Хабаршы «Бастауыш мектеп және дене мәдениетi» сериясы



Pdf көрінісі
бет8/18
Дата09.03.2017
өлшемі2,45 Mb.
#8632
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   18

 
Резюме 
С.С. Кожагелдиева – п.ғ.к., доцент, МКТУ им.Х.А.Ясави, 
saule_611@mail.ru
 
Ж.К. Абдиева – магистрант, МКТУ им.Х.А.Ясави, 
juzya10@mail.ru
   
 
Психологические - педагогические проблемы обучения на уровне понимания в начальных классах
 
В статье рассматривается психологические-педагогические проблемы обучения на уровне понимание в начальной 
школе.  Уточняется  понятие  «понимание»,  даются  определения  «уровня  понимания»  и  «необходимого  уровня 
понимания»,  показана  их  роль  в  диагностике  качества  обучения.  Предлагается  шкала  оценки  уровней  понимания 
материала  учащимися,  отражающая  качество  обучения  и  позволяющая  внести  коррективы  в  образовательные 
технологии.  Понимание  учебного материала  –  составляющая  процесса обучения. Информация о  том,  как  глубоко 
поняты  каждым  учеником  те  или  иные  разделы  и  темы  отдельной  дисциплины,  является  очень  важной  для 
планирования деятельности педагога. 
В  педагогических  исследованиях  традиционно  в  качестве  основных  целей  обучения  рассматривается 
формирование  знаний,  умений  и  навыков.Понимание  не    рассматривается  как  цель  образования,  не  входя  в 
категорию ценностей образования. 
Ключевые  слова:  начальный  класс,  понимание,  уровень  понимания,  образования,  усвоения  знаний,  качество 
образования. 
 
Summary 
S.S. Kozhageldiyeva – associate professor,docent, IKTU by Kh.Yassawi, 
saule_611@mail.ru
 
Zh.K. Abdiyeva – master degree, IKTU by Kh.Yassawi, 
juzya10@mail.ru
 
 
Psychological-pedagogical problems of teaching at the level of understanding in primary school 
The  article  considers  psychological  and  pedagogical  problems  of  teaching  at  the  level  of  understanding  in  elementary 
school.  Clarifies  the  meaning  of  «understanding»,  the  definitions  of  «level  of  understanding»  and  «necessary  level  of 
understanding»,  their  role  in  diagnostics  of  quality  of  training.  Proposed  scale  of  assessment  of  levels  of  understanding  of 
material  by  pupils,  reflecting  the  quality  of  training  and  allows  you  to  make  adjustments  in  educational  technology. 
Understanding of course material is a component of the learning process. Information on how deeply understood each student 
certain themes and topics of individual subjects, is very important for planning activities of a teacher. 
In educational research 
traditionally  as  the  main  purpose  of  the  training  is  considered  the  formation  of  knowledge  and    skills.Understanding  not 
regarded as a goal of education is not included in the category of education values.
 
Keywords:  primary  school,  understanding,  level  of  understanding,  knowledge,  learning  education  ,  the  quality  of 
education. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің ХАБАРШЫСЫ, «Бастауыш мектеп және дене мәдениеті» сериясы, №2(49), 2016 ж. 
 
39
 
ӘОЖ 373.1.02 
 
БАУЫРЖАН МОМЫШҰЛЫНЫҢ ШЫҒАРМАЛАРЫ АРҚЫЛЫ 
СЫНЫПТАН ТЫС ЖҰМЫСТАРДА ПАТРИОТТЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУ ЖОЛДАРЫ 
 
Г.Х. Ерімбетова – п.ғ.к., аға оқытушы 
Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті 
 
Бұл  мақалада  халық  батыры  Бауыржан  Момышұлының  шығармалары  арқылы  сыныптан  тыс  жұмыстарда 
патриоттық тәрбие беру жолдары қарастырылған. Бүгінгі ұлт мектебінде патриоттық тәрбие берудің басты мақсаты – 
жеке тұлғаны халықтың ерлік мұраларына негіздеп жүргізілуінің маңызы зор. Қазіргі кезде орта мектептерде сынып- 
тан тыс жұмыстарды ұйымдастыруда тәрбие сағаттары, кештер, кездесулер сияқты бірыңғай сарында жүргізілуде. 
Демек, бүгінгі жалпы білім беретін орта мектепте сыныптан тыс тәрбие жұмысының кешенді бағытын түгел қамтуы 
тиіс.  Сондықтан  жалпы  білім  беретін  орта  мектептегі  сыныптан  тыс  шаралардың  негізі  ретінде  «Азамат» 
әскери-патриоттық орталығының үлгісін ұсынамыз.   
Түйін сөздер: Патриотизм, патриоттық тәрбие, Бауыржан Момышұлы, ерлік, батырлық. 
 
Қазақ  халқы  өз  ұрпағының  тәрбиесін  жөргектік  өмірінен  бастап,  ер  азамат  болғанға  дейін  бабалар 
өмірінің тәжірибесінен таныстырып, оны басшылыққа алып отырады. Халық өмірінің тарихында елінің 
бостандығы, ар-намысы үшін ерлік көрсеткен асыл ер тұлғалы батырлары мен азаматтарының өмірлерін 
үлгі тұтып, тағзым ету, олардың қалдырған өсиеттерін жалғастыра отыруды парыз тұтады. Сондықтан да 
туған  жер,  Отанға  деген  сүйіспеншілігін,  бойындағы  күш-қуаты  мен  білімі  арқылы  Отан  игілігі  мен 
мүддесіне жұмсау қажет.   
Бүгінгі  ұлт  мектебінде  патриоттық  тәрбие  берудің  басты  мақсаты  –  жеке  тұлғаны  халықтың  ерлік 
мұраларына  негіздеп  жүргізілуінің  маңызы  зор.  Олай  болса,  зерттеу  жұмысымыздың  нысанасына  сай, 
сыныптан тыс өткізілетін шаралардың мақсаты – орта мектеп оқушыларының жас ерекшеліктерін ескере 
отырып,  Бауыржан  Момышұлы  шығармалары  негізінде  патриоттық  тәрбиесін  қалыптастыру.  Ол  үшін, 
сыныптан тыс жұмыс шараларына әр түрлі әдістерді пайдаланамыз: негізінен жалпы білім беретін орта 
мектепте жүргізілетін тәрбие жұмыстары, патриоттық тәрбие орталықтары және сыныптан тыс өткізілетін 
іс-шаралармен  (кештер,  апталықтар,  кездесулер,  конференциялар,  тәрбие  сағаттары  және  т.б.)  және 
жүргізілетін тәрбие түрлерімен қамтылады. Сыныптан тыс шараларда, оқушыларға Бауыржан Момышұлы 
шығармалары негізінде патриоттық тәрбие беруде пән мұғалімдері мен сынып жетекшілерінің педагогика- 
лық  іс-әрекеті  мен  сыныптан  тыс  жұмыстарды  ұйымдастыру  шеберлігіне  байланысты.  Егер    әр  ұстаз 
оқушыларға ерлікті, елдік сананы қалыптастыруда Бауыржан Момышұлы шығармаларын жетік білгенде 
ғана патриоттық тәрбиесі қалыптасқан тұлғаның дамуына жол ашады. Оқушыларға Бауыржан Момышұлы 
шығармалары негізінде патриоттық тәрбиені қалыптастыру    мақсатында зерттеу кезеңінде сыныптан тыс 
жұмыстардың педагогикалық мүмкіндіктері    қарастырылды. 
Қалыптастыру тәжірибелік-эксперименттік жұмысының басты мақсаты: 
-  Оқушылардың  Бауыржан  Момышұлы  шығармалары  негізінде  патриоттық  қасиеттерін  терең 
меңгеруіне жағдай жасау; 
-  Бауыржан  Момышұлы  шығармалары  негізінде  ерлік  дәстүрлерінен  өнеге  алған  оқушылардың 
бойында патриоттық тәрбиені    қалыптастыру. 
Мектеп оқушыларына Бауыржан Момышұлы шығармалары негізінде патриоттық тәрбиені қалыптас- 
тырудың даярлық өлшемдері: 
-  Оқушылардың  Бауыржан  Момышұлы  шығармаларындағы  «ерлік»,  «батырлық»  ұғымдарын  игеру 
деңгейі. 
-  Оқушылардың  Бауыржан  Момышұлы  шығармаларындағы  патриоттық  тәрбие  беруді  дұрыс 
қабылдап, бағалауы. 
- Оқушылардың Бауыржан Момышұлы шығармаларындағы ерлік істеріне еліктеуі және оның бүгінгі 
кезеңде пайдалана білуі. 
Осындай  жаңа  талаптардың  шешімін  тауып,  жүзеге  асуына  мұғалім  мен  оқушылар  арасындағы   
патриоттық  тәрбие  беру  құралы  –  Бауыржан  Момышұлы  шығармалары  негізінде  патриоттық  тәрбие   
берілуі  көзделді.  Яғни  жалпы  білім  беретін  орта  мектептің  сыныптан  тыс  жұмыстарда  оқушыларға 
Бауыржан  Момышұлы  шығармалары  негізінде  патриоттық  тәрбие  беруде  9-11-сынып  оқушыларымен, 
сынып  жетекшілерімен  пікірлескенімізде  педагогикалық  үдеріске  енгізілу  қажет  екендігі  туралы 
мағлұматтар алдық. 
Біздің зерттеулеріміз көрсеткендей, сыныптан тыс шаралар негізінде Бауыржан Момышұлы шығарма- 
лары арқылы патриоттық тәрбие берудің педагогикалық мүмкіндіктерін айқындауға болады: 

ВЕСТНИК КазНПУ им. Абая, с
ерия «Начальная школа и физическая культура»,
 №2(49), 2016 г. 
 
40 
-  Оқушылардың  Бауыржан  Момышұлы  шығармаларын  саналы  түрде  ұғынып  ерлікке,  батырлыққа, 
отансүйгіштікке қызығушылығын арттыру; 
-  сыныптан  тыс  шараларды  өткізу  және  оны  дайындық  барысында  оқушылардың  Бауыржан 
Момышұлы шығармаларына белсенділігін арттырып, бүгінгі күн жағдаймен салыстыра отырып, патриот- 
тық ой-өрісінің жетіліуне әсер ету; 
-  сыныптан  тыс  шаралар  арқылы  оқушылардың  Бауыржан  Момышұлы  шығармаларындағы  ерлік, 
атамекенге  деген  сүйспеншілікті  саналы  түрде  түсіне  отырып,  өз  бойында  отансүйгіштік,  ерлік  істерге 
еліктеу секілді жоғары патриоттық сезімдерді қабылдай отырып, патриоттық тәрбиені қалыптастыру. 
Бүгінгі  орта  мектепте  сыныптан  тыс  шараларды  өткізудің  әр  түлі  технологиялары  пайдаланылады. 
Сондықтан біз тұтас педагогикалық үдерістегі қолданылып жүрген дәстүрлі формасын негізге аламыз, ол 
төмендегідей талаптардан тұрады: 
- Сыныптан тыс тәрбие жұмысы жүйесінің нақты жоспары жасалынып, өткізу мерзімдері нақты белгі- 
леніп, айы, күні көрсетіліп, өткізілетін іс-шараларға жауапты ұстаздар белгіленіп, оқу-тәрбие үдерісіндегі 
кестесі жасалады; 
- өткізілетін жұмыстардың    тәрбие жоспарына сай тақырыбы, мақсаты, міндеті, әдістері мен тәсілдерін 
анықтау керек; 
- сыныптан тыс тәрбие шараларының нәтижесі оқушылардың Бауыржан Момышұлы шығармаларының 
патриоттық  маңызын  терең  түсінуге,  алған  тәрбиесін  іскерлік  пен  білім  арқылы  дағдыға  айналдыруы 
қажет. 
Біздің  зерттеу  жұмысымыздың  барысында  жоғарыда  айтылған  талаптарды  ескере  отырып  жүргізуі- 
міздің себебі, қазіргі кезде орта мектептерде сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыруда тәрбие сағаттары, 
кештер,  кездесулер  сияқты  бірыңғай  сарында  жүргізілуде.  Демек,  бүгінгі  жалпы  білім  беретін  орта 
мектепте сыныптан тыс тәрбие жұмысының кешенді бағытын түгел қамтуы тиіс.Ол негізінен үш бағыттан 
тұрады: 
I бағыт. Мектеп оқушыларымен жүргізілетін жұмыс. 
1 Оқу-тәрбие үдерісінде: 
- пәндік сабақтар   
- факультатив сабақтары 
- үйірме жұмыстары 
- апталықтар 
- тәрбие сағаттары 
- конференциялар 
- ғылыми-зерттеу жұмыстары. 
2 Сыныптан тыс жұмыстар: 
- мұражайға саяхат 
- көрмелер 
- Ақын-жазушылармен кездесу. 
ІІ бағыт. Ата-аналар арқылы жүргізілетін жұмыс. 
- Бауыржан Момышұлы шығармаларын    отбасында насихаттау 
- отбасында ерлік, батырлық туралы өсиеттерді оқу 
- отбасы шежіресі 
- әдет-ғұрыптар, салт-дәстүрлер. 
ІІІ бағыт. Мұғалімдер арқылы жүргізілетін жұмыс. 
- Бауыржан Момышұлы шығармаларындағы «ерлік», «батырлық» ұғымдарын оқушыларға жеткізудегі 
мұғалім шеберлігі 
- патриоттық тәрбие бағытындағы жұмыстарды насихаттау 
- мектепішілік, қалалық сайыстарға қатысу. 
 
Біздің пікірімізше, мектептегі сыныптан тыс жұмыстарды іскерлікпен ұйымдастырса, оның нәтижесі: 
-  сыныптан  тыс  шараларды  жан-жақты  ұйымдастыру  білім  мен  тәрбие  беру  әдістемесінің  сапасын 
көтеруге әсерін тигізеді; 
-  сыныптан  тыс  өткізілетін  шараларда  Бауыржан  Момышұлы  шығармалары  негізінде  патриоттық 
тәрбие беруді жетілдіруге мүмкіндік береді. 
Бауыржан Момышұлының шығармалары оқушылар үшін өте құнды. Әрбір патриоттық тақырыптағы 
шығармасы  адам  жанының  рухына  әсер  ететін  ерекше  күш-қуат  беретін  патриотизмге  тәрбиелейтін 
бірден-бір құрал ретінде қолданудың маңызы зор; елі үшін еңіреген, «қара қазан, сары бала қамы үшін»,   
«өмірімен от кешкен» Бауыржан Момышұлы Ұлы Отан соғысына қатысқан батыр ғана емес, ол майдан 
даласын  өшпестей  қып  патриоттық  шығармалары  арқылы  тарихта  қалдырған  Екінші  дүниежүзілік 

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің ХАБАРШЫСЫ, «Бастауыш мектеп және дене мәдениеті» сериясы, №2(49), 2016 ж. 
 
41
 
соғыстың жазушы-батыры.   
Осыларды  ескере  отырып,  жалпы  білім  беретін  орта  мектептегі  сыныптан  тыс  шаралардың  негізі 
ретінде «Азамат» әскери-патриоттық орталығының үлгісін ұсынамыз (1-сурет). 
«Азамат» әскери-патриоттық орталығының жұмысынан күтілетін нәтиже: 
- сабақ барысында оқушылар Бауыржан Момышұлы шығармаларын толық үлгере алмайды, сондықтан 
практикалық жағынан әдіс-тәсіл және өмірмен байланыс үйренеді; 
- Бауыржан Момышұлы патриоттық тағылымдарына оқушылардың еліктеуі пайда болады; 
- ұлттық, ерлік дәстүрлерді, отбасын және өзін-өзі құрметтеуге іс-әрекет жасауға ұмтылады; 
-  оқушыларды  оқу-тәрбие  үдерісінде  қол  жеткізген  теориялық  білімдері  мен  қатар,  іскерлік  пен 
алғырлыққа машықтандыру; 
- ата-ана мен оқушы, сынып жетекшісі, достары арасында өзара отансүйгіштік сенімге және атамекенге 
құрметпен қарауға дағдыландыру; 
-  Бауыржан  Момышұлының  патриоттық  тағылымдары  негізінде  өзіне  және  отбасына,  бауырларына 
деген патриоттық сезімін оятып, өз Отанының болашағына сенімін дамыту; 
- тарихи сананың негізінде патриоттық сана-сезімін ояту; 
- ұлттық патриотизмге деген көзқарасын қалыптастыру; 
- оқушыларды Бауыржан Момышұлының патриоттық шығармаларындағы патриоттық құндылықтарға 
тарту, соған сәйкес ерлікке баулу. 
Жалпы білім беретін орта мектептің оқу-тәрбие үдерісінде Бауыржан Момышұлының шығармаларын- 
дағы  патриоттық  құндылықтарды  негізге  алуымызға  болады:  батырлық,  ерлік,  азамат,  бірлік,  береке, 
татулық, атамекен, елдік, қайсарлық және т.б. құрамдас бөліктерін атауға болады.   
Төмендегі суретке түсінік беретін болсақ: 
- Қазақ әдебиеті сабағында Бауыржан Момышұлы шығармаларын насихаттау    бағытында, оқушылар 
арасында  ерлік  тақырыбында  шығармалар  жаздыру,  оқушылар  арасында  Бауыржан  Момышұлы 
шығармалары  негізінде  конференциялар  ұйымдастыру,  Бауыржан  Момышұлы  зерттеуші  ғалымдармен 
кездесуден тұрады. 
- Алғашқы әскери дайындық және дене тәрбиесі сабақтарында ерлікке тәрбиелеу бағытында «Ерлікке 
дайынмын!» әскери-спорттық сайысы, «Ғасыр ұланы» ер балалар арасындағы спорттық ойындар, «Жас 
ұландар» мектепішілік сыныптар арасындағы әскери-спорттық жарыстар өткізуді негізге аламыз. 
-  Тарих  сабағында  Бауыржан  Момышұлының  ерлігін  насихаттау  бағытында  «Ерлік  ізімен»  тарихи 
орындарға саяхат, Бауыржан Момышұлының отбасы туралы деректер жинау, мұражайға саяхат өткізуден 
тұрады. 
-  Бауыржан  Момышұлының  ерлік  тәлім-тәрбиесін  ата-аналар  арасында  насихаттау  бағытында 
Бауыржан  Момышұлы  шығармаларын  отбасында  насихаттау,  отбасында  ерлік,  батырлық  туралы 
өсиеттер, отбасы шежіресін.   
- Тәрбие тәлімі іс-әрекет арқылы мұғалімдер арасында Бауыржан Момышұлы шығармаларын насихат- 
тау    бағытында    батырдың  демек,  тәрбие  үдерісінде  жүргізілген  іс-шаралардың  патриоттық  маңызын 
байқаймыз. Әйткенмен, Бауыржан Момышұлының шығармалары негізінде жоғары сынып оқушыларына 
патриоттық тәрбиені қалыптастыруда өз бетінше берілген тапсырмалар бойынша орындалған жұмыстар 
нәтижелері,  түрлі  тақырыптарда  өткізілген  пікірталастар,  әңгімелер  мазмұны  олардың  патриоттық 
тәрбиесінің  деңгейін  өзгерісін  байқатты.  Әлі  де  болса  оқушылардың  күрделі  тақырыптарды  кеңінен 
талдауға, өздігінен ізденіп, дербес шығармашылық жұмыспен    айналысуға батыл қадамдарының болмауы 
арнайы  берілген  тапсырмаларды  орындауда  мұғалім  көмегінсіз  жұмыстар  атқарудан  бас  тартулары 
оқушыларды  өз  білімдері  мен  түсінігін  тәжірибеде  кеңінен  қолдануға  төселдіру  қажеттігін  аңғартты 
(2-сурет).     
 
 
2 cурет – Сыныптан тыс жұмыстарда оқушылардың Бауыржан Момышұлының шығармалары арқылы 
патриоттық тәрбиесін қалыптастыру 
 

50 
ЭТ 
БТ 
25,4 
24,6 
37,7 
46,7 
26,9 
28,7 
жоғары 
орта 
төмен 

ВЕСТНИК КазНПУ им. Абая, с
ерия «Начальная школа и физическая культура»,
 №2(49), 2016 г. 
 
42 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
1 сурет - «Азамат» әскери-патриоттық орталығының үлгісі 
 
 
«ерлік»,  «батырлық»  ұғымдарын  оқушыларға  жеткізудегі  мұғалім  шеберлігі,  патриоттық  тәрбие 
бағытындағы жұмыстарды насихаттау, мектепішілік, қалалық сайыстарға қатысудан тұрады. 
Біздің    педагогикалық  тәжірибе  жұмысымыздың  қалыптастыру  кезеңінде  атқарылған  жұмыстар 
бойынша  тәжірибелік  топтың  Бауыржан  Момышұлы  шығармашылығы  арқылы  отансүйгіштік  тәрбие 
деңгейінің төмен – 5%, жеткілікті – 67%, жоғары – 28% дәрежеде болуы олардың теориялық білімдерін 
жетілдіру қажеттігін байқатты. Мұндай деңгейдің анықталуы педагогикалық тәжірибенің   қалыптастыру 
кезеңінде оқушылардың    білімін нақты сараптау қажеттілігін байқатты.     
Сонымен  сыныптан  тыс  жұмыстар  барысында  сынып  жетекшілері  мен  оқушылардың  бірлескен 
Оқушылар арасында 
ерлік тақырыбында 
шығармалар 
жаздыру 
«Шынықсаң 
шымыр 
боларсың» 
әскери-спорттық 
сайысы 
«Ерлік ізімен» 
тарихи орындарға 
саяхат 
Бауыржан 
Момышұлы 
шығармаларын 
отбасында 
насихаттау 
Б.Момышұлы 
шығармаларындағы 
«ерлік», «батырлық» 
ұғымдарын оқушы- 
ларға жеткізудегі 
мұғалім шеберлігі 
Оқушылар арасында 
Бауыржан 
Момышұлы 
шығармалары 
негізінде 
конференциялар 
ұйымдастыру 
«Ғасыр ұланы» 
ер балалар 
арасындағы 
спорттық 
ойындар 
Бауыржан 
Момышұлы ның 
отбасы    туралы 
деректер жинау 
Отбасында 
ерлік, батырлық 
туралы 
өсиеттер 
 
Патриоттық тәрбие 
бағытындағы 
жұмыстарды 
насихаттау 
Бауыржан 
Момышұлын 
зерттеуші 
ғалымдармен 
кездесу 
«Жас ұландар» 
мектепішілік 
сыныптар ара- 
сындағы 
әскери-спорттық 
жарыстар 
Мұражайға саяхат 
Отбасы 
шежіресі 
Мектепішілік, қалалық 
сайыстарға қатысу 
«Азамат»    әскери-патриоттық орталығы
 
Бауыржан Момышұлы шығармалары негізінде оқушыларға патриоттық тәрбие берудің 
педагогикалық негіздері
 
Қазақ 
әдебиеті 
сабағында 
Бауыржан 
Момышұлы 
шығармала-
рын 
насихаттау
 
Алғашқы 
әскери 
дайындық 
және дене 
тәрбиесі 
сабақтарын
да ерлікке 
тәрбиелеу
 
Тарих 
сабағында 
Б.Момышұлы-
ның ерлігін 
насихаттау
 
Б.Момышұл
ының ерлік 
тәлім-тәрбие
сін ата-ана- 
лар 
арасында 
насихаттау
 
Тәрбие тәлімі 
іс-әрекет арқылы 
мұғалімдер 
арасында 
Бауыржан 
Момышұлы 
шығармаларын 
насихаттау
 
Оқушылармен жүргізілетін жұмыс
 
 
Отбасы арқылы жүргізілетін жұмыс
 
 
Мұғалімдермен жүргізілетін жұмыс
 
Жалпы білім беретін орта мектептің біртұтас педагогикалық үдерісі
 

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің ХАБАРШЫСЫ, «Бастауыш мектеп және дене мәдениеті» сериясы, №2(49), 2016 ж. 
 
43
 
жұмыстарын тереңдете түсу мақсатында Бауыржан Момышұлы шығармашылығы арқылы отансүйгіштік 
тәрбие беру жұмыстары, олардың тақырыптары мен формалары (тәрбие сағаттары, кездесулер, тақырып- 
тық  кештер,  музейге  саяхат,  пікірсайыстар,  драмалық  үйірмелер  мен  апталықтар)  белгіленіп,  жүйелі, 
жоспарлы  түрде  іске  асырылды.  Атқарылған  сыныптан  тыс  жұмыстардың  барысы  мен  нәтижесі  бізге 
бүгінгі  ұлт  мектептеріндегі  сыныптар  ерекшелігіне  қарай  сыныптан  тыс  жұмыстар  формаларының 
жүйесін белгілеуге мүмкіндік берді.       
 
 
1.
 
Бауыржан батыр / Құрастырған Мырзахметов М. – Алматы: Жалын, 1991. – 350 б. 19-б.     
2.
 
Момышұлы Б. Екі томдық шығармалар жинағы. – Алматы: Жазушы, 2004. – 335 б. 
 
 
Резюме 
Г.Х. Еримбетова – Международный казахско-турецкий университет   
имени Ходжи Ахмеда Ясави, к.п.н., старший преподаватель, Gafura78@mail.ru
 
 
Пути патриотического воспитания школьников во внеклассной работе через произведения   
Бауыржана Момышулы 
В  данной  статье  рассмотрены  пути  патриотического  воспитания  школьников  во  внеклассной  работе  через 
произведения Бауыржана Момышулы.    Велико значение воспитания личности на    наследиях народных подвигов –   
эта главная цель патриотического воспитания современной национальной школы. На современном этапе в средних 
школах по внеклассной работе проводятся однотипные воспитательные часы, вечера и встречи. Сегодня необходимо 
охватить  комплексным  направлением  внеклассной  воспитательной  работы  в  средних  школах.  Поэтому  мы 
предлагаем  образец  военно-паториотического  центра  «Азамат»  как  основу  внеклассной  воспитательной  работы  в 
средних школах. 
Ключевые слова:   Патриотизм,    патриотическое воспитание,    Бауыржан Момышулы, подвиг, героизм.   
 
Summary 
G.H. Yerimbetova – IKTU named after Kh.A.Yassawi, candidate of pedagogical science, senior lecturer,  
Gafura78@mail.ru
 
 
The way of extracurricular patrioticallyupbringing in the works of the bauyrzhan momyshuly 
The article deals with the way of extracurricular patrioticallyupbringing in the works of the hero Bauyrzhan Momyshuly. 
The  main  purpose  of  patrioticallyupbringing  in  national  schools  is  the  upbringing  of  the  personality  by  means  of  national 
heritage.Nowadays,  the  organizations  of  extracurricular  works  in  secondary  schools  are  educational  hours,  evenings,  and 
meetings.Therefore,  in  the  secondary  school  complex  area  of  extracurricular  educational  work  should  include 
completely.Therefore in secondary school we offer military patriotic model "Azamat" in the extracurricular event. 
Keywords: Patriotism, patriotically upbringing, Bauyrzhan Momyshuly, courage, heroism. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

ВЕСТНИК КазНПУ им. Абая, с
ерия «Начальная школа и физическая культура»,
 №2(49), 2016 г. 
 
44 
ӘОЖ 17.022.1Ж.83 
 
ОҚЫТУДАҒЫ ОЙЫН ТЕХНОЛОГИЯСЫ 
 
Г.А. Кайбульдаева – п.ғ.к., доцент, Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ, togjan2010@mail.ru   
А.А.Сатбекова – п.ғ.м., аға оқытушы, ҚазМемҚызПУ, aygul_ahmetkyzy@mail.ru 
 
Бұл мақалада ойын арқылы оқыту мәселелері қарастырылады. Сабақ барысында ойын түрлерін дидактикалық әдіс 
ретінде  пайдаланудың  маңызы  зор.  Ойын  арқылы  баланың  адамгершілік  қасиеттермен  қатар  білімге,  өнерге 
құштарлығы  қалыптасады.  Тіпті  нашар  оқиды-ау  деген  оқушылардың  өздері  ойын  түрлері  араласқан  сабаққа  зер 
салып, ынталана түседі. Ойын араласқан жерде жарыс болмай тұрмайды. Оқушылар жолдастарынан қалып қоймау 
үшін  сабаққа  белсенді  қатысып,  қойылатын  сұрақтарға  жауап  іздеп,  ойлана  бастайды.  Сабақта  ойын  түрлерін 
оқушылардың ой-өрісін дамытуға әсер етеді. Педагогика ғылымында баланың жеке адам ретінде дамуы үшін ойын 
ерекше орын алады. Ойын-бұл жасөспірімнің өзінше еңбегі. Жалпы өмірде ойынның да қоғамдық мәні бар. Ойын 
барысында  белгілі  бір  әрекет  жасай  отырып,  жасөспірім  қоғамдық  өмірге  қатысудың  алғашқы  үлгісін  алады, 
ересектермен арадағы қарым-қатынас құрылымын түсінеді. Бала ойын арқылы өзі өмір сүріп отырған, дамып отырған 
белгілі бір әлеуметтік ортадағы норма мен әрекетті қабылдайды. Ойын белгілі бір ұстамдық тәртіптің көрінісі болып 
табылады. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет