Резюме
А.А. Куралбаева – PhD доктор, доцент
Международный казахско-турецкий университет им. Ходжа Ахмета
Ясави
, город Туркестан,
E-mail:
kural-aliya84@mail.ru
А.M. Рысбекова – Магистрант
Международный казахско-турецкий университет им. Ходжа Ахмета Ясави
, город
Туркестан,
E-mail:
botakan05@mail.ru
Особенности преподавания английского языка для учащихся начальных классов
В статье рассматриваются особенности преподавания английского языка для учащихся начальных классов,
проводится соответствующий анализ, используются такие методы, как обзор и сбор основных идей, представленных
в научной литературе и рекомендациях, касающихся обучения иностранному языку в зависимости от возрастных
особенностей. Уделено особое внимание значению быстрого освоения языка учащимися на уроках английского языка
в начальной школе, цель которого - реализация коммуникативных, образовательных, воспитательных и развивающих
функций. Проведен поиск и научный анализ ответа на вопрос какими особбенностями обладает организация учебного
процесса по обучению английскому языку в первом-втором классе средней школы. Результаты научного
исследования имеют важное значение для преподавания английского языка в начальных классах.
Ключевые слова: начальная школа, ученик, английский язык, методы обучения.
ВЕСТНИК КазНПУ им. Абая, с
ерия «Начальная школа и физическая культура»,
№2(49), 2016 г.
106
Summary
A.A. Kuralbayeva – PhD doctor, assistant professor Internationa l Kazakh-Turkish University named after Khoja Ahmed
Yasavi, Turkestan city,
E-mail:
kural-aliya84@mail.ru
A.M. Rysbekova – Master student International Kazakh-Turkish University named after Khoja Ahmed Yasavi, Turkestan city,
E-mail:
botakan05@mail.ru
Features of teaching English language for primary school pupils
The article discusses the features of teaching English to primary school students, are spent appropriate analysis, are used
such methods, as the review and collection of the basic ideas, presented in the scientific literature and recommendations,
concerning to learning a foreign language, depending on the age peculiarities. Was devoted particular attention to the value of
the rapid development of language pupils at English lessons in primary school, the purpose of which - the implementation of
communication, educational, educational and developmental functions. Are spent search and scientific analysis of the answer to
the question what features has the organization of educational process for teaching English in the first and second year of
secondary school. The results of scientific research are essential to the teaching of English in primary school.
Keywords: elementary school, pupil, english, teaching methods.
ӘОЖ: 00.371
ЖОБАЛАП ОҚЫТУ ӘДІСІН ҚОЛДАНУДЫҢ АРТЫҚШЫЛЫҒЫ
Ж.Б. Кдыралиева – Абай атындағы ҚазҰПУ, Интеллектуалды ұлт қалыптастыру ҒЗИ эксперті.
Гуманитарлық ғылымдар магистрі
Мақалада жобалап оқыту технологиясының әдістерімен білім алушыларды оқытудың артықшылықтары мен
ерекшеліктері қарастырылды. Жаңа әдістің негізінде оқу әрекетінің тиімділігі, білім алу процессы, жалпы интелектісі
дами түседі. Жобалап оқыту әдісінің негізінде, білім алушылардың танымдық қабілеттері артып, өмірге деген
көзқарасы, ой-өрісі дамып, оқу үрдісінің сапасы арта түсетіндігі жөнінде айтылған. Өзіндік құндылықты дамытатын
әдіс құрамындағы өзіндік жұмыстар ықпал етпек. Мақалада жобалап оқыту әдісінің артықшылығы мен дәстүрлі
әдістің ерекшеліктеріне нақты мысалдар келтіріліп жазылған.
Түйін сөздер: жобалап оқыту әдісі, жоғары мектеп, білім сапасы, жан-жақтылық.
Тәуелсіз мемлекетіміз қанатын кең жайып, ел экономикасы өркендеген бүгінгі таңда мемлекетіміздің
алдында тұрған мәселенің бірі – білімді де, іскер, ғылымға қабілеті бар, заман талабына сай буын қалып-
тастыру. Бүгінгі әлемдегі қауымдастықтан тәуелсіздіктің тұлғасы биіктеп, ғылыми-техникалық прогресс
қарыштап, дамыған тұста біздің еліміз үшін сапалы білім, саналы тәрбиемен қатар, жан-жақтылық,
ғылымның бар саласынан хабардар болудың маңызы зор. Сондықтан да, бүгінгі оқу процесінде жаңа
инновациялық технологияларды пайдалана отырып, жаңа ізгілендіру әдістеріне көшу, соның бірі әлемдік
педагогикада тамырын терең жайған, ал біздің елге жаңадан қадам басып іс-жүзіне еніп, қолданысқа кіре
бастаған жобалап оқыту технологиясын айтуға болады. Жобалап оқыту технологиясын жас буыннан
бастап оқытқан дұрыс, бірақ, жоғары мектепте жобалап оқыту технологиясымен білім беру үлкен нәтиже
берері сөзссіз. Өйткені, жаңа әдістің ерекшелігі баланың логикалық ой-өрісін кеңейтіп, ойлау қабілетін
барынша дамытып, білімділік ситуацияға түсіріп, берілген проблеманы ізденіп, шешімін табуға, өзіндік
іс-әрекетін ұйымдастыра алатын жағдайға жеткізеді.. Яғни, кез келген ақпарат көздерін, әдіс-тәсілдерін
пайдалана отырып, логикалық ойлау жүйесі негізінде өзін-өзі шыңдау дәрежесіне ие болады.
Жобалау технологияның өзекті тұсы – білім алушылар теориялық білімін тәжірибеде қолдану негізінде
субъект ретінде қалыптасып, өз күштері мен мүмкіншіліктеріне деген сенімі артып, интеллектуалды,
кәсіби тұрғыда дамып, жауапкершілікті сезіне түседі. Сондай-ақ,жаңа әдістің алға қойған мақсаты - білім
мазмұнын байыту, оқыту үдерісін жетілдіру, инновациялық технологияларды дүниеге әкелу, жан-жақты
дамыған, рухани бай, өз елін, халқын жанымен сүйетін тұлға қалыптастыру.
Яғни, Жоғары мектепте білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының (ҚР МЖБС - 2012)
2-тарауындағы «Білім мазмұнына қойылатын талаптарда» [1] көрсетілгендей, жобалап оқыту технология-
сы арқылы жоғары оқу орындарының студенттеріне, ең алдымен субъект ретінде қалыптасуына жеке
тұлғаның бойына ұлттық құндылықтарды дарыту, патриоттық пен азаматтылықты қалыптастыру,
жан-жақты қызығушылығы мен қабілеттерін дамытуға, қазіргі қоғамда кәсіптік ұтқырлықты, бәсекеге
қабілеттілікті және әлеуметтік қорғалуын қамтамасыз ететін әмбебап білім, шеберлік пен дағды, қасиеттер
мен қабілеттерді дамытуға бағытталады. Сонымен бірге, студенттердің өзін-өзі және жеке қызметін
Абай атындағы ҚазҰПУ-нің ХАБАРШЫСЫ, «Бастауыш мектеп және дене мәдениеті» сериясы, №2(49), 2016 ж.
107
басқару қабілеті, өзін-өзі жігерлендіру, және өзіндік ұйымдастыруға бейімділігі, кәсіптік қызметін жеке
орындауға, білім шеберлігін, дағдысын, кәсіптік тәжірибе бірлігі негізінде маманның әрекет ету және бел-
гілі бір кәсіптік міндеттер жиынтығын шеше алатын қабілетті тұлға қалыптастыруға негіз болады. Яғни, әр
бір тұлғаның танымдық, шығармашылық қабілетін дамыту, алып жатқан білім жиынтығына ие болу
арқылы нақты мәселені шешуде қолдануға үйрету, қызығушылығын ынталандыру, өз бетімен жұмыс
жасау арқылы логикалық ой-өрісін, сыни тұрғыдан ойлау қабілетін арттыру негізінде болашақта кез келген
жағдаяттардан шығу, әр түрлі қоғамдық ортада өзін-өзі көрсете білуге бейімдеу болып табылады.
Осы, мақсатқа жетуде төмендегі міндеттерді алдыға қойып, ЖОО-ның студенттерінің бойында
қалыптасатын құзыреттіліктер арқылы жүзеге асырылады:
-
Теориялық және практикалық міндеттерді шешу үшін білім қорын жинақтау жолдарын үйрену.
-
Зерттеу жұмысы барысында, ақпарат жинап, ақпараттың нақтылығын анықтау, гипотеза ұсыну,
мәселенің түйінін табуға үйрену.
-
Жекелей, топпен жұмыс жасау барысында зерттеу жұмысымен айналысуға, проблеманың қойы-
луын, оның қалыптасуын, сипатталуын меңгерту.
-
Өз бетінше ізденуге, алған білімі мен игерген машық-дағдыларын өмірдің қажетті жағдаяттарына
сай әрі дұрыс қолдана алатын дәрежеге жеткізу.
Күтілетін басты нәтиже:
-
Кез келген проблемалық маңызы бар жұмыстарды қарастыра алады.
-
Теориялық білімді тәжірибеде шыңдай алатын дәрежеге жетеді.
-
Өзін-өзі басқару арқылы жеке пікірі қалыптасады.
-
Зерттеушілік, шығармашылық, ізденушілік қабілеті артады.
Аталмыш нәтиже негізінде білім алушыларға жоба бойынша таңдалған тақырыптың өзектілігін
ұғынып, мақсат-міндетін анықтап, дұрыс шешім қабылдау талап етіледі. Демек, жобаны орындауда
студенттер тақырып аясында таңдалған жұмыс бойынша ізденіп, шығармашылыққа, зерттеушілікке
тереңірек мән береді. Ғылыми зерттеу жұмыс білім алушылардың ойлау қабілетін жан-жақты ете түседі.
Жобаның қорытындысына келгенде, бір-біріне сыни сұрақтар арқылы бағалап, сараптама жасап, өзінің,
өзгенің жұмысын бағалауды үйренеді.
Сонымен қатар, білім алушылар жобамен жұмыс жасау барысында ғалымдардың зерттеу нәтижесінде,
жасалған классификация негізінде, әр түрлі жоба түрімен еңбектенуіне болады. Мысалы, нақты дәлел
келтірер болсақ, жобалау әдісін ғалым А.С. Сиденко: ақпараттық жоба, ғылыми зерттеу жоба,тексеру
және көрініс жоба, моножоба,пәнаралық жоба деп бес түрін бөліп көрсеткен. Ал, А.Г. Раппопорттың
жіктемесі бойынша: морфологиялық (заттарды жобалау), қоғамдық (ұйымдардың жобасы, кешенді
әлеуметтік-морфологиялық объектілердің жобасы), экзистенциалды (жеке тұлғаның өзіндік Мені, жеке
дамуы) деп қарастырған [2]. Келесі бір ғалым Е.С. Полаттың жобалап оқыту технологиясының жіктемесін:
зерттеу әдісі, шығармашылық әдісі, рөлдік ойындар әдісі, ақпараттық жобалау әдіс, тәжірибелік әдіс –
деп класификация жасаған[3]. Аталмыш ғалымдардың зерттеуі негізінде жобалап оқыту технологиясын
жоғары мектепте қолдануға ыңғайлы, тиімді деп ғылыми жоба, шығармашылық жоба, фантастикалық
жоба ақпараттық жоба, ал мазмұндық жағынан моножоба, пәнаралық жоба, мегажоба, халықаралық
жоба, телекоммуникациялық жоба [4] деп бөліп қарастыруға болады.
Осы зерттеулер негізінде жоғары мектеп буындары жобалап оқыту технологиясын қолдануда нақты,
өнімді нәтижеге жетері сөзссіз. Оған дәлел ретінде, жоғары мектеп студенттерінің жоба әдісімен жасала-
тын үлгісін, мысал ретінде, шығармашалық жоба түрін ұсынамыз:
Шығармашылық жоба
Тақырып: «Қазақтың ұлттық киімдері»
Өтілетін топ: «Дизайнер» мамандықтарына арналады
Дайындалатын уақыт: 1-2 ай
Мақсаты: Студенттер қазақтың ұлттық киімдерінің маңызын-мәнін ашып, бүгінгі заманға лайықтап,
жаңа үлгіде енгізу жолдарын қарастырады. Ұлттық мейрамның бірі ретінде «Қазақтың ұлттық киімдерін»
де енгізу ұсынылады.
Жоспар
1.
Қазақтың салт-дәстүріне, қол өнеріне жалпы сипаттама.
2.
Қазақтың ұлттық мейрамдары.
3.
Ұлттық киімдерді мейрам ретінде тойлаудың маңызы.
4.
Заман ағымына лайық ұлттық киімдер.
ВЕСТНИК КазНПУ им. Абая, с
ерия «Начальная школа и физическая культура»,
№2(49), 2016 г.
108
Жобаны орындалу барысы: Жобаның жұмысы бойынша, топтағы студенттер жұп-жұпқа бөлінеді.
Оқытушы алдын ала дайындалған бағыты бойынша бір жұпқа «ұлттық мейрам» ретінде тойлануына
себептер, зерттеулер жүргізу қажеттігі, екінші жұпқа бұрынға қазақтың ұлттық киімдерімен қазіргі таңда
ұлттық нақышта тігіліп жатырған киімдердің ерекшелігін, байланысын, артық-кем тұстарын зерттеу,
үшінші топ заман талабына лайық, қазақтың ұлттық құндылығын дәріптейтін жаңа үлгілер жасап шығару,
төртінші жұп пішін, бесінші жұп тігу жолдарын сапалығына мән береді.
Әр жұп өз жасалған зерттеу жұмыстарына баяндама, презентация, нақты дәлелдемелермен қорғау
қажет. Білім алушылардың барлығы дерлік, қазақтың ұлттық мейрамдарымен, салт-дәстүрімен, қол өнер
бұйымдарымен т.б. таныс болу талап етіледі.
Жұмысты қорғамас алдын, талқылауға сарапшыларға ұсынылады. (сарапшылар: дизайнерлер, сән
әлемінен хабардар тұлғалар, құрбы-құрдастары, ата-аналар, оқытушылар, өзге де жоғары мектеп
түлектері)
Нәтижесі:
Жұппен құралған студенттер жаңа үлгідегі, заман талабына сай ұлттық нақыштағы киімдердің үлгісін
ойлап шығарады. Техникалық, көркемдік жағын ескеріп, үнемді жағыда ойластырылады. «Ұлттық
киімдер» мейрамын атап өту жолдары, мақсаты міндеті айқындалады. Мейрам ретінде тойлануының
мақсаты, барша қауымға қазақтың төл мәденитін, дәстүрін паш ету. Қазақи дәстүрді ұмыттырмай,
керсінше дамытып отыру көзделеді. Мейрамда, барлық жұртқа қазақша киіну міндеттеледі. Жоба негізінде
студенттердің шығармашылық деңгейі артып, зерттеу нәтижесінде көптеген жаңа дүниелер ашып, басқа да
сән әлемінің қыр-сырларын түсініп, тереңірек мән бере бастайды. Жоба әдісінің негізінде білім алушылар
өздеріне үлкен сабақ алады және де ұлттық құндылықтардың маңызын өзгелерге жеткізе білуді үйреніп,
жеке тұлға ретінде сезінуіне септігін тигізеді.
Сондай-ақ, білім алушылар жобалап оқытудың қандай түрін қолданса да, оқытудың кезеңдері мен
құрылымы негізінде еңбектенеді. Яғни:
Жоғары мектепте жобалап оқыту технологиясының кезеңдері:
Жобамен
жұмыс
жасаудың
кезеңдері
бойынша:
І Мотивтендіру. Мұғалім жалпы зерттеу мәселесін ұсынады. Тақырыпқа
қызығушылық қалыптастырады.
ІІІ. Ақпаратты жинау кезеңі. Хабар жинайды, әдебиетпен және басқа ақпарат
құралдармен жұмыс жүргізеді; алынған нәтижені мұғалімнің көмегімен
сараптайды, ал мұғалім бақылайды, көмек көрсетеді, өзі де ақпарат құралы
болады.
ІІ.Жоспарлау кезеңі. Зерттеу жұмысына дайындық. Мұнда жобаның тақырыбы мен
мақсаты анықталады, міндеттерді шешу жолдары қарастырылады, іс-әрекеттің
жоспары бекітіледі, топтағы ұжымдық іс-әрекет келісіледі.
ІV. Рефлексивтік бағалау кезеңі. Жобалар ұсынады (презентация), атқарылған
жұмыс бойынша есеп береді, ұжымдық пікірталасқа қатысады, өзіне өзі баға
береді, мұғалім бағалайды.
V. Қорытынды.
Абай атындағы ҚазҰПУ-нің ХАБАРШЫСЫ, «Бастауыш мектеп және дене мәдениеті» сериясы, №2(49), 2016 ж.
109
Жобаның құрылымы бойынша:
Барлық жоба осы іспеттес, құрылым мен кезеңдер аясында жүзеге асып отырады. Сөзімізді түйіндей
келгенде, жоғарыда көрсетілген мәліметтер мен кестелер негізінде, жаңа оқыту әдісінің дәстүрлі оқыту
әдісінен әлдеқайда өзгеше, терңірек екенін көруге болады. Яғни, зерттеу нәтижесінде, жоғары мектептің
студенттерін жобалап оқыту технологиясымен оқыту негізінде кәсіби маман ретінде, терең білімді, білікті,
өз ісіне жауап бере алатын, өз ойын жүзеге асыра алатын, теорияны тәжірибемен ұштастырып, алға қойған
мақсатына сеніммен жете алатын тұлға қалыптастыра алатынымыз анық.
1.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 қаулысымен бекітілген «Білім
туралы» Заңы.
2.
П
анфиловаТ.Л.
«Проектный метод обучения»
http://festival
. 1september.ru /articles /581149/
3.
Зерщикова Т. А. «О способах реализации метода проектов в вузе» [Текст] / Т. А. Зерщикова // Проблемы
и перспективы развития образования: материалы междунар. науч. конф. (г. Пермь, апрель 2011 г.).Т. II. – Пермь:
Меркурий, 2011. – С. 79-82.
4.
«Проектная технология обучения» http://student39.ru/lector/proektnaya-tehnologiya/
Резюме
Ж.Б. Кдыралиева – КазНПУ им.Абая, магистр кафедры филологии
Эксперт. НИИ Формирование интеллектуальной нации
Преимущества проектного метода обучения
В статье написано о проектном методе обучения. Анализ использования и необходимость внедрения метода
проектного обучения в учебном процессе школьников на современном этапе. Решении этих задач определена в
современных образовательных стандартах и примерных программах основного общего и среднего (полного) общего
образования по всем учебным предметам. Сегодня учитель призван не только сформировать у учеников системные
знания, но и научить применять усвоенные знания и умения в практической деятельности и повседневной жизни,
создать условия для становления у школьников гражданской позиции, готовности к жизни в поликультурном,
динамично развивающемся мире, способности адаптироваться к меняющимся условиям трудовой деятельности.
Развивающее обучение направлено на формирование личности, цель – развитие обущаюшего, в частности его
интеллекта. Основой этого процесса является самостоятельная познавательная деятельность. Метод проектов
позволяет решать задачи по формированию и развитию различных умений и компетенций.
Ключевые слова: проектный метод обучение, университеты,качество образования, всеобъемлющим.
Жоба
құрылымы
бойынша:
Дайындық
жобаның қазіргі мән-жайы, бұл жоба
қандай мәселелерді шешеді және бұл
жобаның нәтижесі қандай болмақ осы
сұрақтарға жауап беріледі.
жобаның тақырыбы, мақсаты, міндеті,
мәселесі, уақыты және қоры анықталады.
Жұмыстық жоспар жасалады, командалар
құрылымы, жауапты адамдар
тағайындалады
Негізгі
ақпарат жинап және оны анықтайды,
жобаны жасақталады, жоспар бойынша
негізгі іс-шаралар өткізіледі,
жоспарларды бақылау және түзету
жұмыстары жүргізіледі.
Қорытынды
ВЕСТНИК КазНПУ им. Абая, с
ерия «Начальная школа и физическая культура»,
№2(49), 2016 г.
110
Summary
Z.B.Kdyralieva - Pedagogical University, Department of Philology master's
Experts Institute of formation of the intellectual Nations
Advantages of the design method of training
The article of teaching students how to design educational technology advantages and features are provided. The
effectiveness of educational activity on the basis of the new method, the education process is to develop a common ïntelektisi.
On the basis of the method of training designed to increase students' cognitive abilities life vision, develop thinking as to require
an increase in the quality of the educational process. Its value and to contribute to the work of the method of self-development.
A method of training designed article provides examples of the advantages and features of the traditional method.
Keywords: how to design education, high school, quality of education, and comprehensive.
ӘОЖ: 37.371.371.3
ЫНТАЛАНДЫРУ ӘДІСІНІҢ ТИІМДІ ЖОЛДАРЫ
Ж.Б. Кдыралиева – Абай атындағы ҚазҰПУ, филология кафедрасының магистрі.
Интеллектуалды ұлт қалыптастыру ҒЗИ эксперті
Мақалада оқушыларды оқытуда жаңа әдістің тиімділігі, маңыздылығы жөнінде айтылған. Ынталандыру әдісі
баланың қызығушылығын, бір-бірімен тіл табысуын өзіндік менін табуына көмектеседі. Оқыған-тоқыған білімін
тәжірибе жүзінде қолдануна ынталандыру әдісі септігін тигізіп, ең бастысы баланың құндылығы тәуелсіз, дербес
болып өсуіне, шығармашыл, дарынды болып өсуіне жаңа оқыту әдістері ықпал етеді. Тиімді, сіңімді білім алған бала
болашақта саналы азамат болып қалыптасады.
Тірек сөздер: оқушы, тұлға, ынталандыру, әдіс, мадақтау, дарынды, шығармашыл
ҚР «Білім туралы заңында» оқыту формасын, әдістерін, технологияларын таңдауда көп нұсқалық
қағида атап көрсетілген. Бұл білім беру мекемелерінің мұғалімдеріне өзіне оңтайлы нұсқаны қолдануына,
педагогикалық үрдісті кез келген үлгімен құра беруіне мүмкіндік береді. Осыған орай, қазіргі білім беру
парадигмасында білім алушыға тұлғалық-әрекеттік тұрғыда қарауға үлкен мән беріп отыр. Өйткені,
ХХІ – ғасыр нағыз технологиялық мәдениеттің, кәсіби мәдениеттіліктің, терең білім мен ізденісті талап
ететін дәуір. Білім беру жүйесі - әр елдің даму болашағын айқындайтын, әлемдік өркениетке жетудің
негізгі бағыттарын көрсететін біртұтас құрылым. Әр мемлекет болашағы мектептен шыңдалады десек,
мектептің білім сапасы жоғары болуы міндетті. Білім беру процесінде жаңа әдістер арқылы оқытқан тиімді
[1]. Сондай әдістің бірі белгілі іс-әрекетті орындатуға талаптандыру ниетімен қолданылатын ынталан-
дырудың орны өз алдына. Шет ел педагогтары жиі қолданып келетін әдіс, бүгінде біздің мектептерде
кейбір элементтері де бет алып келе жатқандығын жоққа шығара алмаймыз. Ынталандырудың бір жолы
мадақтау. Мадақтау – тәрбиеленушілер әрекетіне ұнамды баға беру. Мадақтау ықпалы оқушының ұнамды
көңіл-күй сезімін көтеруге негізделген. Осыдан да мадақтау балада өзіне деген сенім орнықтырып, жұмыс-
қа деген жағымды көңіл қатынасын оятады, жауапкершілік арттырады. Мадақтау түрліше орындалуы
мүмкін. Олар арасында тәрбие процесінде жиі қолданылатындары – қолдау, қуаттау, алғыс жариялау,
құрметті құқықтар беру, мақтау қағаздары мен сыйлықтар беру және т.б. Қарапайымды бола тұра, мадақ-
тау өте жауапкерлі де іс. Мадақ шектен тыс әсіреге айналып кетпей, орынсыз кем де болмауы керек.
Санамен сарапталмаған әсіре мадақ баланы бұзады. Осыдан мадақтаудың психологиялық қырлары мен
оның салдарын ескерген жөн:
Мадақтау:
Әйгілену мақсатта емес, мұғалім мен оқушы арасындағы, екі тараптың жан дүниелік қалауы мен
қабылдануы
Мадақтау арқылы тәрбиеленушіні басқа балаларға қарсы қойып алмауды да ойластырған жөн.
Сондықтан тек табысқа жеткен оқушыны ғана мақтап шектелместен, шын ықыласымен еңбектенген, өз
ісіне адалдық танытатындардың бәріне де жылы лебіз, мадақ сөзді аянбаған жөн.
Мадақ қолдана отырып, кім, не үшін, қаншалықты сыйға тұрарлық екенін сараптау. Әсіре мадақ
астамшылдыққа алып келу мүмкін
Әрқандай мадақ жеке тұлғалық ерекшеліктерді ескерумен беріледі. Өзіне сенімі жоқ, үлгерімі төмен
оқушыны қолдап-қуаттау қажет. Қандай да ұнамды сапасын танып, педагог сол арқылы балада сенім
Абай атындағы ҚазҰПУ-нің ХАБАРШЫСЫ, «Бастауыш мектеп және дене мәдениеті» сериясы, №2(49), 2016 ж.
111
оятады, ұмтылыс пен дербестік, кедергілерден сескенбеу қасиетін баулиды. Өзіне тәрбиеші, төңірегіндегі
адамдар сенімін артқан бала, өз кемшіліктерін де «жүгендеп», оңды жолға түсе бастайды.
Ынталандыру әдісі барлық сыныптыраға қатысты. «Жылы-жылы сөйлесең жылан інінен шығады,
суық-суық сөйлесе – мұсылман дініннен таяды» - деген аталы сөзді негізге ала отырып, қандай сынып
оқушысы болмасын, әсіресе жоғары сынып оқушыларын өзіңмен бірдей, тең дәрежеде көріп, сенім арту
арқылы білімге итермелеп, өзіндік «менін» қалыптасуына септігін тигізуге болады [2]. Жоғары сынып
балаларына қысымға шектеу болмағаны дұрыс. Оларға ыждахатпен, кішіпейілдікпен, ілтипатпен «Сіз»,
«сіз білесіз», «сіздің қолыңыздан келеді», «мен сізге сенім артамын» т.б. сөздер арқылы, сенім жүктеу
арқылы балаға жауапкершілігін сезінуіне, өзін сыйлы азамат ретінде қабылдануына ықпал етеміз. Ал,
мұндай жағдайда баланың жауапкершілікті сезінуі жоғарлап, білімге бет бұруы да жоғарламаса, төменде-
мейтіні анық. Сондай-ақ, үлгерімі төмен, басқа сыныптастарына қарағанда артта келе жатқан баланы
«сынып басшысы», «топ жетекшісі», «староста» т.б. сынып ішінде белді орынға тағайындап қою арқылы
білімге тартуға болады. Бұлда бір ынталандырудың жолы. Ынталандырудың келесі бір жолы - қызықтыру.
Мәселен, жыл басында мектеп президентін ұсыну. Білімі жақсы, активисттер ұсыныла алады. Сол орынға
таласып жақсы оқуға тырысады. Сондай-ақ, үздік деген оқушылардың фото-суреттерін плакатқа «Біздің
мақтанышымыз!» деген мақтаумен мектеп сыртына іліп қою. Оқушылардан өзге кез келген адам көре
алады. Сол мақтаныш тақтасына ілігу үшін бала жақсы оқуға талпынады
Шағын сый беру арқылы, үздік оқитындарға алтын значок тағып қою. Сол алтын белгіні жыл бойы
тағып жүру жоғары сынып балдарына ол беделді болып саналады. Бұл баланың өзіне деген құрметін асыра
түсері анық. Өйткені балалардың арасында бәсекелестік пайда болады. Сабақты жарыса оқуға ұмтылады.
Сыныптасының жеткен жетістігіне басқалары қол жеткізгісі келеді [3]. Жарыс әдісімен баланың
бәсекелестікке деген табиғи қажеттігін жеке тұлғаға және жалпы қоғамға сай қасиеттерді баулитын тәрбие
арнасына бұруға болады. Өзара жарыса жүріп, оқушылар қоғамдық қылық тәжірибелерін тез игеріп,
тән-дене, адамгершілік, эстетикалық сапаларын дамытады. Жарыс әсіресе үлгерімі төмен оқушылар үшін
аса қажет. Өз нәтижелерін жолдастарының жетістіктерімен салыстыра отырып, өз білімдері мен ептілік-
терін көтеруге күш алады, оқуы мен өзіндік тәрбиесіне ден қоя бастайды. Жарыс ұйымдастыру үшін
балалар психологиясын жете тану қажет, біртұтас маңызды шарттар мен талаптарды ұстану әрі орындау
абзал. Жарыс тиімділігі оның ұйымдастырылуында. Бұл үшін жарыстың мақсаттары мен міндеттері
айқындалады, бағдарлама түзіледі, баға өлшемдері белгіленеді, жарыстыру шарт — жағдайлары жасалады,
қорытынды шығарылып, жеңімпаздар марапатталады. Жарыс өзіне сай күрделілігімен әрі қызықты
өткізілуі тиіс. Сонымен бірге жарыс ережелері соңғы нәтижелерді бағалап, салыстыруға келетіндей нақты
болғаны жөн. қорытындылау мен жеңімпаздарды анықтау жариялы болып, бағалау өлшемдері қарапайым,
баршаға түсінімді болғаны дұрыс. Жарыс бағдары мен мазмұны айқын болуы тиіс. Бүгінгі таңда мектеп
тәжірибесінде сынып, мектептің озық оқушысы, пән білгірі атақтарын алу жарыстары өткізілуде.
Қорытындылай келгенде, Мектептегі оқу процесіндегі кәсіби бағдар мақсаты мен міндеті оқушының
дүние танымдық көзқарастарымен қатар дамып, ұштасып отыру керектігі. Өйткені жасөспірімдердің
кәсіби бағдар процесінің дамуында оқу, еңбек, қоғамдық саяси жұмыстар жетекші орын алады. Қазіргі
кезеңдегі оқытудың негізгі ұстанымы – шығармашылық, белсенділік, әлеуметтік жауаптылық, жоғары
интеллектілік, терең білімділік, кәсіби сауаттылық екені ақиқат. Сондықтан да қазіргі қоғамның өзекті
мәселелерінің бірі - әлеуметтік-экономикалық өзгермелі жағдайларда өмір сүруге дайын болып қана
қоймай, сонымен қатар оны жақсартуға игі ықпал ететін жеке тұлғаны мектеп табалдырығын аттағаннан
бастап жаңа оқыту әдістерді пайдалана отырып білім сапасын арттыру негіз болып табылады.
1.
Нуриев М.А., Садыкова А.Е. «Бастауыш сынып оқушыларын ынталандыру арқылы танымдық белсенділігін
арттыру» «Ұлттық тәрбие» №4(24), 2014 ж.
2.
Ізденіс/Поиск. №4 2012ж. Интеллектуалды білім берудегі қажет кейбір мәселелер. /Ж.А. Сейсенбаева7
3.
«Білім беру жүйесінің өзекті мәселелері». Көзқарас (журнал) /Ж.Өмірбекова
ВЕСТНИК КазНПУ им. Абая, с
ерия «Начальная школа и физическая культура»,
№2(49), 2016 г.
112
Резюме
Ж.Б. Кдыралиева – КазНПУ им.Абая, магистр кафедры филологии
Эксперт. НИИ Формирование интеллектуальной нации
Оптимальные пути усовершенствования образования
В статье написанно о новых методах обучения в школе. Мотивирующий методы обучения в школе способствуют
развитию познавательного интереса у детей, учат систематизировать и обобщать изучаемый материал, обсуждать и
дискутировать. Осмысливая и обрабатывая полученные знания, учащиеся приобретают навыки применения их на
практике, получают опыт общения. В качестве основных неоспоримых достоинств выступают высокая степень
самостоятельности, инициативности, развитие социальных навыков, сформированность умения добывать знания и
применять их на практике, развитие творческих способностей. Чувство свободы выбора делает обучение
сознательным, продуктивным и более результативным.
Ключевые слова: студенты, личность, мотивация, метод похвалы, талантливый, творческий
Summary
Zh B. Kdyralieva – Kazakh national pedagogical university Abai
Scintific Research Institute of the formation of the nations intellectual Expert
To develop effective incentives to improve quality of education
The article is written on the new methods of teaching in the school. Motivating teaching methods in schools contribute to
the development of cognitive interest in children learn to organize and summarize the material under study, discuss and debate.
Comprehending and processing the acquired knowledge, students acquire skills to apply them in practice, get experience. The
main advantages are the indisputable high degree of self-reliance, initiative, development of social skills, the ability to acquire
knowledge formedness and put them into practice, development of creative abilities. The feeling of freedom of choice makes
learning conscious, productive and more efficient.
Keywords: students, personality, motivation, method of praise, talented, creative
Достарыңызбен бөлісу: |