.A.Yassawi Kh.A.Yassawi international Kazakh Turkish University, togjan2010@mail.ru
 
 
Development of establishing the national consciousnes of pre-school chilfren in the family 
This article deals with the issues of development of establishing the national consciousness of the pre-school children. Each 
nation describe through the character their ways of being. This principle was considered by English anthropologist D. Gorier 
after the World War 2 Russian children showed their character particularly as reserved, brave, patient and it was explained by 
their features established by birth.   
Kazakh people are one of the nations who paid deep attention to the upbringing of the children and human education on the 
whole, and made the successful principles and rules. There are lots of upbringing ways and experiences. It is a huge work to 
consider the precious heritage of the people formed by centuries. Nevertheless we tried to point the traditions and models of 
customs concerning  the children’s  upbringing. The customs and  traditions  from the babyhood till adolescence  include  the 
“kursak toy”, “kazanzharys”, “suinshi”, “shildekhana”, “besikke salu” and etc. they influence the development of the national 
consciousness of the growing children.   
Key  words:  family,  national  consciousness,  national  upbringing,  children’s  education,  pre-school  children,  national 
character, pureness of the language, nation, traditions, customs.             
 
 
УДК 371 
 
БАСТАУЫШ СЫНЫПТА МАТЕМАТИКА ПӘНІН   
МОНТЕССОРИ ӘДІСІ НЕГІЗІНДЕ ОҚЫТУ   
 
Г.Т. Токкулова 

 Қожа Ахмет Ясауи атындағы   
Халықаралық қазақ-түрік университетінің п.ғ.к., доценті 
Ж.Маханбетова 

 Қожа Ахмет Ясауи атындағы   
Халықаралық қазақ-түрік университетінің магистранты 
 
Бүгінде  елдегі  жағдайдың  өзгеруіне  және  азаматтық  қоғамның  қалыптасуына  байланысты  қазіргі  білім  беру 
жүйесінің алдында жеке өзіндік беделі бар, айналасындағы адамдарды құрметтейтін, өзінің және өзгелердің сезімі 
мен іс-әрекеттерін талдай білетін, өздігінен шешім қабылдауға қабілетті және олардың нәтижелеріне жауап беруден 
қашпайтын, өзін-өзі дамытуға ынталы, жаңа типтегі ерікті тұлғаларды тәрбиелеу мәселесі тұрғаны белгілі. Бастауыш 
сыныпта математика пәнін М.Монтессори әдісі негізінде оқыту балаларға жауапкершілікті сезінуге, өздігінен шешім 
қабылдауына, топта да, жеке де жұмыс жасай алуына, таңдау жасай алуына, өз уақытын ұйымдастыра білуіне, өзіне 
сеніммен қарауына мүмкіндіктер береді, қолайлы жағдай туғызады. 
Түйін сөздер: Монтессори әдісі, интелект, алтын материал, сегена тақтасы, конструктивті үшбұрыштар, ойын. 
 
Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңында: «Білім беру жүйесінің басты міндеті – ұлттық және 
жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға 
және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау; оқытудың жаңа технология- 
ларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» - 
деп білім беру жүйесін одан әрі дамыту міндеттерін көздейді [1]. 
«Жас бала – жас шыбық, жас күйінде қай түрде иіп тастасаң, өскенде сол иілген күйінде қатып қалмақ. 
Теріс  иіліп  қалған  шыбықты  артынан  түзейміз  десең,  сындырып  аласың  [2]»,  -  деп  Мағжан  Жұмабаев 
айтқандай заманға лайық тәрбие мен білім беру ісін кешенді ұйымдастыру жаңа технологияларды, тың 
идеялар мен шығармашылықты қажет етеді. Бала бойындағы жақсы қасиеттер мен мүмкіндіктерді ашып, 
олардың өнегелі, тәрбиелі болып өсуіне мектепке дейінгі тәрбиенің тигізер әсерінің маңызы зор. 
Сол себептен бастауыш сыныпта жаңа технологияны енгізу, оқу-тәрбие үрдісін тиімді үйымдастыру 
басты мақсаттардың бірі. Осы тұрғыда мектепке дейінгі білімде ұтымда қолданылып жүрген инновация- 
лық технологиялардың бірі М.Монтессори әдісін бастауыш оқыту үдерісіне пайдалану    болып табылады. 
Мария Монтессори (1870-1952) Италияның Анкона провинциясының Кьяравал деген жерде дүниеге 
келген,  бірақ  отбасымен  ерте  Римге  көшіп  кетеді,  сондықтан  Марияның  балалық  шағы  осында  өткен. 

ВЕСТНИК КазНПУ им. Абая, с
ерия «Начальная школа и физическая культура»,
 №2(49), 2016 г. 
 
54 
Кішкентайынан өте дарынды, оқу мен білімге деген құштарлығы ерекше ол бастапқы да математикалық 
білім алғысы келген. Бірақ медицина саласын таңдап, Рим университетінің клиникасына жұмысқа орна- 
ласады. Мұнда ол невропатология бөлімінде ұзақ уақыт ақыл-ойы кем балалармен жұмыс жасаған. Бұл 
оның  педагогикалық  жолының  бастамасы  болды.  Монтессори  атақты  француз  ғалымдары  Сеген  мен 
Итардың жүйелерін зерттеген, түрлі педагогикалық және психологиялық курстарға қатысқан. Өзінің 20 
жасында Мария Ортофрениялық мектептің директоры болған. Дені сау балалармен алғашқы педагогика- 
лық  жұмыстары  Сан-Лоренцода  Эдуардо  де  Саламо  басшылығымен  құрылған  3-7  жастағы  балаларды 
қамтитын «балалар үйіне » басталды. Осының негізінде балалар бақшалары кең таралды. Монтессоридің 
өзі  ашқан  жаңалығы  баланың  3  жаста-ақ  заттармен  әрекетінде  зейінінің    тұрақталатыны  еді.  Содан 
Монтессори дамытушы материалдардың арасындағы өзара байланыстың, жеке іс-әрекеттегі дербес таң- 
даудың, іс-қимылдың    және    сезім мүшелерінің дамуы мен жаттығудың балалардың тәрбиесіне әсер етуін 
қарастырып, іздене бастайды. Бұл ізденістер балабақшаны қалай    жабдықтау керектігін түсінуге көмегін 
тигізді [3]. 
Мария  Монтессори  адамзаттың  ақыл-ойын  «математикалық»  деп,  ал  логикалық  қабілеттері  мен 
деңгейлері  жоғары  адамдарды  «интеллектуалды  адамдар»  деп  атайды  [4].  Математикалық  тәрбие  мен 
білімсіз дүниені танып білу мүмкін емес, барлығы осы математикадан бастау алады деп есептеген. 
Математика  аса  дарынды  адамдар  ғана  игеретін  ауыр  құбылыс  емес.  Оны  үйрену  кімнің  де  болса 
қолынан келеді, әрине, баланың да, өйткені математика өмірмен тікелей байланысты. 2-3 жастағы бала 
күнделікті өмірде дағдылану барысында санай білу үдерісін белгілі дәрежеде игереді. Мәселен, «көшеде 
кетіп бара жатып, бір машина кетіп бара жатыр, әне екіншісі де кетті» - деп анасымен кетіп бара жатқан 
бала айта алады немесе, қарапайым бағдаршамға қарап тұрып, оның үш көзі бар екенін айта алады. Бала 
сұрақ  қойғанда  және  оған  міндетті  түрде  жауап    алғанды  жақсы  көреді,  үнемі  сұрақтар  қою  арқылы 
баланың ой-өрісі дамиды. 
  «Баланың бойында «сан және санау» идеяларын қабылдаудың «дайындық баспалдағы» ретінде қажет- 
ті барлық инстинктивті танымдардың барлығы дерлік бар болады» - деп жазады Монтессори. Сан деген 
түсінікті  қалыптастыру  балалардың  сезімдерін  дамытуға  бағытталған  тапсырмалар  мен  жаттығуларда 
(ұзын,  қысқа,  ашық,  жоғары,  төмен  т.б.)  қамтылған.  Әрине,  бұл  жаттығуларға  арнайы  материалдар 
қолданылды. Осы жаттығуларға тоқталып өтелік. 
Бастауыш сыныптың математика пәнінде оқушының автодидактикалық материалдар арқылы өзіндік 
жұмыс жасауына мүмкіндік беру оның танымдық үдерістерінің дамуына әсер етеді. Монтессори бойынша 
математикалық білім берудің ішкі мәні «материалдандырылған абстракциялар» ұғымында қамтылған, ал 
математика  пәнінің  өзі  ең  алдымен  танымдық  әрекет  пен  эмоционалдық  қатынастың  көмегімен  әлемді 
игеру тәсілі ретінде қаралады. Математика бұл оңай, таныс және сезіммен қабылданады.   
Балалар  1-сыныпта  математика  сабағында  «Конструктивті  үшбұрыштармен»  сенорлық  деңгейде 
жұмыс істейді: олардың түсіне, көлеміне, формасына қарай топтайды, үшбұрыштардың түрлі топтарынан 
жаңа  фигуралар  –  квадраттар,  параллелограмдар,  дельтоидтер,  трапециялар,  тік  үшбұрыштар  жасайды, 
жаңа фигуралардың атауларын есте сақтайды. 2 және 3 сыныптарда  «Конструктивті үшбұрыштардың» 
көмегімен  «конгруэнттілік»,  «ұқсастық»,  «тең  шамаластық»  ұғымдары  беріледі.  Сондай-ақ  балалар 
«Конструктивті үшбұрыштарды» тең қабырғалы, әртүрлі қабырғалы және теңбүйірлі немесе сүйір бұрыш- 
ты, тік бұрышты және доғал бұрышты деп топтауды үйренеді. Биіктік, негіз, жақ, диагональ ұғымдарымен 
танысады. 4 сыныпта «Конструктивті үшбұрыштардың» көмегі арқылы оқушылар Пифагор теоремасын 
алдымен сенсорлық, содан соң абстрактілі деңгейде дәлелдейді, геометриялық фигуралардың алаңын есеп- 
тейді,  «медиана»,  «биссектриса»  терминдерімен  таныс  болады.  Оқушылар  осы  материалдармен  жұмыс 
істей  отырып  «ауыспалылық»,  «ауыспалылық  композициясы»,  «параллельді  көшіру»,  «вектор», 
«векторлар сомасы» т.с.с. 
Математиканы оқытуда оқытушы компьютер бағдарламаларын, тесттерді, рөлдік ойындарды белсенді 
пайдаланылады. Микрокалькулятормен жұмыс істеудің қарапайым дағдылары беріледі. 
Монтессори  педагогикасында  математикалық  материалдардың  9  тобы  бөліп  қарастырған,  олардың 
2-еуі оның ізбасарларының заманауи еңбектерінен. 
1 топ – 0-ден 10-ға дейінгі сандар әлеміне кіріспе. 
2 топ – ондық есептеу жүйесіне кіріспе, 4 арифметикалық амалмен танысу. 
3 топ – 1000-ға дейін жүйелі есеппен танысу. 
4 топ – арифметикалық амалдарды жаттау жаттығулары және қосу, алу, көбейту және бөлу кестелерін 
есте сақтау. 

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің ХАБАРШЫСЫ, «Бастауыш мектеп және дене мәдениеті» сериясы, №2(49), 2016 ж. 
 
55
 
5  топ  –  қарапайым  және  ондық  бөлшектермен  танысу  және  олармен  әрекет  ету,  бөлгіш  және  еселі 
терминдеріне кіріспе, натуралды көрсеткішті дәреже ұғымдары. 
6 топ – көбейтудің орын алмастыру және үйлестіру заңы, квадратқа және кубқа айналдыру, квадраттық 
және кубтық түбірді шығару. 
7 топ – геометриялық материал. 
8 топ – арифметикалық және геометриялық прогрессия енгізіледі. 
9 топ - әрекеттер тәртібі, пайыздар мен басқалар оқытылады [5]. 
Математиканы оқытуда М.Монтессори алғашқы қадамнан бастап балаға бір ондықтан екіншіге, 9-дан 
10-ға өтуге негізделген ондық есептеу жүйесінің басты концепциясын жеткізуге тырысады. 10-нан кейін 
көпір құлайды, жаңа ондық басталады. Бұл мақсатқа «Алтын материалдың» көмегімен қол жетеді, мұнда 
бала ондық есептеу жүйесін құруды, көп мағыналы сандарды құрастыруды және қосуды, алуды, көбейтуді 
және бөлуді үйренеді. «Алтын материал» сандар разрядын, бір разрядтан екіншіге өтуді, сандар құрылы- 
мын түсіндіреді. Көруге және қолмен сипауға, бірліктердің, ондықтардың, жүздіктердің және мыңдықтар- 
дың  формасы  мен  салмағын  сезінуге  мүмкіндік  береді.  Разрядтарға  геометриялық  түсіндірме  беріледі. 
Бірлік-моншақтар  жазықтықтың  нүктесін  еске  түсіреді,  ондық-тізбектер  –  кесінділерге,  жүздіктер  – 
квадратқа, мыңдықтар кубқа ұқсайды. 
Бала алдымен ондық жүйенің разрядтарына сәйкес  санмен  танысады, санды  салыстыруды үйренеді, 
олардың атаулары енгізіледі. Бала ондық есептеу жүйесін құрады, 9999-ға дейін құрайды және көп мәнді 
сандарды оқиды, санда 0-дің рөлімен танысады. Арифметикалық әрекеттерді енгізу базасы құрылған кезде 
көп  мәнді  сандардың  қосындысы  мен  азайтуы  енгізіледі:  балалар  сан  жазылған  карталарды  жинайды, 
«алтын материалдың» тиісті санын келтіреді және бүкіл үдерісті көріп көрнекі түрде әрекетті орындайды.   
«Сегена» тақтасы. 11-ден 19-ға дейін сан мен символдар енгізіледі. Жалпы қабылданған атауларды 
есте сақтау, 11-ден 20-ға дейін сандар құрамы жатталады. 20-ға дейінгі сандарды салыстыру. 
Балалардың анағұрлым абстрактілі деңгейін «Маркалармен ойынға» өткізеді. Олар да сондай-ақ мысал- 
дарды  шешуге  жаттығады,  бірақ  анағұрлым  абстрактілі  деңгейде.  Егер  «Алтын  материалмен»  жұмыс 
жасауда үдеріс маңызды болса, онда «Маркалармен» жұмыс жасауда мысалдарды жазуға және нәтижеге 
көңіл бөлінеді. 
1 сыныптың соңына қарай балалар «Алтын материал» мен маркалардың көмегімен көп мәнді сандарды 
қосуды және азайтуды үйренеді. 99999 санына дейін олар «Нүктелермен ойын» арқылы қосуды үйренеді 
–  бала  нүктелердің  көмегімен  көп  мәнді  сандарды  графикалық  түрде  елестете  отырып  оларды  қосу 
үдерісін атқарады. 
«Қосу және азайту жолақтары бар тақталардың» көмегімен балалар 20-ға дейін қосу және алу 
мысалдарын  шешеді.  Бала  мысалдары  бар  бланкаларды  алады  және  оларға  сәйкес  жолақтарды  қойып, 
нәтижелерді табады; бақылау карталарын толтыруды үйренеді – абстрактілі деңгейде жұмыс, жауаптары 
бар карточкалар ғана қойылады, осылайша, сандарды қосу және азайту кестелері біртіндеп есте сақталады. 
Бөлшектер  алдымен  сенсорлық  деңгейде  енгізіледі.  Бөлшектерден  түрлі  оюлар  салынады,  қағазға 
түсіріледі. Ю.Фаусектің әзірлеген «Дөңгелек бөлшектер»,  «Квадрат және үшбұрыш бөлшектер», «№1,2 
бөлшектерге есептер» арқылы эксперимент жасай отырып балалар түрлі бөліктерден бүтінді жинайды: А, 
1/5, 1/6, 1/7, 1/8, 1/9, 1/10- шеңбер немесе квадрат алады. 
Монтессори  жүйесі  бойынша  математиканы  меңгеруге  дайындық  «балаларды  сенсорлық  тәрбиелеу 
және практикалық өмір дағдыларын меңгеру бойынша жаттығулар арқылы» жүзеге асырылады. 
Нақтыдан абстрактіге өту Монтессори әдісі бойынша математиканы оқытудың негізгі қағидасы болып 
табылады,  осы  ретте  әр  бала  белгілі  материалды  өз  қарқынымен  меңгереді.  Бала  нақты  материалмен 
жұмыс  істеп,  өз  есептерінің  нәтижелерін  көрнекі  түрде  көрген  кезде  оқу  анағұрлым  жеңіл  өтеді  және 
жақсы нәтижелерін береді. 
Мария  Монтессоридің  жүйесін  елімізде  көбіне  арнайы  орталықтар  мен  жеке  меншік  балабақшалар 
қолданады. Әрине, итальян педагогінің педагогика ғылымына әкелген ғылыми жаңалығы мол, кемшілік- 
терінен артықшылықтары басым. 
ХХІ ғасыр табалдырығын білім мен ғылымды инновациялық технологиялық бағытты дамыту мақсаты- 
мен атауымыз үлкен үміттің басты нышаны болып табылады. Ұрпағы білімді халықтың болашағы бұлың- 
ғыр болмайды. Жас ұрпаққа мән-мағыналы, өнегелі тәрбие мен білім беру - бүгінгі күннің басты талабы 
екені бәрімізге белгілі. Бірақ, біз шетелдің тәжірибелерін еліміздің білім беру жүйесінде қолданғанымыз- 
бен, өзіміздің ұлттық ерекшелігіміз бен құндылықтарымызды ұмытпай, шетелдің озық тәжірибелері мен 
технологияларын ұлттық тәрбиемен ұштастырып, қадағалап отыруымыз керек. 

ВЕСТНИК КазНПУ им. Абая, с
ерия «Начальная школа и физическая культура»,
 №2(49), 2016 г. 
 
56 
1.
 
  «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңы. – Астана, 2011 
2.
 
Арынғазин Қ. М. М.  Жұмабаевтың педагогикалық идеялары  /Қ.М. Арынғазин, Қ.Қ. Қоянбаева // Қарағанды 
ун-тiнiң хабаршысы=Вестник Карагандин. ун-та. Сер. Педагогика, 2004. – № 4. – 147-151 б. 
3.
 
Беркінбаева  С.  Мария  Монтессори  педагогикасы  негізінде  балалардың  қарапайым  математикалық 
түсініктерін қалыптастыру. Педагогика мәселелері . – №2. – 2011 жыл. 
4.
 
Монтессори М. Помоги мне это сделать самому: ст., советы, рекомендации / М.Монтессори; сост., вступ. 
статья М. В. Богуславского, Г. Б. Корнетова. – М.: Карануз, 2000. – 270 с. 
5.
 
Монтессори М. Значение среды в воспитании / М. Монтессори; пер. с итал. К.Памфиловой // Частная школа. 
–1995. – С. 122 -127. 
6.
 
Монтессори М. Разум ребёнка / М. Монтессори. – М.: Грааль,1999. – 173 с. 
 
 
Резюме 
Г.Т. Токкулова – кандидат педагогических наук, доцент   
Международного казахско-турецкого университета им. Ходжи Ахмеда Ясави 
Ж.Маханбетова – магистрант Международного казахско-турецкого университета имени Ходжи Ахмеда Ясави 
 
Обучения математики в начальной школе по методу М.Монтессори 
Всем  известно,  что  в  связи  изменениями  в  стране  и  формированием  гражданского  общества,  перед 
образовательной  системной  страны  стоит  задача  –  воспитание  нового  типа  свободных,  которые  имеют  обществе 
хорошую личную репутацию и уважительно относиться к мнениям и деянием других и при этом они должны быть 
способны самостоятельно принимать решение и отвечать за их результаты6 также заинтересованные в саморазвитии 
личностей.  Обучение  предмета  математики  методом  М.Монтессори  в  начальных  классах  создают  хорошую 
возможность  привить  детям  чувства  ответственности,  способности  самостоятельно  принимать  решения,  навыки 
работаь индивидуально и в группе, умение сделать выбор и уверенность в себе. 
Ключевые слова: метод Монтессори, интеллект, золотой материал, доска сегена, конструктивный треугольник, 
игра. 
 
Summary 
G.T. Tokkulova – candidate of pedagogical science, associate professor,   
Kozha Akhmet Yasawi international Kazakh-Turkish University 
Zh.Mahanbetova – master, Kozha Akhmet Yasawi international Kazakh-Turkish University 
 
Teaching mathematics in primary school by Maria Montessori method 
Everyone knows that because the changes in the country and the formation of civil society, the challenge to the educational 
system of the country - training a new type of free, that have public good personal reputation and to respect the opinions and 
deeds of others, and thus they should be able to decide independently and be responsible for their resultative also interested in 
self-development. subject Mathematics Education by Maria Montessori in primary schools provide a good opportunity to instill 
in children a sense of responsibility, the ability to make their own decisions, the skills to work individually and in groups, the 
ability to make a choice and confidence. 
Keywords: Montessori method, intelligence, Golden material, Seguin board, constructive triangle, game. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің ХАБАРШЫСЫ, «Бастауыш мектеп және дене мәдениеті» сериясы, №2(49), 2016 ж. 
 
57
 
ӘОЖ 37.026.4   
 
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ОЙЫННЫҢ МАҢЫЗЫ 
 
А.А. Жумадуллаева – п.ғ.к., доцент, Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ, juma033@mail.ru 
Қ.О. Өтеген – п.ғ.к., «Педагогика және психология» кафедрасының меңгерушісі,   
Халықаралық гуманитарлық-техникалық университеті,hadisha63@mail.ru 
   
Бұл мақалада ойын баланың даму құралы, таным көзі, тәрбиелік дамытушылық мәнге ие бола отырып, адамның 
жеке тұлға ретінде  қалыптасуына ықпал ететіндігі баяндалады.  Ойынның  тәрбиелік  маңызын  жоғары.  Сондықтан 
келешек қайраткерді тәрбиелеу ең алдымен ойыннан басталады. Ойын – баланың қажетті әрекетінің бірі ойынды кіші 
жастағы  балалардың  табиғаты  керек  етеді.  Ойын  арқылы  баланы  білім  алуға,  оқуға  қызықтыра  отырып,  тұлғалы 
дамуын қалыптастыруға болады.  
Ойын  оқу  пәндерінің  мазмұнымен  тығыз  байланыста  жүргізілгенде  ғана  дұрыс  нәтижелер  береді.  Ойындар 
оқушылардың шығармашылық ойлау қабілеттерін жетілдірумен қатар, сөздік қорларын молайтып, сауатты жазуға да 
баулиды. 
Түйін сөздер: педагогикалық ойын, бала, баланың дамуы, ойын, оқу, еңбек, ересек адам, шығармашылық ойлау, 
ойын теориялары, ойынның қызметі. 
 
Ойындар  оқушылардың  ой-өрісін  дамытып,  ойлау  қабілетін  арттырумен  қатар,  үйретілген,  өтілген 
тақырыптарды саналы да берік меңгеруге үлкен әсер етеді. Ойындар оқушылардың шығармашылық ойлау 
қабілеттерін жетілдірумен қатар, сөздік қорларын молайтып, сауатты жазуға да баулиды. Оқушылар ойын 
ойнау  барысында  үйренген  сөздерін  айтып  қана  қоймай,  оның  қандай  мағынада  қолданылатынын  да 
біледі. Ойын оқу пәндерінің мазмұнымен тығыз байланыста жүргізілгенде ғана дұрыс нәтижелер береді. 
Ойынның пайда болу сырын табу әрекеттері әртүрлі ғылыми бағыт өкілдері тарапынан бірнеше жүз 
жылдықтар ауқымында жүргізіліп келеді. Ойынның шығу тегі жөніндегі ұсыныс-жауаптар шеңбері өте 
кең. 
Ойын баланың даму құралы, таным көзі, тәрбиелік дамытушылық мәнге ие бола отырып, адамның жеке 
тұлға  ретінде  қалыптасуына  ықпал  етеді.  Ойынның  тәрбиелік  маңызын  жоғары  бағалай  келіп,                                         
А.С.  Макаренко  былай  деп  жазды:  «Бала  өмірінде  ойынның  маңызы  зор,  ересек  адам  үшін  еңбектің, 
жұмыстың, қызметтің қандай маңызы болса, нақ сондай маңызы бар. Бала ойында қандай болса, өскен соң 
жұмыста да көп жағынан сондай болады». Сондықтан келешек қайраткерді тәрбиелеу ең алдымен ойын- 
нан басталады. Ойын – баланың қажетті әрекетінің бірі ойынды кіші жастағы балалардың табиғаты керек 
етеді. Балалардың еңбегі, оқуы ойыннан басталады. Ойын арқылы оқушы білім алуға, оқуға қызықтыра 
отырып, тұлғалы дамуын қалыптастыруға болады.  
Ойын мәселесі, бір пайымдаулар бойынша, қоғам дамуының көптеген діни, әлеуметтік-экономикалық 
және мәдени шарттарына байланысты адамдардың бос уақыты мен сол уақытта айналысатын қызығулар 
мәселесіне орай туындаған. Ежелгі дүниеде ойындар қоғамдық өмірдің өзегі болуынан, оларға діни-саяси 
мән  берілді.  Ежелгі  гректердің  пайымдауынша,  ойыншылар  Алла  аясында  болған,  осыдан  Ф.Шиллер 
антикалық ойындардың жоғары рухтық сипаты болатындығын дәріптеп, оларды адамның бос уақыттағы 
қай қызығуларына да мұратты үлгі ретінде насихаттады. Ежелгі қытайда мейрам ойындарын император 
бастап,  ашып,  өзі  оларға  араласа,  қатысқан.  Кеңестік  дәуірде  әміршіл  биліктің  солақай  талаптарынан 
бұзылысқа түскен халықтық ойын мәдениеті салттарының сақталуы мен дамуы қоғамдық ойындардың бай 
мұрасын сақтап қалған жазғы қала сырты лагерлерінің қызметтерінен бастау алатын [1, 84].   
Әлемдік педагогика ойын әрекеттері белгілі шарттарға (ережелерге) телініп, қандай да мақсаты (жеміс, 
ұтыс, байрақ) көздеген ойыншылар арасындағы қалаған жарыс не бәсеке ретінде қарастырылған.   
Ең алдымен ескеретін жәйт: ойын қарым-қатынас, оқу және тіршілік тәжірибесін жинақтауға арналған 
күрделі,  әлеуметтік-мәдени  құбылыс.  Ойын  күрделігі  оның  формаларының,  жарысушылардың  оған 
қатысу  тәсілдерінің  және  ойынды  жүргізу  қағидаларының  көптүрлілігінде.  Ойындардың  әлеуметтік- 
мәдени  табиғаты  шүбәсіз,  сондықтан  да  ол  оқу  іс-әрекеттерінің  ажыралмас  бірліктерін  құрайды.  Ойын 
барысында балалар: 
-
 
  әрекет-қылық  ережелерін  игеріп,  ондағы  әлеуметтік  топтардың,  яғни  қоғамның  кішігірім  үлгісі  – 
сыныптық рөлмен танысады, кейін бұл үйренгені «Үлкен өмірде» қолданылады; 
-
 
  ойын  көлемінде  шағын  келген  сол  топтардың,  ұжымдардың,  өндіріс,  фирма,  әрқилы  типтегі 
экономикалық және әлеуметтік мекемелердің өзіндік мүмкіндіктерін байқастырады (сәбилердің дүкенші, 
тәрбиеші, МАЙ қызметкері және т.б. болып ойнауы); 

ВЕСТНИК КазНПУ им. Абая, с
ерия «Начальная школа и физическая культура»,
 №2(49), 2016 г. 
 
58 
-
 
  бірлікті ұжымдық іс-әрекет дағдыларын игереді, сонымен бірге өздерінің жеке дара сапа қасиеттерін 
әртүрлі  жағдайларда  үйлестіріп,  шыңдауға,  алдына  қойған  ойын  мақсаттарына  жету  үшін  қажет 
әлеуметтік-психологиялық шарттарды тануға және оларды тәртіпті орындауға үйренеді; 
-
 
  қатысушылар  мұғалімдер  тарапынан  ойынға  тартылған  қосымша  құралдар  (көрнекіліктер,  оқулық- 
тар,  компьютер  технологиялары)  ықпалымен  ойынға  енген  мәдени  салт-дәстүрлерді  жинақтайды  әрі 
меңгеріп бақылайды. 
Ойын  теориялары.  Ойын  -  өмір,  тіршіліктің  ғажайып  құбылыстарының  бірі,  мұндағы  іс-әрекет,  бір 
қарағанда,  пайдасыз,  дегенмен,  өте  қажетті.  Өмірлік  құбылыс  ретінде,  өз  ғажайыптылығымен  адамды 
арбай тартып, ойын жағдайы маңыздылыққа ие әрі ғылым әлемінде аса бір қиын да түйінді мәселе сипаты- 
мен  әйгілі  болуда.  Ресей  педагогикасы  мен  психологиясында  іс-әрекет  мәселесін  дамытқан  ғалымдар:       
К.Д.  Ушинский,  П.П.  Блонский,  С.Л.  Рубинштейн,  Д.Б.  Эльконин.  Ойын  жөніндегі  теориядан  теорияға 
ауысып  не  теориядан  теория  туындатып  жүрген  ойшылдар  мен  зерттеушілер  алыс-жақын  шетелде  де 
молшылық, олар арасында елеулілері – К.Тросс, Ф.Шиллер, Г.Спенсер, К.Бюллер, З.Фрейд және Ж.Патье. 
Бұлардың әр бірі өз алдына көп қырлы да сырлы ойын құбылысының қандай да бір тарапын ашқан сияқты, 
алайда олардың қай-қайсысы да ойынның шын мәнін қамти алмаған [2, 18]. 
Ерекше танымал болғаны – К.Гросс теориясы, ол ойын мәнін маңызды өмірлік іс-әрекетке дайындау 
қызметі  деп  қарастырады;  ойында  жаттыға  жүріп  адам  өз  қабілеттерін  жетілдіреді.  Әйгілі  танымға  ие 
болған бұл теорияның артықшылығы: ойынды дамумен байланыстырып, оның мән-мағынасын сол дамуда 
атқаратын рөліне орай бағалайды. Негізгі кемшілігі – бұл теория ойынның тек қана мәнін ашумен айналы- 
сып, ойынды жүзеге келтіруші дерек көзге назар аудармайды, ойынға ынталандырушы сеп-түрткілерді 
есепке алмайды, ойын тегін түсіндіруге тырысқанның өзінде де К.Гросс адам дамуы эволюциясына қайшы 
келетін  пікірге  ойысып,  адам  ойынын  жануарлар  ойынымен  теңестіреді  де,  оның  негізін  биологиялық 
шарттарға  сабақтастырып,  инстинктке  телиді.  Осыдан  К.Гросс  теориясы  дамудың  әлеуметтік-тарихи 
принципіне тікелей қарсы сипат алады. Г.Спенсер (Ф.Шиллер теориясын дамытушы) нақтылаған теорияда 
ойынның дерек көзі адамның шектен тыс күш-қуатында екендігі, яғни өмірде, еңбекте ақырына дейін сарп 
етілмеген артық күш ойында өз жолын тауып, сыртқа шығатыны дәріптеледі. Алайда, күш-қуаттың сарп 
етілмеген қорының болуы оның жұмсалу бағытының дәлелі бола алмайды: неліктен ондай күш басқа бір 
іс-әрекет түріне жұмсалмай, тек ойынға ғана қосылады; ойынды тыныс алу мақсатында шаршаған адам да 
пайдаланады емес пе? Бұл теория да осыдан ойын мәніне дәлелді түсінік бере алмайды [3, 47]. 
Ойынға ынталандырушы сеп-түрткілер негіздерін айқындауға ұмтылыс жасап, К.Бюлер қимыл-әрекет- 
тің ләззат алу (яғни, нәтижеге тәуелсіз қандай да әрекетке келудің өзінен рахат табу) теориясын ұсынады. 
Қанағаттанудан туындаған іс-әрекет сипаты ойын теориясы іс-әрекеттің гедонистік (геоданизм – рахатқа 
бөлену) теориясының бір жақты көрінісін береді, яғни адам қызметі рахат не ләззатқа бөлену принципімен 
сабақтасып жатады. 
Шиллер  де  Спенсердің  қимыл-қозғалыс  теориясы  секілді,  гедонистік  теория  қандай  да  көңіл-күй 
шарпуында өң беретін шынайы сеп-түрткіні қамтушы нақты әрекет мазмұнын ескермейді. Ойын мәнін 
анықтау  негізгі  қимыл-әрекеттің  қанағаттану  немесе  қимыл-қызмет  орындаудан  ләззаттану  екендігін 
мойындай тұрып, бұл теорияның ойында елемейтін ағзаның қимыл-әрекеттік табиғи қажетсінулері ғана. 
Ойынның З.Фрейд қалаған теориясы өмірде іске аспай қалған адам ниеттерінің ойында орын тауып, 
іске асып жататындығын дәлелдемекші болады, себебі өмірде шапағатын бермеген ой, арман көбіне ойын 
барысында  іске  қосыла  толғандырып,  өз  қанағатын  беретіні  белгілі.  З.Фрейд  шәкірті  Адлер  түсінігі: 
тұрмыс  қиыншылығына  төзе  алмай,  өмірден  безген  субъекттің  тұлғалық  кемістігі  ойын  барысында 
көрінеді.  Айналып  келгенде,  «баяғы  жартас  –  сол  жартас»  күйінде  қалып,  өмір  сұлулығы  мен  рахатын 
қамтыған шығармашыл белсенділік көзі – ойын енді өмірге сиыспағандардың қоқысханасына айналды; 
даму  өнімі  және    шарты  болатын  ойын  адамның  тұлғалық  болымсыздығы  мен  кемістігінің  көрінісін 
білдіретін болды; адамды тұрмысқа дайындайтын ойын өмірден безінудің жолы деп қарастырылады. 
Л.С.Выготский және оның шәкірттерінің пікірінше, ойындағы басты әрі оны анықтаушы мән: ойнай 
жүріп, адам өзіне шынайы жағдай орнына жалған, жасанды өмір сәттерін құрап, өзін қоршаған заттарға 
таңған мағынаға сәйкес нақты рөлге еніп, әрекетке түседі. 
Мұндай түсініктеменің негізгі кемшіліктері келесідей: 
-
 
  ойын дерегі ашылмағандықтан, түсінім ойындық жағдай құрылымына негізделген. Мағынаны екінші 
бір затқа өткізу, жалған жағдайға ауыстыру ойын көзі бола алмайды; 
-
 
  ойындық  жағдайды  мағына  өткізу  нәтижесінде  туындайтын  құбылыс  ретінде  түсіндіру,  ойынның 
мағынасымен  ойнау  қажетінен  жүзеге  келетінін  арқау  –  ету  бұл  тек  ғалым  ойындағы  интеллектуалды 
ұстаным; 

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің ХАБАРШЫСЫ, «Бастауыш мектеп және дене мәдениеті» сериясы, №2(49), 2016 ж. 
 
59
 
-
 
  ойынның жоғары формалары үшін маңызды болғанымен жасанды (қияли) жағдайда әрекет-қимыл- 
дың  туынды  дерегін  бастау  көзге  айналдырып  және  оны  барша  ойын  түріне  міндетті  деп  есептеп,                                     
Л.С. Выготский теориясы баланың әлі жасандылықты білмейтін шағындағы ойын формаларын ескермей- 
ді. Сәби шақтағы ойын формаларын ескере алмағандықтан бұл теория ойынды даму желісінде сипаттауға 
мүмкіндік бермейді. 
Д.Н. Узнадзе ойынды әрекет-қылықтық қызметтердің пісіп жетілген, бірақ әлі нақты өмірде қолданыл- 
маған бағытының нәтижесінде байқастырады. Бұл ойынның болымды тарапының айғағы, яғни ойын даму 
жемісі,  тіпті  күнделікті  тұрмыс  қажеттерінен  көш  бойы  озық  жүретін  өнім.  Әрине  мұндай  түсініктеме 
көңілге  қонарлық,  дегенмен  Д.Н.  Узнадзе  теориясының  кемістік  тарапы  сезілмей  қалмайды:  ойын  бұл 
теория бойынша адамда іштей пісіп жетілген қызметтік әрекет, яғни тіршілік иесінің қоршаған дүниемен 
бірлікті  қатынасқа  келуінен  пайда  болатын  іс-әрекет  емес,  ол  ағзаның  табиғи  мүмкіндігінен  болатын 
құбылыс ретінде қабылданған. Осыдан ойын сырттай ықпалмен, толыққанды нақты мазмұнмен байланыс- 
паған  белсенділікке  айналады.  Ойын  мәнінің  мұндай  түсініктемесі  нақты  көріністерге  ие  шынайы, 
болмыстық ойынға сипаттама бере алмайды [4, 36]. 
Ойын маңызы ұлан-ғайыр, оны тек көңіл аулау не үзілістік тыныс алу мүмкіндігі деп бағалау дұрыс- 
тыққа келмейді. Ойын құбылысының ғажайыптығы оның қызық думандығында, тынықтыру сипатында 
ғана емес, ол оқу-үйретуге, шығармашылық дамуға, емдеуге, адамның еңбек барысындағы қатынастары 
мен көріністерінің жобасы қызметін атқаруында. 
Ойынды  тәлім-тәрбие,  ересек  әулет  тәжірибесін  келесі  ұрпаққа  жеткізу  әдісі  ретінде  адамзат 
ежелден-ақ пайдалана білген. Халықтық педагогикада, мектепке дейінгі, мектептен тыс мекемелерде де 
ойын кең қолданымда. 
Оқу-тәрбие  үдерісінің  белсенділігін  көтеру  және  оны  жеделдестіру  үшін  де  ойын  таптырмас  құрал. 
Осыған орай ойын келесі жағдайларда өте қажетті: оқу пәні материалын ұсынуда ондағы ұғым, тақырып, 
мазмұнды және т.б. категорияларды өз бетінше игеруде, сабақ не оның бөлігін өтуде тиімді. Жалпыланған, 
әмбебап технологияның бір бөлігі, бірлігі ретінде, сыныптан тыс жұмыстар ұйымдастырудың бір формасы 
ретінде ойын технологиясы пайдалы келеді. Ойындық педагогикалық технологиялар әрқилы тәлім-тәрбие- 
лік  ойындар  формасында  біртұтас  педагогикалық  үдерісті  ұйымдастырудың  әдістері  мен  тәсілдерінің 
ауқымды тобын қамтиды. Педагогикалық ойындардың жалпы ойындардан ерекшелігі: 1) Айқын да нақты 
тәлім-тәрбиелік мақсаты бар; 2) Мақсатқа сай педагогикалық нәтижесі көзге түседі; 3) Нәтижесі дәйекті де 
анық;  4)  Оқу-танымдық,  тәлім-тәрбиелік  бағдарлы.  Тәлімдік  ойын  формалары  ойын  тәсілдері  және 
жасанды жағдайлар жәрдемімен сабақта түзіліп, балаларды оқу жұмысына бағыттайды. Ойын тәсілдері 
мен ойындық жағдайлар сабақ барысында келесідей негізгі бағыттарға орай іске асырылады: 
1. Дидактикалық мақсат оқушылар алдына ойын міндеттері формасында тартылады. 
2. Оқу іс-әрекеті құрамына дидактикалық міндетті ойын шартына келтіретін жарысу, бәсеке талаптары 
енгізіледі. 
3. Дидактикалық тапсырманы табысты орындау ойын нәтижесімен байланыстырылады. Ойын – кәсіби 
және  отбасылық  өмір  мектебі,  адами-тұлғалық  қатынастар  мектебі.  Оның  әдеттегі  мектеп  оқуынан 
ерекшелігі  –  ойын  барысында  әлденемен  айналыса  жүріп,  олар  өзінің  қандай  да  бір  нәрсені  үйреніп 
жүргенін  сезбейді.  Ойында  жеңіл  танымды  білім  көзі  де,  оны  оқытып,  үйрететін  мұғалім  де  жоқ.  Оқу 
үдерісі  қимыл,  әрекеттер  «тілінде»  дамиды,  өзара  белсенді  қатынастарға  түскен  барша  қатысушылар  – 
оқытушы – үйретуші, оқып үйренуші сипатты. Ойнай оқу ешкімді ештеңеге міндеттемейді, көп жағдайда 
ойын ерікті және қалаулы болады [5, 42]. 
Ойынның негізгі қызметтері: 
Оқу-тәрбие үдерісіндегі ойындық  технологияның орны  мен рөлі, ойын  мен  оқудың ұштасуы көбіне 
мұғалімнің  педагогикалық  ойындар  мәні  мен  қызметін  жете  білуіне  тәуелді.  Ойын  қызметі  –  оның 
саналуан пайдалылығында. Әр ойын өз алдына жемісті. Қоғамдық мәдениеттің педагогикалық бір қыры 
болғандықтан ойынның маңызды қызмет түрлері төмендегідей: 
Ойынның әлеуметтік-мәдени қызметі. Ойын - өз ішіне тұлғаның кемелденуіне қажет мақсатты бағыт- 
талған үдерістерді қоғамға не дос жарандары тобына тән білімдерді, рухани құндылықтар мен   талаптар- 
ды игеру шарттарын, сондай-ақ адам қалыптасуына ықпал етуші кездейсоқ аяқ асты әсерлерді қамтиды. 
Ойынның әлеуметтік-мәдени міндеті адам тарапынан мәдени байлықты игеруге, ұжымның толыққанды 
мүшесі ретінде әрекетке келуге жол ашатын тәрбие және тұлғалық қалыптасу мүмкіндігін білдіреді. 
Ұлтаралық  қарым-қатынас  орнату  қызметі.  И.Кант  адамзатқа  тән  қасиет  –  оның  қарым-қатынас 
жасап, ортақтасуға ынталы болуы деп есептеген. Ойын әрқашан ұлттық сипатқа ие, сонымен бірге ол ұлт, 
ұлысаралық,  жалпы  адамзаттық  сипатқа  ие.  Ойындар  өмірдің  әрқилы  жағдайларын  жобаластыруға, 

ВЕСТНИК КазНПУ им. Абая, с
ерия «Начальная школа и физическая культура»,
 №2(49), 2016 г. 
 
60 
араздасуға  бармай  дау-дамайдан  шығудың  жолдарын  табуға  мүмкіндік  береді,  өмірде  бардың  бәрін 
әрқилы көңіл-күй, сезімдермен қабылдауға үйретеді. 
Ойын – адамның өз мүмкіндіктерін өзінше іске асыра білу жолы. Бұл  ойынның аса құнды қызмет- 
терінің бірі. Ойын барысында адам өзін тұлға ретінде көрсете алады. Осы тұрғыдан адам үшін маңыздысы 
ойынның өзі. Ондағы нәтиже бәсекеде қандай да мақсатқа жету оншалық мәнге ие емес. Ойын үдерісі – 
адамның өз адамшылығын: іскерлігін, жасампаздығын, шығармашылдығын, көпшілдігін, ұжымшылды- 
ғын және т.б. паш ету кеңістігі.  Адам өмірінде орын алған не алда болып қалар тіршілік жағдайларды 
шешу  үшін  адамдық  тәжірибе  әрдайым  ойынға  енгізіліп  жатады.  Сол  ойында  мәселелердің  шешімі 
жобаластырылады. 
Қарым-қатынас, тілдесу ойындары. Ойын - тікелей өз ерекшеліктеріне байланысты әрі нақты болуы- 
мен  қарым-қатынасты  іс-әрекет.  Ол  оқушының  күрделі  адамаралық  қатынастарын  мәтінге  (контекст) 
ендіреді.  Қалаған  ойындық  қадам  көптеген  қарым-қатынастық  байланыстарға  ие,    ұйымдастырушы  әрі 
қатынастың бастау себепшісі әрбір ойыншыны өзіне тарта білгені жөн. Егер ойынды адамдардың өзара 
тілдесіп,  сөйлесуінің  формасы  деп  есептесек,  онда  өзара  әрекеттестік,  өзара  түсінік,  өзара  көнбістік 
болмаған жерде, ойын жөнінде әңгіме де болуы мүмкін емес.     
Ойынның нақтамалық қызметі. Нақтама (диагностика) – құбылысты білу, тану қабілеттері: құбылыс- 
ты ажырата атамалау үдерісі. Басқа да адам іс-әрекеттерінің қай-қайсына қарағанда ойынды күні ілгері 
болжастыру. Яғни, сәуегейлік қасиеті орасан, себебі, біріншіден, адам ойында өзін көрсетудің (зерделік, 
шығармашылық) ең жоғары мүмкіндігіне ие болады; екіншіден, ойынның өзі өздігінен адамға ішкі жан 
әлемін, сырттай қылық-әрекет болмысын (ақыл-ес, мінез-құлық, іскерлік және т.б.) жайып салу алаңы. 
Ойынның емдік, сауықтыру қызметі. Ойын адам әрекет-қылығында, сырттай не өзімен-өзі қатынас- 
тарында оқу, білім игеруде туындайтын әрқандай қиыншылықтарды жеңуге қолданылуы мүмкін. Ойын- 
дық тәсілдердің маңызына орай Д.Б. Эльконин: ойындық терапияның тиімділігі баланың рөлдік ойында 
үйренетін жаңа әлеуметтік қатынастар тәжірибесімен анықталады, деп жазған еді. 
Ойынның  реттеу-түзеу  қызметі.  Ойын  барысында  психологиялық  реттеулер  табиғи  күйінде  өтеді. 
Бұл үшін: 1) барлық оқушылар ойынның ерекшеліктері мен желісін меңгеруі лазым; 2) ойынның әрбір 
қатысушысы есебінде өз рөлін ғана емес, өз әріптестерінің де рөлдерін жақсы білуі тиіс; 3) ойын мақсаты 
мен  үдерісі  баршаны  ынтымаққа  келтіріп,  біріктіруге  міндетті.  Ойын  барысындағы  реттеу-түзетулер 
мінез-құлығында  қандай  да  ауытқулар  байқалған  оқушыларға  жәрдем  көрсете  алады,  оларға  қалыпты 
көңіл-күйге түсіп, топтағы құрбы-құрдастарымен қатынасқа келуге кедергі болар толғаныс, күйзелістерін 
басуға көмектеседі. 
Ойынның тамаша-думан қызметі. Тамашалау, думан құру адамның әр нәрсеге, көп түрлілікке құмар- 
лығынан.  Ойынның  думан-сауық  қызметі  психологиялық  қорғаныс  ретіндегі  жанға-жайлы,  көңілге 
қонымды  қуаныш  дарытар  қатынас  түзуімен,  яғни  тұлғаның  кемелді  тұрақтануы  және  оның  ойынға 
байланысты барша ниеттерінің іске асуымен байланысты. Ойынмен көңіл аулап не тікелей қатыса жүріп 
адам ой, шығармашыл ізденістерге кезігеді.    Ойын қызық-думанға жеткізетін фантазияға негіз қалайтын 
сыйқырлы күшке ие. 
Оқу-үйретімнің  ойындық  формалары,  оларды  ұйымдастыру,  қай  технологиямен  салыстырғанда  да, 
мәжбүрлеу  мен  ынталандырудың  әрқилы  сеп-түрткілерін  (мотивы)  пайдалануды  көбірек  қажет  етеді. 
Қазіргі күнде оқу ойындарын ұйымдастыруда жиі ескерілетін сеп-түрткілер түрі төмендегідей: 
1. Қарым-қатынас, ортақтасу сеп-түрткілері: 
-
 
  оқушылар бірлікті мәселе, міндеттерді шеше отырып, ойындарға қатыса, өзара ой бөлісуге, жолдас- 
тарының пікіріне ден қоюға үйренуі; 
-
 
  ұжымдық мәселе, міндеттерді шешу барысында оқушылардың әрқилы мүмкіндіктерді пайдалануы; 
-
 
  ойын кезіндегі бірлікті көңіл-күйлері мен  толғаныстарының тұлға аралық қатынастарды нығайтуға 
көмектесуі. 
2. Инабаттылық-ізгілікті сеп-түрткілері: 
-
 
  ойында әрбір оқушы өзін, өз білімдері мен ептіліктерін, өз мінезін, еріктік сапаларын, өзінің іс-әрекет- 
ке, еңбекке, адамдарға деген қатынастарын жүзеге шығаруға ұмтылысы. 
3. Танымдық сеп-түрткілер: 
-
 
  әрбір ойынның жақын нәтижеге ие (ойын соңы), оқушыны мақсатқа жетуге иландыруы (жеңіс) және 
мақсатқа жету жолдарын саналы ойластыруы (көбірек білу, дайындалу қажеттігі); 
-
 
  ойын бастауында команда не жеке оқушы тең (үздік те, орташа да оқушы жоқ, бәрі бірдей). Нәтиже- 
нің ойыншының өзіне, дайындық деңгейіне, қабілетіне, шыдамдылығына, ептілігі мен мінезіне тәуелділігі; 
-
 
  мақұрым болған оқу үдерісі ойында тұлғалық мән алады. Оқушылар әлеуметтік кейіпке кіреді, тарихи 
жағдайға еніп, өзін игеріліп жатқан тарихи үдерістің бір мүшесі, бөлігі ретінде сезінуі; 

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің ХАБАРШЫСЫ, «Бастауыш мектеп және дене мәдениеті» сериясы, №2(49), 2016 ж. 
 
61
 
-
 
  табысты  жағдайдың  танымдық  қызығулардың  дамуына  қолайлы  көңіл-күй  өрісін  пайда  етуі. 
Сәтсіздікті  жеке  өз  жеңілісі  деп  қабылдамай,  ойындағы  ұтылыс  деумен,  келесіде  қалай  да  ұту  жолын 
іздестіруге кірісуі, яғни танымдық іс-әрекетке бой ұруы; 
-
 
  бәсекелестік – ойынның ажырамас бөлігі - әрқашан да балалар үшін қызықты да тартымды; 
-
 
  ойында әрдайым қандай да бір сыр бар – ол жауабы алынбаған «неге?» Бұл сұрақ оқушы ой-әрекеті- 
нің белсенділігін көтереді, оны жауап іздеуге ойыстырады. 
Ойындағы  белсенділіктің  көзі  тұлғаның  өз  еркімен  алған  міндеттері,  ойын  шығармашылдығы  мен 
жарыс рухы. Адам ойында қандай да бір затқа қол жеткізуді армандайды. Сол арман – мақсат аталғандарға 
қосымша тұлғаны белсенділікке жетелейді (нарықтық заманда бұл миллиондаған ақша, мысалы). Ойын 
барысында бала бірнеше деңгейлі мақсаттарды көздейді: 
Бірінші  мақсат  –  ойын  үдерісінің  өзінен  қанағат  алу.  Осы  мақсатта  қанағат,  қуаныш  келтірерліктей 
белсенділікке дайындықтың бастауын береді. 
Екінші  деңгейлі  мақсат  –  қызмет-әрекеттік,  ол  ойын  ережелерін  орындаумен  мазмұн  желісіне  еніп, 
рөлдерді атқаруға байланысты. 
Үшінші деңгейлі мақсат – ойынның шығармашылық міндеттерін – жұмбақты мәселелерге шешім табу, 
оларды  болжап  білу  және  кезіккен  сырдың  түйінін  жаздыру,  нәтижеге  ерісу  сияқты  іс-әрекеттерді 
байқатады. 
Ойынды ұйымдастырудың негізгі принциптері: 
-
 
  балаларды ойынға тартуда кез-келген формадағы мәжбүрлеу, зорлаудың болмауы; 
-
 
  ойын желісін дамытып бару; 
-
 
  ойынның құмарлығына қолдау-қуаттау білдіру (балалардың нақты сезімдеріне нәр беру); 
-
 
  ойындық және ойыннан тыс іс-әрекеттердің өзара байланысын тұрғызу; 
-
 
  қарапайым  ойындардан  күрделі  ойын  формаларына  өту,  мұндай  әрекеттерді  орындауда  ойын 
тапсырмалары мен ерекшеліктерінің мазмұнын біртіндеп тереңдете бару қисынын сақтау. 
Шүбә келтірмейтін бір жәйт – бұл зерделік ойындардың тәлім-тәрбиелік құндылығы оларды ұйымдас- 
тыру және өткізуге педагогтардың міндетті қатысуына тәуелділігі. 
Мұғалім алдына қойылатын міндеттер: 
-
 
  өткен жас кезеңдеріндегі жетістіктерді арқау ету; 
-
 
  нақты жас кезеңнің баршы қолдануға келер мүмкіндіктерін іске асыруға ұмтылу; 
-
 
  келесі жас кезеңіне «тұғыр» қалау, яғни жетіскен деңгейіне шегеленіп қалмай, оқу іс-әрекетіне деген 
жақын даму сеп-түрткілер аймағын барластыру. 
Ойын формасында енгізілетін сабақ ережелері: 
1.
 
Алдын  ала  дайындық.  Сұрақтар  шңбері  мен  өткізу  формасын  талқылау.  Рөлдерді  күні  ілгері 
бөлістіру. Балалардың бәрі танымдық іс-әрекетке ынталандырылады. 
2.
 
Ойын нәтижесін міндетті түрде жариялау. 
3.
 
Білікті сарапшылар. 
4.
 
Зейін ауыстырып, шаршағанды шығару үшін қажет оқулық емес сипаттағы ойын сәттерін пайда- 
лану. 
5.
 
Әр ойынның өзіне сай оқу-материалдық міндеті қажеттерін ескеру (киімдер, ойыншықтар, бөлме 
жәй жағдайлары және т.б.). 
Ең бастысы – оқушы тұлғасына сай құрмет, оның ойынға болған ынта-ықыласын шектемеу, жойып 
алмау.   
Ежелгі  ұлы  ғұлама  Конфуций  айтқандай:  «мұғалім  де,  оқушы  да  бірге  өседі»,  осыдан  сабақтардың 
ойындық формалары ұстаздың өз шәкіртімен бірге шыңдала түсуінің таптырмас құралы. 
Педагогикалық ойынның маңызы зор. Ойын біріншіден, білу және үйрену, екіншіден, адамның ойнай 
отырып,  өзіндік  білім  алуы  өмір  тәжірбесін  жинақтауға  көмектеседі.  Ойынның  кәсіптік,  әуестену, 
оқу-жаттығу ойындары сияқты түрлері бар. Ол дем алу, көңіл көтеру бола тұра оқуға, шығармашылыққа, 
емдеуге, адам қарым-қатынасының типтерінің модельдеріне, еңбекте көрініс табады. 
Ойынды  ерте  заманнан  үлкендердің  іс-тәжірибесін  жеткіншек  ұрпаққа  жеткізу  үшін  пайдаланған. 
Ойын халық педагогикасында, мектепке дейінгі және мектептен тыс мекемелерде кеңінен пайдаланылады. 
Қазіргі  мектепте  ойын  әрекеті  ойын  пәнінің  тарауын  және  тақырыбын  түсіну  үшін  өздік  технология 
ретінде,  жалпы  технологияның  элементі  ретінде,  сабақ  немесе  оның  бір  бөлігі  ретінде,  сыныптан  тыс 
жұмыстың технологиясы ретінде қолданылады. 
 

ВЕСТНИК КазНПУ им. Абая, с
ерия «Начальная школа и физическая культура»,
 №2(49), 2016 г. 
 
62 
1.
 
Ойын технологиясы / Г.Кайбульдаева, М.Жаздыкбаева, С.Әлімбекова. – Түркістан, 2007. – 116 б. 
2.
 
Никитин Б.П. Развивающие игры. – 2-е издание. – М.,1985. – 120 с. 
3.
 
Артемова Л.В. Театрализованные игры дошкольников. – М., 1991. – 127 с. 
4.
 
Эльконин Д.Б Психология игры. – М., 1978 – 314 с. 
5.
 
Берглянд И.Е. Игра как феномен сознания. – Кемерово, 1992. – 96 с. 
 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет